Қазақ тілі түркі тілінен шыққандықтан, түркі халықтарына қазақ тілін үйрену әлдеқайда жеңіл



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ақтөбе қаласы физика - математикалық
бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Назарбаев Зияткерлік мектептері
дербес білім беру ұйымының филиалы

Қазақстан тарихы
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаларға сәйкес тақырыптың бағыты:
Социологиялық зерттеулер негіздері

Тақырып:Қазіргі таңда жастар арасында қазақ тілін насихаттаудың қандай тиімді жолдары бар?

Сөз саны:2680
Бірегейлік:
Орындаған: Жандаулетова Р.Г.
Жетекші: Жұбаныш Р.Ә.
Ішкі модератор: Жұбаныш Р.Ә

Зерттеу жұмысын растайтын мәлімдеме
Мен осы зерттеу жұмысым өзімдікі екенін және оның сенімді екенін жариялаймын. Барлық ресурстар мен дереккөздер расталған және басқалардың ресурстары мен дереккөздері қолданылған жағдайда сілтеме жасалынған.

Ақтөбе - 2023
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1 Қазақ тілін меңгеруде қазақша контенттің ықпалы қандай? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 Жастар арасында қазақ тілін үйренуде қандай кедергілер туыдауымүмкін? ... ... ... ..5
2.3 Жастар арасында қазақ тілін меңгеруі мемлкеттің дамуына қандай әсер тигізеді? ... 5
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

I.КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында 2021 жылы өткізілген халық санағы бойынша 13,768,406 адам мемлекеттік тілді (қазақ тілін) меңгерген. Ал 3,426,306 адам мемлекеттік тілді меңгермеген [1]. (Қосымша 1) Бұл ақпарат 5 жас және одан жоғары жастағы адамдар арасында жинақталып отыр. Статистикалық мәліметтердің нәтижесі көрсеткендей бұл жерде жастардың көп бөлігі қамтылған. Соңғы уақыттағы процестер қазақ тілінің маңыздылығы қарқынды түрде өсіп келе жатқанын көрсетуде. Оған көптеген ақпараттар мен контенттердің қазақ тілінде берілуі зор ықпал етуде. Бұл жағдай жастар арасында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейте түскені анық байқалып отыр.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің соңғы жолдауында қазақ тілінің халқымыз үшін маңызды екендігін атап өтті: Қазақ тілін дамыту - мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Бұл орайда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Заң бойынша қазақ тілі білім мен ғылымның, мәдениет пен бизнестің тіліне айналды. Тұтастай алғанда, ол өзінің қолдану аясын дәйекті түрде кеңейтеді. Ата заңымызда мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Болашағын елімізбен байланыстыратын әрбір азамат мемлекеттік тілді меңгеруге бар күш-жігерін салуы керек деген болатын. Сонымен қатар өз сөзінде қазақ тілін насихаттаудың қажеттілігін атап көрсетті: Бұл нағыз патриотизмнің бір көрінісі. Қоғамды топтастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелерінде еліміздің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға үлкен рөл беріледі. Бұл тұрғыда Қазақстанның, халықаралық аренада қолайлы позицияға ие болу мүмкіндігі мол [2].
Қазақ тілі ұлтымыздың мемлекеттік тілі, сондықтанда оның жастар арсында таралуы өте маңызды. Себебі, еліміздің жастары - мемлекеттіліктің қарқынды дамуына тікелей әсер ететін маңызды топ болып саналады. Сонымен қатар жастардың төл тарихы мен ұлттық құндылықтары арасындағы алтын көпірі - қазақ тілі болмақ. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан да жастардың тілдік мәселесін реттеуде біршама жұмыстар атқарылуда.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері: Жастар арасында қазақ тілін насихаттау жолдары туралы ақпарат жинақтау, олардың тиімділігін және тілдің дамуына әсерін бағалау. Сонымен қатар зерттеу жұмысы барысында жастардың тілді еркін меңгеруі еліміздің дамуына қандай ықпал ететіндігін зерттеуде басты назарда болды.
Жоспар:
- Қазақ тілін меңгерудің тиімді жолдары туралы ақпарат жинақтау және зерттеу;
- Зерттеу сұрақтарына байланысты деректерді жинақтау және өңдеу;
- Сандық және сапалық мағлұматтарды жинау әдістерін қолдану;
- Жиналған ақпараттарды және сұхбат пен сауалнама нәтижелерін бағалап, қорытындылау;
Зерттеу сұрақтары:
Қазақ тілін меңгеруде қазақша контенттің ықпалы қандай?
Жастар арасында қазақ тілін үйренуде қандай кедергілер туындауы мүмкін?
Жастар арасында қазақ тілін меңгеру мемлекеттің дамуына қандай әсер тигізеді?
Болжам: Сауалнама мен сұхбат нәтижелері бойынша тілді тиімді меңгеру жолдардың бірі әлеуметтік желілер арқылы үйрену болады деп болжам жасауға болады. Сонымен бірге тілді үйренуге кедергілердің бірі қазақ тілін үйренуге мотивацияның жетіспеушілігі деген болжам жасалып отыр.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылған.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақ тілін меңгеруде қазақша контенттің ықпалы қандай?
Бүгінгі таңда елімізде тіл мәселесі жие айтылып, қоғамда қызу талас тудыруда. Соның ішінде жастар арасында тіл мәселесі күрделеніп, оған түрлі факторлар әсер етуде. Өйткені қоғамда болып жатқан оқиғалар, басты жаңалықтар т.б ақпаратты алатын дереккөздер өте көп. Сондықтан осы салада қазақ тілін дамытуды тиімді ұйымдастыру қажет. Ол үшін заманға сай контенттер қолданған дұрыс шешім болады. Мысалы: Медиа контент кітаптар, журналдар, брошюралар, әлеуметтік медиа, билбордтар, веб-сайттар, мобильді қолданбалар, теледидар және радио арқылы таратылатын контенттерді келтіруге болады. Сонымен қатар жеке адамның өз атынан жасалған немесе тарататылатын кез келген қызықты жазба контент бола алады [3].
Қазіргі уақытта тілді меңгеруге ең қолжетімді құрал әлеуметтік желілер болып табылады. Каплан мен Хайнлейннің әлеуметтік желілерді анықтау барысында ол Web 2.0-нің идеологиялық және технологиялық әдісіне негізделген және пайдаланушы жасаған мазмұнды құруға және алмасуға мүмкіндік беретін Интернет-қосымшалар тобы ретінде анықталады [4]. Медиа контенттің тіл меңгеруге тигізетін әсерін балалардың даму жағдайынан толық көз жеткізе аламыз. Мысалға, кейбір ата-аналар баланың теледидар алдында немесе телефон ішінде көп отыруын қаламайды. Өйткені денсаулыққа әсерін есепке алатын секілді. Мәселенің келесі жағына үңілсек әртүрлі медиа контент ана тілін сақтауға көмектесетін тамаша құрал бола алады. Кейбір зерттеулер бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе білім беретін теледидар бағдарламаларының немесе әлеуметтік желілердегі медиа посттар екі жастан асқан балаларға жаңа сөздерді үйренуіне көмектесетінін көрсетті. Екі жасқа толмаған балалар оқу үшін өзара әрекеттесуді қажет етеді және дәл осы жерде бұқаралық ақпарат құралдары көмекке келеді. Сонымен қатар музыка әуендерінің ұзақ уақыт бойына тіл мәселесіне тигізген әсерінде айта кеткен жөн. Балаларыңызға бесік жырын, түрлі әуенге үйлестіріп тақпақтар үйретіңіз - олар қол шапалақтау ойындарымен ұштастырса тіптіен жақсы! Музыкалық әуендер - балаларға дыбыстарды үйретуге көмектесіп қана қоймайды, бұл ойындардың өзара әрекеті қайталанатын әуендермен бірге ана тілінде сөйлеуді қызықты әрі қиындықсыз үйренуге септігін тигізеді [5].
Өсіп келе жатқан болашақ жастарға бала кезінен бастап ана тіліне деген қызығушылықты сіңіру қажет. Қазіргі жастар өз өмірлерін смартфонсыз елестете алмайды. Б. Климованың және П.Полакованың зерттеулерінің нәтижелері көрсеткендей, оқушылар мобильді қосымшаны кейбіреулер үшін жеңілдететін құрал ретінде қабылдаған. Сонымен қатар оның кез келген жерде қолжетімділігі, студенттерге қорытынды емтиханға дайындалудың тағы бір тиімді мүмкіндігін ұсынады [6]. Яғни жастар смартфон, әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшаларды тіл меңгеру үшін тиімді қолдану қажет. Қазақстандағы жаңалық порталы бойынша, 2016 жылы электронды БАҚ-тың қазақ тілді контенті 13%-ға өсті. Ал халықтың 20%-ы бұл бойынша қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін үйренген [7].

2.2 Жастар арасында қазақ тілін үйренуде қандай кедергілер туындауы мүмкін?
Тіл үйрену кезінде көптеген адамдарда кедергілер шығуы заңды құбылыс. Ондай кедергілердің қатарына сөйлеудегі сенімсіздік, грамматика және тыңдалым арқылы тілді түсінбеу жатады. Көптеген адамдар өздерінің дағдыларына сенімсіз болғандықтан, алғашқы қадам жасамай тұрып қорқып жатады. Әртүрлі тілдерді меңгерудің жолы туралы бір тоғысқан пікір жоқ. Өйткені кейбірі үйренуге жеңіл, бірі адамдар үшін айтарлықтай қиындық туғызып жатады. Бірақ әйгілі венгр аудармашысы және полиглот Като Ломб әртүрлі тілдерді үйренудегі прогресс жылдамдығын графикалық түрде сипаттайды. Яғни, оның пікірінше, тілдердің әр түрлі құрылымы (мысалы, жазудағы айырмашылықтар) және олардың ана тіліне жақындығы оларды әр кезеңде меңгерудің әртүрлі жылдамдықты бере алады, бірақ түптеп келгенде, шамамен кез келген тілді жақсы деңгейде меңгеру үшін бірдей уақыт қажет [8]. Тағы бір кедергі оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдыларының арасында жаттығу уақытының тиімсіз бөлінуі үлгерімді баяулатады, ал бұл мотивацияны төмендетеді. Крашеннің пікірінше, тілді меңгеру үйренуші өзі түсінетін материалды құлағы арқылы немесе көрнекі түрде қабылдағанда жүзеге асады: подкасттарды тыңдау, сериалдарды қарау, мәтіндерді оқу. Сонымен қатар, үйренушінің қазіргі деңгейінен жоғары деңгейде материал максималды пайда әкеледі [9]. Қолайлы оқу ортасының болмауы мүмкіндік болған кезде оқымауға әкеледі ол кейінірек үлгерімді бәсеңдетеді, ал бұл баяулау үйренушінің жұмысқа деген құлқын төмендетеді. Осыдан тіл үйренуде мотивацияның рөлі өте маңызды екенін көре аламыз. Жасөспірімдер үшін мектеп бағдарламасының қиындығы мәселе болып саналады, сондай-ақ ол мотивацияның болмауына әкеледі. Саясаттанушы Дос Көшім әлеуметтік лингвистиканың заңдылықтары бойынша адам тіл ортасынан тыс, қаласа төрт жылда тілді меңгеруге болатынын айтты.
Журналистиканың қыр-сырын меңгеріп жатқан Сүлеймен Демирел университетінің 3-курс студенті Александр Корнилов оның қазақ тілін жетік меңгеруіне тіл үйренуге деген мотивациясы мен ұмтылысы көмектескенін айтады: Менде "қазақ тілі" пәні бойынша жақсы ұстаздар болды. Дегенмен, бізде тілдерді оқытудың жақсы әдістемесі бар деп айта алмаймын [10].

2.3 Жастар арасында қазақ тілін меңгеруі мемлекеттің дамуына қандай әсер тигізеді?
Жастар - ілгерілеудің қозғалтқышы, олар ел дамуының әртүрлі салаларына ықпал етеді. Ана тілін білу жастардың елдің мәдениеті және тарихымен тоғысуға тікелей әсер етеді. Тарихты білу - қайталанбауы тиіс оқиғаларды есте сақтауға және елдің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. Тілді сақтай отырып, жастар мәдениет пен салт-дәстүрді сақтап қана қоймай, еліміздің әлемдік тұғырдан көрінуіне ықпал етеді. Қазақ тілі түркі тілінен шыққандықтан, түркі халықтарына қазақ тілін үйрену әлдеқайда жеңіл. Мемлекеттер арасында ортақ нәрсені таба отырып, саясаткерлер дипломатиялық қарым-қатынастар орнатады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тәуелсіздік бәрінен қымбат атты мақаласында атап өткендей, мемлекеттік тіл - еліміздің басты белгілерінің бірі [11]. Тәуелсіздік тұсында қазақ тілінің дамуына барлық жағдай жасалды. Осы уақыт ішінде қазақ тілінде білім беретін мектептер мен оқу орындарының, балабақшалардың саны айтарлықтай артты. Бүгінде өзге этнос өкілдерімен қатар ана тілін білетін қазақтардың да қатары айтарлықтай өсті. Қазақ тілін шын мәнінде халықты біріктіруші факторға айналдыру үшін барлық құқықтық әдістер мен кепілдіктер қалыптасты. Мемлекет басшысы қазақ тілін білмейінше мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау және сот жүйесінде жұмыс істеу қиын болатынын атап өтті. Демек, мемлекеттік тілді үйренуге әлі уақыт пен мүмкіндік бар. Ал отандық тіл мамандары заманауи шындыққа сай жаңа терминдер жасаумен айналысуы керек [12]. Яғни, жастардың тіл меңгеруі олардың өміріне және де мемлекеттің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Жастардың қазақ тілін үйренуі, олардың ішіндегі патриотизм сезімін дамытып, басқа халықтармен тең жағдайда болуға мүмкіндік сыйлайды.

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Осы зерттеу жұмысында бірнеше зерттеу әдістері қолданылды. Біріншіден, тіл меңгеруге байланысты көптеген дереккөздер зерттелді. Оның ішінде ғаламтордағы дереккөздер, әртүрлі ғылыми зерттеулер мен мақалалар зерделенді. Джорданның сөздеріне сәйкес, қайталама деректерді бағалау бүгінде жалпыға қолжетімді деректер көлемі мен ауқымына байланысты пайдалы [13]. Екіншіден, жиналған мағлұмат бойынша сандық деректерді табу үшін сауалнама өткізілді. Үшіншіден, сапалық ақпаратты жинақтау үшін сұхбат жасалды. Сапалық зерттеулер икемділікпен, ашықтықпен және контекстік сезімталдықпен сипатталатынын ескере отырып, деректерді жинау және талдау қадамдары сандық зерттеулердегідей дискретті және дәйекті емес [14].
Сауалнама:
Сандық деректерді жинау мақсатында 8 сұрақтан тұратын сауалнама өткізілді. Понтоның сөздеріне сүйенетін болсақ, әрбір сауалнаманың негізгі мақсаттары:
Үлкен топтардың арасында ақпаратты тез жинау;
Көп адамдардың мәселеге нақты көзқарасын білу [15].
Сонымен бірге жастар өз бетінен тіл үйрену барысында қандай мәселелер мен кездескенін көрсете алды.
Сұхбат:
Тақырыпты одан да тереңірек зерттеу мақсатында сұхбат Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің лингвистика факультетінің түлегімен жүргізілді. Осы респондентті таңдау себебі, жастардың психологиясын білуі, жастар арасында тіл үйренуге тиімді насихаттау жолдарын көрсете алатыны есепке алынды. Сұхбат онлайн, Zoom платформасы арқылы өткізілді. Сұхбаттың мақсаты- жастар арасындағы мотивация мәселесі тіл үйренуге қандай әсер ететінін білу.

ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Сауалнама мен сұхбат деректері зерттеудің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде өте пайдалы болды. Қоcымша барлық сауалнама жауаптарын көрсетеді. Сауалнамаға барлығы 166 адам қатысты.
Сауалнама қорытындысы:
(Сауалнама жауаптары Қосымша 2-9-да көрсетілген)
"Сіздің жасыңыз нешеде?"
Сауалнамаға қатысқан 61,4% - адам 12-17 жас аралығында, 30,7% адамдар 18-25 жас аралығында болды, яғни сауалнамаға қатысқан 92,1%-ы - жастар. Бұл келесі сұрақтардағы нақты жастардың позициясын көрсете алды. Қалған 26-39 жас аралығындағы респонденттер 7,8% адамды құрады.
"Сіз қазақ тілін қаншалықты білесіз?"
Қазақ тілін білмейтін немесе нашар білетін респонденттердің саны көп болды, ол барлық респонденттердің 79,5%-ы болды (білмеймін-59% және нашар білемін-20,5%). Ал қазақ тілін жақсы деңгейде білетін адамдар бөлігі 18,7%-ды құрады. Керемет деңгейде білетін адамдар тек 1,8%-ды құрап отыр. Бұл біз сауалнама жүргізген ортада қазақ тілінің ауқымы тар екендігін көрсетеді.
"Егер сіз қазақ тілін білмесеңіз, оны үйренуді қалайсыз ба?"
Қазақ тілін білмейтін, бірақ үйренуге қалайтын адамдардың саны өте көп. Адамдардың 92,3%-ы "Иә" деген жауап берді. Ал "Жоқ" деген жауапты 7,7%-ы таңдады. Осы жауаптар адамдардың қазақ тілін меңгеруге ынталы екендігін көрсетсе, қалған пайыздық көрсеткіш қазақ тілін әлі де меңгеруге құлық танытпайтындар бар екенінің дәлелі іспеттес.
"Қазақ тілін үйренуге қандай факторлар кедергі болдыболып жатыр?"
Ең көп кездесетін кедергілердің бірі- мотивация жетіспеушілігі, 54,2% - адам солай санайды. Келесі кедергі - тілді үйренудің қиындығы. Осы жауапты адамдардың 28,4%-ы таңдады. Содан кейін тіл үйрететін курстардың жетіспеушілігі - 9,7% адам жауап берді. Қалған 7,7% адам үшін айтылым тәжірибесінің жетіспеушілігі кедергі болып отыр.
"Тіл үйренудің ең қолайлы және тиімді жолдары қандай?"
Респонденттердің 53%-ы тіл үйренудің ең қолайлы және тиімді жолы ретінде оқу курстарын сатып алуды таңдады. Одан кейін 40,4% - адам әлеуметтік желілер арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресіндегі» араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі
Латын жазуының тарихы
Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары
Латын әліпбиінің ағылшын тілін оқуға тигізетін үлесі
Түркітануға кіріспе
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары
Тілдік қатынас формалары
Пәндер