Тәрбие технологияларының жіктелуі
6. Тәрбие технологиясы - тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі
Талқыланатын сұрақтар:
1. Технология ұғымына жалпы сипаттама
2. Тәрбие технологияларының өзіндік ерекшелігі.
3. Тәрбие технологияларының жіктелуі
Технология ұғымына жалпы сипаттама.
Технология - өндірістік үдерістерді жүргізу құралдары мен әдістері
туралы білімдердің жиынтығы; белгілі бір істе, шеберлікте, өнердегі әдістерді қолдану жиынтығы; қызметті процедуралар мен операцияларға ұтымды бөлшектеу арқылы одан әрі үйлестіру және оны орындаудың оңтайлы құралдары мен әдістерін таңдау арқылы жүзеге асыру.
Тәрбие технологиясы - бұл тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым қатынасты орнататын ғылыми негізделген әдіс тәсілдер жүйесі.
Педагогикалық технология - педагогикалық үрдіске қатысушылардың белсенді іс-әрекетін көздейтін, нәтижеге жетуге мүмкіндік жасайтын үрдістер мен әдістердің бірізділігі және жиынтығы.
Тәрбие технологияларының өзіндік ерекшелігі.
Қазіргі кезде мектепте көптеген жылдар бойы дәстүрлі технологиялар үлкен жетістіктермен қолданылып келеді:
Топтық тәрбие ісін ұйымдастыру және өткізу технологиясы
Ынтымақтастық педагогикасы
Адамгершілік-тұлғалық технология
Ұжымдық шығармашылық тәрбие технологиясы
Гуманитарлық ұжымдық тәрбие технологиясы
Жақында заманауи білім беру технологиялары да кең таралды:
Денсаулық сақтау технологиясы;
жоба технологиясы;
тұлғалық-дамытушылық диалог технологиясы;
жанжалды педагогикалық шешу технологиясы;
ақпараттық-коммуникативтік технология;
әлеуметтік жобалау;
Арт технологиясы.
Тәрбие технологиясына байланысты Г.К.Селевко педагогикалық технология ұғымын үш деңгейде бөліп көрсетеді:
I. Жалпы педагогикалық технология, ол педагогикалық жүйе ұғымының синонимі ретінде тұтас педагогикалық үрдісті (дидактикалық, тәрбиелік) сипаттайды, оған мақсат, мазмұнын, құралдар мен әдістердің жиынтығы, үрдіс субьектілері іс-әрекетінің алгоритмі жатады. Тәрбие үрдісінің (педагогикалық жүйенің) жалпыпедагогикалық технологиялары:
- гуманды-тұлғалық технология (Ш.А.Амонашвили), оның өзіндік сипатына келетін болсақ, ерекше мақсатты бағдары бар, баланы оның тұлғалық қасиет-сапаларын (рухани жан дүниесін, танымдық күштерін, т.б.) аша отырып, қалыптастыруды, дамытуды және тәрбиелеуді қамтамасыз етеді. Бұл бағытта тәрбиенің идеалы - өзін-өзі тәрбиелеу деп саналады.
- Павлыш мектебіндегі В.А.Сухомлинскийдің тәрбие жүйесі, оның өзіндік ерекшелігі педагогика тарихынан белгілі.
- А.С.Макаренконың коммуна жүйесі, оған қазіргі А.А.Католиковтың еңбек тәрбиесі моделі негізіндегі агромектеп бағдарламасын жатқызуға болады. Оның коцептуальды идеялары: еңбек - тұлғаны қалыптастырудың негізі; әрбір балаға қызығушылық пен көңіл бөлу; әр баланың өз қызығушылығы болуы керек, өмірге құштарлығын іздеу; мектеп-шаруашылық формасында өндірістік еңбек пен оқытуды біріктіру; балалардың өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі бақылауы және т.б.
- Мектеп - тәрбие жүйесі (В.А. Караковский), оған зерттеу барысында жан-жақты сипаттама беріледі.
- Орыс мектебі авторлық модель (И.Ф.Гончаров, Л.Н.Погодина) мақсатты бағдары бар: жоғары адамгершілікті, білімді, рухани бай, еңбексүйгіш, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға, шығармашылыққа қабілетті, Отансүйгіш; тәрбиенің дәстүрлі орыс мәдениетін жаңартуға бейім,ұлттық сана-сезімі дамыған, ұлттық мінез-құлықты жаңа орыс адамын қалыптастыру және т.б.
- Артек Халықаралық балалар отралығының тәрбиелік жүйесі, оның тәжірибесі әлемге әйгілі.
II. Әдістемелік (пәндік-дидактикалық немесе тәрбиелік) педагогикалық технология, яғни бір пән көлемінде белігілі бір оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы немесе мектептегі, сыныптағы тәрбиенің бағыты. Әдістемелік тәрбие технологиялары:
- Шығармашылық бөлме, онда басты идея балаланың шығармашылық қабілетін әртүрлі оқудан тыс іс-әрекеттерде айқындау және дамыту (И.П.Волков).
- Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет жағдайында қоғамдық шығармашылыққа тәрбиелеу технологиясы (И.П.Иванов).
- Ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің тұлғалық-бағдарлық технологиясы (С.Д.Поляков).
- Педагогикалық қолдау технологиясы (О.С.Газман).
- Этикалық грамматика курсы арқылы адамгершілік тәрбие жүйесі (А.И. Шемшурина (1-9 сыныптар).
- Жоғары сыныптар үшін Адамтану өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу авторлық курсы (Өзін-өзі дамыта оқыту технологиясындағы Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі авторлық курсы) Үйдегі тәрбие арнайы журналдағы ата-аналар үшін теориялық-практикалық педагогика және психология технологиясы.
III. Локальды (модульдік) педагогикалық технология, яғни оқу-тәрбие үрдісінің жеке бөліктерінің, оның дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін шешеді. Локальдық (модульдік) тәрбие технологиясына:
- педагогикалық қатынастар технологиясы, оның өзі арнайы технологиялардан тұрады: педагогикалық талаптар, ақпараттық әрекет, тәрбиелік ортаны құру, топтық іс-әрекетті ұйымдастыру (мақсатты модулдік технологиялар, жағдаятты талдау, оқушыларға іс-әрекет тәсілдерін меңгерту, кикілжіңді тудыру және шешу, табысқа жету және сәтсіздікті жеңу жағдаяттарын құру, іс-әрекетке (қылық, іс) педагогикалық реакциялар, жеке даралық және саралау технологиясы, педагогикалық бағалау технологиясы, этикалық қорғау технологиясы және т.б. (Н.Е.Щуркова, В.Ю.Питюков, Д.Д.Рогозина, А.П.Савченко және т.б.).
Тәрбие технологиялары келесі жүйелік компоненттерді қамтиды:
Диагностика
Мақсат қою
Жобалау
Жобалау
Ұйымдастырушылық-белсенділік компоненті
Бақылау-басқару компоненті
Мазмұндық компонент
3. Тәрбие технологияларының жіктемесі.
I. Педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына негізделген технологиялар:
- ынтымақтастық педагогикасы;
- ізгілік-тұлғалық (Ш.Амонашвили);
- әдебиет пәнін адамды қалыптастыратын пән ретінде оқыту (Е.Н.Ильин) және т.б.
- Табыс жағдайын ұйымдастыру технологиясы
II. Материалды дидактикалық тұрғыдан жетілдіру және қайтадан өңдеуге негізделген технологиялар:
- Экология және диалектика (Л.В.Тарасов);
- Мәдениет диалогы (В.С.Библер, С.Ю.Курганов);
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (П.М.Эрдниев);
- Ақыл-ой әрекеттерін кезеңмен қалыптастыруды іске асыру (М.В.Волович).
IV. Табиғатпен үйлесімділік технологиялары:
- сауаттылықты табиғатпен сәйкестіру арқылы тәрбиелеу (А.М.Кушнир);
- өзін-өзі дамыту технологиясы (М.Монтессори).
V. Дамыта оқыту технологиялары:
- дамыта оқыту жүйесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов);
- тұлғаның шығармашылық сапаларын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі (И.П.Волков, Г.С.Альтшулер, И.П.Иванов);
- тұлғаға бағдарланған дамыта оқыту (И.С.Якиманская);
- өзін-өзі дамыта оқыту (Г.К.Селевко).
VI. Альтернативті технлогиялар:
- Вальдорф технологиясы (Р.Штейнер);
- ерікті еңбек технологиясы (С.Френе);
- Ықтимал білім беру технологиясы (А.М.Лобок);
- Шеберханалар технологиясы.
VII. Авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары:
- бейімделу педагогикасына негізделген (Е.А.Ямбург, Б.А.Бройде);
- Орыс мектебі моделі;
- өзін-өзі анықтау (А.Н.Тубельский);
- Мектеп - бақ (М.А.Балабан);
- Аграрлық мектеп (А.А.Католиков);
- Ертеңгі күннің мектебі (Д.Ховард).
VIII. Оқушылардың іс-әрекетін белсендіруге және интенсификациялауға негізделген технологиялар:
- ойын технологиялары;
Бұл технологиялардың ортақ белгісі оқушылардың өздігінен дамуын, шығармашылық деңгейінің артуын, тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш технологияларды қолдану тәрбиелеу үрдісінің қызметін тиімді жүзеге асыруға ықпал жасайды.
Студенттің өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Технология, Педагогикалық технология ұғымына берілген анықтамаларды кесте түрінде көрсетіңіз.
2. Тәрбие технологиясы ұғымының мәнін ментальдық карта арқылы ашып көрсетіңіз.
3.Технологияның тәрбие әдістемесінен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы анықтаңыз.
4. Топтық тәрбиелік істі ұйымдастыру мен өткізу технологияларына ынтымақтастық педагогикасы (Н.Н.Хан), ізгілік-тұлғалық технология (Ш.А.Амонашвили) сипаттама беріңіз.
5. Н.Е.Шуркова кез келген технология педагогикалық ықпал жасау мақсаты мен оны педагогикалық қызмет үрдісінде аша білу аясында оқытуды немесе тәрбиелеуді түрлендіру үшін процедураларды қолдану жүйелілігіне ие деп есептейді. Осы пікірді талқылау, өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз.
6. Тәрбие технологияларын (В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Ф.А.Мустаева, Ж.А.Қараев, Ж.Ж.Жампейсова, Л.Е.Никитина, И.П.Подласый, Г.К.Селевко) жіктемесі бойынша сипаттаңыз.
7. Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Талқыланатын сұрақтар:
1. Тәрбиелік іс-шара, тәрбиелік іс ұғымдары. Тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау, моделдеу және іске асыру кезеңдері. Іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар, педагогикалық талдау.
2. Ұжымдық шығармашылық істі (ҰШІ) ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. ҰШІ-тің тәрбиелік мүмкіндіктерін іске асыру шарттары.
3. Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
Тәрбиелік іс-шара, тәрбиелік іс ұғымдары.
Тәрбиелік іс - бұл тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастырудың және іске асырудың бір түрі.
Тәрбиелік іс-шара - бұл оқушылар қызметін ұйымдастырудың оперативті, уақытша, өзгертілген алуан түрлі амалдары.
Тәрбиелік іс-шара оқушылар қызметін ұйымдастырудың оперативті, уақытша, өзгертілген алуан түрлі амал.
Іс-шара ұғымының орнына бүгінде ұжымдық шығармашылық жұмыс деген ұғымдар қолданылуда.
Бұл жұмыстар мектеп оқушысының жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тәрбиелік іс тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастырудың және іске асырудың бір түрі.
Тәрбиелік іс-шараларға тұтас мектептің тәрбиелік әрекеті мазмұнын жаңарту жолында ерекше мән беріледі.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие - қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы, онда пайдаланылатын жаңа технология қаншалықты әр түрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл, әрі табысты болады.
Сынып, сыныптан тыс және мектептен тыс (оқудан және сабақтан тыс) тәрбие жұмысы тәрбие сағатында, сабақтан тыс уақытта мектепте, мектептен тыс мекемеде, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде, тұратын жерінде баламен және жасөспіріммен жүргізілетін жұмыстар.
Тәрбие жұмысының міндеттері: жан-жақты тәрбиені іске асыру; қоғамдық және танымдық белсенділікке тәрбиелеу; алуан түрлі білім салалары мен іс-әрекет түрлеріне тереңірек қызығушылығын ояту; қабілеттерді айқындау және дамыту; кәсіби бағдар беру; бос уақытты мәдени ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысының қағидалары: оқудан тыс сабақтың формасын және бағытын таңдаудағы еріктілік, еркінділік; тәрбие жұмысының мақсатын кешенді тұр,ыдан жүзеге асыру, жүйелілік; баланың ынталығы мен дербестігі, тұлғалық бағдарлығы; қиялдану, ойын, қызығушылық; көпшілік, жекелік және ұжымдық жұмыс формасы; оқудан тыс тәрбие жұмысының барлық түрінің сабақтастығы мен өзара әрекеттестігі.
Тәрбие жұмысының түрлері: мазмұны бойынша: жалпы - дәріс, кеш, байқаулар; арнайы - этетикалық және азаматтық тәрбиенің формасы, т.б.; қатысушылардың саны бойынша: жеке; топтық; көпшілік.
Сондықтан тәрбиелік іс-шараның мынадай функцияларын атап өтуге болады:
- қоғам мен ортаның жаңғыруы, кәсіби өзін-өзі тануы және үздіксіз білім беру жағдайында тұлғаның әлеуметтенуі үшін педагогикалық жағдайлар жасауы;
- жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттар жағдайында тұлғаның өз қабілеттерін іске асыруға, ұлттық және әлеуметтік мәдениетке бағытталуы;
- білім беру кеңістігінің бірегейлігін қамтамасыз етуі;
- тәрбиелік кеңістіктің мазмұнын жаңартылуы;
- Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында базалық құндылықтарды меңгеруі.
Тәрбиелік іс-шараларды өткізу серіктестік, бірлескен шығармашылық, бірлескен әрекет тұрғысындағы қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие мақсаттарына жету амалдары бұл Тәрбиенің тұжырымдамалы негіздерінде белгіленген тәрбиелік жұмыстағы басым бағыттар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі нің 2015 жылғы 22 сәуіріндегі № 227 [7] бұйрығымен бекітілген):
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;
- рухани-адамгершілік тәрбие;
- ұлттық тәрбие;
- отбасы тәрбиесі;
- еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
- көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
- зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
- дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
2. Ұжымдық шығармашылық істі (ҰШІ) ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. ҰШІ-тің тәрбиелік мүмкіндіктерін іске асыру шарттары.. Тәрбиелік істің негізгі ерекшеліктері: қажеттілігі, пайдалылығы, іске асырылатындығы. Тәрбие үрдісі өзара қиылыспайтын тәрбиелік істердің тізбегінен тұрады. Тәрбиелік істер ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие болады, сондықтан ұжымдық тәрбиелік істер (ҰШІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.
Ұжымдық шығармашылық іс әдістемесін ХХ ғасырдың 60-жылдары И.П.Иванов жасады. Ол бұл іс-әрекеттің төмендегідей мәнін ашып көрсетеді:
- қоғамдық іс, өйткені ол өз ұжымының өмірі мен айналадағы өмірді жақсарту үшін қамқорлық жасайды, жалпыға бірдей қуаныш пен игілік әкелуге арналған практикалық және ұйымдастырушылық әрекеттердің жиынтығы болып табылады;
- ұжымдық іс, өйткені ортақ азаматтық қамқорлық ретінде мұны оқушылар мен тәрбиешілер бірлесіп жоспарлайды, дайындайды, талқылайды және іске асырады;
- шығармашылық іс, өйткені ойластырылған істі жоспарлаудың, іске асырудың, істелінген істі бағалаудың негізінде барлық оқушылар тәрбиешілермен бірге болашаққа сабақ ала отырып, тәрбиешілердің басшылығымен өмірлік маңызды практикалық міндеттерді шешудің жетілдірілген жолдарын, тәсілдерін, құралдарын іздестіреді, оның үстіне бұл догмаға айналмай, шаблон бойынша істелінбей, әрқашан жаңа нұсқалар түрінде көрінеді. Бұл әдістеме коммунарлық деп аталды, оның негізгі мақсаты ұжымшылдыққа тәрбиелеу болды.
Қазіргі уақытта да ұжымдық іс-әрекет, дербес және ұжымдық шығармашылық арқылы ересектер мен балаларды ынтымақтастыққа үйретуді көздейді.
Ұжымдық тәрбиелік істердің негізгі кезеңдері мыналар:
- мақсат қою (жағдайды талдау, тәрбие мақсаттарын айқындау);
- ұжымдық тәрбиелік істі ұжымды түрде жоспарлау;
- істі ұжымды түрде ұйымдастыру және әзірлеу;
- ұжымдық тәрбиелік істі өткізу;
- ұжымды түрде қорытындылау (қол жеткізген нәтижелерді талдау).
Ұжымдық тәрбиелік істерді жоспарлау ұжымның жалпы жиынында өтеді. Жоспаралау барысында мынадай мәселе айқындалуы тиіс: бұл істі кім үшін өткізу керек? Оны қалай жақсы өткізу керек? Бүкіл ұжым немесе жекеленген шағын ұжымдар (қалауы бойынша) немесе еріктілер қатысқан жөн бе? Іске кім басшылық жасауы керек? Қашан өткізу керек?
Күрделі тәрбиелік істерді тізбекті сызба әдісімен жоспарлауға болады. Мұндай жоспарда көрнекі және қабылдауға жеңіл болатындай етіп мақсатміндеттерді, оларға жету жолдарын, қатынасушыларды, жұмыстың формалары мен әдістерін, аралық кезеңдерді айқын көрсету және идеяны түсіну үшін қосымша ақпараттар беру көзделеді. Тізбекті сызбалар көрнекі жерге ілінеді. Өткізілген бөлімдер арнайы белгімен белгіленіп отырады.
Жоспарлау барысында мынадай талаптарды басшылыққа алу керек:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz