Газдалған сусындардың құрамы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Газды сусындардың зияны
Секциясы: Адам денсаулығы және қоршаған орта
Орындаушы: № 12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернат КММ оқушысы Абильда Мөлдір
Сыныбы: 10А
Облысы: Түркістан
Ауданы: Сарыағаш
Жетекшісі: Құрбанбек Айнұр

Мазмұны

1. Кіріспе.

1.1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі.

1.2. Жұмыс мақсаты.

1.3. Міндеттері.

1.4. Алға қойған міндеттерге жету жолдары.

1.5. Қажетті қор көздері.

2. Негізгі бөлім.

2.1 Тақырыптың теориялық сараптамасы.

2. 2 Зерттеу бөлімі.

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттері.

5. Қосымша

І.Кіріспе
І.1. Тақырыптың өзектілігі
Күн жылынғалы ішетініміз газды сусындар. Ал оның у екенін білеміз бе? Дүкендер мен сауда сөрелеріне бара қалсаң олардың жеті атасын көресің. Түрі мен түсі әртүрлі бұл шөлқандырар сусындардың біздің ағзамызға әсері қандай, пайдалы ма, әлде зиян ба? Ішіп тұрып, осы сұрақ мені мазалады. Осыдан кеп мен осы сусындарды зерттемекке бел будым. Ғаламтордан ең алғашқы оқыған мәліметім: әлемде 180 мың адам осы сусынның зиындығынан қайтыс болады екен. Осы мәліметті оқи отырып, зерттеу жұмысымның өзекті мәселе екеніне көзім жетіп, қызыға түстім.
Жазда сусындардың нағыз саудасы қызатын кез. Күн ыстықта шөлдеген адамның салқын сусынға деген тәуелділігі арта түседі. Жалпы ағзаның 60%-ын су құрайтыны белгілі. Ендеше бойдағы тепе-теңдікті сақтау үшін күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұру қажет. Су тек сұйық зат қана емес, жасуша үшін қорек ортасы, ағзадан улы заттарды, қалдықтарды және артық тұздарды шығарады. Адамдардың өмір сүруі үшін ең қажетті зат. Сондықтан Адамзат әртүрлі сусындар дайындауға үйренді. Осылай газдалған сусындарда пайда болды.
Газдалған сусын көмірқышқыл газымен қаныққан, минералды және ароматты тәтті судан тұратын салқындатылған сусын. Газдалған су әлсіз, орта және қатты газдалған болуы мүмкін. Дүкендер мен дүңгіршектерде біздерге үнемі тәтті, түрлі түсті, газдалған сусындарды алуға ұсыныс жасайды. Сонымен бірге, телеэкраннан да газдалған сусындар туралы жарнамаларды диі көзіміз шалады. Онда сусындардың қалай шөлді қандыратыны туралы,олардың керемет дәмдері туралы айтып жатады. Газет пен журнал беттерінен де керемет сусын жайында жарнамалар беріліп жатады.

І.2.Жобамның мақсаты: - Газдалған сусындардың адам ағзасына пайдасы мен зиянды әсерін зерттеу.
Жобамның нышаны: газдалған сусындардың құрамы мен қасиеттері.
Зерттеу заттары: газдалған сусындар - минеральды су Сары ағаш, Кока-кола, Спрайт.
І.3.Жұмыс міндеттері
Әлеуметтік желі көздерінен, әдебиеттерден осы тақырыпқа байланысты мәліметтерді оқып, алған жаңалықтарды жинақтап тіркеу.
Газдалған сусындардың құрамымен оқып танысу.
Адам ағзасына олардың әсерін қарастыру.
Біздің мектептің оқушыларының қандай сусынды қалайтындығын сауалнамалар арқылы анықтау.
Нәтижесін анықтап, қорытындысын шығару.
Қолданған әдістер:
Әдебиеттермен жұмыс
Сауалнама жұмыс түрлері.
Тәжірибе жұмыстары.
Бақылау.
Компьютерде әрлеу.
IІ.Негізгі бөлім
IІ.1.Тақырыптың теориялық сараптамасы.
Газдалған сусындар. Жалпы мағұлмат. Жіктелуі.
Қазіргі заманда газдалған сусындардың түрлері өте көп. Оларды екі мынадай үлкен топқа біріктіруге болады: минералды сусындар және лимонадтар. Лимонад сөзі итальяның, limonata, лимонды су сөзінен шыққан. Қазірде барлық газдалған, тәтті және көпіршікті суларды осылай атайды. Газдалған сусындар 0,3-0,6% көмірқышықылмен концентрацияланған. Көмірқышқылы сусынның рН төмендетуге және кейбір микроорганизмдердің бактериалық күшін жоюға әсер етеді.Балғын және дәмді күйін сусындар, температураны 10 - 12 градусқа дейін төмендеткенде жақсы сақтайды. Газдалған сусындардың биологиялық бағасы оны витаминдегенде артады.
Минералды сулар -- құрамында белгілі минералды тұздары, газы, органикалық заттары бар табиғи, жер асты сулары болып есептеледі. Шындығында минералды судың ешқандай қауіпті ештеңесі жоқ сияқты.
Лимонад -- тәтті алкоголсіз, газдалған сусын. Салқындату қасиеті бар. Лимон жемісінің шырынынан дайындалады, ал кейбіреулер кез- келген сусынды лимонад деп шатасып айтады.
Спрайт -- The Coca-Cola Company компаниясы шығарған газдалған, алкогольсіз сусын. Сусынның аты XX ғасырдың 40- жылдарында шыққан болатын. Ол кезде Coca-Cola жарнамалайтын компанияда Малыш Спрайт - күміс шашты, екі езуі құлағында, басында шляпа орнында сусынның тығынын киген эльф көпшіліктің көзайымы болды.Бұл кейіпкер көпшілікке ұнаған соң оның атын жаңадан шыққан лимон дәмі бар газдалған сусынға беріп, оны Spriteдеп атады. 1961 жылдың қазан айында шыққан бұл сусын қазіргі кезде әлемнің 190 елінде сатылады.
Фанта (нем. Fanta) -- Кока-Кола компаниясынан шыққан газдалған, салқындатылған сусын. Қазіргі кеде бүкіл әлемде 90 түрлі сусындар түрі шығарылады, бірақ оның барлығы өз елдерінің аймақтық маркаларымен шығарылады. Ең алғашқы сусын 1940 жылдарда, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германияда шығарылды.
Кока -- кола -- TheCoca-ColaCompany компаниясы шығарған, газалған, алкоголсіз сусын, әлемде 2006-2010жылдардағы ең қымбат, ең танымал сусындардың бірі. 1902 жылдарда айналымы $120 мыңға тең кока- кола АҚШ-та ең белгілі сусындардың бір түрі болып есептелді. Сусынның аты бастапқыда кофеин орнына қолданылған, кола жаңғақшаларына сәйкес аталынған.алғашқыда коланың негізгі құрамы кофеинге бай кола жаңғақтарынан және құрамында кокаин бар кока бұтақтарынан тұрды. Кокаиннің зияны белгілі болғаннан бастап сусын құрамынан оны алып тастады, бірақ қазіргі кезге дейін кола құрамында кока өсімдігінің ештемесі болмасада аты сақталып қалды. Бір стакан кола құрамында 6 қасық қант болады, ол өзіне тән дәмді ванилин, цимтов майынан, гвоздикадан және лимоннан алады. Россиядан, Қазақстаннан шығатын кола сөзі бар сусындардың ешқайсысының да құрамында кола экстрактары кездеспейді, оларда тек қана дәмдеуіштер, бояуыштар және күйдірілген қант бар.
Газдалған сусындардың құрамы.
Газдалған сусын -- газбен қаныққан сусын. Сусынның түрін көбейтіп тарату үшін, газдалған суға жемістердің, шөптердің экстрактарын қосады: дюшес- алмұрт қосылған, лимонад -- лимон, кола - ол жаңғақ,тархун- шөпке байланысты, сол сияқты, апельсин, мандарин, бүлдірген т.б. Химиктер кейінгі кезде өзі арзан жасанды дәмдегіш қоспалар ойлап тапты. Ендеше құрамында табиғи жемістері жоқ, жемісті газды сусындарды жасауға да болады екен.
Жасанды дәмдеуіш қоспалардың барлығы сусындарға әртүрлі дәм береді.Бірақ олардың құрамында табиғи жемістердің қоспасы жоқ. Ендеше, оларда біздің ағзамызға пайдалы да ештеме жоқ деген сөз. Газдалған сусындар да ароматты дәм болуы үшін оған арнайы дәмдеуіштер, бояғыш заттар және сақталу мерзімін ұзарту үшін консерванттар қосады.
Газдалған сусындардың негізгі құрамы -- қант. Ол барлық сусындарда болады, 3,5- тен 6 қасық қантқа дейін әрбір стаканда кездеседі. Бұл тісті тіс жегісіне апарып соқтыратыны белгілі. Сонымен бірге шөлді қандырамын деп, адам тәтті суды көбірек пайдаланады. Мен балалардан сұрастырғанымда, кімде тіс жегісі бар ,солардың кейбіреуінің біраздан соң тістері аурады екен. Бұл әрбір сусынның құрамдарының әртүлі екенін және олардың әсері де әртүрлі болатындығын көрсетеді.
Тәтті газдалған сусындардың стандарт құрамы:
Қант - газдалған сусындарда өте көп мөлшерде кездеседі, бір стакнда алты қасыққа дейін қант болады.
Аспартам -- қантқа қарағанда 160 -- 200 есе тәтті, иісі жоқ, суда жақсы ериді.Температура 30°С-тан жоғарлағанда, ол азконцентірлі улы затқа айналады.
Бояуыштар және дәмдеуіштер - газдалған су құрамында кездеседі, бауырда ыдырайды. Олар зиянды емес болуы мүмкін, бірақ бәрібір бауырға күш түсіреді. Сонымен бірге, бауыр сахарозаны глюкозаға ыдыратып, глюкозадан гликоген жасайды. Сондықтан гепатиттің әр түрімен ауратын адамдарға ондай сусындарды ішуге болмайды. Бояуыштардың ішінде ең көп тарағаны желтый-5. Ол адамдарда әртүрлі аллергиялық реакцияларды, түшкіруден бөртпелер шығуға, тіпті бронхиалы демікпеге дейін шалдықтыруы мүмкін. Табиғи қызыл бояуыш және кармин де адам өміріне қауіпті аллергиялық реакциялар тудырады.
Кофеин - кейбір газдалған сусындарға қосылатын қоспа. Ол жүйке жүйелерін қосымша қоздырады, сондықтан ондай сусындарды балаларға ішуге тиым салады. Кофеин сонымен бірге сол сусынға адамның құштарлығын тудырады. Газдалған сусындардың құрамында оның мөлшері онша көп болмаса да, көмірқышқыл газынан оның әсері көбейеді.
Консерванттар - лимон немесе ортофосфор қышқылы. Олар асқазанның сілемейлі қабықшасын қоздырып, гастриттің , тіпті ойық жараның пайда болуына әкеліп соқтырады. Ортофосфор қышқылы сүйек құрамындағы кальциді жойып жібереді. Кальций жетіспегенде адамда остеопороз ауруы пайда болады. Барлық газды сусындарда натрий бензоаты (Е 211) кездеседі. Ол С дәруменімен қосылып,бензол бөліп шығарады. Солнымен бірге адам ДНК бұзады.
Калий ацесульфамы аспартамның қасиеттерін көрсетеді. Кейбір сыншылар сусындарды шығарушы компанияларды олардың құрамының қосымша зиян келтіретіндіктерін, адам ағзасына зияндығын толық зерттемейтіндіктеріін айтып сынап жатады.
Көмірқышқыл газы сумен жақсы әрекеттесіп, суда ериді. Көмірқышқыл газы консервант түрінде қолданылады. Өнім қаптамасында ол Е290 кодымен белгіленеді. Кейбіреулер газ көпіршіктері сусынды жақсы қандырады десе, кейбіреулері ол көпіршіктердің ауызда ыңғайсыз жағдай тудыратындығын айтып жатады. Көмірқышқыл газының өзі негізі зиянсыз, бірақ ол ішті кептіріп мазаны кептіруі мүмкін. Ол әсіресе ішек құрылысы ауратын адамдарға зиян болып табылады. Мысалы, кока - кола сусынының құрамы мынадай: қант, бояуыш,қантты колер(Е150), кармазин (азорубин) (E122), ортофосфор қышқылы (E338), кофеин, табиғи дәмдеуіштер.
Газдалған сусындардың адам ағзасына әсері.
Адам ағзасының 60% суддан тұрады. Судың балансын сақтау үшін біз күнделікті су қабылдаймыз. Кейбіреулері кофе, кейбіреулері шәй, енді біреулері газды сусындарды пайдаланып жатады. Кез- келген сусынның негізгі құрамы су болып табылады. Сусындарда судан басқа біздің ағзамызға әсері бар басқа да заттар кездеседі. Ол әсердің зияны да бар, пайдасы да бар, қабылдаған сусын мөлшеріне байланысты.
Газдалған сусындар шөлді қандырмайды, ол өзіне құштарлық тудыратындығы дәлелденген. Сұйықты көп мөлшерде қабылдау, ағзадағы сулы- тұзды балансты бұзады. Оның әсерінен май алмасуында да өзгерістер болып, қандағы холестерин мөлшері көбейіп кетеді. Осыдан барып атеросклероз және жүрек-қан тамырларының ауруларына әкеліп соғуы мүмкін.
Газдалған сусындарда сергіткіш зат ретінде кофеин қосылады. Ол балаларда қосымша жүйке жүйесінің қозуын туындатады. Сонымен бірге кофеин сол сусынға құштарлық сезімін пайда болдырады.
Осы газдалған сусындардан біздің денсаулығымызға тигізіп жатақан аурулар түрін атап айтсақ:
Артық салмақ пен диабет
Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.
Тіс кариесі
Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.
Сүйектер
Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.
Асқазан мен ішек құрылысы
Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.
Диетолог мамандар ересек адамға күнделікті 3 стакан шырын, ал балаларға 1 стакан тамақ алдында 30-40 минут бұрын ішу керек деседі. Шырын ас қорыту жүйесін жақсартады екен. Көп мөлшерде пайдаланылған шырын бүйрекке, сондай-ақ, аяқ-қолдың сарсып ісуіне әсер етеді. Шырын құрамындағы кейбір элементтерден аллергия пайда болуы мүмкін. Сондықтан да, сусын сатып алмас бұрын шөлмек сыртындағы затбелгіні мұқият оқып, құрамына мән беріңіз.
Кока-кола сусынын шеттен тыс тұтынудан кейін:
10 минут 10 қасық қант ағзаға түседі (күнделікті ұсынылатын қалыпты мөлшер). Көп көлемде қабылданған қант сіздің жүрегіңізді айнытпайды. Себебі фосфор қышқылы оны кері қайтарады.
20 минут
Қан құрамында инсулин мөлшері күрт шарықтайды. Бауыр денедегі артық қантты майға айналдырады.
40 минут
Денеге кофеин тарап болады. Көз қарашығы үлкейеді. Қан қысымы жоғарылайды. Өйткені бауыр қанға үлкен көлемде қант жібереді. Ағзадағы рецепторларды тоқтатады. Адам ұйқысырай бастайды.
45 минут
Сіздің денеңіз дофомин гормонын көп өңдіре бастайды. Ол мидың жұмысын бәсеңдетеді.Героин де тап осылай жұмыс істейді.
1 сағаттан соң
Фосфор қышқылы метоболизмді үдете отырып, ішектегі кальцийді, магнийді және цинкті бір-бірімен байланыстырады. Кальций несеп ағар арқылы сыртқа шығып кетеді.

1 сағаттан аса
Несеп арқылы сүйектегі кальций, магний, цинк және одан бөлек натрий мен су электролиті ағады. Яғни биздің ағзамызға қажетті заттарды несеп арқылы ығыстырып шығарады.
Жаңа зерттеу нәтижесі аты әлемге танымал кола ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері
Алкогольсіз сусындар
Алкогольді сусындар
Тағамдық көміртегінің қос тотығы
Ақылға қонымды шешімдер қабылдау үшін қантты алмастыратын түрлі өнімдердің денсаулыққа әсерін зерттеу
Газдалған алкогольсіз сусындар жайлы
Алкагольсіз сусындар
Алкогольсіз өнеркәсіп өнімдері
Сусындар мен шырындар өндірісінде қолданылатын шикізаттар
Зиянды тағамдық заттар қоспалары
Пәндер