Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Педагогика
Тақырыбы: Оқытудың жаңа инновациялық технологиясы арқылы оқушыларға білім беруді ұйымдастыру
Орындаған: Тургунбаева Д.Н.
Ғылыми жетекші: Жексенова Б.О.
Тіркеу нөмірі:_______________
Баға:_______________________
Қолы: ______________________
Қарағанды 2023 ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
I тарау. Оқытудағы жаңа инновациялық технологиялар туралы жалпы түсінік.
1.1 Оқытудағы жаңа инновациялық технологиясы арқылы білім берудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-8
1.2 Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-14
1.3 Ағылшын тілін оқыту аясында қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар мен көрнекіліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-17
II тарау. Мектеп оқушыларының адами құндылықтарын қалыптастырудағы ағылшын тілінің мүмкіндіктері.
2.1 Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа инновациялық технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-20
2.2 Тұлғаны дамытудағы ағылшын тілінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .21-24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-28
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі заман талабына сай оқыту процесін жандандыру мақсатында сапалы әрі жаңашыл технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өскелең ұрпақтың білім алу жағдайын ұлғайту, сондай-ақ педагогтың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі өзекті көрініс тапты. Соған сәйкес, оқытушының атқаратын жұмыстарында жаңа оқыту технологиясы мен әдіс-тәсілдерін қолдана алу қабілетінің болуы шарт. Себебі, мемлекет болашағының көркейуіне үлес қосар жас ұрпақтың білімге деген ізденістері мен құштарлықтарын қалыптастыру тұлғалық даму мен білім беру жүйесінің көркейуі үшін жасалатын маңызды қадам екені анық.
Білім беру барысында жаңа инновациялық технологияларды қолдану-жаңа ғасыр талабы. Әр оқытушы өзінің оқушыларымен мамандығы бойынша пән сабағын түрлендіре өткізгісі келеді. Себебі, қазіргі инновациялық технологияларды өз дәрежесінде пайдалана білу-білім беру сапасын арттыра түсудің айқын кепілі. Бүгінгі күні инновациялық әдістерді қолдана отырып оқыту арқылы білім алушының ойлау дәрежесін, ақпаратты қабылдауы мен шығармашылық қабілеттерін арттырып, жан-жақты дүние танымы мен құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат ретінде айқындалады. Сондықтан да күнделікті түрде өткізілетін сабақ барысында оқытудың тиімді әрі қажетті әдістерін қолдану үшін педагогқа тұрақты ізденіс қажет. Осы мақсатта әр бір оқытушы өзінің білім деңгейін көтеру үшін жан-жақты ізденіспен түрлі әдістемелік құралдарға сүйенеді. Тілді оқыту міндеті жүктелген педагог мамандардың жиі сүйенетін әдістемелік оқыту құралдары бар. Атап айтса, Қ.Айталиевтің Тілді оқыту әдістемесі, К.Бітібаевтың Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы, М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы және тағы да басқа танымал әдістемелік құралдары бар. Жалпы қарастырса, бұл оқыту технологияларының артықшылығы-білім алушының ой-санасына жан-жақты септігін тигізуі. Ашығын айтқанда оқушыға пән бойынша оқу бағдарламасын меңгертіп қана қоймай, оның жеке басының танымдық қабілеттері мен қасиеттерін ғана емес, өзін-өзі дамыту, дүние танымын байыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сөздік қорын белсенді түрде дамыта отырып, өз бетімен білім алып, шыңдалуға деген ниеті мен әрекеттерін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға жетелей бермек.
Жоғарыда аталған мәлімдемелерге сай, қазіргі мектептерде білім беру аясында заманауи оқыту технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың танымдық қабілеттері мен шығармашылық қасиеттерін арттыру күнделікті күн тәртібінен түсірмеуді талап етеді.
3
Сондықтан педагогтар үшін өз жұмысында шеберлік пен кәсібиліктің тізгінін ұстап, дамыта оқытудың инновациялық технологиялары мен әдіс-тәсілдерін игеріп, өскелең ұрпақтың бойындағы адами қасиеттері мен білімге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында дұрыс жол сілтей білу асыл парыз, үлкен жауапкершілік.
Зерттеу мақсаты: Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функцияларының сипатымен ерекшеліктерін сипаттау, оқыту аясында оқушылардың өзіндік шығармашылығын, іс-әрекетін қалыптастыруда оқытудың жаңа инновациялық технологиясы арқылы оқушыларға білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1.Оқыту барысында жаңа инновациялық технологиялар мен түрлі әдіс-тәсілдер жайлы педагогикалық ғылыми еңбектер мен әдістемелерге тоқталып, шолу жасау.
2.Оқыту барысында білімділік, тәрбиелік және заманауи дамытушылық сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, анықтау.
3.Оқытудың жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін қалыптастыруда педагогигалық жаңашыл әдістемелерді талдау, мән-мағынасын ашу, оны практикалық тұрғыда қолдана алу.
Зерттеу болжамы:
Егерде ағылшын тілі пәнін оқыту барысында балалардың аталған пәнге қызығушылығын арттыру үшін бағытталған жаңа инновациялық технологиялар мен түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланған жағдайда, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қасиеттері артып, ұсынылатын ақпараттар мен мәліметтер игерілу қажет болған білім игеру сапасының деңгейі жоғарылай түспек.
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушылары.
Зерттеу пәні: Ағылшын тілі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми - педагогикалық, бақылау, байқау, тәжірибе жүргізу.
Практикалық пайдасы: Оқушылардың қызығушылығын арттыруда, тіл меңгеруде, дамытушылық қабілеттерін арттыруда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы: № 82 ЖББ КММ.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Ағылшын тілін оқыту барысында дидактикалық материалдар мен оқытудағы жаңа инновациялық технологиялармен үйлесім тапқан әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларды дамыту негізінде теориялық тұрғыда сипаттама беріледі; оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылықтары мен тілді меңгеруге ынталарын арттырудың педагогикалық белгіленді; дидактикалық материалдардың түрлері ұсынылды.
4

Зерттеу мәселесі: Мемлекеттің болашағы сапалы білім беру ісіне тәуелді. Білім беру үрдісінде белгіленген міндеттерді ескере отырып, ми
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған тізімнен тұрады.
5

Оқытудағы жаңа инновациялық технологиялар арқылы білім берудің маңызы.
Жаңа заман мектептерінде нақты педагогикалық қызметте жүзеге асыруға
болатын орасан зор сипатқа ие педагогикалық тәжірибе жинақталған, дегенмен
олардың барлығы қолданыла бермейтіні мәлім, себебі кейбір педагогтар мен мекеме басшыларында берілген тәжірибені зерттеу және қолданысқа алу қажеттіліктері қалыптастырылмаған, соған сәйкес ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың дағдысы мен кәсіби іскерлік қабілеттері де жетісе бермейді.
Педагог мамандар нақты іс-әрекеттерінде өздерінің, сондай-ақ өздерінің әріптестерінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жұмыстарын жасаудың маңызды қажеттіліктеріне мән бермейді. Осы бағытта педагогтардың инновациялық білім беру прогрессіне бет бұруы мақсат етіледі.
Білім берудегі инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысқан шағында пайда болатын теориялықта, практикалықта жаңалықтарды қажетті тұста пайдалана білу болып табылады.
Оқытудағы инновациялық жаңа технологиялардың басты мақсаттарының бірі тәрбиеленушіні оқытып қана қоймай, оның жеке бас қабілеттерін шыңдап, еркін ойы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдай білуге дағдыландыру. Сондықтан да, инновациялық оқыту технологиясы-өмір талабы.
Қазіргі таңда пән оқытушыларының білім беру аясындағы міндеті-білім беруді толыққанды нәтижеге бағыттау болып саналады, яғни инновациялық жаңа технологиялар мен әдістерді меңгеруі. Оқыту үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сай инновациялық тәсілдерді енгізу және қолданысқа ұсыну, оқытушының кәсіби біліктілігі мен шеберлігін талап етеді. Соған сәйкес, ір бір оқушының жеке қабілеттеріне қарай білім беруді, оны жекешіл дербестікке, еңбекқорлық пен шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгеруге ұмтылуы қажет. Себебі, мемлекеттік білім стандарттарына сай оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбиеленушілердің білімін жіті қадағалау инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы-оқыту барысын жандандырып, жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыруды басты мақсат етеді. Оқушылардың сапалы білім алу жағдайын арттыра отырып, олардың жеке қабілеттері мен адами қасиеттеріне зер салып, білім алуға деген құштарлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік пайда
болатыны анық. Яғни дамыта оқыту мұғалімнің белгілі бір әрекеттерін талап етеді. Бұл әрекеттер оқушылардың жаңа ұғымның мәнін ашуды жан - жақты іздестірумен сипатталатын танымдық әрекеттерді тудырып отырады.
6
Инновация-кез келген жаңалықты енгізу ғана емес, бұл бүгінгі заман талап
ететін қолданыстағы білім жүйесінің тиімділігін арттыратын үдеріс.
Инновациялық іс-әрекет-білім берудің кез келген деңгейінде инновациялық үдеріспен қамтамасыздандыратын шаралар кешені және үздіксіз
үдерістің өзі болып саналады. Педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі
жетілдіру, дамыту мен модификациялау, өзгертуге қатысты не болмаса оның жан-жақты қасиеттерін және аспектілерін жасақтау.
Технологиялық инновациялар-бұл жаңа заманның технологиялары. Жаңа заманның технологиялық инновациялар оқытушылар мен оқытушылардың жан
жақты еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістер мен оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосуда.
Қазіргі заманның оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
- оқыту мақсатының нақты қойылуы, ғылыми негізделуі, іс-әрекетінің сапалы болуы;
- оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
- оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
- оның үнемі жетілдіріліп, толықтырылып отыру мүмкіндіктерінің болуы;
Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру мен жетілдіру міндеттерін көздейді. Оқытушының индивидті зерттеуіне, оны толық танып білуге және білім беру саласында оқытудың мақсатына жетуіне тиімді әрі біріңғай нақты жолын ашады.
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру саласының үлкен міндеті-білім берудің ұлттық модуліне ауысу арқылы өскелең ұрпақтың білім деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу. Жаңа заман талабына сай тек қана пән оқытушысы болу аздық етеді, педагог маман-ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс. Сондықтан да әр бір педагогтың алдына қойған мақсаттарының бірі ретінде, оның ізденімпаз, жан-жақты дамыған, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға болып дами түсуге күш салу, білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру үшін қажырлы еңбек ете білуі қажет.
Қорытындылай келе айтқанда, ұлт пен мемлекет болашағын дамытудағы ең маңызды деген мақсат пен міндеттерді ескере отырып білім беру саласының дамуына үлкен жауапкершілікпен қарап, заман талабына сай оқытудағы жаңа оқыту технологиялары мен инновациялық технологияларды зерттеп, зерделеп, насихаттай білу қажет екендігін айта аламын.
7
Расында, білім беру мен оқыту процесін жандандыру үлкен міндет, асыл парыз. Себебі, тарих сахнасында ойып тұрып із қалдырған ұла ағартушылардың елі мен ұлтының білім алу саласының дамып, сауатты да салауатты ұрпақтың өсіп жетілуін арман еткен. Қазіргі егеменді Қазақстанымыздың дамып, жетілуі де тікелей жас ұрпақтың қолында екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да, өсу, өну, жетілу әр бір салада маңызды прогресс екендігін ескере отырып, сапалы білім беру маңызын жадта ұстай білуіміз қажет және сол үшін де тынбай еңбек етіп, даму жолында, күш аямай еңбек етіп, мемлекетіміз бен халқымыздың көркейе түсуіне бірге ат салыссақ, тәуелсіз Қазақстанымыздың жұртына жасаған жақсы амал ісіміз болатындығын сенемін.
8
1.2 Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық
технологияларды тиімді пайдалану.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты-оқытуды ізгілендіру, яғни оқыту құралдары арқылы тәрбиеленушілердің өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін
жүзеге асыра алатындай болуы қажет. Оларды жаңа технологиялық оқытуда тиімді түрде пайдалану педагогтың білімділігіне байланысты.
Педагогикалық жаңа технология-жүзеге асырылатын іс-әрекетке, оқытуда жүзеге асырылатын педагогикалық жүйе болып саналады. Жеке тұлғаның даму
арысын белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті
байланысқан әдіс-тәсілдер жинағы. Ендігі кезекте педагогикалық технология-оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылық бағытта оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін құрамдас бөлігі, технология болып саналады.
Оқытудағы жаңа инновациялық технологиялар арқылы білім беру барысын
жоспарлау негізінде пән мұғалімінің алдына қоятын басты міндеттері оқытудағы
Оқытудағы жаңа инновациялық технологиялар арқылы білім беру барысын жоспарлау негізінде пән мұғалімінің алдына қоятын басты міндеттеріне сабақтың анық-қанды жоспары мен қолданылатын әдіс-тәсілдерінің тиімді методикасы болуы шарт. Атап айтар болсақ, оқытудың маңызды бөлігі сабақ барысын ұйымдастыру жұмысы. Педагогтың тәрбиеленушілермен жұмыс жасаудағы сенімділігі мен шеберлігі де маңызды рөл атқаратындығын жадта ұстау керектігін, сондай-ақ оқу процесіне арнайы дайындалған жоспар бойынша жаңа инновациялық технологиялар бойынша берілетін ақпараттарды оқушылар назарына нақты әрі түсінікті түрде жеткізе білуі тиіс.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдерден тұрады:
1-кезең: Оқып-үйрену;
2-кезең: Меңгеру;
3-кезең: Өмірге өндіру;
4-кезең: Дамыту;
Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі, интерактивтілігі тілді үйрену үрдісінің мәдени контекстте болуы шарт. Аталған ұстанымдар оқушының коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениетарлық біліктілікті дамытудың алғышарттарын жасауға жол салады. Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тілдік жаттығулармен жұмыс жасап, ұсынылған мәліметтерді жаттаумен ғана шектелетіндігін атап айта аламыз. Яғни, ол сөздік қор+қажетті құрылым=сөз,-деген көріністе болмақ. Дегенмен, тілдік құрылымды жаттаумен ғана шектелу, тілді коммуникативті қарым-қатынас құралы ретінде толық қанды мүмкіндік бермейді. Себебі, шетел тілінде коммуникативтік тілдік қарым-қатынасқа үйрету үшін шынайы өмірлік мәселелер мен жағдаяттар қажет.
9
Сол арқылы тәрбиеленушілердің қажетті мәліметтер мен материалдарды меңгеруіне және соған сәйкес өзіндік мінез-құлқын қалыптастыруға септігін тигізеді. Аталған мәселеде жаңа инновациялық оқытудағы әдіс-тәсілдер мен заманауи ақпараттандыру саласындағы интернет жүйесі айтарлықтай маңызға ие. Біз дәстүрлі шетел тілін сипаттайтын болсақ, көп жағдайда ағылшын тілін оқыту барысында, соның ішінде, бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіндегі сипатқа ие болады. Сондықтан да, бұл әрекет психологтар көрсеткендей, тәрбиеленушілердің ойлау процесін бәсеңдетеді. Мәселен, ашық пікір талас ұйымдастыру мақсатында дөңгелек үстел жұмысын жүргізу барысында, педагог өзі қарастырып, дайындаған жоспарды оқушылар назарына ұсынып, оқушыдан сөйлеу барысы кезінде тек ұсынылған жоспарға сүйене отырып жауап қайтаруын талап етеді. Ашығын айтқанда, өз ойын айтуда оқушыға еркіндік берілмейді. Осы кезекте оқушы мәселені түсінбей, өзі үшін маңызды әрі қажетті ақпаратты жеткізе алмай, туындаған мәселені шешуге шығармашылық тұстан келу мүмкіншілігінен айырылып, өздігінен ой түйіндеп, оны қорытындылау және қызықты пікірмен бөлісу қабілетіне ие бола алмайды.
Ал мәселені шешу үшін жаңа ой, маңызды пікір білдіру өте маңызды және ол міндетті түрде қорытындыланып, өзіндік көрініске ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болары анық. Шетел тілін оқыту технологиясының тиімділігін көрсетушілер ретінде, төменде көрсетілген ақпараттарға назар салуға болады:
* Оқушылардың моральдық психологиялық, интелектуалдық және жас ерекшеліктерін ескеру.
* Оқуға жағымды көңіл күй қалыптастыру.
* Ұстаз бен оқушы арасында сөз алмасу, ғылыми қарым-қатынас және әріптестік принципін орнықтыру.
* Оқушылардың еске сақтау қабілеті мен творчестволық деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.
* Оқуды игеруге мультимедиялық және басқа да техникалық арсеналды кең іске қосу.
* Сабақтардың бітуімен оқушылырдың келешекке қанағаттануының қорытынды нәтижесі.
* Білім беру технологиясының үш түрлі типі бар. Олар дәстүрлік, инновациялық және Ақпараттық.
* Бастысы -- технологияның жиынтығы емес, оның дәрежесі.
Оқушылардың әр түрлі бұқаралық ақпарат көздерін мен ресурстарын пайдалану арқылы оқытудың инновациялық оқыту технологияларын, соның ішінде компьютерлік технологияның көмегімен өздерінің дербес ізденістерінің арқасында шетел тілін меңгеруге кәсіби шеберлігін шаңдайды. Жаңа ақпараттық технологияларға әр түрлі ақпараттарды электронды әдістермен енгізу, сақтау және беру болып табылады.
10
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушыларды ағылшын тілін меңгеруге жеке бағыттап, даярлау кезеңінде олардың қабілеттерін ескере білуге мүмкіндік береді. Технологияның методикаға қарағанда айырмашылығы мынада: оқуды жоспарлау мен жобалау арқылы тәжірибені қорытындылау негізінде емес, оқуды ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады. Ағылшын тілін кәсіби бағдар ретінде оқып меңгеруде жаңа инновациялық технологиялар мен жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану бүгінгі заманның білім деңгейін жетілдірудің инновациялық түрі болып саналады. Педагогикалық технология деп-оқудың сапасын ұлғайту және жобалық қорытындыға жету мақсатында оқытушы мен оқушының біріңғай технологиялық іс-әрекетін айтады.
Біз өмір сүріп жатқан заманауи ақпараттық қоғам, ақпараттың жетекші позициясымен және оны өңдеу құралдарының - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуының өте жылдам қарқынымен сипатталады. АКТ-ны практикалық қолдану оқушының танымдық іс-әрекетінің жаңа түрін қарастырады, оның нәтижесі жаңа білімді ашу, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, білімді өз бетінше алу, ізденіс және бағдарлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. АКТ құралдары оқушылардың танымдық әрекетін белсенді түрде дамытуға мүмкіндік береді, интерактивті диалогтық гипер мәтіннің көмегімен оқуға жағымды мотивацияны қамтамасыз етеді; оқыту сапасының жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді; білім, білік және дағдыны бақылауды жетілдіріп, оқу-тәрбие процесін ұтымды ұйымдастырады, сабақтың тиімділігін, шынайы зерттеушілік әрекет дағдыларын қалыптастырып әртүрлі анықтамалық жүйелерге, электронды кітапханаларға және басқа да ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыздандырады. Шетел тілін оқытуда компьютерлік бағдарламаларды пайдалану оқу материалын ауызша емес, түсінікті және қолжетімді түрде беруге мүмкіндік береді.
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану-мақсатқа жетудің ең оңтайлы әрі тиімді жолы. Ағылшын тілі сабағында АКТ қолданудың негізгі әрі маңызды мақсаттары:
-Тіл үйренуге деген ынтасын арттыру;
- Сөйлеу құзыреттілігін дамыту;
- Лингвистикалық білім көлемін арттыру;
- Оқытылатын тілдің елі туралы білімдерін кеңейту;
- Шет тілін өз бетінше меңгеру қабілетін дамыту.
Тілді және жұмыс формаларын әртараптандыру мақсатында және сабақты оқушылар үшін қызықты және есте қаларлықтай өткізуге мүмкіндік беретін әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді. Компьютерлік оқытудың мотивациялық әлеуеті зор екендігін осыдан аңғаруға болады.
11
Мұғалім өз жұмыстарында әртүрлі электронды ресурстарды жиі пайдалана отырып: мультимедиялық бағдарламалар мен интернеттен алынған материалдарды, интерактивті тесттерді қолдана отырып, оқыту барысын барынша қызықты етіп өткізуге мүмкіндік алады. Олар оқыту барысын сапалы және белсенді түрде өткізуге үлкен септігін тигізе отырып, балаларға түрлі жаңа технологияларды қолдануға үйретеді.
Интернеттен оқытушы сабақ жоспарына қажетті ақпараттарды табуға шектеусіз мүмкіндіктерге ие бола алады: әр түрлі елдердің ағымдағы оқиғалары туралы ақпараттар, әлемнің әр түрлі бөліктеріндегі мемлекеттер жайлы, өзге ұлт өкілдерінің ұлттық мерекелер мен салт, әдет пен ғұрыптар туралы және тағы да басқа қызықты ақпараттарды табуға болады. Ал бұл ақпараттар өз кезегінде мәдениетаралық коммуникация процесінде маңызды мәдени тасымалдаушы қызметін атқармақ. АКТ қолдану барысы төменде көрсетілген мүмкіндіктерді береді:
-- есте сақтау функциясы ретінде оқытудан психикалық даму процесі ретінде оқытуға;
-- білімнің статикалық моделінен психикалық әрекеттердің динамикалық жүйесіне;
-- орташа оқушыға назар аударудан сараланған және жеке оқыту бағдарламаларына дейін таңдалған материалдармен жұмыс жасауға;
-- оқудың сыртқы мотивациясынан ішкі моральдық және ерікті реттеуге дейін.
Оқыту барысында пән мұғалімдері тақтада жұмыс істегенге қарағанда сабақ уақытын 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік алады. Заманауи оқыту технологиялары мен АКТ құралдарының арқасында мұғалім тақтада орын жетпейді деп алаңдамай, бордың сапасы мен тақтаға жазылғанның бәрі түсінікті ма деп уайымға салынбайды. Мұғалім уақытты үнемдей отырып, сабақтың тығыздығын арттырып, тақырыптарды жаңа мазмұнмен байыта алады. Сабақта жаңа материалды түсіндіру кезінде мұғалім тақырып бойынша берілген ақпараттарды түрлі көрнекіліктермен (иллюстрациялар, фотосуреттер, портреттер, зерттелетін суретшілер картиналарының репродукциялары, бейнесаяхаттар, бейнеклиптер), динамикалық кестелер мен диаграммалар, интерактивті модельдерді интерактивті тақтаның үлкен экранына проекциялай алады. Бұл ретте түсіндіру технологиясы айтарлықтай өзгереді, себебі, мұғалім экранда пайда болған ақпаратқа түсініктеме бере отырып, қажет болған жағдайда оны қосымша түсініктемелер мен мысалдармен сүйемелдейді.
Сабақ беру барысында өз басым оқыту процесіне дем беретін заманауи технологиялар мен ақпараттық коммуникативті технологиялық құралдар деп білемін. Себебі, көптеген жағдай да оқытушы ретінде оқушылармен жұмыс жасау барысында, ұсынылатын ақпаратты түсіндіру барысында уақытты тиімді әрі үнемді түрде пайдалануды жөн көремін.
12
Себебі, көптеген жағдай да оқытушы ретінде оқушылармен жұмыс жасау барысында, ұсынылатын ақпаратты түсіндіру барысында уақытты тиімді әрі үнемді түрде пайдалануды жөн көремін. Сондықтан да, оқыту барысын барынша ақпараттандыру құралдарының көмегімен қызықты әрі ойға жеңіл қабылданып, жадта сақталатын көрнекіліктерді қолданыста ұстау мен үшін ең дұрыс амал, әрекет деп санаймын. Мысалы, оқушыларға жаңа тақырыпты тек оқулықпен ғана түсіндірмес үшін, интерактивті тақтадан тақырып бойынша көрнекі бейне сурет, не болмаса қысқа да нұсқа бейне роликтерді назарларына ұсына отырып, олардың зейіні мен есту, көру, жазу, айту дағдыларының тиімді тұстан жетілуге жаңа қадам жасалатындығын айта аламын.
Қолданыстағы қарапайым Power Point арқылы тақырыпқа сай слайдтар мен тапсырмаларды көрсете отырып, сабақ барысын цифрлі технологиялардың тиімділіктерін көрсетуге болады. Дәл солай, интернет кешеніндегі түрлі Wordwall, Kahoot платформаларында арнайы тапсырмаларды орындаттыруға болады. Платформаларда берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар барынша белсенді жұмыс жасай отыра, сабақ беру процесін өздерінің қызығушылықтарымен көркейте түсіп, білім жолында өздерінің тұлғалық даму қабілеттерін әсемдей түспек.
Білім беруде мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Қазіргі заман педагогтары үшін заманауи технологиялар мен құралдар тек қызықты түрде сабақ барысын жүргізу ғана емес, сонымен қатар ақпараттандырылған және жаңа технологияларға сай сабақтарды құрастыру, білім алушыларды бақылау құралы мен жолдарын құрастыру, үлгерімді және оқытудың мәселелік облыстарын қарастыру және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Ақпараттық және коммуникативті технологияны қолдану оқу материалымен жұмыс істеуді жеңілдетеді және оқытудың жаңа әдістеріне көшуге мүмкіндіктер туындаттырады.
Сондықтан да Қазақстан республикасының болашағы үшін сауатты шешім қабылдап, орындай білетін қазіргі заман талабына сай білім деңгейі жоғары мамандар даярлауда жаңа инновациялық құралдарды сабақ барысын жүргізуде қолдану оқушылардың түсіну қабілетін дамыту жолында жүзеге асыруға көзделген маңызды қадам болып саналады. Білім беруді ақпараттандырдың жағдайында біліктілігін арттыру. Былайша айтқанда, арнайы сабақтарда заман талабына сай ақпараттық мультимедиалық технологияларды, оқытудағы жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының да, оқытушының да белсенді дамуына бағытталады.
Адамзат баласының өзінің болашақ ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістері мен тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қай уақытта болмасын жалғаса бермек.
13
Себебі, қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру тәрбиеленушінің өзі арқылы, оның жасар іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын жан-жақты дамыта отырып жүзеге асырылатындығын айта аламын. Білім-жолы қиында қасиетті жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбиелек мен дамыту қазіргі өмір жолына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты да жауапты міндет. Жаңа заманның білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына, оның кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігіне жоғары талаптар қоюда.
Қорыта келе айтқанда, инновациялық технологияларды оқытуда қолдану-оның нәтижелігіне қолайлы әрі ыңғайлы жағдайды жасаудың бірден бір жолы, ол өз кезегінде бірлесе біріңғай жұмыс жүргізуге, адами қарым-қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қалыптастыру, тәжірибеге бағытталатын оқытудың үлкен жетістігі болып саналмақ, сонымен қатар оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда көзделген мақсатқа жетумен қоса өмір сүру сапасын көтеруде маңызды сұраныстарды қанағаттандыруды қамтамасыздандырады.
14
1.3.Ағылшын тілін оқыту аясында қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар мен көрнекіліктер.
Әр мемлекеттің алдына қойған мақсаты мен міндеті тарих сахнасынан өзінің орнын ала отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу болса, соған сәйкес экономикасы дамыған елдердің басты әрі маңызды жетістіктері олардың жер байлықтарының көптігінде немесе жер көлемінің үлкендігінде емес, сондағы байлықты өз орнымен игере білуінде. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін ел ертеңі болар бүгінгі жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бүкілхалықтық дәрежеде мән беру-бүгінгі таңда үлкен мәселе.
Ұлы Абай атамыздың Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі кінәлі деген әйгілі сөзін еске алсақ, қазіргі таңда мемлекетіміз еңсесін биікке көтеріп, әлемдік өркениет пен ұлттық рухани құндылықтарымызға бет бұра бастадық.
Қазіргі білім беру үрдісі көптеген өзгерістерге ие, саналы түрде білім беруде көптеген жаңа көз-қарастар пайда болды және біздің алдымызда жаңа міндеттер мен мақсаттар қойылып отыр. Осы міндеттердің бірі - білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіру, жетілдіру және дамытып отыру, жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру. Жана технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиеленушілеріне меңгертіп отыруды мақсат етіп, жүзеге асырсақ, оларда жаңаша көзқарас үрдісі дами түспек.
Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ барысында оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, яғни оқушыға берген біліміміздің кері байланыста қайтарымын көру. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруде ақпаратты нақты әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуда, пәнге деген қызығушылықты арттыруда, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуде ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және заманауи мультимедиялық-электрондық құралдарды ағылшын тілі сабағында тиімді түрде қолдану, ашығын айтқанда ағылшын тілі сабағында презентациялық слайдтарды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп мекемесінде және білім беру процесінде кеңінен қолдану.
Ағылшын тілін оқыту аясында қазіргі таңда көптеген жаңа инновациялық технологиялар мен көрнекіліктер жеткілікті. Соған сәйкес, әр бір оқыту технологияларының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оларды қолдану аясында тиімді әрі кәсіби дайындықпен қолдану шарт.
15
Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
- Лексиканы оқып үйретудің тиімді тәсілі;
- Сөйлеу ырғағын қалыптастырады;
- Диалог құрастыруды үйретудің тиімді тәсілдерін көрсетіп, түсіндіруге болады;
- Грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Көбіне ағылшын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz