Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Описание: I:\BLANKA\Бейджик2\Новая папка (2)\000000000000000000000.png Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Бөлім:

Қазақстан саясаты

Тақырып:

Қазақстанның ЮНИСЕФ ұйымына мүше болуы балалар құқығын қорғауда қаншалықты маңызды?

( сөз)

Орындаған: Машанло Камилла

(аты-жөні, қолы)

Жетекші:Есжанова Галия Кенесбековна

(аты-жөні, қолы)

Ішкі модератор:Утегенова Камилла Оракбаевна

(аты-жөні, қолы)

Тараз 2023

Kіріспе

Қазақстан үшін аса маңызды басымдықтардың бірі бала құқығын қорғау, Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы адами капитал. «Қазақстан-2050» стратегиясында сапалы білім, тәуелсіз болу, заманға сай болу тиістігі нақты көрсетілген [1] . Осы стратегия басымдықтары елімізде бала құқықтарын қорғауда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдауға мүмкіндіктер беріп отыр.

Қазіргі Қазақстанда балалар құқықтарын қорғайтын балалар омбудсмендері қызмет атқаруда. Омбудсмен институты қызметі 2002 жылдың 19 қыркүйегінен басталды. Олардың қызметі БҰҰ бала құқығы туралы конвенциясында көрсетілген ратификацияланған келісімге сәйкес [2] . Сондықтан омбудсмендер баланың құқықтары мен заңды кепілдіктерін қамтамасыз етуге міндетті.

«Бала құқықтары туралы конвенция» негізінде балалардың азаматтығын, өмірі мен денсаулығын қорғау, отбасында өмір сүру құқығын сақтауды Қазақстан мемлекеттік міндеті деп санайды. Қазақстан Үкіметі ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мәселесіне ерекше назар аударады. Қазіргі уақытта балаларға ересектер тарапынан физикалық күш қолдану мәселесі қайшылықты болып отыр. Олардың қатарында кәмелет жасқа толмағандар, арнайы мекемедегі балалар тұр [3] .

Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені Аружан Саин мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қолдауға назар аударуды талап етеді. Медициналық қызмет, дәрі-дәрмек алуға қатысты әлеуметтік көмек, білім, алиментке байланысты шағымдарды реттеуді қажет етіп отыр. Сондықтан 2022 жылдан бала құқығына қатысты мемлекеттің батыл қимылдары жүзеге асырылуда.

Өзектілігі:

Конвенцияда көрсетілген бала құқықтарын толық көлемде іске асыру қазіргі қоғамның өзекті мәселесінің бірі. Бұл балаларды қолдауға арналған бағдарламалар мен қызметтерді сапалы дамытуға байланысты. Себебі балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алу Қазақстандағы ЮНИСЕФ басымдығының бірі. Балалардың денсаулығын сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, кибербуллинг мәселесін орнықты шешуге қоғамды дағдыландыру өзектілігі жоғары. «Бала құқықтары туралы конвенцияға» сай балаларға қолайлы ортаны құру қажеттілігі басым. Сондықтан осы тақырыпты зерттеу мәселесінің өзектілігі жоғары.

Жоба мақсаты:

Балалардың құқықтарын ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейде қорғалу деңгейін зерттеу. Қазақстанның ЮНИСЕФ мүшесі болуына әсер еткен факторларды талдау. Мемлекеттің «Бала құқықтары туралы конвенцияға» сәйкес балалар құқықтарын қамтамасыз етудегі қызметін бағалау.

Зерттеу сұрақтары:

1. Неліктен Қазақстанда балалар құқығын қорғау маңыздылығы жоғарылауда?

2. Қазақстанда ЮНИСЕФ бойынша балалар құқықтарын дамыту ерекшеліктері неде?

3. ЮНИСЕФ ұйымына мүшелік қазақстандық балалар құқықтары қорғалуына қаншалықты ықпал етуде?

Жоба жоспары:

  • Қазақстанда бала құқығының қорғалуына қатысты мерзімді басылымнан мәліметтерді жүйелеу;
  • Қазақстандық балалардың әл-ауқат индексіне қатысты фактілерді, ақпараттарды жинақтау;
  • Әлеуметтік зерттеу әдісі сауалнама жүргізу арқылы талдау жасау;
  • SWOT талдау жүргізу және шешімдерін шығару;
  • Зерттеу нәтижелерін қорытындылау;
  • Жаңалығын ұсыну, жұмысты бағалау.

Негізгі бөлім

Неліктен Қазақстанда балалар құқығын қорғау маңыздылығы жоғарылауда?

Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау тарихы өз бастамасын 1994 ж Балалар құқықтары туралы конвенцияны ратификациялаудан алады. Бұл конвенция БҰҰ-ның бастамасымен балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, балалар құқықтарының бүкіл деңгейлерде: экономикалық, әлеуметтік, деңсаулық, білім және мәдени сақталуын көздейді. Оған қоса «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Н. Назарбаев әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын айқындап, балалықты қорғауды елдің дамуының таяу жылдарға арналған маңызды басымдықтарының бірі ретінде белгілеп берді және мемлекеттік органдардың оны іске асыру жөніндегі қызметінің негізгі

басымдықтарын айқындады. [4]

Бүгінге дейін адам құқығына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжат, оның ішінде бала құқықтарын қорғауға қатысты 15 құжат ратификацияланды. Мәселен, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық формаларын жою жөніндегі конвенция; Балаларды саудалауға қатысты факультативтiк хаттама; Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты факультативтік хаттама; ХЕҰ Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы конвенциясы; ХЕҰ Ананы қорғау туралы конвенциясы; Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама; Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция; Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция; Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенция; Балаларға алименттерді және отбасын күтіп бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенция және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттама. Көрсетілген заңнамалық құжаттарда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің жан-жақты сақталуын қамтамасыз ететін және оларды кемсітушілікке жол бермейтін, балалардың мүдделері үшін мемлекеттік саясатты іске асыру барлық мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың қызметінің басым саласы болып анықталған. [5]

Мемлекетіміздің балалар құқытарына ұлкен назарын аударатының себептерінің қатарында демографиялық корсеткішті көтеру(туу көрсеткішін өсіру), болашақ ұрпақты сақтап қалу мен білімді халық санын көбейту мен әлеуіметтік мәселелрін шешу болып табылады. Мысалы ҚР ресми статистикасына сүйенетін болсақ 5 жасқа дейінгі балалардың өлім коэфиценті 2009 жылы 1000 адамға шаққанда 21, 42 құрады, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 16, 36-ға дейін түсті. Бұл көрсеткіштің азаюы балалар құқытарына байланысты, әсересе денсаулық саласында өткізілген реформалардың нәтижесі. Балалар құқықтарын сақтау барысындағы жұмыстар әрі қарай тиімді жүргізілетін болса, Қазақстанның әлеуіметтік саласы дамыди. [6]

2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осы жылы 7 бөлім бойынша «Білімді бала», «Отбасы - қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «BALA QORǴAÝ», «BALA_TIME. KZ» түрлі ісөшаралар өткізілді. Мысалы «Отбасы - қауіпсіз мекен» бөлімі бойынша «Менің балам - көшбасшы» атты вебинарлар сериясы, республикалық «Үздік мектеп ата-ана/қамқоршылық комитеті-2022» байқауы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 1, 5 есеге ұлғайту туралы ұсыныс енгізу, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, туризмді насихаттау, сонымен бірге «Әжемнің ертегілері» онлайн жобасы қолға алынады. [8]

Қазақстанда ЮНИСЕФ бойынша балалар құқықтарын дамыту ерекшеліктері неде?

ЮНИСЕФ - Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен жұмыс істейтін әлем балаларына көмектесу жөніндегі халықаралық ұйым. 1992 жылы ақпанда БҰҰ Балалар қоры ЮНИСЕФ жас тәуелсіз республикаға Қазақстандағы балалардың жағдайын бағалау үшін бірінші миссиясын ұйымдастырды. Бұдан кейінгі барлық балаларды қызылша мен полиомиелитке қарсы иммундау жобасы ЮНИСЕФ үшін Қазақстандағы бірінші жоба болды. Балаларға тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету - ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы және дүние жүзіндегі маңызды міндеттерінің бірі. Бұл Қазақстан 1994 жылы қосылған Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес балалардың өмір сүру, даму және әлеуетін толық іске асыру құқықтарын қорғауды білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен ЮНИСЕФ-тің кезекті бес жылдық бағдарламасы (2016-2020) жүзеге асырылып жатыр. Оның ішіндегі басты бағыттарына балалар құқықтарының сақталуы бойынша мониторинг, ерте жастан дамыту және күтім көрсету, инклюзивті қоғамды дамыту, әр бала отбасыда өмір сүру тиіс, интернат мекемелерін жаңғырту мен жастар мен жас-өспірімдерге арналған қызметтерді дамыту жатады.

Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың құқықтары қорғалуын қамтамасыз ететін жан-жақты қамтылған заңдар жинағы бар. Алайда, іс жүзінде ерекшеліктері бар балалар санаты әлі де білім алуда, кейін қоғам өміріне араласуда қиындықтарға тап болып келеді. ЮНИСЕФ Қазақстандағы өз міндетін осындай қиындықтарды жою деп біледі. Қазақстанда балалардың шамамен 3%-ы мүгедектігі және арнайы қажеттіліктері бар тұлғалар ретінде тіркелген. Аталған сан әлемнің өзге елдерінде балалардың 10-15%-ын құрайтын осындай көрсеткіштен айтарлықтай төмен. Осының басты себептерінің бірі - мүгедектікпен туылған балалардың ата-аналары осы жайы туралы хабарлауға көбінесе құлықсыз келеді, себебі, отбасы қоғамда таңба басуға және оқшаулауға тап болуы мүмкін. Қазір мүгедектігі бар балаларға белсенді және құнды қоғам мүшесі болуға әлеуетті тұлғалар ретінде емес, әлеуметтік әлжуаз топтар санатына кіретін адамдар тұрғысынан қарайды. Заңнамадағы алғашқы оң өзгерістерге және төлемдер мен қызметтер жүйесінің біршама жақсарғанына қарамастан, қазір мүгедектігі тіркелген балалардың тек 28, 6%-ы ғана арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Ауылдық жерлерде мүгедектігі бар жасөспірімдердің ұрымталдығы, олардың қоғамнан оқшаулануы және экономикалық қиындықтар оңалту қызметтеріне қолжетімділіктің шектеулі болуы қиындата түседі.

Әр бала отбасында өмір сүруі тиіс. Қазақстандағы жағдайдың ерекшелігі - интернат мекемелерде тұратын балалардың 82%-ның ата-анасы бар. Бұл ретте, ерекше қажеттіліктері және ресми танылған мүгедектігі бар 18000 бала интернат мекемелердегі жалпы балалар санының 51%-ын құрайды. Яғни, интернат мекемелерге балалардың көп келуінің себептерімен күресте маңызды рөлді балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік инфрақұрылымға тең инклюзивті қолжетімділігін дамыту бағдарламалары атқаруы тиіс. Осы тұста Қазақстанда «Бала жанұяда өмір суруі тиіс» қоғамдық қозғалыс құрылып, өз жұмысын қарқынды түрде жүргізуде. 2012 жылы ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар қоры) зерттеу жүргізе отырып, кем дегенде 3 жасқа дейінгі балаларды, соның ішінде мүгедек балаларды интернат үлгісіндегі мекемелерге орналастыру тәжірибесін тоқтатуға шақыратын үлкен құжат жариялады. Қазіргі кезде Қазақстанда осы мәселені шешу барысында түрлі бағдарламалар, тренингтар мен жобалар жүргізілуде. Олардың қатарына «Тәлімгерлер», «Отбасы академиясы», «Отбасы қолдау орталығы» жатады.

ЮНИСЕФ интернат мекемелердегі балалардың жағдайын бақылау жүйесін енгізумен, оларға денсаулық сақтау және білім беру қызметтерінің көрсетілу тиімділігін талдаумен және балалардың қоғамнан алыстауын азайтумен айналысады. ЮНИСЕФ мемлекеттік интернат мекемелерді түрлендіру стратегиясын әзірлеуге және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, жетімдер үйіне, ерекше режимді оқу мекемелеріне түсетін, өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған қызметтерді дамытуға белсенді атсалысады.

Қазақстан мен ЮНИСЕФ жұмыстарының басты бір бағыты жастар мен жас өспірімдердің құқытарының дамуы жатады. Бірлесіп жұмыс жасаудың жемісті нәтижелерінің бірі

болып жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) табылады, олар қазір елдегі барлық дерлік ірі және шағын қалаларда ашылған және жасөспірімдер мен жастарға ұнайтын үлгіде кешенді медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсетеді. ЮНИСЕФ 2012 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жүргізген кешенді “Суицид және суицид әрекеттер саласындағы таралу ауқымын, түпкі себептерін және қауіп-қатер факторлары мен қорғауды зерттеу” балалар, жасөспірімдер және жастар арасында суицид деңгейінің жоғары болу мәселесін зерттеу бойынша алғашқы бірлескен қадам болды. [7]

ЮНИСЕФ ұйымына мүшелік қазақстандық балалар құқықтары қорғалуына қаншалықты ықпал етуде?

ЮНИСЕФ Қазақстан балаларының уақытылы вакциналау үдерісін қадағалайды. Соңғы онжылдықта Қазақстан Үкіметі бірнеше рет берген есеп бойынша халықтың MCV1 және MCV2 вакциналарымен қамтылуының жоғары (98-99%) болып табылады. Дегенмен, статистикалық көрсеткіштері бойынша, 2015 жылы Қазақстанда қызылша ауруының өршуі 2340-қа жетті, ал 2019 жылы эпидемия 13 326 жағдайға жетті. Осы тұста эпидемияның даму себептерін анықтау барысында ЮНИСЕФ вакциналау үдерісінің мониторингін өткізген. Мониторингтың нәтижесі бойынша балалардың 92, 3 пайызы қызылшаға қарсы екпе алмаған немесе халықтың MCV1 вакциналарымен жеткіліксіз қамтылуын немесе вакциналарды жеткізудегі үзілістерді немесе хылықтың вакциналауға шешімсіздікті көрсетті. Нәтижесінде Қазақстан үкіметіне медициналық саласында ақпараттарды жинау жүйесін нығайту туралы және халықпен вакциналарға деген көзқарасын құру мәселелері бойынша жұмыс жасауға ұсыныс жасалды.

2021-2025 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарлама [Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсатындағы ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік бағдарламасы] -ға сәйкес іске қосылды. Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы (ҚОДҚ) негізгі серіктестер болды. ҚОДҚ-мен серіктестікте ЮНИСЕФ 1600-ден астам дәрігерлер мен медицина қызметкерлері үшін вакцинология бойынша әлеуетті арттыру, жалған медициналық қарсылық білдіру және иммундау мәселелері бойынша тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары бойынша 5 апталық тренинг ұйымдастырды. Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығымен (ҚДСҰО) және MedSupport. KZ әріптестікте Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілген вакциналар туралы толық ақпараты бар ел тарихындағы алғашқы веб-сайт іске қосылды, оған 85 000-нан астам қолданушы кірді.

ЮНИСЕФ GIGA ұлттық басқару комитетін құруға және 20 000 баланы қамтитын кең жолақты интернетке 38 ауыл мектебін қосуға көмектесті. Мұғалімдердің инклюзивті білім беру, сондай-ақ цифрлық құралдарды пайдалану туралы білімдеріндегі олқылықтарға зерттеу жүргізгеннен кейін Astana Hub-пен бірлесіп 5 500 бастауыш және орта мектеп мұғалімдері үшін инклюзивті аралас оқыту бойынша 14 сағаттық оқу курсы әзірленді. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) 1 437 бастауыш және орта мектеп мұғалімдері үшін инклюзивті аралас оқыту бойынша 72 сағаттық оқу бағдарламасын әзірледі.

ЮНИСЕФ отбасылардағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық (БҚЗ) туралы БҚТ қайта зерттеу жүргізді, ол 2016 жылғы БҚТ-нің бастапқы зерттеуімен салыстырғанда оң және теріс тенденцияларды көрсетті. Негізгі тенденциялардың қатарына қоғамның кең топтары тарапынан үйде дене жазаларын қолдануды қолдаудың 7%-ға төмендеуі, балаларды қорғау мамандары тарапынан отбасыларда дене жазаларын қолдануды қолдаудың 10%-ға төмендеуі, халықтың негізгі бөлігінің психологиялық БҚЗ-тың түсінуінің 14%-ға артуы, балаларды қорғау мамандарының психологиялық зорлық-зомбылықты түсінуінің 8%-ға артуы және зорлық-зомбылықсыз тәрбие әдістерін қолданғаны туралы хабарлаған ата-налардың үлесін 3%-ға артуы. Зерттеу сондай-ақ, жұртшылықтың көбісі БҚЗ туралы хабарлауды қаламайтынын көрсетті. ЮНИСЕФ жұмыстар жүргізу негізінде 2, 7 миллионнан астам адам мен 132 топты қамтыды.

Ұйымның әзірлейтін жобалардың біріне мүгедек балалрдың өмір сүру деңгейін жақсарту жатады. Осы тұста ЮНИСЕФ жағынан жергілікті мамандарды оқыту бағдарламалары кең таралған. Мысалы мүгедектіктің әлеуметтік моделі шеңберінде мүгедек балаларды бағалау мен қолдауда тәртіпаралық командалардың әлеуетін дамыту үшін ЮНИСЕФ ЕХӘҚМ, Астана медицина университетімен және ДСМ Балаларды оңалту орталығымен бірлесіп 13 ұлттық және халықаралық вебинарлар шеңберінде әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту бойынша 260 маман оқытылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері
Әлеуметтік қамсыздардыру халықаралық құқықтық реттеу
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты халықаралық құқықтық құжаттар
Инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық заңдарды аңықтау
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Әлемдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жағдайын талдау
Кедейшілікті төмендету - мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар
Мүмкіншілігі шектеулі жастарға деген қоғамның көзқарасы
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz