Жылқы қарнының аурулары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Жоғары Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ВКД кафедрасы, Аграрлық факультеті

Реферат

Тақырыбы: Жылқының асқорыту жүйесін зерттеу.

Орындаған: Көлбаев Б

Тобы: Ап-19-ДК2

Қабылдаған: Қамбаров А.

Шымкент 2023ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімЖылқының асқорыту жүйесін клиникалық бағалауЖылқының қарынына зонд еңгізу, сынама алуЖылқы қарнының аурулары

Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Асқазан - омыртқалы жануарлардың, еттері мен жақсы жетілген, ас қорыту түтігінің кеңейген бөлігі.

Оның бездері ешқандай иісі мен түсі жоқ, мөлдір асқазан сөлін бөліп шығарады. Әр малдың қарын құрамы әртүрлі болып келеді. Ол судан, қышқылдардан тұздардан, ферменттерден, витамиңдерден, макро - және микроэлементерден тұрады.

Асқазандағы ас қалдығының 12 тұтам ішекке асқазанның шығар аузындағы сфинктер реттен отырады. Оның ашылып-жабылуы асқазан мен 12 тұтам ішектегі қышқылдықтың мөлшеріне тікелей байланысты. 0, 1-0, 2%-дан жоғарғы қышқылдық асқазанның кілегей қабығындағы нерв талшықтарын тітіркендіріп, сфинктердің тонусын әлсіретеді сондықтан ол ашылады. Ал ол қышқылдық 12 тұтам ішектің кілегей қабығының нерв талшықтарын тітіркендіру арқылы сфинктердің тонусын жақсартады да, ол жабылады. 12 тұтым ішектегі кышқылдық төмен болғанда сфинктер жабылмайды.

Қарын сөлінің жасанды түрі де бар. Оның құрамы химиялық таза тұз қышқылы, 10 г таза медицина пепсині, 1л су. Ең негізгісі фермент пепсин. Оның белсенділігі белоктың ыдыратуына байланысты анықталады. Қалыпты жағдайда 1г пепсин 2 сағаттың ішіңде 50 кг денатурланған жұмыртқаның белогын ыдыратуы керек.

1. Асқазанның негізгі функционалдық қызмсттері бұзылуы;

2. Асқазанда органикалық өзгерістердің болуы.

Асқазанның қандай ауруы болмасын, ол оның қызметтерінің бұзылуына апарып соғады. Ондай бұзылудың кейбір ерекшеліктері болуы мүмкін. Мысалы: бір жерде шоғырланған терең органикалық өзгерістер (ойық жара) асқазанның функционалдық қызметін онша көп бұза қоймауы керісінше, аздаған үстіртін органикалық өзгерістер оны әжептеуір өзгертуі мүмкін. Кей кезде асқазанның пункционалдық қызметтерінің бұзылуы көрші ағзалардың ауруларының әсерлерінен де болуы мүмкін (висцеро- висцералдық рефлекс арқылы) .

Асқазанның функционалдық қызметтерінің бұзылуларының ішіндегі тығыз байланыста тұрған негізгілері:

1. Секреторлық, немесе сөл бөлу функциясы;

2. Жиырлу, немесе қозғалғыштық функциясы.

Асқазанның жирылу, немесе қозғалғыштық функциясының бұзылуы оның үдеуімен, немесе әлсіреуімен сипатталады. Кей кезде асқазанның етінің тонусы өзгереді, бірақ онда жоғарғы айтылған кұбылыстар тіркеледі.

Асқазанның секреторлық - сөл бөлу функциясының бұзылыуы қышқылдығының не ұлғаюымен, немесе әлсіреуімен сипатталады. Жылқының асқазан сөлінің қышқылдығының бұзылуының 4 түрін, ал иттерде 5 түрін анықтауға болады.

1. Гиперацидтік турі. Ашықтырылған жылқыға тексеру тітіркендіргішін (жарнақтың езіндісі) бергеннен кейін бөлінетін сөлдің мөлшері көбейеді (800-1000 мл), жалпы қышқылдығы жоғарылайды (20-30 титр бірлігі), бос тұз қышқылы да көбейеді (13-30 титр бірлігі), өт пигменттеріне әлсіз реакция білінеді.

2. Астеникалық түрінде де жалпы қышқылдығы бірден жоғарылай түседі де, кейіннен төмендей келіп, аяғында бастапқы көрсеткшіненде аз болып шығады. Өт пигменттеріне реакция әлсіз.

3. Инерттік түрінде жалпы қышқылдық өте жәй көтеріліп, тәжірибенің аяғында 12-16 титр бірлігін көрсетеді.

4. Субацидтік түрінде сөл аз бөлінеді, жалпы қышқылдылығы төмен, бос тұз қышқылы жоқ. Май, сүт қышқылдары; өт пигментінің бар екені анықталады. Тексеру барысында жалпы қышқылдық төмендей түседі. Оның 10-15 титр бірлігіне көтерілуі өте сирек кездесетін жағдай.

5. Иттерде ғана анықталатын анацидтік түрінде қышқылдыққа ешқандай реакция жоқ.

• Гиперацидтік түрі реттеуші механизмнің қалыптан тыс тітіркенгендігін байқатады;

• Астеникалық түрі - жүйке-без аппараттары ұзақ уақыт қозғанда организм тексеру тітіркендіргішіне кенеттен қатты реакция беретінін көрсетеді. Ондай жағдай организмдегі реттеу механизмінің тозыуының басталуын дәлелдейді.

• Инерттік, субацидтік түрлері асқазан қызметтерінің бұзылуының ауыр кезеңін көрсетеді. Тексеру тігіркендіргішіне асқазанның реакция бермеуі -оргаиизмдегі реттеуші жүйке механизмнің тоқтағанының дәлелі.

1. 1. Асқорыту жүйесіне клиникалық баға беру :

- азық қабылдау, су ішу;

- ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңештің және құс жемасауы жағдайы;

- іштің асқазан мен ішектердің жағдайына;

- нәжіс бөлінуіне;

- тік ішек арқылы /ректоскопия/ құрсақ және жамбас қуысындағы ағзаларды зерттеу үшін бауыр жағдайын бағалау.

Жануарлардың ас қорыту жүйесін ветеринариялық тәжірибеде қалыптасқан клиникалық зерттеу әдістерімен қоса, дәйекті ақпараттар алу барысында: гастрография, ренгеноскопия, зонд және катетр енгізу, ренгеноскопия және, нәжісті, құрсақ қуысынан алынған сұйықты лабораториялық зерттеу әдістері арқылы олардың физикалық-химиялық қасиеттерін анықтайды. Сонымен қатар тексеру барысында ауыз кергіштер, ларингоскоп, фарингоскоп, танау және ауыз, қарын зондтары, тыңдауға арналған жайма, урометр т. б қолданады.

Азықты қабылдау барысында - жануардың өзіндік биологиялық ерекшеліктері мен азық, су түрінің жеке қасиеттері, сондай-ақ, жануардың кекіру, күйіс қайыру, құсу, лоқсу сияқты физиологиялық актілерге баға беріледі.

М: тәбет, шөлдеу, шайнау құбылыстары ескеріледі.

Тістерін шықырлату - сиырда жарақатты ретикулитте, жылқыда ішек түйілуінде, шошқада оба мен тілмеде, қойда - ценуроз ауруында байқалады.

Жұту күрделі рефлекторлы акт.

Жұтқыншақты зерттеу. Жұтқыншақтың ішкі жағын қарау өте қиындыққа соғады, сондықтан арнайы аспаптар көмегімен жүргізіледі. Сонымен бірге, ауыз кергіш фарингоскоп /Ш. А. Кумсиев/, ларингоскопты, гастроскопты пайдалануға болады.

Жұтқыншақты ішінен сипау зерттеушіге қауіпті, сол себепті бұл әдіс жұтқыншақтың бөгде заттармен бітелгенін, онда абцесстердің барлығын, қатерлі ісікті, жарақаттанғанын анықтау үшін қолданады.

Сілекей бездерін зерттеу. Сілекей бездері зақымданған мал мойнын алға созып тұрады, соның салдарынан жұту процессі өзгереді.

Өңешті зерттеу. Қарауға және сипауға өңештің мойын тұсы ғана ыңғайлы, ал кеуде жағын тек қана зонд енгізу арқылы және рентген сәулесі көмегімен зерттейді.

1. 2. Жылқы қарынын зерттеу . Жылқы қарынын зерттеу, тек қана жалпы клиникалық әдістермен зерттеліп қана қоймай, сонымен қатар қарынға зонд енгізу және онан алған сөлді тексеру арқылы жүргізеді. Жылқы қарнын негізінен жалпы клиникалық зерттеу ешқандай нәтиже бермейді, өйткені оның орналасқан жері зерттеушіге қиын соғады. Сондықтан клиникалық практикада көбінесе зондтпен тексеруге көңіл бөлініп, онан алған мәліметтерге мән беріледі. Мысалы: қарын зақымданғанда өзіне тән өзгерістерді байқауға болады: есінеу, ұйқышылдық, әлсіздік, сылбырлық, тәбеті болмауы, жоғары ерінін сыртқа айналдыру, қатты таңдайдың кілегейлі қабығының ісінуі, абыржуы және кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілетінің өзгеруі болады.

​Қарын сөлін зонд енгізу арқылы алып тексеру. Бұл әдіс барлық зерттеулер ішіндегі ең тиімді әдіс түрі, өйткені осы зерттеу арқылы асқазан ішек ауруларына дер кезінде дәл диагноз қойып, ауруды білуге болады. Қарын сөлін алу үшін жуан танау-қарын зонды пайдаланылады, ал алған сөлді жинау үшін ауызы кең, резеңке және шыны тығынды, үлкен екі шыны ыдыс керек. Бірінші резеңке тығынды ыдысты зондқа қосады, ал екінші ыдысты арнайы құрал Комовский сорғышына жалғайды. Қарын сөлін алу үшін екі түрлі әдіс қолданылады. Бір дүркіндік және фракциялық. Бір дүркіндік тәсілде қарын сөлін бір рет алады., бірақ 45минут қоздырғыш азық бергеннен соң алынып тексеріледі. Мұндай әдістер өте сирек қолданылады. Ал фракциялық әдісте қарын сөлінің бірінші бөлігін қоздырғыш азық бергеннен 45 /минут өткеннен кейін алып, ал қалған 5 бөлігін, 20 / минут сайын алып тексереді. Алынған қарын сөлінің физикалық-химиялық қасиеттерін анықтап, сонан соң микроскопиялық зерттеу жүргізеді.

​Қарын аурулары кезінде әртүрлі қоспалар болуы мүмкін: сілекей, қан, ірің т. б. сау жылқының қарын сөлі тұнбасын микроскоппен зерттегенде бірен-сараң лейкоциттер мен эпителиальды торшалар ал, қарынның кілегейлі қабығы қабынғанда бұл торшалар көбейеді де эритроциттер болуы мүмкін.

​Зондты пайдаланбастан бұрын, оны вазелин майымен майлап, сонан соң танау қуысының төменгі бөлігі арқылы танау қарын зондын енгізеді.

​Сөл бөлу қызметі нашарлағанда қышқылдың HCI қасиеті күшеюі, азаюы, болмауы, гиперацидті, гипоацидті, анацидті, субацидті, инертті болып бөлінеді.

Тұз қышқылының жетіспеуін анықтау. 5 мл қарын сөліне 1-2 тамшы 0, 5% спирттің диметиламидобензол ерітіндісін қосамыз да оны 0, 1 HCI ертіндісімен титрден өткіземіз, яғни қызғылт түске дейін, 100 мл қарын сөліне кеткен титр саны HCI жетіспеуі болып табылады.

1. 3. Асқазанның кілегей қабығының қабынуының жіті түрі-catarrhalis acuta - Асқазанның кілегей қабығының қабынуы салдарынан оның сөл бөлу, жирылу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.

Жалпы асқазанның қабынуының жіті және созылмалы. басалқы және қосалқы; гипер-, гапо- нормоацидтік ажыратады. Көбінесе жылқылар, шощқалар, ет қоректілері ауырады.

Себептері. Көбінесе малдарды азықтандыруды ұйымдастырмаудан болатын ауру.

Ауыз қуысының, тістің аурулары; әртүрлі уланулар бөлінуіне, жирылу процесіне кедергі жасайтын барлық факторлар аурудың себебіне жатады.

Қосалқы ауру ретінде жүректің, бауырдың, ішектердің, бүйректердің, алдыңғы қарыншақтардың ауруларында; сонда-ақ індетті ауруларда жиі кездеседі.

Дамуы. Қабыну процесі асқазанның негізгі қызметтерін бұзады (сөл бөлу, жирылу т. б. ) . Қышқылдығы жоғарлаған уақытта пилорус қатты түйіліп, ауырсынғандықты тудырады. Егер қышқылдығы төмендесе, онда асқазандағы ас қорту процесі бұзылады, қарын сөлінің бактериоцидтік қабілеті жойылады. Сфинктер ашық, асқазанда толық қорытылмаған ас қалдығының ішекке өтуі жылдамдайды, дисбактериоз пайда болады. Ащу-шіру процесінің үдеуі салдарынан улы заттар (зат алмасуының метаболиттері) шоғырланады да, жалпы организмге әсер етеді. Оның үстіне бауырдың усыздандыру қабілеті нашарлайды. Қабыну салдарынан бөлінетін кілегейлі сұйық асқазанның кілегей қабының қалындап жауып, acқазан сөлінің асқа әсеріне кедергі жасайды, керісінше сөлді сұйылтып, оның концентрациясын төмендетіп, әсерін әлсіретеді. Улы заттар қанға сіңеді, дене қызуы көтеріледі, ішекке өтіп оны қабындырады.

Клиникалық белгілері . Ауру мал салғырт, дене қызуы аздап көтеріледі, тынышсыздығының белгілері байқалады. Тәбеті өзгерген төсенішті жеп, ылай сұйықты ішеді; қабырғаны, т. б. бөгде заттарды жалап кеміреді. Көздің кілегей қабықтары бастапқыда қызарады, артынан сарғаяды. Ауыз қуысының кілегей қабықтары қоймалжын сілекеймен қапталған, тілдің үстінгі жағында сарғыш дақ пайда болады, ауыздан жағымсыз иіс сезіледі.

Гепоацитке гастритте ішектердің жирылуы іш өткенге дейін үдей түседі, аурудың бұл түрі ауырлау өтеді: ауру мал жүдейді, тәбеті нашар, аш карында қарын сөлі алынбайды, ал тексеру тітіркендіргішінен кейін алғанда инертті, не субацидті түрі анықталады.

Гиперацидті түрінде нәжіс қатқанға дейін ондай өзгеріс білінбейді. Нәжіс, қара түсті, сырты жалқаякпен қапталған. Іш шаншуының белгілері білінеді.

Етқоректілер әсіресе тамақ қабылдағаннан кейін жиі кекіреді- құсады. Құсық бастапқыда қанмен, кейіннен өтпен аралас болуы мүмкін. Иттердің асқазан тұсын сипағанда ауырсығандық байқалады.

Жылқылар жиі есінейді, мойнын созады, үстіңгі еріннің еті түйіледі, ауыз қуысында коймалжың сілекей, тілінің үстінде сарғыш дақ пайда болады. Тістері дұрыс қажалмаған жағдайда тілі қабықтары жарақаттанады.

Аурудың түріне байланысты асқазан сөлінің кышқылдығы өзгереді; гипер- гипо- және субацидті түрлері анықталады.

Ауруды анықтау үшін тиянақты жиналған анамнез, клиникалық белгілері және асқазан сөлін лабораторияда тексеру қажет.

Барысы. Гастриттің басалқы түрін аурудың себептерін жойып, дұрыстап емдегенде 8-14 күнде жазып алуға болады. Кейде түрі асқынып, қабыну процесі ішектерге таралуы мүмкін. Ондай жағдайда малдың күйі нашарлап, аурудың созылмалы түріне айналады.

Емі. Бірінші кезекте аурудың себептерін дұрыс анықтап, оларды жою керек. Асқазанды жылы сумен, не оған 1-2 % сода, ихтиол ертінділерін қосып, 2-3 күндей қатарынан жуу керек. , Асқазанның қышқылдығын ескере отырып диеталық рацион құрастырады. Бастапқыда жарнақтардан жасалған кілегей тұнбаға 1-2 жұмыртқа қосып берген дұрыс. Гиперацидті түрінде аз тітіркендіретін азықты, ал гапоацидті түрінде керсінше беруді ұйымдастырады.

Нәжіс қатып қалса натрий, магнийдің күкіртті тұздары кастор майын қолданады. Гипоацидті түрінде рационға жусан қышқьшдық тамыр, үшжапырақты өсімдіктің жапыратың, ас тұзын т. б, дәрілерді қосады. Ауыз қуысы арқылы асқазан сөлін береді. Оның жасанды түрін қолдануға да болды. Күніне 15-50 мл-ден 2-3 peт. 3-4 л суға 8-20 г тұз қышқылын өзін ішкізеді.

Гиперацидті түрінде карловар тұзының көмегі жақсы. Малдың түріне байланысты күніне 3 рет, 2-50 г мөлшерінде.

Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын жалпы ережені сақтай отырып қолданады (фталазол, сульгин биомицин, биоветин, мономицин т. б. ) .

Сақтандыру шаралары . Құнарлы азық, дұрыс күтім азықты дұрыс дайындау. Әсіресе төлдерді рационның түрінен екіші түріне дұрыс ауыстыру. Жышқылардың тісті уақытында емдеп отыру және күнделікгі серуендету мәселесін ұйымдастыру керек.

Асқазанның қабынуының созылмалы түрі - Gаstrits catarrhalis chronica - асқазан қабырғасының ұзақ уақыт қабынуынан оның қызметтерінің бұзылуы.

Жылқы, ит, шошқаларда жиі кездеседі.

Себептері. Басалқы түрінде сол жіті түрінің себе жатады. Ал қосалқы түрінде ішкі ағзалардың жұқпалы емес ауруларында, індетті және тоғышар ауруларында кездеседі.

Дамуы. Аурудың басында қабынудың астеникалық түрі байқалады да, артынан субацидті, инертті түрлеріне ауысады. Организмде белоктың алмасуының бұзылуы салдарын асқазан селінде бос тұз қышқылы азаяды, пепсиин белсенділігі төмендейді. Ac қалдығаның асқазаннан ішекке өтуі жылдамдайды - асқазан диспепсиясы. Егер көкбауыр асқазанның кемшілігін толықтыра алмаса, онда организме тез уланғаны байқалады. Улы заттар бауырдың қызметі бұзады. Қанда билирубин анықталады. Ауру малдың қан азаяды, ол мал арықтайды.

Өлекседегі өзгерістер . Асқазанның барлық қабаттарын өзгерістер байқалады. Кілегей қабығы түссіз кілегей сұйықпен қапталған; кей жерлері қари-қошқыл, не сарғыш түсті; бездері қабынғанда беті бұдырланып, қалындай түседі. Асқынған түрінде басқа ағзалардағы өзгерістерді анықтауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы ақпарат
Буаздық физиологиясы
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек жайлы
Мал шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру
Бұқаларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Ит қарынының жіті кеңеюінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Күйіс малының ас қорыту ерекшеліктері
Жылқының шаншу ауруы
Айғырларға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар. айғырларды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Жануар тектес азық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz