Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі қызметтері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің құрылу тарихы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Бюджетке түсетін салықтық түсімдердегі Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .16
Дербес тапсырма: Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік Кірістер департаменті бойынша корпоративтік табыс салығының түсу жағдайына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
СҒЗЖ тапсырмасы: Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын салу әдістерінің кәсіпкерлік субъект мүдделеріне әсері ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе
Мен практика базасы ретінде Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментін таңдадым. Өндірістік практикадан өту барысында:
1. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің құрылу тарихы мен құрылымымен таныстым;
2. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі қызметтерін қарап талдау жасадым.
3. Дербес тапсырмада Қазақстан Республикасының салық жүйесін зерделеп зерттеу жүргіздім.
4. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы бюджетке түсетін салықтардың түрлеріне ғылыми зерттеу жасап қорытынды шығардым.
Жұмысты орындау кезінде келесі зерттеу әдістері қолданылды: салыстыру, математикалық талдау.
Есеп беру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, тұжырымдар мен ұсыныстардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Өндірістік практиканың мақсаты Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің салық саясатының бағыттарын зерделеу, жетілдіру болып табылады.
Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:
-Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасын талдау, құрылымын қарау, салық департаментінің қызметін бағалау;
- Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіндегі салық басқармаларының негізгі бағыттарын қарастыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджетке берілді.
Содан бері экономикалық белсенділік төмендегеніне қарамастан, жергілікті бюджеттердің түсімі жоспардағыдан 25 пайызға артық түсе бастады.
Бұл әкімдердің жергілікті бизнесті дамытып, инвестициялар мен салықтық базаны көбейтуге қызығушылық артқанын білдіреді.
Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.
Жаппай цифрландыру үдерісі интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамтудың жаңа үлгісін алып келді. Такси жүргізушілері, курьерлер және басқалар - осының жарқын мысалы.
Бұл сала әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамту және салық салу тұрғысынан мемлекеттің қолғабыс етуіне мұқтаж болып отыр.
Бұдан былай ең төменгі жалақыны салықтық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде орынсыз пайдалануды қою керек деп атап өтті.
1 Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің құрылу тарихы мен құрылымы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органы болып табылады (бұдан әрі - Салық, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу, аудару, этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді қоспағанда) мемлекеттік реттеу және бақылау жөніндегі функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін қоспағанда), салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, шығаруға және кедендік рәсімдерге сәйкес пайдалануға, кедендік бақылауды жүргізуге байланысты қатынастарды Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу;, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның жүргізуіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды анықтау және қарау бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Салықтық тексеруді Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындау органдары жүзеге асырады. Салықтық тексеру салық төлеушінің қызметін мемлекеттің бақылауының негізгі тәсілі болып табылады. Барлық салық төлеушілер ешқандай ерекшеліктерсіз салықтық тексеруге жатады.
Салық кодексінде салық қызметі органдарының салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын есептеуі немесе қайта қарауы мүмкін екендігі нақты белгіленген.
Салық кодексінде салықтық тексерулердің түрлері қатаң анықталған, оларға мыналар жатады:
1. құжаттық тексерулер
2. рейдтік тексерулер
3. уақытын белгілеп тексеру
Салықтық тексерулер есептік деректердің дұрыстығын анықтау, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуін, толықтығы мен уақтылы төленуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Тақырыптық тексеру-салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрі бойынша салық міндеттемесінің орындалуын тексеру , ол жарты жылда бір реттен жиі емес сол салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жүзеге асырылады.
Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Департамент, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.
Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Штат санының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Департаменттің заңды мекенжайы: пошта индексі 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 27.
Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті"республикалық мемлекеттік мекемесі. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Департаменттің міндеттері:
1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
2) салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының салық, кеден саясатын іске асыру;
4) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
5) Өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адамның өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай - ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы мемлекеттер валютасының өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру кезінде Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс - қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз - бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері;
6) Өз құзыреті шегінде халықаралық актілердің, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
7) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
8) кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдайлар жасау;
9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету болып табылады;
10) кедендік операцияларды жасау және өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік бақылау жүргізу;
11) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
12) трансферттік бағаларды қолдану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
14) әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету болып табылады;
15) оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда) жүргізілуін мемлекеттік бақылау);
16) зертханалық сараптаманы қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу;
Департаменттің Функциялары:
1) салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының толық, уақтылы түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасының Салық және кеден заңнамасында және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану болып табылады;
3) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
4) Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды және Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік бақылауды (оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін) жүзеге асыру жатады;
8) салықтық және кедендік әкімшілендірудің бизнес-процестерін жаңғыртуға және қайта инжинирингке қатысу;
9) кеден ісі саласында келіп түсетін сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарауды және ұсынуды немесе өзге де іс-әрекеттерді жасауды қамтамасыз ету болып табылады;
10) кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
11) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
12) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
13) Ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау құралдарын пайдалану;
14) тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
15) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексерулерді, Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тәртіппен кедендік тексерулерді, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
17) кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын өндіріп алу, оларды есептеудің дұрыстығын және уақтылы төлеуді, есепке жатқызуды (қайтаруды) бақылау және оларды мәжбүрлеп өндіріп алу жөнінде шаралар қолдану;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты интернет-ресурста орналастыру.
Салық органдарындағы жұмыс кәсіби дайындықты талап етеді. Бүгінгі таңда салық органдарында жұмыс істейтіндерге қиын уақытта - жаңа заңнамалық және нормативтік базаның өзгеруі мен қалыптасу кезеңінде жұмыс істеуге тура келді. Осыған байланысты Салық кодексін әзірлеу және қабылдау салықтық әкімшілендіруді жақсартуға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де, салық төлеушілердің де мүдделерін ескере отырып, экономикалық өсуді ынталандыруға мүмкіндік беретін маңызды кезең болды.
Ағымдағы жылы өндірістің өсуі, елдің экономикалық саясатын іске асыру бюджетке түсетін түсімдерге оң әсерін тигізді. Бүгінде өткен жылдардағыдан екі есе көп Мемлекеттік кіріс жиналады. Бұл көптеген әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге, сондай-ақ бюджет қаражатының бір бөлігін экономиканың нақты секторын дамытуға, Ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті көтеруге, туған өлкені абаттандыруға бағыттауға мүмкіндік береді.
Ескертпе - Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтынан алынды: https:shymkent.kgd.gov.kzrucont entnalogovyy-kodeks-2018-g-18-4
Сурет 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымы
Департаменттің қызметін ұйымдастыру:
Департаментке басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Департамент басшысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, жұмыскерлерінің, Департаменттің аумақтық органдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департаменттің штат санының лимиті шегінде Департаменттің штат кестесін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
- Департамент қызметкерлерінің;
- аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары;
- кеден бекеттерінің басшылары мен олардың орынбасарлары;
-кедендік ресімдеу орталығы кеден бекеттері - басқармалары басшыларының;
- аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар және арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының орынбасарлары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;
5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының орынбасарларын, Департамент қызметкерлерін, Департаменттің аумақтық органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;
8) Комитетке берілетін ақпараттың дұрыстығына дербес жауапты болады;
9) Өз құзыреті шегінде Департаменттің актілеріне қол қояды;
10) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда департаменттің атынан өкілдік етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Департаменттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Оңтүстік" Мемлекеттік кірістер басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
Келесі бөлімде Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі қызметтерін қарастырамыз.
2 Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі қызметтері
Талдау және тәуекелдер басқармасы. Тәуекелдерді басқару-бұл әртүрлі себептер бойынша қате шешімдер қабылдаған кезде ұйымның нәтижелеріне ықтимал теріс әсерді азайтудың стратегиялары, әдістері мен әдістерінің жүйесі.
Заң басқармасы. Заң басқармасы - құжаттарды ресімдеу заңдылығын сақтаумен, экономикалық қатынастарды реттеумен, шарттар жасасумен, талаптар қоюмен, құқықтық құжаттар жасаумен, талап-арыздар берумен айналысатын кәсіпорынның немесе ұйымның бөлімшесі.
Адам ресурстары басқармасы. Адами ресурстардың сапасын басқару-бұл адами ресурстардың сапасын дамыту, қалыптастыру, бағалау, қолдау және жетілдірудің өзара байланысты құрылымдары мен ішкі жүйелерін қамтитын күрделі жүйе.
Ұйымдастыру-қаржы басқармасы. Қаржыны басқару тарихи, экономикалық және саяси жағдайларға байланысты қалыптасқан қатынастар жүйесі арқылы жүзеге асырылады және мемлекеттің қаржылық саясатына бағынады.
Ақпараттық технологиялар басқармасы. Басқарудың ақпараттық технологиялары-бұл бағдарламалық жасақтама мен компьютерлік және телекоммуникациялық құралдар негізінде басқару мәселелерін шешу үшін ақпарат пен білімді іздеу, жинау, өңдеу, сақтау, беру және қорғау әдістері мен құралдарының жиынтығы.
Экспорттық бақылау басқармасы. Экспорттық бақылау-экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін, экспорт, кері экспорт, импорт, кері импорт, транзит немесе өнімді Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу тәртібін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экспорттық бақылау саласындағы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы.
Аудит басқармасы. Аудит-бұл тексеру емес, негізгі мақсаты қателерді одан әрі жою мүмкіндігімен анықтау болып табылады.
Камералдық мониторинг басқармасы. Cалық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Өндірістік емес төлемдер басқармасы. Өндірістік емес төлемдер-бұл мемлекет пен басқа субъектілер арасында мемлекет тарапынан жасалған іс-әрекеттер үшін алған пайдалылығына (пайдасына) немесе қатынастарға қатысушылардың теріс салдарларына (ысыраптарына, залалдарына) әкеп соққан бұзушылықтарға барабар ақшалай сомаларды мемлекеттік бюджетке төлеуге байланысты туындайтын қаржылық қатынастар.
Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы.
Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі қосылған құн салығы мен акциздің толық және уақтылы түсуін, Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысуды және бөлімге бекітілген міндеттер шегінде осы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Ескертпе - Егемен Қазақстан газетінің сайтынан алынған, https:egemen.kz
Сурет 2. ҚҚС мөлшерлемесі
Берешектермен жұмыс басқармасы. Қарыздармен жұмыс жөніндегі басқарма салық органдарының мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының кешенін, сондай-ақ жобалау жұмыстарын қолдануы арқылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етеді.
Түсіндіру жұмыс басқармасы.
Түсіндіру жұмысы басқармасы өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті.
Тарифтік реттеу басқармасы. Тарифтік реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері бойынша Қазақстанға әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде әкелуді және өткізуді реттеу тәртібін көздейді.
Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы. Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасы тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және өз құзыреті шегінде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Кедендік әкімшілендіру басқармасы. Кеден органдарының қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес дербес басқару субъектісі ретіндегі қызметі дәл осы сыртқы экономикалық қызметті тарифтік-тарифтік емес реттеудің ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де іс-қимылдары мен шараларының кешенін іс жүзінде іске асыру кезеңінде жүзеге асырылады.
Кесте 1 - Шымкент қаласы бойынша МКД әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тізімі
Шымкент қаласы бойынша МКД әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тізімі
АЖТ
Қызметі
1
Басқарма
Қарымсақов Бейбіт Еркинбайұлы
Басшы
Кулимбетов Нурпеис Тансыкбаевич
Басшы орынбасары
Турысов Ерлан Алимкулович
Басшы орынбасары
Жамалбеков Берик Жапарович
Басшы орынбасары
2
Талдау және тәуекелдер басқармасы Управление анализа и рисков
3
Заң басқармасыЮридическое управление
4
Адам ресурстары басқармасыУправление человеческих ресурсов
5
Ұйымдастыру-қаржы басқармасы Организационно-финансовое управление - 7
6
Ақпараттық технологиялар басқармасы Управление информационных технологий
7
Экспорттық бақылау басқармасыУправление экспортного контроля
8
Аудит басқармасы Управление аудита
9
Камералдық мониторинг басқармасы Управление камерального мониторинга
10
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы Управление государственных услуг
11
Өндірістік емес төлемдер басқармасыУправление непроизводственных платежей
1-кестенің жалғасы
12
Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы Управление администрирования косвенных налогов
13
Берешектермен жұмыс басқармасыУправление по работе с задолженностью
14
Түсіндіру жұмыс басқармасыУправление разъяснительной работы
15
Тарифтік реттеу басқармасыУправление тарифного регулирования
16
Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасыУправление таможенного контроля после выпуска товаров
17
Кедендік әкімшілендіру басқармасы Управление таможенного администрирования

1-кестеде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері көрсетілген. Кестеге сәйкес Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қарымсақов Бейбіт Еркинбайұлы және орынбасарлары Кулимбетов Нурпеис Тансыкбаевич, Турысов Ерлан Алимкулович, Жамалбеков Берик Жапарович. Одан әрі қарайғы тізімде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты басқармалар қызметкерлері.
Келесі бөлімде Қазақстан Республикасының салық жүйесін талдайтын боламыз.
3 Дербес тапсырма: Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 - бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz