Зерттеудің әдісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы:
"Түс -- тәңірдің аяны"
Секциясы: этномәдениет

Орындаған ... ... ... ... .. сынып оқушысы
Жетекшісі:

2022-2023 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе
I.Негізгі бөлім
1.1. Түс көру
2.1 Түс көру, жору, аян беру ғалымдардың зерттеуінде
II.Зерттеу бөлімі
2.2. Қазақ эпоссындағы батырдың түс көру арқылы жар іздеу әрекеттері
2.3. Бұқар жыраудың Абылай ханның түсін жоруы туралы
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Қазақ ұғымындағы түс жору
IҮ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Аңдатпа

Бұл ғылыми жоба- халқымызбен бірге жасап келе жатқан магиялық фольклордың бір түрі -- түс көру және оны жору жөнінде баяндалған. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алған түс көру мен оны жорудағы түрлі наным-сенімдер, ырымдар адамның ойлау табиғатын, оның жан жүйесіндегі сан алуан сезімдік құбылыстарды танып білуге мүмкіндік беретін баға жетпес құнды деректер арналған. Түсті көруден гөрі, оны жоруға ерекше мән беріліп отырған. Нақтылап айтқанда, Түс және оны жору, Халық прозасындағы түс және түс жору, Эпостық жырлардағы түс және оны жору көріністері аталған бөлімдерде халқымыздың бай рухани қазынасында өзіндік орны бар түс көру мен жоруға қатысты көріністер баяндалатын әдеби жәдігерлерден үзінділер беріліп отыр.

Пікір

Халқымызбен бірге жасап келе жатқан магиялық фольклордың бір түрі -- түс көру және оны жору жөнінде баяндалған. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алған түс көру мен оны жорудағы түрлі наным-сенімдер, ырымдар адамның ойлау табиғатын, оның жан жүйесіндегі сан алуан сезімдік құбылыстарды танып білуге мүмкіндік беретін баға жетпес құнды деректер арналған.Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі,мақсаты мен міндеттері және жұмыстың құрылымы талапқа сай жазылған.
Жобаны жазу барысында мазмұны, аннотация жазылған. Теориялық жұмыс барысында - танымал әдебиеттерге анализ жасау (кітаптар, оқулықтарды қолдану) баяндау, салыстыру, зерттеу, сараптау әдістерін тиімді қолданды. Болашақта ғылыми жұмысын жандандырып, тақырып туралы біз білмейтін мәліметтермен бөлісетініне сенім білдіремін.
Ғылыми зерттеудің заңдарын сақтай отырып,бастан - аяқ жатық тілмен жазуға талаптанған. Жұмысты ғылыми жобалар жарысына ұсынамын.

Жетекшісі:

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қаймағы бұзылмай, халқымызбен бірге жасап келе жатқан магиялық фольклордың бір түрі -- түс көру және оны жору. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алған түс көру мен оны жорудағы түрлі наным-сенімдер, ырымдар адамның ойлау табиғатын, оның жан жүйесіндегі сан алуан сезімдік құбылыстарды танып білуге мүмкіндік беретін баға жетпес құнды деректер болып табылады.
Адамдар жаратылғалы бері өмір мен табиғат құбылыстарын танудың, оның құпия сырларына бойлаудың неше алуан талпыныстарын, қарапайым қағидаға сүйенген ізденістерістерін жүргізіп келеді. Түс көру адамның бүкіл жан жүйесін танып білуге ықпал ететіндіктен, ғалымдар бұл тылсым көріністерді психологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Түсте адам санасы шеңберден шығып, шетсіз-шексіз әлемді игереді, кеңістік пен уақытқа тәуелді болмайды.
Сондықтан түсті көруден гөрі, оны жоруға ерекше мән беріліп отырған. Нақтылап айтқанда, Түс және оны жору, Халық прозасындағы түс және түс жору, Эпостық жырлардағы түс және оны жору көріністері аталған бөлімдерде халқымыздың бай рухани қазынасында өзіндік орны бар түс көру мен жоруға қатысты көріністер баяндалатын әдеби жәдігерлерден үзінділер беріліп отыр. Түс көру, аян беру, оны жору, түс садақасы т.б. секілді көптеген салт-дәстүр, ырым-нанымдары т.б. ұлттық сөз өнеріміздің баға жетпес ұлттық құндылықтары, ол әлі де терең зерттеуді талап ететін тақырып.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ халқының фольклорлық мұраларында кездесетін, түс көру, аян беру, жоруға қатысты наным-сенімдердің бірнеше үлгілеріне тоқтала отырып, психологиялық талдау жасау.
Зерттеудің жаңалығы: Фольклорлық мұралардағы аздаған көркем үзінділері, түс жоруға қатысты наным-сенімдердің бірнеше үлгілері ғана таңдалып, таразыланып, жүйеленіп жинақталып, психологиялық тұрғыдан талдау жасалынады.
Зерттелу деңгейі: Фольклорға байланысты Бабалар сөзі: Жүз томдық кітаптары І том, Көрұғлы Қазақ халық әдебиеті. Батырлар жыры. Көп томдық. IV том жинақтары мен А.Құралұлы, Ф.Танталиева, Б.Абылқасымов, Қ.Жарықбаев, Г.Смағұлова сынды ғалымдардың зерттеулерінде әр қырынан зерттеу нысанына түсті.
Зерттеудің әдісі: Зерттеу жұмысында қазақ фольклорының түс жоруы зерделеніп, жанрлық және көркемдік ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық талдау әдісі басшылыққа алынды. Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, көркем мәтінді талдау, түсіндіре баяндау сияқты тәсілдер қолданылды.
Зерттеудің қолданыстық маңызы: Зерттеу нәтижелерін қазақ әдебиеті пәні бойынша жүргізілетін курстарда пайдалануға болады.

Негізгі бөлім
0.1. Түс көру
Түс көру - қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін "күзетші пункт" деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта "тіріледі". Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білді. З.Фрейд түс көрудің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К.Юнг бойынша түс көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психикалық өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады. Қазақ дәстүрлі қоғамында да түс көруге бей-жай қарамағанын, мән беріп, мағынасын жорығанын ауыз әдебиеті мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге болады. Түс көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңіл бөлген. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, "Түс - балқыған қорғасын" оны жақсылыққа жорысаң - жақсы ниет қабыл болып жақсылыққа айналады, жамандыққа жорысаң - жамандыққа айналуы мүмкін деген ұғым бар. Түсті рухани әлемнің хабаршысы ретінде қабылдау діни танымға жат емес. Түс көруде рухани адамға аян берілетіні, ғайыптан болашақтан хабар берілетіні жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар. Құранда аты аталатын Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) түсінде аян алуы мен түс жору ғылымын иеленуі Құдайдың құдіреті деп сенеді. Түс көру мен оны жору діни және рухани танымға жат емес, адамның рухани өміріндегі, психологикалық халіндегі маңызды құбылыс.

2.1 Түс көру, жору, аян беру ғалымдардың зерттеуінде
Түстанумен адамзат баласы есте жоқ ескі замандардан айналысып келеді. Біздің қазақ халқынан бөлек, ежелгі гректер мен ассириялықтар, инктер мен ацтектер, вавилондықтар мен кельттер, қытайлар мен жапондар түстану мен түсжору туралы жай ғана еңбектер емес, тұтас бір трактаттар жазып, арнайы түс көру мен жоруға арнап үлкен алтындалған храмдар салған екен. Мәселен, тіпті Мадагаскардың бір патшайымы өзінің түсіне рұқсатсыз кірген қоластындағы адамдарды жазалап, онымен қоймай, өлім жазасына да кесіп отырған.
Сөздікке жүгінер болсақ, түс дегеніміз - ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен, я болашақта болатын оқиғалардың сол күні бірқатар нышандар арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда, ұйықтап жатқанда көрінген тылсым белгілер.
Негізінен түс -- адамның күндізгі өмірінің табиғи тәмәмдалуы, жан мен тәннің келесі күнгі жаңаруына дайындығы десек те болады. Енді осы түстің табиғи болмысын сана астарындағы психологиялық үдеріс екендігін жантану ғылымы тұрғысынан зерттеген Ж.Аймауытов былай түсіндіреді: Адамның есі бүтін болмайтын күйлері болады. Сондай күйдің бірі -- түс көру. Ұйқы дегеніміз -- мерзімді демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адамда сана не мүлдем болмайды, не кем болады... Шырт ұйқыда жатқанда адам түк сезбейді. Бірер ұйықтап алған соң, ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы-ояу деген күйге келеді. Сондай кезде санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс дегеніміз ояуда көретін нәрселердің пернесі болады. Түсімізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз.
Түс көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білген.Түс көру бар да, одан кейінгі, толығырақ айтсақ оны жақсыға жору бар. Адам түсті көргеннен кейін қорқу, үрейлену, қуану, жылап ояну сияқты түрлі психологиялық процестерді басынан кешіреді.
З.Фрейд 1900жылы Түс жору еңбегінде түс көрудің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К.Юнг бойынша түс көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психикалық өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады
Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін "күзетші пункт" деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта "тіріледі". Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі
Фрейд түсті бейсанаға апаратын патша жолы деп есептеген. Алғашқы үрдіске жататын түс көру механизимдері (алмастыру, қоюландыру, символдау) бейсананың басқа да көріністерінде (қатар әрекеттер, қате сөдер, қате жазулар, қате оқулар) табылады, олардың қасиеттері мен құрылымдары тең келеді. Түс дау-дамайды, үрейді барынша көрсететін жанның табиғи тілі.
Түс көруді талдау әдісі:
Фрейд түсті біреулеп, түс көрушінің түстің әрбір келесі элементіне негізделген еркін ассоциацияларына қатысты талдаған. Сонан соң, түс пен еркін ассоциациялау материалдарын қолдана отырып, ол түстің мағынасын түсіндіріп берген.
Түс көру кезеңдері
- Басталуы;
- Сюжеттің дамуы;
- Кульминация (осында, кенеттен);
- Эпилог;
Түс жору жоспары
Көрген түсті жақсылап жору үшін түс жрушы мен мен түсті көрген адам өзара бірлескен әрекетінің қисынды жоспары жасалған:
- Түсті көрушінің әңгімесі, оның әңгімесін жорушының тыңдауы;
- Түс жорушының (психоаналитиктің) сұрақтары, түс көрушінің ассоциацияларын жинақтау;
- Түс жорушы ұсынған жорамалдар;
- Түсті көруші ұсынған жорамалдардан өзіне ұнағанын таңдауы;
Мысалы, ...Абылай хан Самарқант шаһарының бетіндегі Жұпар қорығына түсіп, алғаш қонған түні түс көріп, ертеңіне қасындағы түс жоритын қариясына жорытады: Түсімде шатырымның алдына бір жолбарыс келіп шөгіп жатып алады, бұл не қылған жолбарыс деп таң қалып қарап едім, әлгі жолбарысым аю болып кетті. Жаңа жолбарыс еді ғой, қалайша аю болып кетті деп екінші қарағанымда қасқыр болып, онан соң түлкі, ақырында қоян болып кетеді. Осы көргендерімді таң қалып оянып кеттім, - деді. Сонда қария: Жолбарыс көрсең, басыңнан бақыт құсы ұшқаны, баяғыдан бетін қайтпай жүріп, енді жасың жеткен шағында Абылай хан сырттан өліпті деген атқа ұшырамай қайта ғой. Жолбарыстың аю болғаны - сенен соңғы балаларыңның заманы аю заманы болып, жұрт аюдай алысып өтер. Қасқыр болғаны - немерелеріңнің заманында қасқырдай жұлысыпр өтер. Түлкі болғаны - шөбереңнің заманында түлкіше жортып өтер. Қоян болғаны - онан кейінгі заманда қорқып өтер деген екен. Қарияның сөзіне құлақ қойып, Абылай хан Самарқант шаһарына елші жібереді: Ұрыс-жанжалым жоқ, жұртқа амандасып, әулиелерді зиярат қылып қайтамын, - деген екен. К.Юнг түс жорудың басқаша әдісін жасады. Бір адамның көрген түсінің бірі емес, бірнешеуі, сериясы қарастырылады. Көрген түстер бірізділікпен жалғасып, бірте-бірте азды-көпті дәрежеде мағынасы біліне бастайды. Түс - бұл көрушінің өзі жасайтын контекст,яғни мәтін. Бұл мынадай жағдайға ұқсас сияқты, алдымызда белгісіз бір нәрсені жан жағынан ашатын бір мәтін емес, көп мәтіндер жатыр делік, әрбір мәтіннің қиын жерлерін тану үшін бәрін оқып шығуы керек болады. Әрине, әрбір үзіндіні жору оңайлау, бірақ түс жоруда келесі үзінділерде қателер болып қалса, соны түзету үшін бізге барлық кілттерді береді. Психологияда мұны ішкі келісушілік әдісі деп атайды және ол түс, әңгіме, қиял сияқты сапалы материалмен жұмыс жүргізуде кеңінен пайдаланылады.

2.2. Қазақ эпосындағы батырлардың түс көру арқылы жар іздеу әрекеттері

Дастандардағы түс көру әрекеттері - бас кейіпкердің іс-әрекетінің негізі. Сол түсінде көргенді іске асыру үшін қиын сапарға жол шегіп, небір қиындықты басынан кешіреді. Өйткені, Түс көру мотиві бүкіл әлем халықтарына тән және оның атқаратын қызметі әр қилы, алдағаны болжау кейіпкерді сақтандыру, кейіпкерге көмек беру, адамдарды белгілі іс-әрекетке шақыру, - дейді зерттеуінде Ыбыраев Ш.
Әсіресе, Қобыланды, Алпамыс, Қыз Жібек, Қозы Көрпеш-Баян сұлу т.б. туындыларындағы түс көру сарынының алатын орны ерекше.
Халық сенiмiнде түс көру үлкен орын алатынын аңғарамыз. Алдағы оқиғаны, адам тағдырын көрген түс арқылы болжап бiлуге болады деген сенiм мифтiк танымнан туындаған.
Романдық эпостың оқиғалық, құрылыстық бітіміндегі ортақ, ұқсас тағы бір ерекшелік бұл кейіпкердің психологиялық жағдайы, яғни қалыңдығының іздеп табуына ең біріншіден, әке-шешесінің қарсы тұрып, бөгет жасауы, одан сапар шеккенде кездесетін қиыншылықтары (бал ашу, теріс бата, түс көру т.б.). Осыған орай Г.Пірәлиеваның Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (Түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлем) атты докторлық диссертациясындағы қазақ эпосының түс көру, аян беру мәселелері: Белгілі бір қауып-қатерден хабар беретін аруақты бабалардың Аян беру түстері мен одан кейінгі кейіпкер көңілін нілдей бұзатын психологиялық жағдайы, болашақтағы қалыңдығына қолы жетер жетпесі туралы хабар береді, - деген пікір айтқан 2, 76.. Мысалы, Қозының шешесі түсіне кіріп айтқан сөзіне тоқталатын болсақ:
Ай, балам, қайт үйіңе, жол көрінбес,
Сарыбай барғанменен қызын бермес.
Ана тілін тыңдамай кеткен бала,
Жолынан аман қайтып, үйін көрмес...
дейді. Мұндағы анасы баласының бір қауып-қатерден қорғап басынан кешер қиыншылық, азабы туралы бір хабарын береді. Бұл жырдың барлық ұлттық нұсқаларында екі ғашықтың бақытына қарсы істелетін әрекеттер өте ұқсас. Ең әуелі қыздың әкесі қарсы, одан кейін қыздан үміткер жігіт қарсы. Жігіт қарсы болу себебі, әрине қалыңдығы туралы естіген жігіт ата-анасынан бастап барлығы қарсы болады. Яғни, жігіттің өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Қазіргі замануи педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдістері
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдар
Әлеуметтік процестермен жағдайларды оқып - білу
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ƏДІСТЕРІ
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері
Ғылыми танымның әдістеріне жалпы сипаттама
Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері
Пәндер