Аса қажеттілік жағдайында қылмыс жасау жағдайлары


Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы : «Аса қажеттілік жағдайында қылмыс жасау жағдайлары »
Орындаған: Темеш Талғат
Тексерген: Төлеуғалиева З. Б
Орал 2012
Жоспар
І. Кіріспе
1) Қылмыстық заң
ІІ. Негізгі бөлім
- Аса қажеттілік жағдайында қылмыс жасау жағдайлары
- Қылмыстардың көптігі
- Аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттің қылмыстылығын
жоққа шығаратын мән-жайлар.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қылмыстық заң.
Қылмыстық құқықты зерттеудегі маңызды институттардың бірі қылмыстық заң болып табылады.
Қылмыстық заң - бұл ҚР Парламенті қабылдайтын, қылмыстық құқықтың негізгі ережелерін бекітетін, қылмыс деп танылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтайтын және ол үшін жазаларды қарастыратын, қылмыстық жауапкерілік пен жазадан босату негіздерін реттейтін нормативтік акт. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы кодификацияланған және негізгі қылмыстық заңы болып ҚР Қылмыстық кодексі саналады. Ол 1997 ж. 16-шілдеде қабылданып, 1998 ж. 1-қаңтарынан бастап заңды күшіне енген.
Құжаттық нысаны бойынша қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі саналады. Бұл ҚК-тің 3-бабынан көрінеді. ҚК-тің ережелері міндетті әрі мызғымас, олардың сақталуы лауазымды адамдар мен азаматтардың міндеті. Дегенмен, қылмыстық құқықтық сипатқа ие бпатарды ҚР Конституциясынан да табуға болады (шетелдік мемлекетке ҚР азаматын беруге тыйым; кері күш туралы; өлім жазасы туралы; заң ұқсастығына тыйым туралы) . Бұл бұл қылмыстық құқықтың материалдық (мазмұны бойынша) қайнар көзі. Қайнар көздің бұл түріне қылмыстық құқықтық сипатқа ие халықаралық құқық нормаларын да (әрлуан Конвенциялар), ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулыларын да жатқызуға болады.
Қылмыстық заң жүйесі қылмыстық құқық сияқты екә бөлімнен тұрады. Олар жиынтығында органикалық біртұтастылықты құрғанымен, өздеріндегі нормалардың мазмұндарына бола бір-бірінен өзгешеленеді.
Жалпы бөлімде жеті тарау бар. Олардың әрбірінде қылмыс пен жазаның әралуан қырларын айқындайтын нормалар жинақталған. Ерекше бөлім он алты тараудан тұрады. Мұнда қылмыстардың түрлері мен оларды істегенде тағайындалатын жаза түрлері мен шектері көрсетілген.
Жалпы және Ерекше бөлімдер баптардан тұрады. Әрбір баптың, өз кезегінде, сәйкес нумерацияланған бір немесе бірнеше бөлімдері болады.
Құқықтық норма құрылымында әдетте үш элементті ажыратады: гипотезаны, диспозицияны және санкцияны. Алайда норманың мұндай құрылымы тек кейбір ғана құқық салаларына тән. Қылмыстық құқықтық нормалар олардан өздерінің құрылымдық спецификасымен ерекшеленеді.
Гипотеза - бұл құқықтық норманың қолданылуының шарты деп түсінетін болсақ, қылмыстық заңдағы оның функцияларын Жалпы бөлім баптары атқарады. Ал Ерекше бөлім нормаларында гипотеза нақты қылмыстарды суреттегенде шектен тыс артықшылыққа жол бермес үшін бар деп саналғанмен, мұнда тек диспозиция мен санкциялар орын алады.
Диспозиция - бұл нақты қылмыстық іс-әрекетті анықтайтын бап бөлімі. Диспозицияның мазмұны саналуан болып келеді. Оның құрылымдық ерекшеліктеріне қарай төрт негізгі түрін ажыратады: қарапайым, суреттеуші, бланкеттік және сілтемелі.
Қарапайым деп тек қылмыстық іс-әрекеттің өзін ғана атап қоятын диспозицияларды атайды: ҚК-тің 125-бабы - «Адамды ұрлау». Егер баптың диспозициясында қылмыстың белгілері неғұрлым толық айқындалатын болса, оны суреттеуші (бейнелеуші) диспозиция деп атайды: ҚК-тің 175-бабы - «Ұрлық». Бланкеттік диспозицияда заң шығарушы сол нормада қылмыстың белгілерін ішінара көрсетуімен қатар басқа азңдар мен нормативтік құқықтық акттерге сілтемелер жасайды. Мысалы, ҚК-тің 152-бабы - «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу». Ал сілтемелі диспозицияда сілтеме нақ сол заңның басқа нормаларына жасалады. Мысалы, ҚК-тің 106-, 209-, 297-баптары.
Санкция - қылмыстың істелгені үшін тағайындалатын жазаның түрі мен шегін анықтайтын Ерекше бөлім бабының бөлімі. Қылмыстық заң баптарында салыстырмалы анықталған, баламалы (альтернативті) және аралас санкциялар кездеседі.
Салыстырмалы анықталған санкцияда жазаның түрі мен шектері көрсетіледі. Мұндайда сотта жазаны жеке-даралау үшін біршама мол мүмкіндіктер болады. Оның екі түрін ажыратады: жазаның тек жоғарғы шегін ғана анықтайтын санкция және жазаның жоғарғы да, төменгі де шектерін анықтайтын санкция. Санкцияның бірінші түріне ҚК-тің 101-бабының 1-бөлімінің санкциясы мысал бола алады. Ескере кететініміз, мұндайда жазаның төменгі шегі осы жаза үшін Жалпы бөлім нормаларында анықталған мерзім немесе мөлешр болады: бас бостандығынан айыру үшін - 6 ай, бас бостандығын шектеу үшін - 1 жыл, айыппұл үшін - ҚР заңы бекіткен айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшері немесе сотталушының екі апталық жалақысының не болмаса басқа да табыстарының мөлшері.
Салыстырмалы анықталған санкциялардың екінші түріне ҚК-тің 162-, 181-, 241-баптарының санкциялары мысал бола алады.
Баламалы санкцияда негізгі жазалардың екі немесе одан да көп түрлері көрсетілген болады, сот істің мән-жайына негізделе отырып, жаза мақсаттарына қол жеткізуге неғұрлым көп мүмкіндік беретін жаза түрі мен шегін осы жаза түрлерінен анықтайды. Мысалы, аффект күйінде кісі өлтірілгенде сот бас бостандығын шектеудің, қамаудың және бас бостандығынан айырудың бірін тағайындайды.
Қылмыстық заңның кеңістіктегі күшін реттейтін нормаларда екі негізгі қағида ізбе-із іске асырылған - территориялылық және азаматтылық қағидалары.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының территориясында қылмыс істеген адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылады. ҚР территориясы біртұтас және ажырамас болып табылады. 1993-ж. 13-қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның бірінші бабы осы шекараны келесі түрде анықтаған: «ҚР мемлекеттік шекарасы деп Қазақстанның құрлық, су, жер қойнауы мен әуе кеңістігінің шегін анықтайтын сызықтық пен оның үстінен өтетін тік жазық танылады. Мемлекеттік шекара ҚР Парламенті ратификациялаған ҚР-ның халықаралық шарттарымен анықталады».
Мемлекеттік шекара төмендегіше анықталады:
Құрлықта - рельефтің тән нүктелері мен сызықтары немесе айқын көрінетін ориентирлер бойынша;
Теңізде - ҚР территориялық теңізінің сыртқы шекарасы бойынша. Территориялық теңізге енін ҚР Парламенті ратификациялаған ҚР халықаралық шарттары анықтайтын жағалау теңіз сулары жатады.
Ішкі сулар ҚР территориясы болып табылады: теңіздегі неғұрлым алшақ орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардан өтетін сызықпен шектелген порт сулары, жағалаулары ҚР-на тиесілі болатын өзендер мен басқа да су бөгендерінің сулары.
Каспий теңізіндегі ішкі суларға жататын акватория ҚР Парламенті ратификациялаған ҚР халықаралық шарттарымен анықталады.
Қылмыстық заң қылмыс ҚР-ның континенталдық шельфінде және ҚР айрықша экономикалық аймағында істелген жағдайда да әрекет етеді (ҚК-тің 6-бабының 2-бөлімі) . Шельф - табиғи байлықтарды алуға мүмкіндік беретін, территориялық теңізге белгілі бір тереңдікте түйісетін (200 метрге дейін және одан да терең) теңіз астының қойнауы. Жер қойнауы - құрлық және су территорияларының астының кеңістігін қамтитын, шаруашылық және басқа да мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін болатын табиғи орта бөлігі. Айрықша экономикалық аймақ территориялық сулардың шегінен тыс теңіз аймақтарында орнатылады. Оның шекараларын халықаралық шарттар анықтайды.
Құрлық және су территорияларының, оның ішінде территориялық сулардың үстіндегі тік жазық әуе кеңістігінің шекарасы болып саналады.
ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлімі ҚР жалауында жүрген кемелерде қылмыс істеу үшін жауапкершілікті реттейді. Егер ҚР портына тіркелген және ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс істелетін болса, жауапкершілік ҚР ҚК бойынша орнатылады. ҚР әскери әуе және су кемелері олардың қай жерде болуына қарамастан, ҚР территориясының бөлігі ретінде саналады.
Қылмыстық заң күшінің территориялық қағидасынан ерекшелік өзара келісімділік бастамаларында шет мемлекеттердің ел басшылары мен өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері үшін істелген. ҚК-тің 6-бабының 4-бөліміне сәйкес шет елдердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитеті бар басқа да азаматтарының олар ҚР территориясында қылмыс істегендегі қылмыстық жауапкершілігінің мәселесі халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.
Дипломатиялық иммунитет - шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, олардың басшылары мен қызметкерлеріне берілетін құқықтар мен жеңілдіктер жиынтығы. Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқық нормалары 1961-ж. Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена Конвенциясында кодификацияланған.
Шет мемлекет өкілдігінің иммунитеті дипломатиялық өкілдік бөлмесіне қол сұғылмайтындықты білдіреді. Орналасу мемлекетінің билігі дипломатиялық өкілдік басшысының рұқсатынсыз осы бөлмеге кіре алмайды. Шет мемлекет өкілінің дипломатиялық иммунитеті бойынша ол жеке басына қол сұғылмаушылыққа ие болады: өкілдік басшысын қамауға алуға немесе ұстауға, соттық тәртіпте қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Жеке басына қол сұғылмаушылыққа және қылмыстық юрисдикциядан иммунитетке елші, істерде сенім артылған адамдар, дипломатиялық өкілдіктің мүшелері ие болады. Соңғыларға мыналар жатады: кеңесшілер, сауда өкілдері, әскери, әскери теңіз, әскери әуе атташелар, олардың көмекшілері мен орынбасарлары. Егер аталған адамдар өз отбасы мүшелерімен қоса тұратын болса және олар осы мемлекеттің азаматтары болып саналмайтын болса, дипломатиялық иммунитет құқы оларға да тарайды.
Өзара келісімділік негізінде өкілдіктің әкімшілік-техникалық қызметкерлері мен олардың бірге тұратын отбасы мүшелері де егер олар осы мемлекеттің азаматтары саналмаса, жеке басына қол сұғылмаушылық пен иммунитетке ие болады. Мұндағы бір ерекшелік - осы аталған құқыққа олар тек өз қызмет бабын іске асыру барысында істеген қылмыстарына қатысты ие болады.
Дипломатиялық иммунитет оған ие болатын адамдардың істеген қылмыстары үшін мүлдем қылмыстық жауапкершіліктен арылатындығын білдірмейді. Заң бойынша аталған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі дипломатиялық келісіммен анықталады. Мұнда дауға түсетін мәселе - оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату емес, даулы болатыны ҚР заңдары бойынша қылмыстық істі тергеу мен жауапқа тарту мәселесі. ҚР Президентінің заң күші бар 1995-ж. 19-маусымда қабылданған «ҚР-ндағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Жарлығының 28-бабына сәйкес мұндай адамдар ҚР-ның шегінен қуылады.
ҚК-тің 6-бабының 2-бөліміне сәйкес Қазақстан территориясында жасалған қылмыс деп ҚР территориясында басталған немесе жалғастырылған, не болмаса осы территорияда аяқталған іс-әрекет танылады.
Формальдық құрамдас қылмыстарға қатысты қылмыстың жасалу орнын анықтау мәселесі не теорияда, не іс жүніде әлдебір қиындықтар туғыза қоймайды, себебі мұндай құрамдас қылмыстарда қылмыстық заң үшін ең алдымен сәйкес қауіпті іс-әрекеттер маңызды болады. Міне, сол іс-әрекеттердің жасалу орны да сәйкесінше қылмыстың жасалу орны болады. Мысалы, шпионаждың істелу орны (жері) ҚК-тің 166-бабында көрсетілген іс-әрекеттердің бірін болса да істеген орын саналады. Егер мемлекеттік құпия саналатын құжаттарды ұрлау Қазақстан жерінде жасалса, ал оларды басқаға беру сырт елдердің бірінде жасалса, кінәлілер Қазақстан Республикасының заңдарына сай жауапқа тартылуы керек.
Осы сияқты материалдық құрамдас қылмыстар бойынша қылмыстың істелу орны анықталады. Зардаптардың шынайы орын алу жеріне қарамастан, егер іс-әрекеттер ҚР территоиясында болса, онда жауапкершілік те ҚР заңдары бойынша орнатылады.
Қылмысты ортақтасып жасаудағы мәселелерге келер болсақ, қылмыстың жасалу жері деп ұйымдастырушының, көмектесушінің және айдап салушының әрекеттерінің қай жерде жасалғанына қарамастан, тек орындаушының ғана қылмыс жасаған немесе оған оқталған жері саналады.
Дегенмен, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші тек территориялылық қағидасымен шектеліп қоймайды. Ол азаматтылық қағидасымен толықтырылған, оған сәйкес егер ҚР азаматтары елден тыс жерде қылмыс жасаған болса және ол үшін басқа мемлекеттің сотының үкімі бойынша жазаға тартылмаған болса, онда ҚР қылмыстық заңы бойынша жауапкершілікке тартылады.
1991-ж. 20-желтоқсанда қыбылданған «ҚР азаматтығы туралы» Заңда ҚР азаматтары болып осы заңның күшіне ену күні Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және осы заңға сәйкес азаматтықты қабылдаған адамдар саналады делінген. Осы заңның 6-бабына сәйкес «ҚР территориясында тұратын және оның азаматы саналмайтын адамдар бүкіл құқықтар мен бостандықтарға ие болады, сонымен қатар ҚР Конституциясы, заңдары мен халықаралық шарттарында көрсетілген міндеттерге ие болады». Әлдебір мемлекеттің азаматтығына жататындығы туралы куәлігі жоқ адамдар азаматтығы жоқ деп танылады.
ҚР-нан тыс жерлерде қылмыс істеген ҚР азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық заңның күші ҚК-тің 7-бабында көрсетілген. Аталған адамдар егер олардың істеген іс-әрекеттері сол әрекет істелген елдің заңы бойынша қылмыс деп танылатын болса және сол мемлекетте олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болса, онда ҚР қылмыстық заңына сәйкес жауапқа тартылады. Мұндағы жаза қылмыс істелген елдің заңында сәйкес қылмыс үшін қарастырылған жазаның жоғарғы шегінен аспауға тиіс.
ҚК-тің 7-бабының 4-бөліміне сәйкес ҚР-ның территориясынан тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер егер олардың істеген қылмыстары ҚР мүдделеріне қарсы бағытталған болса және сло мемлекетте олар қылмыстық жауапқа тартылмаған болса, онда ҚР қылмыстық заңы бойынша жауапкершілікке тартылады. Сонымен бірге, аталмыш адамдардың басқа мемлекеттің жерінде істеген қылмыстары үшін орын алған соттылықтары мен басқа да қылмыстық құқықтық салдары Қазақстан жерінде істеген қылмысы үшін жауапқа тартуда, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса немесе олардың істеген қылмыстары ҚР мүдделеріне қарсы бағытталмаған болса, ешбір қылмыстық құқықтық маңыздылыққа ие болмайды.
Мысалы: Өзбекстанда талан-тараждық істегені үшін бірнеше рет сотталған К. соңғы рет істеген қылмысы үшін жазасын өтеп, Қазақстандағы таныстарына келген және осында жүріп тағы да ұрлық істеген. Оның басқа мемлекеттегі соттылықтары Қазақстанда істеген ұрлығы үшін жауапқа тартқанда ескерілмеуі керек, сәйкесінше жазасы да біршама қатаң бола алмайды. Дегенмен, егер оның Өзбекстанда істеген қылмыстары Қазақстан мүдделеріне зиян келтірген болса, онда олар ескерілетіні айқын.
ҚК-тің 7-бабының үшінші бөлімінде ҚР-нан тыс жерлерде орнласқан әскери бөлімдердің әскери қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершіліктерінің шарттары анықталған. Ондай адамдардың шетелдерде істеген қылмыстары үшін жауаптылығы ҚР заңына сай іске асырылады.
ҚК-тің 8-бабында қылмыс істеген адамдарды беру туралы мәселелер қарастырылған. Оған сәйкес егер ҚР азаматы басқа мемлекетте қылмыс жасаған болса халықаралық шарттарда басқаша көзделмеген жағдайларда сол мемлекетке берілмейді. Ал Қазақстан жерінде қылмыс жасаған шетелдіктер халықаралық шарттарға сәйкес өз мемлекеттеріне қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеу үшін берілуі мүмкін белінген.
ТМД елдерінің азаматтарына қатысты қылмыскерлерді беру және оларды қылмыстық жауапқа тарту, қудалау мәселелері 1993-ж. 22-қаңтарда қабылданған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмектесу мен құқықтық қарым-қатынастар туралы Минск Конвенциясында реттелген. Осы Конвенцияның 56-бабына сәйкес ТМД елдері өз территорияларында тұратын қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершілкке тарту және үкімді атқару үшін талап қою бойынша бір-біріне беру туралы өзара міндеттеме алған болатын. Қылмыскерді беру екі тараптарда да қылмыс деп саналатын және кем дегенде бір жыл бас бостандығынан айырумен жазаланатын іс-әрекеттер үшін немесе кем дегенде 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға жазған үкімді атқаруға байланысты мәселе туғанда іске асырады.
Егер қылмыскер сұранып жатқан мемлекеттің азаматы болса, ол берілмейді. Мұндайда Конвенцияның 72-бабына сәйкес оған қатысушы мемлекеттер қылмыскерді беруді сұрап жатқан мемлекетте қылмыс істегені үшін өз азаматтарына қатысты қылмыстық қудалауды жүргізеді (мұнда мемлекет өз қылмыстық заңын пайдаланады) .
Аталмыш шарттың 2-бабына сәйкес тек екі келісуші мемлекетте де іс-әрекет қылмыс деп танылғанда ғана қылмыскерді сұраушы мемлекетке беруге болады. Егер қылмыс сұратылып жатқан мемлекетте толығымен немесе ішінара істелген болса, онда сол мемлекет қылмыскерді сұрап жатқан мемлекетке сұранысын қанағаттандырудан бас тарта алады. Егер қылмыскер сұраныс бойынша басқа мемлекетке берілген болса, онда сол мемлекетте оны сұраныс заты болған қылмыстан басқа қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке оны берген мемлекеттің рұқсатынсыз тартуға болмайды. Беру туралы сұраныста оны жолдап отырған мекеме туралы мәліметтер, іс-әрекетті қылмыс деп танитын сұраныс жасаушы тараптың заңының мәтіні, осы іс-әрекетті істеген және сұраныс бағытталып отырған адам туралы мәліметтер, келтірілген материалдық зиян туралы мәліметтер көрсетілуі керек. Қылмыскерді беру туралы сұраныс келіп түскен соң 15 күн ішінде оған жауап қайтарылады.
Қылмыстық заңның уақыттағы күшін ҚК-тің 4-5-баптары реттейді.
ҚК-тің 4-бабына сәйкес іс-әрекеттің қылмыс екендігі мен оның жазаланатындығын сол іс-әрекеттің істелу мерзімінде күші болған қылмыстық заң анықтайды.
Осы ережеге сәйкес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекеттері тек сол іс-әрекеттер істелген кезде әрекет еткен заң негізінде ғана қылмыс деп танылуы мүмкін және сәйкесінше оны істегені үшін жаза тағайындалынады. Күші бар деп заңды күшіне енген және белгіленген тәртіпте күші жойылмаған заң танылады.
Заң және басқа да нормативтік құқықтық акттерді дайындау, ұсыну, талқылау, күшке енгізу және жариялау тәртіптері арнайы заңда және Парламент палатарының регламенттерінде қарастырылған. Мұндай заң болып 1998-ж. 24-наурызда қабылданған «Нормативтік құқықтық акттер туралы» ҚР Заңы саналады.
Жарияланған қылмыстық заңдардың күшке енуінің келесі тәртібі қарастырылған:
а) егер заңның күшке ену мерзімі оның мәтінінде тікелей көрсетілген болса, онда ол заң аталған мерзімнің келуінде күшке енеді (әдетте, жариялану мерзімінде немесе нақты датада) ;
б) егер заңның күшке енуінің мерзімі көрсетілмесе, онда ол республиканың бүкіл территориясында ресми қайнар көздерде ресми жарияланған соң он күннен кейін заңды күшіне енеді.
ҚК-тің 4-бабына сәйкес қылмыстың жасалу уақыты деп, зардаптың орын алуының уақытын ескерместен, қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеу уақыты танылады.
Бұл норма материалдық та, формальдық та құрамдас қылмыстарға қатысты олардың істеле басталуының мерзімін анықтаудың ортақ ережесін орнатады.
Қылмыстық заңның күші әртүрлі негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін:
а) басқа заңның қабылдануына байланысты жойылып, күшінен айырылуы;
б) дәл сондай мәселе бойынша оны басқа заңға ауыстыруға бола;
в) егер қылмыстық заң белгілі бір мерзімге ғана немесе әлдебір айрықша жағдайға бола қабылданған болса, онда аталған мерзім өткен соң немесе аталған жағдайлар жойылған соң сәйкесінше қылмыстық заңның да күші жойылады.
Қылмыстық заңның уақыттағы күшіне қатысты жалпы ережелерден айрықшалық ҚК-тің 5-бабында көрсетілген заңның кері күші туралы ереже саналады.
Осы баптың 1-бөліміне сәйкес іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланатындығын жоятын, жауапкершілікті немесе жазаны жеңілдететін, не болмаса басқа да күйінде қылмыс істеген адамның жақсартатын заңның кері күші болады, яғни ол осы заң күшіне енгенге дейін сәйкес қылмыс істеген, сол сияқты жазаларын өтеп жүрген немесе жазаларын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға да таралады.
Іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланатындығын жоятын заң деп осы іс-әрекетті қылмыстылардың қатарынан алып тастайтын (яғни ҚК-тен оны алып тастайтын) немесе осы іс-әрекетті істегені үшін жаза тағайындауды жоятын заңды айтады.
Жаңа заң бұрын әрекет еткен заңға қарағанда жазалауды жеңілдететіні екі заңның диспозициялары мен санкцияларын салыстыру негізінде шешілуі керек.
- Аса қажеттілік жағдайында қылмыс жасау жағдайлары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz