Сот практикасы


Реферат
Ерекше іс жүргізудегі бала асырап алу процесінің ерекшеліктері.
Жоспар:
- Ерекше іс жүргізу.
- Ерекше іс жүргізудегі бала асырап алу процесі және оның ерекшеліктері.
- Ерекше іс жүргізудегі бала асырап алу процесінің қиыншылығы.
- Сот практикасы.
- Қорытынды.
Калыкбаев Алихан
Алимбаев Диас
I. Ерекше іс жүргізу.
Процестік құқығындағы ерекше іс жүргізу белгілі бір мақсаттармен басталатын және әдеттегі азаматтық сот ісін жүргізуден ерекшеленетін заңды рәсімдерді білдіреді. Бұл процедуралар дәстүрлі сот ісін жүргізу шеңберіне сәйкес келмейтін нақты мәселелерді шешу үшін жасалған. Кейбір кең таралған арнайы процедураларға бала асырап алу, адамды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және т. б. жатады. Негізге ерекше іс жүргізуге жататын істердің тізбегі десек, ҚР АПК 302-бабында көрсетілген.
Ерекше іс жүргізу - азаматтардың жеке немесе мүліктік құқықтарының туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы тәуелді болатын немесе даусыз құқықтың болуы немесе болмауы расталатын, сондай-ақ азаматтың құқықтық мәртебесі айқындалатын заңды фактілердің болуы немесе болмауы расталатын азаматтық істер қаралатын азаматтық сот ісін жүргізу түрі.
II. Ерекше іс жүргізудегі бала асырап алу процесі және оның ерекшеліктері.
Бала асырап алу-бұл адамға немесе ерлі-зайыптыларға биологиялық тұрғыдан өздеріне тиесілі емес баланың заңды ата-анасы болуға мүмкіндік беретін заңды процесс. Бала асырап алу туралы өтініштер бойынша ерекше іс жүргізу баланың құқықтары мен қауіпсздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір процестік ерекшеліктерді сақтауды талап ететін күрделі және ұзақ заңды процесті қамтиды. 10 жасқа толған баланың келісімі және аты-жөнін ауыстырған кезде де келісімі міндетті түрде керек.
Бала асырап алу туралы арыздар бойынша ерекше іс жүргізудің іс жүргізу ерекшеліктері бала асырап алу туралы арыз беруден басталады. ҚР АПК 310-бабына сәйкес Асырап алушылар арызды баланың тұрғылықты мекен-жайына байланысты соттылығын сақтап, сотқа арызды береді. Және айта кететін зат - асырап алушының немесе асырап алушылардың материалдық және биографиялық жағдайын, тіпті үйін де тескереді. ҚР НОТК 91/2-тармағына сәйкес бала асырап алушы кез келген адам бола бере алмайды. Бұндай шаралар баланың құқықығын және қауіпсіздігін қорғау үшін жасалған.
Төбеде жазылған шаралар тыңдау процестегі маңызды қадам болып табылады, өйткені ол сотқа асырап алушылардың баланы тұрақты және қамқор үймен қамтамасыз ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Сот отырысы кезінде сот бала асырап алудың орынды екендігін анықтау үшін сұрақтар қоя алады.
Егер сот бала асырап алудың баланың мүдделеріне сай келетінін анықтаса, ол бала асырап алу туралы арызға қатысты шешім шығарады. Бала асырап алу тәртібі баланың биологиялық ата-анасын ата-ана құқығынан айырады және бала асырап алушыларды баланың заңды ата-анасы ретінде белгілейді.
Бала асырап алу туралы өтініштер бойынша ерекше іс жүргізутің маңызды процестік ерекшеліктерінің бірі - баланың заңды өкілдерінің келсімі керек. Заңды өкілдері сот бала асырап алу туралы шешім шығармас бұрын, өз еркімен бала асырап алуға келісім беруі керек. Заңды өкілдерінің келісімі өте маңызды, өйткені ол баланың мүдделерін ескеруді қамтамасыз етеді және заңды өкілдерінің құқықтарын қорғайды.
Бала асырап алу туралы өтініштер бойынша ерекше іс жүргізудің тағы бір маңызды процестік ерекшелігі - мүдделі тараптарға хабарлау туралы талап. Мүдделі тараптар баланың биологиялық ата-анасы, туыстары немесе бала асырап алу процесінде басқа да мүдделі тараптар болуы мүмкін. Мүдделі тараптарға тыңдауға қатысуға және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін хабарлама жіберілуі керек. Бірақ барлығының қатысуы маңызды емес, себебі ҚР АПК 314-бабына сәйкес сот отырысына міндетті түрде қатысатын тұлғалар - асырап алушылар және қорғаншылық органдары.
Тағы бір ерекшелігі - ерлі-зайыптылардың біреуі ғана баланы асырап алушы бола алады. Ол қалай десеңіз, ҚР НОТК 96/1-тармағына сәйкес, екінші жұбайының келісімі керек, бірақ ол келісім оны да асырап алушы деп жарияламайды.
ҚР НОТК 92-бабына сәйкес, бала мен асырап алушылардың жастарының арасы кем дегенде 16 жас болуы қажет, алайда соттың кейбір жағдайларды ескеруінің арқасында, сот ондай жастың аралығын түсіруі мүмкін.
Бірақ осы ерекше іс жүргізудің басқалардан ең үлкен ерекшелігі - ҚР АПК 314 бабына сәйкес, сот бұндай істерді жабық түрде қарастырады. Тіпті бұндай істер бойынша сот шешімін онлайн түрінде сот кабинетіне жүктемейді. Бұл бала асырап алу туралы құпия және ол заңмен қорғалады. Егер біреу құпияны жария етсе, ол қылмыстық жауаптылыққа да тартылуы мүмкін.
III. Ерекше іс жүргізудегі бала асырап алу процесінің қиыншылығы
Бала асырап алу процесі - күрделі, әрі ұзақ процедура. Бала асырап алу туралы өтініштер бойынша ерекше іс жүргізудің іс жүргізу ерекшеліктеріне бала асырап алу туралы өтініш беру, ата-аналардың келісімін алу керек, егер де олардың ата-ана құқығы болса. Бұл жағдайдағы қиындық туыдайтын сәт - ол баланың 16-жасқа толмаған ата-аналарырының заңды өкілдері келісімін бергісі келмей немесе келісім беруден жалтарып немесе жай сөзбен айтқанда тығылып, жоғалып жүрсе, бала асырап алу процесі ұзаққа созылып кетуі мүмкін.
Бала асырап алу туралы арыздар бойынша ерекше іс жүргізу маңызды процестік ерекшеліктерінің бірі - материалдық жағдайды тексеру туралы талап. Асырап алушыларды қорғаншылық органдары, сот зерттейді. Бұл шара асырап алынатын балаға тұрақтылықты және қамқорлықтықамтамасыз етуге жарамдылығын бағалау үшін істелінген.
Сонымен қатар, қорғаншылық органдары асырап алушылар жайлы қорытынды шығаруы тиіс және де ол қорытындыны баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша соттылықты сақтап, тиісті сотқа жібереді. Сот ол ақпараттарды зерттеуі тиіс. Ол қорытындыға асырап алушылардың тұрған жайын тексеру туралы актісі, баланың туу туралы куәлігі, баланың денсаулығына қатысты медициналық қорытынды, баланың ата-атанасының келісімі немесе басқа да заңды өкілдерінің келісімі, егер бала 10 жаста болса - оның өзінің келісімі тіркеледі. Осы құжаттардың тізімі, көптілігі, күрделігі де процесті қиындатады. Сот, тіпті қажет деп санаса, басқа да құжаттарды талап етуге құқылы болады.
Бала асырап алудың тағы қиындығын айтсақ, ол асырап алынған балаға қатысты бақылау жүргізіледі. Оны тәрбилеу барысында қателіктер жіберілуі мүмкін, ондай жағдайды алатын болсақ, қорғаншылық органдарының, прокурордың, баланың бастапқы заңды өкілдерінің немесе жасы 14-ке жетсе өзінің бастамасымен бала асырап алудың күшін жоюды соттан сұрай алады.
Қиындықтарын қорытындыласақ, бұл жерде ең үлкен қиындығы - процестің ұзақтығы және күрделігі. Себебі, бұндай істерде айырықша жағдайлар өте көп, сонымен мүдделі тұлғалардың да саны көп болуы мүмкін. Әр күрделі фактор уақытты ұзарта береді.
IV. Сот практикасы.
Сот практикасын алатын болсақ баланы асырап алу туралы өтініштерді сот жабық түрде қарастырады, айта кеткендей. Сондықтан нақты баланы асырап алу туралы өтінішхатты қанағаттандыру туралы сот шешімдері ашық түрде жоқ. Бірақ бала асырап алу институтымен байланысты сот шешімдері бар. Мыслаы: бала асырап алудың күшін жою ҚР НОТК 13-тармағымен реттеледі.
Бұл істе кәмелетке толған азамат(бала) және бұрын оны асырап алған өгей әкесі орын алады. Баланың айтуынша оны асырап алған кезде, ол өзінің әрекеттерін толықтай түсінген жоқ, және де өзінің туған әкесімен әрқашан да араласып, қарым қатынаста екенін сотқа мәлімдеді, және өгей әкесі жасаған бала асырап алудың күшін жоюды талап етті.
Негізі, бала кәмелет жасқа толғанда оған қатысты бала асырап алудың күшін жоюға жол берілмейді, алайда оның айырықша жағдайы: егер асырап алушының да, баланың келісімі болғанда жол беріледі. Бұл жағдай НОТК 110-бабымен реттеледі. Сот баланың талабын қанағаттандырды.
Осы жерде тағы бір құқықтық қорғансыздықты байқауға болады. Асырап алушы әрине баламен жеке қарым қатынасты бұзбау үшін келісуі мүмкін. Бұл да бір қысым көрсету десек болады. Асырап алушының құқығы осы жағдайда дұрыс қорғалмаған деп ойлаймыз. Бұл мәселеге өз идеямызды қосатын болсақ, ҚР НОТК 110-бабының мазмұнын өзгертер едік. Асырап алушы мен асырап алынған баланың келісімі бала асырап алу күшін жоюға жеткіліксіз сияқты. Мазмұнын өзгертіп, сотқа бұны өз қарауына шешуге тапсырар едік. Мысалы: сот араларындағы жеке қатынастарды ескере отырып, шешім шығарыды дегендей.
Р Е Ш Е Н И Е
ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
15 декабря 2020 года Дело № 4711-20-00-2/4416 город Актау
Суд №2 города Актау Мангистауской области в составе: председательствующей судьи Рыскалиевой К. Ж. при секретаре судебного заседания Батыровой А. рассмотрел в открытом судебном заседании с применением видеоконференцсвязи гражданское дело:
ИСТЕЦ: Фейзуллаев Дмитрий Эмильевич
ОТВЕТЧИКИ: Фейзуллаев Эмиль Аликперович Фейзуллаева Марина Валерьевна Седов Юрий Анатольевич
ТРЕБОВАНИЯ ИСКА: об отмене усыновления
В СУДЕ УЧАСТВОВАЛИ: Представитель истца Кузнецов Ю. А., ответчик Седов Ю. А.
ОПИСАТЕЛЬНАЯ ЧАСТЬ:
Фейзуллаева М. В. и Седов Ю. А. являются биологическими родителями заявителя, в браке которых 16 августа 1995 года родился заявитель, брак расторгнут в 2003 году. Решением суда №2 города Актау от 05 августа 2008 года заявитель усыновлен Фейзуллаевым Э. А., на основании которого внесены изменения в актовую запись о рождении Седова Дмитрия Юрьевича, с изменением фамилии- Фейзуллаев, отчество-Эмильевич, отец-Фейзуллаев Эмиль Аликперович. Истец обратился в суд с иском об отмене усыновления, поскольку будучи несовершеннолетним не осозновал действия родителей, желает носит фамилию биологического отца, с которым поддерживает отношения. Представитель истца Кузнецов Ю. А. поддержал исковые требования, просил иск удовлетворить. Ответчик Седов Ю. А. иск признал, пояснив суду, что согласие на усыновление дал по просьбе бывшей супруги, всегда поддерживал отношения с детьми и принимал участие в их содержании, просил иск удовлетворить. Ответчики Фейзуллаева М. В., Фейзуллаев Э. А. на судебное заседание не явились, предоставив заявление о рассмотрении дела без участия.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz