Есіл қалалық экологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
"Есіл қаласының #3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

Тақырыбы:
Биологиялық тұрғыда экологиялық проблемалардың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бағыты: Жаратылыстану ғылымы
Секция: Биология

Жұмыстың авторы: Алмас Аяулым
Есіл қаласының #3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Лахай Рина
Есіл қаласының #3 жалпы орта білім беретін мектебінің биология және география пәні мұғалімі

Ақмола облысы, Есіл қаласы
2022-2023 жыл

Мазмұны
Аннотация 2
Әдебиетке шолу
I. Кіріспе бөлім
1. Экология ұғымын зерттеу
II. Негізгі бөлім
2.1. Есіл қалалық экологиясы
2.2. Қазақстан экологиясы
2.3. Әлем экологиясы
2.4. Өсімдіктің экологияға әсері
2.5. Қоқыс шығару шамасын зерттеу және өңдеу әдістері
III. Қорытынды
3.1. Шешімдері мен ұсыныс
Жетекші пікірі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аннотация
Биологиялық тұрғыда экологиялық проблемалардың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбындағы жоба бойынша жалпы экология мәселесі қозғалып, оны шешу жолдары қарастырылады. Жобаның нақты мақсаты да экологияны жан-жақты зерттеп, тазалығына байланысты шешімдерді халық арасында насихаттау болды. Бұл жобада қала, мемлекет, әлем бойынша экологияны зерттеп, жалпы мәселені шешу жолдарын сөз еттік. Зерттеу барысында бірнеше қаланы аралап, жағдайды қарастырдық. Әртүрлі әдебиеттер мен ғаламтор желісінен алынған ақпараттарды да жинақтап, нақты экология жайлы ақпарат дайындадық. Аталған мәліметтер бойынша статистикалық деректерді көрсетіп, сауалнама жұмыстарын жүргіздік. Ғылыми жоба қорытындысы бойынша жалпы экологиялық проблемаларды шешу жолдары көрсетілді.
Аннотация
По проекту профилактика, обеспечение безопасности экологических проблем в биологическом плане " затрагивается общая экологическая проблема, рассматриваются пути ее решения. Конкретной целью проекта было всестороннее изучение экологии и пропаганда среди населения решений, связанных с чистотой экологии. В данном проекте были рассмотрены вопросы экологии по городу, государству, миру и озвучены пути решения общей проблемы. В ходе исследования мы посетили несколько городов и рассмотрели ситуацию. Мы также собрали разнообразную литературу и информацию из сети Интернет, подготовили информацию о конкретной экологии. По данным данным мы провели анкетирование с указанием статистических данных. По итогам научного проекта были продемонстрированы пути решения общих экологических проблем.
Annotion
According to the project "prevention, ensuring the safety of environmental problems in biological terms", a general environmental problem is touched upon, ways to solve it are considered. The specific goal of the project was a comprehensive study of ecology and promotion of solutions related to environmental cleanliness among the population. In this project, environmental issues were considered in the city, the state, the world and ways to solve the common problem were announced. During the research, we visited several cities and reviewed the situation. We also collected a variety of literature and information from the Internet, prepared information about a specific ecology. According to these data, we conducted a survey with statistical data. Based on the results of the scientific project, ways to solve common environmental problems were demonstrated.
3
Тақырыбы: Биологиялық тұрғыда экологиялық проблемалардың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мақсаты: әр аумақтағы экологияны зерттеп, пайда болу мәселесін шешу жолдарын ұсыну, экологиялық мәселені биологиялық тұрғыда қарастыру.
Міндеттері:
-қаладағы, мемлекеттегі және әлемдегі экология жайлы мәліметтерді тұжырымдау, мәселені анықтап, шешу жолдарын ұсыну
-табиғат тазалығын сақтауға тәжірибелер қолдану, түйінін жасау.
-ең лас және таза аумақтардағы жағдайды салыстыру, осыған байланысты экологиядағы қателіктер мен пайда әкелетін жағдайларды анықтау.
Өзектілігі: Бүгінде табиғат тазалығы, экология, ғаламдық жылыну ең өзекті мәселе, бұл танымал ғалымдардың өзін ойландырып отыр. Осыған байланысты әр аумақтағы, қала, мемлекет, әлем елдерінің арасындағы экологияны зерттеу мен мәселенің алдын алу, осы салада оқушылардың қызығушылығын арттыру жобаның басты өзектілігі болып табылады.
Зерттелетін нысан: биологиялық тұрғыдағы жалпы экологиялық мәселе.
Болжамы: Экологияның қазіргі сәттегі жағдайын сипаттайды, басты мәселені анықтап, алдын алу жолдарын ұсынады, аталған ұсынысты іске асыру жұмыстарын жасайды.
Күтілетін нәтижелер: Жоба жұмыстарын жүргізу барысында оқушының болашаққа сенімін күшейтіп, табиғатпен байланысын арттырады.
1. Қаладағы экологиялық мәселені зерттеп, шешу жолдарын қарастырады.
2. Қазақстандағы экологиялық мәселені қарастырып, әр аумақтағы экологияны салыстырады.
3. Әлемдік экологиялық мәселені зерттеп, әр елдегі экологияны салыстырады.
4. Өсімдіктердің экологияға әсерін зерттейді.
5. Табиғи сфералардың ластанбау жолын ұсынады.
6. Экологиялық мәселе жөнінде ғаламтор желісінен, әдеби кітаптардан, газет-журналдағы мақалалар мен энциклопедиялардан алынған ақпараттарды жіктейді.
7. Ғылыми жобаны жан-жақты зерттеп, нақты тұжырымын ұсынады.

4
I. Кіріспе бөлім
1. Экология ұғымын зерттеу
Экология ұғымы нені білдіреді? Қарапайым тілмен экология қоршаған ортаның тазалығын, жасыл әлем жаңалықтарын зерттейтін ғылым. Анығында, экология- жеке организмдер, популяциялар, экожүйелер, биосфералардың ұйымдастырылу заңын және қызмет атқаруын зерттейтін ғылым саласы. Аталмыш ұғымды ғылымға енгізген Эрнст Геккель, 1866 жылы қолданысқа еніп, көп ұзамай бірнеше салада қолданыла бастады. 20 ғасырдың алғашқы жартысынан бастап Экология жеке ғылым бағыты ретінде қарастырылды. Ал 20-40-жылдар аралығы Экологияның алтын ғасыры аталып популяциялар мен қауымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, экологияның басты ережелері мен заңдары тұжырымдалды. Мысалы: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің "Биосфера" атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының - "жердің тірі затының" ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты.(kk.wikipedia.org)
Алғашқы кезеңде экология ұғымы биология ғылымдарының арасында ғана қолданылған, кейін көпшілік арасындағы танымал терминге айналды. Экологияны зерттеу әдістері өз ішінде үшке бөлінеді. Олар: жүйелік тұрғыдан қарастыру, ортаның жағдайын бақылау, эксперимент және модельдеу. Әрқайсысына жеке тоқталып өтейік, жүйелік тұрғыдан қарастыру- әртүрлі экологиялық әдістерді пайдалануды талап етіп, тірі табиғаттың көптеген экологиялық зерттеулерінде қолданылады. Ортаның жағдайын бақылау- баға беру және болжам жасау. Мысалы метеорологияны бақылау, температураны өлшеу және радиациялық фонды өлшеу әдістерін жатқыза аламыз. Эксперимент және модельдеу бірлестіктер мен экожүйелерде жүргізілетін, көбінесе математикалық әдістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының экологиялық жағдайлары
Қазақстан аумағындағы су жағдайы
Қарағанды облысының экологиялық-экономикалық жағдайы
Су, су экологиясы жөнінде білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері
Қазақстандағы су проблемалары
Оңтүстік Балқаш маңы
Су жүйелер экологиясы
Экология және денсаулық (Көкшетау қаласының көшелері мысалында)
Көл түрлеріне анықтама және олардың кезеңдері
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
Пәндер