Әжелер өнегесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Мәдениет комитеті
Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы

Ғалымжан А.Ғ.
Тақырып: Әжелер өнегесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Білім беру бағдарламасы 6В02136 - Монументалды кескіндеме

Алматы 2023

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Мәдениет комитеті
Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы
Кескіндеме, мүсін және Дизайн факультеті
Көркемсурет кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
э.ғ.к., доцент
_________
_____________2023 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Әжелер өнегесі

6В02136 - Монументалды кескіндеме
Орындады Ғалымжан А.Ғ.
Ғылыми жетекші профессор Бапанов А.Қ.

Алматы 2023

Мазмұны
КІРІСПЕ
1.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Дипломдық жұмысымның тақырыбын Әжелер өнегесі деп алуымның мағынасы тереңде. Өзім көз ашқаннан әжемнің бауырында болып, әжемнің өнегесін, дана сөздерін құлаққа сіңіріп өстім. Дипломдық жұмысымның мақсаты - қазіргі әжелер мен бұрынғы әжелерді салыстыра отырып, бұрынғының салған сара жолын, ескіліктен қалған аңқыған әженің иісін еске салып, жаңашылдықпен қатар жаңғырту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік бәрінен қымбат стратегиялық мақаласында: Президент мақаласында: Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейса­налы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Бас­қаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркі­мен торға түседі. Сондықтан жаңа заман­­н­ың жақсы-жаманын екшеп, артық­­шылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәде­ниетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау - барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі деп атап өтті. Президентіміздің өзі осы сөздері арқылы Ұлт мүддесін көтеріп, қазақтың ұмтылып бара жатқан салт-дәстүрін жаңаша тірілтуді қолға алды емес пе?! Президент мақалада жастарымызды тағылымға толы тарихи құндылықтарымызбен тәрбиелеп, тұлғалар өмірін өнеге етуге айрықша тоқталды. Тарих тұнған көрікті өлкелерімізді таныту қажеттігін алға тартты. Мемлекет басшысы айтқандай, жастар - қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек.
Осы орайда, президент сенген жастардың қатарындағы менде қазақтың қазақилығын жоғалтып алмас үшін дипломдық жұмысымда әжелік тұлғадан ада болып бара жатқан, ескіліктің көзіне айналған кимешектегі әжелеріміздің образын қайта өмірге әкелуді көздедім. Суретті салу барысында өткен өмірге шолу жасап, әже ұғымын терең ұғынғандай болдым. Суретте бейнеленген әр адам сонау заманнан бері қазақилықты бойымызға сіңіріп, атадан балаға қоспасыз жалғасуына жәрдемдескен ата-бабаларымыздың үлесі деп білемін.
Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту - бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Әсіресе, үлкендердің үлгілі істері мен ешнәрсеге тең келмес ұлттық қолөнер бұйымдарын келер ұрпаққа насихаттау бізге міндет. Бойына ана мен әже өсиетін, ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсуіне жүйелі жұмыс жасап келеді. Қазақта ежелден ата-әженің тәрбиесі ерекше бағаланады. Әдетте, кеңпейіл, көпшіл адамға ол әженің тәрбиесін көрген ғой деп тамсанып та жатамыз. ақжаулықтылардың өнегелі істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етуге бағытталды. https:osken-onir.kzkogam10441-z heler-neges-kpke-lg.html
Зередей зерделі әжеден ертегі, жыр-дастан тыңдап өскен бала қазақтың ұлы ақыны дана Абайға айналды. Ал Айғанымдай әженің өнегесін, тәлім-тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы. Сондай-ақ ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтің әжесі - Дінәсіл, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың әжесі - Тиын, қазақтың қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлының әжесі - Қызтумас, адамзат мақтан тұтар тұлғаларды тәрбиелеген данагөй аналар.
Мені де осындай кесек тұлғалар ізін жалғар азамат болсын деп, бойыма тәрбие мен тағылымды сіңдіріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруға өз септігін тигізген Тұрғанкүл әжем десем еш қателеспеймін. Менің әжем де қазақ халқының текті қорына сүбелі үлес қосқан асыл ана. Әжемнің имандылығы, ізеттілігі, ұқыптылығы күнделікті тірлікте көз алдымда болғандықтан, ой санама қонақтап, қазақы дүниетанымымның қалыптасуына ықпалын тигізді. Әжем көркем мінезінің арқасында ибалы келін, ақылды ене бола біліп, қазір де отбасымыздың берекесіне айналған аяулы жан.
Әжем кезінде қазақ әдебиетіне, Абай өміріне деген қызығушылығының зор болғанын айтып отыратын. Қазір де әжемнің сол кезеңдерде орындалмай кеткен асқақ арманына мен қол жеткізудемін.
Бала күнімнен әжемнің ізінен қалмай, таң атқаннан кеш батқанға дейін ертегілерін, тағылымды әңгімелерін тыңдауға құштар болдым. Ең есте қалғаны Ер Төстік, Жақсылық пен жамандық сынды ертегілер мен Қорқыт атаның өмірге келуі, күйлерінің шығу тарихы, нақылдары мен ажалдан қашуы туралы аңыздарды жиі айтып беретін. Әжемнің айтқан ертегілері мен аңыз-әңгімелері арқылы ең алғаш жамандық пен жақсылық, әділеттілік, мейірімділік пен зұлымдық туралы түсініктерді қалыптастыра білдім.Мен үшін әжемнің айтқан әрбір сөзі - баға жетпес байлық. Тәлім-тәрбиесі өмірге деген тағылым деп білемін. Әжемнің ертегілері арқылы жадыма түйген өнегелі сөздерді келешек ұрпақтың санасына қалыптастыра білу - алдағы мақсатым.
https:osken-onir.kzkogam15716-z heler-gmes-ltty-neges.html
- Әженің әлдиімен өскен ұрпақтың алар тәрбиесі мол. Үлкендер салған өнегелі жолды көрсету біздің асыл парызымыз деп білемін. Бүгінгі игі шараны ұйымдастырушыларға дән ризамын. Біздің ұмыт бола бастаған дәстүріміз жетерлік. Және дәстүрлі өнеріміз де кенжелеп қалды. Осы тұрғыдан саралай қарасақ, қариялардың айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану қажеттігін байқау көрсетіп берді, - дейді Батила әже. https:ortalyq.kzzheler-negesi-rp a-a-amanat
https:anatili.kazgazeta.kznews2 2802
Бала - жүректің миуасы деп санайтын қазақ халқы балаға ежелден болашағым деп қарайды. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу-діңгегі - бала. Дүниеге келмес бұрын да, келген соң да отбасын татулыққа, сыйластыққа, ынтымақтыққа шақырады, ата-әжесінің мерейін үстемелей түсетін - бала. Сондықтан да Бесіксіз үйде береке жоқ деп түйеді.

Бесік - сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немер, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді.
Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол Орталық Әзұя, Қапқаз, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшеліктері түрліше болып келеді. Қазақтар бесікті негізінен қайың, қарағай, талдан иіп жасаған әрі жеңіл келеді.
Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасаңыз, ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын айқын көреміз:
1) ол екі жаққа қарай тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, сәби есейе келе қаншама бұлқынса да, аударылып кетпейді;
2) тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі-қарсылы шайқалмайды;
3) жыл әрі таза. Желдің өтінен, жердің сызынан, аптаның лебінен қорғайтын бесік жасалуы мен оған пайдаланылатын материалдарға байланысты:
ЖЕР БЕСІК және Мұндағы ЖЕР БЕСІК жасалуы бойынша:
* иіп жасалған бесік;
* тік жасалған бесік болып,
ал ЖЕЛ БЕСІК материалы бойынша:
* тал бесік;
* қайың бесік;
* қарағай бесік боп бөлінеді.Әлқисса, енді бесіктің жабдықтарына келейік.
1. ШИ. Бесік жабдықтарының үстінен ұзына бойы жайылатын түбек бекітілетін тұсы ойық тоқылған ши төсеніш.
2. ЖӨРГЕК. Шидің үстінен төселетін, түбек тұсы ойық келген, жұқа киіз немесе арасына мақта, жүн салынып сырылған көрпеше.
3. ҚҰС ТӨСЕК. Түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш.
4. ЖАСТЫҚ. Бесік енімен бірдей етіп жасалады. Арасына құс мамығы толтырылады.
5. КӨРПЕ. Ол жаздық және күздік болып бөлінеді. Жұқа матадан тігілгені - жаздық, арасына мақта, түйе жүні салынып, қабылғаны - қыстық.
6. ЖАЯЛЫҚ. Сәбидің денесін орайтын жұмсақ шүберек.
7. КЕПІЛ. Түбек ойығын төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәнін қажамас үшін жамбас тұсына, тізесіне қоюға арналған кішкене жұмсақ жастықшалар.
8. ҚОЛБАУ, ТІЗЕ БАУ. Оны таңғыш (тартпа) деп те атай береді. (штары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылады, біреуі бөленген сәбидің көкірек тұсынан, келесісі тізеліктің үстінен түседі. Ол биязы жүннен тоқылады немесе екі-үш қабат матадан сырып, кеуде, тізеден оралатын тұстары жалпақтау етіп жасалады. Тартпаның екі ұшы арқалыққа байланады.
9. Бесік жапқыш. Бөленген сәбиді маса мен шыбыннан, желден, күн көзінен, суықтан қорғау үшін бесіктің үстіне жабылатын кестеленіп тігілге сәнді мата.
10.АРҚАЛЫҚ. Ұзындығы 70-75 см., ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстінде көлденең орналасқан жұмыр бел ағаш. Оны АРЫС деп те атайды екен.
11. БӨГЕН. Бұл бөлік алдыңғы бас, артқы бас деп те аталады. Бөген - негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
12. ЖАҚТАУ. Оның саны - 4. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең болып келеді.
13. ШАБАҚ. Бұл да - төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
14. САБАУ. Ол - екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
15. ТАБАН. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы - бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербетілуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігін ТАБАН деп те атай береді.
16. ТАҚТАЙ. Бесіктің түбегі орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.
17. ШҮМЕК. Бесіктегі баланың кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша әппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады екен. Міне, Кендебай жазған шүмек осы!
18. ТҮБЕК. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанып қалмас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орналатын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар пайда бола салысымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.
Қазақ шаңырағында жас сәби бесікке негізінен омыраудан шыққанша жатады. Иткөйлегі тозып, қарын шаршы алынған баланың талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып, оның еңбектей бастайтынын бәріміз білеміз. Міне, дәл осы кезде бала дөңбекшіп, бесікке жатқысы келмей, қарсылық көрсете бастайды. Баланың қарсылығын көрген ата-анасы, әжелері сәбиді бесіктен шешіп алып, бесікті әдемілеп тұрып тазалайды. Сосын келесі ұрпақ дүниеге тезірек келсін, сол жатсын деп, оны үйдің құлап-сынып қалмайтындай сенімді бір жеріне апарып сақтап қояды.
Көнекөз қариялардың айтуынша, бесіктің биіктеу болғаны жақсы. Себебі, аласа бесікке қарағанда мұндай бесікке ауа жақсы барып, сәби кең тыныстайды.
Бесіктің тағы бір ерекшелігі - оның көшіп-қонуға ыңғайлылығы, алып жүруге жеңілдігі. Бөленген баланы алыс-алыс жерге шеру тартқанда ат үстіндегі кез келген адам алдына өңгеріп алып, емін-еркін жүретін болған. Жау жаугершілік заманда тұтқиылдан шабуыл жасалғанда бесіктегі сәбиді әке-шешесі ат үстінен оңай іліп алып, дұшпан тырнағынан тез сытылып кетіп отырған.
Бесік құрылысында әр бөліктің өзіндік атауы мен атқаратын қызметі бар. Оның жабдықтары да әртүрлі әбзелдерден тұрады.
Халқымыз баланы бесікке бөлеуді зор салтанатқа жатқызған. Бұлар турасында кейіннен әңгімелеп берермін.
Бесіктің құрылысы
1.Алдыңғы басы.
2.Артқы басы.
3. Белағаш.
4.Қайқы табан.
6.Жақтау.
7.Тақтайша.
Дүние есігін енді ашқан немересі ата жолымен жүрсін деген ниетпен таңсәріден тұрып, көптен бері қолданусыз тұрған бесікті ескі заттар ішінен іздеп, әзер тапқан әже қуана көтеріп үйге енді. Сыры кетсе де сыны кетпеген қасиетті бесікті майлап-сайлап, қажетті заттарын орналастырып, немересін жатқызуға асығып-ақ баққаны. Ұйқыда жатқан келінін ерте оятып, нәрестені алып келуді бұйырды. Алайда енесінің бастамасына қуана қоймаған келін: Баламды қымтап, матауға жол бермеймін, өзіңізді бір орыннан қозғалтпай, сағаттап таңып қойса қалай болар еді?, - деп қасарысты. Бүгінгі медицина баланы еркін ұстауға кеңес беретіндігін, тіпті, жаялыққа да орауға тыйым салатындығын айтып шаптықты. Ал, көпті көрген ана бесіктің тазалығы мен баланы жастан төзімді етіп тәрбиелеуге қосатын үлесін айтып жеткізуге тырысты. Бірте-бірте осы дауға қосылған үй ішінің басқа мүшелері де әженің өмірлік тәжірибесін ескерместен баланы бесікке бөлеуге қарсы екендіктерін айтып, талай ұрпақ өрбіткен кейуананың сөзіне құлақ аспады. Немересін бесікке бөлеймін деген үміті жаншылған әже бос бесікті шаң басып қатталған ескі заттар арасына қайта апарып, амалсыздан, қимастықпен орналастырды.
Міне, атадан балаға мирас болған қасиетті бесіктің қазіргі көрінісі бұл. Бірді-екілі бесіктің қасиетін түсінген адам болмаса, көпшілік оның киелі мүлік екендігін ұмыта бастаған. Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-аналар да жоқтың қасы. Тіпті бесік зиян дейтіндер де баршылық. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Кешегi кеңестiк дәуiрде бесік туралы кері түсінік қалыптасты. Ол кезеңде жек көрген нәрсеңізді: Ескіліктің қалдығы, - десеңіз жетіп жатыр. Сөйтіп, бесік қолданыстан шығып қалды. Оған Мұхтар Шаханов ағамыздың Ұлт анасы - тіл кітабындағы мына бір жайт дәлел бола алады. Онда ақын:
Ұлымыз ауырып қалып, дәрігер шақырттық. Ақ халатты орыс келіншегі бесіктегі баланы көріп:
- Өзіңіз білімді, ақын сияқтысыз, мұныңыз қалай? Баланы ағашқа керіп, таңып тастау деген феодализмнің қалдығы емес пе? Масқара ғой бұл... Тез арада шешіңіздер! - деді.
- Кешіріңіз, біз сізді қасиет дарыған бесігімізге тіл тигізсін деп емес, ұлымыздың денсаулығын қарасын деп шақырттық, - деп ашуға булығып шығып кеттім, - деп жазады.
Шындығында, бүгінде бесікті өз дәрежесінде бағалай алмай отырғандығымыз белгілі бір отбасының ғана бас ауыртар мәселесі емес, ұлттың қасіреті десек болады. Өйткені, бесік - өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы, оның ержеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл заты емес пе?! Бесікті тал бесік деп атаудың сыры да осында. Бүкіл тәлім-тәрбие, ұлттық ұлағат бесіктен басталған. Сан ғасырлық ұғымдарды, дүниетанымды сақтап, бүгінге жетіп отырған бесік, расында да ұлт руханиятының бастауы. Бесіктегі бала бес түлейді демекші, нәрестенің көп өзгеріп, тез өсіп жетілетін шағы да осы бесікте жатқан кезі. Алайда қазіргі кейбір ғалымдар мен дәрігерлер айтып жүргендей, бесік осылай бес түлеп өсетін баланың ағзасына зиян емес. Бесікке салған бала өспейді, оның бойында қан жүрмейді, аяқ-қолы қисық болады дегеннің бәрі бекер айтылып жүрген әңгіме. Бесік, керісінше, балаға әмбебап тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Өзінің құрғақ, ұядай жылы жатын орнында сәби бесік жырын тыңдап өседі. Ал бесікке баланы қазақ ешқашан да күндіз-түні матап байлап тастамаған. Ауық-ауық сәбиді бесіктен алып, дене қимылы жаттығуларын жасап, өс-өс деп аяқ-қолын созып, жақсы жетілуіне жағдай туғызған.
Демек, бесіктің пайдасы ұшан-теңіз. Атап айтар болсақ, қол-аяғы ербеңдемей буулы жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болады.
Бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды, құрғақ жатады. Ол - мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі. Тұла бойы тазалыққа үйренеді.
Бесік белгілі бір ырғақпен ғана тербетіледі. Сондықтан, баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі. Бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды. Бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір парасы ғана. Бесікті пайдаланбау арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз. Бесікке салу, Тыштыма, сияқты рәсімдер де жоғалып, Бесік жыры да айтылудан қалғандай. https:7-su.kznewscat-51657
Баланың бесігі - кең дүниенің есігі, - деген екен данышпан Төле би бабамыз. Бесік кең дүниенің есігі болса, сол бесікте жатқан сәби даңғырлаған еш тәлім-тәрбиесі жоқ шетел музыкасын тыңдап өссе, не болмақ?
Жас балаға қазақтың әлди-әлди деп басталатын бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, сөзі де тәтті, - деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, бесік жырын айту әрбір ананың сәби алдындағы қасиетті борышы. Оны орындамасақ, ата-баба дәстүріне қиянат жасағанымыз. Келешек бүлдіршін жас буынымыз саналы болып өссін десек, қазірден бастап тәрбиені бесік жырынан бастағанымыз абзал. Рухани жаңғырудың да басы осы қасиетті бесігімізді қастерлеуден басталса құба-құп болар еді.
Осы тұста Бауыржан Момышұлының: Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқaмын. Үшінші, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ, - деген сөзі еріксіз ойға оралады.
Суретіме үңілсеңіз, қазақтың тағы бір әдемі салты бейнеленгенін көре аласыз. Бала өміріндегі тағы бір ерекше аталып өтілетін, үлкен той қылып өткізетін салттардың бірі - тұсаукесер. Тұсаукесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі. Өйткені баланың бауырын жазып, қаз-қаз тұрып, бір аттап, екі аттаған кезде тұсауын кеседі. Өзге ұлттың баласының тұсауын кеспесе де жүгіріп кетеді, ал біздің қазақтың баласы тұсауы кесілмесе сүріншек болады екен. Тұсау кесу үшін не себепті ала жіп дайындалған? Тұсауды немен кескен? Баланың тұсауын кімге кестірген жөн? Бұл жайлы Зейнеп Ахметова былай дейді:
Енді бір сәт сәл шегініс жасап көрейікші, көпті көрген қариялардың ақ батасы... Халыққа қалаулы, елге танымал болып жүрген ер-азаматтың немесе көпке сыйлы болып жүрген келіншектің жақсы ниетімен кесілген баланың тұсауы... Содан кейін күш-қуаты тасып, ентігіп жүгіріп келген балалар, олардың ып-ыстық алақандары... Осының барлығы алғашқы қадамын тәй-тәйлап басқан баланың ендігі жерде сүрінбеуі, басқан қадамының сәтті болуы, бастысы, аяғын нық бассын, өзінің туған жерінде аяғын нық басып жүрсін деген тілекке толы ғой. Мінеки, олай болатын болса тұсау кесе салу қалай болса солай өткізе салып, көрер көзді алдайтын бутафория емес, яғни тек әйелдер жиналып, тек кейуаналарға тұсау кескізіп жай өткізе салуға болмайды. Бұл - баланың үлкен өмірге алар жолдамасы, тойдың басы, өмірге бастар қадамның алғашқы баспалдағы. Бұл - баламыз жақсы азаматқа ұқсасын, қадамы сәтті болсын, өмірінде кездесер жақсылық пен жамандықты тең көтеріп өтсін деген ниет-пейілі бар астары ауқымды, мағынасы терең салтымыздың бірі. Тұсаукесерде шашу шашылып, тұсаукесер жыры айтылады. Бір өкініштісі:
Күрмеуіңді шешейік,
Тұсауыңды кесейік,
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың әже тәрбиесін насихаттау
Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық болмыс көрінісі
Бастауыш мектептің отбасы тәрбисімен сабақтастығы
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы
Бастауыш сынып оқушыларын жанұямен бірлесе тәрбиелеуде этнопедагогиканың маңыздылығы
Отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбиенің үйлесімділігі
Пәндер