Сын есім шырайлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сын есім шырайлары

Орындаған: Адилов И.Х.
Тобы: КФ-21
Тексерген: Саменова С.Н.
ф.ғ.к., ассистент профессор

Қарағанды - 2022
Жоспар

Кіріспе
Сын есім туралы жалпы сипаттама
Сын есімнің мағыналық (семантикалық) топтары
Шырай категориясы жайлы жалпы түсінік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бұл жұмысымызда шет ел ғалымдары мен қазақ ғалымдарының ұқсас, немесе керісінше қарама-қарсы пікірлеріне жолығамыз. Және түйінді де сол пікірлердің аясында шығаратын боламыз.
Сын есім - заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер. Сұрақтары - қандай? қай? Бұл айтылғандар - сын есімнің мағыналық жағы.
Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі сын есімдерге - түбір сын есім жатады. Түбір сын есім жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып та сындық мағына береді. Мысалы, көк,сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.
Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады.
Дара сын есімдер - құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр т.б.
Күрделі сын есімдер - ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.
Курстық жұмысымыздың басында алынып отырған тақырып жайлы қысқаша мәлімет беріп өтейік. Біз сын есімді мектептік базалық біліммен тек заттың сынын, түсін, сипатын білдіретін сөз табы ретінде қарастырсақ, бұл жұмысымыз сын есімнің ғылыми жағына үңіліп, тарихын қазбалауға жетелейді. Нақты айтсақ жалпы сын есім жайлы және оның мағыналық (семантикалық) топтарына, тақырыбымызға арқау болып отырған сын есім шырайларына қысқаша шолу жасап, тоқталып кететін боламыз.

Сын есімдер туралы жалпы сипаттама

Сын есім - семантика, грамматикалық жағынан, яғни морфологиялық ерекшелігі мен сөзжасам түрлендіру амалы жағынан да, синтаксистік қызметі мен басқа сөздерімен тіркесіп қолданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіндік ерекшелігі бар сөз табының бірі.
Сын есім - семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа, белгісін, түсін, көлемін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер.
Түркі тілдерінде сын есімге, оның ішінде қазақ тіліне алғаш зерттеу жүргізген татар ғалымы - профессор Казем-Бек. Ғалым өзінің Түрік-татар тілінің грамматикасы атты еңбегінде сын есімнің шырай категориясын қарастырады.
Жалпы тіл білімінде сын есім мәселесін И.А. Батманов қырғыз тілінің мысалы ретінде қарастырған (Части речи в киргизском языке. - Фрунзе, 1936), одан бөлек Н.П. Дыренкова (Грамматика ойратского языка. - М-Л.,1940, Грамматика шорского языка. -М-Л.,1941), А.П. Кононов (Грамматика узбекского языка. -Ташкент, 1948), Н.А. Баскаков, А.П Конанов (Ногайский язык и его диалекты. -М-Л.,1940), Н.К. Дмитриев (Грамматика кумыкского языка. -М-Л.,1940, Грамматика башкирского языка. -М-Л.,1948) т.б. ғалымдар зерттеді.
Қазақ тіліндегі сын есімді алғаш сөз еткендер - М. Терентьев (Грамматика турецкая, персидская, кизгизская и узбекская. -СПБ, 1878), П.М. Мелиоранский (Краткая грамматика казах-киргизского языка. -СПБ, 1894), В.В. Катаринский (Грамматика киргизского языка, фонетика, этимология и синтаксис. -Оренбург, 1897).
П.М. Мелиоранский қазақ тіліндегі сын есімнің, сырт қарағанда, зат есімнен еш айырмашылығы жоқтығын айтқанымен, оның негізгі және туынды түрлері бар екенін, туынды түрі жұрнақтар арқылы арқылы жасалатынын көрсетіп, олардың мағынасын ашуда біршама ізденістер жасаған. Ал В.В. Катаринский аталмыш еңбегінде сын есімдерді сапа және қатыстық сындары деп екіге бөліп қарастырады. Алайда, сын есімнің мағыналық түрлерін жіктеуде, олардың аражігі нақты көрсетілмейді, сондай-ақ қатыстық сын есімдерге тілдегі сын есімнің орнына қолданылатын зат есімдерді жатқызады. Мысалы: ағаш үй, алтын сағат.
Сын есім жөніндегі түрліше көзқарастар қазақ тілін зерттеуші түркітанушы ғалымдардың ғана емес, қазақ зерттеуші ғалымдарының еңбектерінде де айтылады. А. Байтұрсынов сын есімдерді тек сыны және сыр сыны деп екі топқа бөлген (ғалымның келтірген сыр сыны қазіргі тілдік қолданыстағы сапалық сын есім болып табылады), тек сынына нәрсенің тегін көрсететін темір (төсек), ағаш (қасық), қағаз (ақша) секілді тағы да басқа сөздерді, ал нәрсенің ішкі, сыртқы сырын, реңін, яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсететін биік, аласа, толық, олақ, көк, жасыл сынды сөздерді сыр сынына жатқызады. Ал С. Аманжолов пен І. Кеңесбаев анықтауыш қызметіндегі зат есімдерді сын есімдер деп түсіндіріп, сын есімдерді мағыналық сипатына қарай тек сыны (ағаш үй, алтын сағат, шыны стақан), функционалдық сын (шай қасық - шай араластыратын қасық) деген екі топқа топтастырды. Қ. Жұбанов заттың я істің тұрақты белгісін сан белгі (қазіргі сан есім) және сипат белгі (қазіргі сын есім) деген атаулармен екіге бөледі. Сондай-ақ тек сыны жөнінде сөз таптарының бірінен-бірі енші алысып болғандары да, болмағандары да бар: ағаш, темір сияқты сөздер тек зат есім, жақсы, ұзын тек сын есім болып, шекараларын түгел ашып болған топтар деп, сын есімге жатқызылған кейбір зат есімдердің аражігін бөліп көрсетеді.
Н. Сауранбаев өз еңбегінде сын есімдерді мағыналық сипатына қарай сыр сыны, қатыстық сын, өнер сыны және салыстырмалы сын деп 4 түрге бөліп, сыр сынына сапалық сындарды, қатыстық сынға заттың идеялық тегін, мекендік, мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін сөздерді (саяси, мәдени, кешегі, жарамды), өнер сынына заттың (адамның, малдың) бір өнерге, қасиетке бейім екенін білдіретін сөздерді, ал салыстырмалы сынға заттың сапасын, белгісін басқа затпен салыстырап көрсететін -дай, -дей тұлғалы сөздерді жатқызады. [1. Г. Сыздықова. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. 50,51 бет]
Сын есімдерді жеке сөз табы ретінде арнайы зерттеген Ғ. Мұсабаев пен Ж. Шәкенов сынды ғалымдар. Ғ. Мұсабаев сын есімнің синтаксистік қызметі, негізінен, анықтауыш екендігін айта отырып, осы белгілер оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатындығын көрсетеді. Ж. Шәкенов сын есім мәселесінде бұрын айтылған пікірлерді қамти отырып, қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі бір жүйеге түсіріп қарастырады.
Есім сөз таптарын арнайы зерттеген ғалым - Ә. Төлеуов. Ғалым сын есімдерді сапалық және қатыстық деп екі топқа бөледі. А. Ысқақов Төлеуовтің сын есімді сапалық, қатыстық деп бөлген пікірін қолдап, келіседі. Алайда, Ә. Төлеуов сын есімді заттың сынын, сапасын, түсін, белгісін, көлемін, сипатын білдіретін сөз табы десе, А. Ысқақов заттың сапасын, сипатын, қасиетін, салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр-сипатын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын сын есім деп атайды. Ал Қазақ грамматикасында сын есім семантика-грамматикалық мағынасы, морфологиялық ерекшеліктері мен сөз тудыру, сөз өзгерту амалының жүйесі, синтаксистік қызметі мен қолданылуы жақтарынан қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі деп сипатталады. Келтірілген анықтамалардың ішінен сын есімнің сөз табы ретіндегі өзіндік ерекшелігін жан-жақты, толық көрсететін - соңғы анықтама. Онда сын есім тек заттың белгісін ғана білдірумен шектелмей, сол сияқты семантикалық сипаты, морфологиялық құрылымы, синтаксистік қызметімен де ерекшеленетін сөз табы ретінде анықталады.
Ә. Төлеуовтың Сөз таптары (1982) еңбегінде сын есімге қатысты мынадай анақтама берілген: Заттың сынын да, сапасын да, түсін де, белгісін де, көлемін де, сипатын да білдіретін сын есімдер зат есіммен тікелей қатысты болады. Онсыз (затсыз) сындық ұғым тумақ емес. Мәселен, қара сұр жүзі сұрланып алыпты деген сөйлемдегі қара сұр тіркесі заттың түсін көрсететін сын есім болуы - жүзі деген заттық атауға байланысты. Егер жоғарыдағы сөйлемдегі заттық атауды (жүзі) алып тастап, қара сұрланып алып десек, онда қара сұр заттық ұғымға ие болып, сындық мағынасын жояр еді. Олай болса қара сұр сын есімі - затқа (жүзіне) тәуелді.
Сын есім сөйлем ішінде зат есімдермен түрлене келіп, оның сынын, қасиетін, түсін көрсетеді. Бұл екі категорияның арасындағы бірлік - ертеден келе жатқан тарихи тіркес арқылы қалыптасқан. Мәселен, үлкен сөзінің соңына үй, кітап не тағы басқа осы сияқты сөздердің бірі тіркесу арқылы оның мағынасын анықтайды. Егер затты айтпай, тек сынды білдіретін сөздердің өзін айтсақ, ол сапа қай заттікі екені беймәлім болатындықтан, оны үй деген сөзбен тіркестісек, үлкен үй деген ұғым туып, үйдің қандай көлемде екенін анықтау арқылы ойымыз тиянақталады: сезгіш адам, төзімді адам, тапқыр адам, ашық күн, ыстық күн, жаңбырлы күн, әдемі бөлме, жылы бөлме, жарық бөлме. [2. Ә. Төлеуов. Сөз таптары. 45,46-беттер]
Сын есімнің маңызды белгілері:
заттың түр-түсін білдіреді: Ақ свитер етегінің алақандай жері әп-сәтте көк-ала болды да қалды. Олардың ішінен ептеп қараторы қыз да, қара қыз да, шұбар қыз да шыға бастады (Ә. Нұршайықов). Осы мысалдардағы ақ, көк-ала, қараторы, қара, шұбар сын есімдері заттың түр-түсін білдіріп тұр.
заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: Өзі жұмыр денелі әжептәуір ірі жігіт болғанымен ұялшақ бала сияқты (Т. Ахтанов). Бұғып қалған қарсы алдындағы жұдырықтай әйелге тікенектей қадалып, тесірейе қалыпты. Ми айналып жерге түсердей ыстықта ауыр жүк, қару-жарақ арқалап жорықта келе жатқандай боп, гимнастеркамның жеңімен самайымды, маңдайымды сипай бердім. (Ә. Нұршайықов). Осы сөйлемдердегі жұмыр, ірі, жұдырықтай, ауыр сын есімдері көлемдік, аумақтық белгісін білдіріп тұр.
заттың сапалық белгі, сипатын білдіреді:
Алевтина Павловна өз бағасын жақсы білетін кербез келіншек. Арық болғанмен, арсиып тұрған жоқ, денесі де жинақы, сымбатты, тек бір ғана айыбы қушықтау иығына ірі жүзді бас қондырысы үлкендеу (Т. Ахтанов). Бұл мысалдардағы кербез, жинақы, сымбатты сын есімдері заттың сапалық белгілерін анықтайды.
заттың дәмі, иісі және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: Бір тілім қара нанды бөліп жеп, Меңтаймен ішкен қара шай маған балдан да тәтті боп көрінді (Ә. Нұршайықов). Денесінен ертеңгі салқын, таза ауаның иісі келеді (Т. Ахтанов). Келтірілген мысалдардағы тәтті, салқын сын есімдері дәмді, иісті білдіріп тұр.
затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: Бұрынғы сылқылдақ күй тәтті тілді (І. Жансүгіров). Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан соң қарап тұрмасқа (Бұқар жырау). Мысалдардағы бұрынғы және желкілдеген сын есімдері мезгіл-мекенді, іс-әрекетті білдіріп тұр.
Сын есімнің табиғи қызметі - ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен
тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындық белгісін анықтау. Байқұс жаман жігіт емес (Т. Ахтанов). Света аппақ, ақсары келіншек (Т. Ахтанов). Қызыл вагон тіркеген ұзын состав өтіп барады (Т. Ахтанов).
Сын есімге септік, тәуелдік, көптік жалғауларының бірі жалғанып қолданылса, онда ол заттанып (субстантивтеніп), зат есімдердің орнына жұмсалады. Ауылдағы жамандар, Ел қадірін не білсін?! (Асан қайғы). Ақылы асқан жақсыны, Алысым деп ойлама (шешендік сөз). Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без (Мақал).
Сын есімнің синтаксистік қызметі - зат есіммен сөз байланыстырушы тұлғаларсыз, орын тәртібі арқылы қабыса байланысып, анықтауыш болуы. Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй (А. Құнабайұлы). Үстінде күміс қанат көгершіндер (Т. Молдағалиев).
Сын есім етістікпен синтаксистік қатынаста жұмсалғанда
адвердиалдық (үстеу) мәнде пысықтауыш қызметін атқарады. Арық сөйлеп, семіз шық (Мақал). Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ (А. Құнанбайұлы).
Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш қызметін атқарады. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық (А. Құнанбайұлы).
Атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің бірінде тұрып заттанып толықтауыш қызметін атқарады. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (Мақал).
Сын есім жеке тұрып та, көмекші етістікпен тіркесіп те жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Бұл ауыл - малға бай. Әйел жақсы болмайды көркіменен (А. Құнанбайұлы). Тұрмыс оңды, көңіл шат, Еліңдегі жырды айт (Ж. Жабаев).
Жоғарыдағы деректерге сүйенсек, сын есімнің сөйлемдегі негізгі және басты қызметі - анықтауыштық қызмет. Ол сын есімнің сөз табы ретіндегі маңызды семантикалық белгісі болып табылады. Ал сын есімнің басқа да сөйлем мүшелерінің қызметін атқаруы оның негізгі синтаксистік белгісі емес, қолданыстық, қатынастық сипатқа байланысты, яғни сын есімнің септік жалғауларымен келіп заттанып жұмсалғанда атау септікте тұрып бастауыш, атау мен ілік септіктерінде тұрып толықтауыш, ал етістікпен тіркесіп, адвербиалдық мінде пысықтауыш, жіктеле келіп баяндауыш қызметтерін атқара алады. Оның өзінде сын есім анықтауыштық қызметтен басқа қызметті белгілі шарттылықпен ғана атқара алады деген сөз.
Сын есім туралы деректер алтай тілі грамматикасында да кездеседі. Онда әрбір сапалық сөздің түбір күйінде сын есім, әрі үстеу сөз болатыны, сол сияқты кейбір сөздер әрі зат есім, әрі сын есім ретінде қолданылатыны айтылады. Осыдан алтай тілі грамматикасында келтірілген осындай тілдік құбылыстар қазіргі қазақ тілінде де сақталғандығын байқаймыз.

Сын есімнің мағыналық (семантикалық) топтары

Семантикалық жағынан сын есімдер екі топқа бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім.

Морфологиялық жағынан сын есім - түрленбейтін сөз табы. Шырай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын есімнің категориялары
Ағылшын тіліндегі сын есім туралы жалпы түсінік
Сапалық сын есім
Сын есім және оны мектепте оқыту
Сын есім мен зат есімді байланыстыра оқыту
Сын есімге түсінік беру
Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
Сын есімнің шырайлары
Сын есімді жеке сөз табы ретінде қарастырған ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танылуы
Пәндер