Зерттеудің мақсаты
Ақтау қаласындағы химия-биология
бағытындағы НЗМ мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Тақырыптың бағыты: Қазақстан Республикасының экономикасы
Тақырып: Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың ҚР экономика үшін маңыздылығы қандай?
( сөз)
Орындаған: Теджен Әсия Дусупқанқызы
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Ұзақбай Ислам
(аты-жөні, қолы)
2022 - 2023
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
А) Жинақталған дереккөздерді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
В) Тәжірибелік зерттеу әдістерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 7 С) Зерттеу қорытындысын алға қойылған міндеттер негізінде түйіндеу ... ..11
D) Зерттеу нәтижелерін SWOT арқылы негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
5.Жұмыста пайдаланылған нақты тәжірибелік материалдар
Кіріспе
Инновациялар мен жаңа технологиялар мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі элементі болып табылады. Бұны әлемдік тәжірибеде дамыған елдер инновациялық жаңа өнімді жасау мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін қолдану арқылы экономикалық дамуда айтарлықтай жетістікке жеткендігінен көруге болады. Қазақстан-ғылыми зерттеулерді белсенді жүргізетін жаңа тәуелсіз мемлекет. Қоғамның қазіргі дамуы ғылым мен инновацияның жоғары даму динамикасымен сипатталады. Сондықтан ғылымды қаржыландыру арқылы Қазақстан инновациялық экономикаға бет бұруда.
Статистика бойынша, әлем бойынша мемлекеттердің 80%-ы ғылыми зерттеулерге ЖІӨ-нің 1%-ын инвестиция ретінде құяды. ЮНЕСКО ұйымының 2021 жылғы есебі бойынша Қытай 621,5 млрд доллар, АҚШ 598,7 млрд долларды ғылыми зерттеулерді қолдауға жұмсаған. Алайда Орталық Азияда елдерінде бұл жаһандық тренд кері бағытта жүруде. ҚР БҒМ ресми деректері бойынша, Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 0,13%-ынан аспайды. 2021 жылы республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 83 млрд теңге(195 млн $) бөлінді [1]. Бұл әлемдегі дамыған мемлекеттермен салыстырғанда едәуір аз көрсеткіш.
Ғылымды қажетсінетін экономиканы құру Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасындағы басым бағыттардың бірі болып табылады, бұл қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыруды талап етеді. Ғылымды қаржыландырудың ЖІӨ-нің 3% - дан төмен емес деңгейіне дейін өсуі экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құрудың кепілі болып табылады. БҒМ ғылым төрайымы Жанна Құрманғалиева сөзінше, 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыруға арналған сумма ЖІӨ-нің 1%-на жоспарланған[1]..
Зерттеу жұмысының өзектілігі: 2012 жылғы желтоқсанда ҚР Президентінің Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халыққа жолдауында республикамыздың 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мақсатына жету үшін ғылыми зерттеулерді қаржыландыру экономиканы инновациялық бағытта дамыту құралы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың ел экономикасының дамуына әсерін талдау.
Зерттеу сұрақтары:
Қазақстандықтар ғылымның экономикадағы рөлімен қаншалықты таныс?
Ғылыми публикациялардың әлемдік трендтен төмен болу себептері неде?
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру қандай деңгейде жүргізіліп жатыр?
Ғылымды қаржылай қолдаудың ҚР экономикасы үшін маңыздылығы қандай?
Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды қалай дамытуға болады?
Зерттеу міндеттері:
● Зерттеу мәселесіне қатысты ақпараттарды жинастыру.
● Жиналған мәліметтерді өңдеу арқылы негізгі мәселені aнықтау және теория
бөлімін жазу.
● Сандық және сапалық әдістерді қолданып зерттеу тақырыбы жайлы қосымша
деректерді жинау.
● Жүргізілген зерттеу бойынша нәтижелерді жүйелеп қорытындылау.
● Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың Қазақстан экономикасына әсерін бағалау.
Гипотеза: Қазақстанда ғылыми зерттеулерді қаржыландыру потенциалы дұрыс зерттелмеген. Қазіргі таңда ғылымның ҚР экономикасын жаңа деңгейге шығаратын әлеуеті төмен деңгейде,себебі елімізде ғылыми зерттеулерге тиісті назар аударылмайды және зерттеу институттарын арнайы материалдармен мен қажеттіліктермен жабдықтау үшін тиісті қаржы бөлінбейді. Ал қоғам бұл саланың маңыздылығымен толықтай таныс емес.
Зерттеу әдісін сипаттау: Тақырыпты ашу мақсатында сандық және сапалық зерттеу жүргізіледі. Сандық-статистикалық ақпарат алу мақсатында сауалнама 74 респонденттен алынды. Бұған қоса, экономика саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру туралы білімі бар маманнан интервью алынады.
Негізгі бөлім
А) Жинақталған дереккөздерді талдау
21 ғасырда ғылым және оның инновациялық шешімдерінсіз экономика сапасының ғана емес, қоғамның әлеуметтік тұрмысының да артуы мүмкін емес. Ғылым өндірістік күшпен алға тартатын экономиканың қозғаушы тетігі болып анықталады. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы АҚ Технологияларды коммерциялау басқармасы қызметкерлері Жанболат Каналин мен Елена Голикова мақаласында тәжірибе жүзінде ғылыми саясатты дамыту, реттеудің бірнеше шаралары мен механизмдерін жасау, ғылыми секторға қолдау көрсету, ынталандыру бойынша және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒТҚН) коммерциялаудың арнайы қаржылық жолдарын енгізу бойынша қолға алынған жұмыстарға қарамастан Қазақстан экономикасының инновациялық даму деңгейі, оның ғылымды қажет ететін салалары төмен деңгейде екендігі жазылған. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне (ДЭФ ЖБИ) сәйкес, Қазақстан Инновация факторы бойынша 85-ші орында тұр. Ал Технологиялық дайындық факторы бойынша 61-ші орынды иеленген. Инновациялық белсенді мекемелердің үлесі 8%-дан аспайды [2]. Бизнестің технологиялық модернизация жолына ерте шыққан дамыған Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне салыстырғанда Қазақстандағы ҒТҚН жүзеге асыру төмен деңгейде. Оған бірнеше себептер бар.
Біріншіден, қазақстандық бизнес басқалары сияқты бастапқы капиталды қалыптастыру үшін жылдам әрі шығыны аз сатып алу-сату формасымен қалыптасты. Бүгінгі күннің өзінде кәсіпкерлер мен бизнесмендер өз қызметтері бойынша отандық зерттеулердің бар екенінен хабарсыз. Екіншіден, қазақстандық ғалымдардың инновациялары және ғылыми-техникалық шешімдері өндірушілердің күткеніндей болып шықпайды. Олардың техникалық-технологиялық сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіз, көбінесе шетелдік новациялармен және ғылыми зерттемелерімен тәжірибе жүзінде танысу мүмкіндігінің жоқтығынан, өзінің салалық мамандануы бойынша әлемдік трендтерден қалып қойған.
Сондықтан да бизнес тәуекелге бара алмайды. Оның батыс және оңтүстік-шығыс елдеріндегідей (азияның жолбарыстары мен айдаһарлары) ҒТҚН күш салатын өмірлік қажеттілігі мен сұраныстары жоқ[2]. Ұзақ уақыт бойы тәрбиеленіп, қалыптасатын инновацияларға деген қызығушылық пен талғам да белгілі бір мәдениет болмағандықтан, Қазақстандағы ғылымға тәуелді экономика дамымаған.
Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) деректері бойынша, 1991-2000 жылдар аралығында еліміздегі ғылыми қызметкерлер саны екі есеге жуық,яғни 27,6 мыңнан 14,8 мыңға дейін қысқарды. Бұл қазақстандық ғылымның нәтижелілігінің жалпы төмендеуіне әкелді. Қазіргі уақытта ғылыми саланы дамыту және оның нәтижелілігін арттыру мемлекеттің бірінші кезектегі және өзекті міндеттерінің шеңберіне кіреді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2020 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүзеге асырған кәсіпорындар саны - 396 құрады. Оның 93 - і мемлекеттік секторға, 99 - ы жоғары кәсіптік білім беру секторына, 167 - сі кәсіпкерлік секторға және 37-сі коммерциялық емес секторға жатады. Барлығы 1 091 ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі аккредиттелген, оның ішінде 649 заңды және 442 жеке тұлға[3].
Ғылымға қаражат республикалық бюджеттен он салалық орталық мемлекеттік органдарға бөлінеді. Білім және ғылым министрлігімен қатар бұл ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология, геология және табиғи ресурстар, Денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, Энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сауда және интеграция министрліктері. БҒМ мәліметтері бойынша, жалпы алғанда, республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру 2020-2021 жылдары екі есеге жуық өсті. Осының арқасында ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеудің негізгі көзі болып табылатын ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға конкурстар өткізу кеңейтілді. Егер бұрын БҒМ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстар үш жылда бір рет қана өткізілсе, онда 2020-2021 жылдары гранттық қаржыландыруға арналған 5 конкурс және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған 2 конкурс өткізілді. ҚСЗИ мәліметтері бойынша, өткен жылы алғаш рет гранттардың жаңа түрлері енгізілді: үш жылға арналған ынтымақтастыққа, бір жылға қысқа мерзімді, жеке, жас ғалымдар үшін және ел ғалымдарына елеулі мемлекеттік қолдау көрсеткен. Конкурстардың нәтижесінде қазіргі уақытта республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобалар іріктелді. Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдан бастап 1160 жобаны және қазақстандық ғалымдардың 10 басым бағыт бойынша 59 ғылыми-техникалық бағдарламасын қаржыландырады[3].
Зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға келетін болсақ, білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, 2016-2018 жылдардағы конкурстардың қорытындылары бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми - техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шеңберінде "Ғылым қоры"АҚ-дан жыл сайын 5,4 млрд теңге сомасына 156 жоба қаржыландырылады. Оның ішінде, БҒМ деректері бойынша, бүгінгі таңда 90 жоба жалпы табысы 6,6 млрд теңгеден асатын сату кезеңіне жетті. Нәтижесінде 1300-ден астам жұмыс орны құрылды[3].
Республикадағы ғылыми публикациялардың әлеуетін ғалымдардың зерттеу белсенділігі бойынша анықтауға болады. InCites деректері бойынша, қазақстандық жарияланымдар саны 2016-2018 жылдар 8 653 бірлікті құрайды, бұл елге әлемдік рейтингте 222 елден 75-ші орынға ие болуға мүмкіндік берді. Ресей жиырмаға кіріп, 15-ші орынды иеленді. Ғылыми белсенділіктің маңызды факторы нормаланған орташа цитирования саны .Осы көрсеткіштің мәні 0,84 болатын Қазақстан тек 170-ті позицияға ие болған. ЕАЭО елдерінің ішінде тек Қырғызстан 14-ші орында[4].
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ғылымды қаржыландыруды едәуір арттыруды тапсырған болатын. Осылайша, елдегі ғылыми қызметті қаржыландыру 2020-2022 жылдарға екі есеге жуық өсті және елдің ЖІӨ-нің 0,12% құрады. Ал 2025 жылға қарай оны 1% - ға дейін ұлғайту жоспарлау ғылымды қажетсінетін экономиканы құрып, Батыс пен Шығыс Азиядағы инновациялар арқылы көтерілген дамыған елдері секілді, ҚР экономикасы үздіксіз дамуға мүмкіндік алады.
B) Тәжірибелік зерттеу әдістерін талдау
Шикізатты өндіруге бағытталған Қазақстан экономикасының ғылымды қажетсіну деңгейін ескере отыра, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру арқылы инновациялық өнімдер арқылы экономиканы арттыру мүмкіндіктерін анықтау үшін жергілікті тұрғындар үшін сауалнама жүргізілді.Сауалнама зерттеу тақырыбы төңірегінде маңызды сандық және сапалық мәліметтер беретіндіктен, осы әдісті таңдау кезінде жауаптардың ауқымды спектрін қаматамасыз ету ескерілді. Сондықтан, тәжірибелік зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен сапалығы үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz