ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды қаласы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстантарихы (Қазіргі әлемдегі Қазақстан)
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Социологиялық зерттеулер

Тақырыпша: "Қазақстандағы экологиялық білім беру жүйесінің даму мүмкіндіктері"
(хххх сөз)

Орындаған: Каримжанова Жансұлу
(аты-жөні, қолы)

Жетекші: Мухтарулы Габит
(аты-жөні, қолы)

Ішкі модератор_________________________
(аты-жөні, қолы)

Қарағанды қаласы, 2023

МАЗМҰНЫ:

1. КІРІСПЕ 3
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 3
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 3
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 3
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ ТИЕСІЛІ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАҒА ШОЛУ 3
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ТЫС ДАМУЫ 3
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ 3
ТАЛДАУ 3
3. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 3
ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 3
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 3
5. ҚОСЫМША 3

КІРІСПЕ
Өзектілігі:
Экологиялық білім беру дегеніміз қоршаған орта туралы жүйелі білімді, табиғатты қорғау дағдыларын игеруге, жалпы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздіксіз оқу үрдісі. [1] ХХІ ғасырдың басында табиғи ортаның антропогендік өзгерістері жаһандық, жалпыадамзаттық мәселелрдің бірі - экологиялық мәселені тудырды. Бұл өнеркәсіптік өндірістің дамуы, қалалар мен көлік санының өсуі, дәстүрлі энергетикалық және шикізат ресурстарының сарқылуы, табиғатқа демографиялық жүктеменің артуы және табиғи үдерістердің осының барлығымен байланысты адам айналасындағы табиғат сапасының нашарлауымен үздіксіз экологиялық білім беру маңыздылығының артуына әкелді.
Қазақстан-2050 стратегиясында белгіленген ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерлеріне: судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы жатады. [2] Экологиялық білім беру және мәдениетті жетілдіру осы мәселелердің негізіне шешім бола тұра, Қазақстанның тұрақты дамуына әкеледі.
Қазақстанда өте күрделі экологиялық проблемалар бар. Қазақстанда 31,72 млрд тоннадан астам қалдықтар, оның ішінде 120 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталған. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасовтың айтуынша жылына Қазақстанда 4,5 млн тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылып, олардың тек 20%-ы қайта өңделеді. [3] Ал дамыған елдерде қайта өңделген және жойылған тұрмыстық қалдықтар үлесі Швецияда 99%, Швейцарияда 60 %-ына тең, Германияда 66%-ға тең.
Бұл көрсеткіштер Қазақстан азаматтары арасындағы экологиялық сауаттылықтың төменділігін, экологиялық білімнің мемлекеттің тұрақты дамуы үшін қажеттілігін және бүгінде өте өзекті болып табылатынын көрсетеді.
Мақсаты: Қазақстандағы экологиялық білім беру жүйесінің деңгейін, мүмкіндіктерін аңықтап, шетел елдермен салыстыру арқылы жетілдіру жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
Қазақстандағы экологиялық білім берудің деңгейіне байланысты ресурстар туралы әдебиеттерге шолу жасау.
Қазақстандағы және басқа елдердегі экологиялық білім беруге салыстырмалы жұмыс жүргізу.
Қазақстандағы экологиялық білім даму мүмкіндіктерін айқындау, жаңғырту ұсыныстарын келтіру.
Қазақстанның экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу сұрақтары:
Қазіргі Қазақстандағы экологиялық білім беру жағдайы қандай?
Қазақстан экологиялық білім беруде қандай жүйені ұстанады?
Шет елдердің экологиялық білім беру жүйесі, тәжірибесі қандай?
Қазақстанный экологиялық білім беру жүйесін қалай жетілдіруге болады?
Күтілетін нәтиже: Қазақстандағы экологиялық білім беру деңгейі аңықталып, өзге мемлекеттермен салыстыру жасау арқылы жетілдіру мүмкіндіктері талданады.
Әдеби шолу: Зерттеу кезінде қолданылған әдебиеттерді үш топтқа бөлуге болады.
Нормативтік құқықтық база. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінен алынған Қазақстан Республикасының экология кодексі (12 тарау) Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық білім беруге қатысты қабылданған заңдар мен нормаларды зерттеу арқылы мүмкіндіктерін анықтау және өзге мемлекеттер жүйесімен салыстыру жұмысын атқару мақсатымен қолданылды.
Өзге зерттеулер. Қазақстан Республикасындағы үздіксіз экологиялық білім беру жағдайын талдау мен Қоршаған ортаны қорғаудан-орнықты дамуға және жасыл экономикаға: Қазақстандағы білім беруді экологияландырудың ұлттық жобасы зерттеу жұмыстарында Қазақстандағы экологиялық білім беру деңгейі және жүйені жаңғырту аспектілері қамтылған. Ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетелдік тәжірибе және ұлттық үлгі диссертациясы мен Экологиялық білім беру тұжырымдамаларын дайындаудың негізгі мәселелері ғылыми мақаласында экологиялық білім беру жүйесі Қазақстан мен шетелдік тәжірибе тұрғысынан салыстырылып, талданады. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасын іске асыру ғылыми жұмысында қолданыстағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу қажеттілігі туралы білім беру жүйесінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ұсынысы қарастырылған.
Қазақстан Республикасының ресми сайттары. Қазақстан 2050 стратегиясының аналитикалық шолу порталындағы ҚР ЭКО білім беру: мектептердегі экологиялық пән және үйлестіру кеңесі және Қазақстанда экологиялық білім беру жүйесі қалай жүзеге асады мақалалары экологиялық білім беру жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпарат береді.
Таңдау себебі: Орта мектептен бастап мен экологиялық мәселелерге назарымды аударып, қызыға бастадым.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Экологиялық білім беру- бұл табиғат пен қоғамның өзара іс-қимылы туралы ғылыми білімді игеруге және қоршаған табиғи ортаны сақтауға, табиғат дамуының объективті заңдылықтарын білу негізінде ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесі. [4] Бұл халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәрбие мен оқыту үдерісі. Яғни, экологиялық білім беру тұрақты даму тұжырымдамасына сәйкес адамда қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуге көмектесетін әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті (экомәдениет) қалыптастыруға бағытталған.
Үздіксіз экологиялық білім беру тұжырымдамасына сәйкес экологиялық мәдениет -салауатты өмір салтына, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға, елдің және әрбір адамның экологиялық қауіпсіздігіне ықпал ететін қоршаған табиғи ортамен өзара әрекеттесудегі адам өмірінің тұқым қуалайтын және қалыптасатын тәжірибесі. [5] Мұндай білім берудің мақсаты ұзақ мерзімді тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын үйлестіру жөніндегі ғылыми негізделген іс-қимыл жүйесін ұйымдастыруға бағытталған жаңа дүниетанымды, қазіргі заманғы ойлауды қалыптастыру деп танылды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
ХХ ғасырдан бастап қоршаған орта мәселесі индустриалды әлемнің дамуымен ғаламдық деңгейдегі өзектілікті туындатты. Қазақстанның да экологиялық жағдайы бойынша халықаралық рейтингтегі алатын орнының жоғары еместігін белгілеп, бұл мәселенің біз үшін де өзекті екенін айта аламыз. Алайда, бұл көрсеткішті экологиялық білім беру мен мәдениетін қалыптастыру арқылы өзгертуге болады.
Қазақстанның көптеген мектептері мен жоғары оқу орындарында экологиялық білім бөлек пән ретінде емес, физика, химия, география, биология сияқты пәндердің оқу жоспарларының құрамына кіреді. Ал аграрлық жоғары оқу орындарында экологиялық пәндер мемлекеттік білім беру стандарттарының міндетті пәндері ретінде, мемлекеттік ұлттық-өңірлік компоненттерінің құрамындағы оқу курстары ретінде және таңдауы бойынша пәндер ретінде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының құрамына кіреді. [6] 2020 жылғы тамызда экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өткізген экологиялық білім беру мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру мақсатында мектептерде барлық оқушылар үшін міндетті пән ретінде "экологиялық білім" сабағын енгізу бойынша ұсынымдар әзірленді.[7] Қазіргі күнге дейін Қазақстан мектептерінің оқу бағдарламаларында бұл пәннің болмауы халықтың экомәдениеті мен бұл саладағы білімі жайлы үлкен күмән тудырады. Сонымен қатар бұл ақпарат дамыған, экологиялық мәдениеті жоғары мемлекеттердегі қоршаған ортаның жағдайы мен Қазақстанның қазіргі жағдайы арасындағы байланыс орнатады.
Оқу үдерісінің қоршаған орта мәселелерімен таныстырумен қоса тәжірибелік тәсілдерді қамту қажеттілігінің деңгейі жоғары бағаланады. Орал қаласы және аудан мектептері мен балабақшалары барлығы 30 білім беру мекемелеріне Экомектеп және Эко балабақша жобалары енгізілді.[8] Бұл сияқты жобалардың Қазақстанда саны шектеулі, және бірітіндеп енгізіліп, танымалдылығын алуда. Тәжірибелік тәсілдерді қамтитын жобалар балаларға білім беру үрдісінде аса тиімді болғандықтан олардыың саны артуы қажет. Мысалы, табиғат бөлмелерінде және табиғаттың өзінде өзін-өзі ұстау тәртіптерін, мінез-құлық және іс-әрекет жүйелерін ойын және көрнекі оқыту технологияларын қолдану арқылы қалыптастыруға болады. Ал Америкада балаларға арналған экологиялық музейлер бар. [9] Онда бейне арқылы қоқыстар қалай утилизацияға ұшырайтыны, ауаға тараған қоқыс қалдықтары адам өміріне қалай әсер ететіні көрсетіледі.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті ҚТҚ басқармасының бас сарапшысы Абылай Алмұхановтың айтуынша, ҚР Экологиялық кодексі шеңберінде жазып беруден басқа, экологиялық білімге қатысты ересек тұрғындармен жұмыс мемлекеттік телеарналардың телебағдарламаларында, You-tube арқылы, блогерлер арқылы экологиялық тақырыптарды жариялаумен шектеледі.[10] Жас кезеңнен қартайғанға дейін экологиялық білім тоқтаусыз адам өмірінде болуы қажет, алайда Қазақстанда ол көбіне жалпы білім беру жүйесімен шектеледі. Мысалы, мектептерде оқушылар әртүрлі салаға қажетті пәндер туралы фундаменттік білім алады, бірақ қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары жас кезеңнен басталып, күнделікті атқарылып, ұрпақтан ұрпаққа мәдениет ретінде берілуі қажет . Яғни экологиялық білім беру жүйесі мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы пәндермен шектелмей, тұрақты даму концептісіне көшу қағидаттары негізінде халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәрбиелеу және оқытуды көздеу қажет. Жаңа тұрақты даму білім беруінің моделінің идеялары Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы (2002), Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (2007); Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы ҚР заңы (2012) мазмұндарында көрініс тапты. Бірақ тәжірибе жүзінде іске асырылу мақсатында экологиялық мәдениетті қалыптастыруда әлі де өзгерістер енгізіліп, іс-шаралар жүзеге асырылуы қажет.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ ТИЕСІЛІ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАҒА ШОЛУ
Қазақстан Республикасының экология кодексінде 12 бөлімнің 193 бабында экологиялық білімге анықтама берілген: экологиялық білім дегеніміз - тұрақты даму қағидаттарына негізделген, әркімнің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және жалпы қоғамдағы экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың үздіксіз интеграцияланған үрдісі.[11]
Экология кодексінің 193 бабы білім беру ұйымдарында қоршаған орта мәселелері туралы білім берудің жүзеге асырылуына қатысты келесі маңызды аспектілерін қамитиды:
1. Білім беру ұйымдарында экологиялық білім беру ландшафттық өңірлік басымдықтарды, орнықты даму мақсаттарының аралық әсері арқылы қаралатын климаттық өзгерістерді ескере отырып, экологиялық технологиялар тақырыптарын біріктіруді, сондай-ақ мамандандырылған және пәнаралық білім беру бағдарламаларын енгізуді, экологиялық аспектілерді оқу пәндеріне біріктіруді іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері теориялық зерттеуге де, тәжірибелік сабақтарға да бағытталған тәсілді қарастырады.
Экологиялық білім беру тақырыбы 2012 жылы күшіне енген "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" заңда одан әрі дамыды.[12] Экологиялық қауіпсіздік қоғамдық, әскери, саяси және экономикалық қауіпсіздікпен қатар ұлттық қауіпсіздік түрлерінің тізіміне енгізіліп, "адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер нәтижесінде туындайтын қауіптерден қорғау жағдайы" ретінде айқындалды.
Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен бекітілмеген.[13] Дегенмен, көптеген мекемелер, әсіресе мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйелері және жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісін экологияландыру бойынша жұмыс іске асырыла бастады.
Осылайша, Қазақстанда білім беру мазмұнын экологияландыру елдің орнықты дамуға көшу қажеттіліктеріне жауап беретін дамыған нормативтік-құқықтық базаға ие. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының жаңа кезеңіне - "жасыл экономикаға"көшуге сәйкес келетін білім беру жүйесін жаңғыртудың және оның мазмұнын экологияландырудың барабар әдістері проблемасы әлі де өзекті болып отыр. Бұл, атап айтқанда, студенттердің теориялық және практикалық дайындығын талдау және жалпы білім беретін мектептердегі пилоттық диагностикалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ТЫС ДАМУЫ
Қазіргі Қазақстанның экономикасын дамытуында Жасыл экономика ұлттық басымдығы мәнмәтінінде халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру туралы сөз қозғалуда. Оның алты қағидасының бірі бизнесте және халық арасында экологиялық мәдениетті оқыту және қалыптастыру.[14] Нарықтық экономика бағытын ұстанатын мемлекеттерде бизнес құрылымы да халықтың экологиялық сана оятуда ықпал ете алады. Мысалы, қоғамдық орындарда сенсорлық крандарды орнату артық су тұтынушылығынан арылтады. Қазіргі таңда көптеген тұрғын үй кешендерінде 1 литрі 10 теңге тұратын ауыз су аппараттары кең таралған. Олар да бір жағынан бизнес жоба бола тұра, экомәдениетті қалыптастыруға үлесін қосады. Адамдар экономдау мақсатында шамамен 6-7 есе тұратын бөтелкеленген суды алудың орнына, өз ыдысына су толтыру арқылы пластик қолданысын азайтады.
Жасыл экономика қағидаттарын енгізу жөніндегі ұлттық және өңірлік саясатты іске асырудың негізгі тетігі қоғамдық экологиялық ұйымдар болуға тиіс. Бірақ, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, осы бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) саны 170 ұйымды құрайды, бұл жалпы санның 3,3% - на тең. [15] Мемлекетімізде экологиялық мәселелермен айналысатын ҮЕҰ-дар аз таралған және олардың экологиялық ойлау мен сананы, жеке тұлға мен қоғамның экологиялық мәдениетін дамытуға қатысуы төмен. Бірақ 2020 жылы Еріктілер жылы аттануының аясында қауымдастықтар дамуында мемлекеттен қолдау алып, солардың арасында эковолонтерлік жұмыс та дамуын көрді. Еріктілер ұйымдарының саны 3 есе, ал белсенді еріктілер саны 4 есе артты. Бірақ, ТАЛАП орталығы бағалануы бойынша волонтерлік қызметтің ең көп үлесі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер салаларына тиесілі - 68 %, ал тазалық сақтау саласында тек 12%.[16] Экоеріктілер қауымдастықтарды қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына тарта алады, бұл азаматтар арасында хабардарлықты арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға көмектеседі. Алайда, мемлекеттік тапсырыс бойынша әлеуметтік жобалар саны 2044 болса, оның тек 2% немесе 21-і ғана экология тақырыбына арналған.[17] Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Гүлнар Құсиденованың айтуынша, Қазақстанда экология және экологиялық мәдениетті ілгерілетумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың барлығы дерлік донорларға, сәйкесінше грант қаражатын алуға тәуелді, нәтижесінде олар іске асыратын жобалар көбінесе қысқа мерзімді және пилоттық сипатқа ие және бүкіл ел бойынша іске асыру мүмкіндігінсіз аумақтық шектелген.[18]
Бұл көрсеткіштер Қазақстанның қазіргі кездегі экологиялық мәдениетті дамытудағы жағдайының біркелкі емес екенін көрсетеді, яғни қоғамдық белсенділік жоғары болғанымен, ҮЕҰ-дар, әлеуметтік жобалар жұмысын ұйымдастыруда әлі де қөмек қажет.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
География ғылымдарының кандидаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айжан Сқақованың айтуынша, өткен ғасырдың 70-жылдарында қазіргі уақытта экологиялық дамыған Германия мен Жапония елдерінде де көптеген стихиялық қоқыс үйінділері болған және қоқыстарды сұрыптау арқылы олар бұл мәселені шеше алған.[19] Қоқысты қарапайым сұрыптаудың артында экологиялық мәдениетті тәрбиелеу түріндегі осы елдердің министрліктерінің орасан зор жұмысы тұр. Әлемнің дамыған елдері адамдарға экологияға жауапкершілікпен қарауды үйретуден бастап экологиялық мәселелердің шешімін тапты.
Батыс Еуропада экологиялық тәрбие үш жастан басталады, балалар жабайы және үй жануарларымен қарым-қатынас жасай алатын, оларға күтім жасай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
Экология және табиғи ресурстардың қоғамда пайдалануы
Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелер
Қазақстан Республикасында экологиялық мәселесінің орны
Экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын айқындау
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Қазақстанның табиғат жағдайы
Қазақстандағы агроэкологиялық мониторинг
Ауыл шаруашылығын көтеруге байланысты туындаған экологиялық проблемалар
Ауру түрлері
Пәндер