Қазақстан Республикасы мен ақш арасындағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың бағыттары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І . ҚАЗАҚСТАН - АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
- Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі . . . 7
- Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері . . . 15
ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ
- Білім саласындағы ынтымақтастық . . . 23
- Мәдениет саласындағы ынтымақтастық . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 37
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мәдениет XXI ғасырда стратегиялық маңызды ресурсқа айналып отыр. Алдағы уақытта оның ауқымы мен мазмұны кеңейіп, экономикалық, геосаяси категорияға айналуы да мүмкін. Өйткені қазіргі кезде түркі әлеміндегі елдердің арасында ортақ құндылықтарды жекешелендіру, бөліп алу тенденциясы жүріп жатыр. Сондықтан мәдени саясат дегеніміз мемлекеттің мәдениетке қатысты ұстанып отырған саясатын іс жүзінде жүзеге асыруы болып табылады. Кез келген мемлекеттің мәдениет саласында өзіндік стратегиялық басымдықтары болады. Сол басымдықтар арқылы ұлттық мәдениетін әлемдік қауымдастық аренасына шығаруы - мәдени саясаттың бір саласы. Ал саяси мәдениет деген - саяси жүйенің жүзеге асуы. Бұл екі ұғымның айырмашылықтары да бар. Сонымен қатар екеуі бір-бірімен қабысып, әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады.
АҚШ-тың «америкалық арман» идеологиясы қазіргі уақытта жетер шегіне жетіп, құлдырап бара жатыр. Бірақ 270-280 жыл бойы АҚШ-тың дамуына ықпал ете алды. КСРО-ның локомотиві - «коммунизм» идеясы миллиондаған адамды баурап алды. Тапқа негізделген бұл идеология болмаса, Кеңес Одағы 70 жыл өмір сүрмес еді. Ал Қазақстанға «қазақылық, білімділік, мәдениет» призмасындағы идеология қажет дер едім. Әрбір азамат қазақы дәстүр мен ділді көкірегіне құйып, заманауи үрдіске сай білім-ғылыммен алға ұмтылуы керек. Ал ұлттық құндылықтарды меңгеріп, білімді болған халық мәдениетті тұлға болып қалыптасады.
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары арасындағы саяси қатынастардың мәнін ашу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің бір жыл бұрыңғы халыққа Жолдауында мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының ең маңызды 30 бағытын айқындап берген еді [1] . Осыған сәйкес, қазіргі таңда елдің сыртқы саясатының бағыттарының арасында елбасымыз әлемнің ірі де алпауыт саяси «ойыншыларымен» тиімді ынтымақтастықты дамытудың қажеттілігін баса айтқан еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты Қазақстан халқына арнаған 2007 ж. Жолдауында АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті дамытудың қажеттілігін тағы да қуаттады. Қазақстанды жеделдетіп жаңғырту үшін қажетті қолайлы жағдайларды жасаудың және басым мақсаттарды жүзеге асырудың қазіргі сатысында бізге АҚШ-пен ынтымақтастықтың әлеуетін пайдалану маңызды. АҚШ Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың шешуші маңызын, өңірдің қалыпты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етудегі ұдайы экономикалық өсімін әрі сындарлы сыртқы саясатын атай отырып, Қазақстанның өңірлік рөлін жоғары бағалайды. Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграцияны ілгерілетудегі Қазақстанның ұмтылысы АҚШ тарапынан өңірлік тұрақтылық пен ынтымақтастықтың айрықша факторы ретінде қарастырылады. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің үлесіміз - халықаралық лаңкестікпен және діни экстремизммен күрестегі, жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтудағы, сондай-ақ Ауғанстан мен Иракты қалпына келтірудегі сәтті әрекеттестігіміз болып табылады. Президент Дж. Буштың Президент Н. Назарбаевтың атына жолдауында Қазақстанның экономикалық және саяси дамуына жоғары баға берілді, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, лаңкестікке қарсы күрес және Иракты қалпына келтіру үрдісіне қосқан үлесі үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Қазақстанның экономикалық және саяси жетістіктері Дж. Буштың төмендегі сөзіне арқау болды: «Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі осы өңірде басқа елдерге үлгі бола алады» және «әріптестік рухында ытнымақтастықты кеңейтуге» АҚШ әзір [2] .
АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстанға демократияны таратуға қолғабыс көрсеткені үшін алғысын білдіріп: «Мен Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының құрамында болған кезінен бастап, осыдан 15 жыл бұрын тәуелсіздігіне ие болған бұл мемлекет әлем қоғамдастығының толыққанды мүшесі ретінде орныққан кезге дейін Қазақстанның дамуын ықыласпен байқап отырдым» - деп мәлімдеді [3] . Екі жақты әріптестікте терроризмге қарсы күрес, демократия және адам құқығы, жаппай қырып жою қаруын таратпау, энергетика және нарықтық экономика бағыттары басымдыққа ие. «Қазақстан - Орта Азияда, Азияда және жалпы ислам әлемінде демократия және нарықтық қарым-қатынастарды іске асыруға болады деген мүмкіндікті көрсететін демонстрациялық жоба» екенін АҚШ бірнеше мәрте атап өтті.
АҚШ Қазақстанда біріншіден, демократиялық өзгерістердің және нарықтық экономикалық реформалардың ілгерілеуін көздейді. Екіншіден, АҚШ қауіпсіздік саласында Орталық Азияның дербестігі мен тәуелсіздігін қалайды, терроризммен күрес, жаппай жою қарудың таралуын қадағалау және есірткінің заңсыз жайылуының алдын алу сияқты іс-шараларды атқаруға мүдделі. Үшіншіден, Орталық Азияның орасан зор энергетикалық ресурстарын дамыту АҚШ-тың стратегиялық мүддесі болып. Американдық компаниялар Қазақстанның әлеуетін түсініп, Қазақстанның үлкен көлемдегі мұнай және газ ресурстарын дамытуда ынтымақтасып жатыр. Олар Қазақстанның ең ірі мұнай-газ жобалары - Теңіз бен Қашағанның ең басты демеушілері және дамытушылары болып табылады. Америка Құрама Штаттарының Орталық Азиядағы ықпалын танымал қазақстандық сарапшы М. Әшімбаев былайша түсінеді: «АҚШ-пен жан-жақты қатынасу Орталық Азияның дамуының және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы. Вашингтон әртүрлі халықаралық қаржыдық ұйымдармен бірлесіп, ондағы елдердің аймақтық интеграциясын қолдап ғана қоймайды, ол сондай-ақ сауда, көлік және энергетика сияқты аймақтық өзара әрекеттестікті нығайту жөніндегі әртүрлі бағдарламалардың бастамашысы ретінде де әрекет етеді»
[5] .
Курстық жұмыстың
мақсаты.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басындағы Қазақстан мен Америка арасындағы байланыстарының қалыптасуы мен дамуы негізінде АҚШ тың Қазақстан саяси мәдениетіне тигізетін ықпалын жан-жақты қарастырып, оған талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері. Зерттеу тақырыбының мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
- Қазақстан мен АҚШ дипломатиясының қалыптасу барысында, екі мемлекеттің ынтымақтастығының қазіргі жай күйі мен жаңа мүмкіндіктерін айқындау;
- Америка Құрама Штаттарының Қазақстанда жүргізіп отырған сыртқы саясатының басым бағыттарын, атап айтсақ, аталмыш мемлекеттің Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық, денсаулық сақтау мен білім салаларындағы қатынастарын зерттеу;
- АҚШ-тың Қазақстанмен сыртқы саясат орнатуының тарихын; оның қалыптасуының кезеңдерін, даму ерекшеліктерін көрсету;
- АҚШ және Қазақстан Республикасы арасындағы саяси қарым-қатынастардың қазіргі жағдайын, оның даму перспективасын талдау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелу деңгейіне келсек, келесі деректемеге сүйену арқылы аталмыш мәселенің зерттелу деңгейі туралы айтуға болады. Біріншіден, дипломатия тарихы, жаңа заман тарихы, саясаттану ғылымдарының мамандарының және саясаткерлердің ғылыми еңбектері қарастырылды.
а) Шетелдік зерттеулерге жеке тоқталсақ, біріншіден, АҚШ және Орталық Азия, Кавказ саяси қатынастары мәселелерінің сарапшысы және жаңа заман тарихы пәнін зерттеуші Д. И. Мамедовтың «США и Центрально-азиатский регион: исторический обзор, проблемы и перспективы стратегического сотрудничества» атты тарих ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін жазған диссертациясының қолжазбасының көшірмесі.
б) Екінші кезекте отандық еңбектерге тоқталғанды жөн көрдік, Елбасының - Н. Ә. Назарбаевтың және беделді саясаткер Қ. Тоқаевтың еңбектерін қарастырдық. Н. Ә. Назарбаевтың осы дипломдық жұмысты дайындау барысында қолданылған еңбектері: «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы», «XXI ғасыр тоғысында», “Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства”, «Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана Стратегия «Казахстан-2030» на новом этапе развития Казахстана», «Пять лет независимости» және т. б. еңбектері қарастырылды.
в) Қ. К. Тоқаевтың «Бел асу», «Жаһандану жағдайларындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» (Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации), «Внешняя политика: Время размышлений, время действий. // Казахстан и мировое сообщество», «Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации». «Дипломатия Республики Казахстан», «Дипломатиялық очерктер» ж. т. б. да басқа еңбектерінде АҚШ-Қазақстан саяси қарым-қатынастары кеңінен қарастырылған.
г) Үшіншіден, «Азия и Африка Сегодня», «Вестник МГУ», «ҚазҰУ хабаршысы», «Дипломатия жаршысы», «Центральная Азия и Кавказ», «Саясат», «Форин Полиси», «Ақиқат», «Континент» журналдарында осы тақырыпқа байланысты жарияланатын мақалалар, осы мәселені терең зерттеуге бағытталған. Д. И. Мамедовтың «США и Центрально-азиатский регион: исторический обзор, проблемы и перспективы стратегического сотрудничества» атты еңбегіне жұмыс барысында көп жүгінілді.
Бұл ғылыми жұмыстарда екі елдің байланысының тарихының басталуы, қатынастардың перспективалары, мемлекетінің сыртқы саяси дамуының құрылымы мен өзіндік даму ерекшелігі, Орта Азияның ішкі және сыртқы мәселелердің себептерін анықтау; Америка Құрама Штаттары және өзге аймақтық, аймақтық емес және алыстағы әртүрлі даму деңгейіндегі мемлекеттер арасындағы саяси қатынастар елдегі ішкі оқиғалар аясында және халықаралық деңгейдегі оқиғалар аясында солардың ықпалымен қалыптасқанын көрсету; XX ғасырдың соңы мен жаңа ғасырдың басындағы Еуразия аумағындағы АҚШ саясатының азиялық саяси құрылымдардың саясатындағы маңыздылығы, АҚШ-тың Ресей, Мұсылман әлемі, ЕО, Орталық Азия саяси күштермен қарым-қатынасын орнатуының және оны дамытудың ерекшеліктері, ұлы құрушы тарихи лидерлердің рөлін көрсету; АҚШ-тың жаңа сыртқы саясатының принциптері мен қалыптарын салыстырмалы талдап сараптау; АҚШ-тың қоластындағы саяси ұйымдардың Орталық Азия мен Қазақстанда демократияны дамытудағы істерін, инвестициялық саясатының белсенділігін, саяси мүдделестігін және тарихи қызығушылығын айғақтау мақсаттарына қол жеткізілді деп айтуға болады.
Қорытындыласақ, біздің ойымызша, осы зерттеу АҚШ-тың Қазақстанмен сыртқы саясатының тарихына және американ дипломатиясына қатысты зерттеулерде өз орнын табады деген үміттеміз.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. АҚШ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарының соңғы онжылдықтағы басынан өткізген тарихи өзгерістері мен даму үрдістерін зерттеу әдістемесінің негізінде АҚШ-тың әлемдік ықпалды мемлекет, әлемдік саясаттың мазмұны мен бағытына әсер етуші мықты саяси күш ел, НАТО-ға мүше мемлекет ретінде әлемдік әскери-саяси дамудың бағыттары мен сипаттарын айқындайтын фактор екенің үнемі ескеру; оның сыртқы саяси басымдықтарына талдау жасау; АҚШ пен Қазақстан басшылықтарының халықаралық жағдайға жәкне бірбіріне концептуалды көзқарастарын салыстыру арқылы екіжақты қатынастарды талдау әдістерін қолдандық. Осы тұста, ҚР президентінің еңбектері мен идеяланына жүгіндік; Интернет ресурстарды көп қолдандық. Дипломдық жұмыстың дайындалу барысында синтез және анализ әдісі, салыстырмалы әдіс, хронологиялық және жүйелік әдістер қолданылды. Бұл әдіс АҚШ-тың сыртқы саясатының дамуын зерттеуде өте пайдалы болды. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, аталмыш зерттеу жұмысында АҚШ-тың дипломатиялық мәдениетінің ерекшеліктері мен мазмұнына қатысты саяси талдау тәсілі қолданылды. Ал, аталмыш елдің Орталық Азиядағы және Қазақстандағы дипломатиясының қалыптасу тарихын және оның дамуын зерделеу үшін, АҚШ-тың Сыртқы саяси іс-әрекетінің, бағыттарының, бетбұрыстарының, тәжірибелерінің маңыздылығын білу шарт болып табылады.
І . АҚШ - ҚАЗАҚСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. 1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі
1991 жылғы 25 желтоқсан - Америка Құрамы Штаттары Қазақстан Республикасынның тәуелсіздігін мойындады. 1991 жылғы 26 желтоқсан - дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. 1992 жылғы 15 қыркүйек - Қазақстан Республикасында Америка Құрама Штаттарының елшілігі ашылды. 1992 жылғы 30 қазан - Америка Құрама Штаттарында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қ. Б. Саудабаев (2000 жыл, желтоқсан) . Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дж. Ордуэй (2004 жыл, қыркүйек) .
АҚШ-тың жаһандық даму мен әлемдік экономикадағы рөлін және жаһандық қауіпсіздікті орнықтыру жолындағы айрықша жауапкершілігін ескерер болсақ, осынау алып державамен достық және тұрақты қатынас республиканың ұлттық мүдделеріне сай келеді. Қазақстан-Америка байланыстары өскелеңділікпен дамып келеді, оның негізінде өзара мүдделестік, бір-бірінің мүдделерін құрметтеушілік, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті проблемаларын екі жақты деңгейде және халықаралық ұйымдар аясында шешудегі өзара қолайлы шешімдерді іздестіру жатыр. Біз жоғарыда айтып өткендей, АҚШ Қазақстанның тәуелсіздік алғанын 1991 жылдың 25 желтоқсанында таныды, бір күн өткеннен кейін, екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынас орнатылды [6] .
Бүгінде Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын дамытуға бағытталған 94 келісімнен тұратын құқықтық берік база жасалды. Қазақстан басшысының 8 ресми және жұмыс салаларының арқасында екі жақты байланыстарды одан әрі дамытудың негізі қаланды [7] .
Елбасымыздың Америкаға жасалған алғашқы сапары 1992 жылдың мамыр айының 18-і мен 20-сы аралығында өтті. Осы сапар аясында ол АҚШ-тың бұрынғы Президенті үлкен Бушпен, сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкермен кездесулерінің нәтижесі егемендігін енді алған ел Қазақстан мен АҚШ-тың терезесі тең әріптестікке ұмтылып отырғандығын бүкіл әлемге паш етті. Кездесу соңында Президенттер Қазақстан мен АҚШ арасында сауда және экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеретін Америка-Қазақстан құжаттарына қол қойды. Н. Назарбаев Қазақстаннның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға және Стратегиялық шабул қаруы бойынша шарттың ережелерін орындауға әзірлігін толық қуаттады.
1991 жылғы желтоқсанда АҚШ-та жасалған «Қауіп-қатерді бірлесіп қысқарту» бағдарламасы қабылданды. АҚШ Президенті: Біз деді, Қазақстанның қауіпсіздігі Еуропа мен Азиядағы тұрақтылық үшін өте маңызды деп санаймыз. Президент Назарбаевтың ядролық қарусыз мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартты сақтау жөніндегі мәлімдеген әзірлігін құптаймыз. Таяу күндерде Стратегиялық шабул қаруы бойынша шарттың хаттамасын Қазақстанмен, Украинамен, Беларуспен, Ресеймен және Құрама Штаттармен қол қою үшін жұмысқа кірісетін боламыз.
Республика Президенті Н. Назарбаев жауап сөз сөйледі: «Біз әлгінде ғана біздің елдеріміз арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін негіз қалаушы құжаттарға қол қойдық. Ол сауда келісімі, инвестицияларды қауіпсіздендіру туралы келісім, күрделі қаржыларды қорғау туралы келісім. Бұл құжаттар өз кезегінде біздің елдерімізге саудада өзара тең қолайлы жағдай режимін жасау жөнінде, сондай-ақ Қазақстанның ішкі заңдарының осы келісімнің және тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім ережелерінің нормалары мен талаптарына сай келуі жөнінде міндеттемелер жүктейді. Оларда басшылыққа алынған принциптер Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына өркениетті түрде енуі үшін және нарықтық экономиканы құруы үшін жақсы бағдар болып табылады. Және де, біз шетелдермен ең алдымен Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықты дамыта, дүниежүзілік интеграциялық процестерге толығымен қатыса отырып, біз осы жолды ойдағыдай өтетінімізге берік сенімдіміз» [8] . Оған Қазақстанның адам құқығын қорғау саласындағы барлық халықаралық нормаларды орындауға, 1969 жылғы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ядролық емес мемлекет ретінде қосылуға әзірлігіміз негіз бола алады.
Біз барлық мемлекеттермен, соның ішінде мұсылман мемлекеттерімен Батыс мемлекеттерімен демократия принциптерінің негізінде тең құқылы әріптестер ретінде ынтымақтастық жасайтын боламыз. Деп атап көрсетті.
Одан соң Н. Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Бутрос Ғали мырзаға барып сәлемдесті. БҰҰ-да өткен баспасөз конференциясында шетелдік әріптестеріміз Президентке сан түрлі сұрақтар берді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі де нарық экономикасы да, БҰҰ-ның ұлтаралық жанжалдарды болғызбаудағы рөлі де, армян-әзірбайжан қақтығысы да, ТМД-ның болашағы мен ондағы Ресейдің рөлі де жан-жақты қамтылды. Осы сапар барысында Вашингтонда Қазақстан елшілігі ашылған болатын.
Экономикалық байланыстардың дамуында ерекше рөл атқарған маңызды фактор мұнай өнеркәсібі болды. Сол сапарда американдық Шеврон компаниясы «Тенгиз-Шевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылы Тенгиз кен орнын игеруге кіріскен американдық компанияның 1997 жылғы табысы 80 миллион доллардан асты. Нәтижесінде Қазақстанға «Мобил», «Амоко», «Экссон» сияқты американдық компаниялардың инвестиция ағыны келе бастады.
Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған 1994 жылғы 13-19 ақпандағы екінші сапары ерекше орны алады.
Ақпанның 14-інде 1994 жылы АҚШ Президенті Билл Клинтон Қазақстан Президенті Н. Назарбаевпен кездесті, келіссөз аяқталғаннан кейін, екі елдің басшылары «Демократиялық серіктестік туралы уағдаласуға» қол қойды. Н. Назарбаев Б. Клинтонға Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядросыз мемлекет ретінде қосылатыны туралы бекіту грамотасын тапсырды.
Бұдан кейін балған баспасөз конференциясында Американ елшілігінің басшысы былай мәлімдеді: «Бұл менің Қазақстан Президентімен тұңғыш кездесуім еді, бірақ ол өте жақсы өтті. Екі ел ынтымақтастығының ең маңызды жақтарының бірі ядролық қарудың таратылуына жол бермеу жолында олар қолданып жатқан күш-жігер Тәуелсіздіктің екі жылы ішінде Қазақстан қару-жараққа бақылау қою және «Қырғи-қабақ соғыстың» ең қауіпті мұрасын жою жөнінде өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындауды өзінің жетекші рөлін көрсетіп берді »[9] .
АҚШ Президенті екі ел арасындағы серіктестікті нығайту және Қазақстанның жүргізіп жатқан реформаларына қолдау көрсету мақсатында Құрама Штаттар Қазақстанда 1993 жылы 91 млн. салыстырғанда, 1994 жылы 311 млн. беретінін жариялады. Бұдан басқа АҚШ 1994-1995 жылдарда ядролық қару-жарақты бөлшектеуге көмектесу үшін Қазақстанға тағы да 85 млн. доллар беретіні мәлім болды. «Біз сондай-ақ, екі ел арасындағы сауданы дамытуға және инвестицияларға жәрдемдесуге уағдаластық», деп хабарлады Билл Клинтон.
Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде «Президент Б. Клинтон және мен Қазақстан Америка қатынастарының даму серпін жоғары бағалаймыз. Біздің мемлекеттерімізде әртүрлі салаларда өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтіп, тереңдету үшін жақсы келешек бар деген бірауызды пікірде болдық. Біз қол қойған Демократиялық серіктестік туралы уағдаласу біздің қатынастарымызды сапалық тұрғыдан жаңа кезеңді білдіреді. Ол барынша ауқымды да ұзақ мерзімді сипатқа ие болуда. Бұл құжат саясат, экономика, әскери ынтымақтастық, ғылым мен техника, экология, денсаулық сақтау және басқа салалар сияқты бағыттарды қамтиды.
Уағдаласуда айтылған АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдігі, сондай-ақ НАТО қабылдаған «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберінде көпжақты ынтымақтастыққа қатысу Қазақстан болашақта егеменді мемлекет болды деген сенімімізді нығайта түседі » деді [10] .
Президент Назарбаевтың содан кейінгі кезекті, яғни, 1997 жылғы 17-23 қараша аралығында өткен ресми сапар шеңберінде АҚШ-тың сол кездегі Президенті Билл Клинтонмен және Вице президенті Альберт Гормен, сондай-ақ, АҚШ әкімшілігінің бірқатар лауазымды тұлғаларымен өткен кездесулер барысында Каспий маңындағы мұнай-газ кен орындарын пайдалану жөніндегі келісімге, Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік іс- қимыл бағдарламасына және басқа да бірқатар маңызды деген құжаттарға қол қойылды. Нақ осы сапар барысында АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон әлем алдында Қазақстанды АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі деп жариялады.
Қазақстан-Америка бірлескен комиссиясы құрылып, табысты жұмыс істеуде. 1994-1996 жылдарғы бастапқы кезеңде комиссияға Елбасы Н. Ә. Назарбаев пен АҚШ Вице-президенті А. Гор жетекшілік етті. Қазақстан-Америка екі жақты уағдаластықтарын іске асыруды талдайтын және бақылайтын комиссияның жұмысына екі елдің атқарушы билігінің жоғары лауазымды өкілдері қатысады. Халықаралық қауіпсіздік пен стратегиялық тұрақтылық мүддесіндегі бірлескен жұмыс, жаһандық жаңа сынақтар мен қатерлерге қарсы тұру, өңірлік жанжалдарды шешуге жәрдемдесу, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, саяси қайраткерлер мен азаматтық қоғам арасындағы байланыстарды кеңейту екі жақты ықпалдастықтың басым бағыттары болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz