Инновациялық педагогикалық технология ұғымының мәні


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

D:\дидактикалық\Новая папка\2 (1).jpg

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау қалалық білім бөлімі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№2 «Ақ сұңқар» бөбекжай-бақшасы

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

«Инновациялық педагогикалық технология» ұғымының мәні

2. Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар

3. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытатын жаңа технологиялар

4. Жаңа заманға сай технологиялр арқылы балалардың шығармашылық ізденісін қалыптастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу - ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы - ең ауыр жол.
Бенедикт Спиноза

Мақсаты:

• Жаңа және тиімді технологиялар арқылы балалардың даму деңгейін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің ақпараттық мәдениет негіздерін қамтамасыз ету, танымдық дүниесін байыту.
• Ақпарат ғасырына сай компьютерлік сауатты, жан жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Кіріспе

Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер қажеттігі туындайды.

Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты тәрбиешілердің игерген білім, біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызғушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, кәсіби құзыреттілігін шыңдай түсуге ықпал ету керек.

Педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель көзқарастарының ерекше маңызы болды. Платон балаларды ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды. Платон ойынды тәрбие берудің маңызды құралы деп қарады, балаларды тәрбиелеумен шұғылданатын адамдарға қойылатын негізгі талаптарды айқындап берді. Аристотель мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды деп бөліп қарады. Бұл кезеңде оның пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен қатар ақыл ойды дамытатын әңгімелер пайдалануға тиіс, ал балаларды бес жасынан бастап мақсатты түрде мектепке даярлау керек - деп тұжырым жасаған болатын.

Негізгі бөлім

«Инновациялық педагогикалық технология» ұғымының мәні

Қазіргі кезде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру - білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Адамзат баласының өз ұрпағын мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Білім, тәрбие жұмысына жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа тұжырымдамаларды жасап, оларды қолдану инновация деп аталады.

Инновация - жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, өмір қажеттігі. Мемлекетік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу - қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. Үйретілетін тілдік үйретудің әдіс-тәсілдерінің де жетілдіріп жатқаны да белгілі.

Қазір педагогика ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы», «оқытудың инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда.

Алдымен «технология» ұғымына тоқталайық. Бұл жерде ол «инновациялық педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымына көз жүгірткеніміз жөн.

Технология - грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл - қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді.

Технология маңызы:

Педагогикалық технология - оқыту мен тәрбие құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б. Т. Лихачев) .

Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибеде жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В. П. Беспалько) .

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін жаңашыл педагогтар (Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков) еңбектерінде арнайы сөз етіледі.

«Инновация» термині педагогикада қазіргі таңда кеңінен қолданылуда.

Инновация дегеніміз - мазмұнды жаңашалау, ал жаңалық енгізу дегеніміз - инновациялық мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, ал "жаңаша" дегеніміз жаңа мазмұн, оны енгізудің әдіс-тәсілдерін, технологиясын қамтитын құбылыс деп түсінеміз.

Г. В. Селевко «инновациялық педагогикалық технологияны» үш жақты сипатын былай белгілейді:

- ғылымилық : педагогикалық технология - оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін жасайтын, педагогикалық үдерісті жобалайтын, оларды зерттейтін педагогика ғылымының саласы;

- үдерісті-сипаттаушы: үдерісті сипаттау (алгоритмі), оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде қолданылатын мақсат, мазмұн, әдіс-құралдар жиынтығы;

- үдерісті-іс-әрекеттік: технологиялық (педагогикалық) үдерісті жүзеге асыру, барлық тұлғалық, құралдық және әдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмысы.

Қазіргі мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру тәрбиешінің интелектуалды, кәсіптік-адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқыту-тәрбиелеу үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Инновациялық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

- алынып отырған технология оқытудың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

- тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.

Инновациялық технологияны пайдалану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.

1-кезең - оқып үйрену

2-кезең - меңгеру

3-кезең - өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану

4-кезең - дамыту, нәтижесін тексеру

Енді инновациялық технологиялардың мектепке дейінгі ұйымдарда пайдаланылатын кейбіреуіне тереңірек тоқталайық. А. С. Макаренко айтқандай, «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, бала үшін де ойынның маңызы сондай. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады»

Оқу үдерісінде ойын - оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, Сол себепті ойын әрекеті тәрбиеші мен баланың іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтер ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үдерісінде міндетті түрде енгізу жайлы айтады.

2. Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар

Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері

1. Денсаулық сақтау технологиясы

2. Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

3. Зайцев технологиясы

4. Дамыта оқыту технологиясы

5. Ақпараттық қатынастық технология

6. Ойын технологиясы

7. ТРИЗ технологиясы

Денсаулық сақтау технологиясы

Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :

Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:

-Мектепке дейінгі мекемелермен;

-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;

-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;

-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;

-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;

-Балалардың денсаулық көрсетілімі.

Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.

Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге, проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.

Зайцев технологиясы

Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.

Технологияның негізгі мақсаттары:

Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;

Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Бүктеу арқылы оқыту;

Өлең айту арқылы оқыту;

Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;

Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;

Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;

Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы .

Ойын арқылы оқыту технологиясы

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.

Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Ақпараттық қатынастық технологиясы

Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады. Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды.

Міндеттері:

- Жаңа заманға қадам басу;

- Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;

- Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;

- Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;

- Педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата -аналардың құзыреттілігін көтеру;

- Бағдарламаны жіктеу;

- Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

- Шет тілінде сөйлейтін сөздік;

- Қарапайым графикалық редактор;

- Ойын-саяхаттар;

- Оқуды, математиканы үйрету.

ТРИЗ технологиясы

ТРИЗ - дің мақсаты - тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.

Тризшылардың ұраны - “Барлығын айтуға болады!”.

ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

Дамыта оқыту технологиясы

Негізін салушылар мен зерттеушілер: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев

Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тіл арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:

1. Ой толғаныс әдісі

2. Ассоциация әдісі

3. Салыстыру әдісі

4. Раунд-Робин әдісі

5. Топтастыру әдісі

Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы: жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.

Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мыс:жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.

Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:

«Гүлдер» тақырыбында

-Гүл өсімдік

-Гүл әдемі

-Гүлді жұлуға болмайды

-Анамызға сыйлаймыз, т. б.

Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.

Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде

І топ - Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.

ІІ топ - Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.

ІІІ топ - Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.

Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.

Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

3. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытатын жаңашыл технологиялар

«Иновациялық» технология дегеніміз не?

«Иновация» сөзі - «Жаңашылдық» дегенді білдіреді. Қазіргі заманға сай адамның жаңа қиялы, жаңашыл идеялары, бастамалары. Педагогикадағы жаңашылдық-бұл жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданудың үрдісі болып табылады. Жаңашылдық қай сала мамандарына болса да қажет, сондықтан оған дайындықпен қараған дұрыс. Жаңашылдық жайдан-жай туындамайды, ол қандай да болмасын ізденістің белгісі, педагогикалық ұжымның, жеке педагогтардың іс-тәжірибесі. Педагогикалық іс-әрекетке жаңашыл технологияларды қолдану:жаңа мақсат, міндеттерді талап етеді, оқыту және тәрбиелеудің мән-мағынасын өзгертіп, оқытушы мен оқушының бірлескен ұжымдық әрекетін көздейді.

Ұсақ моториканы дамытудағы тағы да жаңашыл әдістердің -бұл саусақпен сурет салу. Саусақпен сурет салудың маңыздылығын психолог Асей И. Кэйдис өз диагностикасында дәлелдеген. Бейнелеу өнерінің бұл түрі-баланың еркін шығармашылығын арттырады, әр баланың жеке іскерлік қабілеті ашылады.

«Құм терапиясын» қолдану қол моторикасын дамыту жұмысының маңызды бір бөлігі. Құммен жұмыс балаларға өте ұнайды., «магнитше» әсер етеді десе де болады. Олар өздерінің ойынға беріліп кеткендерін байқамай да қалады. Құмда ойнауға арналған әртүрлі пішіндер, құмсалғыштар ойынды одан әрі әрлендіріп, бала қиялын дамытады. Құм терапиясының маңызын ұсынған психотерапевт, аналитикалық психотерапияның қалаушысы Карл Густав Юнго. Құм сусымалы және суды сіңіріп тұрады. Сондықтан да мамандардың айтуынша құм жағымсыз психикалық қуатты өзіне сіңіреді, адамның күш-қуатын жаңартып, эмоциялық көңіл-күйін жақсартады. Көптеген бақылаулар мен тәжірибелер құм ойындарының балалардың да, үлкендердің де көңіл-күйіне жағымды әсер ететінін көрсетті.

Тұзды қамыр -экологиялық таза, зиянсыз, қолға ұстауға ыңғайлы, мүсіндеудің барлық түріне де жарамды, сапалы құрал болып табылады. Тұзды қамырдан жасалған заттар көпке дейін сақталады, бала қай жаста болса да қолайлы. «Қамырпластика»- бейнелеу өнерінің жаңа түрі. Балалардың ой-қиялдары шексіз. Олар өз картиналарын, ертегі кейіпкелерін, сүйікті ойыншықтарын мүсіндейді. Тұзды қамыр өте жұмсақ, иілгіш, баланың саусақтарына да, жалпы ағзасына да жағымды әсер қалдырады. Қамырмен жұмыс жасау барысында барлық психикалық процестері қалыптасады, шығармашылық қабілеттері, қоршаған ортаны танудағы танымдылығы да арта түседі. Сабақтарда тұзды қамырмен жұмысты қолдана отырып, мынадай маңызды міндеттерді шешуге болады:тілдерін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту, жас ерекшелігіне байланысты тұзды қамырдан қол еңбегін ұйымдастыру. осы жоғарыда айтылған жұмыс түрлерін балаларға қарапайым ойын түрінде жеткізу тиімді болып табылады.

«М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері»
Монтессори технологиясы

Негізін қалаған: М. Монтессори

Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.


ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топтада, жекеде жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.
«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі, 3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспанәлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б.

Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесінде өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды. Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін-монтессори әдісін қолдану тиімді. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандайда бір іс-әрекетке итермелейді. Нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйренеді.

Сабақ 3 құрылымнан тұрады:
1. Көлемін анықтауға арналған материалдар;
2. Бір сызықтың бойымен жүру;
3. Тыныштандыру жаттығулары;
Сабақ балаға өзін-өзі танытуға талпындырады.
1. Көлемін анықтауға арналған материалдар:
Ойынның түрі «Қызғылт башня»
Керекті құралдар: «Қызғыл тбашня» 10 шаршыдан құралады (ауырағаш, қызғылттүс) шаршының мөлшері 1см-ден 10 -смге дейін барады.
Мақсаты: үлкен, кішкентай түсініктері қалыптасады.
Моторикасын дамытады. Жас мөлшері 3 жастағы балалар.
Материалмен жұмыс жасау жолдары:кілемнің үстінде шаршылар шашылып жатады. Тәрбиеші баланың алдына ең үлкен шаршыны қояды, ал бала сондай шаршыны сол шаршының үстіне қою керек.
1. Затты дұрыс атауға үйрету.
2. Заттың атын тауып бала сол затты алып келеді.
3. Затты атап жаттығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық техника педагогикалық шеберлігінің элементі
Кәсіби технологияны таңдауы
Әлемдік пеагогикалық тәжірибеде
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Инновациялық технологиялармен оқыту
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық мәселелері
Білім берудің құрылымы
Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz