ИОГҚ мұражайының басшылары


(ОГҚ)
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫН ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ
Оқу құралы
Алматы, 2023
ӘОЖ 63. 3 (2)
С 90
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының Ғылыми кеңесі ұсынған (хаттама № 6 «25» қаңтар 2023 ж. ) .
Пікір жазғандар:
Құдайбергенова А. И. - Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы.
Алпысбаева Н. К. - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университе-тінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.
Муратказин М. М. тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сутеева Х. А. тарих ғылымдарының докторы, профессор,(ОГҚ) құрылу тарихы және оның Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі, жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстары: жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы. - Алматы: «ҚазҰПУ-нің баспасы», 2023. - 119 б.
ISBN 978 -601-04-0405-3
Бұл еңбек Императорлық (ИОГҚ) құрылу тарихын және оның Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі мен жүргізген мәдени-ағартушылық жұмысын зерделеуге арналған. Ғылыми еңбектің тараулары бойынша берілген аса маңызды тарихи оқиғаларды көпшілікке таныстыру, сонымен қатар, сол уақытта қазақ даласында болып өткен барлық экспедициялар, олардың жүргізген зерттеулерінің нәтижелері туралы толық, әрі құнды мәліметтер ала алады.
Оқу құралында ИОГҚ-ның тарихы, атқарған жұмыстары, оның эволюциясы, Қазақстан аумағындағы Семей бөлімшесінің аймақтық қызметі бүгінгі күнге дейінгі тарихы ғылыми тұрғысында қарастырылған. Сонымен қатар, оқу құралы студенттердің тарихи құбылыстарға сыни көзқарасын дамытуға, олардың эвристикалық дағдыларын сабақта қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу құралы бакалавриаттың «6В01606-Тарих-география», «6В011400-Тарих», «6В020300-Тарих», «6В050500-Аймақтану» білім беру бағдарламалары мамандықтарының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 63. 3 (2)
ISBN 978 -601-04-0405
C Cутеева, Х. А., Муратказин М. М.
С ҚазҰПУ-дің баспасы, 2023.
МАЗМҰНЫ
Алғысөз . . . 3
Дәріс 1. (ИОГҚ) құрылу тарихы . . . 7
Дәріс 2. ОГҚ жарғысы мен басқарылуы . . . 15
Дәріс 3. ОГҚ кітапханасы . . . 19
Дәріс 4. Ғылыми мұрағаты мен мұражайы . . . 22
Дәріс 5. Атақты орыс және кеңес географы, гидрографы, океанографы, кар-
тографы, төрағасы Юлий Михайлович Шокальский атындағы Ресей
Географиялық Қоғамының дәрісханасы . . . 26
Дәріс 6. Кеңес заманындағы жұмысы . . . 31
Дәріс 7. Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының, Түркістан археология әуе-
сқойлары үйірмесінің, Орыс археологиялық қоғамының Шығыс бөлі -
мінің Қазақстанды зерттеудегі рөлі . . . 36
Дәріс 8. XIX ғасырдың екінші жартсы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
аумағындағы Императорлық Батыс-
Сібір бөлімінің ғылыми және мәдени-ағартушылық қызметі . . . 38
Дәріс 9. Батыс-Сібір бөлімі, Семей бөлімшесінің құрылу тарихы және оның 1902-1917 жж. Қазақстан аумағында жүргізген ғылыми және мәдени-ағартушылық қызметі . . . 40
Дәріс 10. Семей бөлімінің қызметіне зор үлес қосқан Николай Яковлевич Коншин және Евгений Петрович Михаэлис . . . 45
Дәріс 11. Семей бөлімінің кеңес дәуіріндегі
ғылыми - зерттеу жұмыстары мен мәдени-ағартушылық қызметі . . . 59
Дәріс 12. Кеңестік дәуірдегі Семей бөлімінің
қызметіне зор үлес қосқан Борис Георгиевич Герасимов . . . 64
Дәріс 13. XIX ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
аумағындағы Императорлық Орынбор бөлімінің ғылыми және
мәдени-ағартушылық қызметі . . . 67
Дәріс 14. XIX ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
аумағындағы Императорлық Түркі-
стан бөлімінің ғылыми және мәдени-ағартушылық қызметі . . . 70
Дәріс 15. ОГҚ Қазақстан аймағын зерттеу қызметінің тарихи маңызы . . . 73
ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 93
Қысқартылған сөздер тізімі . . . 96
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 97
АЛҒЫСӨЗ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жоғары білім беру мамандықтары бойынша МЖБС-ға сәйкес жоғары білімі бар мамандарды (бакалавриат) даярлауды жүзеге асырады. « (ОГҚ) құрылу тарихы және оның Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстары» пәні элективтік пәндер (ЭП) қатарына жатады.
Оқу құралының мақсаты мен міндеттері.
« құрылу тарихы және оның Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстары» атты элективтік пәніне арналған оқу кұралының мақсаты - Императорлық (ИОГҚ) құрылу тарихын, құрылымын, оның Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің, Орынбор және Түркістан бөлімдерінің құрылуынан - 1917 жылғы революцияға дейінгі және кеңестік дәуірдегі Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі мен мәдени-ағартушылық жұмыстарын зерделеу болып табылады. Сонымен қатар, оқу құралында ИОГҚ-ның Семей бөлімінің қызметіне зор үлес қосқан Николай Яковлевич Коншин және Евгений Петрович Михаэлистің, Борис Георгиевич Герасимовтың өмірбаяндары мен қызметі қарастырылып , Қазақстан аумағын зерттеудегі қызметінің алатын орны мен тарихи маңызы көрсетлген.
Дәріс курсының методологиялық негізі - құрылу тарихы және оның Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстары тарихын оқыту мен тарихқа жүйелі көзқарас қалыптастыру болып табылады, бұл зерттелетін проблематиканы 1845 жылы ИОГҚ-ның құрылу тарихынан бастап - 1917 жылға дейінгі императорлық кезеңде, 1917-1991 жж. кеңестік дәуірде және 1991-2022 Ресей Федерациясы өмір сұру кезеңіне дейін қарастыруға мүмкіндік береді.
құрылу тарихы және оның Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстары мәселелерін қарастырғанда негізгі методологиялық мәселе болатын - ОГҚ-ның құрылу тарихы және оның Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстарының кезеңделуі. Үсынылып отырған оқу құралында біз мынадай кезеңдеуге негізделдік:
- 1845-1917 жж. қамтитын Императорлық Орыс Географиялық Қоға -
мының (ИОГҚ) Ресейдің империялық кезеңіндегі Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі мен жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстарның бірінші кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі оқиғалары: ИОГҚ- ның құрылуы, Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің, Орыс археологиялық қоғамының Шығыс бөлімінің Қазақстанды зерттеуі, XIX ғасырдың екінші жартсы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы ИОГҚ-ның Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің, ИОГҚ-ның Орынбор және Түркістан бөлімдерінің ғылыми және мәдени-ағартушылық қызметі. ИОГҚ-ның Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің қызметіне зор үлес қосқан Николай Яковлевич Коншин және Евгений Петрович Михаэлистің өмірбаяны мен қызметі.
- 1917 - 1991 жж. қамтитын (ОГҚ) ке-
ңестік дәуірдегі Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі мен атқарған мәдени-ағартушылық жұмыстарының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі оқиғалары: Кеңестік кезеңдегі ОГҚ-ның қайта құрылуы, 1917-1991 жж. Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және атқарған мәдени-ағартушылық жұмыстары, кеңестік дәуірдегі Семей бөлімінің қызметіне зор үлес қосқан Борис Георгиевич Герасимовтың өмірбаяны мен қызметі.
- 1991 2022 жж. қамтитын Ресей Географиялық Қоғамының (РГҚ)
Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметінің үкінші кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі оқиғалары: Ресей Федерациясындағы (РФ) ОГҚ-ның қайта құрылуы, 1991 -2022 жж. Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі.
Дәріс курсын оқу барысында өндірілетін кәсіби маңызды біліктер, дағдылар және негізгі құзыреттіліктер.
Студент оқу құралын оқу барысында:
- пәннің мақсатын, ғылыми методологиясын, зерттеу және тәжірибелік
кәсіби қызметте қажетті әдістерін;
- (ОГҚ) Қазақстан аумағын зерттеу -
дегі ғылыми қызметі мен атқарған мәдени-ағартушылық жұмыстарының ке -
зеңделуін;
- құрылу тарихы мен оның Қазақстан
аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстарын зерделеуде қолданылатын ерекше терминдер мен ұғымдарды;
- (ОГҚ) қызметіндегі жеке тұлғалар -
дың рөлін зерделеуі тиіс .
« құрылу тарихы және оның Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстары» атты оқу құралын оқып-ұйрену нәтижесінде студент:
- жаңа және қазіргі заман кезіндегі
қызметінің негізгі тұжырымдарын;
- пән бойынша негізгі тарихи түбегейлі зерттеулерді;
- 1845-1917, 1917-1991, 1991-2022 жы-
лдары дамуының жалпы жағдайларын анықтайтын негізгі факторларды және осы үрдістердің әрбір кезеңдегі көрінісін талдап, түсіндіруді білуі тиіс .
- тарихы бойынша белгілі бір тақы -
рыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, баяндамалар мен рефераттар дайындауды; ғылыми пікірталастарға қатысып, өз пікірін дәлелді түрде негіздей білуді;
- деректерді оқып-үйрену нәтижесінде тарихи оқиғаларды түсіндіру,
салыстыру, талдау және қорытындылауды; қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа мәселелерін талдауда тарихи білімдерін қолдана білуді меңгеруі тиіс .
Алатын біліктілігі:
- « құрылу тарихы және оның Қазақс -
тан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстары» пәнінің мақсат-міндеттерін жете түсіне отырып, оны оқып-игеруі;
- студенттердің құрылуы мен оның
1845-2022 жылдары Қазақстан аумағын зерттеудегі ғылыми қызметі және жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстарының уақытында болған оқиғаларының саяси-әлеуметтік, экономикалық және т. б. ахуалын саралау деңгейіне жетуі;
- Орыс Географиялық қоғамы сияқты қоғамдық, әлеуметтік институттардың тууы мен дамуын нақты дәлелді мәтіндер арқылы игеруі;
- Қазақстан аумағын зерттеудегі ғы -
лыми қызметі мен жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстарының маңызы мен тағылымын білуі.
ДӘРІС 1.
ИМПЕРАТОРЛЫҚ (ИОГҚ) ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
- Императорлық (ИОГҚ) құрылу
тарихы
- ИОГҚ - ның құрылымы, мүшелерінің саны.
- Қоғамның меценаттары мен қамқоршылары.
Дәрістің мақсаты - Императорлық (ИОГҚ) құрылу тарихымен, оның көздеген мақсаттарымен, оның құрылымы мен мүшелерінің саныменн, қоғамның меценаттары мен қамқоршыларымен таныстыру.
Тірек сөздер - Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы (ИОГҚ),
Жарғы, мөр, эмблема, құрылтайшы-мүшелер, навигация, метеорология, климатология, меценаттар, қамқоршылар.
Императорлық құрылу тарихы. Бүкіл -
ресейлік қоғамдық ұйымы «Орыс Географиялық Қоғамы» (қысқаша «ОГҚ») - 1845 жылы 6(18) тамызда құрылған Ресейдің географиялық қоғамы (қоғамдық ұйымы) . 1821 құрылған Париждік, 1828 ж. құрылған Берлиндік, 1830 ж. құрылған Лондондық қоғамдардан кейінгі әлемдегі ең көне географиялық қоғамдардың бірі.
1845 жылы 6 (18) тамызда Бүкілресейлік император Николай I-нің ең жоғары бұйрығымен Ресей империясының ішкі істер министрі Лев Алексеевич Петровскийдің Санк-Петербургте Орыс географиялық ұоғамын құру туралы ұсынысы бекітілді (кейіннен, 1849 жылдың 28 желтоқсанынан бастап ол «Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы (ИОГҚ) деп атала бастады) . Сол күні император ИОГҚ-ның уақытша Жарғысын бекітті.
Қоғамды құру идеясы Императорлық болашақ бірінші төрағасы болған Ұлы князь Константин Николаевичтің тәрбиешісі, адмирал, Императорлық ғылым академиясының болашақ президенті Федор Петрович Литкеге тиесілі болды.
1845 жылы 7(19) қазанда Императорлық ғылым және өнер академиясының конференц-залында қоғам кеңесін сайлаған ОГҚ-ның нақты мүшелерінің Бірінші жалпы жиналысы өтті. Ф. П. Литке жиналысты ашқан кезде былай деді: «Біздің Отанымыз жердің жартылай шеңберінен гөрі бойлық бойымен созылып, климаттың, органикалық табиғат құбылыстарының және т. б. осындай үлкен қашықтыққа тән барлық айырмашылықтармен әлемнің ерекше бөлігін білдіреді. Және осындай ерекше белгілер алдында Ресей географиясын зерттеу мақсатын қояды.
ИОГҚ құрылтайшыларының арасында атақты теңізшілер болды:
Адмиралдар Федор Петрович Литке, Иван Федорович Крузенштерин, Фирднанд Питрович Врангель және т. б.
Сондай-ақ қоғамның құрылтайшы-мүшелерінің арасында географ және статист К. И. Арсеньев, Ішкі істер министрлігі Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры А. И. Левшин, саяхатшы П. А. Чихачев, лингвист, Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовский болды,
Жаңа ұйымның негізгі міндеті Ресейдің ең жақсы жас күштерін жинап, туған жерін жан-жақты зерттеуге бағыттау болды.
«Қоғам құрылтайшыларының негізгі идеясы - туған жерін және оны мекендейтін адамдарды зерттеуге орыс жерінің барлық жақсы күштерін тарту . . . » деп жазды Петр Петрович (1827-1914) - әйгілі орыс географы, саяхатшы және мемлекет қайраткері. ИОГҚ-ның мәнін ол былайша сипаттады: «ИОГҚ - туған жерге деген сүйіспеншілікке жіне орыс мемлекеті мен орыс халықының болашағына тереі, мызғымас сенміге ие болған корпорацияға енгендердің ұйымы және ол барлығына еркін және ашық корпорация».
ИОГҚ құрылғаннан бері өз қызметін тоқтатқан жоқ, бірақ ұйымның атауы бірнеше рет өзгерд: ол өзінің қазіргі атауын 1845-1850, 1917-1926 және 1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін алды. 1850 жылдан 1917 жылға дейін Орыс географиялық қоғамы деп аталды.
құрылтайшы мүшелері және оның алғашқы төрағасы
мәжілісі және ИОГҚ-ның кіреберісі
1914 жылғы ИОГҚ-ның бланкі
1915 жылғы ИОГҚ-ның мөрі
1915 жылғы ИОГҚ-ның эмблемасы
Н. Н. Миклухо-Маклай жасаған карта
маңызды дәстүрі - орыс флотымен және теңіз экспедицияларымен тығыз қарым-қатынаста болуы. Қоғамның негізгі мүшелеріне теңіз зерттеушілері де кірді: Олар, Петр Федерович, Василий Степанович, Загоскин Лаврентий.
Империялық кезеңде қоғамның құрметті мүшелері болып шетелдік корольдік отбасылардың мүшелері сайланды.
Қоғамның қызметіне қомақта қаражат жұмсаған кеі көлемде қайырымдылық жасаушылар: В. Платон, темекі жасаушы В. Жуков болды.
Қоғам жұмысы Ресей бөлімшелерінің барлығын дерлік қамтыды. Алғашында Орыс географиялық қоғамы екі аймақтық бөлімше ашып, жұмыс істеді. Кафказ және Сібір бөлімшелері ашылды. Онан кейін басқа да жаңа бөлімшелер ашыла бастады. Олар: Орынбор, Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс, Батыс-Сібір, Амур болды. Ал Ташкентте Түсркістан бөлімшесі ашылды. Жалпы ИОГҚ 11 бөлімнен, екі бөлімшеден, 4 филиалдан өқрылды. Олар өздеріне тиесілі аймақтарға ауөымды зерттеулер жүргізумен айналысты.
Өз қызметінің империялық кезеңінде қоғам картографиялық, статистикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін департаменттер арасындағы бейресми диалог алаңы рөлін атқарды: «оның (қоғамның) ортасында Ресейдің картографиясымен айналысатын әртүрлі мемлекеттік мекемелердің басшылары өздерінің сабақтарының тақырыптарын талқылауға жиналды» [6, 23 б. ] .
Санкт-Петербургтегі ОГҚ ғимаратының қасбеті
Орыс Географиялық Қоғамы Ресей империясының Ішкі Істер Министрлігі жанындағы географиялық-статистикалық қоғам ретінде құрылуы керек еді, бірақ Императордың жеке бұйрығына сәйкес географиялық деп аталды. Қоғамның еі басты қаржыландыру көзі мемлекет тарапынан болды. Ол жылына он мың рубльді құрады. Сонымен қатар меценаттар географиялық қоғам ұйымдарын, кәсіпорындарын қаржыландыруға кең көлемде өз үлестерін қосты.
Мысалы, Қоғамның белсенді мүшесі Михаил Вронченконың үлкен ағасы, Ресей империясының Қаржы министрі Федор Вронченко қоғамға күміспен 10 мың рубль бөлуге қол жеткізді, сонымен қатароны қоғамға сыйға тартты.
Өзінің өмір сүруінің басынан бастап Орыс Географиялық Қоғамы кең экспедициялық және білім беру қызметін бастады.
Қоғамның құрылымы.
* Физикалық география бөлімі
* Математикалық география бөлімі
* Статистика бөлімі
* Этнография бөлімі
* Саяси-экономикалық комитет
* Арктиканы зерттеу жөніндегі Комиссия
* Сейсмикалық комиссия
Арктиканы зерттеу бойынша Императорлық (ИОГҚ) тұрақты комиссиясының құрылуы экспедициялық қызметті жүйелеуге және Қиыр Солтүстіктің табиғаты, геологиясы және этнографиясы туралы алынған ерекше ақпаратты жалпылауға мүмкіндік берді. Әлемге әйгілі Чукоттық, Якутттық және Кольдік экспедициялары жүргізілді. Қоғамның арктикалық экспедицияларының бірі туралы есеп Арктиканы дамыту мен зерттеудің бірнеше жобаларын жасаған ұлы ғалым Д. И. Менделеевті қызықтырды.
ОГҚ мүшелерінің саны.
Империяның басшылары мен патшаның отбасылық мүшелерінен басқасы әр жылдары аталған қоғамның белсенді мүшелері жүзден астам министрлер, губернаторлар, Кеңес және Сенат мүшелері болып тағайындалып отырды.
1917 жылға қарай қоғамның мыңға жуық мүшесі болды.
Революциялық оқиғалардан кейін олардың саны азайды. Соғыстан кейінгі кезеңде тез өсу байқалды: егер 1940 жылы Қоғамда 745 адам болса, 1987 жылы мүшелер саны 30 мыңнан асты, яғни 40 есе өсті. Ол кезде Бүкілодақтық географиялық қоғам Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ғылым академиясының (КСРО ҒА) құрамындағы ғылыми қауымдастықтар арасындағы ең үлкен ұйым болды.
1990-2000 жылдары РГО мүшелерінің саны шамамен 9 мыңға дейін азайды. 2009 жылы Қоғам қайта құрылғаннан кейін қоғам мүшелерінің саны қайтадан өсе бастады және 2020 жылдың тамызына қарай 23 740 адамды құрады.
Қоғамның меценаттары мен қамқоршылары. Қоғамның меценат-тары. Қоғамның қызметіне қомақты қаражат жұмсаған ең ірі қайырымдылық жасаушылар: Орта Азияны зерттеуді, карталарды шығаруды, Камчатка экспедициясын қаржыландырған, әйгілі темекі өндірушісі, коммерция-кеңесшісі көпес П. В. Голубков, Ресей статистикасы бойынша шығармаларды дайындауды белсенді қолдаған коммерция-кеңесшісі В. Г. Жуков, сондықтан оның есімі ИОГҚ - Жуковская деп аталған ең беделді сыйлықтарының біріне берілді.
Сол кезеңде иперия жағынан меценаттардың қоғам жұмысына қолдаулары жақсы жүргізілді. Аатап айтсақ, Сібір экспедиция мүшелеріне жарты пұт алтынды сыйға берген алтын өндіруші С. Соловьев, сонымен қатар Құрметті азаматтар - В. Голиков, М. Турумбаев т. б. болды.
ОГҚ патша Александр II-нің «Ұлы реформаларында» жұмыс істегендігі назар аударуға тұрарлық жағдай.
1989-192 жылдары КСРО Географиялық Қоғамында Орталық бөлім Орталық бөлім (Ленинград), 14 Республикалық бөлімдер жұмыс істеді. РКФСР-да 18 филиал және 56 бөлім болды.
ХХ ғасырда РГҚ-ның көрнекті мүшесі, әйгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері В. И. Вернадскийдің бастамасымен табиғи Өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі Комиссия құрылды, кейіннен ол өз өкілеттіктерін едәуір кеңейтіп, еліміздің индустриализациясында, оны жетекші өнеркәсіптік державаға айналдыруда маңызды рөл атқарды. Бұл ұйым отандық географтар жинаған Ресей туралы білімнің үлкен жүгін практикалық қолдану үшін құрылды. Онда жетекші рөлдерді В. Л. Комаров, Н. Н. Колосовский, Н. И. Андрусов, А. П. Карпинский, А. Е. Ферсман сияқты көрнекті тұлғалар ойнады.
Иператорлық Орыс Географиялық Қоғамы сонымен қатар отандық табиғатты қорғау ісінің негізін қалады, алғашқы Ресейдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (ЕҚТА) идеялары академик И. П. Бородин құрған ИРГҚ-ның Тұрақты экологиялық комиссиясының аясында дүниеге келді.
Қоғамның қамқоршылары.
- Патша Николай I. 6(18) маусым 1845 жылдан - (13 (25) қаңтар
1871 жылға дейін Қоғамның қамқоршысы.
- Патша Александр II. (13 (25) қаңтар 1871 жылдан - 1 (13) наурыз
жылға дейін Қоғамның қамқоршысы.
- Патша Александр III. (25 мамыр (6 маусым) 1881 - 20 қазан (1
қараша) 1894 жылға дейін Қоғамның қамқоршысы.
- Патша Николай II, (22 желтоқсан 1894 (3 қаңтар 1895) - 1917
жылға дейін Қоғамның қамқоршысы.
- В. В. Путин. Қамқоршылық кеңестің төрағасы (18. 11. 2009 ж.
бастап) .
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы (ИОГҚ) қай жылы
құрылды?
- ИОГҚ-ның құрылу мақсаты?
- Қоғамның құрылымы қандай болды?
- 1917 жылға дейінгі ИОГҚ мүшелерінің саны қанша болды және құрамы
кімдерден тұрды?.
- Қоғамның меценаттары мен қамқоршыларын атаңыз?
ДӘРІС 2.
ИМПЕРАТОРЛЫҚ ЖАРҒЫСЫ МЕН БАСҚАРЫЛУЫ
- Императорлық Жарғысы.
- ИОГҚ-ның басқарылуы.
- Аппарат басшылары.
- РГҚ басқару органдары.
- ИОГҚ-ның аймақтық бөлімшелері.
- ИОГҚ-ның құрметті атақтары мен наградалары.
Дәрістің мақсаты - Императорлық
Жарғысымен, басқарылу принциптерімен, оны бақару органдарымен, аппарат басшыларымен, аймақтық бөлімшелерімен, ИОГҚ-ның құрметті атақтары мен наградалары мен таныстыру.
Тірек сөздер - ИОГҚ-ның төрағалары мен президенттері, Құрметті
президенттер. вице-төрағалар (вице-президенттер), Медиа-кеңес, Басқарушы кеңес, Ғылыми кеңес, Ақсақалдар кеңесі, Өңірлер кеңесі, Атқарушы дирекция, Тексеру комиссиясы, РГҚ-ның аймақтық бөлімшелері, медальдар, ИОГҚ-ның Константиновтік медалі, құрметті пікірлер мен дипломдар,
Императорлық Жарғысы. Орыс Геог-
рафиялық Қоғамы - 1845 жылы құрылғаннан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан Ресейдегі жалғыз қоғамдық ұйым. ОГҚ-ның жарғылары өзінің 177 жылдық тарихында қоғамның заңды мінсіз сабақтастығын сенімді түрде көрсетеді. Императорлық алғашқы жарғысын Николай I 1849 жылы 28 желтоқсанда (1850 ж. 9 қаңтар) бекітті. Қазіргі қолданыстағы Жарғы 2014 жылғы 7 қарашада қоғамның XV Съезімен бекітілген.
ИОГҚ-ның басқарылуы. Әр жылдары Орыс географиялық қоғамын
Ресей Императорлық үйінің өкілдері, әйгілі саяхатшылар, зерттеушілер және мемлекет қайраткерлері басқарды.
ОГҚ-ның бас ғимаратының баспалдақтары бойындағы қабырғадағы ОГҚ басшыларының портреттері. Санкт-Петербург, 28 наурыз 2013 жыл.
ИОГҚ-ның төрағалары мен президенттері. Қоғамның басшылары, тағайындау кезіндегі атақтары мен лауазымдары:
Вице-төрағалар (вице-президенттер) .
1850 - М. Н. Муравьёв (вице-төраға) .
1857 - Ф. П. Литке (вице- төраға) .
1873 - П. П. Семёнов (вице-төраға) .
1914 - Ю. М. Шокальский (вице-төрға) .
1917 - Н. Д. Артамонов (вице-төраға) .
1920 - Г. Е. Грумм-Гржимайло (вице-төраға) .
1931 - Н. Я. Марр (1931 жылдан бастап басшының орынбасарлары вице-президенттер болып атала бастады) .
Аппарат басшылары.
1850-1854 - К. И. Арсеньев (төрағаның көмекшісі) .
1854-1857 - К. И. Лёвшин (төрағаның көмекшісі) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz