Спорттық жүзудің маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ "ШАҢЫРАҚ" ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ "ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыс
Жүзу - спорт түрінің бірі, тарихы
12 июня 2020 г.
РСШИКОР Шанырак

12 июня 2020 г.
РСШИКОР Шанырак

Орындаған: Кувандиков Айбек
Тексерген: Aдамбеков М.И

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ
1.1 Жүзу - спорт түрінің бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Халықаралық жүзу федерациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ƏДІСТЕРІ МЕН ТƏСІЛДЕРІ
2.1 Суда жүзу түрлері мен техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Спорттық жүзу əдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары ... ... .14
2.3. Суда жүзуді үйрену ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ІІІ. Жүзу спортының жекелей физиологиялық ерекшеліктері жəне дене сапаларын дамыту мəселелері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.2 Адам ағзасындағы омыртқа бағанасының құрылымына сипаттама ... ..25
3.3 Қозғалысыс белсенділігі төмендігінің адам ағзасына əсері... ... ... ... .. 29
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Қазіргі дене тəрбиесі сабағындағы білім берудің басты мақсаты - денсаулығы мықты, спорт сүйер тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал спорт жағынан дамудың орны ерекше. Дене тəрбиесі деген сөз дене мəдениеті дегенді білдіреді. Бұл дененің
жақсы өсіп жетілуіне көп көмегін тигізеді деп сенуің керек. Адам табиғаттың бір бөлшегі жəне ол табиғаттың өзі секілді өте күрделі құбылысы. Дене тəрбиесі дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану адамның күшін молайтуға, жігерлі болып өсуіне, терең білім алуына септігін тигізеді. Дене тəрбиесінің ең басты артықшылығы ол қимыл-қозғалыс дағдыларының жақсаруына ықпал етеді. Дене тəрбиесі қозғалыс қимылға үйрену жəне дене қасиеттерін тəрбиелеу секілді өзара
байланысып екі ерекшелікті білдіреді. Қозғалыс-қимылға үйрену адамның өз қозғалыс қимылын басқарудың тиімді тəсілдерін жүйелі түрде меңгеру, осы арқылы өмірде қажет болатын қозғалыс əрекеттері мен дағдыларын жəне онымен тығыз байланыстағы біліктілікті игеру секілді дене тəрбиесінің арнайы мақсатын көздейді.
Оқушының спортқа деген қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат -- оқушылардың спортқа деген дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ойөрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет - оқушылардың суда жүзу қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастарды дамытуға ден қою қажет.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде жоғары шеберлікті діттейтін спортты дамытуға да, сондай-ақ оның бұқаралылығына да зор көңіл бөлуі баршамыздың айрықша ризалығымызды тудырады. Ол биылғы Жолдауында спортты дамытуға, əсіресе, салынған биік дəрежедегі, əлемдік талаптарға сай келетін спорт нысандарын тиісінше пайдалануды талап етті. Күні кеше ғана Астана қаласын одан əрі көркейтуге арналған отырыста Елбасы осы мəселені тағы бір мəрте қадай
айтты. Бұл орайда Президентіміз спортты ел азаматтарының денсаулығын сақтаудың бір Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде жоғары шеберлікті діттейтін спортты айрықша ризалығымызды тудырады. Ол биылғы Жолдауында спортты дамытуға, əсіресе, салынған биік дəрежедегі, əлемдік талаптарға сай келетін спорт нысандарын тиісінше пайдалануды талап етті. Күні кеше ғана Астана қаласын одан əрі көркейтуге арналған отырыста Елбасы осы мəселені тағы бір мəрте қадай айтты. Бұл орайда Президентіміз спортты ел азаматтарының денсаулығын сақтаудың бір негізгі қайнар көзі деп есептейтінін де анық аңғарамыз. Расында да, бүгіндері мемлекет дене шынықтыру мен спортты дамытуға мол мөлшерде қаражат бөліп отыр. Соның арқасында спорт нысандары халық игілігіне асып əрі спортты дамытуға, əрі тұрғындар денсаулығын нығайтуға қызмет етіп келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: жүзу спорты арқылы дене тəрбиесін ұйымдастырып, дене тəрбиесіндегі дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- жүзу, спорттық жүзу түрлері;
- жүзу спортының ерекшелігі;
- жүзу спортына тəрбиелеу;
- балалардың суда жүзу қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету:
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Жүзу спорттық ойынының дене тəрбиесінде қолданылуы.
Жүзу - дене тəрбиесіндегі сауықтыру жəне қолданбалы мағынада тиімді құралдардың бірі. Оқыту жəне жаттығулар барысында жүзу спортымен шұғылданушылардың денсаулығы шынығып, өмірде қажетті жүзу дағдыларын иеленеді.

1.1 Жүзу - спорт түрінің бірі
Жүзу , спорттық жүзу - спорт түрлерінің бірі. Спорттық жүзу жарыстары еркін (кроль), брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу, тағы да басқа тəсілдерімен 50 метрден 1500 метр қашықтық аралығында өткізіледі. Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су астында жүзу, синхронды (көркемдік) жүзу т.б. түрлері болады. жүзудің тұрмыстық, емдік, ойын түрлері де бар. Шынықтырудың ең тиімді құралы - ауа, күннің көзі мен су. Шынықтырудың ең пəрменді түрі суды пайдалану. Суды қолданғанда қажетті температураның күшін, ұзақтығын өзгерте отырып - сүртінгенде, құйылғанда, шомылғанда əр түрлі тəсілдерді пайдаланады.Əсіресе, бала ағзасына қозғалыспен қатар судың, ауаның, күн сəулесінің əсері бірге болса, шомылу мен жүзудің тигізер пайдасы өте көп. Əрдайым үнемі шомылғанда, жүзгенде адам баласының тамыр жүйесі су температурасының алмасуына тез арада ыңғайланып алады. Адам баласы судың температурасы төмендеген жағдайда да, суда ұзақ болуға үйреніп алады. Суда адам денесінің температурасы аз төмендейді де, шомылудан кейін тез өз қалпына келеді. Суыққа деген тұрақтылық пайда болады. Суда жүзу өмірде өте қажет. Жүзу тек қана адам баласының дене шынықтыруы мен сауықтануына ғана пайдалы емес. Жүзе білу дағдысы адам баласына əр түрлі жағдайларда қажетті нəрсе. Біздің балалар мекемесінде жүзумен 4 жастан 7 жасқа дейінгі 240 бала қамтылған. Балалармен суда жүзу сабағы аптасына 2 рет өткізіледі.Су алабында судың температурасы 27 -- 28°С болып тұрады. Топ 10 - 12 баладан екішағын топқа бөлініп тұрады. Даярлық жəне Ересек балалар суда 25 -- 30 мин, Естияр балалар -- 20 мин. жүзеді. Барлығы 8 жүзу тобы бар. Су алабындағы өткізілетін сабаққа балалар бас медбикенің немесе дəрігердің күнделікті медициналық байқауынан кейін ғана қатыса алады. Жүзу спорттың бір түрі ретінде, балалар денсаулығының оңалуына тиімді əсерін тигізеді. Жүзу ағзаны шынықтырып, қоршаған ортадағы əр түрлі жағдайларға тезірек бейімделуге көмектеседі. Ол - жүрек тамырының дұрыс жұмыс істеуіне əсерін тигізіп,тыныс мүшелерiнiң дамуына мүмкiндiк туғызады. Жүзу бала келбетінің кейбір кемшіліктерін түзетуге көмектеседі. Жүзу сабағының тəрбиелік мəні өте зор.Онда балаларды батылдыққа, салмақтылыққа, талап қойылған қағидаларды орындауға, бір - біріне көмектесуге даяр болуға, бір ұжымда іс атқаруға дайын болуға бейімдейді. Бала кезіндегі жүзуге үйренуі, өмір бойы бойында сақталып қалады. Жүзуге үйрету кезіндегі алдымызға қойған мақсатымыз, балалардың денсаулығын нығайту,суда сенiмдi жəне қорықпа ұсталуға жəне жүзудің бастапқы дағдыларын бойына сіңіру. Жүзу сабақтарын өткізген кезде Т.И.Осокинаның кепілдемесін пайдалана отырып,
сонымен қатар жүзуден өз бағдарламамыз бойынша сабақ құрылымы мынадай:
1)құрғақтағы жаттығулар (құрғақ жүзу); 2) жүзу əдістерін үйрену техникасынан судағы жаттығулар; 3) судағы ойындар; 4) еркін жүзу.
Балаларға өзіне таныс емес жағдайға үйренуге мүмкіндік береміз, суда өзін ұстау жəне суды дұрыс қолдану əрекеттерін
үйретеміз. Ата - аналар жиналысында, педагогикалық кеңестерде, əдіскерлік кеңестерде жұмыс нəтижелерін əрдайым талқылаймыз. Ата - аналарға арналған балалар денсаулығы туралы жəне шынықтыру туралы тəжірибелік кеңестер ақпаратын өзіміздің интернет сайтымызда хабарлап тұрамыз. Ата - аналар үшін, жүзу сабағын көруді ұйымдастырамыз, Жүзуге үйренейік атты тақырыптық көрме құрып,баламен үй жағдайында спортпен айналысуға кепілдеме беріп, температураның өзгеруіне, мерзімге байланысты баланы киіндіру туралы кеңестер береміз. Ата - аналарға балалардың дене тəрбиесі мен шынықтыру туралы педагогикалық білімін көтеру мақсатында денсаулық факультеті сабақтары ұйымдастырылды.
Отбасындағы балалардың дене тəрбиесін арттыру үшін, кейбір отбасының тəжірибесін насихаттау зор нəтиже көрсетті.
Жүзуге үйрету жұмысын біз əлі де жалғастырып келеміз. Нəтижелерді əрқашан талдап, жетістікке жетудің жолдары мен тəсілдерін қарастырудамыз. Бұрынғы тəрбиеленушілермен кездесіп, олардың денсаулықтары мықты болғандығына қуанамыз, көбі мектепте жақсы оқып, жүзумен əлі де айналысып жүр екен. Өйткені, суда шомылу, жүзу, суда ойнау - дене шынықтыру жаттығуларының бір пайдалы түрі. Одан баланың денсаулығы жақсарып, жүйке тамыры нығаяды. Сондықтан баланы неғұрлым суға ертерек үйретсе, жүзуге үйретсе, соғұрлым жүзу баланың ағзасының дамуына əсер етеді. Көптеген атақты жүзушілер 4 - 5 жасында жүзуге үйренген. Ал 7 - 8 жасынан бастап үнемі жаттығып отырған. Сондықтан көптің ішінен балалардың жүзуге бейімділігін байқап, спорттық жүзуге даярлай отырып, жеңіс пен жетістіктерге жетуге тəрбиелеу біздің ең бастапқы міндетіміз.

1.2 Халықаралық жүзу федерациясы
Халықаралық жүзу федерациясы (ФИНА) 1908 жылы құрылған. 1991 жылы оның құрамына 128 ел кірді. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан, дүниежүз. чемпионаттар 1973 жылдан, еур. чемпионаттар 1926 жылдан өткізіледі. Дене шынықтырудың бір түрі ретінде Жүзумен адамдар ежелгі дəуірден бастап айналыса бастаған. Біздің жыл санауымыздың басында Римде суы жылытылатын 50x20, 100x50 метрлік үй ішіндегі бассейндер салынған. 16 ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды. Алғашқы жарыс 1515 жылы Венецияда өткізілді. КСРО-ның 1947 жылы Халықаралық жүзу федерациясына мүше болуы, 1952 жылдан бастап Олимпия ойындарына қатысуы жүзу спортының Кеңес Одағында, оның ішінде Қазақстанда да жедел дамуына ықпал етті. Қазақстанда жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тəрбиесі институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт жəне туризм академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері 1946 жылы Бүкілодақтық жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш рет жүзуден республикалық біріншілік ұйымдастырылып (Тастақ тоғанында), оған Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет КСРО біріншілігінде бəсекеге түсті. 1948 жылы Алматыдағы Мəдениет жəне демалыс саябағында студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды, онда екінші республикалық біріншілік өтті. Ю.Кабин, В.Минаев, Б.Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы атанды. Құрамына қазақстандық Г.Николаев енген КСРО жүзгіштері 16-Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956) 4x200 метрлік эстафетада Кеңес Одағына алғашқы қола медальді əкелді. 1957 жылы Қарағандыда тұңғыш жабық бассейн іске қосылды. Тəуелсіз Қазақстан дербес қатысқан Барселонада өткен 25-Олимпия ойындарына (1992) 7 жүзгіш, ал Сиднейде өткен 27-Олимпияға (2000) 8 жүзгіш қосты. Олардың бəрі дерлік Азия құрлығының үздіктері аталды. Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы əсері жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын алады.

ІІ. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ƏДІСТЕРІ МЕН ТƏСІЛДЕРІ

2.1 Суда жүзу түрлері мен техникасы
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға баражатса, оны құтқара да біледі. Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа
жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның əсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де əсем көрінеді. Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады. Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тəсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу жəне теңізшілердей жүзу тағы басқа.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен жəне аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сəйкес бір-біріне ұқсас екі тəсіл болады - ол жүзу тəсілі жəне сүңгіу тəсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.
Жүзу - жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін нығайтып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Жүйке жүйесін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тəбетін жақсартады, сол себептен дəрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады.
Жүзу түрлері: Кроль (ағылш. crawl -- еңбектеу, жер бауырлап еңбектеу) - дененің сол жəне оң бөліктері алма-кезек есу жасайтын етпеттей жүзу стилі. Жүзудің ең жылдам тəсілі болып табылады. Еркін стильді жүзу жарыстарында спортсмендердің көпшілігі крольді таңдайды, сондықтан еркін стиль мен кроль іс жүзінде синонимге айналып кеткен. Крольше жүзгенде жүзгіштің қолдары оның денесін ось бойынша бойлай ессе, аяқтары да кезек-кезек көтіріліп-түседі. Жүзгіштің беті су ішінде болады жəне есу кезінде дамыл-дамыл дем алып тұру үшін бұрылып тұрады.
Дельфин немесе Баттерфляй (ағылш. butterfly -- көбелек) -- жүзудің техникалық жағынан ең қиындарының жəне шаршататын түрлерінің бірі. Дененің сол жəне оң жақ бөлігі бір уақытта симметриалық қозғалыс жасайтын (қолдар жүзніштің денесін судың үстіне көтеретін кең жəне мықты есулер жасаса, аяқтары мен жамбасы толқын тəріздес қимыл жасайды) ішпен жүзу стилі. Баттерфляй -- жүзудің ең қиын стилдерінің бірі жəне жылдамдық жағынан крольден кейін екінші орышда тұр.
Стильдің тарихы
Алғашында жүзудің тек 3 стилі болған. Олар: еркін стиль, брасс жəне арқамен жүзу.
Брасс (фр. brasse, фр. brasser -- былғау, араластыру) -- қолды судан шығармай су ішінде кеудемен ұзыннан жатқан қалпында қол жəне аяқпен симметриялы есіп жүзудің түрі (əдісі). Баттерфляй брассты жетілдіру кезінде пайда болған. Қолдар судың бетінде зымырай бастады, сол себептен жүзгіштің қозғалысы жылдамдады. Кейін аяқтардың қозғалысын да көбірек табиғиға ұқсатты.
Жүзу техникасы
Баттерфляйда жұрыс техника ерекше маңызды. Кроль, шалқалай жүзу мен брассқа қарағанда баттерфляйда жақсы жылдамдықты тек физикалық күш арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Көп адамдар бар қиындық бұл стильді үйренуде жатыр деп
ойлайды. Бастаушылар үшін басты қиындық екі қолын бір уақытта судың үстінде қайтару мен барлық денесін бастапқы позицияға келтіру, сонымен қатар бір уақыттағы деммен жүзу. Техника қол мен аяқтың синхронды қозғалысынан тұрады. Мұндағы негізі рөлді дененің толқын тəріздес қозғалысыорындайды.Бастапқы позицияда жүзгіш суда қарнымен жатады, қолдары алға созылған, ал аяқтары артқа қарай созылған. Шомылу жəне жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тəрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті əсерінт тигізеді.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның əсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де əсем көрінеді.
Суда жүзудің пайдасы - адамның денсаулығын нығайтады, сонымен қатар өзін таза ұстауға жəне денесін шынықтыруға көмектеседі. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты жəне т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Суда жүзудің мынадай спорттық əдіс тəсілдері бар. Кроль - еркін жүзу (етпеттеп жəне шалқалап), брасс жəне баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады). Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу əдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады.
Спорттық жүзу əдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-қолдыңт қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сəттері, т.б. Мысалы: кроль əдісімен етпеттеп жəне шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылы кезектесіп орындалады да, ал брасс жəне баттерфляй əдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар бір уақытта бірдей қимылдайды. Міне жүзудің осы 3 түрі бойынша əлемдік, Олимпиадалық бағдарламаларға негізделген жарыстар өткізіледі. Мамандардың төрт апталық зерттеуі барысында бассейнде жүзу кезінде адамдардың көңіл күйі 35 пайызға артатындығы анықталған. Сондай-ақ ұйқысы
жақсарады, күш-қуаты арта түседі. Бір апталық зерттеудің өзінде-ақ тəжірибеге қатысушы адамдардың көңіл күйі 20
пайызға жақсарғаны байқалды.
Миннесота Университетінің мамандарының айтуынша, жас кездегі кез келген аэробикалық жаттығулар - суда жүзу, жүгіру, велосипед тебу, миды қартаюдан сақтайды. Бұл жаттығулар ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу жəне қолданбалы жүзу. Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тəрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды:
1. Көпшілікке жүзуді үйрету.
2. Жүзудің көмегімен денсаулықты жəне дамуын нығайту.
Жүзе білудің негізгі құндылығы - суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, əсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет.
Суда жүзудің пайдасы - адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға жəне денесін шынықтыруға көмектеседі.
Жүзуді үйрету - дене тəрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта жəне жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мəн беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тəрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі. Жүзу сабағы міндетті түрде дене тəрбиесі пəнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пəні ретінде өтеді. Бұл пəн институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының жəне мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек.
Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты жəне т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты жəне мəнерлі жүзу спортының негіздері - жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен жəне допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, сүңғи білу қажет.
Суда жүзудің мынадай спорттық əдіс тəсілдері бар. Кроль - еркін жүзу (етпеттеп жəне шалқалап), брасс жəне баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады). Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу əдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. Жүзген кезде қимыл-қозғалыстың əсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, мұның өзі адамның денсаулығына жəне тұласына сымбатты болуына көмектеседі. Ал жүзу қашықтығын ұзартқанда, жылдамдықты шапшаңдатқанда денеге түсетін күш біртіндеп байқалады. Осыған жаттығу адамның дене құрылысының төзімділігі ұлғайтады жəне икемділігін арттырады.

3.1Жүзу спортының жекелей физиологиялық ерекшеліктері жəне дене сапаларын

Дамыту мəселелері
Жүзу циклді дене жаттығуларына жатады, бірақ арасында сырғи бұрылыстар жасаған кезде ациклді күштенулер орындалады. Əртүрлі қашықтықтарға жүзген кезде əртүрлі қуатты жұмыстар: 25-50м-қашықтыққа жүзгенде - максималды , 100, 200 жəне 400 м қашықтықтарға жүзгенде - субмаксималды; 1500 м қашықтық жүзгенде біркелкі қарқынды қуатты; 1500 м-ден ұзақ қашықтықтарға жүзгенде бірқалыпты қуатты болып орындалады. Жүзудің өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар, бұл сулы ортаның бірқатар қасиеттерімен байланысты:
1. Судың тығыздығы ауаның тығыздығымен салыстырғанда 600-700 есе жоғары, мұның өзі адамның қимыл-қозғалысына үлкен кедергі келтіреді; Егер ауаның кедергісін тек қана қатты жүгіргенде немесе жел тұрғанда сезілсе, судың кедергісі суға түсе салысымен бірден сезіледі. Бұлшық ет күшінің басым бөлігі денені суда ұстап тұруға емес, осы кедергіні жеңуге жұмсалады. Ал бұл кедергінің мөлшеріь судың тұтқырлығына, жүзу шапшаңдығына, адамның денсінің көлеміне байланысты болады. Денесінің ауқымы үлкен адамдар судың үлкен кедргісіне ұшырайды. Белсенді жүзу кезінде кері кедергі кролмен жүзу кезінде 1,5 есе, барсс кезінде екі есе көп болады.
2. Адамның денесі суға түскенде қанша суды ығыстырса, соншаға салмағы жеңілдейді. Мысалы, Архимед заңына орай денесі 80 кг адамның дене салмағы суға түскенде 1,5 кг шамасында болады.
3. Судың жылу өткізгіштігі ауамен салыстырғанда бес есе жоғары. +25 - +26оС суда адам ауадағыға қарағанда екі есе көп жылу жоғалтады. Сондықтан жүзуші тоңып қалмау үшін барлық уақытта қозғалыста болуы керек. Денесінің май қабаты қалыңдау адамдар судың төменгі температурасына төзімдірек келеді. Май қорлары көптеу болғандықтан стайерлердің жүзгіштігі спринтерлерге қарағанда жоғары. Мысалы, толықтау адам +220С суда өзін дұрыс сезінсе, арық адамға судың +320С температурасы дұрыс болып есептелінеді. Жүзу кезіндегі ағзадағы жылу өнімінің 95% бос күйіндегі жылу ретінде бөлінеді.
4.Суда адамның денесі көлденең күйде болады, бұл дененің мəжбүрлік күйі, мұндай күйде веноздық қанның қайтымы тездеп, жүректің жұмысы жеңілдейді.
5. Жүзуді үйренгенде жаңа қимыл бағдарлары қалыптасады. Адамның денесіне тығыз тірек емес, сулы ортаның тірегі əсер етеді. Сондықтан қимыл циклінің белгілі бір ретпен орындалуының маңызы үлкен.
Талдағыштар жүйесі.Суда адамның көру жəне есту талдағыштарының қызметі төмендейді. Суда заттың кескіні буалдырланып көрінеді. Мұның себебі судың жарық сəулесін сындыру коэффициенті адам көзінің қасаң қабығының сəулені
сындыру коэффициентіне жақын болады. Арнайы көзілдірік кию арқылы көруді жеңілдетуге болады, бірақ бұл кезде көздің көру аймағы кішірейіп қалады. Дыбыстың шыққан орнын судың астында анықтау мүмкін емес, өйткені дыбыстың таралуы суда 1500 мсек болса, ауада 330 мсек. Осыған байланысты суда дыбыс
жан-жақтан естілгендей болады. Олай болса суда бағдарлану тек қана көру арқылы жүзеге асады. Тепе-теңдік аппаратының қызметі суда біршама жеңілдейді, өйткені отолит сезім жасушаларының талшықтарына жер гравитациясындағыдай əсер
етпейді. Суда жанасу жəне температуралық тері рецепторлары тітіркендіргіштердің əсеріне көп ұшырайды. Шынығу барысында осы əсерлерге бейімделу жүреді. Тікелей жүзудің орындалуы барысында проприорецепторлардың қызметі басымдау
болады.
Тыныс алу жүйесі. Жүзу кезінде тыныс алу терең болады. Жоғары дəрежелі жүзгішстайерлерде оттегінің максималды қолданылуы (ОМҚ) 5,2 лмин, əйелдерде - 3,4 лмин. Салыстырмалы ОМҚ ерлерде орта есеппен - 69 млминкг, əйелдерде - 55 млминкг. Жүзгіштерде өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) біршама жоғары болады. Жоғары дəрежелі жүзгіш ерлерде ӨТС - 5-6,5 л болса, əйелдерде - 4-4,5 л, бұл көрсеткіш жүзумен шұғылданбайтындарға қарағанда 10-20% жоғары. Жүзгіштерде тыныс алу бұлшық еттерінің күші жəне өкпесінің сыйымдылығы жоғары келеді, өйткені тыныс алу жолдарындағы ауа ағымына кедергі артады. Суда тыныс алу көлемі негізінен резервті дем алу ауасы (РДАА) көлемі есебінен
ұлғаяды, резервті дем шығару (РДША) мөлшері 1 л-ге дейін кемиді. Жүзу кезіндеь тыныс алу жиілігі, жүгірген кездегімен салыстырғанда төмендейді. Жүзу кезінде тыныс алу бұлшық еттерінің белсенділігі артады, өйткені, тыныс алу жолдарындағы
ауа ағымына кедергі артады. Жүзген кезде тыныс алу кезеңінің уақыты қысқарып, шығару кезеңі ұзарады. Жүзу кезінде оттегінің маскималды қолданылуы, өкпенің желденуі, артериялық қанның оттегімен қанығу деңгейі оттегінің қолданылуына тəуелді болады. Жүзгіштерде максималды өкпе желденуі минутына - 118-159 лмин.
Қан жəне қан айналым жүйесі.ЖСЖ жүзу кезінде артады, ал судың температурасы төмендегенде кемиді. ЖСЖ жүзу кезінде орта есеппен ерлерде - 185 соғумин-қа (жүгірген кезде 200 соғумин), əйелдерде 190 соғумин-қа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорт түрі- жүзу
Жүзудің денсаулыққа әсері
Суда жүзе білу
Жүзу кезіндегі аяқ қимылдары
Жүзудің жеңілдетілген әдістерін үйрету
Жүзу спортының тарихы
Спорттық машықтану
Педагогикалық тәсілдер және оқу үдерісін ұйымдастыру әдістері
Жүзе білудің маңызы
Салауатты өмір салтын спорт жаттығуларымен шұғылдануға көп мөлшерде уақыт бөле отырып, спортшы ізбасарлардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну
Пәндер