Когнитивтік парадигмадағы терминология


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
МАЗМҰНЫ: 1
Когнитивтік лингвистика және терминтаным
МАЗМҰНЫ: 1. 1
Когнитивті терминдердің эвристикалық әлеуеті және терминологияның дамуы
МАЗМҰНЫ: 1. 2
Когнитивтік ғылымдағы терминдерді зерттеу
МАЗМҰНЫ: 2
Қазақ тіліндегі терминдердің когнитивтік қызметі мен негіздері
МАЗМҰНЫ: 2. 1
Ғылыми еңбектердегі терминдердің берілуі
МАЗМҰНЫ: 2. 2
Көркем мәтіндегі және баспасөздегі терминдердің қызметі
МАЗМҰНЫ: 3
Когнитивтік-прагматикалық терминтаным
МАЗМҰНЫ: 3. 1
Әр түрлі мәтіндегі терминдердің қолданысы
МАЗМҰНЫ: 3. 2
Когнитивтік парадигмадағы терминология
МАЗМҰНЫ:
ҚОРЫТЫНДЫ
МАЗМҰНЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
МАЗМҰНЫ:
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіл білімінде тілдік бірліктердің ішкі жүйелік мәнінің қалыптасу ерекшеліктерін талдау сонау ХХ ғасырдың бас кезінен басталып, ХХІ ғасырдың басында тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне айналды. Осылайша, тіл білімінің жаңа бағыттары, жаңа салалары, жаңа ғылыми парадигмалары қалыптасып, атап айтатын болсақ, когнитивті лингвистика, оның негізінде тілі білімінің когнитивті ономастика, когнитивтік сөзжасам, когнитивтік терминология т. б ғылыми жүйелері айқындала бастады. Бұл зерттеуде когнитивтік терминология сөз болатын болғандықтан, жалпы терминология бойынша зерттеген ғалымдарды айтып өту керек. Олай болса, осы тұрғыда ғалымдардың зерттеген бағыттары бойынша жіктелік: қазақ терминологиясының ғылыми-теориялық негізін қалыптастыру мәселелеріне байланысты терминологиялық лексиканың семасиологиялық заңдылықтарын анықтауға арналған ғалымдарды бөліп көрсетуге болады, А. Байтұрсынұлы бастаған еңбектерін айтуға болады, одан ары Қ. Жұбанов, Ө. Айтбайұлы, Ә. Қайдар, Ш. Құрманбайұлының жазған еңбектері тіл білімінде алатын орны ерекше. Ал, терминологияның таным теориясына тоқталған С. Ақаев, Е. Әбдірәсілов, Ш. Біләл ғалымдарды айтуға болады. Терминтанымның когнитивтік-прагматикалық және ақпараттық ерекшелігін зерттегендер С. Исакова, М. Қожаева, А. Азаматова. Жеке терминология жүйелерін қалыптастыруда еңбек еткен ғалымдарға тоқталсам, Ә. Жүнісбек, М. Малбақов, Ә. Нұржанова, С. Сәрсенова және т. б. Терминология мен терминтанымның когнитивтік -прагматикалық және ақпараттық ерекшеліктерін зерттегендер С. Исакова, М. Қожаева, жеке терминологиялық жүйелерді қалыптастыру мәселелерін қарастырғандар: Ә. Жүнісбек, А. Алдашева, А. Қоңырова, С. Сәрсенова, А. Исанованың т. б. еңбектері деп бөліп қарастыруға болады. Осы ретте қазіргі таңдағы терминологияны танымдық тұрғыдын зерттеу-жаңа бағыттағы терминоголияның дамуына үлес қосатын және осы тұрғыда ғылыми ізденістерге жол ашатын мүмкіндік деп айтуға болады.

Зерттеудің өзектілігі. Соңғы уақытта адам қажеттілігінің білімге сұранысының өзгеше серпінде өсуі зерттеу бағыттарының жаңа мазмұн алуына, оны қанағаттаттандыру қызметтерінің де жандануына, кеңеюіне әкелді. Лингвистикада тілді адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құрушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасында дәнекер, сондай-ақ, сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас пайда болды. Бұл зерттеуде когнитивті терминдердің қалыптасу жайы мен жасалуы туралы сөз болады. Сондай-ақ, терминология, терминжасам мәселелері лингвокогнитивтік тұрғыда қарастырылған. Кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвистикалық елтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, жұмсалымдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Бұл жағдай қазіргі таңдағы мемлекеттік мәртебесіне сәйкес әлеуметтік, қоғамдық, коммуникативтік қызметі ерекше өзектелу үстіндегі қазақ тіліндегі терминологиялық жүйеге де тікелей қатысты . . .

Қазір технологияның дамып тұрған кезінде көптеген жаңалықтар енумен қатар, тілімізге жаңа терминдер, терминдік тіркестер тілімізде көрініс тауып отыр. Әрине, жаңа кірме сөздер ұлттық тілге ықпалын күшейтіп, елеулі әсер етеді. Жоғарыда айтқанымдай, ғылым мен техниканың дамыған кездегі жаңа технологияның тілі болып танылып отыр. Бұл барлығына тән қалыпты жағдай. Сонымен қатар, орыс тілінен енген кірме сөздер, дәлірек айтсақ, терминдерді қазақ тіліндегі қолданыстарын зерттеуді қажет етеді. Осы ретте когнитивті терминдерді қарастыру тек қазақ тіл біліміндегі терминология саласы үшін ғана емес, когнитивті психология, лингвомәдениеттаным, когнитивті лингвистика және т. б үшін өзекті мәселе деп есептейміз.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - тіл біліміндегі когнитивтік парадигмадағы терминдердің прагматикалық, лингво-стилистикалық қызметін айқындау, когнитивтік терминдердердің негізгі қызметін анықтау.

Осы мақсатты зерттеуде терминнің басты белгілері сипатталып, тілдік бірлік пен ой-пайымдау бірліктерінің байланысына назар аудару. Алға қойылған мақсатты орындау үшін мынадай нақты міндеттер белгіленді:

  • терминдердің тілдік қолданысын, когнитивтік-прагматикалық сипатын анықтау;
  • терминолог-ғалымдар мен тіл мамандарының терминге қатысты тұжырымдарын негізге ала отырып, қазақ тіліндегі терминдерге талдау жүргізу;
  • Кірме терминдердің қазақ тіліндегі баламаларына лингвокогнитивтік, концептуалдық талдау жүргізе отырып, қазақ тілінде жаңадан пайда болған терминдердің ұлттық тілдік бейне немесе ұлттық концептілер негізінде жасалуы олардың қолданыс, жұмсалым тиімділігін арттыруға негіз болатынын дәлелдеу.
  • Зерттеудің нәтижелері қазақ терминологиясы жөнінде жаңа пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді.
  • Терминологиялық бірліктің ғаламның ұлттық тілдік бейнесі негізінде жасалуы немесе көпқұрылымды терминнің бір компоненті ретінде ұлттық концепті болған жағдайда, саналы-мақсатты түрде пайда болған қазақ тіліндегі терминдер мен терминологиялық тіркестердің қолданысын анықтау.

Ғылыми жаңалығы. Зерттеуде әр түрлі мәтіндегі терминдердің прагматикалық, когнитивтік, стилистикалық қызметі қарастырылды, қазақ тіліндегі терминдердің мәтіндегі беріліп тұрған ойдың когнитивтік қызметін анықтау арқылы, терминнің танымдық қызметін ашу. Терминнің прагматикалық және когнитивтік қолданысы мәтінге, яғни мәтіндегі сөйлеушінің (адресанттың) нақты ниетінің тыңдаушыға әсер етуін қамтамасыз етуі туралы прагматикалық нұсқау береді. Терминдер қолданылатын мәтіндерге жалпы лингвистикалық мәтін теориясындағы мәтіндермен салыстыра отырып сипаттама берілді, отандық және шетелдік терминолог лингвистердің, тілші ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды, салыстырылып талданды, жүйеленді.

Зерттеудің пәні мен нысаны. Жұмыста көркем, ғылыми мәтіндердегі терминдердің когнитивтік, прагматикалық-лингвистикалық қолданысы зерттеу нысанына алынды. Когнитивтік парадигмадағы терминдердің семантикалық-лексикалық сипаты зерделенді. Зерттеу жұмысының пәні-қазақ тіліндегі терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы. Зерттеу нысаны ретінде қазақ тіл біліміндегі және қазақ баспасөзіндегі 200- ге жуық сөз теріп алынып, талқыланды. Сонымен қатар, тіл білімінің сөздіктері зерттеудің нысаны ретінде алынды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері . Зерттеу жұмысының барысында тілдік және когнитивтік бірліктерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесінде тіл мен таным байланысы айқындалып, терминжасамдағы когнитивтік құрылым ерекшеліктері мен түрлері анықталды. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар, когнитивті терминдердің дамуын бақылауға жол ашады. Зерттеу жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі ретінде Ш. Құрманбайұлының, Ж. Манкееваның, Ө. Айтбайұлының, С. Исакованың, С. Кубрякованың және т. б ғылымдардың еңбектері алынды.

Зерттеудің әдістері. Терминтанымның когнитивтік, прагматикалық-танымдық қызметін, ерекшеліктерін, қолданысын зерттеуде, сұрыптауда А. А. Реформатский, В. П. Даниленко, А. В. Суперанская, Н. В. Подольская, Н. В. Васильева, Е. С. Кубрякова, В. М. Лейчик, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Ө. Айтбайұлы, М. М. Копыленко, Т. Жанұзақов, Н. Уәли, Ж. Манкеева, Қ. Ш. Хұсайын, З. К. Ахметжанова, Л. Қ. Жаналина, Ш. Құрманбайұлы, Б. Момынов, Р. Шойбеков, М. Малбақов т. б. ғалымдардың теориялық тұжырымдарға сүйендік. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, ретроспективтік әдістер, сондай-ақ тілдік деректерді түрлі компоненттік, концептуалдық талдау және интрепретациялау, жаппай сұрыптау, жүйелеу, салыстыру, талдау, синтездеу тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар терминдік бірліктерді зерттеуде танымның жалпы қағидаттарына негізделген сипаттау, топтау әдіс-тәсілдері де қолданылады.

Тәжірибелік мәні. Зерттеу жұмысының тәжірибелік мәні - мектептер мен ЖОО-ның білім алушыларына, тіл зерттеушілеріне терминдердің тек анықтамалық-түсіндірмелік сипатын ғана зерттемей, когнитивтік-танымдық, мәтіндегі прагматикалық сипатын түсіндіру болып отыр. Жұмысты ЖОО-да, арнайы кәсіби және орта білім беру мекемелерде дәріс сабақтарында, практикалық сабақтарда, үйірме, факультативте оқу құралы ретінде, қосымша ғылыми нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысы бойынша жарияланымдар. Зерттеу жұмысы негізінде үш мақала жарияланды.

1. Ақтөбе қаласындағы «Ұстаз» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Цифрландыру -бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жинағында «Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу» атты мақала жарық көрді. Ақтөбе қаласы, 18 сәуір 2022 жыл.

2. «Ғылым мен технологияның, қоғам мен білімнің өзекті мәселелері: жағдайы мен даму болашағы» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Когнитивті терминтанымнің тіл біліміндегі алатын орны» атты мақала жарық көрді. Ақтөбе қаласы, 26. 12. 2022 жыл.

3. Ақтөбе қаласындағы «Ұстаз» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Білім, ғылым және тәжірибедегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жинағына «Қазіргі білім парадигмасындағы когнитивтік лингвистиканың орны» атты мақаласы жарық көрді. Ақтөбе қаласы, 20. 01. 2023 жыл. Зерттеудің құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы кіріспе және үш бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Когнитивтік лингвистика және терминтаным.

Терминдердің лингвокогнитивтік аспектісін теориялық тұрғыдан зерттемес бұрын, когнитивтік лингвистика ұғымына тоқталайық. «Когнитивтік лингвистика - тілдік сана көріністерінің табиғатын, лингвистикалық ойлаудың ақиқатын зерттейтін тіл білімінің саласы. Әр халықтың, ұлттың санасында әлемнің ғылыми бейнесі туралы, қоршаған ортаның шындығы туралы ұқсас идеялар қалыптасады [1] . Когнитивтік лингвистика адам баласының логикалық ойлау қабілетімен, менталитетімен және таным көкжиегімен тығыз байланыстағы пән.

Профессор Ғ. Қалиевтің «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» «когнитивтік лингвистика» терминіне мынадай анықтама беріледі:

«Когнитивтік тіл білімі орысша - когнитивная лингвистика (лат. cognito білім, түсінік) - табиғи тілдік сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Адам санасы мен ойлау процесіндегі құбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады. Лингвистика тілдің жалпы құрылымын зерттейтін ғылымнан тілді адам ойлауы мен танымына байланысты қарастыратын гуманизацияланған ғылымға айналды. Когнитивтік лингвистикада тілдің таным құралы және танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын. 20 ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала бастады. Солайша, когнитивтік лингвистика антропоцентристік парадигма аясында когнитивизм базасында пайда болды. Когниция-когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлаудың тіл арқылы танылуын қарастырады. Сол себепті, когнитивизм тіл білімімен тығыз байланысты. „Когнитивтік лингвистикада тіл адамзат ақыл-ойының ажырамас және органикалық бөлшегі ретінде, ал универсалды білім қабылдау, түсіну, ойлау секілді ұғымдармен

қатар тұратын құрылым тұрғысынан қарастырылады” деп тілші Э. Д. Сүлейменова айқындағандай, адамзат болмысының универсалды сипатын

айқындау тіл мен танымның да жалпыға ортақ өзгеше мүмкіндіктерін

сұрыптауға көмектеседі. Барша адам баласына тән биоанатомиялық негіз оның

ми мен жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін

айқындауға, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге әрі

табиғи болмыс-бітімнің әлеуметтік-мәдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру,

толығу бағыттарын талдап көрсетуге себепкер болар маңызды факторлардың

бірі ретінде қарастырылды. Сондықтан жалпы тіл білімі көлемінде ғалымдар

адамның ерекше жаратылысын оған қызмет ететін тіл, сана, таным, қоғам

ұғымдары арқылы зерделеуді, олардың ішкі-сыртқы сабақтастығын

әрқайсысының динамикалы қозғалысынан өрбітуді, сол арқылы жеке мен

жалпының байланысы негізінде диалектиканың даму заңдарын сұрыптауды

мақсат етіп отыр. Қазіргі тіл ғылымы ғылымдар тоғысында, олардың аса

маңызды жетістіктері негізінде күрделі ғылыми мәселелерді шешуге талпыныс

жасауда, ең бастысы, лингвистика адамның барша әрекетінің көзі ретінде тіл

мен оның құралдарын қарастыру қажеттігін дәйектеп көрсетуде. Тіл адамның

сыртқы ортамен байланысынан туындайтын, соған ұқсастыра әрекет еткен адам

қабылдауынан сусындайтын өзгеше құбылыс екенін ғалымдар ерте кезден

байқаған. Олар сөз табиғатын зерттей отырып, оның номинативтік қызметін

түсіндіруде тіл пәлсапасының маңызды тұжырымдарын басшылыққа алған. Ат

қою мен ұқсату арқылы да жаңа ұғым, жаңа сөз жасала отырып, адамның танымдық қорына енетін үлгілер мен бейнелер, мағыналар мен типтік формалар

саны көбейе түсетінін дәлелдеген.

Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизмін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т. б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тәсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен, т. б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» [9] . Осы анықтама бойынша, когнитивтік лингвистиканың басты мәселесі - тілдің адам санасындағы оймен байланыстырудағы негізгі зерттеу нысанына айналатынын анық көреміз. Когнитивтік деген терминнің өзі - танымға қатысты өте ертеде пайда болған және философия саласында ақиқат болмысты танудағы терминдік корпусқа жатқызылатын тілдік бірлік. Бұл термин адамның сыртқы дүниеден ақпарат қабылдауын, оны өңдеп, соған сәйкес әрекет етуін, жадын, есте сақтауын, бір сөзбен айтқанда, менталдық үдерістерді зерттейтін ғылымдар саласында беріде кең қолданысқа ене бастады. Әйгілі Р. Джеккендофтың айтуынша, когнитивтік теория дегеніміз: «адамның ой-санасының негізін құрайтын және адамның миында менталды лексикон ретінде сақталатын менталды ақпаратты зерттеу» [10] . Терминдердің когнитивтік ерекшеліктері аударма процесінде көрініс табады. Мәселен, «екі тіл - екі дүниетаным демекші, әр түрлі семьяға жататын тілдер әрдайым бірдей нәрсені білдірмейді, тек оған әр түрлі көзқараспен қарайды» (В. Гумбольд) . Бір тіл - ол бір бөлек әлем болса, ал екі тіл - ол екі бөлек әлем. Бірақ бұл әлемдердің бір-біріне ұқсастықтары болмауы да әбден мүмкін. Әрбір этностың, ұлттың тек өзіне ғана тән ерекшеліктері болады және басқалардан өмір салты, дүниеге деген көзқарасы, идеяларымен ажыратылады. Әр халықтың (мыс. қазақ, ағылшын) ертеден қалыптасып келе жатқан өзіндік мәдениеті мен болмысы, санасы мен танымы болады. Соған орай, белгілі бір салада заттар мен құбылыстарға атау беріліп, терминдер жасалады десе болады, оны тіл білімінде терминжасам деп атайды. Терминдер адамның логикалық ойлау қабілетінің нәтижесінде жасалады әрі оны қабылдау процесімен ерекшеленеді. Және адам баласының таным процесін бейнелейтін, сондай-ақ әлемнің ғылыми көрінісін түсінуге мүмкіндік беретін когнитивті құрылымдар ретінде «терминдер» әрдайым ұғымды білдіреді. Ал ұғым сана деңгейінде таным процесстерімен тікелей байланыста болып отырады. Аударма барысында аудармашы терминдердің табиғатына терең ұғыну керек. Мәселен, ол үшін заңи терминдердің функциялық құрылымына, гендік ерекшелігіне, мағыналық және морфологиялық өзгешеліктері мен нормативті стильдік белгілеріне толыққанды зерттеу жүргізеді. Терминология

саласына экстралингвистикалық факторлар әсер етіп, когнитивті лингвистика тұрғысынан зерттелу үстінде.

Соңғы бес жылдықта О. А. Жұбаева, С. Исакова, Г. Алмұханова сияқты Отандық зерттеушілер терминдердің когнитивті сипатын зерттеп, осы бағыттың дамуына өз үлестерін қосты. Авторлардың пікірінше, терминдерге когнитивті тұрғыдан талдау жүргізу үшін, ең алдымен тіл иесінің санасындағы танымдық және ментальды процестерді анықтап алу керек және термин адам танымымен байланысты қарастырылады деген қорытындыға келген [2, 15-23 б] . Заң терминдерін лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеу маңызды процесс. Бұл тілдік құрылымдар танымдық (когнитивтік) ақпаратқа ие. Тілдік формада заңды мағынаға ие термин сөздерге тән ерекшеліктің бірі ақпараттылық болғандықтан, заң терминдерінің тілдік және танымдық (лингвокогнитивті) құрылымын зерттеу маңызды процесс [3] . Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің құрылымын, сондай ақ тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану секілді әрекеттердің жүзеге асуын қарастырады. Тілдік таңба арқылы кодқа салынған ақпараттарды ашу немесе ақпараттарды кодқа салу сияқты әрекеттер

когнитивтік лингвистиканың құзырына жатады. Тіл мен таным процестерінің

арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік когнитивтік жүйесіне

сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының

интеллектуалды өмірінде құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп

береді. Тіл мен таным арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға

түседі. Сондықтан да терминдік бірліктердің берілу жолдарын, дефинициясын

осындай танымдық негізде қараудың мәні мен маңызы зор. Тілімізде аударма жасау арқылы сөз жасаудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдер туады, жазу шеберлігі артады. Бұл - халықтың рухани жағынан дамуының күшті құралы ретінде бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың мектебі.

Аударматану ғылымы - тілтану ғылымындағы арнаулы өрістің бірі.

Теориялық салада жаңаша ойлау, жаңа көзқарасатарды ескеру - әрбір ғылым

саласының негізгі, өзекті мәселесі. Онсыз бірде-бір ғылымның дамуы әрі

жетілуі мүмкін емес, барлығы бір-бірімен тығыз байланысты.

Қазақ тіліндегі терминдер когнитивтік санамен тығыз байланысты,

ғаламның ғылыми бейнесін құрайтын концептілер объективтендірілу мен

вербалданудың тілдік құралы болып саналады. Қазақ терминдерінің

когнитивтік семантикасы тіл мен ойлаудың, тіл мен сананың өзара байланысын

көрсетеді. Қазақ тіліндегі терминдік бірліктер таңбалық қасиеті мен атқаратын

қызметтерімен ерекшеленеді. Терминдердің когнитивтік кеңістігінде ғылыми -

интелектуалды ақпараттар басым түрде жинақталып, кодталған болса, онда

терминнің таңбалық сипаты когнитивтік құрылым болып есептеледі.

Терминдер өзінің таңбалық қасиетінің негізінде өз бойына,

концептілердің когнитивті құрылымдарына когнициялық ақпараттарды

жинақтап, осы құнды мәліметтерді әрі қарай дамытуға үлкен мүмкіндік

туғызады. Қазіргі кезде терминологияның лингвомәдениеттану мен когнитивтік

лингвистика тоғысуындағы пайда болаған лингвистикалық концептология

парадигмасы аясында зерттелуі елеулі ғылыми нәтижелерге жеткізетіндігі

анық. Когнитивтік лингвистика мен лингвконцептологияның ең негізгі

маңызды да өзекті категориясы концепт болып табылады. Терминологиялық

концептіде менталды - когнитивтік ұғымдар, түсініктер, ақпараттар

жинақталып, таңбаланған. Ғаламның ғылыми бейнесі - терминологиялық

концептілердің жүйелі де кешенді жиынтығы және ұлт танымының терминдік бірліктер деңгейіндегі тілдік көрінісі. Терминологиялық концептілер тілдік санадағы лингвоменталды құрылым болғандықтан, олардың тілдік көрінісі, яғни, вербалдану қызметі когнитивтік - менталды өрісте, кеңістікте алуан түрлі қызметтерді атқарады. Тілдік ғылыми мәтіндердегі терминологиялық концептілердің қолданысы, вербалдануы ғылыми мәтіннің дискурстық сипаттарына байланысты болып келеді және дискурсты құрылымдайтын маңызды құрал болып табылады. Когнитивтік семантика тіл арқылы құрылатын танымдық ақпарат ретінде қарастырылып, сол тіл арқылы берілетін адам санасындағы концептуалды білімді таным үлгісі арқылы зерттейтін ғылым деп түсіндіріледі, себебі терминдердің семантикалық компоненттерін ғана емес, мүмкін, ықтимал семантикалық компоненттерінің де маңыздылығы ескеріледі.

Терминология мәселелері - ғылымның өзекті мәселерінің бірі. ХХ

ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастаған терминология саласы мәселелері әлі

де шешуін таппаған, өзектілігін жоғалтпаған деп айтуымызға толық негіз бар.

Ғылымның барлық салаларының жан - жақты дамуы терминология

мәселелерімен тығыз байланысты, себебі қандай да бір жаңалық, жаңа ұғым

терминмен белгіленіп, терминологиялық жүйеде өз орнын тауып отырады.

Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ АТАСЫ
Қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудың лингвомәдени негіздері
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Электронды ақпарат құралдары
Қаржы және экономика саласы терминдерін қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz