СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Аңдатпа: Жас ерекшелігі психологиясы -- психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні -- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
Педагогикалық психологияның пәні -- оқыту мен тәрбиелеудің. психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық психология окыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінін калыптасуын зерттейді, акыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, окыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-катынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология окушыларға жеке-дара қатынас жасауға банланысты мәселелерді де зерттейді.

Мақсаты:
Студенттерді онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелелері бойынша негізгі теорияларын және тұжырымдамаларын,практикалық білімдерімен ұштастырып,олардың кәсіби психологиялық дайындықтарын күшейту,студенттерге жүйелі түсініктерді қалыптастыру,даму психологиялық бөлімнің бір бөлігі ретінде:онтогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін тереңдетіп меңгерулеріне мүмкіндік береді.

Міндеттері:

Жас ерекшелік психологиясында қолданылатын әдістерді жинақтау және эксперименттік зерттеу кезінде қалыптасқан және түзету әсерінен алынған ақпараттық мәліметтерді талдау туралы.Баланың психикалық дамуының жағдайлары мен толықтай мазмұнын,жүруін бақылау үшін әдістемелік база құру.

Өзектілігі:

Жас психологиясы студенттердің психологиялық дайындау жүйесінде ерекше орын алады.Психиканың даму заңдылықтары мен механизмдері туралы білімдері білім беру жүйесінде,сонымен қатар қоғамдық өмірдің басқа да салаларында, психологтың практикалық іс-әрекетінің негізі болып табылады.

Нысаны:
Мамандыққа кіріспе, Жалпы психология, Психодиагностика,пәндері. Бұл пәндерді оқу барысында студенттер төмендегідей біліктіліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс. Негізгі даму психологиясы пәні бойынша ұғымдар мен анықтамалардың мәнін түсіну.Оқу танымдық іс-әрекет үдерісінде алған білімдерін өз бетімен қолдана білу.
Оқуту дәріс,практикалық сабақ түрінде өтеді. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру,тесттерді орындау,ауызша сұрау түрінде,жеке семестрлік тапсырмалар оларды қорғау түрінде жүзеге асады.

Мазмұны:

Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
І. Жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-7

ІІ.Жас ерекшелігі психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-10

ІІI. А. С. Макаренко психологиялық тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ... ..11-14

ІV. Советтік жас ерекшелік психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-17

V. Жас ерекшелігі психологиясының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-19

Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Кіріспе
I.Жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы.
Жас ерекшелігі психологиясы -- психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні -- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
Педагогикалық психологияның пәні -- оқыту мен тәрбиелеудің. психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық психология окыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінін калыптасуын зерттейді, акыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, окыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-катынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология окушыларға жеке-дара қатынас жасауға банланысты мәселелерді де зерттейді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының біртұтастығы зерттелу объектісі -- бала, жеткіншек, жас өспірім -- ортақтығымен түсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамнкасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалык психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы -- жас ерскшелігі психологиясыныц бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы -- педагогикалык психологияның бөлімдері. Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалык және жас ерекшеігі психологиясына теңдей катысты. Педагогикалык және жас ерекшелігі психологиясы ажырамастай біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесінде карастырады. сонымен бірге окыту мен тәрбиелеу де өзінен-өзі окыту мен тәрбнелеудің объектісінен, яғни баладан тыс каралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шекарасын шартты ете түседі.

Жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы. Педагогикалык және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жарты-:нна жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалык ой-пікірге көрнекті орыс педагогы Қ. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның Адам -- тәрбие тақырыбы деген жұмысы едәуір үлес косты. Адамды жан-жакты тәрбиелеуте ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, Л. Д. Ушинский мұғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: ...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың зандарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды колданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар -- деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты..
Педагогиканы жалпы психологиямен байланыстырып, осы косындыдан жаңа педагогикалық психология көруге тырысудың сәтсіздігінің тағы бір себебі жалпы психологияның А. П. Нечаев бағдар алуға тырысқан теориялық негіздері сипаты жағынан идеалистік болғандығынан еді. Педагогикалық психологияның (1910-жылдан бастап эксперименттік педагогика деп аталған) негізсіздігі жұрттың бәріне айқын болды.

ІІ. Жас ерекшелігі психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты проблема. Окыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынас және ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың шешілуіне байланысты.
XX ғасырдың басында педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне кандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жанын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды. Бұл екі бағыт та 30-жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды.
Психнкалық дамуда биологияшылдарға тән тұқым куалаушылык факторларды артық бағалауы, олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға: еруі толық айқындап беріледі. Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз XIX ғасырда Геккель тұжырымдаған белгілі эволюция заңын (онтогенез филогекездіи кысқара қайталануы) жас ерекшелігі психологиясы саласына ауыстыру әрекеті. Кұрсақтағы тіршілігі кезеңде адам ұрығы бір клеткалы жанды заттан адамға дейінгі бүкіл даму сатысын қайталайтыны тәрізді, бала адамзат тарихының негізгі кезеңдерін жаңғыртып шығады. Биологиялық күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады. Мәселен, бала басынан өткізеді-міс деген бес кезең: тағылық кезең, аңшылық кезең, бақташылық кезең, егіншілік кезең, сауда-өндірістік кезең бөліп алынды. Мұндай кезеңге бөлуге сәйкес, бала тағы болып туып, біртіндеп дамудың барлық сатысынан өтеді де, соңғы сатыда ақшаға, саудаға, айырбасқа сөзсіз ынта білдіреді, яғни капиталистік қоғам мұраттарына толық сай болады.
Сонымен, психологиядағы биогенетикалык заңының негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ол сыртқы фактор ретінде қайсыбір табиғи тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады деген идея жатқызылды. Биогенетикалық заңнан кертартпа педагогикалық қорытындылар шығарылды. Бала дамуының табиғи барысына араласу жіберуге болмайтын қателік ретінде қаралды. Биогенетизм еркін тәрбие деген педагогикалық теорияның психологиялық
Аса көрнекті совет педагогы Н. К- Крупская бұл кезеңде педагогтар түсіндіруде айтарлықтай қателіктер жіберген жас ерекшелігі психологиясының проблемасы және жаска қарай даму проблемасының педагогика мен педагогикалық психология үшін өз маңызын жойып алмауына камқорлык жасап отырды.
20 -- 30-жылдарда педагогикалық психология саласында казіргі психологияның табиғи кұрамына енген мол зерттеушілік мағлұматы бар орасан көп ғылыми жұмыстар жасалды. Дәл осы кезде бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоймаған көптеген психологиялық-педагогикалық концепциялар қалыптасады. Олардың ғылыми кұндылығы қазіргі кезде, қай кездегіден де, айқынырақ және нақтырақ ұғынылып отыр. Осыған байланысты баланың жеке басы және балалар коллективі жөнінде А. С. Макаренко тұжырымдаған көзқарастар жүйесі (кейін ол жүйе жеке адам мен коллективтің даму проблемаларына. арналған бірқатар психологиялық зерттеулердің канат жаюына негіз болды) және Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы аталуы тиіс.

III. А. С. Макаренко психологиялық тұжырымдамасы.

Бала және оның дамуы жөнінде 20 жылдарда және 30-жылдардың бірінші жартысында қалыптасқан А. С. Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық кезқарастары жеке адамды коллективте калыптастыру жөніндегі кемелденген ілім болып есептеледі. А. С. Макаренконың ілімі оның орасан бай педагогикалық тәжірибесін жинактап қорытты және өскелең ұрпаққа коммунистік тәрбие беру саласындағы одан кейінгі жұмыстарға негіз болды.
Макаренконың ғылыми концепциясында жеке адамның даму психологиясы әр кырынан алынып (жеке адам мен коллективтің өзара қарым-қатынасы, жеке адам дамуының перспективалық жолдары, жеке адамның мотивтік сферасынын калыптасуы, мінез-құлықтың қалыптасуы т. б.) қарастырылды.
Мәселені бұлай қою Макаренкоға жеке адамның коллективтегі жағдайын өзгерте отырып, оған елеулі калыптастырушылық ыкпал жасауға мүмкіндік берді. Оның үстіне тәрбиеленуші өзінің тәрбие объектісі болып отырғаныи (параллельді әсер ету принципі) сезбей де қалатын.
Макаренко жеке адам қасиеттерін зерттеуге үлкен мән берді. Бұл, алдымен тәрбие мақсаты әрбір жеке адамның қасиеттерін, мінез-құлық көріністерін және олардың даму жолдарын жобалап құрудан туындады, ол әрбір жеке-жеке адам үшін айқын белгіленді. Педагогтың жалпы комплекске біріктірген жеке адам белгілері тізбегінің өзі-ақ (адамның коллективте өзін-өзі сезінуі, оның коллективтік байланыстары мен әрекеттерінің сипаты, тәртіптілігі, іс-әрекет жасауға және тежелуге даярлығы, әдеп пен бағдарлау қабілеті, принциптілігі мен эмоциялық перспективалық талпыныстары совет адамының елеулі қасиеттеріне терең психологиялық талдау жасағанын көрсетеді. Макаренконың Тәрбие процесін ұйымдастыру методикасы деген еңбегіндегі тәрбиеленушілерді зерттеу схемасы да, тәрбиеленушілердің жеке басының белгілерін кысқа да дәл суреттей отырып, оларға берген тамаша мінездемелер де осыны дәлелдейді.
.
Выготский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс процесінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек -- адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адамның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді т. б.) пайдалануы негізінде мүмкін болады. Құрал мен белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен керінеді. Құрал мен, белгі арасындағы айырмашылық олардың түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез-құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін шексіз күшейтіп, кеңитіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін өзгеріске түсіреді.
Сонымен, барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л. С. Выготский адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Әлеуметтік мінез-құлықты генетикалық түрде жеке-дара мінез-кұлықтан шығарған дәстүрлі психологияға қарама-карсы Л. С. Выготский жоғары психикалық функциялар алдымен адам арасындағы қарым-қатынастар ретінде қалыптасады да, тек содан кейін ғана жеке адамның психикалық функциясына айналады деп көрсетті. Мәселен, сырттай қарағанда ой-пікірлер, дәлелдемелер, айғақтар, генетикалық түрде ой-толғаныстарының қактығысынан туындайтын таластан бұрынырақ болатын сияқты көрінсе, Выготскийдің теориясына сәйкес, талас ой толғаныстарын туғызады. Жеке адамның қалыптасу процесі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.
VI. СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы советтік психология ғылымының ертеден келе жатқан және тұрақты дәстүрі бар неғұрлым дамыған саласы. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларын ғылымды күрделі еңбектерімен байытқан белгілі советтік психолог-ғалымдар Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Цавыдов, А. В. Запорожец, Л. В. Занков, Г. С. Костюк, А. И. Леонтьев, Н. А. Менчинская, Н. Ф. Талызина, Д. Б. Эльконин т. Б. Нәтижелі зерттеді және зерттеп келеді.
Қазіргі совет психологиясының маңызды концепцияларының негізіне жеке адамның іс-әрекеті арқылы белсенді түрде материалдық және рухани мәдениет заттарында сақталған адамзаттың тарихи тәжірибесін иеленуі тиіс деген Л. С. Выготский идеяларымен байланысты пікір жатады. Тек сонда ғана жеке адам қоғамның толық дәрежелі мүшесі бола алады. Бұл нәтижесінде индивидуумның тарихи қалыптасқан адам қабілеттері мен функцияларын қайта жаңғыртуды жүзеге асыратын процесс болады.
Психикалық даму әлеуметтік тәжірибені меңгеру жолымен, оқыту арқылы жүзеге асады деген идея, тек оқыту психологиясы үшін ғана емес, сонымен бірге тәрбие психологиясы үшін де басты идея болып табылады. Әлеуметтік тәжірибені игеруші жас адамның жеке басының қалыптасуы автоматты түрде емес бүкіл тәрбиелік әсерлерді дәнекерлейтін (Л.И. Божович, Т.Е. Конникова т.б.) оның ішкі жан дүниесінің, ішкі позициясының өзгеруі арқылы болады. Тәрбие нәтижесінде қалыптасқан адамның қажеттіліктерін, оның мұратын бағалауын әрі өзін-өзі бағалауын білдіретін жеке адамның іс-әрекет мотивтерінің жиынтығы, позициясы жоғары саналынып өткен ішкі жағдайлар арқылы болатын түрлі сыртқы іс-әрекет әсерлеріне жеке адамды біршама тәуелсіз етеді. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас шамасына қарай дамуын кезеңдерге бөлу
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Психологияның жас ерекшелігі
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері
ЖЕКЕ АДАМДАРДЫ МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Баланың дамуының ерекшелігі
Жас ерекшелік психологиясы
Балалар психологиясының зерттеу әдістемесі
Психология пәні және міндеттері
Пәндер