Телеграм бот



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары Білім Министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Жұманов Талғат Әзілханұлы

Студетке көмекші мобильді қосымша әзірлеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6B06103 - Ақпараттық жүйелер мамандығы

Қарағанды 2023

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары Білім Министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Қорғауға жіберілді Қолданбалы математика және информатика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент
Е.А.Спирина

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Студетке көмекші мобильді қосымша әзірлеу
6B06103 - Ақпараттық жүйелер мамандығы

Орындаған: Т.Ә.Жұманов

Ғылыми жетекшісі
Аға оқытушы Д.А.Турмуратова

Қарағанды 2023

МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР 4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 5
КІРІСПЕ 6
1. Интернет - ботты әзірлеу технологиясы мен ортасын таңдау 8
1.1. Телеграм 11
1.2. Телеграм бот 14
1.3. Python 16
1.4. SQLite деректер базасы 19
1.5. Сервер Pythonanywhere 22
ЖОБАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ 23
ҚЫСҚАША ЖОСПАР 24
2. Ботты телеграм мессенджеріне тіркеу 24
2.1. Python бағдарламалау тілінде телеграм бот құрастыру 26
2.2. Телеграм ботты MySQLite деректер базасымен байланыстыру 31
2.3. Телеграм ботты Pythonanywhere серверге қосу 36
2.4. Еңбекті қорғау 40
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРІ ТІЗІМІ 42

АНЫҚТАМАЛАР

Осы дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды: Токен - сол аймақтағы жергілікті түрлер.
Бот - экожүйеге мақсатты жерсіліндірілген түрлер. Сервер - үйір немесе түрлертүрлердің бір бөлігі.
Процес - кәсіптің потенциалды немесе нақты нысаны. Мессенджер - бірнеше мемлекет үстінен өтетін ағысы.
Интернет - тиімді аулау күші, белгілі ауданға түсетін аулау күші, аулау тиімділігі.
Интерфейс - белгілі бір кеңістікті жайылатын түрдің бір тобы.
Бағдарлама - Балық аулау ережесі бойынша ұзындық өлшемдерікәсіптік болып есептелетінпопуляциядағы топтардың бір тобы.
Кітапхана - бір уақыт аралығында пайдаланылатын аулау құралдарының жалпы саны.
Трафик - о Телеграм - о

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Осы дипломдық жобада белгіленген белгілер мен қысқартулар: МБ - жеке кәсіпкер;
ДҚ - жеке тұлға;
SQL - өндірістік кооператив; ДҚБЖ - қорғалатын табиғи аумақ;
API - техникалық жобалық есептегіштер; ОБП - Балтық жүйесіндегі метрлер;
HTTPS - биолошиялық көрсеткіштердің ең төменгі мәні INTEGER - биологиялық көрсеткіштердің ең жоғарғы мәні
NULL - Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау.
TEXT - v
Id - b ДҚБЖ - О
click - нысанды басу, шерту

Технологиялық стек (ағылшынша стек - стек) - бұл сайт немесе қосымша әзірленетін технологиялар жиынтығы.

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы ақпарат әлемінде, кез келген шақта байланыста жүру, қажет мәліметке қол жеткізу, жалпы қоғамды автоматтандыру үшін мобильдік құрылғылар арқылы мобильді қосымшаны пайдалану және оны дамыту өте маңызды болып табылады. Мобильді гаджеттерге арналған ақпараттық технологияларды дамыту белсенді түрде дамып келеді.
Ақпараттық ресурстар, жүйелер мен технологиялар қазіргі заманғы адам қызметінің таптырмас, жылдам дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. 1997 жылы WAP (Wireless Application Protocol - Сымсыз қолданба хаттамаcы) технологиясы мобильді байланыс нарығында пайда болды, ол компьютерге қосылу үшін қажет кабельді пайдаланбай мобильді телефонға тікелей ғаламтордан бағдарламаларды орнатуға жол ашты. Содан бері қоғамның мобильдендіру процесі басталды. 2000-жылдардың басында мобильді қосымшаларды телефондармен үлкен сенсорлық экрандармен дамыту мобильді қосымшаларды жасауда сапалы қозғалыспен жаңа деңгейдегі мобильді қосымшаларды жасауға мүмкіндік берді. 2010-шы жылдардан бастап мобильді қондырғыларда қосымшаларды дамыту үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін аса қуатты процессорлармен жабдықталып бастады. Көптеген бағдарлама құрушы мамандар кәсіби қызметтің жаңа бағыттарын үйреніп, нарықтық үрдістерге бейімделе бастады.
Қазіргі уақытта мобильді қосымшаларды жазып шығару ақпараттық технологиялар саласындағы ең танымал жобаларының бірі болып табылады. Мобильді қосымшаларды құру тұтынушылық қажеттілікті алдын ала орындауға мүмкіндігі бар шешімі қолданушыға белгісіз алгоритмдер мен тапсырмаларды орындауға негізделген.
Мобильді қосымша - қандай да бір тұтынушыларға арналып құрастырылатын және оның қандай да бір проблеммалары мен қиындығын шешуге бағытталған жоба болып табылады. Мобильді қосымша - нақты бір платформаға орнатылған және белгілі бір әрекеттерді шешуге икемді бағдарлама . Бұл әртүрлі ақпараттармен өзара әрекеттесуге көмектесетін жүйе болып табылады. Осыған байланысты мынадай түрлерге жіктеледі:
қосымша-оқиға: әртүрлі оқиғаларды, іс-шараларды көрсетуге мүмкіндік береді, мысалы, спорттық, мәдени, білім-ғылымға қатысты орын алған оқиғаның көрсетілімі және т.б.;
қызметтік қосымша: ұйымдардың қызметін көрсететін сайттарға ұқсас сервистік қосымшалар;
үйретуге, дамытуға арналған әртүрлі ойындарға арналған қосымшалар;
онлайн режимде сатылым жасауға арналған интернет дүкендер;
әртүрлі брендтерді жарнамалауға қолданылатын промо-қосымшалар; - бизнес-қосымша: ұйымның үдерісін оңтайландыруға, бизнес ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етуге және деректер базасымен біріктіруге мүмкіндік береді;
жүйелік қосымша: телефон мен оның бағдарламалық жасақтамасы үшін кеңейтілген параметрлер мен опцияларды пайдалану;
телефонды толық навигатор ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін GPS модулін пайдаланатын шарлау және іздеу қызметтері бар қосымща;
бейне және аудио ақпаратпен жұмыс істеу кезінде телефонның мүмкіндігін кеңейтетін мультимедиалық бағдарламаладағы қосымшалар;
әлеуметтік желілер, байланыс үшін онлайн қызметтер, ақпарат таратуы және әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырушы қосымшалар;
контенттік қосымшалар және т.б.
Әрбір құрылатын қосымшалар қолданылуы ортасы мен пайдалану мақсаты әртүрлі болуы мүмкін және құрастырылу әдіснамаларыда үнемі өзгеріп отырады, бірақ бұл мобильді қосымшаларды әзірлеу мен құрастыру кезіндегі процесс стандартты болып келеді. Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесін шиыршықталған түрде бейнелеуге болады (1-сурет).

Осы процеске жеке-жеке тоқталып өтсек:
Идея
Кез келген құрылған қосымшалар болсын, дайын жазылған бағдарламалық өнім болсын ең алдымен идеядан туындап басталады. Егер бағдарламалық өнім немесе мобильді қосымша құру идеясы жоқ болса, онда мұндай жұмысты бастаудың тиімдісі проблемалар және әлеуетті шешімдер тұрғысынан заттарды ойлауға даярлау болып табылады. Егерде белгілі бір жағдайларға байланысты туынған мәселелерге қызығушылық танытып, бұл мәселенің туындауына не себеп? бұл мәселені шешудің жақсы жолы бар ма? деген секілді сұрақтармен мәселелер мен нарықтық тиімсіздікті анықталса, онда идеяның жартысы немесе идеяның бастамасы құрылғаны болып табылады.
Келесі әрекет бұл мәселенің неліктен шыққанын білу және бұрын соңды бұл мәселе бойынша қосымша жасалғаны жөнінде ақпарат іздестіру болады. Сонымен қатар, мәселе кеңістігіне мүмкіндігінше көп зерттеу жүргізу қажет болады. Мәселені толық түсінгеннен кейін, мобильді қосымша мәселені қалай шеше алатынын бағалауды бастау.
Модельдеу
Бұл кезеңде ең алдымен қосымша өнімнің ақпараттық архитектурасын жобалап алған жөн. Ақпараттық архитектура - бұл қосымшада қандай деректер мен функцияларды ұсыну керектігін және осы деректер мен функциялардың қалай ұйымдастырылғандығын анықтайтын процесс. Әдетте, бұл процесті бағдарламаны орындауда қатысатын функциялардың тізімін және қосымшада қандай жерде көрсетілетінін көрсету арқылы басталады. Бұл қосымшаны модельдеу кезіндегі сұлбаның негізгі құрастырушы блогы болып саналады. Әрі қарай қосымшаның терезесін жасауды және әр функцияларды және деректерді тағайындауды бастау қажет. Осы орайда әр нысанның өз орны бар екеніне көз жеткізу керек.
Пайдаланушылар қосымшамен жұмыс жасау кезіндегі қолайсыздық пен мәселелер туындаған жағдайларды алдын ала талдау жасап шығу қажет. Қосымшада әрбір нысан мен мәзірлер ішіндегі орын алатын click-термен бастапқы бетке ауысу немесе кез келген беттен іс-әрекетті аяқтау үшін қанша click қажет екенін көргіңіз келетін нәрселердің әрқайсысын қарастыру керек. Бұл жердегі click - нысанды басу, шерту дегенді білдіреді. Әрбір басудың интуитивті екенін тексерген жөн. Егер қандай да бір әрекетті жасау үшін бір реттік шерту болса, онда ол қолданушыға ыңғайлы, бірақ жалпы тапсырмаларды орындау үшін бірнеше рет шерту ұсынылмайды.
Келесі қадам - шерту арқылы ауысу моделі. Шерту арқылы ауысу моделі жұмыс үрдістеріңізбен қосымша жобасын тексеруге көмегін тигізеді. Олар негізінен қосымшаның интерфейсін телефон арқылы сынақтан өткізу үшін шынайы тестілеу әдісі болып табылады. Мысалы, тұтынушылар жай телефон арқылы қосымша ашылған кезде олардың шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін сілтеме алады. Қосымша қазірде ешқандай функционалдық болмаса да, олар қосымшаның әр бетін шертуге және бағдарламаның шарлауын бастайды. Бұл қадамда қиындықтар туындағанда қосымшаның сұлбасына өзгертулер енгізу керек.
Стиль нұсқаулықтары - бұл бағдарламаның дизайнының құрылыстық блоктарына негізделген. Дыбыс стилі нұсқаулығы қолданбаны қолдануда өте пайдалы болады.Бірыңғай дизайн тілінің арқасында пайдаланушылар қосымшаны пайдалануда өзін ыңғайлы сезінеді. Өйткені мобильді қосымшаның өмір сүру ұзақтығына да оның жасалған дизайны әсерін тигізеді .
Бағдарламалау
Жоғары деңгейдегі техникалық жобалау. Ұялы қосымшаны жасау үшін қолданылатын көптеген тәсілдер, технологиялар және бағдарламалау тілдері бар. Олардың әрқайсысы өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Олардың кейбіреулері пайдалануға арзан болуы мүмкін, бірақ өнімділігі төмен, ал басқалары көп уақытты қажет етеді және сапалы, кәсіби түрде болады. Қосымшаны құрудағы ең нашар мүмкіндік - сенімсіз технологиялық стэкті пайдалану, қазіргі таңда мұндай қызмет түрі өте көп. Яғни ешқандай бағдарламалық кодтаусыз-ақ дайын шаблондар арқылы әртүрлі тақырыпта қосымшалар құруға болады. Алайда мұндай дайын шаблондары бар программалармен құрылған қосымшалардың кері тұстары көп: толыққанды басқарудың жоқтығы, берілген дизайнге тәуелділілік, шектеулі интерфейстер және т.б.
Сонымен қатар, мобильді қосымшаларды бағдарламау кезінде Front-end және Back-end жобалау жүйесі бар.
Frond-end жобалау - бұл тұтынушы бөлігінің қосымшасын жобалау. Басқаша айтқанда, бұл пайдаланушы мен сервердің қосымша арасындағы интерфейсін құрастыру. Ол пайдаланушының қандай да бір деректерді енгізуін, сондай-ақ оның бастапқы өңдеуін және тиісті API (application programming interface-қосымшаны бағдарламалау интерфейсі) арқылы серверге жіберуді жүзеге асырады.
Back-end жобалау - бұл пайдаланушылардың немесе ресурстардың арасында деректерді беру үшін жауап беретін қосымшаның сервер жағының дамуы.Төменде кодты жазуды бастамас бұрын ескеру қажет бірнеше нәрселер бар:
- Программалау тілдері - API жасау үшін қолдануға болатын ондаған тілдер бар. Ең жиі қолданылатын тілдер Java, C#, Javascript, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Telegram мессенджерінің мүмкіндіктері мен Telegram боттарын құру технологиясына шолу
Telegram платформасында чат ботын әзірлеу
Мессенджерлер коммуникация құралы
Боттың қолданылуы
1С бағдарламасын әлеуметтік мессенджерлермен байланыстыру
Жасанды интеллект желілерін салыстыру
Тапсырманың берілген күні
Кіші жүйені бюджеттеу
Жастар қолданатын сленгтер
Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары
Пәндер