Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Экологиялық білім және тәрбие беру пәндеріне қазіргі уақытта көп көңіл бөлуде. Болашақ ұрпаққа айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалануда, тәрбие беруде пәннің маңызы зор.
Экологиялық білім және тәрбие беруге арналып жазылған әдістемелік құралды күндізгі және сырттай бөлім студенттері мен мектептегі география пәні мұғалімдері пайдалануға болады. Экологиялық білім және тәрбие беру лекциялар жинағының басты мақсаты — табиғат байлықтарын қорғау және оны тиімді пайдалану жөніндегі алға қойылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін табиғи экологиялық жүйені қосымша түрде терең меңгеру. Табиғатты қорғауға арнап жазылған құжаттар мен заңдылықтарды оқып білу, практика жүзінде пайдалану.
Лекциялар жинағында әрбір тақырыпқа арналған жоспары, әр лекция соңында студенттердің ізденімпаздығына арналған өзіндік жұмыстар тақырыбы және сол тақырыпқа қажетті пайдаланатын әдебиеттер тізбегі нақты көрсетілген. Лекциялар жинағында экология ғылымының даму тарихы, айналадағы ортаны қорғаудың маңыздылығы, табиғат заңдылықтарының шынайы құндылығы және оны қорғай білудің қажеттілігі туралы баяндалады.
Жинақтың соңында емтихан сұрақтары, шет тілінен енген сөздерге түсіндірме сөздіктер, реферат жұмыстарының тақырыбы берілген.
Бұл әдістемелік құралды пайдалана отырып студенттердің табиғатты қорғауға сүйіспеншілігі артып, табиғатты қорғай білуге құндылықты мәлімет алады. Экологиялық білім және тәрбие беру әдістемелік құралы студенттерге және мектептің жаратылыстану пәні мұғалімдеріне ұсынылады. Жас ұрпаққа экологиялық білім беруден өркениетті елдермен салыстырғанда көш кейін қалып қойған еліміздің межеленген 10 жылда 50 елдің қатарына ену үшін экологиялық білім алу, білім беру сайып келгенде экологиялық сауатты болу әрбір студенттің, оқытушының бүгінгі күннің талабына сай болу үшін басты міндеті

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Қ.Н.Налмишова
Экологиялық білім және тәрбие
курсы бойынша
күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне
арналған әдістемелік құралы
Шымкент 2006 жыл
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының
оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынылды
(Хаттама N5, 03.11. 2006ж.)
Құрастырған Налмишова Қ.Н. – оқытушы
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы курсы
бойынша лекциялар жинағы.
Әдістемелік құрал. -Шымкент, 2006. - 82 бет.
Пікір жазғандар:
Есназарова Ү.Ә. - Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,
географиядан Республикалық атаулы Мектеп жетекшісі, педагогика
ғылымдарының докторы, доцент
Тоқбергенова А.Т. – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тарих
факультеті "Қазақстан тарихы" кафедрасының аға оқытушысы, г.ғ.к.
Кіріспе
Экологиялық білім және тәрбие беру пәндеріне қазіргі уақытта көп көңіл
бөлуде. Болашақ ұрпаққа айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын
тиімді пайдалануда, тәрбие беруде пәннің маңызы зор.
Экологиялық білім және тәрбие беруге арналып жазылған әдістемелік
құралды күндізгі және сырттай бөлім студенттері мен мектептегі география
пәні мұғалімдері пайдалануға болады. Экологиялық білім және тәрбие беру
лекциялар жинағының басты мақсаты — табиғат байлықтарын қорғау және оны
тиімді пайдалану жөніндегі алға қойылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми
тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін табиғи экологиялық жүйені
қосымша түрде терең меңгеру. Табиғатты қорғауға арнап жазылған құжаттар мен
заңдылықтарды оқып білу, практика жүзінде пайдалану.
Лекциялар жинағында әрбір тақырыпқа арналған жоспары, әр лекция
соңында студенттердің ізденімпаздығына арналған өзіндік жұмыстар тақырыбы
және сол тақырыпқа қажетті пайдаланатын әдебиеттер тізбегі нақты
көрсетілген. Лекциялар жинағында экология ғылымының даму тарихы, айналадағы
ортаны қорғаудың маңыздылығы, табиғат заңдылықтарының шынайы құндылығы және
оны қорғай білудің қажеттілігі туралы баяндалады.
Жинақтың соңында емтихан сұрақтары, шет тілінен енген сөздерге
түсіндірме сөздіктер, реферат жұмыстарының тақырыбы берілген.
Бұл әдістемелік құралды пайдалана отырып студенттердің табиғатты
қорғауға сүйіспеншілігі артып, табиғатты қорғай білуге құндылықты мәлімет
алады. Экологиялық білім және тәрбие беру әдістемелік құралы студенттерге
және мектептің жаратылыстану пәні мұғалімдеріне ұсынылады. Жас ұрпаққа
экологиялық білім беруден өркениетті елдермен салыстырғанда көш кейін қалып
қойған еліміздің межеленген 10 жылда 50 елдің қатарына ену үшін экологиялық
білім алу, білім беру сайып келгенде экологиялық сауатты болу әрбір
студенттің, оқытушының бүгінгі күннің талабына сай болу үшін басты міндеті
Лекция 1
Тақырыбы: Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Жоспар:
I. Экологиялық білім және тәрбие берудің маңызы
II. Жоғарғы оқу орындарындағы білім мен тәрбие беру жоспарлары
III. Экологиялық білім берудің негізгі міндеттері
I. География мамандығын бітірушілердің ерекшелігі — олар география
ғылымының түрлі салалары: геология, жалпы жертану, картография,
ландшафтану, елдердің физикалық географиялық орны, экономикалық-әлеуметтік
жағдайын біле отырып өздері өмір сүріп отырған ортадағы табиғатты ластамау
және қоршаған ортаны қорғап, оның байлықтарын тиімді пайдалану жөніндегі
білімін молайтып, нақты практикалық жағдайда көзбен көріп біледі.
Әсіресе, Қазақстанның, материктер мен мұхиттардың физикалық
географиясы пәнінен табиғаттың әсем жерлері, өзен-көл салаларының таралатын
аудандарын, ал экономикалық географиядан осы өзен, көл жағалауларында
орналасқан ірі өндіріс орындарының орналасуы және өндірістің қалдықтарының
көл, өзен суларына төгілуі және оның ауыл шаруашылықта үнемсіз пайдалануы
жайында оқып білім алады және мұндай факторлардың қоршаған ортаға тигізіп
отырған салдарын да біледі. Мысалы: Әмудария мен Сырдария өзені 4
мемлекеттің жерінен өтіп Арал көліне келгенде тек тамшысын құяды.
Қазақстанға жеткенше Тәжікстан талшықты мақтасын суғарып, Қырғызстан
көкөністерін, Өзбекстан мемлекеті шитті мақталарын суарады. Міне, біздің
елімізге келіп жеткен өзеннің аз ғана бөлігі көлге құяды. Бұл табиғаттағы
тепе-теңдік заңдылығының бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға зиянды әсерін
тигізеді.
География мамандығының артықшылығы елдердің орналасуын білумен қатар,
әрбір елдің экономикасының даму бағытын, өнеркәсіп, өндіріс қалдықтарының
экологияға тигізетін әсерін және қоршаған ортаны қалай қорғау ұстанымын
үйреніп бітеді. Экологиялық білім және тербие беру курсы: география,
биология, химия, физика ғылымдарының алғы шарттарын оқытады. Мұнда жас
маман балаларға төрт ғылымның бір-біріне өте тығыз байланыстылығын
білдірумен қатар, біз өмір сүріп отырған ортамыздың жаратылу
заңдылықңарын білдіре отырып, осы ғылымдардың барлық саласының қоршаған
ортаға тигізетін пайдалы зиянды жағын түсіндіріп отырады.
Физикалық географияны оқытқанда географиялық қабықтың жер
планетасындағы алатын орны, литосфераның - жердің қатты қабаты, жер бедері
таулар мен жазықтар, құмдар, өзен, көлдер олардың орналасуы туралы мәлімет
береді. Биосфера қабаты тірі организмдердің, яғни өсімдіктер мен жауарлар
дүниесінің тіршілігі өмір сүру ортасын, гидросфера қабатында жер
планетасында алып жатқан судың көлемі мұхит, теңіз, жер асты суларын,
мұздықтар, өзен, көл суларын, атмосферадағы су буларын, атмосфера қабығының
тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера, термосфера, экзосфера
қабаттарынан түратынын білумен қатар географиялық қабықтың өзіне тән
ерекшеліктерін біледі және жер планетасындағы байлықтарымыздың сарқылатын
және сарқылмайтын түрін нақтылап қоршаған ортаға тигізетін әсеріне назар
аударады. Жоғарғы курстардағы экономикалық және әлеуметтік пәндер
студенттерге шет елдердің, өз еліміздің жергілікті әкімшілік бөлінулерін
әрбір елдің өнеркәсіп, өндіріс орындарын, табиғат байлықтарының тиімді,
тиімсіз пайдалануын оқытумен, әрбір елдің қазіргі уақыттағы экологиялық
ахуалын білдіреді. Яғни, экологиялық білім және тәрбие — география
мамандықтарын алушы студенттерге берілетін білім мен тәрбиенің негізгі
құрамдас бөлігі болып табылады.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы адамзат баласы мен табиғаттың
арасында қарым-қатынасты төмендетті. Қазіргі кезде табиғатты анасындай
аялау, оның байлықтарын көз қарашығындай сақтау адамдар үшін табиғаттың
қорғаудың басты мәселесінің біріне айналып отыр. XX ғ. бас кезіндегі өмір
сүрген ғалымдар "Табиғат байлығы таусылмайтын ұшан-теңіз, біз табиғаттан
рахым күтіп отыра алмаймыз, оның байлықтарын алу - біздің міндетіміз"
(И.В.Мичурин) деп оқытты. Ол кезде FTP дами қоймаған кезеңі еді.
II. Қазіргі уақыттағы мектептерде болашақ ұрпақ санасына экологиялық
білім мен тәрбиені сіндіру үшін төменгі сыныптардан бастап экология
жекелеген пән болып ендіріліп жатыр және төмендегідей жоспарда:
1. Экология және қоғам
а) экология ғылымының зерттелу аясы
ә) қоршаған табиғат — адамдардың өмір сүру ортасы
б) еліміздегі табиғатты қорғау мәселелері
2. Экология - әлеуметтік өркендеу мен ғылыми-техникалық прогресс
кезеңінде
а) ғылым және оның табиғатты пайдаланудағы рөлі
ә) табиғат және қоғам
б) табиғи орта, техника және өскелең ұрпақ денсаулығы
3. Экологиялық тәрбие – география пәндерінде экологиялық тәрбие
берудің маңызы экологиялық сана-сезімді қалыптастырудың мәні мен
негізгі сатылары
ә) экологиялық мәдениет
б) адам экологиясы
в) экологиялық сана-сезім — бұл адамдардың табиғат пен
қарым-қатынастағы білім мен сенімнің жиынтығы, т.б.
Түптеп келгенде экологиялық білім - бізді қоршаған тірі табиғаттың
құрылысы мен жердің тірі бөлігінің биосферадағы атқаратын рөлі туралы ілім.
Экологиялық тәрбиенің негізгі формаларының бірі — өндірістік оқу
шеберлерімен пән оқытушыларының басшылығымен орындалатын практикалық іс-
әрекет. Атап айтқанда: Оқу орындарының ғимараттарын таза ұстап,
жасыл желек отырғызып, оларды күтіп баптау.
• Жақын маңайда орналасқан еңбекшілердің демалыс орындарын,
ауруханаларды санаториялық қамқорлыққа алу.
• Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы Қазақстан Республикасы халқына
жолдауын басшылыққа ала отырып, топ-топтан "Жасыл ел" бағдарламасына
қатысуға ерікті студенттерді жинастыру.
• Көлдер мен өзендер бастауларын, су қоймаларын тазартып ластанбауын
қадағалау.
• Әр топ өзіне жүктелген дәріс бөлмелеріне гүл түптерін өсіріп, оларды
күтіп баптау.
Осындай маңызды іс-шараларды іске асыру нәтижесінде мектеп оқушылары,
студенттердің әрбір адам баласының санасында табиғатқа деген экологиялық,
құқықтық, адамгершілік, эстетикалық сезім мен көзқарас қалыптасады.
Табиғат байлықтары мен игіліктерін пайдалану үстінде оны қайта қалпына
келтіру, аңдар мен құстарға, балықтар мен жасыл желектерге камқорлық, оны
қорғауды ұмытпау дағдылары қалыптасады.
Әрине, еліміздің оқу-тәрбие мекемелерінде табиғат қорғауға тәрбиелеудің
бірізділік жүйесі бар. Бәрібір осы уақытқа дейін балабақша-мектеп-колледжі-
институт-өндіріс орындары іс жүзінде ойдағыдай нәтижеге қол жеткізіп
отырған жоқ.
Сондықтан, география пәнінің салаларын оқытқанда экологиялық тәрбиені
студенттердің жаратылыстану, биология, химия, физика пәндерінен алған
білімдерін негізге ала отырып, экологиялық білім және тәрбие үрдісін осы
пәнде жалғастыру қажет. Бұл пәнде адамдардың табиғатқа деген көзқарасы
дұрыс қалыптастырылып, қоршаған ортаның сұлулығы ұғындырыла тәрбиеленуі
тиіс. Өйткені, табиғат — қайырылымдылықтың бастау бұлағы.
Республика Конституциясында "Табиғатты сақтау және оның байлықтарын
қорғау — әрбір адамның міндеті" — деп көрсетілген. Сондықтан табиғатты
қорғау, Конституция заңын орындау — әрбір адамның, жалпы адамзаттың борышы.
Өзімізді қоршаған ортаны күтпеу салдарынан апатқа ұшыраған Аралды,
Каспийді, Балқашты айтсақта жеткілікті. Осының бәрі адамдардың экологиялық
сауатсыздығынан, табиғатты қорғауға деген түсінігінің төмендігінен болған
жай. Сондықтан да, география мамандықтарында "Экологиялық білім мен тәрбие
беру" басты мақсат және табиғатты сүйіп аялай баулу қажет. Жас маман мына
қағиданы білуі керек: "Әсемдікті біреу сыйға тартпайды, өздігінен келмейді;
табиғатқа тұтынушылық көзқараспен қарау адамгершілікке жатпайды; табиғат
нәзік те қорғансыз — бұлақ көзі, ағаш, гүл адамдардың әрекетінен өзін-өзі
қорғай алмайды; адамдар мазалаған жәндік-жануарлар өз мекенінен оп-оңай
тастап кете алмайды — құстар ұя салмайтын болады, жануарлар ауруға шалдығып
қырылады".
III. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие берудегі жоғарғы оқу
орындарының география мамандықтарының негізгі міндеттері мыналар болуы
керек.
1. Студенттердің сезімталдық (бауырмалдық) қасиетін қалыптастыру (оқу-
білім алу және далалық іс-тәжірибе барысында) экологиялық мәдениеттілікке
тәрбиелеу.
2. Студенттер бойында қоршаған ортаны қорғау және онымен жарасымды
қатынас жасауда оның өмірлік көзқарасын қалыптастыру (бүгінгі таңда адамзат
қоғамының қоршаған ортаның жақсы болуына тікелей қатысты, сондықтан,
жастардың табиғаттың жай-күйіне жауакершілігінің арта түсетініне көздерін
жеткізу), яғни азаматтың - әдептілік тәрбиесін бекіту.
3. Жоғарғы оқу орнын бітіріп барған жас маман экологиялық білім және
тәрбие беруге оқушыларды баулу үшін: экологиялық тұжырымдаманың жобасын,
табиғатты қорғау шараларына арналған заңдылықтарды, Республикалық маңызы
бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін білу, яғни экологиялық
ғылыми білімді тереңдете білу.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз
байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен
өзгерістер осында өтеді. Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз
жұмсауға болмайтынын, қоршаған орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін
адамдар XX ғ. алғашқы жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған
ортаны қорғау деген ұғым пайда болды.
Бұл ұғым, әуелі жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кетуден, табиғаттың
қымбат ескерткіштерін қырудан қорғауды білдіретін. Отызыншы жылдары (XX ғ.)
қазбалы кен қорлары таусылу, ормандар мен су көздері жойылу қаупі төнген
кезде бұл ұғым табиғат байлықтарымен қорғаумен толықты. Сол ғасырдың 50-60
жылдары қоршаған ортаны қорғау ұғымына жоғарыда айтылғандарға қосымша
ауаны, су көздерін, топырақты зиянды өндірістік және радиоактивті
қалдықтардан, уытты химиялық заттардан қорғау енетін болды.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғау жануарлар мен өсімдіктер дүниесін азып-
тозудан, жойылып кетуден, қазбалы кендер қорларын таусылудан, талан-тараж
бөлудан, ауаны, топырақты, өзендерді, көлдерді, теңіздер мен
мұхиттарды ластанудан, ысырап болудан сақтау болып табылады.
Табиғатты қорғау әр елде әр түрлі. Тіпті кейде бір елдің іс-әрекетінен
бір ел зиян көріп жатады. Табиғат қорғау арзанға түспейді. Көп қаражат
жұмсалатын күрделі проблемаларды шешу бір елдің қолынан келмейді.
Сондықтан, бірнеше мемлекеттер қосылып, өзара шарт жасасып, тез уақытта
және арзан бағамен сондай жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады. Қоршаған
ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды пайдалану,
қалпына келтіріп отыру туралы, ортаны зиянды қалдықтармен, уытты және басқа
да тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз ету жөнінде
қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, экономикалық мекемелер, құқық
қорғау және ұйымдардың ережелері мен нұсқаулары, халықаралық және
мемлекетаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар кіреді. Мемлекеттің
заңдары мен халықаралық шарттарды көздеген табиғатты сақтау жөніндегі
шаралар жиналған қоршаған ортаны қорғау деп атайды.
Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан
ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталып жүр. Ол
гректің "oicos''-үй, мекен, тұрғын жер және "logos" — білім, ғылыми зерттеу
деген мағынаны береді. Ең алғаш қоршаған ортаны — "үйіңнің жан-жағын
тазалап отыр" деп 1273 жылы ағылшын патшасы Эдуард I заң шығарды. Ал
экология терминін бірінші рет Генрих Девид Тюро пайдаланады. Экологияны
ғылымға бірінші болып енгізген 1866 жылы белгілі табиғат зерттеушісі,
дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Ол ғылымға көптеген жаңа
сөздер, ұғымдар қосты, соның бірі экология. 1920 жылы
Ф.Клементе (АҚШ) экологияны бірге өмір сүретін түрлі өсімдіктер мен
жануарлар туралы ғылым. 1937 жылы Ч.Элтон (Ұлыбритания) экологияны -
жануарларды жаратылу тарихын, олардың әлеуметтік және экономикалық орны
зерттейтін ғылым. 1959 жылы Х.Б.Одуло (АКДІ) экология — табиғаттың құрылысы
мен атқаратын міндетін білу туралы ғылым, 1972 жылы С.С.Шварц (КСРО)
экология — өсімдіктер мен жануарлардың табиғи ортада өмір сүру заңдарын
зерттейтін ғылым. 1975 жылы Р.Дажо (Франция) экология — тірі организмдердің
өмір сүру жағдайларын, организм мен ортаның өзара байланыстарын зерттейтін
ғылым деп көрсеткен болатын.
Қазіргі кезде көптеген ғалымдар келіскен анықтама мынау: "Экология -
қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру
жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын
зерттейтін ғылым".
Пайдаланған әдебиеттер:
1. К.Маркс мен Ф.Энгельс. Шығармалары жинағы, 20-том, 495-496
беттер, Мәскеу.
2. В.И.Вернадский. Табиғат зерттеушінің ойлары, Мәскеу, 1977.
3. Ю.П.Одум. Экология, Мәскеу, 1986.
4. Л.С.Жданов, Г.Л.Жданов. Физика, Мәскеу, 1984.
5. П.Агесс. Экология кілттері, Санкт-Петербург, 1982.
6. А.М.Алнатьев. Табиғи ортаның дамуы, өзгеруі және қорғалуы,
Санкт-Петербург, 1983.
7. Р.Ш.Кашанов. Жердің тірі қабығы, Мәскеу, 1984.
8. Д.П.Никитин. Қоршаған орта және адам. Мәскеу, 1980.
9. КСРО халықтары туралы мәліметтер, Мәскеу, 1983.
10. Дүние жүзі елдері мен халықтары (Жер және адамзат),
Мәскеу, 1985.
Өзіндік орындайтын жұмыстар тақырыбы:
1. Экологиялық білім берудің басты міндеттері.
2. Экологиялық тәрбие берудің формалары.
3. Қазіргі уақыттағы мектептегі экологиялық білім берудің түрлері.
4. Жоғарғы оқу орындарындағы география мамандықтарына
экологиялық білім беру түрлері.
5. Қоршаған ортаны қорғау ұғымын қалай түсінесің?
6. Экология ғылымына түсініктеме бер.
7. Экологиялық білім беруді ұйымдастыру түрлері.
8. "Аяласаң - табиғатты аяла" тақырыбында экологиялық үлгілі сабақ
түрін жаса.
9. Экология ғылымының тарихына сипаттама бер.
10. Мектептің төменгі сыныптарына экологиялық білім жоспарын
жаса.
Лекция 2
Тақырыбы: Экологиялық пәндер бойынша оқу материалдарының құрылымы
Жоспар:
I. Экологиялық білім беру тәсілдері мен әдістері.
II. Экологиялық білім беру құрылымы.
III. Атмосфераның ғаламдық ластануы және оның себептері мен
зардаптары
I. Оқу материалының мазмұны - бұл қоршаған болмыстың және практикалық
әрекеттің құрылымдық, бейімделген және логикалық құрылған моделі. Қазақстан
Республикасы Білім беру тұжырым-дамасында: "Осы күнге дейін экологиялық
ситуацияны дұрыс бағалай білетін, экологиялық аудит, экологиялық экспертиза
жүргізе білетін, экологиялық менеджментпен айналысатын, әр түрлі табиғи
және табиғи антропогендік экожүйелерде адам әсерінен болатын теріс жақтарын
болжай білетін кәсіпқой экологтарды дайындау қажеттігін түсінбеушілік
жойылмаған" деп айтылған. Мемлекеттік ұйымдар, өндірістік кәсіпорындар және
оқу мекемелері білімді мамандарды дайындауға, инженер, технолог, менеджер
және экономистерді кәсіптік дайындауға тұрақты даму идеяларын енгізуге күш
салу керек.
Экологиялық білім берудің мазмұны (В.В.Краевский бойынша) дәстүрлі
түрде негізгі құрылымдық 4 элементтен тұру керек:
1.Танымдық іс-әрекет (оның қалыптасқан нәтижесі формасында);
2. Әрекеттің белгілі тәсілдерін іске асыру (өткенге қайта шолу
репродуктивті білік формасымен);
3. Шығармашылық әрекет (креативті біліктер формасында);
4. Қоршаған ортаға деген эмоционалды-құндылық қатынас жүйесін меңгеру
(тұлғалық бағдарлау формасы).
Экологиялық білім берудің мазмұнын жоғарыдағы 4 аспектіге сәйкес
меңгеру "компетенттілік" қатынасты іске асырады. Ол мемлекеттік стандарт
пен Қазақстан Республикасы білім беру бағдарламасының негізін қалайды.
Қазіргі уақытта негізгі мәселелердің Қазақстанда экологиялық білім
беруді әдістемелік ұйымдастыру болып отыр. Қазақстанда экологиялық білім
берудің қазіргі тенденциясындағы практикалық тәжірибе мен әдістемелік
жұмыстарда баяндаушы, монологиялық тәсіл, экологиялық білім дайын күйде
оқытылады. Әлемнің дамыған елдеріндегі экологиялық білім беруде табиғатпен
қарым-қатынастың стратегиялары мен технологияларының қалыптасуына көп мән
береді. Экологиялық білім берудің негізгі бағыты — адекватты экологиялық
стратегиялар және оны іске асыру үшін қажетті білік пен дағдыны
қалыптастыру болып отыр. Бұл айтылғандарсыз қазіргі кезде экологиялық
мәселелерді шешу мүмкін емес.
Экологиялық білім беруге қойылатын қазіргі талаптар "экофактор"
(1840), "биосфера" (1877), "экожүйе" (1935), "экосана" (1981), "адам
ортасы" (1991), "экомәдениет" (1995), "әлеуметтік экожүйе" (1998),
"әлеуметтік құндылық" (2000), т.с.с түсініктер жұмыс жасауға мүмкіндік
береді.
Үздіксіз экологиялық білім беру кезеңдеріндегі экологиялық түсініктер
және оның құрылымының қалыптасуын қазіргі жағдайда зерттеу сараптамасы -
экологиялық оқу құралдарындағы кейбір экологиялық терминдер оқыту
әдістемесіне сәйкес келмейтіндей қалай болса солай аударылғанын байқаймыз.
Бұны орта мектептерге және жоғары оқу орындарына арналған кейбір оқулықтар
мен оқу құралдарынан көруге болады.
Экологиялық білім беру мазмұнын дайындауда төмендегі тәсілдерді
ерекшелеп өтуге болады: фундаменталды, әдіснамалық, концептуалды, пәнаралық
және әрекеттік-прагматикалық.
Әдіснамалық тәсіл негізінде - ғылыми таным әдісімен танысу. Бұл
тәсілдің мақсаты — экологияны ғылыми-зерттеу контексіндегі мазмұнын ашу,
материадды экологиялық бағыттың белгілі бір аумағында меңгеру және
сараптау, кәсіптік зерттеу білігін қалыптастыру болып табылады. Экологиялық
дүниетанудың тарихи эволюциясына және экологиялық мәселелерді шешу
тәсілдеріне студенттердің назарын көп аудару қажет.
Мазмұнды таңдаудың концептуалды тәсілі материалдарды басты экологиялық
түсініктердің айналасында топтастыруды талап етеді. Таным теориясында
"түсінік" термині логикалық-гносеологиялық категория ретіңде қаралады. Оны
классик-философтар "ми-материяның жоғары өнімі, ал түсінік-мидың жоғарғы
өнімі болып табылады" деп түсіндіреді. Оқытуды экологияландырудың ең
бірінші мақсаты - көп қолданылатын негізгі түсініктерді анықтау және
нақтылау болып табылады.
Осыған орай және 2 дәрежедегі экологиялық түсініктерді анықтап,
олардың жүйесі мен құрылымын анықтау керек. Бұл тәсілдің арқасында
пәнаралық оқытудың идеяларын тиімді пайдалануға болады. Осы жағдайда
экологиялық оқытудың мазмұны экологиялық түсініктердің иерархиялық жүйесіне
сүйенеді: организм, түр, популяция, экожүйе, биосфера, т.б.
Түсінік - логикалық категория ретінде 1) түсінік мазмұны, 2) түсінік
көлемі, 3) түсініктердің басқа түсініктермен байланысы және қарым-
қатынасымен сипатталатыны белгілі жәйт.
Пәнаралық тәсіл — студентке кәсіптік дайындау жүйесіндегі курстың
орнын анықтауға көмектесетін басты элемент және экологиялық білім берудің
принципі. Жоғары оқу орындарындағы экологиялық білім беру бір-бірінен
оқшауланған жеке пәндер арасында өтетін болғандықтан қоршаған ортаны
сипаттайтын өзара әсер ету және әрекет жасау жүйесі туралы қате түсініктер
қалыптасады.
Пәнаралық тәсілдің объективті алғы шарты - ғылыми білімді
интеграциялау. Қоғамдық жаратылыстану және техникалық ғылымдардың
байланысын күшейту қазіргі ғылыми танымның дамуының магистралды тенденциясы
болып табылады. Табиғатқа деген жауапкершілік қатынастың қалыптасуы (оның
әмбебап құндылықтарын түсіну негізінде) тек бір пән көлемінде жүрмейді.
Оқытылатын экологиялық пәндердің пәнаралық байланысы мына сызба
бойынша көрсетіледі:
- Пәндердің тірек атауларының түсініктері және категориялары берілген
экологиялық пәнге базалық болып табылады. Мысалы, радиациялық экология үшін
— радиация, радиоактивтілік, физикадан изотоп;
- Параллель пәндер сол сфераны зерттейді және сол әдістемелік және
категориялдық аппаратты пайдаланады. Радиациялық экология үшін — организм,
биосфера және экологиядан — экожүйе;
- Кезекті курстар. Бұл пәндер үшін оқытылатын экологиялық курс негізі
болады немесе элективті курс болуы мүмкін. Экология үшін мұндай курстар:
адам экологиясы, әлеуметтік экология, экологиялық мониторинг, т.б. болуы
мүмкін.
Прагматикалық тәсілдің мақсаты - студентке минималды мәдени-дүниетану
көзқарас деңгейін дамытуға, өздерін белгілі бір кәсіптік әрекетте көрсету
үшін көмектесетін қосымша білім мен білік жинақтарын ұсыну болып табылады.
Мұндай курстар кең диапазонда жобалана отырып, кішкентай көлемді бола
алады.
II. Материалдардың жалпы экологиялық теориялық түсінігінің бірінші
деңгейі негізгі компоненттіліктердің тізімін көрсетеді. Экологиялық
материалдардың екінші деңгейі көп жағдайда ұлттық және аймақтық деңгейдің
білім беру мақсатымен байланысты. Оның іске асуына мемлекет қана қатыспай,
сәйкес кезеңдерде аймақ, жоғарғы оқу орындары, оқытушы, студенттер де
қатысады. Бұл деңгейде оқытудың тұлғалық құнды мақсаттары үлкен мәнге ие
болады. Мазмұнды таңдаудың мұндай бағыты ғылыми мазмұнның адаптациясын,
трансформациясын және қажетті редукциясын ескереді.
Оқу материалының үшінші деңгейі — оқу құралдарының білім беру мазмұны
қалыптасуының дәл осы кезеңінде қазіргі мектептер үшін әлеуметті интеграция
және "деңгейлік" дифференция принциптерін іске асыруға мүмкін болады.
Төртінші деңгейде білім беру процесінінің субъектілері өзара әрекет
етеді және білім беру мазмұны жобада емес, педагогикалық нақтылыққа тән.
Бесінші деңгейде — білім беру мазмұны оқудың жемісі, әрекеттің соңғы өнімі
ретінде болады.
Экологиялық білім беруді жобалау оқуды экологияландырудың
диагностикалық мақсаттарын қамтиды; экологиялық білім беру мазмұнын болашақ
кәсіптік әрекеттер контексінде таңдау; оқу материалының құрылымын анықтау;
экологиялық мәліметтер сыйымдылығын анықтау; пәнаралық байланысты (бір пән,
көп пәндер, аралас) анықтау; оқу процесінің формасы, әдістері мен
дидиактикалық құралдарын таңдау.
Оқу әрекетін жобалау 5 кезеңді қарастыруы керек.
Бірінші кезең (жүйелеу) — дидактикалық тұрғыға өзгерту керек
экологиялық (ғылыми) мәліметтердің "негізгі ядросын" ерекшелеу. Әр түрлі
ғылымдарда мипатталатын объектілер бір-бірімен ерекшеленеді (экология және
әлеуметтік пәндер). Қоршаған ортаға экологиялық құбылыстар мен факторлардың
заңдылыктары адам санасына тәуелді емес. Бұл объектілер туралы ілім оларға
әсер етпейді, бірақ әлеуметтік-экологиялық құбылыстар жайындағы мәліметтер
оны өзгерту үшін қолданылады.
Әлеуметтік-экологиялық мәселелерді сараптау потенциалды болашақты
біршама өзгертетіндей шешімге әкеледі. Адам — зерттеу объектісі ретінде
өзінің мақсаты, ниетіне сәйкес қоршаған ортаға белсенді түрде әсер етеді.
Екінші кезең (мақсаттын қалыптасуы) - мақсатты дидактикалық сараптау
және мақсатты жобаны құруды (немесе қажетті іске асыру жағдайын
қалыптастыру) ұсынады. Қандай дидактикалық мақсаттарға жету керек және
дидактикалық мақсатты жобалау қалай өтеді?
Үшінші кезең (трансформация) - ғылыми мазмұнның дидактикалық объектіге
өзгеруін білдіреді. Бұл процесс сараптау, біріктіру, таңдау,
дидактикалық қысқарту және трансформациялау керек материалды сапалы
редакциялау арқылы жүреді. Оқыту туралы айтатын болсақ, ол студенттерге
мәліметтерді жәй жеткізу ғана емес, терең дидактикалық, мақсатты түсіндіру
қажеттігін ескеруіміз керек.
Төртінші кезең (жабдықтау) — жоғарыда көрсетілген кезеңдерде алынған
нәтижелерді оқу бағдарламасы, оқулықтар және дидактикалық сипаттағы басқа
материалдар формасында өңдеуді қарастырады.
Бесінші кезеңде (моделдеу) — жоғары оқу орындарының тұжырымдамасын оқу
ситуациясындағы күтілетін нақты шарттармен қиыстыру қажет.
Әдіснамалық тәсілде моделдеу басқа да түсініктермен (жұмыс істеу,
объект, мәлімет, изоморфты және гомоморфты моделдің объектіге және
керісінше өтуінің ережесі,т.б.) байланысады және белгілі зерттеу әрекетіне
бағытталған бірегейлікті құрады.
Алтыншы кезең (меңгеру) — студенттердің оқу мазмұнын "өңдеуін" немесе
практикалық әрекеттер көмегімен және субъектілі (тұлғалық) қабылдауға
арналады немес құралдар мен адекватты тәсілдерді пайдаланып меңгеру
процесін қарастырады. Студент оқу мазмұнына қатысты объект қана емес,
субъект болып табылады. Өзінің жеке (педагогикалық) позициясын ол танымдық
әрекет контексінде оқу үрдісінің белсенді қатысушысы ретінде танымдық
әрекет контексінде оқу үрдісінің белсенді қатысушысы ретінде іске асырады.
III. Қазіргі кездегі бүкіл дүние жүзі ғалымдарын алаңдатып отырған ең
бір өзекті мәселе — Жер бетінің ғаламдық деңгейде жылынуы. Ғаламдық жылыну
өз кезегінде климаттың өгеруіне басты себеп болуда.
Атмосфераның шектен тыс ластануы геологиялық замандарда қалыптасқан
озон қабатының жұқаруына, тіпті кейбір аймақтарда озон қабатында ойықтардың
(тесіктердің) пайда болуына әсер етуде. Озон қабаты атмосфераның 20-25
шақырым биіктігінде орналасқан Жер бетіндегі күллі тіршілік атаулыны Күннің
зиянды ультракүлгін сәулелерінің әсерінен қорғайды. Озон қабатының
қалыңдығы бар болғаны 3 мм. Озон қабатының жұқаруына өнеркәсіп, өндіріс
орындарынан бөлінетін хлорлы, фторлы көміртекті қосылыстар ерекше әсер
етеді. Сонымен қатар, озон қабатының ыдырауына ғарыш кеңістігіне ұшырылып
жатқан ғарыштық зымыран да, ғарыштық кемелер, атомдық, ядролық
жараластардың әсері мол. Жер шарында 2053 рет атомдық сынақтар жасалынған,
ал оның әрқайсысының қуаты бірнеше килотонна деп есептелінеді. Атомдық
сынақтардың зардабы 734 мың жылдарға дейін сақталатынын да ғалымдар
есептеп шығарған. Озон қабатының ыдырауы (сөгілуі) полюстік аймақтарда жиі
байқалады. Мысалы, 1980 жылы Антарктиданың үстінде зон қабатының жұқарғаны
тіркелген. Мұндай жағдайлар соңғы кезде Еуропаның батыс, орталық
өңірлерінде, Сібірде байқалуда. Озон қабатындағы мұндай өзгерістер ауыл
шаруашылық дақылдарының өнімдерін төмендетеді және халық арасында қатерлі
ісік ауруларының пайда болуына да ерекше әсер етеді. Бүкіләлемдік Денсаулық
сақтау ұйымының (БДҰ) деректері бойынша қазір дүниежүзіндегі адам өлімінің
6 пайызы ауа-райының ғаламдық күрт жылуына тікелей байланысты екендігі
анықталған.
Қазіргі кезде атмосфераның ластануынан жылыжайлық эффект (парниктік)
мәселесі ғалымдарды алаңдатып отыр. Бұл жағдай, негізінен, атмосфера
қабатында көмірқышқыл газы, метан және т.б. улы газдардың көп мөлшерде
жинақталуынан болып отыр. Оған басты себеп мұнай, көмір, газды өнеркәсіп
орындарында көптеп жағу басты себеп болуда. Мысалы, дүниежүзінде жылына 4-5
млрд. тонна көмір, 3,2 млрд. тонна мұнай және мұнай өнімдері жағылады.
Мұндай отын көздерін жаққан кезде ауаға күкірт, азот тотықтары, сутегі
тотығы, күкіртті ангидрид, т.б. улы газдар бөлініп, ауамен бірге суды,
топырақты ластайды.
Жылыжайлық эффект кезінде Жер бетінен кері шағылысатын инфрақызыл
сәулелер ауада шоғырланып, Жер беті мен атмосфераның төменгі қабаты
(тропосфера) қызады, яғни температура көтеріледі.
Атмосфераның ластануынан Жер бетіне қышқыл жаңбыр жауады. Жаңбыр
суының құрамында күкірттің қос тотығы азот тотығы қосылады. Ал қышқылды
жаңбыр өсімдіктер, жануарлар және адам үшін өте зиянды. Ғалымдардың
деректері бойынша соңғы 100 жыл ішінде қышқылды жаңбыр жауу 30 есе
көбейген. Мұндай жағдайлар Еуропаның солтүстік өңірінде көбірек байқалады.
Атмосфераның ауа құрамының тепе-теңдігі бұзылуына Жер бетінің көптеген
аймақтарындағы ормандардың (әсіресе, тропикалық) шектен тыс қырқылуы және
апатты деңгейдегі өрттер де әсер етеді. Мысалы, ресми деректер бойынша
жылына 16,8 млн.га ылғалды тропикалық ормандар қырқылады. Осындай
жағдайлардың әсерінен бұрынғы құнарлы жерлердің жыл сайын 6 млн.га адамның
қолы арқылы тақыр шөлге айналуда. Нақты деректер бойынша куаңшылық аймақтар
жыл сайын экватордан полюстерге жақын 1,5 шақырым жылдамдыкпен жылжып
отырғандығы байқалады. Сахара құмының оңтүстікке қарай жылжуы соңғы жылдары
10 шақырымнан 40-50 шақырымға жетіп отыр.
Атмосфераның ғаламдық жылуы дәл қазіргі деңгейде жалғаса беретін
болса, алдағы 50 жыл ішінде Жердің орташа температурасы 2-4 градусқа
көтерілуі мүмкін. Температураның көтерілуі Арктикадағы, Антарктидағы және
биік таулы алқаптардың, мәңгі мұздықтардың еруіне зор ықпал жасайды. Ол өз
кезегінде көптеген ойпатты жерлердің су астында қалып қоюына септігін
тигізуі де мүмкін.
Атмосфера қабатының дастануынан өнеркәсіптерден, тұрмыстық қажеттен
бөлінген қоқыс-қалдықтардың әсері бар. Мысалы, нақты деректер бойынша жыл
сайын ғарыштық кеңістіктегі қоқыстардың мөлшері 5 пайызға өсіп отыратыны
анықталған.
Біздің елімізде Балқаш көлінің солтүстік өңірінде АЭС салу мәслесі
талқыланып, оған озық ойлы ғалымдар өз қарсылықтарын білдіруде. Қазіргі
кезде радиоактивті қалдықтарды жою (көму) мәселесі де адамзатты алаңдатып
отыр. Тек Қазақстанның өзінде 287 млн.тонна радиоактивті қалдықтар
жиналған, оған қоса 20 млрд. тонна өндірістік қалдықтар тағы бар.
Радиоактивті қалдықтардың табиғатқа зиянды әсері 100 мың жылдар бойы
жойылмайды.
Атмосфераның ғаламдық деңгейде ластануынан ауа райының күрт
өзгеретіндегі соңғы жылдары дүниежүзінің түрлі аймақтарындағы қуаңшылықтың
артуынан апатты дауылдардан, шектен тыс су тасқындарынан айқын көрініс
тауып отыр. Мысалы, 2003 жылғы ауа райының күрт ысып кетуінен 35 мың адам
өмірмен қоштасты. Ал 2004 жылдың желтоқсандағы Азияның оңтүстік-шығыс
аймағын қамтыған алапат дауылдан 300 мың адам өліп, қаншама мыңдаған адам
баспанасыз қалды.
Атмосфераның ғаламдық жылынуын тоқтату мәселелері жөнінен көптеген
мемлекетаралық келіссөздер жүргізіліп, хаттамаларға қол қойылуда. Әсіресе,
озон қабатының жұқаруына жол бермеу, жылыжайлық эффектінің алдын-алу және
т.б. мәселелер ғалымдар назарын ерекше аударуда.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. И.А.Жарицкий. Жауапкерсіздіктің төлемі, Мәскеу,1979.
2. И.Д.Лаптев. Экологиялық проблемалар, Мәскеу, 1982.
3. Н.А.Назарбаев. "Казахстанская правда" газету 20 шілде, 1991.
4. Н.Ф.Реймерс. Табиғат әліппесі, Мәскеу, 1980.
5. П.Бердокс, Д.Родд. Қоршаған ортаны ластанудан қорғау
стратегиясы, Мәскеу, 1979.
6. Сәтімбеков P., Қажиақбарова 3. "География және табиғат"
журналы, 2-нөмір, наурыз-сәуір, 2005.
Өзіндік орындайтын жұмыстар тақырыбы:
1. Пәндерді экологияландыру дегеніміз не?
2. Науырзым қорығы
3. Экологиялық білім беруді ұйымдастыру.
4. Қалалар экологиясы.
5. Биосферадағы антропогендік әсердің зардаптары.
6. 1991 жылы экологиялық білім бағдарламасы.
7. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.
8. Жануарлар дүниесін қорғау.
9. Экотуристің басты бағыты.
10. Қорықтар туралы мәліметтер.
Лекция 3
Тақырыбы: Экология пәнін оқыту әдістемесінің өзекті
мәселелері
Жоспар:
I. Экологиялық білім берудегі жүзеге асырылатын басты
ұстанымдары
II. Экологияның әлеуметтік ұғымдар жүйесі
III. Экологиялық білім мен тәрбиенің философиялық мәселелері
I. Экологияны пән ретінде оқыту ғылыми-теориялық, педагогика-
психологиялық, оқу-әдіснамалық тұрғыдан да негізделіп отыр. Оның үстінде
Егеменді Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Конституциясы мен экологиялық
заңдарында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру туралы мемлекет
деңгейінде бірнеше құжаттар қабылданды. ("Экологиялық білім тұжырымдамасы"
2002, 'Экологиялық білім бағдарламасы" 1999).
Қазіргі жағдайда жалпы орта білім беретін оқу орындарында 1991 жылдан
бері экология курстары оқытылып келеді. Экология пәнінің авторлық
бағдарламалары, оқу-әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдары да жарық көрді.
Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі ұсынып отырған жаңа буын оқулықтарында пәндер мен оның мазмұнын
экологияландыру ұстанымы көрнекті орынға шықты. Мәселен, география, физика,
биология, химия, т.б. пәндер экологиялық мазмұнды тақырыптарды қамтып отыр.
Экологияны пән ретінде оқыту тәжірибелері Ресейде жақсы жолға
қойылған. Ресейде 1990 жылдан бастап экологияны пән ретінде оқытудың
аймақгық аспектілері өте жақсы дамыған. Экологиялық білім мен тәрбие беруде
көрнекті педагогтер А.Н.Захлебный, И.Д.Зверев, И.Т.Суравегина,
П.Р.Абаргаджаева, В.А.Пирова, т.б. еңбектері баршылық. Аталған педагогтер
экологияны пән ретінде оқыту проблемаларын мемлекеттік деңгейде көтере
отырып оны практикада қолданған әрі оларды алғашқы әдіскер-педагогтер
деуімізге болады.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы — сабақ. Сабақ
арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы барлық оқу-тәрбие жұмыстары әдіс-
тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Дидактика ұстанымдарына сәйкес сабақ типтерінің қалыптасқан түрлері:
көп салалы, аралас, жаңа білім беру, материалдарды қайталау және
оқушылардың білім деңгейін бағалау сабақтары бар аталған сабақ типтерінің
бәрі де экологияны оқытудағы орталық алаңы болып табылады.
Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар
оның негізгі ұстанымын сақтау керек. Олар, негізінен, ғылымилық,
байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық,
интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік ұстанымдар.
Ғылымилық ұстанымы, негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер,
құбылыстар мен үрдістер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары
және экологиялық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда материалдар
негізінде берілуі және пайдалануы тиіс.
Байланыстылық ұстанымы, негізінен, табиғаттағы тірі организмдер, орта
факторлары, өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыстың бар екені
тәжірибелер мен мысалдар арқылы беріледі.
Тепе-теңдік ұстанымы табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер, ондағы
организмдердің жиынтығы мен өлі табиғат арасында тепе-теңдік сақталады.
Олардың бір құрамдас бөліктерінің (компонентерінің) құрып кетуі немесе
өзгеруі, екінші және үшіншілері үшін қауіпті құбылысқа айналып табиғат тепе-
теңдігінің бұзылуына әкеліп соғады.
Қызығушылық ұстанымы оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен
түрлері оқушылардың бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін, оның
табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру. Өсімдіктер мен жануарлар
дүниесін қорғауға ынтасын арттыру.
Үздіксіздік ұстанымы оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін
ескере отырып олардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Дамытушылық ұстанымы оқушылардың білім қорын балабақшадағы сәбилік
кезінен бастап, бастауыш сынып, одан жоғары сыныптарға көтерілу
деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту. Жоғары сыныптарға экологиялық
жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте-бірте жеткізу.
Интеграциялау ұстанымы экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері
(биология, химия, география, физика, т.б.) мен гуманитарлық пәндер
(әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) арқылы оқушыларға берілетін білім
негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге көтеру. Көпшілікке үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру.
Көрнекілік ұстанымы оқушыларға экологиялық білім беруде оқу үрдісінде
көрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттер, компьютерлік роликтер,
кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөрініс-тер, индикаторларды пайдалану және
табиғаттағы бақылаулар нәтижесін пайдалану.
Өлкелік ұстанымдары экологиялық білім беруде оқушылардың тұрмыстық
салт-дәстүрлері, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру.
Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық проблемаларды көтеру оған оқушылардың
араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана-сезімін ояту.
Жоғарыдағы ұстанымдарды жүзеге асыру кешенді түрде бір-біріне
байланысты әрі гормониялық үйлесімдік жағдайда өміршең болатынын ұстаздар
білуі қажет.
II. Мектепте оқылатын жаратылыстану пәндерінің ішінде экологиялық
мәдениетті қалыптастырудағы маңызы ерекше пәннің бірі - география.
Географияны оқытудың басты міндеттері — табиғат пен қоғамның өзара
әрекеттесуінің тарихи сипатын ашу, оқушыларға қоршаған ортаны өзгертудегі
антропогендік факторлардың рөлін түсіндіру, табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету. Бұл экологиялық
мәслелерді табиғат — адам — қоғам жүйесінде біртұтас қарастырып,
экологиялық білім мен тәрбие беруді әлеуметтік-экологиялық ұғымдар арқылы
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Философияда ұғым — құбылыстар мен заттардың шынайы белгілерін
көрсететін ойлаудың бір түрі, ол заттар мен қүбылыстар арасындағы
байланыстарды және заңдылықтардың дамуын бейнелейді.
Ұғымдар мен терминдер мектеп пәндеріндегі теориялық білімнің негізгі
мазмұнын құрайды. Олардың көмегімен ілімдер, теориялар, тұжырымдамалар,
заңдар мен заңдылықтар белгіленіп, нақтыланып ғылыми дүниетаным
қалыптасады.
Ғалымдар география пәні бойынша ұғымдар санының көптігіне байланысты
мынадай топтарға бөледі (1-сурет).
Біздің негізгі мақсатымыз — осы топтастырылған ұғымдардың ішінен
әлеуметтік-экологиялық ұғымдарды бөліп алып жүйелеу.
Әлеуметтік экология ұғымы философтардың, географтардың, әлеуметтану
саласы және басқа да ғылым салалары мамандарының еңбектерінде қолданылып
жүр. Әлеуметтік экологияның мәні мен мазмұнын алғашқылардың бірі болып
анықтаған классикалық экологияның көрнекті өкілі Радерик Мак Кензил болды.
Әлеуметтік экология қоғам мен қоршаған ортаның өзара байланыс заңдылықтарын
оқытады және табиғатты қорғаудың философиялық, әлеуметтік, экономикалық,
географиялық бағыттары мен практикада жүзеге асырылуын қамтиды. Бұл ғылым
саласының пайда болуы мен практикада жүзеге асырылуын қамтиды. Бұл ғылым
саласының пайда болуы мен дамуының түп негізіне сүйенсек, ол әлеуметтің
қоршаған ортаға әсерінен туындап отыр және адам экологиясына әлеуметтік
тұрғыда баға беруді көздейді. Әлеуметтік экология идеяларын адамның және
адамзаттың барлық табиғат жүйелеріне араласуы; антропогенді факторлардың
әсерінен табиғат жүйелеріне геологиялық күштер мен дамуының салыстырмалы
және сипатты әсері құрайды.
Жалпы, әлеуметтік экология ұғымы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге
тікелей байланысты дамиды. Осы мәселелерді шешу барысында жаратылыстану,
қоғамдық және техникалық ғылым салаларының кіріктірілу қажеттігі туындады.
Бұндай кіріктірілу, біріншіден, жаңа пәнаралық зерттеулердің жүргізілуіне
әсер етеді, екіншіден, қазіргі оқытылатын пәндердің экологиялық
астарларының мазмұны әдіснамалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз
етіледі.
Әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ғылымдарындағы ұғымдардың
бір-бірімен байланысы әлеуметтік-экологиялық ұғымдар жүйесін құрайды (2-
сурет).
III. Жаңадан бой көтерген сала болғандықтан, экологиялық білім мен
тәрбиенің жалпыға ортақ, жүйелі анықтамасы әлі де болса қалыптасқан жоқ.
Нақты, толық көлемді анықтама: " бұл білім кімге бағытталады, тәрбиленуші
нені үйренеді, мұның түпкі мақсаты қандай?" деген сұрақтарды қамтуы тиіс.
Осы бағытта талдау жасасақ: экологиялық білім мен тәрбие қоғамның әрбір
мүшесіне бағытталып, оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді
көздейді, мұның түпкі мақсаты - табиғат байлықтарына жауапкершілікпен
қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін,
біріншіден, білім алушыға, тәрбиеленушіге жаратылыстану пәндерін негізге
алып, белгілі дәрежеде экологиялық білім беру керек; екіншіден, осы білімін
табиғатты қорғау, көркейту ісіне бағыштай білуге тәрбиелеу қажет. Аталған
екі шараны тиімді ұштастыру нәтижесінде окушыларда қоршаған табиғи ортаға
жауапкершілік көзқарасы қалыптасып, жалпы адамдық мәдениеттің құрамдас
бөлігі ретінде экологиялық мәдениет дамытылады.
Экологиялық білім беруді адамгершілігі жоғары жеке тұлғаны
қалыптастыру үрдісінен ажыратып алуға болмайды. Адам жоғарыдан келетін
нұсқауларды бұлжытпай орындайтын емес, өзбетімен дұрыс шешімдер қабылдай
алатын шығармашыл болуы керек. Ерте жасынан бастап-ақ әр адам қоршаған
ортаға деген бей-берекетсіз көзқарас неге әкеліп соқтыратынын білуі тиіс:
"табиғи ортаның ластануы қандай ауруларды туғызады, қандай генетикалық
ауытқуларға апарады, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің сан
жағынан азаюы немесе тепті жойылу себебі неде, топырақ құнарлылығының
нашарлауы, ауыз су қорының азаюы неліктен?", т.б. осы сияқты табиғи
ортадағы келеңсіз өзгерістер жөнінде білуі керек. Біліп қана қоймай,
соындай жағдайлар үшін жеке жауапкершілікті сезінуі тиіс. Өндіріс үрдісіне
қатысатын кез келген адам белгілі бір әрекеттерді өзбетінше таңдай алады,
олардың қоршаған ортаға әсерін оң немесе зиянды болуы осы адамға
байланысты. Міне, сондықтан әр адамның санасында қоршаған ортаға зиян
келтіруге мүмкіндік бермейтін, табиғатпен тиімді әсерлесуге ұмтылдыратын
адамгершілік ұстанымдары қалыптасуы керек. Мұндай адам күрделі жағдайларда
экологиялық жағынан дұрыс шешім қабылдап, ұнамсыз нәтижелерге жол бермейтін
болады. Осыған байланысты экологиялық білім мен тәрбие мектепке дейінгі,
орта, арнаулы және жоғары білімнің құрамдас бөлігіне айналып, жасы,
мамандығы, білім деңгейі әр түрлі адамдарда жаңа экологиялық сананы
қалыптастыруға бағытталуы керек.
Экологиялық білім мен тәрбиенің мақсаттары оны үш деңгейде жүзеге
асыруды көздейді:
а)табиғашты қорғау және оған қамқорлықпен қарау рухындағы тәрбие мен
білім (бұл міндет мектепке дейінгі мекемелер мен орта мектептерге
жүктеледі)
ә) арнайы экологиялық білім (бұл — арнаулы және жоғары оқу орындарының
міндеті)
б) қосымша экологиялық білім (әр түрлі салалрда қызмет ететін
адамдарды жұмысына сай экологиялық біліммен қамтамасыз етуді көздейді).
Сөйтіп, экологиялық білім мен тәрбие берудің үздіксіздігі қамтамасыз
етіледі.
Қазір Республикамызда қоршаған орта жөніндегі білімді дамытудың
құқықтық негіздері қалыптасты. Қазақстан Республикасының Конституциясынан
өзге, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы (3-
бап), -мұнда білімнің экологиялық бағыты мемлекеттің білім беру саласындағы
саясатының негізгі ұстанымы ретінде анықталды.
Осылайша, экологиялық білім мен тәрбие тұрғындарының барлық топтарын
қамтып, ең алдымен, өскелең ұрпақтың, жастардың табиғатқа жаңаша көзқарасын
қалыптастырып, экологиялық мәдениетін дамытуды мақсат тұтады.
Мектеп қабырғасында берілген экологиялық білім мен тәрбие жас
жеткіншектің экологиялық санасының дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның
экологиялық мәдениетінің негізін қалайды, бұл бағдарламаны сызбанұсқа
түрінде былай бейнелеуге болады:
Экологиялық Экологиялық Экологиялық Экологиялық
білім тәрбие сана мәдениет
Демек, экологиялық мәдениет - адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік
ортаға шын мәнінде зиялы қатынасының ең жоғары деңгейдегі көрінісі.
Адам үшін экологияның мәні мен маңызын философиялық түрғыдан
ұғынбайынша жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мүмкін
емес. Жасөспірімдік кезең - адам санасын қайта-қайта "мазалайтын" сұрақтар
пайда болатын шақ: мен кіммін, қайдан және неге келдім, менің орным қайда;
бұл дүние неден, қалай жаратылған және ондағы адам кім; шындық, рух,
материя, кеңістік, уақыт, қозғалыс, даму деген не?, т.б. осы сияқты адамды
қинайтын, әрі жауабы жоқ сұрақтар. Бұл сұрақтардың әр жеке адам үшін өзінше
бір шешілуі оның экологиялық тұрғыдан тұрақтануына, белгілі бір көзқарастар
жүйесін ұстануына көмектеседі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Данило Ж.Маркович. Социальная экология. М., Просвещение, 1991.
2.В.П.Максаковский. Географическая культура. М., ВЛАДОС, 1997.
3.Э.Г.Байкова. Формирование системы понятий о мировом хозяйстве при
изучении экономической и социальной географии мира. География в школе,
1988.
4.В.А.Коринская. Формирование понятий при изучении курса географии
материков. М., Педагогика, 1997.
5."Биология, география және химия" журналы, 1 қаңтар-ақпан, 2001. 25-26 б.
6. "География және табиғат" журналы, 1 каңтар-ақпан, 2004. 25-29 б.
Өзіндік орындайтын жұмыстар тақырыбы:
1. Экологиялық білім берудің мазмұны.
2. Экологиялық білім беру әдістерінің басты кезеңі.
3. Жер бетінің ғаламдық жылынуы.
4. Экологиялық білім берудің тұжырымдамасы.
5. Экологиялық білім берудің философиялық мәселелері.
6. Экологилық білім беру мақсатының деңгейлік ұстанымы.
7. Ақсу —Жабағылы қорығы.
8. Барсакелмес қорығы.
9. Марқакөл қорығы.
10. Алматы қорығы.
Лекция 4
Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі экологиялық білім мен тәрбие
беру тұжырымдамасы
Жоспар:
I. Экологиялық білім берудің мақсаты
II. Үздіксіз экологиялық білім берудегі ғылыми теориялық негіздері
III. Экологиялық білім мен тәрбие жолдарын ұйымдастыру,
экологиялық соқпақ
I. Экологиялық білім берудің мақсаты - жеке адамның бойында табиғатқа
деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, "адам-қоғам-табиғат"
арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық білім беру
жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап көпшілікке
үздіксіз экологиялық білім беруді қарастырады.
Экологиялық білім беру - өте күрделі процесс. Қоршаған табиғи ортаның
өзі мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып, оқушының дүниеге
деген ізгі көзқарасын бірте-бірте қалыптастыру көзделеді. Өкінішке орай,
қоғамдық санада табиғатқа "байлық көзі немесе табыс көзі" ретінде қарау
басым болып келеді.
Табиғатты ластау, орман-тоғайды аяусыз кесу, браконерьлік, т.б. жат
көріністер жаппай орын алуда.
Жеке адам мен қоғам табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық
мәдениетін қалыптастыру үшін кейбір әлеуметтік және экономикалық
мәселелерді шешу қажет. Олар:
• экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру және оларды
бұлжытпай орындау;
• табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту;
• қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін
сәйкестендіру;
• үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету;
• елдегі экологиялық жағдайлар мәліметтерінің көпшілікке жетуін
қамтамасыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz