Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру


І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті
Чинарбаева Камшат Турсунвалиевна
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Магистр дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі:
Қауымдастырылған професоор
(доцент) п. ғ. к.
Капенова Анар Амирхановна
Талдықорған 2022-2023 жж
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
І. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың мәндік сипаттамасы
1. 2. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұны
ІІ. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АРНАЙЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖОБАЛАР ӘДІСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСЫ
2. 1. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың диагностикасы
2. 2. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесінің мазмұны
2. 3. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі
2. 4. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстың нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсанындағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі». 1-қыркүйек. 2020 жыл
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қойылған:
Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субьектінің нысанға әрекет ету процесі.
Құзыреттілік - латын сөзі competens қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері.
Басқарушылық құзыреттілік - өз қызметі мен оқушы қызсетін басқарутәсілі мен әдісін білу.
Білім бағдарламасы - жоғары оқу дәрежесі және академиялық бакалавр, магистр дәрежелерін иемденудегі мамандарды дайындауға бағытталған жоғарғы кәсіби білімнің оқу бағдарламасы.
Біліктілік - маманның кәсіби қызметті орындауына немесе білімін жалғастыруына білім туралы құжатындағы дайындығының дәрежесін көрсететін түрі.
Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті арттыруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі.
Білім берудегі мониторинг - білім қызметтеріндегі үрдістер мен рәсімдер туралы мәліметтердің жиынтығы және оларды талдау.
Лидерлік - жеке тұлғалар арасындағы қатынаста үстемдік ету.
Менеджмент - «басқару» деген мағынаны білдіреді. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Мұғалімнің басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік талаптарымен әлеуетті түрде байланысты. Білім берудің мақсаты - білім алу қабілеті сияқты негізгі құзыреттілікті қамтамасыз ететін оқушылардың жалпы мәдени, тұлғалық және танымдық дамуы, білім беру жүйесі өз дамуының жаңа кезеңіне өтуде. Бұл мұғалім табысының критерийлерін, мұғалім мен білім беру кеңістігінің субъектілері арасындағы құқықтық қатынасты, мектеп арасындағы қарым-қатынас (отбасы, қоғам, мемлекет, мұғалім және оқушы) сипатын өзгертуді талап етеді. Мұғалімнің кәсіби қызметінде уақыттың жаңа талаптары мен жаңа экономикалық жағдайларды ескере отырып, көп нәрсені қайта ойластыру қажет. Білім беруді жаңғырту жағдайында практикалық іс-әрекеттегі жүйелік-белсенділік тәсіліне негізделген мұғалімнің кәсіби рөліне жаңа талаптар қойылды.
Мұғалімнің басқарушылық құзыреттіліктері модернизация жағдайында оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға негіз болады. Көптеген зерттеушілер болашақ мұғалімдердің ұйымдастырушылық және басқарушылық, жобалау және басқарушылық дағдыларын зерттеуге қызығушылық танытады. Бізді қызықтыратын мәселенің әртүрлі перспективалары мұғалімнің менеджер ретіндегі қарым-қатынасының психотехнологиялары, сыныптағы іс-әрекеттегі басқарушылық қарым-қатынастың рөлі және мұғалімнің кәсіби дайындығының басқарушылық құрамдас бөлігі шеңберінде қарастырылады. Алайда қазіргі ғылымда жаңа құқықтық және экономикалық негізде орын алып жатқан білім беруді жаңғырту жағдайында мұғалімнің басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесінің теориялық және практикалық аспектілері жеткілікті түрде жан-жақты қарастырылмаған, сондықтан, олар егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді.
Біздің зерттеу тақырыбымыз бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін жетілдіру мүмкіндіктері және оларды қолданудың қажеттілігі мен әдістемелік қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық бар екендігін байқауға болады. Олар:
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарастырылмағандығы;
- жоғары оқу орындарында болашақ педагог мамандарының кәсіби дамуының, оның ішінде, ұжымды басқаруды жетілдіретін зерттеуші-маманның қажеттілігі мен олардың педагогикалық-психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуінің жеткілікті айқындалмағандығы;
Жоғарыда аталған қарама-қайшылықтардың дұpыc шeшiмiн іздестіру, мәселені анықтау және болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін жетілдіруге қойылып отырған қазіргі білім беру жүйесіндегі талаптар біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін көрсетті және бiзгe тaқыpыпты: «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру» дeп тaңдaуымызға нeгiз бoлды.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау процесі.
Зерттеу пәні: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде калыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогоикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперименталдық тұрғыдан сынақтан өткізу.
Зерттеу ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орнының білім беру процесіне болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әзірленген құрылымдық-мазмұндық моделі мен анықталған педагогикалық шарттары енгізілсе, онда жалпы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау сапасы артады, өйткені болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік, әдістемелік, жобалық компоненттердің жиынтығымен сипатталатын арнайы құзыреттілігі қалыптасады.
Зерттеудің қойылған мақсаты мен болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталады:
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігі қалыптасуының мәндік сипаттамасын талдау; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігінің мазмұнын ашу.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудағы жобалар әдісінің мүмкіндіктерін анықтау.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін теориялық негіздеу және өңдемелеу.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әзірленген құрылымдық-мазмұндық моделі мен анықталған педагогикалық шарттарының тиімділігін тәжірбиелік-эксперименттік жолмен тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: пәндік, әдістемелік, жобалық компоненттердің жиынтығымен сипатталатын арнайы құзыреттілігін қалыптастыру жалпы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың сапасын арттырады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
- философиялық деңгейде:тұтас педагогикалық үдерістерді дамыту тұжырымдамасы ретіндегі білім берудегі диалектикалық-материалистік тәсілдеме (В. И. Загвязинский, В. С. Ильин, В. В. Краевский, А. М. Новиков және т. б. ) ; тұлғаның іс-әрекеттегі тұтас даму процесінің тұжырымдамасы (Б. Г. Ананьев, Ю. К. Бабанский, П. Я. ГАльперин, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Н. Ф. Талызина, Э. Г. Юдин және т. б. ) ; адам тұлғасын жоғары құндылық ретінде анықтайтын және адамның әлеуметтік даму процесін өзіндік мақсат ретінде қарайтын аксиологиялық тұғыр (М. С. Каган, Д. С. Лихачаев, В. А. Сластенин, Е. Н. Шиянов және т. б. ) ;
- жалпы ғылыми деңгейде:білім беру процесі мен әрекет құбылыстары арасындағы өзара байланысты зерттеудегі жүйелі-құрылымдық тұғыр (С. И. Архангельский, В. П. Беспалько, Н. М. Борытко, М. С. Каган, В. В. Краевский, Н. В. Кузьмина, Н. К. Сергеев және т. б. ) ; білім беру процесінде тұлғаның дамуына іс-әрекеттіу тәсілдеме (В. П. Беспалько, А. А. Вербицкий, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Загвязинский, И. П. Иванов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн және т. б. ) ;
- нақты-ғылыми деңгейде:тұлғалық-бағдарланған білім беру парадигмасымен шартталатын ізгілендіру және білім беруді ізгілендіру идеялары (И. В. Бестужев-Лада, А. А. Бодалаев, Е. В. Бондаревская, Б. С. Гершунский, Б. М. Неменский және т. б. ) ; оқу іс-әрекеті теориясы (П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, М. В. Кларин, А. Н. Леонтьев және т. б. ) ; білім берудегі құзыреттілік тұғыр идеялары (В. И. БАйденко, Т. Ю. Базаров, А. Г. Бермус, В. Гутмахер, Г. Е. Исаева, Э. Ф. Зеер, И. А. Зимняя және т. б. ) .
- технологиялық деңгейде:жобалық оқыту саласындағы теориялық идеялар (П. П. Блонский, П. Ф. Вахтерова, П. Ф. Каптерева, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий және т. б. ), жоғары мектептегі студенттердің жобалық іс-әрекеті бойынша құзыреттілік және т. б. ) құрайды.
Қойылған міндеттерді орындау үшін зерттеу әдістері қолданылады: теориялық: зерттелетін мәселенің әзірленуінің жай-күйін және дәрежесін анықтау үшін зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік авторлардың философиялық, психологиялық-педагогикалық дереккөздердерін талдау және жалпылау, нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау, жобалар әдісін пайдалану бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің құжаттарын оқып үйрену; эмпирикалық: студенттермен, педагог-практиктермен, жоғары оқу орны оқытушыларымен сауалнама жүргізу, бақылау, әңгімелесу; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша құрылымдық-мазмұндық модель мен педагогикалық шарттардың тиімділігін тәжірбиелік-эксперименттік тексеру; мәліметтерді математикалық тұрғыдан өңдеу және т. б.
Зерттеу көздері: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы қаулылары, білім берудің дамытудың Мемлекетттңк бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық бағдарламалары мен білім беру тұжырымдамалары, Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты, жобалар, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми, оқу және әдістемелік еңбектері, халықаралық және республикалық конференциялар мен мерзімдік басылымдар материалдары, сондай-ақ автордың педагогикалық, зерттеу тәжірбиесі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең (2021-2022) - Бұл кезең зерттеу мәселесін қою және пайымдаумен, жалпы және арнайы ғылыми әдебиеттерді, оның әдіснамасын анықтау, мақсатында зерттеу мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық және ведомстволық актілер базасын кешенді зерттеу және талдаумен, жобалар әдісін қолдану негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың қолданыстағы пркатикасын зерттеумен, жобалар әдісін қолдану негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырулы педагогикалық және нормативтік қамсыздандыруды анықтаумен байланысты. Бұл зерттеудің теориялық негіздерін анықтауға және диссертацияның ғылыми аппаратын жасауға мүмкіндік берді.
Екінші кезең (2022-2023) зерттеудің эмпирикалық негіздерін зерттеуге, жобалар әдісі негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеуге және педагогикалық шарттарын анықтауға, студенттер мен оқытушылар арасында сауалнама жүргізуге, алынған мәліметтерді өңдеу және талдауға арналған. Жобалар әдісі негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогикалық шарттарын апробациялауға және олардың тиімділігін экперименттік тексеруге бағытталған. Бұл кезеңде тәжірбиелік-эксперименттік жұмыстың қорытындылары жасалады, алынған нәтижелер талданып, зерттеу болжамы мен міндеттерімен сәйкестігі салыстырылады. Бұл кезең соынмен қатар зерттеу нәтижелерін жалпылаумен және диссертациялық жұмысты рәсімдеумен байланысты.
Зерттеу базасы: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызыдылығы:
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың мәндік сипаттамасы талданды; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігінің мазмұны, сондай-ақ «арнайы құзыреттілік», «болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» ұғымдары нақтыланды.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудағы жобалар әдісінің мүмкіндіктері анықталды.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалады.
- Жаңа сауалнама ұсынылды, оның сипаттамасы мұғалімнің басқару іс-әрекетінің көп өлшемді көрінісі болып табылады
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында оқу процесіне мыналар енгізілді:
- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу жоспарына сәйкес пәндер бағдарламаларына (базалық пәндер) циклындағы «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»; кәсіптендіру циклындағы («Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»
- қосымшалар;
- оқу құралы:
Бастауыш мектепте жобалар әдісін пайдалану.
- электрондық оқу құралы:
Білім беруде жобалар әдісін қолдану.
- әдістемелі ұсынымдар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру.
- семинарлар және дөңгелек үстелдер:
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары, «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» атты элективткік курстың оқу-әдістемелік кешені болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесінде қолданыс таба алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- Тұлғалық, ерекшелік және жалпы философиялық категориялардың ұқсастық теориясын (жеке, ерекше және жалпы) ерекшелеуге сәйкес «құзыреттілік» ұғымы - кәсіби міндеттердің орындалуын, мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін әрекетті сапалы жүзеге асыру қабілеттерінің жиынтығы (жалпы) : «кәсіби құзыреттілік» - қоғамда қабылданған нормаларға, стандарттар мен талаптарға сәйкес кәсіби функцияларды оырнлау қабілеті мен дайындығын анықтайтын тұтас кәсіби және тұлғалық сипаттама (ерекше) ; «арнайы құзыреттілік» - кәсіби қызметтің нақты пәндіку немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін өз жұмысының нәтижелерін дербес әске асыру, басқару, сыни бағалай алуының көрініс табуы (жеке) .
- «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» ұғымыны пәндік, әдістемелік, жобалау компоненттерінің жиынтығымен сипатталатын кәсіби іс-әрекеттер саласындағы нақты пәндік немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін оқу пәні мен кәсіби іс-әрекетті өз бетінше жүзеге асыруға, басқаруға, өз еңбегінің нәтижелерін сын тұрғысынан бағалауға даярлығы ретінде қарастырамыз.
- Арнайы құзыреттілігін қалыптастыруда жобалар әдісін қолодану болашақ бастауыш сынып мұғалңмдерінде оқытудың прогресстивті әдістемесін одан әрі дамыту негізінде шығармашылық әс-әрекетінің алгоритмін құруға да ықпал етеді, кәсіби біліктіліктің көрсеткіші ретінде де көрініс береді.
- Өзара байланысты компоненттердің жиынтығы болып табылатын жобалар әдісі негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік және рефлексивті компоненттерінің, сонымен қатар ұйымдасқан, мақсатты бағытталған, педагогикалық ықпал ету үшін қажетті тұлғылардың, функциялардың, принциптердің, шарттардың жиынтығымен сипатталатын арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі.
- Болашақ бастауыш сынып құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз ететін олардың арнайы құзыреттлі беткке ие болу алғышарттары және педагогикалық процестің сыртқы жағдайларының жиынтығы ретіндегі педагогикалық шарттар:
- бастауыш сынып мұғалімдердерінің жобалар әдісі негізінде арнайы құзыреттілігін қалыптастыруға деген ішкі мотивациясын дамыту;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды ғылыми-әдістемелік қаматамасыз ету;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жұмыстың (оқу және оқуждан тыс) әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша практикалық дағдыларды игеруді қамтамасыз ететін бірлескен жобалық әс-әрекетке жұмылдыру;
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда профессор-оқытушылар құрамының, біліктілікті арттыру институттарының, қоғамдық ұйымдардың әрекетін үйлестіру және желілік өзара әрекеттесиікті қамтамасыз ету.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогикалық шарттарының тиімділігін тәжірбиелік-эксперименттік тексеру нәтижелері.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Диссертацияның жалыпы көлемі бет.
Кіріспеде зерттеудің тақырыбын таңдау, оның көкейкестілігі негізделеді, зерттеу объектісі мен пәні анықталады. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы, жетекші идеясы тұжырымдалады. Ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мағыздылығы анықталады, қорғауға шығарылатын негізгі ережелер ұсынылады, жүргізілетін жұмыстардың кезеңдері, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу туралы мәліметтер беріледі.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудыдың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда «құзыр», «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік», «арнайы құзыреттілік», «болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттлігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» ұғымдарының мағыналық сипаттамас, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылады және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың тиімділігің қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар негізделді.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша тәжірбиелік-эксперименттік жұмысының нәтижелері» атты екінші тарауында зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістері; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогикалық шарттарының тиімділігін дәлелдейтін тәжірбиелік - эсперименттік жұмыстығ мазмұны ұсынылған.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне негізделген тұжырым мен ұсыныстар берілген, мәселелерінің даму болашағы көрсетілген.
Қосымшаларда диссертацияның негізгі мәтінін толықтыратын материалдар ұсынылды.
І. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың мәндік сипаттамасы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды оның негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін құзыреттілік көзқарас тұрысынан қарастыру қажет. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі әртүрлі ұстанымдар тұрғысынан зерттелген. Бұл өз кезегінде «білім берудегі құзыреттілік тұғыр» «құзыреттілік» , «кәсіби құзыреттілік» және «арнайы құзыреттілік», «болашақ бастауыш сынып мұғалімінің арнайы құзыреттілігі» сияқты негізгі ұғымдарды ашу қажеттілігін туындатады. Ғылыми әдебиеттерде осы ұғымдарға берілген көптеген пайымдаулар бар. Құзыреттілік тұғырдың негізгі ұғымдары «құзыреттілік» (компентентность) және «құзырлық» (компентенсии) ұғымдары болып табылады. Құзыреттілік (лат. compentens - тиісті, қабілетті) - кәсіби сауатты пікір, бағалау, пікір айтуға мүмкіндік беретін білім мен іскерлікті меңгеру.
Атап өтілгендей, құзыреттілік тұғыр білім беру практикасына МЖМБС-ны енгізу және жоғары кәсіби білім берудің екі деңгейлі жүйесіне көшу арқылы кәсіптік білім беруде басымдыққа ие болуда, қазіргі уақытта теориялық тұғырда құзыреттілік тұғыр жеткілікті түрде толық әзірленген, алайда кәсіби білім беру практикасы оның көптеген қағидалары әлі де болса жете ескерілмегендігін көрсетеді.
Құзыреттілікке бағытталған білім беруге көшу нормативтері бекітілген Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына «Болон декларациясына сәйкес білім беру нәтижесіне құзыреттілік тұғыр айқындаушы болып табылады, бұл еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуге тиіс».
Білім берудегі құзыреттілік тұғыр - білім алу, өзін-өзі анықтау (өзін-өзі басқару), өзін-өзі белсендіру, әлеуметтендіру және даралықты дамыту мақсатына басым бағдарлауды көздейтін білім беру векторларын шамалайды. Бұл мақсатқа жетудің инструменталды құралдары ретінде жаңа метабіліммен қаруландырушы құзыреттілік, құзыреттілік және метасапа сияқты жаңа конструкторлар әрекет етеді.
Қазіргі күні құзыреттілік тұғырдың тарауының бірқатар алғышарттарын зерттеушілер шетелдік және қазақстандық білім беру теориясы мен практикасында ерекшеленіп отыр. Осы уақытқа дейін білім берудегі құзыреттілік тұғыр тиісті проблематиканың жарияланымдарының ұлғаюына қарамастан, жеткілікті зерттелмеген және теориялық тұғырдан пысықталмаған күрделі және қарама қайшылыққа толы тақырып болып тұр. Осыған байланысты құзыреттілік тұғырға қатысты негізгі ұғымдарының қабылданған анықтамаларының болмауы, оның бастапқы қалыптасу кезеңінің аяқталмауына байланысты осы тұғырдың дамуының толыққанды тарихи-педагогикалық талдауының мүмкін еместігі бізді қолда бар жұмыс анықтамаларын пайдалануға мәжбүр етеді. Сонымен қатар, әлемдік және отандық білім беру тәжірибесінде құзыреттілік (модульдік-құзыреттілік) тұғырдың дамуы аталған проблеманы теориялық пайдаланудан әлдеқашан ілгерілеп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz