Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан тарихы (Қазіргі әлемдегі Қазақстан)
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Социологиялық зерттеулер

Тақырыпша: " Қазақстандағы туризімді дамыту мүмкіншілігі мен потенциалы."

Орындаған: Қылыш Ескендір Ерланұлы
(аты-жөні, қолы)

Жетекші: Мухтарулы Габит
(аты-жөні, қолы)

Ішкі модератор Ибраева А.Т
(аты-жөні, қолы)

Қарағанды қаласы, 2023
КІРІСПЕ

Өзектілігі: Туризм әлемдегі әрбір елдің қарқын дамытып жатқан, қызмет көрсетудің басты түрі. Ол әлемдік экспорттың 7 пайызын және қызмет көрсетудің 30 пайызын құрайды.[1] Туризмнің дамуы бұрыннан қалыптасқан тенденция болғандықтан, Қазақстан үшін де бұл бағытты қолдау өте маңызды. Мәселен, жылдан жылға әлемде ресурстар саны азаюда және экономиканы қалыпты деңгейде немесе оны одан әрі дамытуда туризм басты рөл ойнайтыны анық. Сонымен қатар, туризм басқа 32 салаға әсер етеді, мысалы: турфирмалар, көлік түрлері, санаториялар, саябақтар.[2] Содан туризмді дамыту кезінде бірнеше бағыт бірдей дамығандықтан, ол өте қолайлы.
Қазақстан туризмді кеш дамыта бастағандықтан, еліміз туризм дамыту рейтингі бойынша 81 орында, бұл салыстырмалы түрде көптеген Еуразия елдерінен артта екендігін дәлелдейді.[3] Оған қарамастан, Қазақстанның туризмің дамытуда барлық жолдар мен мүмкіндіктер бар, оны дамытқан кезде елдің экономикасының даму үлесі артады. Алайда, дамыту үшін көптеген қаражат қажет етіледі, шетелдік инвесторлардың болуы да Қазақстан үшін өте қолайлы. Осы себептерге байланысты, Қазақстандық туризмді дамыту, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан көптеген мүмкіншіліктер бере отырып, қосымша табыс көзі ретінде қолданыла алады.

Жұмыс мақсаты: Қазіргі уақытта Қазақстандағы туризмнің даму деңгейіне баға бере отырып, даму потенциалын анық көрсету.

Жұмыс міндеттері:

Қазақстандағы және басқа елдердегі туризмді дамыту байланысты ресурстар туралы әдебиеттерді шолып, салыстырмалы жұмыс жүргізу.
Туризм саласындағы жұмыскерлерден сауалнама алу және зерттеу арқылы туризмді дамыту жолдарын көрсету және анықтау.
Қазақстандық туризм бағытындағы дамытудағы кедергілер мен мәселелерінің шешу жолдарын ұсыну.
Қазақстандық туризмнің басты бағыттарын анықтау, оның потенциалын айқындау.

Зерттеу сұрақтары:

Туризм бағытындағы жұмыскерлер Қазақстандық туризмнің болашағын қалай көреді?
Қазақстандағы туризмің дамытуында қандай ең тез және оңай жолы бар?
Туризмді дамыту үшін қанша қаражат бөлінуі тиіс?
Қай бағытта және қай аймақтарда туризмді ең көп дамыту керек?
Қандай туризм бағыты ең көп туристтерді қызықтырады?

Тандау себебі: Туризмді дамыту - экономиканың дамуына, содан Қазақстанның көркеюіне және барлық әлемге өз табиғатымен танымал болуға кепіл. Үкімет тарапынан реформалардың жетіспеушілігі және қазақстандықтардың бұл экономика секторын дамытуда қызығушылығы төмен болғандықтан, туризмді дамытудың маңызын көрсету мен(қазақстандық) үшін борыш ретінде саналады. Сонымен қатар, туризм бағытында жұмыс істеп көргендіктен, өз тарапымнан қажетті де маңызды ақпарат бере отырып, өз тәжірибемді айқындай алу мүмкіндігін ұсынамын. Туризмнің дамуы тек мен үшін ғана емес, барлық қазақ баласына жағымды(экономикалық, әлеуметтік) ықпал тигізеді.

Әдебиетке шолу:

Қазақстан Республикасының Премьер Министрі А.Маминнің - Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
Бұл құжатта Қазақстанға мындай мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттары мен міндеттері, бағыттары мен тетіктері баяндалған:
Қазақстанда туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
ЖІӨ-де және халықты жұмыспен қамтуда туризм үлесін ұлғайту;
Туризмге ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту;
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету;
Қазақстан өңірлеріне туристер ағынын ұлғайту.
Сонымен қатар, құжатта туристік аймақтарды құру, маршруттар мен көрікті жерлерді дамыту, туристік қызметтердің сапасын жақсарту және осы саладағы жұмысшылардың біліктілігін арттыру сияқты нақты шаралар көрсетілген.

Тажиденова Рафигат Ануарбековнаның Атырау облысының Исатай ауданында туризмді дамыту болашағы зерттеу жұмысы.
Бұл құжат Атырау қаласының мысалында Қазақстанның туристік индустриясын зерттеу болып табылады. Зерттеу авторы аймақтағы туризмнің жағдайы мен даму әлеуетін, туристік қызметтерге сұраныс пен сұраныстың ерекшеліктерін, сондай-ақ туристік компаниялардың алдында тұрған мәселелерді талдайды. Жұмыста Атыраудағы туристік белсенділік туралы статистикалық деректер келтірілген, мәдени, спорттық, экологиялық және т.б. сияқты туризмнің негізгі түрлері сипатталған. Зерттеу авторы Атыраудада туристік нысандардың жеткіліксіз саны, туристік қызметтердің жоғары құны және сервистің сапасыздығы сияқты туризмнің дамуына кедергі келтіретін проблемаларға назар аударады. Қорытындылай келе, автор аймақта туризмді белсенді дамыту, туристік нысандар санын көбейту және қызмет көрсету сапасын арттыру қажет деген қорытынды жасайды. Ол инвестицияларды тарту, жаңа туристік маршруттар мен іс-шараларды құру, инфрақұрылым мен қызметті жақсарту сияқты туризмді дамытатын бірқатар шараларды ұсынады.

Болжам: Қазақстандық туризмнің даму бағыты болжанып, толық потенциал көрсетіліп, әрі қарай даму үшін мәселелердің шешу жолдары анықталады. Қазақстандағы басты туристтік бағыттар мен олардың әрбір жылдық туристтерді күтіп алу сандық потенциалы көрсетіледі. Туризмге кері әсер тигізген факторлар аталып, олардың сапалы шеші жолдары ұсынылады. Басқа елдердің тәжірибесі көрсетіліп, қазақстандық сигментке алып келетін оңтайлы ерекшеліктері қолданылады.

Негізгі бөлім

Қазақстанның туристік нысан ретінде тартымдылығы

Бірегей табиғи ресурстарға және көшпелі халықтың төл мәдениетіне ие Қазақстанның халықаралық және өңірлік нарықтарда туризмді дамыту үшін пайдаланылмаған орасан зор әлеуеті бар. Рекреациялық ресурстар мен тарихи-мәдени мұралардың туристік әлеуеті Қазақстанға халықаралық туристік нарыққа үйлесімді интеграциялануға және елдегі туризмнің қарқынды дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысының тұрақты өсуін, туризммен байланысты салалардың дамуын ынталандыруды және ұлттық экономикаға инвестиция ағынының ұлғаюын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы туризм саласы мемлекеттік деңгейде экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылған. Статистикалық және эмпирикалық мәліметтерді талдау қазақстандық туристік өнімге қызығушылықтың артып келе жатқанын және туристер санының өсуі мен өткізу нарықтарының кеңеюінің қолайлы үрдістерін көрсетеді. Республика бизнесмендер, спортшылар, ғалымдар, экстремалды демалыс әуесқойлары үшін, сондай-ақ Ұлы Жібек жолында орналасқан елдердің тарихы мен бүгініне қызығушылық танытатын адамдар үшін тартымды бола түсуде. Қазақстанның туристік бағыттары әлемдік туристік нарықта әлі кеңінен көрсетілмеген, бірақ бірегей табиғи ресурстары мен мәдени-тарихи мұралары бар еліміздің әлемдік туризмде лайықты орын алу мүмкіндігі бар. ЮНЕСКО-ның 1121 дүниежүзілік мұра нысандарының бесеуі Қазақстанда, оның үшеуі мәдени мұра нысандары, екеуі табиғи мұра нысандары. Мәдени нысандар: - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі; - Тамғала археологиялық ландшафтындағы петроглифтер; - Жібек жолдары: Чанъань-Тяньшань дәлізі желісі Табиғи объектілер (трансшекаралық меншік); - Солтүстік Қазақстанның Сарыарқа даласы мен көлдері; - Батыс Тянь-Шань.[4]

Жағымды өзгерістер мен мемлекет тарапынан инвестиция

Қазақстандағы туризм әзірге жоғары табысты сала емес және тартымды инвестициялық бағыт емес. Елдің ЖІӨ-де туристік қызмет небәрі 1% құрайды.[5] Осыған қарамастан, қазірдің өзінде туризм саласында оң өзгерістер бар. Тек соңғы жылдың өзінде түрлі туристік компаниялар көрсететін қызметтердің көлемі 17%-ға, келу туризміне келушілер ағыны 14%-ға, ал шетел азаматтарының Қазақстанға сапарына шығыстары 5,6%-ға артты.[6]
Соңғы жылдары Түркістан өңіріне назар аударылып, үлкен қаражат бөлінген. Солай, Түркістан туризмін дамытуына 2021 жылы 156,4 миллион теңге, ал 2022 жылы 293,9 миллион теңге бөлінді. Биылғы жылға бөлінген ақшалай қаражат туристік іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметтер мен жұмыстарға көзделген:

Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау бойынша халықаралық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (Ясауи кесенесі).
Түркітілдес елдердің жұлдыздарының қатысуымен "додасы туризмі" туристік реалити-бағдарламасы.
"Ауыл Travel" және "Аманат"туристік бағдарламасы.
Еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен Open Air туристік іс-шаралары.
"Дубай Экспо - 2020" халықаралық туристік көрмесінде өңірдің туристік әлеуетін таныстыру.
"ИННОПРОМ" халықаралық көрмесінде өңір қолөнершілерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.
Фотоспот орнату қызметтері.
KITF 2022 халықаралық туристік көрмесіне қатысу.
Туристік ақпараттық турларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.
Түркістан облысының туристік индустриясын цифрландыруды жүзеге асыру жөніндегі қызметтер (Қазақстан Республикасында туристік индустрияны цифрландыруды жүзеге асыру әдіснамасы негізінде).
Туристік-рекреациялық аймақтың ашылуын ұйымдастыру және тарату материалдарын әзірлеу бойынша қызметтер (туристік журнал, турист анықтамалығы, логотипі бар футболкалар мен қалпақшалар, туристік кәдесыйлар).[7]

Дамыту жоспарлары мен басым бағыттар

Белсенді дамуы Қазақстанның TouriCM индустриясын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бекітілген басым бағыттар:
Жылына 2,5 миллион турист әлеуеті бар Алматы облысы;
Жылына 2 миллион турист келетін Алакөл көлі;
Щучинск-Бурабай курорттық аймағы жылына 2 миллион турист келу мүмкіндігіне ие;
Түркістан қаласында жылына 1,5 миллион турист әлеуеті бар тарихи-мәдени туризмді дамыту;
Нұр-Сұлтан қаласында жылына 1 миллион турист әлеуеті бар кездесулер, жарнамалық акциялар, конференциялар мен көрмелер (MICE) туризмін дамыту;
Жылына 750 000 турист әлеуеті бар Маңғыстау жағажай туризмі;[8]

2019 жылы 6,3 миллион келушілерге қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындары қызмет көрсетсе, 1,2 миллион адамға курорттық аймақтар қызмет көрсетті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3592-ге жетті, оның 2095 бірлігі қонақүйлер, 1497-і басқа орналастыру орындары; 250 қонақүйдің жұлдыз санаты бар, ең үлкен үлесі 3 және 4 жұлдызды қонақ үйлер. Қонақ үй нысандарының 12%-ын 5 жұлдызды қонақ үйлер, 5%-ын 1 жұлдызды қонақ үйлер құрайды.[9] Қызмет көрсету процесінде бұл компаниялар олардың қызметінің тиімділігіне тікелей әсер ететін бірқатар ішкі және сыртқы проблемалармен бетпе-бет келеді және оларды уақытында және сауатты түрде шешпесе, саланың одан әрі дамуы қиындық туғызады. Сала сарапшыларының пікірінше, туризм секторының дамуына проблемалардың екі тобы көп әсер етеді: инфрақұрылым, қызмет көрсету сапасы және персонал. Мамандардың айтуынша, туристік қызмет көрсететін қызмет сапасының төмендігі саладағы екінші маңызды мәселе. Сондай-ақ, қазіргі уақытта, сарапшылардың пікірінше, туризм индустриясы білікті кадрлардың жетіспеушілігін сезінуде.[10]

Қазақстандық туризмге SWOT АНАЛИЗ:

S - мықты жақтары:
1) Табиғаттың алуантүрлілігі, бай тарих пен көшпелі мәдениетке ие болғандықтан, туризмнің дамыту потенциалы жоғары болуы.
2) Кез келген деңгейдегі туристерді тарта алатын таулар, көлдер және каньондар тәрізді көптеген табиғи көрікті жерлердің бар болуы.
3) Қонақ үйлер, мейрамханалар, көлік және басқа да қызмет түрлері сияқты туристік инфрақұрылымға инвестициялар ұлғайту.
4) Алматы облысында және Қазақстанның басқа өңірлерінде дамып келе жатқан тау шаңғысы курорттары.
5) Халықаралық туристік компаниялардың және басқа елдердің үкіметтерінің назарын аудару және инвестициялау.
W - әлсіз жақтары:
1)Туризм саласындағы білікті кадрлардың жеткіліксіз саны.
2)Жарнамалық және маркетингтік кампаниялардың жеткіліксіз саны, бұл Қазақстанды туристік бағыт ретінде хабардар етудің шектелуіне алып келеді.
3)Қазақстанның шалғай аудандарында тұруға және басқа да қызметтерге арналған орындардың қолжетімділігі шектеулі.
4)Халықаралық деңгейде Қазақстанның туристік көрікті жерлері туралы ақпараттың жеткіліксіз саны.
5)Елдің кейбір аймақтарында инфрақұрылым жеткіліксіз дамыған.
O - мүмкіндіктері:
1)Туристік компаниялар мен туристік операторлардың көбеюі туристік қызметтердің кеңеюіне әкелуі мүмкін.
2)Көлік инфрақұрылымын жақсарту, соның ішінде жаңа маршруттар құру және туристерге қол жетімді ету үшін қолданыстағы маршруттарды жаңарту.
3)Қазақстанды халықаралық деңгейде туристік бағыт ретінде ілгерілету.
4)Халықаралық туристердің талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қонақүйлерде, мейрамханаларда және басқа қызметтерде қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыру.
5)Әр түрлі елдерден және әр түрлі мүдделерден туристерді тарта алатын жаңа туристік маршруттар мен пакеттер құру.
T - қауіп-қатерлері:
1)Саяси және экономикалық дағдарыстардың Қазақстандағы туризмге кері әсері.
2)Ауа-райының күрт өзгеруі таулы аймақтардағы туризмге теріс әсер етуі мүмкін.
3)Әр түрлі қызметтерді ұсына алатын басқа туристік бағыттардың бәсекелестігі.
4)Қазақстандағы туристік қызметтердің құнын арттыруы мүмкін салықтар мен баждарды ұлғайтуы.
5)Туристер санының көбеюінен және Үкіметтің бақылауының жеткіліксіздігінен туындаған табиғи ортаға теріс әсер.

Кәсіпкерлердің ойлары

Қазақстан 2013 жылы туристік индустрия өнімінің өзегі ретінде әсер қалдырудың жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Жаңа ашу және зерттеу хабары туристерге бірегей тұтынушылық құндылықты ұсынады: Қазақстанды таңдаңыз, өйткені тек осы жерден алуан түрлі этностарды, діндерді, мәдениет пен тілдерді, тағамдарды, табиғат пен климатты, тарихи және киелі жерлерді тауып, қайталанбас әсер аласыз ( тәжірибе).[11] Жаңа өнім қонақжайлылықтың ұлттық үлгісін дамытуға негізделген.
Kazakh Tourism ұлттық компаниясының мәліметі бойынша, елімізге келген туристердің 65,6 пайызы ерекше қонақжайлылықты, 81 пайызы қызықты тарих пен өзіндік мәдениетті, 66 пайызы шытырман оқиғалы, 53 пайызы тау туризмін атап өткен.[12]
Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Р.Р.Шайкенованың айтуынша, соңғы 5-10 жыл ішінде сала айтарлықтай күрделі өзгерістерге ұшырады: Бұл қайта іске қосылу кезеңін біз түп-тамырына оралу деп атадық, өйткені табиғатқа мәдениетпен бірге қызмет ету керек. Көшпелі мәдениетіміз бен түркі өркениеті туристер үшін өте қызықты.[13]
Туристік Қамқор корпоративтік қорының төрағасы, Саят туристік компаниясының иесі және негізін қалаушы Рей И.Ю., бүгінгі таңда туристік бизнес ішкі туризмді дамыту үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет екенін атап өтті.[14]

Басқа мемлекеттердің тәжірибесі

Әлемдегі көптеген елдер туризмді дамытуда үлкен жетістіктерге жетті. Мысалы, Тайланд, Малайзия, Түркия, Испания және басқалары. Олар туризмді дамытудың бірегей стратегиялары мен әдістерін әзірледі. Туризмді дамытудағы табыстың негізгі факторларының бірі-туристік өнімдер мен қызметтердің бірегейлігі мен әртүрлілігі. Кейбір елдер туризмді табиғи сұлулығына қарай дамытады, мысалы, Швейцария, Норвегия, Жаңа Зеландия және т.б. Италия, Франция, Испания сияқты басқа елдер мәдени және тарихи мұраларға назар аударады. Сонымен қатар, дамыған инфрақұрылымның, сапалы сервистің және туристік өнімдерді халықаралық деңгейде ілгерілетудің болуы маңызды. Сондай-ақ, шетелдік туристерді тартып қана қоймай, жергілікті тұрғындар үшін демалыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Туристік саланы дамыту перспективалары
Туристік ресурстарды дамыту
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Инновация және туризм
Туризмді дамыту саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының заманауи жағдайы
ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
Әлемдегі туризм инвестициясы
Пәндер