Педагогикалық қарым - қатынас ерекшелігі
ЖШС Школа-гимназия и Колледж КазГУЮ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас және тұлға тәрбиесі
Дайындаған: Бахтыбаева Жансая
Тексерген:
Топ: 405-топ
Ақтөбе қ., 2023 ж.
Мазмұны
Кіріспе
I. Педагогикалық қарым-қатынас
1.1. Педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігі
1.2. Педагогикалық қарым-қатынас бағыттылығы
1.3. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері
1.4. Педагогикалық қарым-қатынас қызметтері
II. Тұлға тәрбиесі
2.1. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі
2.2. Тәрбие ісіндегі балалардың жас ерекшеліктері
Қорытынды
Кіріспе
Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге білім берудің теориялық негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі мемлекеттік маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, оның коммуникативтік әлеуетін кеңіту Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі деп бекітілген қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады.
Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.
Көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев) еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады. Тұтас педагогикалық үдерістің (З.Ж. Жанабаев, М.С. Молдабекова), өзара қатынас мәселесінің (Р.Г. Баранцев, Е.Н.Князева, М.А. Весна, т.б.) синергетикалық тұрғыдан қарастырылуы ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың дамытушылық функциясымен тығыз байланысты шығармашылық әлеуетінің зор екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал бар және Лермонтовтың жұлдыз жұлдызбен тілдеседі деген метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады [3, 10 б.].
Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық. Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: не айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек. Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды, себебі небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді [3, 13 б.].
Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі - сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті - не, қайда және қалай сөйлеуді сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі орынды болса, сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.
Сонымен бірге, қарым-қатынас - XX жүз жылдықтың проблемасы. Өйткені, егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда тілдік қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.
Тілдік қарым-қатынас бүкіл дүние жүзінде кеңінен зерттелінеді. АҚШ-тың өзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми қызметкерлер айналысатынын айту жеткілікті. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар құрылған (мысалы, Карнеги орталығы). Соның өзінде, осы уақытқа дейін қарым-қатынас түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде бірлік жоқ. Әрине, зерттеушілердің түрліше, түрлі көзқарас бойынша осы процеске түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік, т.б. түрлі келістерді ұсынулары орынды. Қарым-катынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді.
Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың ажырамастығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара әрекеттесу құралы ретінде ... тіл және ақша болады [4, 92 б.]. Бұл - бір жағынан, қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты мен мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл жерде, осы вербалды қарым-қатынастың күрделілігі мен кемеліне жеткендігі оны келесі форма түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, мұнда қарым-қатынас процесінің жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл, неғұрлым жалаң және неғұрлым оған тән түрінде беріледі [5, 15 б.].
Екіншіден, бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет бірлігіне негізделеді, ол қарым-қатынастың кез-келген формалары бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары деп ұйғарады [5, 93 б.]. Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын қарым-қатынасты субьектілердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы ретінде санауға мүмкіндік береді.
I. Педагогикалық қарым-қатынас
Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл - аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Функционалды түрде - бұл білім беру процесінің барлық субъекттерінің қатынастарын орнатушы контакттік (дистанттік), ақпараттық, түрткі болушылық үйлестіруші өзара әрекеттесу. Ол көп объектті бағыттылықпен, көп ақпараттылықпен, көрнектіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Онда құрылатын оның барлық сипаттамаларының арнайы ерекшеленген синтезі, білім беру процесінің субъекттерінің өзара әрекеттесуінің жаңа сапалық мазмұнынан көрінеді, ол осы субъекттер қатысатын қатынастар жүйесінің немесе педагогикалық жүйе ерекшеліктерімен анықталады.
Н.В. Кузьминаның көрсетуінше, педагогикалық жүйе - қоғамдық - тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды.
Осы кең контексте пеадгогикалық қарым-қатынас ...оқушылар-дың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, психологиялық кедергінің пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ - педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы ретінде анықталады. Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.

Педагогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі, бұрын көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде - мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты әрекетте-суінің органикалық бөлігі. А.А. Брудный атап көрсеткендей, ... мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда өзін-өзі көрсету (самовыражение) екені де табиғи...
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, Адам-Адам схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің және т.б. кез-келген кәсіби өзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда аталған өзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. ...Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен адамзат ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты қарапайымдылықпен үйлескен көңіл-күй серпілісін көрсете алса, - онда, осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани үйлесімді, өмірде жиі болатын тұлға аралық қақтығыстарды адамгершіліктік тұрғыда шеше алуға қабілетті болып қалыптасады... [68, 4 б.].
Өзара әрекеттесудің осы түрлері үшін ортақ болып табылатын К. Роджерс белгілеген, қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау функциясының маңызы бар. Бұл функцияның маңыздылығы соншалықты болғандықтан, К. Роджерс мұғалім, ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл - мұғалім оқушыға өзін көрсетуге, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге көмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы, қарым-қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы педагогикалық өзара әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының өз маңыздылығын көтеруіне және оның ары-қарай дамуына ықпал етеді [191].
Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, онда оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті функцияның бар екенін белгілеуге болады.

Педагогикалық қарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп объектті бағыттылығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара әрекеттесуінің өзіне олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы өзара әрекеттесудің өзіне, үйренушілерге (олардың қазіргі жағдайлары, дамудыңболашақтағы бағыттары) және игеру пәніне (меңгеру).
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас оның субъекттеріне үш жақтық бағдарлануымен де анықталады: тұлғалық, әлеуметтік және пәндік. Мұғалім (оқытушы) қандай да бір оқу материалын игеруде бір ғана үйренушімен жұмыс істей отырып, үнемі оның нәтижесін сыныпта отырғандарға бағдарлайды, және керісінше, сыныппен, яғни фронталды жұмыс істей отырып, әр үйренушіге әсер етеді. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі аталған сипаттамалардың бүкіл жиынтығымен айқындала отырып, тұлғалық бағдарланған, әлеуметтік бағдарланған және пәндік бағдарланған қарым-қатынас элементтерінің органикалық үйлесімінен көрінеді. Бұл жерде аталған элементтердің бәрін қамтитын, педагогикалық қарым-қатынас, аддитивті құралу емес ол принципиалды жаңа сапаға ие (Л.А. Хараева).
Қарым-қатынас көпжақты және көпфункционалды құбылыс, оның сипаты өзара әрекеттесудің өзін анықтайды. Қарым-қатынасты қарастырудағы түрлі келістерді талдау негізінде қарым-қатынастың неғұрлым сәйкес стилі іс-әрекетшіл, демократиялық, достық стилі болып табылды.
2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы мен ерекшеліктері.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру маңызды болып отыр. Кәсіби шеберлікті арттыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол ашу керек. Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап баға қояды. Мұғалімнің кәсіби білім деңгейіне қойылатын талаптар, өз еңбегінің нәтижелілігіне жауапкершілік күрделене түсуде. Бұл жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады. Білім беру мекемелерінде негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін жете меңгерген, әдістемелік құралдармен қаруланған, студенттерді түсінетін және олармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер мұғалімдер қажет. Жоғары мектептегі тұтас оқыту-тәрбиелеу процесінің табысты болуы мұғалімнің жеке басын жетілдірумен байланысты болып отыр.
Болашақ маман әрекеті құрамын саралау негізінде кәсіби бағыттылықта оқытудың мақсаты анықталатыны мәлім. Сондықтан кәсіби бағыттылықта оқыту әдістемелік жасау мен жетілдіру салаларында көптеген еңбектер өздеріне кәсіби әрекет құрамдарын: професиограммалар, мамандар моделдері, квалификациялық сипаттамаларды саралауларды қосады. Мамандық моделін жасауда, біздер сонымен елеулі қасиеттерін (сапаларын) танимыз және оларды қалыптастыруға бағытталған әрекетін, яғни, оның оқыту мен тәрбиелеуге байланысты екендігін түсінеміз. Маман иесін елеулі суреттеуде және қай тілде іске асыруда, оның қандай сапаларын таңдауымызға байланысты оқу үрдісін жетілдіру мүмкіндіктері мен бағыттары анықталады деп жазады ғалымдар Д.Б.Богоявлинская мен Н.Менчинская. Ал В.Сластенин маман моделі өзіне кәсіби бағыттылық, психология-педагогикалық және әдістемелік даярлықтарды қосады деп санайды.
2007 жылғы Білім туралы жаңа Заңда педагог қызметкерлердің кәсіби құзырлығын дамытуда ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық және оқулықтарды, интерактивті тақтаны оқу үрдісін тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру арқылы нысанға алынып отыр. Осы күнге дейін интерактивті тақтаны пәндерді оқытуда пайдаланудың тиімді жолдарын пайдалануда.
Пән бойынша берілетін білім мазмұнының меңгерілуі, сол білімді пайдалану арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, ендігі жерде білімінң сапасы нәтижеге бағытталады, іскерлік қатынасы көтеру мақсат етіледі.
Қазіргі заман педагогтары тек пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.
Мұғалімнің кәсібилігі алдымен мұғалімнің адамды сан қилы етіп қалыптастыратын кәсіби іс-әрекетінің жан-жақтылығымен байланысты. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орынды, ұстаздық қызметтің қорытындысы - оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге көзқарас деңгейі алуы керек... Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағалау қажет.
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.
Педагогика тарихында педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің мазмұны әлеуметтік бейімделу, орта және оның коммуникативтік сапалығына байланысты. Әлеуметтік орта-дәл тарихы бар, бұрыннан өмір сүріп келе жатқан өзіндік ерекшелігі, ережесі анықталған қоғамдық ұйым, тайпа. Қарым - қатынастағы мәдениеттілік болашақ мамандардың бойынан табылуы тиіс.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті - міндетті түрде мәдениет ұғымымен тығыз байланысты. Педагогикалық ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас барысында әңгімелесушінің түр - әлпетіне көңіл бөлу, тыңдау мәдениеті, педагогикалық әрекет жасау мәдениеті және қарым - қатынас барысында қолдау көрсету мәдениеті.
Педагогикалық қарым-қатынасқа тоқталатын болсақ, оқу үрдісінде ол төмендегідей сатыдан тұрады.
oo Дайындық сатысы, оқыту қарым - қатынаста болмас бұрын алдын ала сөздік әрекеттерді ойша тағайындау және оны жобалау.
oo Бейімделу сатысы, дәл сол уақыттағы жағдайды бағалау, яғни, оқытушы аудиторияны өзіне қаратып дәл қазіргі жағдайда коммуникативтік міндет бойынша шешімін табу.
oo Жекелік қарым - қатынасты эмоциялық ескере отырып басқару, қарым - қатынасты тұрақтандыру.
oo Қайтымды байланысты сатысы, педагогикалық тиімділікті бағалау және талдау жасау.
Ең тиімдісі төртінші саты, себебі студенттермен байланыс жасау барысында сөздік қарым - қатынастың әсерінен алынған ақпаратқа жауап беріледі, дәл осы кезде оқу әрекетінің негізгі мақсатын қабылдау мен жаңа ақпаратты меңгереді.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтену үрдісі жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарға жақындау және дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам қарым-қатынас үрдісінде жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация әрбір адамның әрекет барысындағы субъектісіне айналып, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым - қатынасты дамытады. Сөйтіп, іс - әрекет барысында тұлғаның ішкі мәдени дамуы бірте-бірте қалыптаса бастайды.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің педагогикалық қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін даярлау барысында педагогика идеялары негізінде педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру қажет.
Бүгінгі таңда кез-келген оқу орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.
Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор технология дегеніміз не? - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.
Педагогикалық техника бағыттылықпен, білімдермен және қабілеттер мен қатар педагогикалық шеберлік компоненттерінің бірі болып табылады.
Мұғалімнің педагогикалық техниканы меңгеруі шынайы практикада оның шеберлігін және қабілеттерінің даму деңгейін көрсетеді.
Педагогикалық техника мұғалім қызметінің ішкі мазмұны мен оның сыртқы көрінісін үйлесімді біріктіретін тәсілдердің жиынтығы.
Педагогикалық техника компоненттері бірнеше топтарға бөлінеді.
oo Бірінші топ педагогтың шеберлігіне байланысты өзін-өзі басқару;
oo өзінің денесін иелеу (денсаулығы, шыдамдылығы, мәнерлі дене қозғалысы мен ым-ишарасы арқылы өзінің көздеген тәрбиелілік мақсатына жету);
oo көңіл-күйін басқару (нақты эмоционалды көңіл-күйінің жағымды түрі, теріс эмоционалды көңіл-күйді туындатпау шеберлігі);
oo әлеуметтік перцепция (назар аудару, елестету, әлеуметтік сезіну - басқа адамдардың көңіл-күйін анықтау және оны сезіну шеберлігі);
oo сөйлеу техникасы (дауыс ырғағы, демі, сөйлеу тембрі мен темпін бақылау).
Педагогика техника компоненттерінің 2-ші тобы білім беру мен тәрбиелеу процестерінде ұжым мен жеке тұлғаның өзара қимыл көзқарасының байланыс шеберлігін анықтайды.
oo ориентациялық шеберлік;
oo мобилизациялық шеберлік;
oo дидактикалық шеберлік;
oo ұйымдастырушылық шеберлік;
oo коммуникативті шеберлік.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың жаңа технологияларын жасауды көздейді.

Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастыңсан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде адамдар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады: вербалды, вербалсыз, интерактивті, перцептивті қарым-қатынас.
oo Вербалды қарым-қатынас - адамдар арасындағы сөз арқылы жүргізілетін қарым-қатынас.
oo Вербалсыз қрым-қатынас - адамар арасындағы ым-ишараға негізделген сөзсіз қарым-қатынас.
oo Интерактивті қарым-қатынас - адамдардың өзара бірі-бірімен тығыз әрекеттестік байланыста болуы.
oo Перцептивтік қарым-қатынас - кез келген қарым-қатынас барысында адамдардың ішкі жан дүниесін түсіне алу, көңіл-күйлерінің қандай деңгейде екенін сезіне білу.
Аталған қарым-қатынас түрлерін педагогика саласындағы мұғалім-оқушы қарым-қатынастық жүйесіндегі ерекшеліктерін қарастырып өтейік.
Вербалды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу үдерісі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербалды қарым-қатынастың негізгі құралы.
Педагогикалық үдеріске қатысушы субъектілерінің сөйлеу шеберліктері арқылы олардың дүниетаным шеңберін, мәдениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінез-құлқын да байқауға болады. Сондықтан көптеген жас мамандардың осал жерлері де осы сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігіне байланысты болып келеді.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының қызметтеріне байланысты іске асырылады. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мән-мағынасын ми жұмысы арқылы талдап қабылдайды. Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ, ағылшын, орыст.с.с.) сөйлеусулері керек. Сөздік (вербалды) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды оқушы санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын тақырыпқа аудара түседі.
Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу үдерісі (мұғалім және жеке бір оқушы немесе оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топадамға жеткізу үдерісі (Мектеп жағдайында мұғалі -ата-аналар, мұғалім-сынып оқушылары жүйесін атауға болады).
Мектеп жағдайында қарым-қатынастың аталған екі түрі де жиі кездеседі. Ол тек оқушы мен мұғалім арасында емес, директор мен педагогикалық ұжым арасында, мұғалім мен мұғалім арасында, мұғалім мен ата-аналар арасында болатын қарым-қатынас. Кейбір мұғалімдер аксиалды қарым-қатынастқа бейім, кейбіреулер - ретиалды қарым-қатынасқа жақын болады. Бірақ шебер педагог болу үшін аталған қарым-қатынастың барлық түрін жақсы меңгеру маңызды.
Аксиалды және ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп тұрған адамды тыңдай алудың өзі өнер. Аксиалды қарым-қатынастағы диалогтың нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (уақыт-тың тығыздығы, ұялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.) алшақтатуына байланысты өзгеріп отырады.
Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына (сынып іші, аудитория, дала, табиғат, т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке), адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр-түрлі болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда оның орны мен уақытының алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды келтіруге болады.
Вербалсыз қарым-қатынас - мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы жүргізілетін сөзсіз қарым қатынас.
Мимика - адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Пантамимика - қарым-қатынастағы сөздік коммуникацияның орнына аяқ-қолдарының қозғалыстары, дене қалыпы, еңкею, шалқаю, жүріс-тұрыс, т.с.с арқылы адамның ішкі көңіл-күйін түсіндіре алудағы іс-қимылдар тілі және бүкіл дене моторикасы.
Мысалы, ақпараттармен алмасудағы семафор әліппесі (шартты белгілер, жалаушалар арқылы), Сэмюэл Морзе әліппесі (1837ж) (тақылдату немесе жарық сигналдарыарқылы), Луи Брайль әліппесі (1843ж. Франция) (соқыр адамдардың арнайы сипап сезілетін рельефтік-нүктелер комбинациялары арқылыоқу-жазу әліппесі), Шарль Мишель де Л'Эпее әліппесі (1775ж. Франция) (саңырау және мылқау адамдардың алақан мен саусақтардың қимылдары арқылы сөйлесу әліппесі) сияқты тілдесудің көптеген әдіс-тәсілдері өмірде орын алып жатыр.
Педагогикалық мамандықта мұғалімнің мимикасы оқушыларға күшті әсер береді. Мұғалім сабаққа күлімдеп кірсе, оқушылардың ынталары, көңіл-күйлері жоғарылай түседі, ал егер ашуланып кірсе, оқушыларда бірден алаңдаушылық, қорқыныш сезімдері, үрей пайда болады.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады. Халықта Көз-адам жанының айнасы-деп тегін айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80%-ын адам көру арқылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін көріп тұрмасақ бізге әңгімені жалғастыру қиынырақ. Мысалы, сіздің әріптесіңіз немесе оқушыңыз көзіне қап-қара көзілдірік киіп отырса, сіз оның көзін көрмегендіктен ыңғайсыздықты сезінесіз.
Адам көңіл-күйінің нашар болуы, әдетте бет-әлпетін тұнжыраңқылығын көрсетеді. Ал күлімдеу, керісінше, оның көңіл күйін жадыратады. Күлімдеп жүру - жан үшін шипа, ал шын көңілмен 3 минут күлу таңертенгі 15 минуттық бойсергітуді алмастырады.
Вербалсыз қарым қатынаста адамның қолының қимылына да көңіл аударып адамның психологиясы жайлы мәліметтер алуға болады. Мысалы, қолын екі бүйіріне таянып тұру - адамның бір істі атқаруға дайындығын, батылдығын, табандылығын көрсетеді. Екі қолын артында айқастырып, басын жоғары ұстау - бастық позасы. Тырнағын тістеу, қайта-қайта киімін түзету - адамның қобалжып, не-месе бір нәрседен ыңғайсызданып отырғанын байқатады. Ашық алақан, жұмылған жұдырық, сұқ саусақты көп көрсету, екі қолды алдында айқастырып ұстау, жағын таянып отыру, басын сипалай беру, иегін сипалай беру, т.б қол қимылдарының әрқайсысы өзіндік ақпараттар белгісі.
Мұғалім еңбегінде такесика деген ұғым да көп рөл атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, қолынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағып, қолпаштап қою, костюмының жағасын түзетіп қою, қол алысып құттықтау т.б қол қимылдары арқылы жасалатын қатынастық белгілер.
Кинесика - адамдардың қарым-қатынас барысында эмоциялық көңіл-күйлерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады. Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы өте маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі басын төмен салбыратып, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады.
Вербалсыз қарым-қатынасты зерттеген ғалым М.А.Поваляеваның ойынша, адамдардың 93%-ның қарым-қатынас барысында ақпаратты айтқанынан емес, оны қалай жеткізгенінен, айту кезінде өзін қалай ұстағанынан жақсы байқауға болады екен. Ғалымның пайымдауынша, адамның қарым-қатынас барысында түрлі жағдайларға байланысты өзін-өзі ұстауында жалпыға көп таралған кинесикалық қалыпты жағдайлар анықталған.
1.4. Педагогикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz