Қоғамдағы әйел образының қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

№206 мектеп-гимназия

Тақырыбы

Қоғамдағы әйел образының қалыптасуы

Орындаған Елшибек Г. С

Қабылдаушы Ыдырыс Д. Ә

ЖОСПАР

1Кіріспе

2Негізгі бөлім

2. 1Әйел құқығын қорғаудағы алғашқы қадамдар

2. 2Қазақ әдебиетінде қозғалған проблемалар

2. 3Қазіргі таңдағы әйелдердің қоғамдағы рөлі

3Қорытынды

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Әйел қауымы қай уақытта болмасын қоғам үшін ер адамдардан бір қадам артта деп есептелінген. Осы оймен жүрген халық қыз құқығын шектету орынды жағдай деп санайды. Тұрмыстық зорлық зомбылық артқан сайын бұл тақырып жас қыздардың болашағына алаңдату әкеледі. Кейбір жандар үшін тұрмысқа шығу тақырыбы тек қорқыныш әкелуде. Осылайша қарапайым адам өміріндегі өзгерістер әйелдер үшін қиындықпен келетінін байқаймыз.

Жұмыстың мақсаты қазіргі таңдағы әйел образының қалыптасуымен таныстыру, әйелдің қоғамдағы маңыздылығын дәлелдеу

Жұмыстың міндеттері

Қалыптасу тарихымен таныстыру

Әдебиет шығармаларынан мысал көрсету

Шет елдермен салыстыру

Қазіргі таңда байқалатын өзгерістермен таныстыру

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ғасырлар мен жылдар ауыссада қоғамда жынысқа байланысты теңсіздік мәселесі өз өзектілігін жоя қоймады. Әйел құқығын қорғаудағы алғашқы қадамдар 19-20 ғасырлар аралығын қамтиды. Ұзақ уақыт бойы еркектерден бір қадам артта жүрген әйел жандары қоғамдағы өз рөлдерін дәлелдей түсті. Бұл күрес тек батыс елдерінде ғана емес қазақ жерлеріндеде өзектілігін көрсетті.

Қазақ әдебиеті әйел образын ашатын шығармаларға бай. Роман жанрының қалыптасу кезеңінде нәзік жандылардың тағдырлары көптеген шығармалардың шығуындағы арқауы саналды, қазақ қаламгерлерінің шеберлігі әлемдік деңгейдегі үздік романшылардың қабілеттілігінен еш кем қалмайтынын дәлелдеді. Шығармалар түрлі психологиялық тақырыптарды қозғап, әйел өміріндегі ащы шындықпен таныстырады. Бұл туындылар:Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Бейімбет Майлинның «Шұғаның белгісі», Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» және т. б.

Мәселен «Ақбілек» шығармасында басты кейіпкер әлділердің ойыншығына айналып, бір сюжетпен көптеген қазақ қыздарының сол замандағы тағдырын бейнелейді. Қанша зорлық көрсе де Ақбілек мойымай тез есін жиып оқуға ұмтылады. Білім ғана қара түнекте жанып тұрған шамшырақтай алға жүруге үміт сыйлайды. Ақыр соңында білімімен бақытқа жеткен Ақбілек Балташ есімді жігітпен жаңа отбасы құрады. Әр оқырман шығарманы оқығаннан кейін өмірге қажет болатын көп ой түйеді және нағыз шындыққа жолығады.

20 ғасырдың басындағы қоғамдық өзгерістерге байланысты қазақ жастары оқуға ұмтыла түсті, тәрбие мен болмыстары өзгерді. Әдебиеттегі қыздардың бейнесі сомдала бастағандай. Ал батыс елдерінде осы уақытта түрлі митингілер жүріп, теңдікке деген күрес басқаша болды. Үйдің төрт қабырғасында отырудан шаршаған әйел жандары тарих бетінде өшпес ізін қалдырып, қоғамдық көзқарастарды өзгертті. Бұл оқиғалардың барлығы біздің осы сәттегі қоғамымыздағы өзгерістердің басты себебі. Алайда барлық проблемалар шешімін таба қойған жоқ. Халықтың ойын бірінші орынға қоятын қазақ халқы үшін бұл мәселені шешу әлі көп уақыт талап етеді. Қаншама жас қыздардың өмірін құрдымға апарып жатқан «алып қашу» дәстүрі әлі де қоғамда үйреншікті жағдай болып табылады. Жоғарғы білім орнына жетпей мектеп жасында тұрмыс құрып жатқан қыздар ерте жастарында арқасына тым ауыр жүкті арқалауда. Тұрмыста зорлық-зомбылық көрген жандардың қатарыда азая қоймаған. Әсіресе пандемия кезінде бұл көрсеткіш әбден өршігенін байқаймыз. Осы себептен жан тапсыруға жеткен жағдайларда кездеседі. Бірақ бұл мәселені шешетін билік орындарында әйел жандарын көру сирек . Оған қарамастан экономикалық белсенді халық көрсеткішінде әйел жандарының пайызы артуда. Экономикадағы әйел маңызын осыған қарап айта аламыз.

Қазіргі таңда әйелдердің белсенді түрде жұмысқа араласып, шешім қабылдауға қабілетті болуы -гендерлік теңдік үшін күрес емес, елдің бәсекеге қабілетін арттырудағы маңызды мәселенің бірі. Сол үшін маңызды шешім қабылдауда әйелге сенім арту орынды жағдай болу қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келгенде, біз білетін әйел образының қалыптасуы ұзақ уақытты қамтып жатыр. Қай ел болмасын қыз құқығының қалыптасуы терең тарихқа ие. Түрлі өмір сынағына төтеп беру жолындағы ғұмырлар басқаларға қоғам алдында өзін көрсетуге мүмкіндік берді. Алайда бұл мүмкіндікті қолдану сәл қиыншылық тудыратыны айдан анық. Қазір үмітті үзуге әлі ерте. Алдағы жаңа өзгерісті бастау жастардың қолында. Оларға деген міндет өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс тәрбие беріп, дұрыс жолды көрсету.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДАСТАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ
Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі отбасы құндылықтарының дәріптелуі
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Ақан Сері шығармалары
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Мулан образының көркем шығармада берілу тәсілдері
Өтебай Қанахинның «Құдірет» романында «Әйел» концепциясының берілуі
«Ағылшын және қазақ фольклорындағы мифтік образдардың типологиялық ұқсастықтары мен ерекшеліктері»
Абай поэтикасының Абай жолы эпопеясында әлеуметтік, теңсіздік мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz