Арқалық қаласы жалпы мәлімет



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының Қостанай
қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебі филиалы

Ғылыми зерттеу жұмысы

Арқалық өңірінің өндірістік-инновациялық даму мүмкіндіктері

Бағыты: Өлкетану

Орындаушылар: Игенов Нұрдәулет, 10 В сынып оқушысы, Абильмажинова Самира, 10 В сынып оқушысы,
Жетекшісі: Мурзаханов М.Б.,
география пәнінің мұғалімі

Қостанай, 2022 ж
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Арқалық қаласының қазіргі жағдайына шолу жасау ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
2.1. Жұмыс мәселесі мен инновация принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-12
2.2. Арқалық ғылым ордасы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3. Су және энергетикалық мәселелеріне шешім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
2.3. Арқалық өңірінің туристік әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

1. Жоба жұмыстың сипаттамасы: Арқалық қаласының қазіргі әл-ауқатын зерттеу, анализ және сауалнамалар жүргізу. Кейін жиналған мәліметтерді саралап, әлем аренасынан және адамзат тарихынан осыған ұқсас кейстерді зерттеу. Жиналған ақпаратты Арқалық қаласының мүддесіне жарату, мәселелердің ең тимді шешімдерін табу және өз идеяларымызды қоса отырып шешім ұсыну.
2. Жоба өзектілігі: Кезінде мүмкіндіктерге толы, білдей бір облыс орталығы болып тұрған қаланың қазіргі жағдайы мүшкіл болуы еліміз үшін, қаланың жергілікті тұрғындары үшін өте маңызды. Сонымен қатар Арқалық қаласының даму деңгейі жақсырақ болғанда республикалық деңгейде тигізер пайдасы зор.
3. Мақсаты: Арқалық қаласының өндірістік-инновациялық даму мүмкіндіктерін жан-жақты зерттеу, шешімдер ұсыну.
4. Міндеттері:
а) Қазіргі проблемаларды толығымен анықтау;
ә) Әлемдік аренамен параллель жүргізу;
б) Ақпараттарды қортып түйіннің шешімін табу.
5. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Кішкентай қалалардың кей жағдайда иновациялық және IT саласында дамуға мүмкіншілігі бар, және де шет елдік туристтерге қызық болады елдегі жаңа секторды дамыту мүмкіншіліктері
6. Зерттеудің теориялық мәні: Қала мәселелері, әлемдегі ұқсас жағдайлар мен олардың қалай шешілгені, IT компаниялар туралы аналитикалық мәліметтер аса пайдалы.
7. Зерттеудің практикалық мәні: Есептеулер, жоба барысында дайындалған карта, Арқалық туралы сайт және тағы да басқа теориялық мәліметтерді қолдану арқылы қала жағдайын жақсарту
8. Зерттеудің құрылымы: Дүниежүзіндегі бірнеше жағдайларды қарастырып Арқалыққа келетін ең қолайлы мүмкіндіктерді жинау.

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстанда 27 моноқала бар. Оның ішінде даму деңгейі критикалық түрде төмен 2 қала бар. Қостанай облысы өндірістік тұрғыдан алда келе жатқан өңір болып табылады. Облысымызда елдегі ең ұлкен автопром, сүт тәтті тағамар өнімдерін шығаратын зауыттар, бидай өндіретін корпарациялрда бар. Өкінішке орай осындай бай өңірімізде жоғарыда айтылған даму деңгейі төмен, ел арасында елес қала атанған Арқылық қаласының мәселелері талқыға түсіп жатқан жоқ. Жобамызда біз Арқалық қаласының қазіргі басты мәселелерін жан-жақты қарастырдық және де олардың шешімін қарастырдық.
Арқалық қаласы жалпы мәлімет. Арқалық - Қостанай облысындағы қала, Арқалық қалалық әкімдігі орталығы. Ол бұрынырақ Торғай облысының орталығы болған. Қаланың негізі 1956 жылы салынды, қала статусына 1965 жылы ие болды. Арқалық қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес 2019 жылы 1-ші қазан күні тұрғындар саны 40690 адамды, оның ішінде: қалалықтар - 27360, ауылдықтар - 13330 құраған.
Арқалық деген не? Бұл болашағы жарқын болады деп уәде берілген, нәтижесінде тағдырдың тарпауына қалдырылған қала. Бұл Арқалыққа барған кісінің сөзі. Бұрын қаланың керемет әлеуеті болды және 80 000-ға жуық тұрғыны болған, бірақ кейіннен бір ғана өнеркәсіпті дамыта отырып, қала өмір сүруге ыңғайлы болуды тоқтатты және адамдар моноқаладан жаппай көшуді. Болашақта қоры таусылатын шикізатты өндіру болашақта қаланы дамытып, ұлғайтуға септігін тигізбейтіні айдан анық, сондықтан шағын көлемді жасау керек деген ойды алға тартып отырмыз. Арқалықтан керемет инновациялық қала шыға алатын еді. Шағын қала - ондағы экономиканы қайта бастауға тамаша мүмкіндік жеткілікті. Мұны істеудің көптеген жолдары бар. Және осы зерттеу жұмысымызда біз сол перспективаларды тереңінен зерттедік.
Шағын қалаларда цифрландыруды енгізуге жағдай жасалған, олар экономиканы нөлден бастап жеке бизнесті инвестициялау арқылы қағаз бетінен іс-жүзіне енеді. Жаңа типтегі қалалар дәстүрлі МТК және жақсырақ дамыған аймақтардың ерекшеліктерін біріктіреді.

1.1. Арқалық қаласының қазіргі жағдайына шолу жасау

Арқалық қаласын әлуметтік-экономикалық жағдайы нашар қала қылып отырған келесі проблемалар:
Энергетикалық тапшылық- Арқалық қаласының жылу-электр станциясы құны қымбат мазутта жұмыс жасайды. Көмірден қарағанда мазут 5 есе қымбат және қазіргі сол жердің тұрғыдарының барлық экономикалық табысы қаланың энергетикалық шығындарын өтеуге құртылады. Бұл өз кезегінде жаңа өндірістік орындарын салу, әлуметтік маңызы бар обьектілерді қолдау және олардың сапасы мен санын арттыруда үлкен кедергілер туғызады.
Су- су ресусртары қаланың болашақ дамуы үшін өте маңызды олып келеді. Қазіргі таңдағы климаттық жағдайлар мен Қала құрылысы кезінде сумен қамтамасыз ету мәселесі екі су қоймасын салу арқылы шешілді: көлемі 16,5 млн текше метр Ақжар және 5,2 млн текше метр Ащы-Тақта. м.Қалада барлығы 21,7 млн ​​текше метр су қоры бар. Бірақ сіз су қоймаларына сене алмайсыз. Жер бетіндегі күшті булану судың онсыз да аз болуын азайтады. Жер асты сулары терең және минералданған. Жауын-шашын жылына 130-дан 300 мм-ге дейін түседі, бұл да жеткіліксіз.
Жол мәселесі- негізі Арқалық қаласы арқылы стратегиялық маңызы жоғары жол өтеді. Жезқазған-Қызылорда Есіл- Арқалық трассасы оңтүстік пен солтүстікті байланыстыратын маңызды объект. Өкінішке орай ол тас жолдардың сапасы қазіргі таңда өте мүшкіл халде.
Әлуметтік жағдай- қала жоғарыда айтқанымдай қала елес қала танылған. Бұл қала тұрғындарының қазіргі әл ауқатын көрсетеді. Көшіп кетіп жатқандардың көбісі Астана қаласына көшіп жатыр. Халықтың қазіргі проблемалары туралы ойын зерттеу үшін біз сауалнама жүргіздік:
Сауалнаманы өткен адамдардың 35 пайызы 20 жылдан астам уақыт, 30 пайызы 15 жыл ал қалған дары 10 жылдам кем уақыт қалады тұрады.
Сауалнама өткендердің 40 пайызы жол сапсын 53 деп бағаласы 20 пайызы 2 бағасын қойып отыр. Ал қатысушылардың көп бөлігі яғни 55 пайызы қалады көңіл көтеретін орындардың жеткілікті екенін айтып отыр. Ал 20 пайызы әлі көбейтуге болаты дейді. Бірақ өкінішке орай жасөспірімдерге арналған репиторлық немесе басқа да даму орталықтары аз болып шықты. 47 пайыз адам өте аз дейді. Ал 27 пайызы аз десе 20 пайыз адам жеткілікті деп жауап берді. Қала ішіндегі инфақұрылымның дамуы да біздің сауалнамамызға кірді. 11 пайызы 5 36 пайызы 4 ал қалғаны 3 тен кем баға қойды. Қатысушылардың 90 пайызы қаладан көшкісі келетінін айтса ал 10 пайызы жақсы жұмыс табылса көшетінін айтты. Ал жұмыс орындарына тоқталатын болсақ 56 пайыз адам жұмыс орнының аз екенін айтса 44 пайызы жұмыс орындарының бар екенін бірақ ондағы төлемақы тым аз екенін көрсетті.

Өткізілген сауалнама нәтижелері

2.1. Жұмыс мәселесі мен инновация принциптері

Жұмыс орындарының жеткілікті болуы әр қала үшін маңызды болып табылады. Өкінішке орай жоғарыда көрсетілген қаланың экономикалық әрі экологиялық проблемаларына қатысты қала ішінде ауыр өндірістік орындар салу оңай емес. Бірақ қазіргі замандағы көп елдерге мұнайға тәуелділіктен айырылуға септігін тигізіп келе жатқан IT саласына көз салуға болады. Бұл сала тек білікті мамандарды қажет етеді және де IT компанияларының ең басты ерекшелігі олар бір орында отырып кез келген елдердің тапсырыстарын орындай алады. Қазіргі таңда IT саласы Қазақстанда қарқынды түрде дамып келеді. Business and Technology Services елдегі ірі металлургиялық және энергетикалық компания болып табылатын ERG үшін бизнесті трансформациялаудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруда. Мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың аяғында болжамды дайын түсім 111 790 763 118 теңгені, салық шегерімдерінің сомасы 16 009 521 939 теңгені құрады. Жоғарыда айтқанымдай тапсырыстарды жергілікті компания басқа елдерден де қабылдай алады. Мысалы Қарағанды қаласында орналасқан киберқауіпсіздікке жауапты Kibc Technology компаниясы Өзбекстан, Қырғызтан және Тәжікістан елдерінде жұмыс жасаған. Арқалық қаласындағы орта табыс шамамен 170 мың теңгені құрап отыр.
Ал IT мамандарының жалақысын келесі графигтен көруге болады. [1]

1-графиг

Байқағандарыңыздай егер графигтен орта жалақыны табатын болсақ, онда шамамен 500 мың теңге шығады. Бұл саладағы мамандардың көбісі Алматы мен Астана қаласында жұмыс жасайды. Әрине ол кісілерді Арқалық қаласына жұмыс барысымен көшіру үшін ол кісілерге жеңілдіктер жасалу керек. Мысалы бұрынғы жалақының үстінен ең төмен жалақы мөлшеріне тең сумманы қосу, тұратын орын тауып беру, қоғамдық көліктерге тегін билеттер беру және т.б. Қазіргі таңда елдегі IT саласындағы компаниялар қарқынды дамып келеді. Мысалы қазіргі таңда қазақстанның 50 компаниясы экспортты жоспарлап отыр. Сонымен қатар ресей нарығынан кеткен бірнеше компаниялар бар:
Playrix (17млрд, ойындар жасау)
Tinkoff Bank(6,3 млрд, онлайн-банк)
Nexters (1,9 млрд ойын жасау)
CПБ Биржа (1 млрд, биржа)
Mytona (0,25 млрд, ойын жасау)
TypeType(шрифт студиясы)
Level Travel( онлайн тураларды броньдеу)
Red Mad Robot (қосымшалар жасау)
Олардың жұмысының спектрі java-, dotend-, frontend тілдеріндегі толық циклді бағдарламалар мен қосымшаларды мобильді және веб-әзірлеу болып табылады. Клиенттердің көпшілігі Еуропа, Америка, Австралия және Израиль компаниялары FinTech, денсаулық сақтау, ойын-сауық, электронды коммерция, спорт және т.б.
Жоба тобында қазір шамамен 120 адам бар, бірақ саяси оқиғаларға байланысты олардың барлығы қазір әртүрлі елдерде: Польшада, Грузияда, Қазақстанда. Серіктестік басшысы Игорь Николаевпен бірге 15 адам Алматыға қоныс аударды. Ұжымда бір жергілікті құрылысшы жұмыс істейді, 1 мамырдан бастап оған тағы үш қазақстандық қосылады.[7]
Осы саладағы компанияларды Арқалық қаласына әртүрлі акцияларды қолдану арқылы қызықтыру тағы бір маңызды ол жастарды Арқалыққа тарту болып табылады. Айти компанияларындағы жұмысшылардың тек 20 пайызы 30 дан асқан азаматтар болып табылады. Және біз білетіней олардың өздері де жастарға арнап әртүрлі тегін курстар жүргізеді. Бұл да қала тұрғындарының әлуметтік жағдайы үшін өте маңызды. Бұл идея Ресейде инополис қаласында іске асып жатыр. Ол қала елдің технарьлық даму орталығына арналған. Онда жаңа технологияларды зерттеу және оларды сынап көруге арналған барлық жағдайлар жасалған. Қазақстанға адам капиталына акцент қойып отырған ел үшін бұл тиімді бастама болып табылады.
Жоғарыда атап өткен принциптерге тоқтала кетейік. Бұл принцептер неге иновациялық даму Арқалық қаласы үшін жақсы мүмкіндік деген сұрақтарға жауап беріп, оның перспективасын ашады.
Жаңашылдық:
Нөлден жоғары профильді ғылымды яғни, білім деңгейінің жоғары санатын қажет ететін салалар желісін құру;
Елеулі білім беру және сараптамалық ресурстарды тарту;
Иновациялық технологияларды тікелей аумақта енгізу (қолдану).
Ондай технологиялардың болуы азаматтардың күнделікті өмірін жақсарту құралы ретінде жарасады. Жаңа үлгідегі инновациялық қалалардың қалыптасуы көптеген пайда әкеледі республикалық, аймақтық билік органдары, сондай-ақ шағын қалалардың тұрғындарының өздерінің өміріне де біраз өзгерістер енгізеді.
Неліктен ол бізге пайдалы?
Әрине, әрбір шағын қала жаңашыл бола алмайды. Даму шағын қалалардағы инновациялар белгілі тәуекелдер мен шығындарға тап болады: төмен өмір сүруге қажетті инфрақұрылым сапасы, қызмет көрсету саласының жеткіліксіз даму деңгейі, басқа аймақтардан адам капиталын тарту үшін инвестордың қажеттілігі және білімге инвестиция салу сияқты шығындар мен проблемаларға тап болуымыз мүмкін. Дегенмен, шағын қалалардың оларда іске қосылуының бірқатар артықшылықтары бар.
Инновациялық индустрия және цифрлық экономика жобаларын дамытуға деген мүмкіншіліктер көп әсерін тигізеді.
Жылдам орналастыру мүмкіндігі (соның ішінде бизнес)
Аз конкуренттер және нарықтың қолжетімділігі, әсіресе жобалар үшін пайдасын көп тигізеді. Шағын қала ішінде бизнестің бастапқы этапта орнығуы кадр тапшылығынан сәл қиын болғанымен оны ары қарай дамыту әрі қолдап тұру оңай болады. Қала масштабы жұмысты тез бастаудың кепілі бола алады. Жобаны іске қосу күндері ірі қалалармен салыстырғанда бірнеше есеге қысқартылуы мүмкін. Берілген артықшылығы аймақтарға жоспарларды тезірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өндірісті дамыту және жұмыс орындарын құру. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары
Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайлары (Арқалық қ. мысалында)
Жергілікті салықтардың мемлекеттік бюджеттегі рөлі
Шағын қалалардың дамыту бағдарламасы
Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Улы заттардың ағзаға әсері
Ұлт-азаттық көтерілістері туралы Қытай қазақтарының тарихи жырлар
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы туралы
Торғай үстіртінің физикалық –географиялық жағдайына толық сипаттама беріп, ондағы ұйымдастырлатын шаруашылық әрекеттерге талдау жасау
Пәндер