Семиотика - таңбалар мен таңбалық жүйелер туралы ғылым



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мәдениет семиотикасы

Орындаған: Абдулла Бақдаулет

Тексерген: Маржан Тұрғанбаева

Жоспар:

1.Мәдениетті зерттеудегі құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар.
2.Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю.Лотман, Э. Кассирер
3.Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
Қолданылған әдебиеттер:

1. Семиотика (гр semeion - белгі, танба) (семиология -- таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл мәдениет, салт дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотика сының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логикаматематика деп аталады.

Семиотика -- таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт - дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылым Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді. Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай мақсатпен бұл таңбаның салынғаны - семиотика. Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда - лингвистикада, математикада, әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда пайдаланады Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920 -- 30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарамақарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген: Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика; Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарымқатынасты білдіретін семантика; Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарымқатынасты білдіретін прагматика. Семиотика үш топқа бөлінген: Бірінші топ таңбалық - иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: портрет нақты адамды бейнелеу. Екіншісі таңбалық - индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы таңба мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: түтін оттың белгісі, жол көрсеткіштер. Үшінші топ таңбалық - символ. Таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық - символға келісім, салт - дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады
Мәдениеттің негізгі рәміздері.
Семиотика- таңбалар мен таңбалық жүйелер туралы ғылым. Оның негізін ХІХ ғ. американ философы және логикі Ч.Пирс пен швейцарлық филолог пен антрополог Ф. Де Соссюром салды. Мәдениет семиотика туралы сөз қозғау - мәдениеттің таңбалық құралдарын қарастыруды және осы құралдар арқылы құрастырылған ретінде мәдени феномендерді ұғындыруды білдіреді. Мәдениет - бұл ұжымдық интеллект және ұжымдық зерде болып табылады, яғни мәлімдемелерді сақтау мен таратудың және олардың жаңаларын туындаудың дара үстінен механизмі (Ю.М. Лотман). Таңбалар мен таңбалық жүйелер осы механизмнің құрамдас бөліктерін құрайды. Осы таңбалардың табиғаты мен мәні неде деген сұраққа жауап беру үшін мәдениетті үш аспектіде қарастыру қажет: біріншісі - артефактілер әлемі ретінде, мәндер әлемі ретінде, таңбалар әлемі ретінде.
Таңба мәдениетінің қасиетін алғаш рет байыпты зерттеген Э. Кассирер болған. Ол мәдениетті зерттеудегі семиотикалық концепциясының негізін қалады. Кассирердің ойынша адам өміріндегі барлық қызметте рәміздік мағына бар. Бұл теориядан қалыптасатын ой, адам өмірінің мәні символдардан тұрады. Философия символических форм еңбегінде ол мифология мен дінді, ғылымды мәдени - символикалық жүйе ретінде қарастырады.

Мәдени семиотикалық бағыттың негізін қалаушылардың бірі Ю.М. Лотман. Ол мәдениеттегі таңбалар жүйесін семиосфера деп атап, глобальды сипат берді. Негізгі мәдениетіндегі әлеуметтік ролді гениетикалық емес ұжым зердесі ретінде сақтап және жалғастыратын жиналмалы тәжірибе деп атады. Таңба - заттың мағына беретін, іс-әрекет пен өзіне тән мінезділік пен адам айналасындағы дүние. Таңба ол - рәміз, материалды құбылыс, көрнекті бейне мен формада абстаркты ой мен түсінік береді. Рәміз - ол ерекше мақсаттылықты туғызады. Көбіне рәмізде жоғарғы рөлді құндылық атқарады. Рәміз бен адам, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет таңбалар ретінде
Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Тілдің танбалық сипаты туралы ақпарат
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Тілдің жүйелік, құрылымдық, таңбалық сипаттары туралы ақпарат
Таңбалар жүйесінің ұғымы
Ежелгі дәуір тіл білімі
Тілдің таңбалық және құрылымдық сипаты
Тілдің таңбалық сипаты
Пәндер