БЕЙНЕ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қалмұхаметов Дінмұхамет Ермұхаметұлы

Бейне фразеологизмдер аудару әдіс-тәсілдері

Курстық жұмыс



Жетекші:Орынбасарова Ляззат Сериковна

Тапсыру күні 2023 ж
Қорғау күні 2023 ж
Бағалау

Астана 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Фразеологизмдерді аудару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Фразеологиялық бірліктер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

ІІ БӨЛІМ. БЕЙНЕ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Бейне фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Бейне фразеологизмдерді аудару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 9



КІРІСПЕ
Бейне фразеологизмдер кез-келген тілдің ажырамас бөлігі болып табылады, ол ойлар мен идеяларды анық, әр-түрлі қалыпта білдіруге көмектеседі. Олар сөздердің тікелей мағынасынан басқа мағынаны білдіретін белгілі бір бейнелер. Мен олардың тілдегі рөлі мен функциялары қарастырамын және де олардың аударылу тәсілдері мен бейне фразеологизмдердің пайда болу себептері және оларды сөйлеуде қолдану әдістері қарастырылатын болады.
Бейне фразеологизмдердің өзектілігі. Біріншіден, бейне фразеологизмдер тіл мәдениетінің маңызды элементін білдіреді және ұлттық тілдің ажырамас бөлігі болып табылады. Бейне фразеологизмдерді зерттеу халықтың мәдени ерекшеліктерін, оның тарихын, дәстүрлері мен менталитетін түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, бейне фразеологизмдер әдебиет, журналистика, саясат, жарнама және т.б. сияқты өмірдің әртүрлі салаларында белсенді қолданылады.
Үшіншіден, қазіргі уақытта, шет тілдерін көп адамдар үйреніп жатқандықтан, бейне фразеологизмдерді білу шет тілі мен оның мәдениетін жақсы түсінуге көмектеседі.
Бейне фразеологизмдерді зерттеу сөздік қорды кеңейтуге және тілді дәлірек және шешен қолдануға көмектеседі. Көптеген бейне фразеологизмдмдердің мәдени немесе тарихи тамыры бар, сондықтан оларды зерттеу тілдің және ол қолданылатын елдің мәдени ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Бейне фразеологизмдерді білу тілді кәсіби, жеке қарым-қатынас және т. б. сияқты әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында жақсы түсінуге және қолдануға көмектеседі.
Бейне фразеологизмдер әдетте стандартты тілдің нормаларына сәйкес келмейді және оларды сөздердің қарапайым тіркесімі арқылы құру мүмкін емес. Олар табиғи түрде жасалады және уақыт өте келе тілде бекітіледі.
Бейне фразеологизмдер контекстпен анықталатын бейнелі мағынаға ие. Олар әдетте эмоцияларды жеткізу, жағдайды сипаттау немесе белгілі бір идеяны жеткізу үшін қолданылады.
Бейне фразеологизмдер тұрақты пішінге ие және олардың мағынасына нұқсан келтірмей өзгертуге болмайтын тұрақты мағынаға ие. Олар белгілі бір мәдени ақпаратты жеткізеді және мәдени мұраның маңызды элементі болып табылады.

Фразеологизм
Фразеологизм немесе фразеологиялық айналым-белгілі бір тілге тән тұрақты тіркес, оның мағынасы оның құрамына кіретін жеке сөздердің мағынасымен анықталмайды. Фразеологиялық айналымдарды фразеология зерттейді. Фразеологизм дёр - лингвистиканың үлкен бір саласы. Фразеологияның тілде атқаратын рөлі айрықша.
Әрбір ұлт өз тілінде дүние‚ әлемге қатысты түсініктерін түрлі тілдік фактілердің арқасында кесіп-пішеді‚ қоршаған ортаның тілдік әлемі‚ негізінен айтып өтсем ‚ адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары (есімдері) тілдің негізін құраған болса‚ әлемнің‚ ондағы құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып білуге болатыны анық айқын. Ол - ұлттың ерекшелігін бейнелейтін мәдени-ұлттық коннотациялы тіркестер. Өйткені фразеологизмдердің пайда болуына күнделікті өмір мен өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстардың бір-бірінің әсерінен туған бейнелі қабылдаудың ықпалы орасан зор.
Әр түрлі ғалымдар фразеологизм ұғымын және оның қасиеттерін әр түрлі түсіндіреді, бірақ әр түрлі ғалымдардың фразеологизмнің ең дәйекті қасиеттері:
Репродуктивтілік
Тұрақтылық
Көпсөздік
Тілдің номинативті түгендеуіне жату

Тарихи фразеологизмдердің тұрғысынан қарағнада Б. А. Ларин фразеологиялық комбинациялардың үш категориясын анықтады:
Сөз тіркесінің айнымалылары-тілдік бірліктердің ең көп таралған түрі. Сол санатқа фразеологиялық тіркестер жатады .
Метафоралық тіркестер-сол лексикалық құрамның айнымалы тіркесін қайта түсіндіру .
Идиомалар- тек өзгермейтін мағынаға ие тұрақты өрнектер. Сөздерді ауыстыру немесе ауыстыру кезінде идиоманың мағынасы жоғалады.

Фразеологизмдерді аудару
Фразеологизмдерді аудару мәселесі де теориялык шешімін таба койған жоқ. бұл жерде жалпы қазақ және ағылшын тілдерінің геңеологиялық жағынан туыс еместігіне қарамастан, фразеологизмдер, теңеу, метафора, т.б. бейнелеу күралдардың дәлме-дәл күрылым және мазмүн жағынан толыктай сейкес келетін нүсқаларының да кездесетінін айта кеткен жөн. Бұл тілдік сөйкестіктер мен этникалық белгілерден гөрі коршаған объективті ортаны танып-білудегі когнитивтік модельдердің жалпы адамзатка ортақ екендігімен түсіндіріледі.
Фразеологиялық тізбектер оның ішінде, мақал - мәтелдерді аударудың мынадай үш жолы көрсетілген: 1) мағынасы да, түрі де яғни бейнесі де сайма - сай келетін мақал - мәтелдер. 2) тек мағынасы сақталып, соның негізінде жататын бейнесі, түрі жеткізілмей қалады. 3) мақал - мәтелдер екінші тілде баламасы болмаған күнде сипатталып аударма жасалады, немесе аудармашы өз тарапынан мәтел жасау арқылы жеткізіледі.
1.Сөзбе-сөз(калька) тәсілі тілдік бірліктің (сөздің, сөз тіркесінің) сыртқы нысанын , ішкі мазмұнын, нақтырақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді. Мысалы: not to believe one's own eyes (ears) -- өз көзіне өзі сенбеу; fish begins to stink at the head - балық басынан шіриді; to lead a cat and dog life - ит пен мысықша өмір сүру; to get up one's wrong foot - сол аяғымен тұру; black gold - қара алтын; a black list - қара тізім , бұл фразеологизмдердің калькаланған қазақшасы мейлінше тұрақталған әрі қазіргі тілдік қорда жиі кездеседі. Калька тәсілімен аудару кезінде аудармашы тұпнұсқадағы тілдік бірліктердің түр-сипатына, өзге халықтардың мәдениетіне қатысы бар екенін естен шығарып алады, және кей жағдайларда мән-мағынасы түсініксіз болып шығады.Сондықтан да бұларды мағынасына қарай, балама болатын сөз тіркестерін, егер ондай тіркестер болмаса, мағынасын бере аларлық жеке сөздермен немесе еркін сөз тіркестерімен аударуға болады.
2.Түсіндірме арқылы аудару тәсілі. Мысалы: come to one's own autumn -- өзіне тиісті жазасын алу; have something one's conscience -- өз кінәсін сезу (түсіну); addict oneself to vice - жаман әдетке салыну; немесе қазақ тілінде: ала жібін аттамау - be honest and desсent; ашпа жалап күйде өмір сүру - live from hand to mouth ; ауызынан ақ ит кіріп қара ит шығу - use foul (bad) language; таңды көзбен атыру - to spend the night until morning; қосағымен қоса ағару - live a happy life.
3.Толық балама - екі бейнелік сәйкестік болған жағдайда, яғни толық сәйкес келуі. Мысалы: play with fire - отпен ойнау; asperse somebody's name - біреудің атына кір келтіру; to set a fire - от салу; the rotten apple injures its neighbours - бір қарын майды бір құмалақ шірітеді , to addle one's brain - бірденемен миын ашыту;
немесе қазақ тілінде көздің ағы мен қарасы - the apple of one's eye; көзден жарық көңілден таса - out of sight out of mind; көзі ағару - lose one's sight
4.Жартылай балама - дәл сол мағынаны басқаша бейнелеуіш құралымен беру тәсілі, яғни мағыналас тіркестер. Мысалы: abuse somebody left and rіght - жерден алып жерге салу; commіt adultory - жұбайының көзіне шөп салу; aspers e sombody's character - біреудің абыройын айрандай төгу; to gіve somebody a foot - аяғынан шалу; to play the baby - балалыққа салыну немесе балалық жасау; немесе қазақ тілінде: ақ пен қараны айыру - tell good from evіl ; екі беті анардай - red cheeks .
Қазақ тілінің фразеологизмдері, мақал-мәтелдері көбінесе орыс және ағылшын тілдерінде баламалары болмайды. Олар мүмкін сөзбе-сөз аударылады, бұл тіл бірлігінің мағынасын бұрмалайды. Сондықтан, егер тілде баламасы болмаса, аудармашылар сипаттамалық әдісті қолданады. Салыстырыңыз: қуанышы қойнына симады .- Он вне себя от радости. - He was overjoyed. Его радость не умещается за пазухой - - His joy does not fit in the bosom Той асы домалақ - угощение на тое не без недостатков - treatment without weaknesses . Той болағанынан болалығы қызық - интересен не сам той, а подготовка к тою, ожидание тоя - company in distress makes trouble less. Той өкпесіз болмас - свадьбы без обиды не бывает - there is no wedding without offense. Той өткен соң даңғара - бить в барабаны после свадьбы, после драки кулаками не машут - It's easy to be wise after the event.

Фразеологиялық бірліктер
Фразеологиялық бірліктердің қазақ халықының данышпандығы мен парасатының, сол халықтың тарихи дүниетанымының және тәжірибесінің ассоциацияларынан көрінетіні дәлелденді. Мысалы, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру жағдайына, менталитеті мен қоғамдық ой санасына сай дүниеге келген тумаған сиырдың уызынан дәмету фразеологизмі "босқа қиялдау, болмайтын нәрсеге бас ауыртып көп сөйлеу" мағынасында қолданылады.
Фразеологиялық бірліктер туралы түсінік тұрақты тіркес ретінде, және оның мағынасы оны құрайтын сөздердің мағынасынан алынбайды, оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Етістік мағыналы фразеологизмдер
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» шығармасындағы тілдік құралдардың қолданылу мақсаты
Жазушы Бауыржан Момышұлының ‟Ұшқан ұя повесі тілінің лексика - фразеологиялық ерекшелігі
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Көркем проза шығармалары тіліндегі теңеудің стильдік қызметі
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің қалыптасуы және құрылымдық сипаты
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері;.Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер;.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы
Зейнолла Қабдолов Ұшқын романынын лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Пәндер