Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шымкент университеті
Қилыбай Гүлбану Байларқызы
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАСТАУЫШТЫҢ БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Шымкент, 2021
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шымкент университеті
« Педагогикалық ғылымдар » факультеті
«Педагогика» кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
Алпейсова Н. А.
қолы аты - жөні
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттары »
5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
Орындаған: Қилыбай Гүлбану Байларқызы
қолы аты - жөні
Ғылыми жетекші
Ғылыми дәрежесі қолы аты - жөні
Норма бақылаушы
қолы аты - жөні
Шымкент, 2021
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
Мамандығы
Кафедрасы
Диплом жұмысын (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА
Студентке
(тегі, аты, әкесінің аты)
Жұмыстың (жобаның) тақырыбы
Жоғары оқу орнының бұйрығымен бекітілген.
Жұмыстың (жобаның) негізгі деректер көздері
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Диплом жұмысын (жобаны) дайындау кестесі
Тараулардың аттары.
Зерттелетін мәселелер тізімі
Тапсырма берілген күн
Кафедра меңгерушісі
қолы (аты, әкесінің аты, тегі)
Жұмыс (жоба) жетекшісі
қолы (аты, әкесінің аты, тегі)
Тапсырманы орындауға қабылдады
Студент
қолы (аты, әкесінің аты, тегі)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
- Бастауыштағы пәнаралық байланысты жаңартылған
білім мазмұны жағдайында жүзеге асырудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Педагогика ғылымында пәнаралық байланыс мәселесіне қалыптасқан
ғылыми-қағидалық көзқарастар . . .
1. 2 Бастауыштың жаңартылған білім мазмұнының құрылымдық жүйесін
педагогика теориясы тұрғысынан тану . . .
1. 3 Жаңартылған білім мазмұнының жағдайында пәнаралық байланыстың педагогикалық шарттары . . .
2 БАСТАУЫШТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІНДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК- ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
2. 1 Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде
ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері . . .
2. 2 Бастауыштағы пәнаралық байланыстарды жаңа буынды оқулықтар
жүйесімен жүзеге асыру . . .
2. 3 Бастауыштың жаңартылған білім мазмұнында пәнаралық байланысты
жүргізудегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша (лар) . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Білім туралы Заңда «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген [1] .
Жаңартылған бағдарлама Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көш бастап келетін Франция, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар [2] .
Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден (бұл да маңызды аспект) - жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды.
2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстандағы барлық мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сәйкес жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптарға енгізілді.
Қазіргі кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты - болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін әрдайым арттырып отыру қажет. Осы жерде жеке пәндердің оқу материалдарын өзара байланыстырып немесе кіріктіре оқытудың жайына сипаттама берудi және оны оқытуды жетiлдiрудiң бағыттарын анықтау орынды [3] .
Бастауыш сыныптарда пәнаралық байланыс негізінде оқытудың мақсаты мен мiндетiн анықтауда жаңартылған оқу бағдарламасында жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалану, сол арқылы оқу бағдарламаларының бөліктері мен оқулықтағы ортақ тақырыптар мазмұны арқылы танымдық және тілдік қарым- қатынасты меңгерту, iс-әрекет пен өздiгiнен бiлiм алуға және еңбекке бейiмдеу, бастауыш сынып оқушысын тұлға ретiнде қалыптастыру және жеке болмыстық бітімін өмiрде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған ортаны ғылыми таным тұрғысынан танып-бiлуге дайындап, дамыту қажеттiгi айтылған.
Бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асырушы басты тұлға - мұғалім екені ақиқат. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулер нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр.
Бастауышта білім беру мазмұнын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері
- оқушылардың ақыл-ойын, дене күш-қуатын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және оларды қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға негіз болатын білімдер мен іскерліктердің және дағдылардың көлемі мен бағытын айтамыз. Білім берудің мазмұны ең алдымен қоғамның, мектептің алдына қоятын мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Сонымен бірге оқудың мазмұнын анықтауда дидактиканың талаптары да ескеріледі, себебі соның негізінде ғана қай жаста, қандай көлемде, қандай пәндерді оқуға болатындығын дұрыс шешуге болады.
Бастауыш сыныптардағы пәнаралық байланыс негізіндегі педагогикалық үдерісті жүргізу-жаңа білім мазмұнын оқытуды теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету болып табылады. Осының нәтижесінде еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіліп, білім мазмұны жаңа бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі қазақстандық қоғам дамуында жаңартылған білім мазмұнының мектеп тәжірибесіндегі педагогикалық үдеріске енуі - қазіргі кездегі ел экономикасының дамуымен тікелей байланысты болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік жаңартылған бағдарламасы бекітілді. 2016 жылдан бастап 1-сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытыла бастады. Осыған орай бастауыш сыныпқа арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы өзекті мәселелерді анықтап, зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім жүйесі - бастауыш сынып оқушыларына білім, білік дағдыны қалыптастыру мен дамыту арқылы құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда арнайы зерттеулер арқылы қарастырылмауын ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттары » деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыштың жаңартылған білім мазмұны аясында пәнаралық байланыстың педагогикалық шарттарын, теориялық және әдістемелік негізін анықтау және оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыштың жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту мәселесіне арналған нормативті-құқықтық құжаттарды, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау арқылы «пәнаралық байланыс» ұғымын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, анықтама беру;
- бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұнына көшуде пәнаралық байланыс ұйымдастыру мен өткізудің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеудің нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптарының оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: Жаңартылған білім мазмұны жүйесіндегі ұйымдастырылатын педагогикалық үдерістегі пәнаралық байланыс сабақтары.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттарына сәйкес оқыту тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық аспектілері анықталып, бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуындағы таным теориясы мен оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, дүниені біртұтастық тұрғыдан шынайы қабылдау туралы ой-пікірлердің заңдылықтары жөнінде философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар негізге алынып, олардың қазіргі жағдайдағы қолдану ерекшеліктері пайдаланылды. Сондай-ақ, жаңартылған білім бағдарламасының мазмұнында пәнаралық байланысты жүзеге асыруға байланысты бөлімдер мен оқулықтардың оқу материалдарын топтастыруға негізделген ортақ тақырыптар жүйесімен оқытуда педагогиканың жаңашылдық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануға әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- жаңартылған білім мазмұнын беретін оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру негізінде жеке тұлғалық болмысын дамытудың теориялық негіздері ғылыми тұрғыдан дәлелденді.
«Пәнаралық байланыс» ұғымына анықтама беріліп, «педагогикалық құбылыс» атаулық тіркесіне сипаттама берілді;
- бастауыштың жаңартылған білім мазмұны негізінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыста оқушылардың ғылыми-танымдық әрекеттері, олардың жеке тұлғалық болмысының қалыптасуы мен дамуының барысы, қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері қарастырылды;
- бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісінде жаңартылған білім мазмұны арқылы оқушы тұлғасын дамытудың тәжірибелік-эксперименттен өткізілуі, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дәлелденуі.
Зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қаласы, №91 жалпы орта білім беру мектебі, бастауыш сыныптар.
Диплом жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы қамтылған. Жұмыста қолданылатын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері көрсетіліп, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, деректі көздері, зерттеу кезеңдері мен базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы сипатталады. Сонымен бірге, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі, негізділігі, сынақтан өткізілуі, тәжірибеге енгізілуі мен диплом тақырыбының құрылымы қамтылып, көрсетілді.
«Бастауыштағы пәнаралық байланысты жаңартылған білім мазмұны жағдайында жүзеге асырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ғалымдар ой-пікірлері, идеялары мен тұжырымдары талданды. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың құралы ретінде пәнаралық байланыстың мазмұны мен мәні қарастырылып, зерттелді. Пәнаралық байланыстың теориялық негізі анықталып, жаңартылған білім мазмұны арқылы оқушылардың пәнаралық байланыстар негізінде ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері айқындалып, бүгінгі жағдай тұрғысынан сипатталды.
«Бастауыштың педагогикалық үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тәжірибелік-әдістемелік жолдары» атты екінші бөлімінде бастауыш сынып оқулықтарына, оқу бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларға талдау жасалынды. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын пәнаралық байланыстар негізінде қалыптастыру үшін жүргізілген тәжірибелік- эксперимент жұмыстарының қорытындылары шығарылды. Бастауыш оқу- тәрбие үдерісіндегі пәнаралық байланысты жаңа білім беру мазмұнындағы ортақ бөлімдер мен ортақ тақырыптар жүйесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары айқындалды. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығы анықталып, оларды ұйымдастырудың жолдары, әдістері көрсетілді.
Қорытындыда жаңартылған білім мазмұны негізінде бастауыш сыныптарда пәнаралық байланыстар жүзеге асырылған теориялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері мен қорытындылары негізінде тұжырымдар жасалынды және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
- БАСТАУЫШТАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Пәнаралық байланысқа педагогика ғылымында қалыптасқан теориялық көзқарастар
Біздің қарастырып отырған «пәнаралық байланыс» мәселесіне бару үшін оның өмірмен байланысы неде және әлемді танудағы ғылымилығына яғни, философиялық мазмұнына жалпы негізде мән беріп қарайық. Адам - сананың ең жоғарғы деңгейіне ие болған тіршілік иесі. Адам өзін қоршаған әлемді тануы мен меңгеруде, түрлі ой операцияларын өз бойынан өткізе отырып, сол кезең мен жағдайға байланысты өзінің білім мен тәжірибесі және түсінік, танымы деңгейінен баға береді немесе іс-әрекетін жасайды. Ғылыми білімдерді беруде білім алушының немесе игерушінің жас ерекшеліктері мен танымдық болмысының деңгейіне қарай лайықты және олардың білім алу деңгейлеріне үйлесімді түрде берілуін пәнаралық байланыстар негізінде жүзеге асатын танымдық үдеріс деп түсінуіміз керек. Қазіргі уақытта ғылымда, жеке пәндерді оқытуда қамтылған оқу материалдарының жүйесінде пәнаралық байланыс негізінде білім беру мен тәрбиенің түрлі салаларын /түрлерін/ жүзеге асыруда ұйымдастырылатын педагогикалық үдерістер кешенділік сипатқа ие болуының қажеттілігі орын алып отыр.
Мәселен, Ж. Аймауытұлы ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ, кешенді оқыту мәселесіне мән беріп, төмендегідей ой-тұжырымдарын мұғалімдер қауымына ұсынған болатын: «Пәлен күнге бір тақырып алынсын, одан артық та, кем болмасын» . . .
- Материал тізгенде, тұрмыс пен ғылым айқасып, астасып тізілсін.
- Жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсін.
- Жұмыстау негізінде баланың бұрынғы өз тәжірибесі, перне қоры, мағлұматы салынсын; дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталсын» - деп негіздеп берген [25] .
Ғалым, педагог-психологтың пайымдауынша, пәнаралық байланыс белгілі бір жүйемен кешенді түрде жүзеге асырылуы қажет екендігі негізделеді. Оқу пәндері мен ондағы материалдардың мазмұндық, құрылымдық жүйесін
өзара байланыстыру мен қабыстыру және олардың өзара айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып жақын немесе ортақ тақырыптар жүйесімен бағытталған білімдерді ұйымдастыру, беру қажеттілігін айта келе, пәндерді оқытудың әдістемелік жағын басшылыққа алынып, өмірлік тәжірибемен байланысты болуын ескертеді.
Жеке пәндерді оқытуға негізделген әдістеме атаулының бәрі білімдерді толығырақ, тереңірек меңгертуге септігін тигізетін амалдардың жиынтығы болып табылса, осы амал-тәсілдер оқу материалдарының мазмұндық құрылымын өмірлік тәжірибемен және басқа да білімдер жиынтығымен ұштастыруға негізделген қызметтерді атқаруы да тиіс және соған бағытталуы керек. Сондықтан пәнаралық байланыс педагогика ғылымында білім философиясы, психологиялық, дидактикалық және жеке пәндерді оқытудың әдістемесі тұрғысынан қарастырылатын күрделі мәселе.
Психология ғылымы тұрғысынан пәнаралық байланыстың мазмұндық сипатын ашуға классикалық педагогиканың негізін қалаушылардың бірі И. Ф. Гербарт ұмтылыс жасаған болатын. И. Ф. Гербарт еңбектерінде тәрбиелеудегі ауқымдылықты және білім беруде пәндердің өзара және пәнішілік күрделі байланыстар бар екендігін айта келе, оларды біртұтастықта қарау қажеттілігін айтқан. Сондай-ақ, оқытудың негізгі жолдарын төмендегідей үлгіде көрсетеді:
- көрсету;
- байланыстыру;
- үйрету;
- философиялық негіздеу;
Сезімге әсер етуі жағынан мына үлгіде болуын айтады:
- көрнекілік;
- байланыстылық;
- көтеріңкілік;
- қызығушылығын арттыру [26] .
Классикалық педагогика көрнекті өкілдерінің бірі - И. Г. Песталоцци білім беру мен оқытуды жүзеге асыруда пәнаралық байланыстың өзіндік орны бар екендігіне мән берген және оның тәжірибелік жақтарына басымдық беріп, «өмірлік жағдайда жүзеге асыру маңызды, себебі оқушы алған білімін күнделікті іс-әрекетінде пайдалана білуге тиіс» деген ойларын білім беру мен оқытудағы дидактикалық заңдылықтардың бірі ретінде түсінгеніміз жөн. Себебі, ол «Өз санаңызға пәндердің арасындағы шын мәніндегі табиғи байланысты көрсетіңіз», - деп түйіндеуі оқу пәндерінің мазмұндық және құрылымдық жүйелерінде өзара байланыстардың болуын, әрі олар өмірлік тәжірибеде іске асыруға боларлықтай оқушының жас және жеке танымдық болмысына үйлесімді болуын басшылыққа алып отыруды негіздейді. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларына геометриялық фигураларды таныстырып, білім беру барысында тіл пәнімен байланысты орнату қажет, себебі, оқушы таныған және білген геометриялық фигуралардың бейнеленуі мен суреттелуін, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып бере отырып, сөз байлығының қоры артады, түрлі фигураларды сыза отырып, өлшем бірліктердің аталуын өз сөзімен түсіндіріп жазып отыруы арқылы бастауышта оқылатын пәндердің өзара байланыстарының қарапайым үлгісін көрсеткен болатын [27] .
Ал, Джон Локтің пікірінше, «оқушының алған білімдері құрғақ жаттандылық тұрғысында болмауы керек. Алған білімін өмірде пайдалана білуге үйретіп, дағдыландыру оқытудың басты бағыты мен мақсаты болу қажет», - деген ой-пікірін айта келе, ол үшін бір пәннің мазмұнындағы оқу материалдарында кездесетін деректер және оның негіздемелік үлгілері келесі бір пәнді оқытуда толықтырушы құрамалық бөліктер ретінде пайдалануы қажет екендігін алға тартқан болатын.
Джон Локтің пәнаралық байланыстар негіздегі ой-пікірлері И. Г. Песталоццидің пікірлерімен астасып, ұштасып жатыр. Мәселен, оқушы өзінің ана тілінен басқа шет тілін меңгеруде ауызекі сөйлеу мен тілдік қарым- қатынасты дамыту үшін, оқылатын басқа пәндердің мысалы, география және тарих пәндерінің оқу материалы бойынша оқушымен сөйлесу, пікір алысу, әңгіме өткізу қажет екендігін айтады. Д. Локк өзіндік ой-түйіндеуін төмендегідей: «Шындықты табатын ақыл ғана - барлық бөліктерді жеке-жеке анық, ажырата біліп және қажеттіздерге мән бермей, бар мәліметтерге сүйене отырып, өзіндік қорытынды жасап, қайткенде де оған ықпал жасайды», - деп негіздеген болатын [28] .
Я. А. Коменский өз еңбектерінде оқушыларда тиянақты білімнің қалыптасуының кейбір себептерін ашып, көрсетеді. Мәселен, ол оқушылардың мазмұндас пәндерден алған білімдеріне сүйенбейтініне, оқушы әр пәннен алып отырған білімдерінің бір-бірімен байланысты екендігіне назар аудармайтынына арнайы тоқтала келіп, жалпы дидактикалық мынадай ереже шығарады: «Всегда и везде брать то, что связано одно с другим».
Мұнан әрі Я. А. Коменский оқушыларға берілетін білім міндетті түрде оларға бұрыннан таныс, түсінікті материалдармен ұштастырыла жүргізілу қажеттігін, бұл талап тек бастауыштағы білімге ғана емес, жоғары сыныптағы оқушылардың алатын біліміне де қойылатындығын айта келе, грамматика мен философия, философия мен әдебиет бір-бірімен байланысты оқытылуы тиіс екендігін айтады. Сондай-ақ оқытудағы кейбір схоластикалық әдістердің ізімен қажетті, қажетсіз көптеген фактілерді, олардың арасындағы байланыстылықты түсінбей, бір жерге жинақтай берудің кері нәтиже беретіндігін ескертеді [31] .
Кейінгі кездегі кеңес педагогтары М. А. Данилов [33], В. В. Давыдов [34], Н. А. Лошкарева [35, 36] еңбектерінде де пәнаралық байланыс туралы тұжырымды пікірлер айтылды.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейде қарастырған И. Д. Зверев [37] Р. Г. Лемберг [38], В. Н. Максимова [39], т. б. ғалымдар болды.
Бастауыштағы оқылатын пәндердің ортақ тақырыптық жүйемен берілуі - оқушыға берілетін білімдердің өзара байланысы негізінде дүниені танып-білу құбылыстарының өзара байланысын, оның заңдылықтарын ашуға негізделген.
Білім беру бағытында жаңа пәндердің пайда болу жағдайы дифференциялану /сандық салалану/ үдерісіне ғана емес түрлі ғылым салаларының интеграциялануына алып келетінін көре аламыз. Ғылымның дифференциялануы /сандық салалануы/ қай кезде болмасын интеграциялану үдерісін жүзеге асырушы негізгі тетік ретінде, межеленген нәтижеге жеткізетін құрал қызметін атқарады.
«Интеграция - қандай да бір жекелеген элементердің біртұтас болып бірігуі, қандай да бір бірліктің қайта құрылуы» [47] .
С. К. Сейітқалиев: «Қазақстандағы білім беру интеграциясының пайда болуы келесі факторларға байланысты: заңнамалық база жеткіліксіз және қарама-қайшылықтар болғанда, экономикадағы дағдарыстарда жүзеге асырылады, бірақ ол балалардың құқығын шектемейді» [48] .
Ғылымдардың интеграциялану мәселесінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу жолдарымен бірқатар отандық ғалымдар да айналысқан болатын. Мәселен, А. А. Бейсенбаева, А. Д. Болтаев, Н. А. Оразахынова - пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелерін, А. Р. Бектеньярова, Р. К. Аббасова, Н. Жапанбаева, О. К. Шайхеслямова - жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін қарастырса, М. А. Абсатованың еңбектерінде интеграция идеясының қалыптасуы мен даму тарихы баяндалады, ал Ғ. К. Шолпанқұлова, Г. А. Меңдіғалиева жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграциясының педагогикалық негізін, Ә. Мұханбетжанова бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін зерттеу нысанына алған. Бұл еңбектер республикадағы қазіргі білім берудегі және педагогика ғылымындағы интеграция құбылысын ғылыми тәжірибелік тұрғыдан айқындауға бағытталған зерттеу жұмыстары болып табылады [49] .
П. Ф. Федосов интеграцияны ғылыми танымның әдіснамалық негізінің жалпылығы және оның әрдайым, үздіксіз даму үстіндегі органикалық сұрыпталуы деп дәлелдейді [50] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz