Араб философиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Әл-Фараби философясы.

Тексерген :Анламасова Ырсалды Жиентайқызы
Орындаған: Жаңбыр Ақжігіт

Қарағанды 2021жыл
Әл-Фараби философиясы
1. Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары
2. Фарабидің ғылыми жетістіктері
3. Араб философиясы
4. Әл-Фараби философиясындағы бақытты адам концепциясы

Тарихтың құм басқан көне рухани күмбездерінің ішінде алыстан мұнартып, жақындаған сайын жарқырай түсетін Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фарабидің тұлғасы биіктей түседі.
Әл-Фараби - ғылымның барлық саласымен дерлік, айналысып, 150-дей ғылыми трактат жазып, артына өшпес мұра қалдырған энциклопедист ғұлама, орта ғасырлардағы түркілік, исламдық өркениеттің жарық жұлдызы. Оның есімі әлемдік өркениеттің тарихында әйгілі ойшыл, философ, математик, физик, астроном, әлеуметтанушы, тілді, сөз өнерін, саз өнерін зерттеуші ретінде кеңінен танымал болды.
Фарабидің өмірі жөнінен бізге жеткен мағлұматтар үздік-үздік аңыз-шыны аралас болып келеді. Әл-Фараби еңбектерінің салмақты жағы ғылымның философиялық мәселелерін зерделеуге арналған еңбектерінде ғылымның аса маңызды проблемалары көтеріліп, ғұламаны асқан ойшыл, кемеңгер философ ретінде әлемге танытты.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің "Жан туралы" дейтін еңбегін жүз рет, "Табиғи гармониясын" қырық рет, "Риторикасын" екі жүз рет оқыған көрінеді.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып фило - софия мен ғылымның барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар", "Мета - физика". "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика" т.б. философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.
Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Дүниені материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіруші, жан-жақты білім иесі, данышпан адам. Ал орта ғасырларда кейде түсінбегендіктен, кейде түрлі діни ағымдардың әсерінен әдейі Аристотельдің құнды материалистік идеялары бұрмаланып жіберілген.
Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғылымдардың шығуы", "Бақытқа жету" сияқты көптеген еңбектер жазған.
Фараби еңбектері ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Фараби ғылымының философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оку және оқыту ретін белгіледі, әрқайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты.
Фарабидің ғылыми жетістіктері мыналар: "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап", "Мәселелердің түпкі мазмұны", "Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі тура - лы", "Вакуум туралы" трактат, "Музыканың ұлы кітабы" (кіріспесі қазақтіліне аударылған), "Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", Порфирийдің "Философияға кіріспе" атты кітабына түсініктеме, "Химия өнерінің қажеттігі жайлы", "Птолемейдің "Алмагесіне" түсініктеме" және қосымша кітап, "Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы", "Философиялық сұраулар және оған жауаптар", "Бақытқа жету туралы", "Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты", "Ақылдың мәні тұралы", "Түсініктемелер", "Философияның дінге қатысы", `Әріптер туралы кітап", "Логикаға кіріспе трактат", " Геометриялық трактат" т.б.
Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады.
Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда калыптасты. ІХ-Х ғасырларда саяси, философиялық ойдың даму -- таптық және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялык тайталасы, күресі жағдайында жүрді.
Араб философиясында Фарабиге дейін бірнеше ағымдар мен кезеңдер болды. Діни философияны VIII ғ. бас кезінде пайда болған мутакаллимдер қуаттады. Олар құдайдың мәнісі, дүниенің түпкі сыры жөнінде кұран қағидаларын бұлжытпай басшылықка алды, табиғи заңдылық және табиғаттағы себептілік принциптеріне қарсы шыкты. Мутакал - лимдер болмыстағы барлық құбылыстар, оқиғалар тек бір құдайдың еркімен болады, құдайдың кұдіретінсіз "адамның жалғыз шашы түспейді" дегенді уағыздады, дәлелдеп бақты. Алайда араб халифатында, мемлекетінде ғылымның өркендеуі басқаша көзқарастардың, сенімдердің бой көтеруіне әкеп соқты. Олар мұсылмандық қатып қалған қағидаларға (догматтарға) қарсы бағыттап, рационалистік, материалистік көзқарастардың етек алуына жағдай туғызды. Мұндай ғылыми, рационалистік бағытты жактаушылар мутазилиттер, яғни дәстүрлі діннен "бөлініп кетушілер" еді. Олар адамзат ақыл-ойы шындыққа жетуде кұдайдың алдын ала сызып-пішіп қойған жолы емес, одан басқа ақыл, парасат жолын басшылыққа алу жөн деп есептеді. Мұндай күрес сол заманда философия мен ғылымды дамытуда үлкен маңызы болды. Екінші жағынан мутазилиттер Аристотельдің құдай туралы идеясына карсы шығып дүниенің мәңгілігін, ондағы орын алатын заңдылықтарды біртіндеп жоққа шығарды. Мутазилиттердің имамы, жетекшісі атақты әл-Ашари болды.
Араб философиясындағы жетекші бағыт перипатетизм, яғни аристотелизм болды. Бұлар да бірсыпыра өзекті мөселелер түрғысында Құран қағидаларына қайшы келді. Бірақ олар бұл кайшылыктарды, керағарлықгарды тігісін жатқызып, бітістіру үшін Алланың айтқаны да, философия мен ғылым тұжырымдары да шындыққа сай келеді, біріншісі баршаға бағышталған, екіншісі тандаулы адамдарға. даналарға арналған арнайы, шектеулі шындық, Міне осылай екі шындық ілімі, теориясы жасалады. Бұл теория ортағасырлар заманында прогрессивті кызмет атқарды.
Араб аристотелизмінің негізін салушылар қатарында әл-Кинди, Фараби, Ибн Сина т.б. жатады. Алайда фило - софия тарихшыларының басым көпшілігінін ұйғаруынша мұсылман шығысындағы ілгерішіл қоғамдык-саяси ой-пікірдің нағыз көш бастаушысы Фараби болды.
Фарабидің өз еңбектерінде кұдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің ізімен құдай дүниені бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп -- "алғашқы түрткі" қана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз зандылығымен кұдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны куаттайды. Бұл, әрине, мутакаллимдердің "жақсылық та құдайдан, жамандықта құдайдан" деген қағидасына мүлдем қайшы. Кертартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар (мәселен, әл-Ашари) осы сиякты "күпірліктері", кателері үшін Әбунасырды қудалаған кездері болған.
Фараби ақиқат біреу-ақ, бірақ оған әр жақтан, әр түрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін деп санайды. Фарабидің философиялық ілімі -- негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. Фарабидің данышпандығы мен білімпаздығы, әрине, бұл идеализмге өзгеше түр бермей қала алмады. Араб тарихшысы Усейбидің айтқанына карағанда, Фарабидің философиялық жүйесінде маңызы кейінірек барып біліне, анықтала бастаған бірден көзге түсе қоймайтын жерлері көп, олар қазіргі заманғы терминология бойынша айтсақ, материалистік нышанды немесе идеализм мен материализм арасындағы ауытқуды білдіреді. Фарабидің философиялық жүйесі ортағасырлар философиядағы барлық проблемаларды қамтиды деп айтсақ артық болмайды. Олар: болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы мәселе, адамның тану әрекеті -- проблемасы, логика мәселелері, ақыл және оның адамның қоғамдық іс-әрекеттеріндегі алатын орны, этика, эстетика мәселелері, натурфилософия және ғылымдар методологиясы, проблемалары, т.б.
Фарабидің философиялық және логика-методикалық көзқарастарын жақсы түсіну үшін оның ғылымдар топтауын (классификациясын) қарастыру қажет. Бұл топтау Аристотельдің классификациясына ұқсайды, алайда Фарабиде табиғаттану-математика ғылымдары кең де әр түрде көрініс табады; бұл оның ортағасырлардағы Шығыс философиясының даму бағытын бейнелейтін рационалистік және материалистік талпыныстарының нәтижесі болып табылады.
Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактаттарын терең талдай келіп Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизм -- зерттеу прин - ципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу -- ғылым-білімнің қайнар көзі; адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип -- Фарабидің философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады. Әрине, ғылымның даму деңгейі, саяси-әлеуметтік жағдайлардың салдарынан бұл мәселелер туралы ол кейде кері шегініс жасауға мәжбүр болады. Мәселен, дүниенің мәңгілігін, басының болмағанын мойындау ресми дін өкілдерінің дүниені құдай жаратқан деген доктринасына қайшы келеді. Фараби бұл жағдайда құдай бірінші, дүние екінші кезекте деген сияқты бұлдыр да бұлтарыс түсінік береді. Фарабидің пікірінше қозғалыс - мүмкіндіктен шындыққа көшу, уақыт та мәңгілік, ол қозғалыстың сипаттамасы (характеристикасы).
Ақыл туралы ілім Фарабидің философиядағы ірі жетістіктері санатына қосылады. Мұндағы ақыл ұғымы кең, бүкіләлемдік мағынада қарастырылып, оның космологиясына тірек болды. Әрекеттегі яғни жасампаз ақыл (яғни бірінші қозғаушы. Аристотельге айтканда, ойлаудың ойлауы) болмыс түзілісіндегі (иерархиясындағы) жоғарғы сатылардың бірі. Ең жоғарғы сатыны түпкі себеп -- Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатыны -- аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай негізгі төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. Болмыстың төртінші сатысы -- адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатыны форма мен материя алып жатыр. Бұл схемада бір жағынан әлемнің жаратылысы мен аспан мен жердің алшақтығы жайлы ресми мұсылман дінінің кағидаларына сәйкес келсе, екінші жағынан дүниеге материалистік, эволюциялық даму тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді.
Фарабидің көзқарасы бойынша, жасампаз акыл немесе ғарыштық (космостық) ақыл ай асты әлеміндегі бүкіл қозғалыстардың себебі ғана емес, ол -- жер бетіндегі тіршілікке тән ақыл, бұл дүниенің заңдылығын реттеуші, билеуші. Әрбір тіршілік иесінің ақылы тек әлемдік, космостық ақылға қатысты дамиды, өркендейді. Ал әлемдік ақыл мәңгілік. Жеке тіршілік иесі өткінші. Осыдан барып жан өлмекші емес деген қағида теріске шығып діннің сара жолымен философияның талас мәселесі жанның ауысып, көшіп жүреді деген идея мансұқ етіледі. Фараби бұл аса маңызды да, мәңгі проблема бойынша анық бір пікірді ұстамағаны байқалады. Көп жағдайда ол жан өлмейтіні жайлы тезисті ашық қуаттайды. Бірде ол Аристотельдің идеясын қолдап дамытып жанның мәңгілігін бір адам үшін емес жалпы адамзатқа тән қабілет ретінде қарастырады. Енді бірде қайырымды, парасатты адамдардың жаны өлмейді, ал қайырымсыз, надан да пасық адамдар жаны оның тәнімен бірге өледі деген идеяны қолдайды. Бұл жағдайда ол жақсы адамның артында қалдырған ісінің, ізінің өшпегені, оның жанының өмір сүргені дегенді меңзейтін сиякты. Бұлай деп айтуымызға Фарабидің "Ұлы Зенонның жоғары ғылым бойынша трактаты туралы" еңбегінде ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман философиясы
Араб тілі философия мен ғылым
Ислам философиясы. Араб философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Мұсылман мектептері
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Пәндер