Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Қазіргі қазақ әдебиетіндегі сынның дамуы, зерттелуі»
Ғылыми жоба
Дайындаған:Шакенова Ардақ Рақымқызы
ЖОСПАР:
І. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ СЫННЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. 1 Сын жанрының туу, қалыптасу эволюциясы, даму тенденциялары
1. 2 Ұлттық әдеби процессте сынының зерттелуі және әдебиеттанудағы
көркемдік ізденістерге объективтік сын мәселелері
1. 3 Ұлттық сын жанрын қалыптастырудағы әдебиет тарихы туралы
көзқарастар мен сынның жанрлық формасы
ІІ. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ СЫН ЖАНРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ,
ТАҒЫЛЫМДЫҚ МӘНДЕРІ МЕН ӨРКЕНДЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
2. 1 Қазіргі ағымдық, мерзімдік басылымдардағы әдеби үрдіске ғылыми сын
2. 2 Қазақ әдеби сынының теориялық негіздері мен эстетикалық құндылықтары
2. 3 Тәуелсіздік кезеңдегі ұлтық рухтағы әдеби сын форматтары
ІІІ. Қорытынды
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы сын жанры қайшылықты қалыптасу кезеңдерін, даму жолындағы ой пікірлер қақтығысын, жолсыз бұрмалаулар мен объктивті зерттеулердің ымырасыз тартысын, заман ағысы тудырған саяси қысымдарды бастан кешіре отырып өрістеді. Әдеби сын өнері айтыс-тартысқа құрылып, қателіктерге ұрынып, жіберілген сыңаржақ тұжырымдарды түзеу арқылы өркендеу- әр халық әдебиетінің сын тарихында кездесетін құбылыс. Бүгінгі таңда күрделі сыннан өткен қазақ әдеби сын ғылымы салмақты ғылым арнасына айналып, үздіксіз даму тарихы арқылы мол әдеби зерттеулер тәжірибесін жинақтады. Сын жанры әдеби ағым мен форма тудыруда айқындаушы рольге ие дәуір тұлғаларының шығармашылық мұрасын зерттеу қазақ әдебиеті сын ғылымының іргелі саласы ретінде қалыптасты.
Әдеби үрдістің кешегі тарихы мен бүгінгі беталысын, болашақ бағыт-бағдарын айқындайтын жеке қаламгерлердің тұлғалық болмыс-бітімін даралайтын тұлғатану саласы ұлттық сын жанрымен біте қайнасып, оның ажырамас күрделі құрамды бөлігіне айналып отыр. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым Д. Ысқақұлы: «Қазақ әдеби сын ғылымы ұзақ жолдан өтті, қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бір саласы болып қалыптасты. Оның қол жеткен табыстарын бекіте отырып, дәуірдің жаңа міндеттеріне сәйкес дамыта беру, бүгінгі заманның игілігіне айналдыру- қазақ сыншыларының абыройлы борышы» [1, 37б], - деп байыптайды. Міне, осындай бағдарламалық ой-тұжырым қазақ әдеби сын жанрының да ендігі беталысын айқындауға негіз болмақ. Қазақ әдби сын жарнының қалыптасу, даму, тарихы мен өркендеу перспективалары турасындағы зерттеу еңбектерінің теориялық негіздері мен практикалық құндылықтарын, тарихаты мен хақиқатын таразылап, толайым табыстары мен жарқын жетістіктерін әспеттеу, қоғам құндылығы ретінде дәріптеу ғылыми жұмысымыздың өзектілігін құрайды.
Ділмәр тіл мен көркем тілді тұтастырып, халықтың танымын әдет - ғұрып, нанымын танытушы бірден- бір төлқұжат, асылында сөз өнері - әдебиет десек, текті өнердің тереңін болжайтын қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихына, оның жүріп өткен жолына көркемдік сапа деңгейі тұрғысынан қарағанда бірнеше айтулы кезеңдерді атап өтуге болар еді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алаш арыстары негізін қалаған, осылардың арқасында жаңаша, ұлттық танымдық-көркемдік биігіне көтерілген әдеби-көркем сынымыз, ең бастысы осы арқылы сол кезеңдегі туған әдебиетіміздің тарихын, теориясын, көркемдік ізденістерін бір жүйеге түсіруге деген талпыныс, барлығы да зая кеткен жоқ. Сол жылдардағы А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Мұқанов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ғ. Тоғжанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев бастаған және осы ізденістер арнасын ары қарай сәтті жалғастырып кете алған кейінгі толқын әдебиет зерттеушілері мен сыншылары, атап айтсақ, Д. Ысқақұлы, Т. Кәкішев, Б. Майтанов, Ы. Мұстабайұлы, Ә. Бөпежанова, А. Ісмақова да ұлтымызға теңдессіз мол мұра қалдырды.
Бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеу жұмыстарын әдеби-тарихи шыңдыққа сай жүргізуде кеңестік идеалогия қағидаларының қаншалықты зиян келтіргендігі айтылған жоқ. Бұл мәселені қалыпқа салып зерделеуде соңғы жылдары ауқымды шаралар атқарылуда. Атап айтқанда З. Қабдолов, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, М. Мырзахметов, Ш. Елеукенов, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев сынды т. б ғалымдардың еңбектері аса маңызды. Сондай-ақ, 1920-1960 жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы соңғы он жылда жаңаша көзқарас, жаңаша пайымдау тұрғысынан қайта сарапқа салынып, елеулі зерттеулер жазылды. Қазақ әдебиетінің тарихы да жаңаша көзқарас тұрғысында тұжырымдалып, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басқаруымен көптомдық боп жарыққа шықты. Осы орайда, қазақ әдеби сынының жеке сала ретінде қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қосқан зертеуші-ғалымдар тұлғасын, сыншылық болмысын, шығармашылығын уақыт ағымына сай зерттеп білудің, саралап танудың мәні ерекше.
Әсіресе қазақ көркем ойы мен сынының қалыптасу тарихында 60-80 жылдардың өзіндік өзгешелігі бар. Көзі ашық, көкірегі ояу талантты дарабоздардың талай кеңестік замандағы үстем идеологияның құрсауында шырмалғаны-шыңдық. Соңдықтан да, бұл кезеңде ғұмыр кешкен қандай да болмасын дарын иесінің еңбегін сараптаған сәтте ол өмір сүрген қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайларға зер салып отыру-әділетті тұжырымның қалыптасуына мүмкіндік тудырмақ. Себебі сонау 50-60-жылдар аралығында, қиындығы мен қысастығы мол болған әдебиет майданында әдебиеттану ғылымының ауыр жүгін қайыспай көтеріп, әдебиетіміздің өрісті биіктерге самғауына, айқын бет түзеуіне үлес қосқан, туған әдебиеттің шарықтай дамуы үшін тура жол іздейміз деп, өмірдің небір бұралаң жолдарынан өтіп, табандылық көрсеткен дарынды әдебиетші, зиялы қауым қалыптасып еді. Олардың қатарында: М. Қаратаев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмағалиев, М. Ғабдулин, Т. Нұртазин, Б. Шалабаев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Р. Бердібаев, Ш. Сәтбаева, З. Ахметов. Н. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратпаев, Қ. Қуандықов, Х. Әдібаев. Ә. Дербісалин, З. Серікқалиев, С. Талжанов, Т. Кәкішев сынды т. б әдебиетшілердің болғаны, олардың қай-қайсысы да кейіннен қазақ әдебиеттану ғылымының өсу, өркендеу сатысында өзіндік белгі қалдырғандығы-ақиқат.
Қазақтың ұлттық әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымындағы осынау күрделі жылдарда қалыптасқан, өркен жайған құнарлы дәстүр 60-90 жылдар, керек болса бүгінгі тәуелсіз әдебиетіміз бен өнеріміз үшін де баға жетпес биік тұғыр, эстетикалық құндылық болып отыр. Осы жылдар аралығында осынау құнарға табан тіреген, содан нәр алған бірнеше буын қазақ сыншылары да өсіп жетілді, әдебиет айдынына шықты.
Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңнің саясатына бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Сондықтан да қазақ әдебиетінде ақтаңдақтар кеңістігі барған сайын ұлғая түскендіктен, оқу-ағарту, ғылым-білім тұрғысынан келгенде, белгілі бір мүддеге ғана бағындырылған мұндай саясаттың қазақ ғылымын өркендетуге кедергісі көп болып, іргелі ғылым ретінде дамуына бөгет жасады. Бірақ бұл әділетсіздіктің өрісі қысқа екендігі, мұндай жолмен кете бермесі ақиқат еді.
Алғашқы сын үлгілері елге сыйлы, білімді жандардың ой-пікірі ретінде көрінген. Алғашында әдеби жұмыстың бір саласы ретінде бөлініп шыққан әдебиет сыны ұзақ уақыт бойына шығармаға жалпылама баға беру, оны оқырмандарға таныстыру, оқуға кеңес беру, шығарма авторын дәріптеу немесе сынау сияқты қарапайым ғана міндеттер атқарып келді. Әдебиеттің дамуына байланысты әдебиет сынының да мақсаты мен сипаты күрделене түсіп, оған қойылатын талаптар да, жауапкершілік те күшейді. Соған сәйкес, әдебиет сынының теориялық анықтамасы да тарихи тұрғыдан нақтылана түсті.
І. Қ АЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ СЫННЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. 1 Сын жанрының туу, қалыптасу эволюциясы, даму тенденциялары
Ұлттық әдебиеттанудағы сын жанрының туу, қалыптасу, даму тарихына үңілсек, үздіксіз өрлеу, даму үстіндегі сын саласының мол мүмкіндіктері мен сындарлы сын жолына көз жеткіземіз. Әдебиет қоғамның тәрбиешісі десек, сыншы өз қаламынан туған мақалаларын да зерттеу нысанасына алған, әрбір тақырыбына көркемдік шеберлік, биік талап тұрғысынан қарайды. Көркем туындылардың жетістігі мен кемшіліктерін саралап көрсетіп, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дегендей, турасын айтуға талаптанады. Қазақ сын өнеріндегі сыншылық, зерттеушілік ғалымдық ізденістердің үлгі тұтар тағылымды үрдіс көп.
Адам-қоғамның жемісі болса, әдебиет-қоғам тәрбиешісі. Көркем әдебиет- адам тәрбиелеудің ең басты құралы. Әдебиеттің негізгі обьектісі-өмір. Ал әдеби сынның негізгі мақсаты-бүгінгі күн әдебиетінде, күнделікті әдеби үрдісте болып жатқан көркемдік жаңалықтарды, ондағы жетістіктер мен кемшіліктер сырын уақтылы ашып көрсетіп отыру. Қазақ сыншылары бұл күрделі де жауапты міндеттерді орындау үшін аналитикалық талдау әдістерін қолданады. Егер: «Жазушы сұлу сөздер арқылы көркем образдар жасайды. Ал сыншы болса, жазушы шығармасын ғылыми ұғымдар тұрғысынан талдап баға береді, оның идеялық мәнін, көркемдік қуаты мен қоғамдық маңызын айқындайды» [7, 165-бет] -деген түйіндеуге жүгінсек, З. Серікқалиев талдаулары осы сын жанрының ауыр міндеттерін айқындағандай.
Халықтың эстетикалық қажеттілігіне қызмет етіп, танымал ақындардың сөз өнеріне деген жоғары талаптарынан, сынынан өткенде ғана ақын атына ие болып, ел құрметіне бөленген. Сөйтіп, ғасырлар бойы жасалынған ауыз әдебиеті небір аумалы- төкпелі заманалар бойында халқымыздың рухани қажеттілігін эстетикалық талғамына сай қанағаттандырып уақыттардың дауылынан, қаншама қатал сыннан өтіп бізге жетті; болашаққа да осылайша кете береді. Сонымен бірге ауыз әдебиетінде ерлік пен ездік, адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, адамгершілік пен хайуандық сияқты адам өмірінде жиі кездесетін қасиеттер де сан мәрте сараланған. Осының барлығы да адамдардың бойындағы кемшіліктерді әйтеуір мінеу мақсатында ғана емес, оған қоса болащақ ұрпақтың адамгершілігі мол, білімді, парасатты, елін қорғап, халқына адал қызмет жасайтын абзал азамат болып өсуі үшін жасалынды. Өйткені алдыңғы ата, аға ұрпақтар рухы биік елдің болашағының да зор екенін біле біліп, сол мақсатқа қызмет еткен [1, 8] .
Сын қашан пайда болды? Сын әдебиет пайда болған кезден өмір сүріп келеді. Сондықтан ғалым Т. Кәкішев әдеби сынның алғашқы арнасы деп халықтық эстетиканы айтады. «Жалпы, не нәрсе, құбылыс болмасын оған сын көзімен қарап, баға берушілік - кез келген халықтың бойында бар тума қасиеттердің бірі». Ал, М. Қаратаевтың, Р. Бердібайдың, Б. Сахариветің жазушы романының олқылығынан гөрі, жетістігін ашудағы мақсаттарын осы тұрғыдан түсіндіруге болады.
Әрине, сын мақсаты - мақтау да, даттау да емес. Бұл әдеби сын эстетикасына жат. Бірақ та тоталитаризм қысымындағы қаламгердің субъективті әлемі сынның осы мәселедегі объективтілігін шығармашылық ізденіс жағынан қолдауды қажет ететін тұстары да барын көрсетеді.
А. Сүлейменовтің «Түр туралы бірер сөз» мақаласы әдеби сында көркемдік дамуды шеберлік шыңына жетелейтін тың теориялық мәселелер қозғауымен құнды. Көркем шығармадағы авторлық баяндау стиліне кеңінен тоқталған сыншы жазушылар тарапынан қолданылуына, туындыдағы маңызына талдаулар жэасап, әлем және қазақ әдебиеті шығармаларындағы авторлық баяндаудың әдіс-тәсілдерін, қыры мен сырын әр дәуірдегі көркемдік құндылықтардың дәстүр арнасында дәлелдейді. Баяндау формасындағы тәсіл (бірінші жақ және үшінші жақ), автордың шығармашылық үрдіске қатысы, туындының көркемдік сипаты мен композициялық түзілісіндегі баяндау үлгісі, автор бейнесінің тұлғалануы сияқты күрделі мәселелердің талқыға түсуі сындағы таным-біліктің теориялық тұрғыдан кемелденуін, осы бағыттағы ілкі шеберлік ізденісті игі суреткерлік үрдіске сіңіруді діттеген сыншы мақсатын көрсетсе керек. Авторлық баяндаудағы «мен» және «ол» қолданысты қарастырған сыншы «жазушы қалай жазу керек - бірінші жақпен бе, үшінші жақпен бе, әлде екеуіменде ме?», - дей келіп, «баяндау шеберліктің бірден бір проблемасы емес. Бастыларының бірі ғана. Мұның сыртында әрине композицияның көп элементтері жатыр», - деп автордың шығармашылық үрдіске қатыстылығын байыптауда Гомер заманынан бергі орныққан авторлық баяндау дәстүрінің түрлі көріністе шеберлік сипатына орай орнығуын айқымды саралайды. «Мен» мен «ол» мұнарасында қилы-қилы заман, заң, эстетикалық көзқарас, көркемдік ізденулердің ізі барын», - айтқанда прозаның классикалық дәстүрін игерудегі іздену түр үшін емес, мазмұн үшін де маңызды деп түйеді. Әсіресе, ой-өрісі кең талғампаз оқырман қауымының да көркемдік танымы, эстетикалық түйсінуі прозаның да интеллектік деңгейін арттыруды талап ететінін зерделегенде «интеллектінің бояуы да, ырғағы да көп - жалғыз ғана стильмен оның қолын ұзартып, мұратын жеткізе алмайсың. Осы ретте Хемингуэй біздің дәуір үшін бірден бір биік емес», - деп шын шеберліктің қыры мен сырын игерудегі дәстүр ұласуының қайталанбас табиғатын қарастыруда өзгенің пікіріне жығыла бермейтін білікті сыншылдық білгірлікпен пайымдайды.
Шындығында, кез келген сыншы өзі мұрат етіп алған тақырыбының қыр-сырын ашу үшін әдеби көркем әдіс-тәсілдерді шебер де ұтымды тауып, танып пайдалана білуі шартты нәрсе. Белгілі ғалым Дандай Ысқақұлы өзінің «Сын шын болсын» деп аталатын зерттеу еңбегінде былайша ой толғайды: «Сын мұраты-көркем туынды не әдеби процесс хақында алғаш пікір білдіру. Ол өзіне дейінгі әдеби сында айтылған түрлі пікірлерге сүйене отырып, ғылыми нақты дәлелденген тұрақты баға беріледі. Әдеби өмірдегі кейбір құбылыстарды дұрыс бағалап, таласты мәселелерді сынның шеше алмауы мүмкін. Ал мұның бәрі әдебиеттану ғылымында қорытылып, ғылыми түрде бағалануы қажет. Сын мен әдебиеттану ғылымы бір-бірімен өте тығыз байланыста қызмет етеді. Бірінсіз бірін көзге елестету қиын. Сын әдебиет ғылымына жол салып отырады. Материалдар жинап, оның дамуына алғы шарттар жасайды. Шығу мерзімі жағынан сын алғашқы, әдеби сын әдебиеттану ғылымынан бұрын өмірге келген. Кейіннен әдебиеттану ғылымы әдебиеттанудың сынынан шығып жеке қалыптасты»[8, 1-14-б] .
Сыншылдық ой- пікірлердің барынша өткір көрінген жері ақындар айтысы болды. Басқа халықтар әдебиетінде онша кездесе бермейтін ақындар сайысы- қазақ әдебиетінде ғана тән ерекше құбылыс. Бірден суырып салып айтылған айтыс өлеңдерінде қарсылас жақтың түрлі кемшіліктерімен бірге сөз саптауларындағы селкеуліктер де қатал сынға ұшырап отырған. Орынсыз айтылған бір ауыз сөздің өзі қанша мықты ақын болса да жеңіліске ұшыратқан. Өткен ғасырларда небір классикалық үлгілері жасалынған айтыс өнері бүгінгі күндері де жемісті жалғасын тауып келеді.
Сұлулықты, әсемдікті танып білудің негізгі заңдылықтары барлық халықтар үшін ортақ болғанымен де кейбір тарихи, географиялық шаруашылық діни, наным- сенім жағдайларынан туындайтын ұлттық ерекшеліктері де болмай қоймайды. Мысалы, еуропалықтар мен азиялықтардың сұлулық категорияларында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Сол сияқты бұл құрлықта көрші тұратын халықтарда да елеулі ерекшеліктер байқалады. Сондай-ақ көкорай шалғын сайын дала, айдын шалқар көл, басына бұлт қонақтаған асқар тау да табиғи үйлесімділіктің, асқан сұлулықтың нағыз өзіндей қазақтың жан дүниесімен сәйкестік тауып, көңілін шарықтатып көтереді; нәзік сезім пернелерін оятып, ән салдырады. Елін сүю, Отанын қорғау- ер азаматтың басты парыз деп білген қазақ үшін тұлпар мініп, бес қаруын асынған жігіттен сұлу жігіт жоқ. Ауыз әдебиетінде «жігіт болсаң, осындай бол», - деп үлгі тұтатын небір батыр, ақылды, өнерлі, тапқыр жігіттердің бейнесі асыл сөздермен сомдалады. Жар сүю, өсіп-өну өмір сүрудің, бақытқа жетудің негізгі шарты деп санаған қазақ үшін жардың орны, ананың рөлі бөлекше. Ғашықтық жырларында, шіркін, қыздар осындай болсайшы деген армандардан туындаған Қыз Жібектей, Баян сұлудай, Ақжүністей, Құртқадай, Гүлбаршындай, Айман-Шолпайдай арулар қазақ қыздарының биік эталонына айналды. Міне, осы сияқты сұлулықты сезінудің, ол туралы таным- түйсіктің өзі халқымыздың тұрмыс- тіршілігінен, өмір туралы түсінігінен болашақты ойлауынан барып туындап, ғасырлар бойы қалыптасып, тұтас бір халықтың ұлттық ерекшелігіне айналып, оның ауыз әдебиетінде шынайы көрініс тапқан. Сонымен көркем әдебиет, оның ішінде әсіресе ауыз әдебиеті- халықтың сөз өнеріне деген ғасырлар бойы қалыптасқан сыншыл көзқарасының, халықтық эстетиканың жемісі, көрінісі. Сондықтан да әдеби сынның қайнар бұлақ бастаулары халықтық эстетикада жатыр. Халықтық эстетика ауыз әдебиетінде бар болмысымен көрініс тапса, кейінгі жазба әдебиеті дамып, профессионал әдеби сын қалыптасқан кезде де өз рөлін жоймайды. Шын мәніндегі әдеби сын өзінің ұлттық эстетикалық негізіне сүйенгенде, халықтың жүрегіне ғасырлар бойы жол тартып, эстетикалық: ләззат, рухани қуат беріп келген терең тамырлардан нәр алғанда барып өзінің қиын да құрметті миссиясын ойдағыдай орындай алады [1, 10] .
Әдебиет сынының тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классикалық үлгілерін парықтауда әдебиет сынының рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады.
Көне дәуірдегі әдеби мұралар күллі түркі халықтарына ортақ болып келетін XV ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. «Қазақ» деген атаудың белгілі бола бастауы XV ғасырдан басталса, одан арғы түркі дүниесіне бірдей қатысы бар ең алғашқы әдеби ескерткіштер ретінде Орхон- Енисей жазбалары аталып жүр. Күлтегін мен Білге хандар қайтыс болғанда басына қойылған құлпытастарға олардың өмір жолдарын, халқына еткен қызметтерін сына жазуымен ойып салған жазбалардың әдеби сипаты бар. Өнер бар жерде оған деген пікірі де бар. Түркі халықтары сөз өнерінің алғашқы үлгілері саналатын Орхон- Енисей жазбаларында көркемдік танымды танытатын парасатты пікірлер мен бейнелі сөздер баршылық. Осындай көркемдік сипаты айқын Талас-Шу ескерткіштерінде де ойлы сөз өрнектері жиі кездеседі.
Қорқыттың атына байланысты аңыздар кейінгі кездерге дейін ауыз әдебиеті үлгісі түрінде ұғынылып келсе, соңғы зерттеулер оның нақтылы өмір сүргенін, бірсыпыра шығармаларын, күйлерін анықтап, түркі халықтарына ортақ ойшыл екенін дәлелдеп отыр. Оның үстіне Қорқыт есімі түрік әзербайжан түркімен өзбектерде біршама зерттелініп, олардың әдебиет тарихтарынан тиісті орнын алған. Қазақ әдебиетінде де Қорқытқа байланысты шығармалар баршылық [2, 16] .
Екінші Аристотель атанған отырарлық Әл-Фараби (870-950) сөз өнері жайлы да құнды еңбектер жазып қалдырды: «Сөз ғылымын жүйелеу», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме (поэтика, риторика, софистика) », «Өлең кітабы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Поэзия туралы», т. б. бар ғылымды беске жіктеген ғалым бірінші кезекте тіл туралы ғылымды айтады. Әл-Фараби поэтиканы өлең құрылысы мен оның өлшем түрлері, ұйқас, әуезділік деп үш тұрғыдан қарайды. Ол әсіресе араб-парсы поэзиясын зерттеп, олардың он бір заңдылық-талаптарын көрсетеді. Олардың ішінде қазақ өлеңіне де қатысты сөздің бейнелілігі, ұйқас, ішкі ұйқас, бунақ, ырғақ, әуенділік, буын, тармақ, шумақ хақында ғылыми пікірлер білдірді [2, 34] .
Жүсіп Баласағұнның (ХІ ғасыр) «Құтты білігі» түркі халықтарының ортақ асыл сөз қоймасы іспеттес. Талай ғасырдың тәжірибесінен туған даналық шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ой-толғамдар «туысқан халықтармен қатар қазіргі қазақ тіліне де үндес».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz