Жүрек - тамыр жүйесі ауруларының жіктелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Перикард,миокард және эндокард ауруларын дербестеу

Орындаған: Ерғарина Әсел
ВМ-409
Тексерген: Мұхаметқалиев А

Алматы 2022ж
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Перикард аурулары
Миокард ауруларын дербестеу
Эндокард аурулары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Жүрек - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек перикардпен қоршалған (перикардиальды сөмке), оның екі жапырағы бар -- ішкі (висцеральды) және сыртқы (париетальды). Перикардтың висцеральды жапырағы
Жүректің сыртқы қабығын -- эпикард құрайды.
Жүректің ішкі қабығы -- эндокард
Эндокард қатпарлары жүрек клапандарын құрайды. Атриовентрикулярлық клапандар -- сол жақ (биваль немесе митраль) және оң (трикуспид) - атриа мен қарыншаның арасында орналасқан. Жартылай ай клапандары аорта мен өкпе магистралінің проксимальды бөліктерінде орналасқан.
Жүректің негізгі бөлігі оның ортаңғы қабығы -- миокард немесе жүрек бұлшықеті. Миокардтың негізгі тіндік компоненті-жүрек типіндегі бұлшықет тіндері. Бұл тінге келесі қасиеттер тән: қозғыштық-электрлік импульстар түрінде қозу арқылы қоздырғыштардың әсеріне жауап беру.
Жүректің өткізгіш жүйесі мамандандырылған кардиомиоциттерден тұрады олардың негізгі құрылымдарына : синатриальды немесе синустық түйін атриовентрикулярлық қосылыс; атриовентрикулярлық байлам немесе ГИС байламы. ГИС байламы оң және сол аяқтарға бөлінеді, олар сол қарыншалардың қабырғаларына бағытталған және Пуркинье жеке талшықтарымен эндокардпен аяқталады.
Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының жіктелуі. Аурулардың төрт тобы бар: перикард, миокард, эндокард және қан тамырлары. Өз кезегінде перикардиальды ауруларға перикардит (травматикалық емес, травматикалық) және гидроперикардит жатады.
Миокард аурулары қабыну сипатындағы миокард аурулары -- миокардит, қабынбайтын сипаттағы жүрек бұлшықетінің аурулары -- миокардиодистрофия (миокардоз) және жүрек бұлшықетінің қабыну және қабынбайтын зақымдануларының салдары болып табылатын миокард аурулары -- миокард-фиброз және миокардиосклероз болып бөлінеді.
Жануарлардағы жүрек аймағының ауруы көбінесе перикардиальды аурулармен байланысты. Құрғақ перикардиттің, травматикалық перикардиттің бастапқы кезеңінде жүрек аймағындағы ауырсыну тән белгі болып табылады.

2.1. Перикард ауруы

Перикардит (pericarditis) - жүрек қабының қабынуы. Қабыну жарақаттан (P.traumatica) не басқа себептерден болуы мүмкін. Өтуі бойынша: жіті (p.acuta) және созылмалы (р.еһгопіеа) түрде, пайда болу және өту уақытына байланысты негізгі немесе туындаған, таралуы бойынша ошақты (p.circumscripta) және кіріккен (p.diffusa), экссудаттың түрлеріне байланысты-ұйымалы, белок талшықты, қанды, іріңді, шіріген болып бөлінеді. Жүрек қабының қабынуларының кұрғақ (p.sicca), экссудатты немесе сарысулы (p.exudativa) түрлерін айырады.
Себептері. Мал арасында негізгі перикардит салыстырмалы сирек кездеседі, ал көбінесе суықтың әсерінен болған перикардит ұшырасады. Жиі кездесетіні, түрлі індет немесе жұкпалы емес аурулардың асқынғандығынан болатын туындаған перикардит. Ірі қарада, кейде ұсақ малда жұмыршақ қарын мен іш перденің жарақаттануы салдарынан (жарақатты ретикулит, ретикуло-перитонит) жарақатты перикардит пайда болады.
Жарақатты перикардиттің пайда болуына жұмыршақ қарын арқылы жем-шөппен кірген істік темірлер немесе басқа заттар әсерін тигізеді. Істік темірлер жүректің қабын, кейде бұлшық етін, ішкі қабатын жарақаттайды. Жарақаттайтын заттар өзімен бірге жүрек қабының қуысына түрлі микроорганизмдерді енгізеді. Жарақатты перикардит жаңа туған, кенеттен жығылған, қатты күшенген малдарда пайда болады. Жарақатты перикардиттің жиі немесе сирек кездесуі жұмыршақ қарын мен іш перденің жарақатты қабынуын тудыратын әсерлерге байланысты.
Жарақатты перикардиттің негізгі ауру түрінде дамуы өте сирек кездеседі. Ондай жарақаттану кеуденің сыртқы жүрек жағынан тосыннан болған ауыр соққыдан (үшкір затпен түйрелеуден, сынған қабыртқаның әсерінен т.б.) болады.
Дамуы. Перикардиттің дамуы, әсіресе жарақаттанған түрі, екі кезеңде өтеді. Алғашында перикардит кұрғақ болып, басталады да, сонан соң біртіндеп ылғалдыға ауысады. Құрғақ перикардитте алдымен жүрек қабының қабаттары қабынады, бірте-бірте оның қабаттарына белок талшықтары (фибрин) ұйып жиналады да олардың бетін кедір-бұдырлайды. Жүрек қабының созылмалдылығы әлсірейді. Осылар жүректің жұмысын қиындатады.
Аурудың ары қарай даму процесінде жүрек қаптары бір-біріне жабысып, бітісіп кетеді. Ылғалды (экссудативті) перикардитте жүрек қабының ішіне көп мөлшерде сарысу жиналады, ірі қара малда мөлшері 20-25 литрге дейін жетеді. Жиналған экссудат жүрекке жан-жағынан қысым түсіріп, оның диастоласын әлсіретіп, қанның систолалық көлемін азайтады. Жүректің қанды сорып-айдау қызметтері бұзылады. Экссудат жүректі айнала қысқандықтан (тампонада) оның соғуын тоқтатып тастауы мүмкін. Жүрек қысылғанда көкірек іш перде (көк еттің) қимылы бәсеңдейді, сол себептен өкпе мен бауырда венозды қан іркіледі. Осы жағдай веналар мен капиллярда қанның қысымын көтеріп, іркілістен денені ісіндіреді.
Веналарда қанның қысымының көтерілуіне байланысты артериялық тамырларда қысым азайып, жалпы қан айналысы бәсеңдейді. Кейде жүрек қабының қабынуы жүрек етінің қабынуына себепші болады.
Перикардиттің қай түрі болсада, әсіресе жарақатты түрінде, қанға қабынулық заттардың өтуінен және жиналған экссудаттың ыдырап, шіріуінен организм уланады, қызуы көтеріледі, қан мен зәрдің құрамдары өзгереді, біраз ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жүрек қабының қуысында әр түрлі көлемде экссудат: құрғақ қабынуда-белокты фибринді-талшық, сарысулы түрінде-ұйымалы, ұйымалы-белокты, фибринді-талшықты, қанды іріңді, шірікті түрлері. Жүрек қабы қалындайды, олар белокты фибринді-талшықтармен қабатталады. Жүрек қаптарының қабаттары бір-бірімен жабысып, бітісіп кететін жағдайлар жиі кездеседі. Әктенген (беріштенген) уақытында "сауатты жүрек" көрінісі байқалады. Жүрек еті мен плевраның (көкіректің сірі қабығы) қабынуы жиі кездеседі. Жүрек етінің семуі (атрофия) де-жиі кездесетін құбылыс. Өкпе, бауырда және басқа да ағзаларда ырықсыздық қан кернелуі байқалады. Жарақаттан болған қабынуда экссудат көбінесе, іріңді не шірікті түрлерінде болады.
Шірікті түрі сұйық, қоңыр не сарғыш-қоңыр түсті, өткір, сасық иісті болып келеді. Ішкі ағзалардың көпшілігінде қабынуға (сепсис) тән түрлі өзгерістер анықталынады. Жүрек қабының қуысында, жүрек қабының өзінде немесе жүрек етінде, алдымен, мес қарынның, сонан соң жүрек қабының дерттерін тудыратын түрлі бөтен үшкір жарақатттаушы заттар (сымтемір, шеге, түйреуіш, ине т.б.) жиі кездесіп тұрады. Бөтен заттың қалдырған жолында фибрин талшықтары, іріңдіктер (абсцесс), ішінде іріңі, шірігі бар көз жолдары анықталынады. Көп жағдайда жүрек қабы, көкіректің көк етімен мес қарынның араларында тығыздалынған қосымша дәнекер ұлпалы талшықтар өскені анықталынады.
Симптомдары. Перикардит тудырған себептері мен даму кезеңдеріне байланысты өтеді. Құрғақ перикардитте дененің қызуы көтерілуі мен тамыр соғуының жеделдеуі қосарланады. Бұған көбінесе, негізгі аурулар себепші болады. Ауру малдың жалпы жағдайы күйзеліңкі. Жем-шөпке тәбеті тартпайды.
Ауру жылқылар жатпайды, сиырлар шұғыл қимылдардан қашқалақтайды, көбінесе алдыңғы аяқтарын алшақтап ұстайды. Ауру асқынған сайын тамыр соғуы бәсеңдеп, толуы азаяды. Жүрек түрткісі күшейеді. Жүректің тұсын сипалағанда не балғашықпен ұрғанда ауырсынады. Жүрек саздары перикардиальді үйкеліс шуылдары мен қосарланады-ылғалды (экссудативті) перикардитте қан айналысының бұзылуы айқынырақ білініп, аурудың жалпы күйі нашарлайды. Алғашқы кезде ауру малдың ылғи да дене қызуы көтеріледі. Жүрек қаптарының қуысына экссудаттың толуына байланысты оның үйкеліс шуылдары жоғалып кетеді.
Жүректің соғуы жиілейді (ірі қара малда жүректің соғуы бір минутте 120-ға дейін жетеді, қалыпты 50-80). Тамыр соғуы бәсең, толуы нашар, кейде желісі жіп тәріздес болып, ырғақсыздық жиіленеді. Жүрек түрткісі әлсірейді, жайылып кетеді, жоғары, артқа және оңға қарай ығысқан. Жүректің айналасындағы салыстырмалы және абсолютті дүңкілдері бірыңғайланып, дүңкіл көлемі ұлғайып кетеді. Жүрек тұсын балғашықпен тықылдатқанда ауырсынады.
Жүректің соғу дыбыстары әлсірейді, алыстан есітіліп тұрғандай күнгірттенеді. Ауру ары қарай дамыса (жиналған экссудаттың шіруінен қуыста газдардың пайда болуына байланысты) шалпыл дыбыстар естіледі. Газдардың жиналуы перкуссия жасағанда жүрек тұсының жоғарғы жағынан дүңкілдің ашық (тимпаникалық) дыбыстарын шығартады. Жүрек жан-жақты қысылғандықтан венадағы қан жүрісі баяулайды, мойын көк тамыры қанға толғандықган білеуленіп кетеді. Ауру мал мойнын созып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, шынтақтарын кеудесінен тысқарылатып тұрады, кейде ыңқылдайды. Жүрек пен қан тамырлар қызметтерінің нашарлағанын көрсететін негізгі белгілер- ентігу, көгеру, ісіну, жүрек соғуының жиілігі мен ырғақтығының бұзылғандығы білінеді. Ісіну, ірі қара малдардың, көбінесе, ұртында, шықшытында, алқымында орналасады. Ісіну қанның іркілісінен де (қан мен лимфа айналасының нашарлауынан), қабынудың салдарынан да болуы мүмкін. Бездері жиі шошып, көлемі ұлғаяды, әсіресе жауырын алдындағы бездердің көлемдері қатты ұлғаяды. Электрокардиограммада кертпештердің биіктігі күрт кішірейеді, кішіреюі, әсіресе, бірінші тармақ алынатын аяқтардан жақсы байқалады. Жүректің қосымша жиырылуы және басқа да жұмыс ырғағының бұзылуы айқындалынады. Артерияда қан қысымы азайып, венада көтеріледі (600 мм сынап бағанасына дейін, қалыппен 80-130 мм). Қан ағысының жылдамдығы бәсеңдейді. Ядросының ығысуы регенеративті (қалпына келген) немесе дегенеративті (азғынды) түрлерінде кездесетін нейтрофильді (дақты) лейкоциттердің көбеюі жиі кездеседі.
Жүрек қабының қабынуы ұлтабаралды қарындардың қозғалыс күштерін әлсіретеді (гипотония немесе атония), бауырдың, өкпелердің және басқа да ағзалардың қызметін бұзады. Несепті тексергенде, көбінесе, белок (нәруыз), альбумоздар және индикан анықталынады.
Өтуі. Жарақатсыз перикардиттің өту барысы оның пайда болу себептеріне байланысты. Құрғақ перикардитпен ауырған малдар қысқа мерзім аралығында жазылып кетуі де мүмкін. Ылғалды (экссудативті) перикардит ұзаққа созылады, ауыр өтіп, көбінесе өлім-жітіммен аяқталады. Жарақаттан болған перикардит малдың жанына қатты батып, ұзаққа созылады (бірнеше аптадан бірнеше айға дейін). Кей кездерде, жүректің еті мен ішкі қабаты зақымданса, ауру тез өтіп, бірнеше тәуліктердің ішінде-ақ ауру мал өледі. Өте сирек жағдайларда, жарақаттаған бөтен үшкір заттар жүрек қабының қуысынан кеуде қабаты арқылы сыртқа шығып кетіп, мал өздігінен де айығып кетуі мүмкін.
Балау. Құрғақ перикардит, жүрек тұсын ауырсынуы, үйкеліс шуылының пайда болуы, жүрек түрткісінің күшеюі, жүрек соғуының жиілеуі және басқа да тән белгілері арқылы анықталынады. Ылғалды перикардит жүрек түрткісінің нақтылы орнын өзгертіп, күшінің әлсіреуімен, түрткісінің жайылып кетуімен, салыстырмалы және абсолюттік дүңкілдердің бірыңғайланып, көлемінің ұлғаюымен, жүректің соғу дыбыстарының бәсендеп күнгірттенуімен, тездетілуімен, шалпыл дыбыстарының пайда болуымен, мойын көк тамырының толып кернелуімен, ісінулермен бейнеленеді. Рентгенмен тексеру, ауруды диагностикалауда құнды мәлімет береді. Онда жүректің көлемі қатты ұлғайып, оның кескіні қозғалысқа келмейді, жүрек пен көк ет (диафрагма) үшбұрышының көлемі анық көрінбей, көмескіленіп кішірейеді, жүрек тұсының үстіңгі жағындағы көрініс жарықтанады (жүрек қуысына газдың жиналуынан).
Ауруды диагностикалаудың дұрыстығына күдік туған жағдайда күмәнданбас үшін жүрек қабының қуысын зарарсыздалынған инемен сол жағындағы төртінші қабыртқаның арасынан, иық буыны сызығы мен шынтақ арқылы өтетін түзулердің ортасынан теседі. Дұрыс нәтиже алу үшін қуысты новокаинмен блокада жасайтын инемен тескен жөн.
Дербестеу. Ылғалды (экссудативті) перикардитті перикард шеменінен, плевраның (көкіректің сірі қабығы) ылғалды қабынуынан дербестейді. Құрғақ перикардит пен ылғалды (экссудативті) перикардиттің басталу кезін құрғақ плеврит пен жіті өтетін миокардит және эндокардиттерден дербестейді. Перикардт шеменінің перикардиттен айырмашылығы, жүрек тұсын басқанда ауырсынбайды, дененің қызуы көтерілмейді, ал ылғалды
(экссудативті) плевритте дүңкілдеген дыбыстар көлденең түзу сызық бойында күңгірттенеді. Құрғақ плевритте үйкеліс шуылы тыныс ырғағына сәйкестенеді. Миокардит пен эндокардит өздеріне тән белгілермен өтеді.
Болжамы. Перикардиттің болжамы шүбәлі, жарақатсыз түрінің барысы, негізгі аурудың жайына байланысты болады. Ірі қара малда өтетін жарақатты перикардиттің болжамы көбінесе жақсы нәтиже бермейді.
Емі. Ем, ең алдымен, перикардитке себепші болған негізгі ауруға бағытталады. Бастапқы кезде ауру малдың жүрек тұсына суықтық тартады, су мен қомақты азықтар беруді азайтады. Жіті жарақатсыз перикардитте пенициллин қатарлы антибиотиктермен (натрий тұзды ампициллин, оксициллин, бензилпенициллин), алиногликозидтер (стрептомицин, гентамицин, аминокацин, цифолоспориндер (цефазолин), сульфаниламидтер тағайындайды. Жиналған экссудатты кетіру үшін несепті айдайтын дәрі-дәрмектер, йодты препараттар беріп, артериядағы қысым азайғанда глюкозаға қосып кофеин қолданады. Йодты препарат ретінде ірі қара малдарға кальцийодинді аузынан күніне 1-3 рет 2-10 грамнан, ұсақ малдарға 0,2-1 г. береді.
Кофеин-натрий бензоатын немесе кофеин-натрий салицилатын тері астына мынадай мөлшерде енгізеді: ірі қара мал мен жылқыларға 3-8 г, ұсақ мал мен шошқаларға 1-2 г., иттер мен түлкілерге 0,2-0,5 г, тері астына кардиомин ірі қара малға 10-15 мл, итке 0,5-1,5 мл.
Глюкозаны ауыздан беруге де болады,бірақ 30-40 % ерітіндісін қантамыры арқылы енгізген пайдалы, мөлшері: ірі қара мал мен жылқыларға 30-150г, ұсақ малдарға 10-30 г, иттерге 2-8 г, түлкілер мен ақ түлкілерге 2-5 г.
Перикардиттің жарақаттан болған түрін кей жағдайларда операция жасап, ауырған малды аман сақтап қалуға болады.
Сақтандыру шараларының мағынасы басты ауруларды дер кезінде емдеп жазуға бағытталған. Ірі қара малда жарақаттан пайда болатын перикардитті сақтандырудың маңызы өте зор, ол үшін төмендегідей әрекеттер жасалуы керек:
а)малмен жұмыс істейтін адамдардың арасында насихат жұмыстарын жүргізу;
б)сусымалы жемдерді магнитті қондырғылардан өткізу;
в)сыммен байланған тең шөптерді арнайы құралдармен мал қораларында емес, арнаулы жерде шешіп, сымдарды шашпау, малды байлайтын шынжырлар үзілген жағдайда оларды жалғау үшін сымды қолданбау;
д)темір-терсектермен былғанған жерлерге малды шығармау және жаймау;
е)жебірліктің себебінен түрлі бөтен өткір темір-терсек заттарды жалатып, жұтқызбас үшін малдарды минералды-витаминді азықгармен толық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
ж)қала маңындағы және басқа да жарақатты перикардит жиі кездесіп тұратын шаруашылықтарда барлық сиырлардың жұмыршақ қарнына сопақша магнитті енгізіп, оларды Меликсетянның магнитті зондымен, оқтын-оқгын Коробов немесе Телятниковтың магнитті зондтарымен қайтадан шығарып тазалап тұру.
Жүрек қабының шемені (Hydropericardium) - гидроперикард жүрек қабының қуысына транссудат (сарысу) жиналуымен сипатталатын ауру.
Себептері. Гидроперикард, ылғи да, қосымша ауру ретінде пайда болады да кеуде (гидроторакс) және іш (асцит) шемендерімен қатар өтеді. Гидроперикард - созылмалы түрде өтетін жүрек пен қан-тамыр қызметінің әлсіздігінен, жүрек бұлшық ет ақауларының, бүйрек ауруларының және індетті және инвазиялық аурулардың салдарынан болатын созылмалы жүрек қан-тамыр қызметінің әлсіздігі.
Дамуы. Көп мезгіл бойы жүрек пен қан-тамыр қызметінің әлсіздігінен вена жүйесінде қан іркіледі де, вена мен капиллярда қан қысымы көтеріледі. Іркіліс қан мен лимфа тамырларының коректенуін нашарлатып, тамырлар керілгендіктен олардың түтікшелерінің өткізу қабілеттері күшейіп қан сарысуы (транссудат) ұлпаларға және сірі қуыстарға, соның ішінде перикард қуысына жиналады. Жиналған сарысу, жүректі, әсіресе, жүрек құлақшаларын жан-жағынан қысып, (тампонада) жүректің салдануына әкеліп соқгыруы мүмкін.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жүрек қабының қуысында біраз (ірі қара малда 10, ұсақ малдарда 1 литрге дейін) түссіз, көбінесе сарғыштау не қызғылт түсті сарысу бары байқалады. Ауру созылмалы түрде дамығанда жүрек етінің семіп, түрі өзгеріп азғындағаны білінеді.
Симптомдары. Негізгі аурудың белгілерінен басқа жабырқаған- дық байқалады,денесінің қызуы көп өзгермейді, мойын көк тамыры білеуленеді, жақ сүйектерінің арасы ісінеді; жүрек түрткісінің күші әлсіреп, жайылып кетеді, жүрек дүңкілінің көлемі ұлғаяды (ауырсынбайды), жүректің соғуы жиіленіп, дыбыстары бәсеңдейді. Ерекшелеу шығатын шалпыл шуылы естілуі мүмкін. Артериядағы қысым төмендеп, венадағы қысым көтеріледі; қан айналысы баяулайды. ЭКГ-да кертпештердің биіктігі кішірейеді, әсіресе, бірінші тармақ алынатын аяқгардан жақсы көрінеді.
Өтуі. Ауру көбінесе созылмалы түрде өтеді.
Балау. Жоғарыдағы келтірілген ауруға тән белгілерге негізделінеді. Гидроперикардиттің перикардиттен айырмашылығы дененің қызуы көтерілмейді және жүрек тұсын тексергенде мал ауырсынбайды. Күдікті жағдайларда перикард қуысын теседі. Алынған сарысудың экссудаттан айырмашылығы оның меншікті салмағы төмендеу (1,016) және құрамында белок аз болады (1-3 %).
Болжамы. Шүбәлі, ауыр өткен жағдайда жақсы нәтиже бермейді.
Емі. Алдымен көңіл басты ауруға бөлінеді. Малға белгілі мерзімде берілетін азық құрамындағы тұз бен судың мөлшерін азайтады. Жүрек қабының қуысындағы жиналған сарысудың көлемін азайту үшін және ары қарай жиналуына жол бермеу мақсатымен ауруға жүректің жұмысын жақсартатын, несеп шығаруды үдететін, терлететін дәрілерді қолданады. Қанға кальций хлориді мен глюкозаны енгізуге болады. Несеп айдайтын дәрі ретінде аузы арқылы күніне 2-3 рет теобромин немесе темисал береді, мөлшері: ірі қара мал мен жылқыларға 5-10 г, ұсақ мал мен шошқаларға 0,5-2 г, иттерге 0,1-0,2 г. Тері астына ірі қара мал мен жылқыларға 0,5-2 г, ұсақ мал мен шошқаларға 0,2-0,3 г, иттерге 0,05-0,1 г эуфиллин ерітіндісін енгізеді. Бастапқы кезде өсімдік тектес несеп айдағыш дәрілер береді (қайың жапырағы тұнбасы, т.б.). Оймақ гүлге жататын жүрек гликозидтерін қолданады-гитален-нео, лантозид, кордигит, дигитотоксин, дигитоксин т.б.
Қанға, жайлап 10 %-ды хлорлы кальций ерітіндісін мынадай мөлшерде құяды: ірі қара малға 15-40 г, жылқыларға 10-30 г, ұсақ малға 1-3 г, иттерге 0,5-2 г. Хлорлы кальцийді аузы арқылы да беруге болады, ірі малға 20-60 г, ұсақ малға 1-6 г, хлорды кальций орнына ауыз арқылы не қанға кальций глюконатын да, сол мөлшерде, сондай ерітіндісін қолдануға болады. Глюкозаны перикардитте қалай қолданса, бұл ауруда да сол мөлшерде және сондай жолдармен қолданады.
Сақтандыру шараларының мақсаты-жүрек пен қан тамыры ауруларын дер кезінде анықгап, емдік көмек көрсетіп тұру.

2.2. МИОКАРД ауруларын дербестеу

Қабыну сипатындағы миокард аурулары-миокардит.
Қабынбайтын сипаттағы миокард аурулары. Оларға мио-кардиодистрофия жатады. Шартты түрде оларды миокардтың айқын деструктивті өзгерістерінсіз миокардиодист-рофияға және жүрек бұлшықетінде айқын деструктивті өзгерістері бар миокард-диодистрофияға бөлуге болады (миокард аденерациясы).
Жүрек бұлшықетінің қабыну және қабынбайтын зақымдануының салдары болып табылатын миокард аурулары -- миокардиофиброз және мио-кардиосклероз.
МИОКАРДИТ-MYOCARDITIS
Жүрек бұлшықетінің қабынуы өткір және созылмалы болуы мүмкін (созылмалы миокардит жиі қайталанатын жедел деп саналады). Патологиялық процестің таралуы фокалды және диффузды болып бөлінеді.
Этиологиясы. Миокардит этиологиясында инфекциялар жетекші рөл атқарады. Миокардит кез-келген өткір жұқпалы аурумен бірге жүруі мүмкін. Алайда, айқын "мио-кардиотропизмі"бар аурулар бар. Бұл вирустық аурулар, мысалы, етқоректілердің парвовирустық энтериті, ірі қара малдың аусыл және эмкариясы, жылқы ИНАНЫ, шошқа тілмесі және Оба және т.б. миокардтың қабынуы септикалық инфекцияларда (Стафилококк, стрептококк) жиі кездеседі.
Миокардит паразиттік ауруларда, микоздарда және микотоксикоздарда да пайда болуы мүмкін. Миокардитпен асқынуы мүмкін жұқпалы емес аурулар-бұл эндокардит, перикардит, пневмония, плеврит, онда қабыну процесінің жүрек бұлшықетіне ауысуы мүмкін. Миокардит ауыр металдардың тұздарымен улану нәтижесінде белгілі (сынап, мышьяк, сулема және т.б. улану).
Патогенез. Әр түрлі факторлардың әсеріне жауап ретінде миокардиттің дамуындағы негізгі рөл иммунологиялық бұзылуларға жатады, олар зақымдалмаған миокард жасушаларына антиденелердің пайда болуымен, жасушалық иммундық реакциялардың бұрмалануымен сипатталады.
Миокардиттің дамуының екі кезеңі бар. Біріншісінде жүрек бұлшықет талшықтарының экссудациясы және ісінуі басым болады, кейінірек альтернативті-пролиферативті процестер пайда болады. Талшықтардың ісінуі, миофибриллалардың қысылуы және олардың рецепторлық аппараттарының тітіркенуі орын алады, нәтижесінде миокардтың қозғыштығы күрт артады, жүректің жиырылуы жиілеп, күшейеді, қан қысымы көтеріліп, қан ағымының жылдамдығы артады. Екінші кезеңде миокардта дистрофиялық және дегенеративті өзгерістер пайда болады. Олар қабыну процесі басталғаннан 5-14 күн өткен соң пайда болады. Қысу нәтижесінде миофибриллалардың тамақтануы бұзылады, олардың өлімі және олардың орнында дәнекер болады маталар. Жүректің жиырылу қабілеті төмендейді, артериялық қысым төмендейді және веноздық қысым жоғарылайды, қан ағымы баяулайды, ісіну пайда болады. Портал тамыр жүйесінде тоқырау кезінде сарғаю дамиды. Ішек тамырларындағы тоқырау нәтижесінде ішектің мотор және секреторлық қызметі тежеледі. Гломеруладағы тамырлы пульсацияның әлсіреуіне байланысты диурез азаяды, осы негізде уремия және жануардың нашарлауы мүмкін.
Симптомдары. Миокардиттің клиникалық көрінісі көбінесе оның даму кезеңімен, процестің таралуы мен тереңдігімен анықталады. Ауру жануарларда дене қызуы көтеріледі, депрессия, тәбеттің төмендеуі, өнімділік және өнімділік байқалады.
Аурудың дамуының алғашқы кезеңінде миокардтың қозғыштығының жоғарылауымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артериялық гипертензиялардың анықтамасы мен жіктелуі
Несеп жүйесі ауруларының негізгі синдромдары
Жүрек жұмысының әлсіреуінен болатын жүректегі қан айналысының жетімсіздігі
«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Қан қысымының өзгеруі
ІШКІ АУРУЛАР ПӘНІНЕН ЕМДЕУ ІСІ МАМАНДЫҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Гипокинезия салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі
Жүрек қан тамырлардың ақаулары және оны емдеу профилактикасы
Пәндер