Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
... ... ... облысы білім басқармасының ... ... ... қаласы білім бөлімінің
№ ... ... жалпы білім беретін мектебі КММ

Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпевұлының болжамдарының сыры
Бағыты: Қазақстан тарихи ескерткіштері және перспективалық туристік бағыт.
Секциясы: Этномәдениет

Жобаны дайындаған:
... . А сынып оқушысы: ... ... ... ... ... ... ... ..
Жоба жетекшісі: ... ... ... ... ... ... ... ...

2022-2023 оқу жылы
Аннотация
Бұл ғылыми жобада оқушы Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры туралы жазған. Әлемнің қайталанбас ойшыл философы, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ойшыл философтың айтқан болжамдарының сыры туралы зерттеген. Әулиелік дарыған Көпейұлының болжамы бойынша дәлма-дәл болатын көрінеді. Өлер алдында болжаған болжамдарында: Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттан аман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туады деп болжаған болжамын жан-жақты зерттеп жазған.⠀
Аннотации
В этом научном проекте студент написал о Тайне предсказаний знаменитого Юсупа Копева. Машхур Жусуп Копеевич - уникальный философ, фольклорист, этнограф, историк, известный деятель казахской культуры и литературы. Философ изучал секреты предсказаний философа. Прогноз Копеевича кажется верным. В своих предсказаниях перед смертью: Голод наступает. Многие казахи убиты. Страна, пережившая голод, 70 лет жила в безбожном обществе. После этого страну 30 лет разоряли воры. Только после преодоления всех этих трудностей наступит время, когда казахи смогут жить в мире .
Annotation
In this scientific project, the student wrote about "The secret of the predictions of the famous Yusup Kopev". Mashkhur Zhusup Kopeyevich is a unique philosopher, folklorist, ethnographer, historian, famous figure of Kazakh culture and literature. The thinker studied the secrets of the philosopher's predictions. Kopeyevich's prediction seems to be correct. In his predictions before his death: "Hunger is coming. Many Kazakhs are killed. The country that survived the famine has lived in an ungodly society for 70 years. After that, the country was ravaged by thieves for 30 years. Only after overcoming all these difficulties will there be a time when Kazakhs will be able to live in peace. "⠀
... ... ... . облысы білім басқармасының ... ... қаласы білім бөлімінің
№ ... . жалпы білім беретін мектебі КММ
... А сынып оқушысы: ... ... ... ... ... ... ... .
Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры
тақырыбына жазған
ПІКІР
Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры тақырыбында оқушы зерттеу жұмысын жүргізген. Қазақ халқының ұлы ойшыл философтың өмірбаяны мен шығармалары, қазақ тарихына қосқан үлесі ұшан теңіз, әлем жұртшылығына аты әйгілі ұлы ойшыл екендігін дәріптеп, өз сыныптастарына түсіндіре отырып, тереңнен зерделеген. Ұлы ойшыл, философтың жолын жалғар, атақты философ және қазақ ұлтымыздың қазақ әдебиет мәдениетін дамытатын ұлы тұлға болғысы келетінін тілге тиек етіп тереңнен зерттеген.
Оқушы ізденімпаз, бастаған ісін аяғына дейін толық орындай білетін, алғыр, зерек, шығармашыл оқушы. Болашақта өз мамандығын таңдап, Мәшһүр Жүсіп Көпев атаның тағы да ашылмаған зерттеулерін тереңнен зерделегісі келетінін жазған.

Пікір жазған: ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1.Өз заманының ең білімді адамы
ІІ.2.Мәшһүр Жүсіптің бейіті
ІІ.3.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әулиелігі
ІІ.3.Әлемді мойындатқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
ІІІ.Зерттеу бөлімі
ІІІ.1.Атағын дүние жүзіне танытқан әулиелігі мен тың деректері
ІІІ.2.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Мәшһүр атанып, ғылымға бет бұруы.
ІІІ.3.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ғылыми еңбектері.
ІҮ.Қорытынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер

Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры
Мақсаты: Әлем халқының ұстазы Мәшһүр Жүсіп Көпевтің өмірбаяны мен шығармалары, және тың деректері, болжамдарының сыры, қазақ даласына, білімге қосқан үлесі, рухани әлемі туралы зерттеу
Міндеті: Мәшһүр Жүсіп Көпевтің өмірбаяны жайлы білу;
Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры туралы зерттеу;
Қазақ даласына мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесін, рухани әлемі жайлы ақпараттар жинап, дәріптеу, зерттеу.
Өзектілігі: Мәшһүр Жүсіп Көпевтің тың деректері мен болжамдарының сыры, еңбектері, өмірбаяны мен шығармашылығы.
Зерттеу әдістері: Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры туралы мәліметтерді жинақтау, зерттеу, сұрақ - жауап, талдау, зерттеу, қорытынды жасау.
Болжам: Егер, Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры барлық салаларға, соның ішінде қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі, ұлы ойшыл, философ туралы жан - жақты зерделеп, толық зерттей білсек, болашақ жастарды білімге деген құштарлығын дамытатын боламыз.
Күтілетін нәтиже: Болашақта, Мәшһүр Жүсіп Көпевтің тың деректері мен болжамдарының сыры туралы жан - жақты зерделеп, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін болашақ жастарға үйретіп, білімге деген құштарлығын, ұлттық дүниетанымын дамытатын тұлға қалыптастырып, мамандық таңдауына жол ашып, ұлттық құндылығы жоғары, патриотты, дара тұлға қалыптастырамыз.

І.Кіріспе
Өзі өлерден бір жыл бұрын, яғни, тірісінде өз зиратын өзі қаздырған Мәшһүр Жүсіп: Мен өлгеннен кейін ...жаздың ыстық айлары ақыретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ... Көпейұлы Жүсіпке Құдай рахмет айтасың. Маған келіп бата жасамақ түгілі әркімнің басына тұрымтай тұсында заман болады. Мен көрмеймін, сендер көресіңдер, - деп айтса керек. Дана бабаның Маған келіп бата жасамақ түгілі әркімнің басына "тұрымтай тұсында" заман болады деген сөзі тұтас бір халықтың тоз-тоз болып кетуіне әкеп соққан 1930 жылғы Орталық комитеттің Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылуына көмек шаралары туралы қаулысын меңзеп тұрғандай.
1930 - 1932 жылдары Қазақстандағы әйгілі ұлы жұт, аштық жайлағаны мәлім. Осы аштықтың салдарын көре білген Мәшһүр Жүсіп бір жыл бұрын өзінің асын бергізіп, жаназасын оқытып, жоқтау айтқыздырған.
Бұл жайында ақын Дихан Әбілев естелігінде: Біз барғанда Мәшекең болашақ мовзолей-зиратының астыңғы қабатынан лайықталатын бөлме - өзі жататын орнын қазып жатқандардың қасында тұр екен. Қазыңдар! Терең қазыңдар! Мәшһүр қашып кете алмайтындай етіп қазыңдар! - деп сылқ-сылқ күлді де, - Кең қазыңдар! Он-он бес адам сыятындай кең болсын. Кірпіштері берік қалансын, - деген көрінеді.
Тірлігінде ұры-қарылардың, озбыр, қиянатшыл, аюмінез әкімдердің қара халыққа жасаған қиянатын қызыл тілмен қылыштаған Мәшһүрдің шатағы аз боп па? Тірімде тістері батпаған сол сойқандар мен көз жұмғасын өш алуға үстімнен арыз жаудырып, Мүңкір-Нәңкірге тергеттірмей қоймас. Сонда менің мұндағы дұрыстығымды қорғауға бірнеше періштелер келер. Кең қазыңдар - деп Мәшекең сылқ-сылқ күліп тұрады екен.

ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1. Өз заманының ең білімді адамы
МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ (1858-1931)

Қазақтың бірегей тарихи ұлы тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 1858 - 1931 жылы жеке өмірбаяны әр қилы сырларға толы. Ақын өз ғұмырында ел аузындағы аңыз-дастандарды, ертегілерді, қиссаларды жинап, одан басқа өзінің шығармашылығынан туындаған жазбаларын жазып қалдырған. Осындай шығармашылыққа толы өмірі көзі тірісінде-ақ аңызға айналғаны белгілі.
Мәшһүр Жүсіп Орта жүз Арғыннан тарайтын Бес Мейрам әулетінен. Мәшһүр Жүсіптің шыққан руы Сүйіндік - Мейрамның бір үлкен бұтағы.

Баянауыл ауданы, Жаңажол аулы, Ескелдідегі
Мәшһүр Жүсіп кесенесі
Қазақ тарихында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының алар орны ерекше. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ халқының ұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі көрнекті тұлғасы ретінде қалыптасты. Ақын жастайынан шығыс әлемінің білімімен сусындап, араб және парсы тілдерін жетік біліп, басқа да шет тілдерді терең меңгерген. Өзі өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежіре мен айтыс, көптеген тарихи жырды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды.
ІІ.2.Мәшһүр Жүсіптің бейіті
Мәшһүр Жүсіп 1931 жылы 27 қарашада қайтыс болған. Бейіті 2 бөлмелі үй түрінде салынған. Төргі үйінде шкаф тұрыпты, ондағы екі қатарда араб-парсы тілінде жазылған 60 кітап жиюлы тұрған. Шкафтың үстінен тірі күнінде қолданған ер-тоқым орын алыпты. Үйдің оңтүстік жақ қабырғасында қойдың 40 кәрі жілігі ілулі тұрыпты діни жолмен қарағанда, 40 жілік күзетші болу керек. Осы төргі үйдің астын биіктігі 2 метр, ұзындығы да сондай өлшемде терең етіп қаздырған екен. Мәшһүр Жүсіптің денесі осы айтылған жерде жатыпты. Сақал-шашы сол қалпында, денесі сары екен. Тірі күнінде толық адам болған болу керек. Кейде сүйегі өте көтеріңкі, іші аздап қабысыпты. Сол жақ аяғы кішкене семіңкірейін депті, өйткені сол аяғының өкшесінің етін бірдеңе жеген сияқты.
Ауыз үйде түрлі ыдыс-аяқтары тұрыпты: самауыр, шыны аяқ, тәрелке, ақ шәйнек, қасық, суқұйғыш, ет салатын ағаш табақ, тайқазан, оқтау, орамал, тұз, үгулі насыбай, балта, күрек, шымшуыр, шелек, сыпырғыш, пышақ, қайрақ, біз, дойбы, ара темір, кекпір. Осы заттардың барлығы биік үстелдің үстінде жиюлы тұрған. Келген-кеткен жолаушылар тамағын істеп ішіп, әлгі заттарды пайдаланып, қайтадан орнына жуып-тазалап қояды екен. Ауыз үйдің төр жақ қабырғасында ұзыны мен көлденеңі жарты метрдей жұқа тас ілулі тұрған. Бұл тас бейіт салатын жерді қазып жатқанда табылыпты. Сол тасқа Мәшһүр Жүсіптің өзі Жетпіс үшке жеткенше балталаса да өлмеймін, жетпіс үштен әрі сүйресең де бармаймын деген сөзді жазып, мен өлгеннен кейін іліп қойыңдар деп тапсырған.
Атамыздың кесенесі 1977 жылы жаңартылды. Ал 2006 жылдың күзінде қазіргі кесене ашылды.
ІІ.3.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әулиелігі
Әулие бабамыздың денесі 21 жыл ашық жатқан. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - әулие атанған қасиет иесі. Ол кісінің әулиелік қасиетіне қаншалықты мән берілді? Мәшһүр Жүсіп - халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәу етер қасиетті әулие. Десек те, біз көбіне әулие ғой деумен шектелеміз де, әулиелігі жөнінде көп айта қоймаймыз. Мәшһүр Жүсіп Өлеңмен берілген аят атты өлеңінде әулиеден медет тілеп, бата алғандығы туралы баяндайды. Жалпы, шығармаларында Ғаусыл Ағзам, сенен медет, Хазіреті Сұлтан, сенен медет деген өлең жолдары жиі кездеседі.
Мәшһүр Жүсіп бір күні Баянауылға бармақ болып, жанына баласы Шарапиден мен сүйікті немересі Төлеубайды ертіп, жолға шығады. Бозбай деген жерден аса бергенде немересі шөлдедім десе керек. Сонда Мәшһүр Жүсіп: Алдымызда көрініп тұрған үйге барайық, сонда сендерді бір ауқаттандырып алайын, - дейді. Үйге тақай бергенде 12 - 13 жаста немересі: Ата, біздің алып шыққан тамағымыз жоқ қой, - дегенде, қасиетті бабамыз: Қазір не көрсеңдер де үндемеңдер, ештеңе сұрамаңдар, - деп, балаларын төбесі құлаған екі бөлмелі үйге алып келеді. Өзі бірінші боп кіріп, жерге жайғасып отырады. Атты байлап, соңынан балалары да кіреді. Сол уақытта атамыз бір дұғаны оқи бастайды. Кенет өзінен-өзі алдарына дастархан жайылады. Ұстап келе жатқан тірі жан көрінбесе де, ет салынған табақ, әртүрлі тағамдарға толы ыдыстар келіп дастарқанға қойылады. Атамыз жақсы көретін өрік-мейіз де бар. Шай құйылған кеселер келіп, босаған ыдыстар жоғары көтеріліп, ауамен қалқып есіктен шығып кете береді. Олардың қайдан келіп, қайда кетіп жатқанын түсінбеген Төлеубайдың қорқып, дұрыс тамақтана алмай отырғанын сезген Мәшһүр Жүсіп: Қорықпай ішіп-жеп, тойып алыңдар, - деп, көңілі қалағанын жеп отыра берді. Тамақтанып алған соң Мәшһүр Жүсіп тағы бір қысқа дұғаны оқығанда, алдарында жаюлы тұрған дастарқан көзден ғайып болады. Ал жолда балаларына: Жаңа ештеңе ұқпаған боларсыңдар, бізді тамақтандырған жын-перілер ғой, - депті.
Мәшһүр Жүсіп жын-періні өз ырқына бағындыратындай әулиелік қасиетке білімінің арқасында қол жеткізген.
Әулие өзінің өлер уақытын болжап, сол сәтке үлкен дайындық жұмыстарын жүргізген екен...
ІІ.3.Әлемді мойындатқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Мәшһүр Жүсіптің денесінің 21 жыл ашық жатуы әлі күнге дейін жұмбақ.
Мәшһүр Жүсіп үлкен баласы Шәрәпиденге: Мен өлгеннен кейін қырық бір жылға дейін денем бұзылмайды. Тек жаздың ыстық айлары ақыретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ. Сонда көздерің жететін болады, - деп өсиет етеді.
Біреулер денесін шірітпейтін арнайы дәрілік шөптер ішкенін айтады. Ондай дәрі болса, басқа әулиелер немесе бақсылар, тіпті байлар неге қолданбады екен? Тіпті топырақтың құнарлығында алға тартатындар бар. Қалай болғанда да, бұл - Алланың әмірімен болған жағдай.
Мәшһүр Жүсіптің немересі Қуандық Пазылов былай дейді: Бала кезден есімде 1947 - 1948 жылдар болуы керек, бейіт ауыз үйден және төр үйден тұратын. Төр үйінің есігі қылуеттің қақпағындай. Адамдар қақпақты көтеріп ашып, сатымен түсетін.
Екі қария дәретін алып түсіп, денесіне ақ жабады. Алдын-ала жағып, дайындап қойған шамды маған алып бер дейді. Апарып беремін. Бала болсам да құлағымда мына сөз қалып қойыпты. Уәли деген ауылдық кеңестің төрағасы бар еді, сол қарын тұсын саусағымен басып көріп, былқылдап, жұмсақ жатыр, - деді, сосын тек бақайының тырнақтары түсіп қалғанын айтты.
Мәшһүр Жүсіптің немересі Сүйіндік Көпеев марқұм да өз естелігінде: 1946 жылы Сәбит Мұқанов келіп, қабірдің ішіне түскен еді. 1950 жылы өзім де түсіп, денесін сипаған едім, сонда жадағай жерде жатса да, біртүрлі хош иіс шығып тұрды. Ешбір құрт-құмырсқа, көрді жайлап алатын сасық күзен, тышқанның ізі білінбеді, - деп жазған болатын.
Мәшһүр Жүсіп бабамыздың мазарына қызыл өкіметтің жендеттері талай келіп, ішіне кіре алмай немесе жолда ажал құшқан кездері болған. Ал зиратын жермен-жексен еткен хатшы да, оны бұзған адамдар да кейін қарғысқа ұшырап, оңбай кетсе керек. Тіпті ұрпақсыз кеткенін көрген жұрт әулиенің ісі ғой десетін.
Мәшһүр Жүсіп өзі қайтыс болғаннан кейін де қазақтың азаптан арылмасын болжап: Күншілдер көрінгенге қуғын салып, Ақыры күнәсізге жала болар. Үлгілі өнегелі салты құрып, Қаптаған айналасы қала болар, - деп, қуғын-сүргін мен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын жырға қосады.
Енді бірде: Ақиқат жолында жалындап, Алланың жазуымен емес, адамның қолынан қаза болғандардың ғасыр соңында жұлдызы жанар, - деген екен. Демек, Қазақстанда орын алған Сталиндік саяси қуғын-сүргіннің бетпердесі ашылып, тұлғаларымыздың ақталарына сенген болар.

ІІІ.Зерттеу бөлімі
ІІІ.1. Атағын дүние жүзіне танытқан әулиелігі мен тың деректері
Ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өлер алдындағы айтқан болжамы туралы желіде қызу талқылап жатыр. Әулиелік дарыған Көпейұлының болжамы бойынша сиыр жылы халыққа жайлы, ел аңсаған басшы келіп, жақсы өзгерістер болатын көрінеді. Мәшһүр Жүсіп өлерінің алдында болашаққа тағы қандай болжам жасап кеткен екен.

Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда 1921 жылы Мәшһүр Жүсіп бар туыс-тумасын жинап, бір жерді анықтап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы шығыс тақырыбы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Пәндер