Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 тарау. Теңеулердің табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Теңелердің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Теңеудің грамматикалық қүрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Теңеулердің семантика- стилистикалық сипаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

Кіріспе
Қазақстан Республикасының ұлттық тілі болып саналатын қазақ тілінің қолданыс аясы күннен күнге артып келеді. Сонымен қатар ғылыми қажеттіліктері де айтарлықтай ерекше даму үстінде. Қазіргі кезде қазақ тілін ғылыми салада қолдану мен дамытуға арналған жағдайлар барынша жан-жақты жасалған. Қазақ тілін дамытуда ғылыми- лингвистикалық зерттеулер жүргізілуде . Әсіресе, көркем әдебиет үшін де ұлттық тілдің маңызы орасан зор.
Кез келген тілдің байлығын , орамдылығын, көркемділігін ішкі әлеуетін танытуда әдеби тілдің маңызы зор болады. Көркем әдебиетте тіл бар сұлулығымен танылады.Тіл дамуының бағыт-бағдары да айқындалып,көрініс бере алады. Көркем әдебиетті тудыратын көркемсөз зергерлері ақын-жазущылар екені белгілі. Олардың шығармашылық қуаты тілдің өрісін кеңейтіп,жаңа биіктерге көтере алады. Қазақ әдеби тіл дамуында Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Қалижан Бекхожин сияқты ұлы тұлғалар ерекше із қалдырып,өлшеусіз үлес қосқан болатын. Көркем әдебиет ұлттық мәдениеттің жетістіктерін паш етіп тұрса,оның тілі әдеби тілдің даму деңгейін жоғары көтеріп тұрады.
Қазақ әдебиетінде із қалдырып, өз орнын алған біртуар дарынды ақындар аз емес. Солардың бірі-артында әдеби мол мұра қалдырған,белгілі ақын Қалижан Бекхожин. Ол Кеңес дәуіріндегі қазақ поэзиясына Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіровтардың ізін баса келген ақындардың алды болды. Ол өз шығармаларында табиғатты суреттеу арқылы адам көңіл- күйін, қимыл-әрекетін бейнелеген. Жас ұрпаққа жеткізер лирикалық толғаныстары да жетерлік.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қалижан Бекхожин шығармашылығы әдебиеттану тұрғысынан көбірек зерттелгенімен,тіл білімі тұрғысынан әлі де толық зерттеліп, қарастырылмаған. Зерттеу жұмысында қазақ тілі байлығын Қалижан Бекхожин қалай қолданды, щығармаларында кездесетін көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарды пайдаланудағы жаңашылдығы, даралығы неде деген сұрақтардың жауабын табу ауқымды бір зерттеу жұмысын қажет етеді. Оны жай ғана қарап шығу мүмкін емес. Сондықтан да бұл дипломдық жұмысымызда Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеулердің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғысынан ашуды өз алдымызға бір мақсат етіп қойдым. Қазіргі қазақ тілінің даму үдерісі зерттеушілерге тақырыптың нысаны барынша нақты, мейілінше дәл болуы керек деген талабын қойып отырғанын біз анық білеміз. Мұның өзі де тақырыптың ғылыми тұрғыдан жан-жақты ашылып,тілдік құбылыстарлы терең талдап,белгілі бір тұжырым жасауға мүмкіндік берелі.Осы аталған бағыттардың барлығы жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің нысаны. Қалижан Бекхожиннің поэзиялық шығармалары,өлеңдері мен поэмаларындағы теңеу мен оның түрлерін зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу. Ақын поэзиясындағы теңеу мен оның түрлерінің тілдік сипатын көрсете отырып,оның қолданыстағы ерекшеліктері мен еөркемдік құпиясын таныту:
Тіл біліміндегі теңеу және оның түрлеріне қатысты теориялық көзқарастарды қарастыра отырып, басқа да көркемдегіш тәсілдерден айырмашылығы мен ерекшеліктрін анықтау;
Ақын тіліндегі теңеу мен зпитеттің лексика-грамматикалық құрылымын,жасалу жолдарын саралай отырып, синтаксистік қызметін көрсету;
Ақын поэзиясындағы теңеу мен эпитеттің семантика-стильдік ерекшеліктері мен түрлерін ажырату;
Ақын шығармаларындағы теңеу мен эпитеттің бейнелеуіш құрал ретіндегі көркемдік-стильдік қызметін таныту;

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдарды алуда әдіснамалық негіз ретінде жалпы тіл біліміндегі ғылыми көзқарастар мен теориялар негізге алынды. Атап айтатын болсақ, А.Байтұрсынұлы, Р. Сыздық , Қ.Жұбанов, І. Кеңесбаев, Т. Қоңыров, М. Балақаев т.б. ғалымдардың құнды пікірлері басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеуде ақын тіліндегі теңеу мен эпитеттің тілдік табиғатын ашуда лингвистикалық талдау әдістері кеңінен қолданылады..
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеуде Қалижан Бекхожин шығармашылығы тіл білімінде талқылауға түсті. Ақын өз поэзиясында көркем бейне жасауда теңеу мен оның түрлерін талғамға сай пайдаланады. Қалижан Бекхожин поэзиясындағы теңеу мен оның түрлері көркемділігімен, бейнелілігімен, сонымен қатар мазмұнымен ерекшеленеді. Тіл біліміндегі теңеу мен эпитет туралы теориялық көзқарастарға ғылыми тұрғыда зерделеніп,олардың басқа түрлерінен ерекшеліктері көрсетілді.
Зерттеудің теориялық маңызы. Көркем әдебиет тілін зерттеу- қазақ тіл білімінің жедел дамып келе жатқан саласы.Поэзиялық шығармаларды лингвистикалық тұрғыдан талдаудың қазақ тіл білімінде қалыптасқан ерекшеліктері мен түрлері сараланды. Қалижан Бекхожин поэзиясындағы теңеу мен эпитеттің қолданысына байланысты айтылған түйінді тұжырымдар айтылғандықтан, зерттеуіміз осы салада теориялық тұрғыдан толыға түсуіне өз үлесін қосады.
Зерттеу жұмысының құрылымы, Кіріспеден,екі негізгі бөлімнен,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының мазмұны
Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде жұмыстың жалпы сипаты анықталды. Атап айтқанда зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, әдіснамалық негіздері, теориялық және де практикалық жұмыстары қарастырылды.
Зерттеудің алғашқы тарауында тақын шығармаларындағы теңеудің танымдық сипаты жан-жақты қарастырылды және оның мағыналық ,құрылымдық түрдері анықталды. алғашқы тараудың Теңеудің танымдық сипаты деп аталады. Бұл тарауда теңеу туралы тіл біліміндегі және әдебиеттану саласындағы көптеген ғылыми деректер қарастырылып, зерттеліп,оның басқа троп түрлерінен айырмашылықтары мен ерекшеліктері,жасалу жолдары көрсетіледі.
1 тарау. Теңеулердің табиғаты. Теңеудің зерттелуі
Жалпы тілдегі бейнелеуіш- көркемдеуіш құралдардың ең бір көнесі- теңеу деп атап көрсететін болсақ қателеспейміз. Бейнелеу тәсілдерінің қайсы болмасын өзінің бастауын осы теңеуден алған. Теңеудің көне құбылыс болуы көркемдегіш құралдардың ішіндегі ең қарапайымы деген белгілі бір тұжырым жасауға негіз бола алмайды. Көркем шығармалардағы теңеу тек қана автор тілінің үлттық нақышын айқындап қана қоймай, ол өзіндік қолтаңбасын қалдырып, айқындай түскен. Себебі теңеудің басты қасиеті- бейнелеу болып табылады. Осы арқылы теңеу өз алдына жаңа бір көркем бейне жасауды мақсат етіп қоятын поэзия үшін таптырмайтын құрал.
Теңеу- адамның рухани дүниесінің аса қуатты көріністерінің бірі. Ол тіл мен ойлау проблемасыының ауқымындағы өте күрделі құбылыс..Бұны логика пәні таным құралы ретінде зерттесе, филососфияда оны эстетикалық құбылыс ретінде қарастырады,ал әдебиеттану ғылымы теңеуді көркемдеу,бейнелеу тәсілдерінің бірі десе, тіл білімі оны лингвистикалық категориялардың қатарына қосады.Теңеу арқылы біз заттар мен құбылыстардың байланыстарын,қарым-қатынасын айқындаймыз.Теңеу таным құралы болуымен қатар, эстетикалық категориялардың бірі болып табылады. Көркем әдебиетті теңеусіз елестету мүмкін емес. Ол әдебиет саласында ерекше орын алып, әдеби портрет жасауда, табиғат көріністерін суреттеуде, кейіпкерлердің мінез құлқын сипаттауда, сонымен қатар стилдік тәсіл ретінде ерекше қолданылады. Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша, теңеулердің барлығы обьект бола бермейді. Себебі қазіргі әдебиетшілердің зерттейтіні - еркін теңеулер болса, тіл білімінің зерттейтіні - тек қана тұрақты теңеулер ғана. Тұрақты теңеулер тұрақты сөз тіркестері сияқты, тілдің фразеологиялық жүйесіне кіреді. Қазақ тілінде тұрақты теңеулер өте көп. Сондықтан да тұрақты теңеулерді басқа да тұрақты тіркестерден бөліп алып,оларды өз алдына компаративтік фразеология деп атаған жөн. Тұрақты теңеулердің құрамына кіретін сөздер бір-бірімен міндетті түрде және тек қана-дай-,дей-,ша-,ше-,құрлы-,ғұрлы м-,сияқты тәрізді көрсеткіштермен байланысады. Теңеу терминін қазақ филология саласында ең алғаш қолданып,ғылыми бір анықтама берген қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салған Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ғалымның пікірі бойынша:
Теңеу көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жаралғанмен, нәрсенің бейнесін- суреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында білгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп,ашығырақ айтамыз.Теңеудің түрлері көбінде ескі өлеңдерде кездеседі.Ахмет Байтұрсынұлы теңеудің екі түрін атап көрсетеді: әншейін теңеу және әдейі теңеу. Екеуінің айырмашылығы: әншейін теңеу- әдетті теңеу болады. Мысалы удай ащы,айдай жарық,күйедей қара деген сөздердегі жарық,айдай,күйедей деген сияқты сөздер. Әдейі теңеу осы келтірілген мысалдардағы теңеулер. Жалпы теңеулер туралы жан-жақты түсінік Т. Қоңыровтың еңбегінде баяндалады. Ғалымның берген анықтамасы: Теңеу дегеніміз - ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші бір затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды- экспресивтік санасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырыннан танытатын стилдік тәсіл, әрі сонымен қатар таным құралы-,деп анықтама береді. Сондықтан теңеуді таным құралы ретінде философияда, стилдік әдіс арқылы әдебиеттану ғылымында, тілдің бейнелі конструкциясы ретінде тіл білімінде зерттейді. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы өз бастауын осы теңеулерден алады. Теңеуге арналған орыс тіл білімінің өзінде ғана, әдебиеттану ғылымын қоспағанда,100-ден артық еңбектер бар. Теңеуге берілген анықтама мен зерттеулердің ішндегі көңіл аударларлығы- З. Ахметовтың тұжырымы болды. Ол басқа да ғалымдардың берген анықтамаларын сараптап, қортындылап талдай келе мынандай анықтама берді: Теңеу- белгісіз бір нәрсені белгілі бір нәрсе арқылы,алысты жақын нәрсе арқылы, күрделі нәрсені қарапайым нәрсе арқылыы, алысты жақын нәрсе арқылы айқындап көрсету. Белгілі ғалым Зейнолла Ққабдоллов: Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмүнын құнарлататын, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдаарының бірі- ткңеу (орысша сравнение).Мүнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей- ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Теңеудің қай түрін алсақ та, суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты тура біздің көз алдымызға әкеліп , олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады.
Бүгінгі күнге дейін қазақ теңеулері толық қарастырылып, зерттелмегенін білеміз. Әрине қазақ әдебиетінде теңеулердің образдылығы, көркемділігі жөнінде бірқатар пікірлер болғанымен,оның лингвистикалық табиғаты,яғни оның синтаксистік құрылымы мен жасалу жөніндегі піуірлер өте аз десек те болады.бүл бөлімде қазақ теңеулерінің зерттелуімен қоса теңеулердің семантика-грамматикалық табиғатын ашамыз. Атап айтқанда: Теңеулердің жасалу жолдарын,синтаксистік құрылымын зерттейтін боламыз.
Теңеулердің грамматикалық құрылымы
Қазақ теңеулерінің грамматикалық табиғаты жөнінде зерттеулер жоқтың қасы. Дегенмен кейбір оқулықтар мен моногафиялық зерттеулерде белгілі-бір ақын жазушының шығармаларындағы теңеулер және олардың жасалу тәсілдері жөнінде айтқан бірлі-жарым пікірлер де жоқ емес. Мысал ретінде айта кетсем қазақ теңеулерінің жасалу тәсілдері жөнінде академик Қ. Жұмалиев былай дейді: Орыс тіліндегі теңеулер как,так,то что, будто,подобно, что арқылы жасалынатыны тәрізді, қазақта да кейбір теңеулер секілді деген сөздер арқылы жасалынады. Бұл орыс тіліндегі теңеулердің будто,подобно деген сөздер арқылы келетін теңеулеріне дәл келеді. Бірақ орыс тіліндегі теңеулердің көпшілігі творительный падеж арқылы жасалынады. Бұл қазақ тілінде жоқ. Біздің қазақ тілінде мұның орнына теңеудің өзіне тән белгілі бір жұрнақтары бар.
Белгісіз нәрсені жұртқа мәлім белгілі нәрселерге салыстыру осы жұрнақтар арқылы жасалынады: -тай-,тей-,дай-,дей-,дайын-,дейін-, ша-,ше-,дай жұрнағымен байланысты келетін 'мын." Қазақ тіліндегі теңеулердің көпшілігі осы жұрнақтар арқылы жасалынады немесе зат есімдерге, есімше, етістікке жалғанған -тай-,тей-,дай-,дей-,ша-,ше-,дайын- ,дейін жұрнақтары арқылы жасалады. Қазақ теңеулерінің жасалуы жөнінде мұнан басқа айтылған пікірлер жоқ. Ал болғанның өздері осы пікірді қайталаумен қанағаттанып жүр. Сонымен Қ. Жұмалиевтің бұл пікірінен шығатын қорытынды мынау: қазақ теңеулерінің жасалу жолының 3 түрлі тәсілі бар:
- дай-,дей-,тай-,тей-,дайын-,дейін-,т айын-,дейін жұрнақтары арқылы;
Ша-,ше-, жұрнағының көмегімен;
Секілді,сияқты,тәрізді сөздері.
Қ. Жұмалиевтің қалдырған пікірлері мен тұжырымдары дұрыс болғанымен, теңеудің жасалу тәсілдерін түгел қамти алмады. Сонымен қорыта айтқанда теңеудің жасалу жолының 10 түрлі тәсілі бар:
1. дай-,дей-,тай-,тей-,дайын-,дейін-,т айын-,тейін жұрнақтарының көмегімен
2. ша-,ше жұрнағының көмегімен
3.шығыс септігінің жалғауыының нан-,нен-,дан-,ден-,тан-,тен көмегімен
4.секілді, сияұты, тәрізді,іспетті сөздерінің көмегімен
5.бейне сөзінің көмегімен
6. тең сөзінің көмегімен
7. ұқсас сөзінің көмегімен
8. паралеллизм сөзінің көмегімен
9. аралас тәсілдің бейне және дай-,дей бейне және секілді көмегімен
10. қосалқы тәсілдер көмегімен жасалады. Қазақ тілінде бұд аталған тәсілдерден басқа теңеу тудыратын тәсілдер бар. Соның бірі- ұқсас сөзінің теңеулік қызметі. Бұл тәсіл- теңеу тудыратын ең пәрменді тәсілдерінің бірі. Ұқсас сөзінің қатысуымен жасалған теңеулік конструкция да, басқа теңеулік конструкция сияқты үш мүшеден тұрады да,теңеулік мағына,теңеулік образ жасайды. Жалпы алғанда, ұқсас сөзінің қатысуымен жасалған теңеулердің басым көпшілігінің үш элементі қатар жүреді, сол себептен бұдан теңеулік мағына айқын аңғарылып тұрады.Ұқсас сөзінің көмегімен жасалатын теңеулік конструкция- қазақ тілінің ертеден бері келе жатқан тәсілі. Бірақ осы күнге дейін теңеудің бұл тәсілі теңеу категориясында қарастырылмаған. Қазақ тілінде дәл бүгінгі күнге дейін қалып келе жатқан тағы бір осындай тәсіл бар. Ол- шығыс септігінің жалғаулары арқылы теңеулік образда жасайтын тәсіл. Мәселен, ауыз екі тілде қазақтар қойдан жуас,иттің етінен жек көру, бетегеден биік, жусаннан аласа, сүттен-ақ, судан таза,деген тәріздес сөз тіркестерін мейілінше көп қолданады. Мұндай тіркестер бірінің екінші бір нәрседен артық немесе кем екенін көру үшін өздері сұранып тұрады. Бұл тәсілдің көмегімен сапалық ұғымдар бір- бірімен салыстырылып, сол салыстырудың нәтижесінде теңеулік образ жасалады.Қалижан Бкхожин поэзиясында қазақ тіліндегі теңеу жасаудың барлық тәсілі көрініс тапқан. Теңеу жасаудың синтетикалық тәсіліне үш тұлға қатысады:1)-дай-,дй-,тай-,тей 2)-ша-,ше 3)-нан-,нен-,дан-,ден-,тан-,тен шығыс септік жалғауы. Осылардың ішінде Қалижан Бекхожин поэзиясында ең жиі қолданылатын - дай-,дей-,тай-,тей жұрнағы болып табылады. - дай-,дей жұрнағының тілдік табиғаты күрделі. Оны сөз тудырушы немесе сөз түрлендіруші деп қана қарастыруға болмайды. Біздің басты назарға алатынымыз бұл жұрнақтың теңеу жасаудағы қызметі болмақ.-дй-,дей жұрнағы көбінесе зат есімдерге жалғанып, теңеу жасауға қатысд.Атап айтқанда, Қалижан Бекхожин поэзиясындағы зат есімдерге неғұрлым көп жалғанады.Мысалы :
Секіріп кемерінен кең арнаның,
Күркіреп өрген шығар көк жалдарың.
Үстіңнен тобыр бұлттай сендер ауып,
Алқабың жазған шығар заңғар жырын. Бұл мысалда да - дай-,дей жұрнағы бұлт деген деректі зат есіміне тікелей жалғанып, көктемдегі өзен бетіндегі сен тобыр бұлтқа теңеліп тұр. Ақын сең мен бұлттың сыртқы көрінісіндегі және қозғалысындағы ортақ белгілерді дәл танып, суреттегенде көз алдымызға екі құбылысты да қатар елестетіп өтеді. Тағы бір өлеңінде:
Күндей күшті аспандағы,
Тиді Отанға нұр жайнаған.
Ол қара түн -- жез тырнағы,
Біз дауылпаз көкте ойнаған. Бұл жердегі - дей жұрнағы күн деген деректі зат есімге тікелей жалғанып тұр.
Ат қаһардың зеңбірегін,
Найзағайдай шартылдаған.
Кетсін жарып жер жүрегін,
Жау қалмасын шарпылмаған. Бұл мысалда дай-,дей жұрнағы найзағай деген зат есімге жалғану арқылы жасалып тұр. Атылып жатқан зеңбіректердің көрінісін найзағайдай шартылдаған деп найзағайға теңеп, оқтың бораған көрінісін найзағайға теңеп тұр.
Күркіреген найзағайдың отындай
От тастады түнде келіп жау көктен.
Жас Мария маралдың жас лағындай,
Ыршып түсті үрейлене төсектен. Найзағайдың отындай деп жаудың түн ортасында төбемізден жай түскендей келуін теңеу арқылы сипаттайды және сонымен қатар маралдың жас лағындай деп үрейленіп, қорқып қалған жасөспірім балалардың бейнесін суреттеген.
Өрді жалын қаптаған кеп жыландай.
Үрейлі шу шықты дауыс зар қаққан,
Үйдің іші көз түрткісіз тұмандай.
Қашып жатыр лапылдаған сол үйден. Аты өшкір жауды түрлі дүниеге теңеген. Бірі- жарқылдаған найзағай болса, бірі- уын шашқан жылан. Сол жыланнан үркіген адамдардың өз шаңырақтарын тастап кетуге мәжбүр болғанын түсінуге болады. Яғни, көз түрткісіз үйдің ішін тұман басып, береке қашқан сәтті бейнелейді.
Ақын поэзиясында - дай-,дей жұрнағы зат есімдерге ғана емес, субстантивтенген сын есімдерге, есімдіктерге, есімше тұлғалы етістіктерге жалғану арқылы да теңеу жасай алады.
-дай жұрнағы арқылы есімше тұлғалы етістіктен жасалған теңеулер көңіл- күйді, психологиялық ахуалды білдірумен бірге,белгілі бір қимыл- әрекетті екінші бір жағынан салыстыра суреттеп те тұрады.
Ақын өлеңдерінде теңеу жасауда қолданылған екінші бір синтетикалық тұлға - ша-,ше жұрнағы. Қазақ тіліндегі - ша-,ше жұрнағы салыстыру мағынасын білдіруде дай-,дей жұрнағымен синонимдес болады. Қалижан Бекхожин поэзияларында - дай-,дей жұрнағындай теңеулердің кейбір әсем түрлерін кездестіреміз. Қалижан Бекхожин шығармаларында шығыс септігінің теңеу жасалу қызметі де көркем образ жасаудың өнімді тәсілі ретінде кеңінен қолданыс тапқан. Мысалы :
Баяны жоқ атақтан,
Бір күн көрген сый артық.
Теңеулік құрылымда образ- атақ, -тан шығыс септігінің жалғауы, белгісі- артық. Атақ пен сыйға ортақ белгі адамның қоғамдық ортада алған бағасы,қадір- құрметі болып тұр.
Теңеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына ды. Мысалы :
Толқын бейне арыстан,
Ашуынан айрылар.
Көк ала жалын қолға орап,
Тартсам, менен қаймығар. Осында сипатталушы теңеу- толқын сөзі, образы- арыстан,көрсеткіші- бейне, ал негіз болып тұрған сипат айтылмаған. Ашуынан айрылар деген жолдар теңеудің негізі болып көрініп тұруы мүмкін.Толқынды арыстанмен салыстырудағы мақсат та лирикалық қаһарманның тұлғасын бейнелеу болып тұр.
Теңеу жасауда синтаксистік тәсіл де кеңінен қолданылады. Аналитикалық тәсілде теңеу септеулітер мен көмекші сөздер арқылы жасалады. Ал синтаксистік тәсілде теңеу жасауға толық мағыналы сөздер қатысады. Мұндай сөздер қатарына ұқсау, тең, теңеу, балау сияқты лексикалық мағыналарында ұқсату, салыстыру ұғымы бар тілдік бірліктер жатады. Мысалы:
Бұлтты тауға таянғанда қалайсың,
Сонау артта, дүзде қалған сағымға.
Сол сағымды алтын күнге балайсың,
Жүзіп өткен кеме сайран шағымда.
Теңеудің сипатталушы сөзі - сағым, образы- алтын күн, көрсеткіші - бала етістігі теңеудің сипатталушысы мен образын меңгеріп тұр. Қазақ тілінде теңеу жасаудың ең көне тәсілдерінің бірі- параллелизм. Дегенмен бұл тәсіл тіл білімінде сирек кездеседі. Қалижан Бекхожин поэзиясынан да параллелизм тәсілі арқылы жасалған теңеулерді кездестіруге болады. Мысалы :
Бәйтеректі көрсем жасыл көшемнен,
Ойға батқан Мұқан ба деп қаламын.
Сол терекке талай сырлы әсермен,
Нөсерлі күн тағзым етіп қарадым. Сөйлемде теңеудің сипатталушы сөзі- Мұқан, образы - бәйтерек. Екі құбылысты салыстыру сабақтас құрмалас сөйлем ыңғайында келген. Бірінші компоненттің баяндауышы - көрсем шартты рай тұлғалы етістік, екінші компонентінің баяндауышы - Мұқан ба деп қаламын.
Теңеу жасауға кейде екі тәсіл бірдей қатысуы мүмкін. Қалижан Бекхожин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы Әкім Таразидың Тасжарған романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
С.Мәуленов поэзиясындағы теңеулердің танымдық сипаты
Д.Исабековтың Қарғын романына стилистикалық талдау
М.Ю. Лермонтов поэзиясының қазақ тіліне аударылуы және Абай шығармасымен байланысы
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
«Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Оралхан Бөкейдің монологтары
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Парсы тілінен енген сөздер
Пәндер