Базалық мөлшерлеме


Astana qalasy
fizika-matematika bağytyndağy
Nazarbaev Ziatkerlık mektebı
Qazırgı älemdegı Qazaqstan
Kurstyq jūmys
Oqu bağdarlamağa säikes taqyryptyñ bağyty: QAZIRGI QAZAQSTAN MEN BOLAŞAQ
Taqyryp: Teñge devälvasiasymen küresudegı būqara halyqtyñ ülesı qandai?
Oryndağan: Zakirova Saida Bahytqyzy
Jetekşı: Şagimoldin Erjan Ömırhanūly
Işkı moderator
(aty-jönı, qoly)
Кіріспе
Қазақстанда теңгенің девальвация мәселесі өте өршіп тұр. Девальвация - валюта бағасының басқа валюталармен салыстырғанда төмендеп кетуі[6] .
Девальвацияға пайыздық мөлшерлемені төмендету, ақша массасын ұлғайту немесе валюта нарығына араласу сияқты әртүрлі құралдар әсер етеді. Девальвацияның мақсаты көбінесе елдің әлемдік нарықтардағы экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ сауда тапшылығын азайту болып табылады[10] .
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мәліметтері бойынша, девальвация экономикалық қиын жағдайға тап болған елдер үшін, әсіресе сауда тапшылығы жоғары елдер үшін пайдалы құрал бола алады. 2019 жылғы есепте ХВҚ "девальвация нақты валюта бағамының төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл елдің экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және сауда тапшылығын азайтуға көмектеседі"деп атап өтті. [10]
Теңгеге оралсақ, ол 1993 жылы алғаш айналымға енгеннен бері оның құны біресе көтеріліп, біресе өсіп тұрақсыз тенденцияны көрсетеді [1] .
Қазақстанның ұлттық валютасының резервтік валюталармен салыстырғандағы құнының төмендігіне өте көп фактор әсер етеді. Ең ірілері: Мемлекеттің қаржы политикасы, мұнай және түсті металлдардың бағасы, экспорт көлемі және тағы басқалары[2] . 2015 жылы доллардың орташа құны 183. 668 теңге болса, бұл көрсеткіш 2019 жылы 378. 379 теңгеге дейін өскен, 2015-2019 жылдар арлығында евроның орташа бағасы 214. 127-ден 431. 911-ге дейін, ағылшын фунт стерлингтің орташа бағасы 278. 509-дан 486. 54-ке дейін, жапондық йенаның орташа бағасы 1. 554-тен 3. 47-ге дейін өскен[3], [4] . Яғни теңге құны әлемдік резервтік валюталарға қарағанда әлдеқайда төмендеген.
Теңгенің арзандауы экономиканың әлсіреуіне алып келді деп нақты айтуға болмайды, өйткені 2015-2019 жылдар аралығында жалпы ішкі өнім 101. 2%-дан 104. 5%-ға артып, экономиканың тұрақтанғанын көрсетеді. [7] .
Дегенмен, әлемдік кризистік жағдайдағы девальвациялық процесстер туралы ғылыми мақалада жазылғандай, девальвация импорттық тауарлардың бағаларының өсуіне, халықтың ұлттық валютаға деген сенімінің жоғалуына, жеке тұлғалардың депозиттік қорының құнсыздануына, ұлттық валютада жасалынатын салымдардың азаюына алып келеді[5] .
Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиевтің айтуы бойынша, теңгенің 2020 жылы болған девальвациясы импорттық құрылыс материалдарының қымбаттауына алып келіп, нәтижесінде тұрғын үйлердің шаршы метрінің бағасы 2021 жылы артқан[11] . Ал халықтың ұлттық валютаға деген сенімінің жоғалғандығын Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке тұлғалардың ұлттық және шет ел валютасындағы депозиттік шоттарының девальвацияға дейінгі және кейінгі сандары дәлелдейді. Ұлттық валютадағы шот иелерінің саны 2013 жылы 357 634 болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 334 829-ға дейін, төмендеп кеткен, яғни 6. 4%-ға азайған. Ал, шет ел валютасында қоры бар жеке тұлғалар саны 2013-2015жылдары аралығында 47046-дан 139266 адамға дейін өсіп, 196%-ға көбейген[12], [13] .
Менің ойымша, ақша айналымы көбіне халықтың қолында болғандықтан олар девальвация мәселесінің шешілуіне көмектесе алады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты теңге девальвациясымен бұқара халық нақты қалай күресе алатынын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай ақпараттарды зерттеу жұмысы кезінде кезінде табу керек: Біріншіден, Қазақстанда қаржы айналымы қалай жүзеге асады, екіншіден теңге курсы қандай факторларға тәуелді және неге, үшіншіден ол факторларда халықтың қандай үлесі бар, төртіншіден халық не істеу керек. Қолданылатын әдістер - әртүрлі кітап, ғылыми журнал, мақала, сенімді интернет-ресурстардан және т. с. көздерден алынған ақпараттарды зерттеу, қарапайым халықтан девальвациямен күресуге қаншалықты дайын екенін сауалнама арқылы бағалау.
Негізгі бөлім
Қазақстандағы қаржының айналымы өте күрделі, әрі үлкен схемалардан тұрады. Оларды әртүрлі экономика субъектілерінің арасындағы қатынастар құрайды.
Экономиканың субъектілері негізгі үш топқа жіктеледі: шаруашылық жүргізуші субъект, кәсіпорындар немесе фирмалар және үкімет[8] . Олардың бір-бірімен экономикалық қатынастарға түсетін орны тауар нарығы немесе ресурс нарығы болып табылады.
Шаруа жүргізушілер экономикадағы басты сатып алушылар және адам капиталының, яғни еңбек ресурсының негізгі көзі. [14] Шаруа жүргізуші субъектілер фирмаларға өз ресуртарын ұсынса, фирмалар шаруа объектілерін өз тауарларымен қамтамасыз етеді. Бұл процесстер сәйкесінше ресурстар және тауарлар нарықтарында жүзеге асады.
Үкімет шетелдік инвестицияларды тартуды және халықаралық сауданы ынталандыруды қоса алғанда, экономикалық өсу мен дамуға ықпал ететін саясатты әзірлеуге жауапты[15] . Фирмалар мен шаруашылық жүргізуші субъекттер үкіметке салық төлеп отырады және олар үкіметтің ең негізгі табыс көзі болып табылады. Үкімет қаражатты мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсайды. Кейде мемлекеттің қажеттіліктері бюджеттегі қордан да көп болуы мүмкін. Сол кезде үкімет қаржы институттарының көмегіне жүгінеді[9] .
Қаржы институттары шет ел валютасын сатып алуға, валюта эмиссиясын жасауға, базалық мөлшерлемені өзгертуге көмектеседі. Қаржы институттарына Ұлттық Банк пен коммерциялық банктер және биржа жатады. Олардың фирмалар мен өндірістік кәсіпорындарды қаржыландырудағы маңызы зор. Сонымен қатар, олардың ішіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі теңгенің бағасын басқаратын негізгі құралдардың бірі болып табылады[9] . Ұлттық Банк үкіметке, заңды тұлғаларға, фирмаларға коммерциялық банктерге қарыз, облигация, кредит беріп, оның үстінен пайыз алып, пайда табады. Ал шет ел мен шаруа жүргізушілері өз қаражатын банктерде ұстап, оның үстінен белгілі бір пайыз алып отырады. Банк пайда табу үшін депозитке төленетін пайыз әрдайым басқалардың төлейтін қарызының пайызынан аз болуы керек.
Қаржылай процесстердің жеңілдетілген схемасы бірінші суретте көрсетілген.
Бірінші сурет. [9]
Девальвация кезінде тауар және ресурс нарығындағы импорттық тауарлар бағасы қымбаттайды, себебі олар теңгеге емес басқа валютаға сатып алынады. Шет ел валютасы қымбаттағанға байланысты, фирмалар өз тауарларының бағасын қымбаттатады. Нақты бір тауар бағасының өсуі инфляция көрсеткішінің де өсуіне әкеледі. Бір жылдағы инфляцияның өсімі 2023 жылдың қаңтар айына 20, 7%-ды құрайды[16] . Бұл - 1997 жылдан бергі санағандағы ең жоғары көрсеткіш. 1996 жылы инфляция өсімі 39, 2% болған[17], ал 2022 жылға дейін инфляция көрсеткіші бұлай 20%-дан аспаған[17] . Тіпті 2008 жылы АҚШ-та ипотекалық бизнестің қаржы құрылымын қиратқандағы дағдарыс орын алғанда, Қазақстандағы жалпы инфляция 17, 1%-ды ғана құраған[17] .
Теңгенің бағасына не әсер етеді?
Еркін айналымдағы кез келген валютаның құны ішкі және сыртқы сұраныс және ұсыныспен анықталады. Валютаға деген сұраныс көп болса, оның құны артады, ал елге шет елдік валютадан көп ұсыныс келсе, бұл валютаның құнын төмендетеді. Валюта құнына көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ең негізгілеріне ұлттық банктер басқаратын пайыздық мөлшерлемелер, елдегі инфляция, капитал ағыны, ақша массасы жатады[18] .
- Базалық мөлшерлеме.
Базалық мөлшерлеме көтерілген кезде Ұлттық банк ақшалай ұсынысты қысқартуға және экономикалық өсуді бәсеңдетуге ұмтылады. Жоғары пайыздық мөлшерлеме ұлттық валютаға инвестицияларды тартымды етеді, бұл оның сұранысын арттырады. Нәтижесінде валюта бағасы өседі[19] . . Қазақстанда бұл экономикалық тактика 2020 жылдың 10-наурызда базалық мөлшерлеменің 9%-дан 12%-ға артқандығында байқалады. 2020 жылдың 11 наурызында пандемияның жарияланғанына байланысты, теңгенің құны құлдырап кетпеуі үшін Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің бағасын көтерді[20] .
Ал, базалық мөлшерлеме төмендету арқылы Ұлттық банк экономикалық өсуді және ақшалай ұсыныстың кеңеюін ынталандырады. Ол туралы Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша баспасөз хабарламаларында айтылады. Мысалы, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша №15 баспасөз релизінде пайыздық мөлшерлеме 9. 5-ке түсіп кетуінің себебі туралы «базалық мөлшерлемені төмендетуі коронавирус салдарының Қазақстан экономикасына әсерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және экономикалық белсенділікке қолдау көрсетеді» деп хабарлаған[22] . Бұл ұлттық валюта бағамының төмендеуіне әкеледі. Мысалы, 2020 жылы тамыздың 21-інен бастап базалық мөлшерлеме, 9. 5 тен 9-ға түскеннен кейін[20], теңгенің долларға шаққан құны үш айда 414. 8 теңгеден 428. 68 теңгеге дейін өскен[21] . Осылай пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі ұлттық валютаға инвестицияларды аз тартымды етіп, яғни оның сұранысын төмендететіп теңгенің құлдырауына алып келген.
2. Инфляция
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz