Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері


Қарағанды «BOLASHAQ» жоғарғы колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : «Педагогикалық диагностикаға кіріспе»Орындаған: Молдахмет . Д
Тексерген: Рымбекова М. Т.
2022-2023 оқу жылы
ЖОСПАР:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
«Диагностика» термині гректің dia - арасында, сонан соң жəне gnosis - білім деген екі ұғымынан құралады. Ғылыми əдебиеттерде термин түрлі мазмұнда аударылады. Жалпы «диагностика» адам, ұжым, құбылыс, процесс туралы жинақталған білім негізінде жүзеге асырылатын іс-əрекет ретінде түсіндірілсе, ал «психодиагностика» жеке адамның психологиялық құрылымын тұтасымен танып білуге жəне белгілі бір психологиялық ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. Ғылымның теориялық мазмұны психологиялық тесттер, əдістемелерді меңгерту жəне оқыту процесі барысында мəліметтерді өңдеу, талдау тəсілдерімен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар психодиагностика психологиялық əдіс-тəсілдердің белгілі бір талаптарға сай қолданылуын қадағалайтын ғылыми сала.
Психологиялық сөздіктерде психодиагностика ұғымы адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын, өлшейтін əдіс түрінде жəне психология ғылымының саласы ретінде сипатталады. К. М. Гурьевич психодиагностиканы психологиялық экспериментпен бақылаудың бір түрі ретінде қарастырады, С. Л. Рубинштейн психологияны топтағы адамдардың деңгейіне қарай бөлу керек деп түсіндіреді. В. А. Дюк диагностиканың негізін жеке адамның қасиеттерін сандық бағалауда, яғни статистикалық заңдылықтарды анықтау өлшемдерімен сипаттауды ұсынды. Сонымен қатар, психодиагностика жеке адам қасиеттерін зерттеу барысын бағалауға да бағытталады. Мұнда ол эксперименттің ерекше бір түрі ретінде қолданылады жəне диагностикалық əдістер мен тəсілдердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Көрнекті психолог Р. С. Немов психодиагностиканы оқыту пəні ретінде зерттеліп отырған обьектіні психологиялық өлшемдермен бағалау құралы деп қарастырды. Ал кейбір ғалымдар (А. А. Бодалев, В. А. Столин, Й. Шванцар) психодиагностиканы психология ғылымының практикалық өрісі мен теориялық негізінің шыңы ретінде қарастырады.
Сонымен, жеке адамның қасиеттерін тəжірибе барысында зерттеу ережелеріне негізделген психодиагностикалық қызмет психолог əрекетіндегі кəсіби нормалардың жиынтығы жəне соның барысында анықталған адами қасиеттердің сапалы да, шынайы өлшемі болып табылады. Осы өлшемнің көмегімен жеке адамның сапалы стимулға деген реакциясы, дағдысы, икемділігі, мотивациясы анықталады.
Жоғары дəрежелі психолог кеңесші болу үшін психодиагностиканың тəжірибелік жəне теориялық саласын жеткілікті білу шарт. Бұл деңгейде психолог практикалық психодиагностиканы түзету-дамыту, кеңес беру барысында жəне қолданбалы психология, педагогика салаларында кеңінен қолданады.
Адамдардың психологиялық қасиеттерін бағалау жүйесінің тарихы мен оларды қолдану сонау ерте заманнан басталған. Оның дəлелі ретінде біздің заманымызға дейінгі 111 мыңжылдықта көне Вавилонда мектеп түлектеріне зерттеу жүргізілген деген мəліметтер бар. Көне Египетте абыз мəдениетіне қатаң тестілеуден өткен адамдар ғана үйретілген. Пифагор өз мектебінде түрлі тапсырмаларды дұрыс орындаған адамдарды таңдап алған. Ерте Қытайда б. з. дейінгі 2 мың жыл бұрын үкімет аппаратына шенеуніктер сайлауда олардың ерекше мотивациялық, эмоциялық ерік тұрақтылығын, физикалық қабілеттілігін, ар-намысы мен мəдениеттілік сияқты қасиеттерін арнайы зерттеу қалыптасқан. Орта ғасырда Вьетнамда азаматтық жəне əскер шенеуніктерін сайлау барысында олардың жеке қасиеттеріне баса көңіл аударылған. Қиыр шығыс елдерінің медициналық білім беру жүйесінде де психодиагностикалық əдістер қолданылған, яғни адамның ойлау қабілетінің психологиялық ерекшелігі мен оның белгілі бір физиологиялық, əлеуметтік, биологиялық ауысу өзгерістері психологиялық тұрғыда зерттелген. Мысалы, баланың есте сақтау қабілетінің төмендігі, оған əсер ететін факторлар мен заңдылықтарды анықтау жəне т. б. Сонымен бірге, психодиагностика психологияның барлық саласы, соның ішінде, еңбек психологиясы, инженерлік психология, медициналық психология, патопсихология салаларында кеңінен қолданылады. Нақты айтқанда, тəжірибиелік психология мен психодиагностика мамандардың негізгі қызметінде əлеуметтік зерттеу əдістері ретінде қарастырылады. Бұл қалыптасқан дəстүр ретінде, яғни əлеуметтік қызмет саласында белсенді əлеуметтік психологиялық зерттеу түрінде қолданады. Əлеуметтік психологиялық зерттеулерде психодиагностика кейбір өлшемдердің сандық жəне сапалық көрсеткіштерін беретінмəлімет ретінде кең пайдаланылады. Бұл мəлімет психодиагностиканы теориялық жəне қолданбалы психологиялық ғылым саласы ретінде айқындай түседі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Психологиялық ілімдер ерте заманнан бастау алады. Ежелгі дүние елдерінде жан туралы ілім Үндістан, Қытай, Мысыр, Вавилон, Грек елдерінде тіршілік пен өмір, жан мен тəн, оқыту мен тəрбие жəне т. б. негізгі мəселелер ретінде күн тəртібіне қойылып келген. Жан мəселесіне қазақ халқы да ерекше мəн берген. Мəселен, жанға байланысты ой-пікірлер, мақал-мəтелдер мен нақыл сөздер, эпостар мен жырлардың халық психолгиясы үшін маңызы зор болған. Олардың мазмұнынан халқымыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып білу шектеулі екендігін де жақсы аңғарған. Қазіргі психология ғылымында жанды көбіне психика ұғымының баламасы ретінде қарастырады. Сол дəуірде Френсис Гальтон Англияда биологиялық тестілеудің негізін қалаушылардың бірі болды. Ол тұқымқуалаушылық арқылы берілетін биологиялық қасиеттерді зерттеу арқылы диагностикаға ғылыми қызығушылық туғызғанын атап көрсетуге болады. Тұқымқуалаушылықты зерттеу барысында Гальтон бірге туған адамдар мен қандас емес адамдарды өлшеу қажеттілігін зерттеп, адамның ата тегі мен егіздік арасындағы нақты ұқсастық деңгейін анықтады. Сонымен бірге, осы мақсатта зерттеулер жүргізген Гальтон 1884 жылы бүкілəлемдік көрмеде антропометрикалық лаборатория ұйымдастырды. Онда адамдар өздерінің физикалық мінездемесіне сəйкес көру немесе есту тереңдігін зерттеуге арналған тестік тексеруден өтті. Мұндай тестік зерттеулер алғаш рет тұлғаның дамуын жəне ақыл-ой деңгейін анықтауда да қолданылды. Англияда алғаш рет арнайы психометриялық мекемелерде адам қабілетінің статистикалық мəліметтерін жинақтауға бағытталған корреляция əдісін қолдану ұсынылды. Гальтон зерттеулер барысында дисперсиялық талдауды ұсынса, ал Спирмен факторлық талдауды ұсынды. Сонымен қатар, Г. Айзенк, Г. Кэттел тұлға қасиеттерінің психодиагностикасын анықтау үшін факторлық талдауды қолданды. Қорыта айтқанда, ғасырлар бойына қалыптасқан жеке адамды зерттеу тəсілдері қазіргі кезеңде олардың құндылығын арттыра түсетін психодиагностикалық зерттеулер мазмұнын толықтыра түсері сөзсіз. Психодиагностикалық əдістемелер жеке адамды зерттеп, даму бағыттарын көрсетумен қатар, психолог қызметінің кəсіби, əдеп жəне моральдық қалыптарына бағыт берді. Олай болса, психодиагностиканың ғылыми-қолданбалы мақсаты тұлғаның жас ерекшелігіне байланысты психикалық даму динамикасын, мінез-құлық ауытқуларын, қабілеті мен қоршаған ортаға бейімделуін зерттеу.
Осы мақсатқа қол жеткізуде төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:
- Жеке адамның қасиеттерінің даму динамикасын нақты уақыт өлшемдеріне байланысты анықтау.
- Жеке адамның, топтың психологиялық іс-əрекетіндегі нақты өзгерістерді көрсету.
- Жеке адамның психологиялық даму жəне қалыптасу жағдайларын ұйымдастыру.
Ал практикалық психодиагностика төмендегідей міндеттерді көздейді:
- мінез-құлық ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерді анықтау;
- психологиялық ерекшеліктердің сандық жəне сапалық көрсеткіштерін анықтау;
- топта тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау.
Психодиагностикалық əдіс түрлерін дұрыс пайдалана білу үшін жеке адамның психикалық ерекшеліктерін, психоаналитиканың теориялық негіздерін толық меңгеру қажет, сол жағдайда ғана жеке психикалық ерекшеліктерді бағалау немесе өлшеу барысында нақты өлшемдерге қол жеткізуге болады. С. Л. Рубинштейн психодиагностикалық зерттеуді ұйымдастыруда зерттеудің негізгі екі базасын атап көрсеткен. Бұл бақылау (өзін-өзі бақылау жəне обьективті бақылау, өздігінен тура жəне жанама бақылау) жəне эксперимент. Одан соң əдістерді төмендегідей жіктейді:
- іс-əрекетті орындау барысындағы психикалық ерекшеліктерді зерттеу əдісі;
- сұхбат алу əдісі;
- анкета əдісі;
- тест əдісі;
- генетикалық əдіс.
Б. Г. Ананьев жіктеулері бойынша психологиялық зерттеулер төрт топқа бөлінеді:
- Ұйымдастыру, лангитюдті салыстыру жəне жинақтау əдісі.
- Топтық мəліметтерді жинақтаудың эмпирикалық тəсілдері; бақылау жəне өзін-өзі бақылау, лабораториялық эксперимент жəне психодиагностикалық əдіс (тест, анкета, сауалнама, сұхбатттасу) :
а) тапсырманы орындау барысында іс-əрекетті бағалау жəне оған сапалық талдау жасау; ə) жобалау (математикалық, кибернетикалық) ; б) биографиялық əдіс ( адамның өмір жолын зерттеу, құжаттық талдау) .
- Эксперимент жəне бақылау нəтижелерін талдау, мəліметтерді статистикалық өңдеу жəне сапалық сипаттама беру.
- Талдау əдісі: а) Генетикалық (жалпы даму ерекшеліктерін көрсететін материалдарды талдау) ; ə) Құрылымдық ( жеке адаммен топты жəне өзгеде тұлғалар мен байланысты сипаттау) .
Сонымен қатар, психодиагностика əдістерді əдіснамалық бағытын өлшеу технологиясына қарай топтастырады. С. Г. Болтыгин диагностиканы зерттеу тəсілдері ретінде «дедуктивті» жəне «индуктивті» əдістер деп бөледі. Ал, Розенцвейг психодиагностикалық əдістерді үш түрге бөліп қарастырды.
Бірінші түрі: субьективті əдіс - субьектінің өзін-өзі обьект ретінде бақылауы.
Екінші түрі: обьективті əдіс - жеке адамды сырттай бақылау арқылы ішкі құрылымдық байқау.
Үшінші түрі: жобалау əдісі - жеке адамға кері əсерін тигізбейтін стимулдарға зерттелінушілердің əсерін талдау.
Мəскеу университетінде 1987 жылы жалпы психодиагностика авторлары технология бағыттарын негізге ала отырып, келесі топтаманы ұсынды. Бірінші топтамаға дұрыс жауапты қажет ететін тапсырмалар жатқызылады:
- ақыл-ой дамуы жəне арнайы қабілеттер тесті, жеке адам ерекшеліктерін анықтауға арналған тесттер;
- дұрыс жауабы жоқ, бірақ белгілі бір бағытты көздейтін тесттер.
Екінші топ тестері вербальды жəне вербальсыз психодиагностикалық əдістерден құралған.
Үшінші топқа өлшеу қағидаларына негізделген психодиагностикалық əдістер жатады:
- Обьективті теттер диагностикалық міндетті дұрыс шешуді талап етеді.
- Стандартты өзіндік есеп беру тесттері.
- Проективті техникалар.
- Пікірлесу (интерактивті техникалар) .
- Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері.
Психодиагностика əдістерінің топтамасы қолданылу бағытына қарай төмендегідей топтастырылады:
- Объективті əдістер.
- Субъективті əдістер.
- Жобалау əдістері.
Іс-əрекеттерді орындау тəсілдері мен нəтижелеріне қарай:
- Жеке тұлғаны зерттеу тестері.
- Іс-əрекетті зерттеу тестер
- Ситуациялық тестер
- Ақыл-ойды зерттеу тестері
- Қабілетті зерттеу тестері
- Жетістікке жетуді зерттеу тестері.
- Бағыт-бағдарды зерттеу тестері
Зерттелушінің өзі туралы берген мəліметіне негізделген өлшемдер:
- Тұлғалық жəне арнайы сауалнамалар.
- Сауалнамаларлар.
- Өзекті жəне өткен мəселелер жөнінде сұхбат алу.
- Биографиялық əдіс.
- Белгілі бір жағдайларға байланысты жеке тəртібін баяндау.
Психологтың алдына қойған мақсатына сəйкес орындалатын психодиагностикалық міндеттерді шешуде қолданылатын əдістемелер объективті, субъективті жəне проективті əдістер жүйесінде жинақталса, оңтайлы шешімін береді.
Психодиагностиканың қалыптасу тарихы - Психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуын көрнекті ғалым С. М. Жақыповтың зерттеулерінде қарастырылған əлемдік психологияның даму тарихының екі кезеңімен бөліп талдауға болады.
Бірінші кезең, басқа ғылымдар аясында психология ілімінің біздің дəуірімізге дейінгі IV-V ғ. ғ. - XIX ғ-дың 60-шы жылдары қалыптасуы. Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылды. Философиялық ілім тарихындағы Аристотель зерттеулері психология бағытын да (348322) кеңінен қамтыды. Осынау сан ғасырлық ауқымды кезеңге əр кезде өмір сүрген ғалымдар, атап айтқанда, Герофил, Эразистарт, Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т. б. ғұламалардың адам жан дүниесінің қыры мен сыры туралы небір сындарлы пікірлерін тарихи дерек көздеріндегі алғашқы еңбектерге жатқызуға болады. Мəселен, Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында» жан тəннің өмір сүруінің формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процестерге бөлінетіндігінін айтса, келесі грек ғұламасы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үлкен қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.
Сонымен қатар, ежелгі Грек философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклиттің түсіндіруі бойынша барлық əлем оттан пайда болады, «жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді.
Ал француз ғалымы Рене Декарт, (1596-1650) жануар сыртқы ортаның əсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы енеді десе, ал Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлық жəне т. б. ) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.
Шығыс əлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Əбу Нəсір əл-Фараби (870-950) мен Əбу Əли ибн Сина (980-1037) . Ж. Баласағұн, əл-Ғазали, Ибн Рашид, Ита Баджа, т. б. қостаған.
Екінші кезең, психология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан қазіргі кезеңге дейін қалыптасады. 1870 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-жабдықтар мен аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның дербес эксперименттік (тəжірибелік) ғылым болуына жол ашты.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында атақты психолог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша жəне нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пəні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму кезеңдерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде - психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде сана туралы ғылым, үшінші кезеңде - мінезқұлық туралы ғылым, төртінші кезеңде - психика туралы ғылым болып қалыптасады.
Осы заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың I ширегінен басталады, яғни алғашқы кезеңде психологиялық білімдер клиникалық негізде қалыптасты. Бұл кезең дəрігерлердің адамдар туралы эмпирикалық психологияның білім негізінде айнала бастауына негізделеді. Дəрігер психиаторлар Европа клиникаларында жеке адамға жүйелі бақылау жүргізе бастады жəне өз бақылауларын қорытындылап, оның жан-жақты талдауларын жасады. Психодиагностиканың бақылау жүргізу құжаттары туралы əдісі осы кезеңдерде пайда болды. Психодиагностиканың сандық əдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II ширегінен санауға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы Вильгельм Вундтың басшылығымен əлемде бірінші эксперименталдық лаборатория құрылды. Онда психологиялық зерттеуді нақты ұйымдастыру мақсатында техникалық жабдықтар мен құралдар қолданыла бастады. Бұл кезеңде физикалық жəне психикалық құбылыстар арасындағы сандық байланыс көрсетіліп, амалдарды құруды көздеген психофизиологиялық заңның ашылуына негізделді. Негізгі психофизиологиялық заң психологиялық құбылыстарды өлшеуге мүмкіндік туғызады жəне бұл түйсікті өлшеу үшін субъекті шкаланың құрылуына əкелді. Бұл заңмен сəйкес өлшеу объектісінің негізі адамның түйсігі болды жəне XIX ғасырдың аяғына дейін практикалық психодиагностика түйсікті өлшеумен шектелді. Негізгі психологиялық процестерге, қасиеттерге жəне адамның күйіне жанасатын психодиагностиканың қазіргі əдістерінің қалыптаса бастау кезеңін XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы деп қарастырамыз. Психологиялық қызмет орталықтары əртүрлі мемлекеттерде құрылған арнайы лабораториялар болып табылды. Оның ішінде, бірінші басымдылық неміс университетіне берілді. Бірақ Ресей, АҚШ, Англия жəне Италия мемлекеттерінде де диагностикалық зерттеулер кеңінен ұйымдастырыла бастады.
Осы кезеңде психологиялық құбылыстардың сандық психодиагностикасы үшін арнайы амалдар құрыла бастады. Мысалы, талдау факторы - алғаш рет жеке тұлғаның кескін психодиагностикасы үшін жəне интеллектуалды даму деңгейі үшін қолданылады. Алғаш рет арнайы психометриялық мекеме Англияда Гальтонның көмегімен құрылды. Осы психометриялық эксперимент он мыңға жуық адамға жасалды. Психология тарихында Гальтон жүргізген психологиялық əдістемелердің өңделуінде статистикалық əдісті қолдану ұсынылса, Пирсонның дисперсиялық талдауы, Спирменнің интеллектіні шынайы түрде өлшеуге бағытталған əдістемелері өміршеңдігін дəлелдей бастады. Ал Айзенк жəне Кэттел жеке тұлға интеллектісін зерттеу тестерін өңдеуде факторлы талдауды қолдана бастады. Француз ғалымы 1905-1907 жылдары Альфред Бине кейінірек француз ғалымы Симон бұл тесттерді жетілдіріп, психология тарихына Бине-Симон тесті атауымен енгізді. XX ғасырдың 20 жылдарында жаңа бағыт интеллектілік жəне жеке тұлғаны тестілеу пайда болды.
Ф. Гальтон лабароториясында қолданылған тесттерді ауқымды түрде құрастыра бастады. Мысалы, ұзындықты көзбен айыруға арналған Гальтон сызғышы, дауыс биіктігін қабылдау шегін анықтауға арналған Гальтон ысқырығы жəне сенсорлық айырмашылықтар тестін адам интеллектісін бағалау құралы ретінде қарайтын құралдар. Мұнда ол Локк ілімдері негізінде идиопатия кезінде адамның жылы, суық, ауруды айыру қабілеті бұзылатынын дəлелдеуге ұмтылды. Сонымен қатар, бақылауда «интеллектуалды дарындыларда сенсорлық айыру қабілеті өте жоғары болуы керектігіне» көз жеткізді. Гальтон бағалау шкаласын, сауалнама жүргізу, тəуелсіз ассоциациялар техникасы жəне математикалық статистика əдісінде осы кезеңдерде алғаш рет қолданған болатын. Ол математикалық дайындығы нашар зерттелушілерге ақыл-ойды дамытушы тапсырмалар беру арқылы қызығушылығын тудыра отырып, еркін орындау мүмкіндіктерін берді. Сол кездері Гальтонның ассоциативті эксперименті белгілі бола бастады. Тəжірибиенің мазмұны мен өткізілу барысына тоқталар болсақ, ол 75 сөзден тұратын тізімді құрады. Зерттелуші секундомерге қарай отырып сөздерді бір қайтара оқып шығып, оны жасыру арқылы сол сөздің мағынасына келетін ассоциациялық сөздерді тізеді. Бұл зерттелушілердің сөйлеу ассоциациясын шынайы түрде құруға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл əдісті неміс психиатры Эббингауз эксперименталды психологияда есті тəжірибелік түрде зерттеу еңбегінде қолданған болатын. Психодиагнгостика тарихындағы мұндай эксперименталды жəне математикалық əдістер дифференциалды психологияның пайда болуына өзіндік себебін тигізді. Осы əдістер топ құрамындағы адамдардың жеке айырмашылықтарын айқын көруге мүмкіндік берді. Эббингауз өзінің есте сақтау туралы еңбектерінде оқылған материалдың толық сақталуын, есіне түсуін қамтитын, математикалық заңдылықтарды анықтау тəжірибелерін жинақтады. Ол адамдардың ассоциациясын туғызбайтын тітіркендіру қасиетін ескерді. Эббингауз психология ғылымының тарихында алғаш рет тəжірибе жүргізуде сандық талдау қорытындыларының өзіндік психикалық объективтік заңдылықтарын ашты.
Психдиагностика тарихындағы тесттің дамуына ерекше үлес қосқан американ психологы Джеймс Маккин Кэттелдің «ақыл-ой тесті» атты еңбегі болды. «Ақыл-ой тесті» термині 1890 ж. Дж. Кэттел мақаласында алғаш рет қолданысқа ие болды. Онда жыл сайын колледж студенттерінің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналған тест түрлері берілді. Тесттер жеке түрде қолданылды жəне онда бұлшықет күші, қозғалыс жылдамдылығы, ауруды сезіну, көру жəне есту тереңдігі, салмақ айырмашылығы, əсер ету уақыты, ес жəне т. б. өлшемдерді анықтауға бағытталды.
ХІХ ғасырдың соңғы 10 жылдығында жасалған тесттер арасында Кэттел тестін кез келген адам қолдануға мүмкіндік алды, оның ішінде колледж студенттері, мектеп оқушылары, ересек адамдар, басқа да зерттелушілер. 1893 жылы Чикагода ұйымдастырылған Колумбия тесттік көрмесіне қатысушылар өзінің сенсорлық, моторлық жəне жəй перцептивті процестерін өлшеу жəне салыстыру мүмкіндіктеріне ие болды.
Психодиагностика тарихында Торндайктың ассоциация ұғымына жан-жақты сипаттама беруде жануарларға жүргізген тəжірибесі ерекше орын алды. Көру, қате жəне кездейсоқ жетістік формуласын зерттеп, ол жануарлар мен адамдар мінезінің бітістері үшін ерекшеліктері бірдей болады деген тұжырым жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz