Цех бөлімінің өндірістік қуатын есептеу


Цех бөлімінің өндірістік қуатын есептеу
Жобаланатын цехтың өндірістік қуаттылығын негіздеу жобаның технологиялық бөлімінің есептеріне сәйкес және жобада қабылданған құрал-жабдық өнімділігінің және оның жұмысының тиімді уақытының негізінде қатаң түрде жасалады. Цехтың құрал-жабдықтарын таңдаған кезде жеке өндірістердің арнайы ерекшеліктерін ескеру қажет.
Өндірістік қуаттылықты есептеу келесі формуламен анықталады:
мұндағы К - құрал-жабдықтардың саны,
Н - құрал-жабдықтардың сағаттық өнімділігі,
Т эф - құрал-жабдықтардың жұмыс уақытысының тиімді қоры.
Жобаланатын цехта басты құрал-жабдық резина араластырғыш болып табылады. Біздің жұмыста бір резина араластырғыш қолданылады.
Құрал-жабдықтар жұмысының тиімді қоры мына формуламен анықталады:
мұндағы Т кал - құрал-жабдықтың күнтізбектік уақытысы;
Т к. р. - құрал-жабдықтың капиталды жөндеу жұмыстарының жұмсалатын уақытысы;
Т т. р . - құрал-жабдықтың ағымдық жөндеу жұмыстарының жұмсалатын уақытысы;
Т т. п . - технологиялық себептерге байланысты құрал-жабдықтың тоқтау уақытысы.
Т кал = 365 күн; Т к. р . = 10 күн; Т т. р. = 14 күн;
Т эф = 365 күн -10 - 14 =341 күн * 24 = 8184 сағат.
Капиталдық шығындар есебі
Цех құрылысының капиталдық салымдары келесілерден тұрады: құрылыс ғимараттарының құрылысына бөлінетін шығындар, жабдықты алу және монтаждау шығындары, өзге көлемнен тыс шығындар.
Ғимарат құрылысының құны ғимараттың құрылыс көлеміне байланысты ұзындығы, ені, биіктігі, олардың типіне және 1м 3 құнының іріленген көрсеткіштеріне байланысты анықталады.
1) Құрылыс және ғимарат құрылысының сметалық құндылығы және цех бөлімі бойынша аммортизациялық бөлінулер;
2) Аймақтық ендік - 2;
3) Климаттық аудан - 4;
4) Күрделi шығындарды есептеу.
Цех бөлімі құрылысына кететiн күрделi құйылым шығындары мыналардан тұрады: ғимараттар мен қондырғылар құрылысына кететiн шығындар, жабдықты сатып алу мен монтаж шығындары; басқа да көлемдiк емес шығындар.
Кесте - Ғимараттар құрылысының сметалық шығындары және цех бөлімі бойынша амортизациялық салымдар
Ғимарат
тар мен құрылыс
тардың аталуы
Құры
лыс көлемі, м 3
Сметалық шығын
дары, мың тең.
Нор
ма, %
Ғимараттар құрылысының құнын анықтау
Ғимараттар құрылысының құны, ғимараттардың құрылыс көлемi олардың типi және 1м 3 көлемiнiң белгiленген құны арқылы есептелiнедi. Есептеулер кесте түрiнде жүргiзiледi.
Құрылыс -монтаж жұмыстарының 1м 3 құны территориялық белдеулер, климаттық аудандар үшiн түзету коэффициенттерiне сәйкес реттелiнедi.
Құрылыс монтаж құны құрылыс көлемiн 1м 3 түзетiлген құнға көбейту арқылы және оны құрылыс құнынан 40% мөлшерiнде алу қажет.
Ғимараттар, қондырғылар құрылысының сметалық құны және амортизациялық бөлiнулер. Амортизациялық бөлiнулер амортизация нормаларына сәйкес келесi формула бойынша есептелiнедi:
,
мұндағы Ф - негiзгi қорлардың (ғимараттар, қондырғылар, жабдықтар) толық сметалық құны;
Н - амортизация мөлшерi.
Жабдық құнын анықтау
Капиталдық шығындар мен амортизациялық бөлiнулер кесте түрiнде зауыт материалдары бойынша келесi тәртiппен есептелiнедi:
- Цех бөліміндегі жабдықтар - тiзiмi мен оның саны технологиялық бөлiммен қатаң сәйкес болып бекiтiледi.
- Жабдық бiрлiгiнiң құны зауыт берiлгендерi бойынша алынады.
- Жеткiзуге, фундаменттi орнатуға, монтаж, БӨПжА шығындары жабдық құнынан 40% мөлшерiнде алынады.
- Амортизация мөлшерi зауыт берiлген.
Кесте - Жабдықтардың сметалық құны және аммортизациялық бөлінулер кестесі
Қондыр
ғылардың аталуы
Құрал-жабдық
тар саны
Санитарлық техникалық және электротехника
лық жұмыстар құны
Смета
лық құны
Амортизация
лық бөлiнулер
Жалпы
құны
Кесте - Күрделi шығындардың салыстырмалы сметасы
Цех бөлімі құрылысына жұмсалатын күрделі салымдар мәнін анықтау арқылы смета бойынша барлық шығындар қосындысының жобаланушы цехтың өндірістік қуатына қатынасы сияқты меншікті күрделі салымдар ретінде анықталады:
Қызметкерлердің еңбекақысы мен жалақысы
Қызметкерлердің еңбекақысы мен жалақысы бойынша көрсеткіштерге мыналар жатады:
- қызметкерлердің жұмыс уақытысының балансы жасау;
- негізгі және қосымша қызметкерлердің санын есептеу;
- басшылардың, мамандардың және қызметкерлердің жалақы қорын анықтау;
- еңбек пен жалақы бойынша жиынтық сметасын жасау.
Жұмысшылардың жұмыс уақытының балансы
Жұмыс уақытының балансы жазбада қабылданған жұмысының режимiне және жұмыс күшiнiң ұзақтығына байланысты бiр орта тiзiмдi жұмысшы жылына қанша күн жұмыс iстеу керектiгiн бекiтедi. Бригадалар саны анықтаймыз және ауысым графигін жасаймыз. 7 сағаттық жұмыс күнінде және 8 сағаттық жұмыс ауысымындағы жылына жұмыс сағаттарының санын анықтаймыз:
365 * 7 - (52 + 8) * 7 - 59 = 2076 сағат
Айына
сағат
Айдың орташа күнтізбектік ұзақтығы
30 күн * 24 сағат = 720 сағат
Сонда бригадалардың қажетті саны мынаған тең болады:
= 4 бригада
Бригадалар санына қарап, ауысым графигін жасаймыз.
Кесте - Ауысым графигі
1 ауысым
8°°-16 00
2 ауысым
16 00 -24 00
З ауысым
8°°-16 00
Кестеге түсініктеме:
1) А, Б, В, Г - бригадалар;
2) Ауысым айналымының мерзімі, яғни график бойынша жұмыстың басталу уақытысынан оның қайталуына дейін 16 күнді құрайды.
Жылдың ішіндегі демалыс күндердің жалпы саны:
Демалыс күндерінің есептелген саны жұмыс уақытысының балансында көрінеді. Мерзімді өндірістерде екі жалпы демалыс күндері бар бес күндік жұмыс аптасы қарастырылады. Екі немесе үш ауысымдағы ауысым ұзақтығы 8 сағатты құрайды, бірақ әр сегізінші сенбі жұмыс күні болып табылады. Демек, жылдағы демалыс күндерінің саны мынадай болады:
Демалыс күндерінің бір жылдағы есептелген мөлшері қызметкердің жұмыс уақытысының балансында көрсетіледі. Тізімдегі қызметкерлердің келу құрамының қайта есептеу коэффициенті:
үзіліссіз өндіріс үшін:
үзілісті өндіріс үшін:
Кесте - Бір орташа тізбектік жұмысшының жұмыс уақытысының балансы
Жұмысқа шықпаулар:
Демалыс
Аурулар, декреттік демалыстар
34
24
8
34
24
8
Қызметкерлердің санын есептеу
Қызметкерлердің санын есептеу келесі тәртіппен жүргізіледі:
1. Құрал-жабдықтың қызмет ету нормасына сәйкес бір ауысымдағы жұмысшылардың саны (Р ауыс ) анықталады;
2. Бір тәуліктегі жұмысшылардың жұмысқа келу саны анықталады.
Р кел. тәул. =Р ауыс *н,
мұндағы Р ауыс - бір ауысымдағы жұмысшылардың саны;
н - тәуліктегі ауысымдар саны.
- Тізімдік саны анықталады:
Р тіз =Р кел. тәул *К пер , мұндағы К пер =1, 5
Кесте - Жұмысшылардың саны
Разряд
Сменада келу саны
Смена саны
Тәулiкте келу саны Р яв сут
Қайта есептеу коэф.
Тiзiмдiлiк саны Р сп
Қызметкерлердің жалақы қоры мен құрамы
Қызметкерлердің құрамын өндірістің бақылауы мен басқаруының күрделілігіне, қиындығына, сипатына және көлеміне сәйкес басқарудың типтік схемаларына байланысты есептейді.
Басшылардың, мамандардың және қызметкерлердің жалақы қоры бекітілген айлық қызметтік ақыға байланысты анықталады.
Жалақы қорының есептеу тізімі:
мұндағы ПТ - бір қызметкердің еңбек өнімділігі;
Ч сп - қызметкерлердің тізімдік саны.
Сыйақының мөлшері жалақының 25% тең болады. Жалақының жылдық қоры айлық пен сыйақының жылдық қорының сомасы болып табылады.
Жұмысшылардың еңбек ақы қорын жобадағы негiзгi және қосымша жұмысшылар саны мен олардың жұмыс уақытының қоры және тарифтiк жағдайлар негiзiнде анықтауға болады. Цех бөлігі жұмысшыларының еңбек ақы қорын есептеу кесте түрiнде жүргiзiледi.
Тарифтiк разрядтар мен сағаттық тарифтiк мөлшерлемелер зауыт материалдары бойынша бекiтiледi. Жыл бойындағы адам-сағат шығындарының көлемi мен сағаттық тарифтiк мөлшерлеме арқылы тариф бойынша еңбекақы қоры анықталады.
Негізгі еңбек ақы қорына дейiнгi қосымша төлемдер мөлшерi цех бөлігінің жұмыс режимiне, сыйақы шамасына байланысты болады.
Үзiлiстi жұмыс iстейтiн жағдайларда қосымша төлемнiң шамасы:
а) екi ауысымды жұмыста - 33%
б) үш ауысымды жұмыста - 35%.
Негiзгi еңбек ақы тариф бойынша бөлiнген еңбек ақы қоры қосымша төлемнiң қосындысынан тұрады.
Аудандық коэффициент бойынша төленетiн қосымша төлемнiң шамасы жобалаушы цех бөлігі құрлысының ауданына байланысты. Қосымша еңбек ақы (демалыс күндерге төлеу, мемлекеттiк мiндеттердi орындау және тағы басқа кiредi) аудандық коэффициенттi қоса есептегендегi еңбек ақының негiзгi қорынан 10% мөлшерiнде алынады.
Еңбек ақының жылдық қоры аудандық коэффициенттi қоса есептегендегi негiзгi еңбек ақы мен қосымша еңбек ақының қосындысынан тұрады.
Айлық мiндеттi ақы зауыт көрсеткiштерiнен алынады, аудандық коэффициент жұмысшыларға қабылдаған мөлшерде белгiленедi. Сыйақы көлемi жалақы қорынан 25-40% көлемiнде белгiленедi, жылдық жалақы қоры сыйақы және ақы бойынша жылдық қордың сомасынан құралады
Қондырғы қызметкерлерiнiң құрамын және еңбек ақы қорын есептеу
Адам саны
Ақы б/ша жылдық қор, теңге
Барлық жылдық еңбек ақы,
теңге
Кесте - Жұмысшылардың жалақы қоры
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz