Дін мәдениет құбылысы ретінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Діни мәдениеттің теориялық аспектілері
1.1 Дін мәдениет құбылысы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Дін - тәлім - тәрбие бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2. Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздері
2.1 Имандылық діни мәдениеттің негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Оқушыларда дінтану пәні арқылы толерантты қабілеттерін
қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Имандылық- ізгілік негізі тәрбие сағаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Ұрпағын тек деп өсірген ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға мәлім. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, кемшіліктің қайдан екенін түсінуге болады. Кезінде жазуды білмейтін, хат танымайтын халық небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазыларды тәрбиелеп өсірді. Бірақ қазір ұры, алыпсатар, маскүнем, нашақор, алаяқтарды көбейтіп алып, күйені заманның кезеңіне жаққымыз келеді. Бұл жерде өзгерген тәрбие ағымына назар аудармаймыз. Сондықтан уақыттың өткенін емес, ақылдықтың кеткенін, жойылған тұсын іздестіргеніміз жөн сияқты.
Дін негізінен адамды рухани жағынан, яғни әдеп, иба, ынсап, қанағат, мейірім, шапағат, жанашырлық, бауырмалдық, адалдық, ізгілік тәрізді Жан тазалығына тәрбиелеу мектебісынды. Біздің ата-бабамыз талабына, икеміне қарай ұрпағына дұрыс бағыт-бағдар беріп отырған. Ендеше тәрбие үрдісінде біз имандылық тәрбиесіне баса назар аударуымыз керек.
Ислам діні-біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып, тәртіпті, тәрбиелі-ел боп өмір сүруімізге көп қызмет еткен дін. Діннің арқысында мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған, - деп діннің тәрбиелік мәнін ғалым, профессор Мұхтар Арын айқын көрсеткен.
Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: ... халық Алласына, Тәңіріне сеніп, ертеңгі күнін ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниеде мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе, - деген екен. Олай болса мен өз жұмысымда діннің адамгершілік қасиеттерді, салауаттылықты қалыптастыруға қатысты салаларын қарастырып, оны өзім сияқты жастарға уағыздауды жөн көрдім.
ХХІ ғасырға аяқ басқан мына аласапыран заманда әлемдік деңгейде өтіп жатқан ғаламдастыру сияқты қатпары әрі астары тұңғиық терең түрлі процесстерге төтеп беріп, ұлттық сана мен болмысты сақтап қалу үшін жеке этносқа алдымен өз дініне беріктік керек. Өйткені діннің ұлт болашағы - жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде атқарар міндеті айрықша.
Болашақтан үміт көріп отырған әрбір адам міндетті түрде тал бесіктен бастап ата-бабамыз ұстанған Ислам діннің тәлім-тәрбиесін ұрпағының санасына құя білген ләзім. Ал, бүгінгі күні, өкінішке орай, бала тәрбиесіндегі рухани сұраныстар назардан тыс қалып, басты мақсат Тамағы тоқтық пен көйлегі көктік деңгейіне жеткізу ғана болып отыр.
Дін - тәрбие құралы, көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Сол мектептен нәр алмағандар көп жақсылықтан құр қалары даусыз. Өз дінінің қадір - қасиетін сезбеген, елінің тарихына бейхабар жанның ұлт мүддесіне жаны ашымасы белгілі. Оның кейбір көріністерін күнделікті өмірімізде көріп те жүрміз. Әлемдегі әйгілі ұлы тұлғалар аса сүйіспеншілікпен Ислам туралы көп пікір айтқан. Олардың бәрі Исламның экстремистік - террористік ағым емес, адамзат өркениетінің бөлінбес бір бөлігі, адамгершілікке негізделген ғажайып пәк қоғам, ғылым - білімнің қайнар көзі ретінде қарастырады. Ал біз, өзгелер ұлықтап жатқан өз дініміздің қағидаларын оқып білуге, тереңірек тануға енжарлық танытып жатамыз.
Мен өз жұмысымда осы олқылықтың орнын толтыруға, дін қағидаларын, оның өмірлік мәнін тереңірек тануға талпыныс жасадым. Жастар арасында болып жатқан: нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық істер, аурулар - барлығы қоғамдық және экономикалық жағдайдың жайсыздығы және де басқа қолайсыз жағдайларға байланысты деп ойлаймыз. Шындығында осы жайсыздықтың барлығы әр адамның өзіне байланысты. Адамның және қоғамның рухани балығының ыдырауы ол адамзаттың моральдық байлығы жоғалуына байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: діни мәдениетті зерттеу
Зерттеу жұмысының мақсатына сай міндеттер анықталды:
- Діни мәдениеттің теориялық аспектілерін зерттеу;
- Діни және мәдениет түсінігін ашу;
- Дін - тәлім - тәрбие бастауы ретінде зерттеу,
- Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздерін зерттеу;
- Имандылық діни мәдениеттің негізі ретінде талдау;
- Болашақ ұрпақта діни мәдениет негіздерін қалыптастыру ерекшеліктерін көрсету;
- Оқушыларда дінтану пәні арқылы толерантты қабілеттерін қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспелен, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Діни мәдениеттің теориялық аспектілері
1.1 Дін мәдениет құбылысы ретінде
Мәдениет категориясы - қоғамдық білімдердің ішінде ең кең ұғымдардың бірі. Өздігінен пайда болған шынайы табиғатпен салыстырғанда мәдениетті адам жасайды және игереді, оны екінші табиғат әлемі деп ұғады. Екінші табиғатты жарату жағынан мәдениетке шығармашылық іс-әрекеті, оның тәсілдері мен өнімдері (құндылықтары) оларды қолдану және сақтау жолдары кіреді.
Әдетте, мәдениетті материалдық және рухани деп, сонымен қатар мәдени құндылықтарды да идеалдық (рухани) және материалдық деп бөледі. Мәдениет адамды адамгершіліктің мөлшерін, яғни адамның даму деңгейін, оның қабілеттері, тәжірибесі, білімі мен біліктілігі, дарындылығы мәдениет құндылықтарын игеру көлемімен сипатталады.
Мәдениетке мәдени шығармашылық барысында оның нәтижелері, яғни адам жасаған және сақтап келген мәдениет құндылықтары, сонымен қатар әлемді игерудің жинақталған әдістері мен тәсілдері, адамның өзі және әлем туралы ақпараттар енеді. Мәдениеттің бойында түрлі топтар мен ұлыстардың ұқсастықтары да, ерекшеліктері де сақталады. Мәдениет сөзінің кең мағынада да, тар мағынада да (түрлі ұлыстардың, қызметтің алуан саласы т.б. мәдениеті) қолданылуы заңды. Өз кезегінде мәдениет ішіндегі ерекше құбылыс ретінде, былайша айтқанда, субмәдениеттерді жиі бөліп қарастырады.
Мәдениетті сөз еткенде адамның тарихи дамуының жетістіктері мен сәттіліктері жайлы баяндалады. Ол дамудың қарама-қайшылықтары жинақталатыны шындық. Алғашқы табиғатпен салыстырғанда екіншісі руханиланған, сол себепті субъективті сипаттағы түсініксіздіктерге толы. Және де ол құбылмалы. Мәдениетте таза есеп пен сезіну ойындары, сана дамуы мен есерсоқтың қиялы, сенім мен ырымдардың, бал ашу мен сынақ, рационалдық тәжірибе мен иррационалдық құбылыстардың жағымды мен жағымсыз сәттері таңғажайып түрде бірігіп жұмыс жасайды. Алға ұмтылу кертартпалықпен үйлеседі, кейінгісі өзге топтар мен ұлыстар жаңашылдыққа қатысты. Мәдениеттің кей құрамы қозғалмалы болса, енді біреулері - қалыпты, тұрақты, тіпті өзгеріссіз.
Дінді мәдениет шеңберінен шығарып тастаған атеистердің нигилистік көзқарасымен келісуге болмайды. Өз ұстанымымен, шарттарымен, тиымдарымен ол біздің тұрмысымыздың барлық саласына: тіл мен ойға, тамақтану мен жеке қатынасқа, дәстүр мен салтқа, шығармашылық пен күйбеңдікте, қасиетті мен қасиетсіздіке көрініс тауып отырады. Дін заттай да, рухани да адам мәдениеті әлеміне кіреді. Дін қарқындылықтың түрлі қоғамның рухани өмірінің барлық мәнді элементтерін - әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, салттар, құндылықтар, мән-мағына танымға әр береді. Сонымен қатар мәдениеттің аса ежелгі құрамы болған дін өзгермелі-дүниеліктен аса алшақ және дәстүрлілік пен мәңгілікті жақын тұтады. Онда мәдениеттің тұрақты, бірқалыпты бастамасы аса айқын байқалады. Мәдениеттің маңызды түйіні, саналы адам құбылысының пайда болуымен тарихшылар байланыстыратын құрама тұрақтылардың бірі, маңызды түйіндерінің бірін құрастыратыны баршаға аян.
Этнограф Дж.Фрезер заманауи Құдай сөзін түсіндіретінде осы негізге сүйеніп: Барлық мәдениет - шіркеуден, культтан басталады деп тұжырымдайды. Алайда мұндай біржақтылықты ескере отырып, дінтанудың негізін қалаушылардың бірі К. Ницше жүз жыл бұрын жазған: Дінді адамзаттың бүкіл құндылығы, даналық негізді мәдениеттің шығармашылық алғышарты ретінде қарастыруды дұрыс деуге болмас. Алайда ол барлығына ең биік қасиеттер бере алады. Және шын мәнінде культ ұғымы (лат. Kultus - құрметтеу, күтім) мен "культура - мәдениет (жасау, тәрбиелеу, білім беру) этимологияның өзінде ерекшеліктерді айқындайды: құрметтеу жасап шығару емес.
Ең алдымен мәдениет - қоғам дамуының пайымдық-қолданбалы және салиқалы сұраныстардың туындауы, адам қабілеттері мен сезімдерінің, сананың табиғи және болмыстық шамасының іске асырылуы. Мәдениеттің жалпы адамзаттық құндылықтары саналы адамның ұзақ әлеуметтенуінің жемісі топтар мен ұлыстар арасындағы салқындықтың бірте-бірте кемуі, біздің бабаларымыздың өндірістік және тұрмыстық-отбасылық әлемді танудың көркемдік мен өнегелік тәжірибенің жинақтауы болып табылады. Мәдениет қолдан қолға берілген секілді қарттардың немерелеріне салт пен дәстүрді, іс-әрекет жолдарын, білімдерді табыстап орнын алмастыратын ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді. Ол прогресс жетістіктерін айналымға салып, адам бойындағы табиғат берген қасиеттерді, тұлғаны байытатын, биіктететін қабілеттерді іске асыру үшін жағдай жасайды.
Дегенмен, мәдениет тек өндірістік, отбасылық-тұрмыстық және т.б. тәжірибенің аталған түрлерінен ғана шықпайды. Мәдениеттегі сенімнің, нанымның, сезімдердің, интуицияның, пайымсыздық пен көз бояушылықтың аталған көріністері - бұл да рухани тәжірибенің өлшемі, өз алдына жетістік, объективті шындық пен рухани шындық ретінде алғашқы да, екіншісі де табиғатты сезімдік тікелей игеру. Басқаша айтқанда, дінмен жанасатын өзінің ішкі қисынсыздықпен көрінетін рухани тәжірибенің өлшемі.
Дін пайымдылық қисындылықты аса бейнелей бермейді. Тіпті ол дүниені игерудің өзгеше сезімдік-сезіну, бейнелік-нақты құралы. Дін - адамның қоршаған орта мен өз ішінде үнемі соқтығысатын, сонымен қатар тікелей сезіне, өлшей, бейнелей де, тани да алмайтын, ұғындырып жеткізілуі (сөзге, түсінікке айналдыруға) қиын, құпия, ғажайып, танымаған бағдардың қисынсыз ерекше тәсілі. Дін құпиямен, мәңгілікпен, бастапқымен, шектен тысқары айнаның арғы жағымен тікелей жанасуға ұмтылысты бейнелейді және осы мағынада - сенім мен мәдениет - пайымсыз, қалыпсыз тұрмыстық сананың өзгеше, тікелей пәлсапасын құрайды.
Мәдениет пен дін - сыртқы, кездейсоқ көршілер емес. Іштей олар адамзат тарихымен бірге келе жатыр. Адам санасын қалыптастыратын мәдениеттің ерте кезеңінде өзінің мазмұны мен түрі жағынан мифологиялық болып келген. Мәдениет тарихшылары мәдениет бастауында біздің бабаларымыз айғақ пен ойдан шығарылғанды, бақылау мен көзбояушылықты, шынайылық пен аңызды, іс жүзіндегі әрекет пен дұғалық әрекетті, шындық пен әпсаналарды ажырата алмағанын дәлелдейді. Мифология - адамзаттың сәбилік әлемді сезінуі. Өзінің бір топ архетиптерін (білімдерде ғана емес, сенімде де) мәдениет дәл осы мифологиядан алған. Осындай архетиптердің бірі - таңғажайыпқа сену.
Осы сәбилік әлемді сезінудің көбі өткенде қалып, мәңгі ұмытылған. Бірақ әлі де ұмытылмаған, қызықты анахронизм ретінде қабылданып отырған нәрселер де бар. Осы аңыздық бастамалардың бірі шамамен адамның қарама-қайшы табиғатын меңгерумен үйлесімді болар, заманауи мәдениетке, оның кеңістігінің тылсым өлшемін құрай кірді. Аңыз бен сиқырдан туған өлшем - қабылдаушы емес, көріпкелдік аянмен сезінетін, тылсымға толы, жердегі биіктікке айналған, аса сезімтал, қисынсыз.
Қоғам дінге қарағанда едәуір жылдам өзгереді, өмірдің түрлі салаларына еніп кетуінің, бірқалыптылығының, ерекше дәстүрлігінің арқасында қоғамдық өмір мен мәдениеттің сақталған, тұрақты бастамасы ретінде көрінеді.
Дінде сакралдық (табиғаттан да жоғары) пен қасиеттілік (аса қадірленетін) үйлесім табады. Адамзат дамуының ерте кезеңдерінде діннің билігі оның тура шекарасынан шығып отырған. Кейінгі Орта ғасырға дейін шіркеу мәдениет саласының барлығын дерліктей қамтып отырған. Ол бір уақытта мектеп пен университет, клуб пен кітапхана, лектория мен филормония да бола білді. Мәдениеттің бұл мекемелері қоғамның өмірге деген іс жүзіндегі мұқтаждықтарынан туған, бірақ шіркеуден бастау алып, көпшілігінде оны азық еткен.
Дін өкілдерін рухани билей отырып, шіркеуді мәдениетке қызмет етуге итермелей отырып мәдениетке қамқор болып, бақылап отырған. Әсіресе мұндай рухани диктатура саяси және құқықтық түрде шіркеу басымдық көрсеткен ортағасырлардағы католик әлемінің елдерінде сезілген. Және тіпті барлық жерлерде ол құқық пен өнерде, білім беру мен тәрбиеде басым болған. Схоластика дәуірі пәлсапалық ой, ғылыми ізденістің тұсауын байлаған. Кез келген диктатура секілді шіркеу цензурасы мәдени алған дамуға қарай жағдай жасаған емес; еркіндік - мәдениеттің тынысы, онсыз ол тұншығады. Мәдениеттің шынайылығына діннің оңды әсер етуін ескергенде осы жағдай жайында ұмытпаған жөн.
Шамамен, дін ұлттық сананың ұлыс мәдениеттерінің дамуы мен қалыптасуына ықпал етті. Барлық жерде қалыптасып келе жатқан ұлт, ұлыстардың дәстүрі мен тұрмысы, тілі мен аңыздары, тіпті ұлттық ойлау тізбегі ата-бабалар сеніміне боялған. Олардың ошақтары, паналары мен зираттары құрбандықтарымен тұтас болған. Ұлттық сананың алғашқы көздері - тек қандық туыстық, бір еңбек пен ортақ пана ғана емес, қасиетті жерлердегі ортақ салттары да.
Пұтқа табынушылықта ұлттық санасы мен санадан тыс тамырлары аса тереңде жатыр. Оларда тотемизмнің, ата-бабалар өмірі, тайпа көсемдері мен батырларының салттары мен ұғымдарының бірлігін азық еткен. Пұтқа табынушылық сенімдерінде өзгешелік жалпыдан басым болады. Бұл алғашқы қауымдық топтардың бөлінуін көпшілігінде тереңдететін, ұлттардың пұтқа табынушылық терең тамырлары кейін құрылған жеке діндер мен өркениеттердің бейнесін, ұлттық мәдениеттердің қайталанбас тұрақты өзгешелігін анықтады.
Өркениет түсінігі мәдениет синонимі ретінде жиі, ал кей жағдайларда тарихтың варварлық кезеңін анық белгілеу үшін қолданылады. Соңғы кездері өркениет дегенде жекелеген мәдениеттердің тарихи түрлерін (антикалық өркениет т.б.) немесе жаһандық мәдениеттердің (Батыс өркениеті, Шығыс өркениеті) өзгешелігі мен мәдени деңгейін түсіреді.
Ұлттардың діни (оның ішінде пұтқа табынушы) мұрасы Батыс пен Шығыстың жаһандық өркениеттердің бір құрамына айналды. Әйтсе де реформа мен рационализм мектебінен өткен, дамыған Батыс өркениеті діни реңк алып отырғаны шамалы-ақ (оның ішінде христиандық қана емес, пұтқа табынушылық та) Шығыс өркениетінде болса, салиқалылық пен діннің байланысқандығы соншалық, екеуінің арасын ажырату тіпті мүмкін емес.
1.2 Дін - тәлім - тәрбие бастауы
Әлемдік діндердің өркениеттік ықпалы өте зор болды. Олар ұлыстар арасындағы салқындықты жойды, тұйықтықтан шығарды, ұлттардың тез қалыптасуына ықпал етті. Ең маңыздысы - жылдам, өзгеше кеңейіп келе жатқан Ғаламда жалпыадамзаттық, ұлт үсті мен дін үсті мәдениет арнасына тартты. Әлемдік діндерде барлық ұлттарға ортақ нәрсе аса айқын көрінеді. Ол нәрсе ұлттар арасында тәжірибе құндылықтармен алмасатын қосымша кеңістік болды.
Ұлыстардың қалыптасуы тұсында дін оның таңдаулылығы мен тағдырын қасиеттілікпен шарпыған, әлі толық ұғынбаған ұлттық идеяны, ойды бояған. Әдетте шіркеу ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен бекуіне ықпал етуші себеп болып келген. Діннің аурасы - ұлттық психологияны құрайды.
Ұлыс мәдениетінде ұлттық пен діншілдіктің бірлігі - жалпыадамзаттық құбылыс. Оған объективті берілген баға деп қабылдау керек. Сөйте тұра мәдениеттің ұлттық ерекшеліктерін діннің көздеріне әкеп тіреуге, ұлттың рухани өрлеуін жалпы діншілдену деп қарай дұрыс емес. Әрбір этностың мәдениетіне міндетті түрде салиқалылықтың да бастаулары болады. Неғұрлым оның діншілдігі жоғары болса, соғұрлым діни көздер күшті болады, секуляциялық процестер ықпалды болған сайын - халық мәдениетінде еркін ойлау мен зайырлылықтың бастаулары басым.
Христиандықта Шіркеу ұлттың материалдық мәдениеті кезеңінде монастырь өндірісінің, шіркеу құрылысының, мәдениеттік орану мен бас киім өндіру, кітап басып шығару, фреска, икона, пұт мұрасын қалдырды. Одан да зор үлес халықтың руханиятына, яғни санасына, идеалына, өнегелілік пен көркемдік мұралар да қосады. Шіркеу мәдениеттің ертедегі мекемелерінің орны ретінде жоғарыда айтылған. Осы жерде шіркеудің халық санасына діни біліммен, дәстүрмен, уағызбен насихат пен дінге қызмет ету әуенімен ортаға өнегелілік пен психологиялық әсері арқылы тікелей әрі терең ықпалын атап өткен ләзім.
Расында, діннің мәдениетке күшті ықпалын ешкім терістеген емес. Осындай ықпалдың теріс жағына екпін түсіре отырып, Ф.Энгельс христиандықты адамзаттың рухани тарихындағы ең төңкерісшіл элементі (бөлігі) деп атаған. Христиандық батыс өркениетіне ерекше ықпалын тигізді. Оны жиі солай атап та жібереді. Христан өркениеті дегенмен осы дін ол жерде барлығын анықтамайды. Дәл осы жерде ғылым мен философия теория ретінде, ал рационализм Батыстың мәдени дәстүріне тән болып пайда болған. Дәл осында (әсіресе христиандықтың арқасында) адам өзін тұлға деп түсінеді. Мұнда ұлы әлеуметтік төңкерістер іске асырылған (ортақ пананың) жатақхананың жаңа түрлері құрылған, техника қауырт дамыған, демократия институттары құрылып, жер бетіне тарады.
Рас, осы жерден Шығыс елдеріне қарай отаршылда, миссионерлер мен крест жорықшыларының легі, ал біздің уақытта - бұқаралық мәдениеттің ағымы бет алды. Христиан мәдениеті мен өркениетін биіктетіп, буддизм мен исламның мәдениеті мен өркениетін төмендетуге болмайды.
Жекелеген өркениетті қалыптасу, гүлдену және құлдырау кезеңдерін басынан кешетініне тарих куә. Шамамен бұл құбылыс жаһандық өркениеттерге де тән. Қазіргі кезде батыс өркениеті оның біржақтылығын, пайымды басымдығын шектеулігі, өнегелілік ұстанымдарының кемшілігі, демократиялық институттарының қауымның билігінен сақтанбағандығын ашып көрсеткен терең құлдыраумен бетпе-бет келіп отырғаны анық. Одан өзге ол жиырмасыншы ғасырдың екі дүниежүзілік соғысына біздің заманымыздың экологиялық және өзге де планеталық сілкіністерге жауапты. Адамның техникалық қуаты мен ғылыми жетістіктерін ұлғайта келе, материалдық жағдай мен психологиялық деңгейін көтеріп, ой-өрісін ұштай келе Батыс өркениеті өзінің руханилығын бірден көтеруде әлсіз болып шықты. Батыс өркениеті адам табиғатының әлеуметтенуге дейінгі қауымдық қалдықтарын жоя алмады, христиан дүниесін жаулап бара жатқан анайылық пен зорлықты, немқұрайдылық пен қатыгездіктің көріністерін, тіпті өрбуін тәртіпке келтіре алмай отыр. Мұндай біржақтылыққа Батыс өркениетінің сакралдық емес, дүниелік бастаулары кінәлі.
Қазіргі әлемдегі өркениеттердің бұрынғы беталды қарым-қатынастары біртіндеп өзара баю әрекетіне ұласып отыр. Дегенмен бұл келісімсөз тек зайырлы ортада іске асып отыр. Діни ортада келіссөздер едәуір кедергілерге тап болуда. Бұған өткеннің сабақтары себепші деп ұғамыз. Ертедегі жаңа уақыттан басталған заманауи мәдениеттің қалыптасуы көбінесе оның секуляризациясының (шіркеулік бақылау мен цензурасынан босатылуы) есесінен болған. Мұны түрлі елдер мәдениеттері дамуының нақты деректеріне сүйенген ғалымдар да мойындайды.
Ортағасырлық көркем әдебиетте әлемдік құнды дүниелердің саны жоқтың қасы. ХІ ғасырдан ХІІ ғ. басына дейін жекелеген жартылай дүниелік, жартылай діни шығармалар көріне бастайды. ХІІ ғ. екінші жартысынан ғана нағыз дүниелік әдебиет пайда бола бастады. Ал ХҮІІІ - ХІХ ғғ. дүниелік көркем шығармалардың салыстырмалы үлесі 80-90 пайызға дейін өседі.
Секуляризация мәдениет пен өнердің өз дамуына діни сенімді ығыстырып емес, схоластикадан бас тартумен, шіркеу цензурасын шектеуге, ортодоксальдық емес дүниелік тақырыптарға желілер, идея мен идеалдарға тиымды жою арқылы ықпал етті. Секуляризация мәдени дүниетаным, шығармашылық себептердің молдығын арттырды.
Ол философия мен ғылымның байланған түйіндерімен қоса дүниені қабылдау мен түсінудің қиындықтарын шешті. Секуляризация ғылымның ізденісіне кедергі болатын құпия мен тылсымның танылмағандығын ашады. Сонысымен ғылыми ізденістер аясын өлшеусіз байытады, зерттеу мәселелерінің қырларын кеңейтіп, пайымдық зерттеу тәсілдерін тереңдетеді. Жаңа заманның ғылыми дамуында зор түрткі болған заманауи мәдениеттің алдыңғы тенденцияларының бірі еркін ойлауға ұмтылу. Заманауи мәдениетте зайырлылық пен діни бастамалар үйлескен.
Ешқандай халықтың мәдениеті толық діни не толық зайырлы болған емес (тарихтың дінге дейінгі протомәдениетті қоспағанда). Алғашқы нанымдар мен мәдениеттің пайда болуымен дін ата-бабалар іс-тәжірибесінің жетіспеушілігін толтыруы ретінде, әлемді ғылыми-танымдық жақтан игеруге дейінгі қалыптасқан өз бетінше сезімдік қосымша ретінде ерте өркениеттің мифологиялық мәдениетіне кіреді.
Дегенмен христиандықта ұзақ уақыт бойы дін зайырлылықты ығыстырып, мәдениетке басымдық жасаған.
Заман өзгерді, жақында ғана табылған идеологиялық кумирлер орнынан түсті, сөйте тұра мәдениетке және сол сәтсіздікке ұшыраған сынақты тағып отыр. Бірақ керісінше, таңбамен: бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. ағымдар арқылы ықпалды саяси күштер мемлекеттік атеизмнің орнына бұқараны еркін ойлаудан бездіре отырып, ортадоксальдық дінді енгізіп отыр. Ортодоксия фанаттары, әсіресе келімсек миссионерлер, халықтың басым көпшілігі мемлекетте абсолютизм мен атеофобияны насихаттайды.
Біздің түсінігімізде діни де, зайырлық та дін дұшпандықпен үйлеспейді, гегемонияға ұмтылмайды. Әрине, табынуға сұраныс - өткеннің архетиптерінің бірі, сонымен қатар бұқаралық сананың терең мұқтаждықтарының да бірі. Алтарь мен шіркеу руханилықтың аса маңызды, мәнді құбылыстармен іштей байланысты болғанша мәдениетте орын ала бермек. Бұған тұтас қоғамға емес, жекелеген таңдаулы топтарда ғана іске асырылатын зайырлы мәдениетті қоса алмаймыз. Сол секілді заманауи әлемде тек діни мәдениетте орындала бермек.
Зайырлы және діни бастамалар - мәдениеттік тұтастықтың бірін-бірі толықтыратын қасиетті бөліктері. Әдеттегідей, діни ортодокстар мұны көрмейді, сол сияқты өзінің жаугершілік антидінінде диалектиканың ортодоксальді табынушылары да солай.
Алайда тарих адамзатты мәдениет үшін соңғы болатындай сәтке әкеліп отыр. Жоғарыда атап көрсетілгендей, мәдениеттің құбылмалығына орай оның артықшылығымен қоса, онда қалып қойған, тіпті шіріп жатқан құрамы да бар. Кейде олар үдеп отырады, әсіресе оны батыс өркениетінің күйзелісінен байқауға болады. Адамзат пен бүкіл дүниежүзі мәдениетіне төніп тұрған қауіп жаһандық - ядролық, экологиялық, демографиялық, энергетикалық апаттардан шынайы әрі анық. Маңыздысы, бұл қауіп барлық адамдардың ортақ күш салуларымен ғана жойылады.
Діни мәдениетте де, зайырлы мәдениетте де еалдымен, өзара түсіністік жетіспейді. Білімсіздік, ырымшылдық, фанатизм мен шыдамсыздық діннің де, еркін ойлаудың да бірдей сын объектісіне айналуы тиіс. Одан өзге мәдениеттегі зайырлылық пен діни адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік идеалдарына қызмет етуде адамдарды біріктіруге, бірлігін нығайтуға бағытталған.
Мәдениеттің алға дамуы көпшілікке қалыптасып қалған парадигманы өзгертпеу мүмкін емес: күйзеліс мен қарама-қайшылық - прогрестің қозғаушысы. Келісім, ынтымақтастық, әлемді танудың түрлі ұстанымдарына түсіністікпен қарау - адамзат мәдениетін сақтап қалудың, оның болашағын қамтамасыз ететін амалдар. Дінге сенетіндер мен сенбейтіндерді біріктіретін ортақ нәрсе олардың дүниетанымын бөлетіндерден анағұрлым маңыздырақ. Ұлт тағдыры, тарихтың ортақтығы, мемлекетіміздің күйзелістен шығу жөнінде қамқорлығы, жаһандық қауіптерді жеңу - барлық адам үшін маңызды. Бұл ортақтық сабырлы диалогпен, келіссөзбен айқындалады. Тек келіссөздер ғана өзара түсіністікке, ескірген парадигмалардың ауысуына әкеледі, адамзат болашағы мен мәдениетті құтқару үшін бірлікке шақырады.
2. Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздері
2.1 Имандылық діни мәдениеттің негізі
Қазіргі кезде ел болашағы - жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.
Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл-есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата-анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Жасыратыны жоқ, бүгінде космополиттік идея кеуделерін улап, туған ұлтына жандары ашымайтын мәңгүрт типіндегі жастардың көбейіп келе жатуы алаңдатарлық жайт. Бұған жол беріп жатырсың деп, жетпіс жылдай уақыт бойы кеңестік сүзгіден әбден сүзіліп, қорғаншақтық күйге ұшыраған аға ұрпақ өкілдерін кінәлау қиянат та болар. Әйтсе де, кез келген нәрсеге көзді жұмып қарау, сүйекке сіңген салғырттық, көзді байлап, көрер алдымызды тұмшалап тастаған. Құлдық психологиядан, қараңғы қорқыныштан, ит түртпектен арыла алмай отырғанымыз шындық. Мына мәселеге де байыпты көзқарас танытқанымыз жөн. Тәуелсіздік алған кезден былай қарай он бес жыл уақыт ішінде өмірге келген ұрпақ бойында ерекше ұмтылыс, ерекше қуат сезіледі. Қоғам мен адамды қатар шырмаған қат-қабат қиындықтардың, дауасыз даулардың көп уақыт өтпей, күні бітеріне күмәнсіз сенгіміз келеді. Бұл арманды біздің жас өскіндеріміз жүзеге асырмақ. Тек өскелең өркенді жаһанданудың жойқын соққысына, тілсіздік дертіне ұрындырып алмай, өз ұлтының мәдениет мәйегінен алшақтамай өсуіне жол ашуымыз керек. Ол үшін жүріп өткен ізімізге тағы бір бұрылып, жеткен жетістіктерімізді салмақтап, рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына ендірген абзал.
Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал - мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші - иманы, екінші - ырысының тұрағы, үшінші - дәулетінің тұрағы деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған - терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн деп санадық.
Иман - қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата - бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі - осы. Барлық бет - болмысының, мінез - құлқының айнасы. Яғни, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні
Діни мәдениеттің теориялық аспектілері
Классикалық философия сұрақтарына жататындар
Халықтық құқықтық сана
Философия тарихында рух мәселесінің қойылуы
Дін, мәдениет және қоғам
Діни таным және жат ағымдар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Мәдениет нысандары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, технология
Философияның мақсаты мен мәні
Пәндер