Қазақстанның туристік кластерінің дамуын қозғалтқан инвестициялық жобалар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан тарихы (ҚӘҚ) Курстық жұмыс

Бөлім: Қазақстан экономикасы
Тақырып: Қазақстанның экономикалық стратегиялары
Тақырыпша: Қазақстандық инвесторлардың туристік кластер құрудағы жеткен жетістіктер қандай?

сөз саны: 2869



Орындаған: Мусаева Лина
Жетекші: Ахметкулова Багдаш Нурланкуловна
Ішкі модератор : Әміртай Эльмира Төлебайқызы

Мазмұны
I.Кіріспе__________________________ __________________________________3
I.I. Зерттеу өзектілігі_________________________ ___________________3
I.II. Зерттеу мақсаты____________________________ ________________3
I.III.Зерттеу міндеттері_________________________ _________________4
I.IV. Зерттеу сұрақтары__________________________ _______________4
I.V. Гипотеза___________________________ _______________________4

II.Негізгі бөлім______________________________ ________________________4
II.I. Әдебиеттерге шолу_______________________________ __________4
II.II Зерттеу әдісі______________________________ ________________7
II.III. Зерттеу қорытындысы________________________ ____________14
II.IV. Бағалау____________________________ ____________________15

III. Қорытынды__________________________ ___________________________16
III.I. Ұсыныстар__________________________ ____________________17
III.II. Рефлексия__________________________ ____________________17
III.III. Жұмыстың жаңалығы___________________________ _________17

IV. Қолданылған әдебиеттер мен ресурстар__________________________ ____18

V. Қосыма_____________________________ ____________________________19


Кіріспе
Заманауи туризм индустриясы - әлемдік қызметтер саудасының табысы, ең ірі салаларының бірі болып табылады. Туризм әлемдік жалпы табыстың 10% -ын, дүниежүзілік қызметтер экспортының 30% -ын және бүкіл әлемдік инвестициялардың 7% -ын құрайды. Соңғы 10 жылда шет елдерінде туризм саласының өркендеуі жоғары болып келген және экономикалық алдын-ала әсер етуге болатын туристік кластерлер жасалуда. Қазақстанда да саланың динамикасы үлкен жетістіктерді жариялайды. 2019 жылы туризм секторы қабылдаған инвестициялардың көлемі рекордті деңгейге жеткізген, 153.7 миллиард теңге құрылды [1]. Үкімет туристік кластердің инвестициялық әлеуетін және өзара әрі басқару жоспарларын жүзеге асыруға жұмыс істейді. Салымдық ақшадан пайдалану арқылы елде жұмысбастылық деңгейін көтеру, адамдардың біліктілігін жақсарту мен экономикалық өркендеуді қолдауға болатын мүмкіндіктерді жетілдіру мүмкін.

I.I. Зерттеу өзектілігі
Бүгінгі таңда туризм саласы мұнай инесіне тым үйреніп кеткен отандық экономиканы дамытуға жаңа ынталандырулар бере алады. Қазақстандағы туристік индустрияның бай тарихы және табиғи ресурстардың көптігі осы бағытты дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға негіз болып табылады. KAZNEX INVEST төрағасы Гүлнәр Кенеева туристік өнімдер мен қызметтердің әлемдік стандарттардан алшақ екенін және бұл қазіргі қазақстандық туризмнің басты мәселесі екенін айтады. Шетелден келетін туристер қазақстандық көрікті жерлер туралы жеткілікті түрде хабардар емес, елде танымал туристік брендтер жоқ. Жоғарыда аталған факторлар туристік ағындарды ұлғайту мүмкіндіктерінің болмауының себебі болып табылады [2]. Осыған байланысты жаңа туристік бастамалар мен кластерлерді дамыту үшін ірі қаражатты инвестициялау және шетелдік инвесторларды тарту қажет.
Коронавирустық індет туризм индустриясына қатты әсер етті және 2021 жылы ол қорқынышты зардаптардан кейін біршама қалпына келе бастады. Уақытты жоғалтпау үшін Керуенсарай туристік кешені, Ақтау, Алматы, Шымкент қалаларында жаңа қонақүйлер пайдалануға беріле бастады. [3]. Бірақ отандық туристік брендтің танымалдылығын арттыруды жалғастыру үшін Қазақстан әлі де цифрлық инновацияларды енгізуі және туристік бейімделген инфрақұрылымды құруы қажет. Сондықтан инвестициялық қаражатты тарту басты мақсат болып табылады. Келтірілген деректер инвестициялық қызметтің туризмді дамытудағы өзектілігін дәлелдейді.

I.II. Зерттеу мақсаты
Зерттеу мақсаты -- Қазақстанда инвестициялық туристік жобалардың жүзеге асуында жасалған жетістіктерді анықтау.

I.III. Зерттеу міндеттері
Қазақстанда жүргізілетін инвестициялық туристік жобалардың жетістіктерін анықтау;
Елде туризм саласында инвестициялық белсенділікті шектейтін факторларды қарастыру;
Үкімет жағынан туризм саласына инвестицияларды тарту бойынша шаралардың тиімділігін бағалау;
Қазақстандық туризм саласының инвестициялық тартымдылығын жоғарылату үшін шешімдерді ұсыну;

I.IV. Зерттеу сұрақтары
Қазақстанның туристік кластері қандай инвестициялық жобалардың арқасында дамып жатыр?
Қазақстанның туристік кластерінің инвестициялық тартымдылығы қалайша жоғарылып жатыр?
Қазақстанның туризм саласының инвесиициялық тартымдылығын төмендететін факторлар қандай?

I.V.Гипотеза
Қазақстандық инвесторлардың туристік кластерді ірі қаржыландыруының арқасында Қазақстанда спорттық, этно-рекреациялық, мәдени, курорттық және гастрономиялық туризм біртіндеп дамып келеді. Қазіргі уақытта туризм Қазақстан экономикасының маңызды элементіне айналуда, сондықтан таяу жылдары туризмді қаржыландыруға тартылатын инвесторлар саны артуы мүмкін.

Негізгі бөлім
II.I.Әдебиеттерге шолу

Қазақстанның туристік кластерінің дамуын қозғалтқан инвестициялық жобалар
ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ералы Түкжановтың деректері бойынша, 2021 жылы Қазақстанның туризм саласының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 564 миллиард теңге құраған [1]. Осы қаржы қолданылып, мемлекеттің барлық өңірлерінің туристік әлеуеті барынша жүзеге асырылды. Инвестициялық қаражаттың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін 2016 жылы мемлекетте "5 институционалды реформа жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" ұлттық жоспары іске қосылды. Алматы қаласының туризмді басқару қызметінің басшысы, Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда қала жоғары дамыған туристік инфрақұрылымына тиесілі . Алматыда 137-ге жуық қонақ үйлер, театрлар, мұражайлар, ресторандар, көрме орталықтары мен басқа да туристік нысандардың үлкен саны бар. Одан басқа, шетелдік инвесторлардың қолдауы арқылы, мемлекетте ең басымды туристік дестинацияларды ашуға мүмкіндік болған. Солардың қатарындағы "Шымбұлақ", "Медеу", Үлкен Алматы өзені, Шарын шатқалы, Көлсай өзендері, ұлттық саябақтар және басқа да көрікті жерлер жыл сайынғы жергілікті мен сыртқы туристтердің санын көбейтуге көмектесіп жатыр. Қаланың туризмді басқару қызметінің деректеріне сүйенсек, 2021 жылы Алматыға келген туристтердің саны 761 мың адамнан асқан. Қабылданған инвестициялық жобалардың шеңберінде, қала үкіметі ішкі туризмді дамытуға жоспарлайды. Осы орайда, Үндістан, Қытай, Иран мен Ресей елдерінің туристік нарықтарына Алматы туралы керекті ақпаратты тарату бағытында жұмыс жүргізіледі. Бұған шет елдерінде көрмелерді ұйымдастыру шаралары, жергілікті телеарналар мен ақпараттық турлар арқылы жарнамалау кіреді. Сонымен қатар, "5 институционалды реформаның" 86 қадамы бойынша, Алматы қаласында оқиғалық туризмді дамыту мақсаты бар. Осы шараларға мемлекеттік бюджеттен 700 миллион теңге көлемінде инвестиция аударылады. "100 нақты қадам" жоспарына сәйкес, мемлекетте ежелгі тарихи мен мәдени қайта жаңғыруы көзделген [5]. Осы бағытта Наурызбай мен Алатау аудандарында тарихи нысандарды салу мен қалпына келтіруге мақсат қойылды. Тарихи инфрақұрылымын кеңейтіп, туристтерге бұрынғы ұрпақтардың тұрмыс-салтын көрсетуге болады.
Алматы қаласынан басқа Шығыс Қазақстан облысында да ірі инвестициялық жобалар жүргізіледі. Сондай-ақ, Глубоковский ауданында оқыту-жаттықтыру спорттық кешен салынған. Тау-шаңғы кешен отандық спортшылардың халықаралық жарыстардағы жетістіктерін көбейтуге көмектесу тиіс. "Алтай Альпы" тау-шаңғы курортының директоры, Александр Чиликиннің деректері бойынша, "Бизнесті даму жол картасы -- 2020" кешеннің инфрақұрылымының жақсаруына қаражат бөлінген. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстанның Урджар ауыданында "Қожегелді" сауықтыру кешені мен Бесқарағай ауданында "Жаңа ауыл" киіз үй қалашағы салынды. ШҚО кәсіпкерлер Палатасының директорының орынбасары, Қайрат Мамырбаевтің айтуынша, өңірде дамып жатқан 52 туристік инвестициялық жобалар бар [6].
Іскерлік ақпарат орталығының тілшісі, Ақтоты Райымқұлова туризм саласына жеке инвестицияларды тарту бойынша көп жұмыс жасалғанын айтқан. Мұның арқасында курорттық зоналарда туристтерді орналастыру орындарының саны 40%-ға көбейген. Тілшінің ақпараттары бойынша, 2020 жылы жергілікті атқарушы органдарымен бірге 52 жобалардың іске қосылуына 61 миллиард теңгеге жуық инвестиция жасалған. Ал 2021 жылы 19 инфрақұрылымдық жобаларға 40 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ, Каспий теңізінің жағалауында тематикалық саябақтың құрылысы, халықаралық деңгейдегі қызмет көрсететін 4-5 қонақ үйлерді салуға жоспарланады. Сонымен қатар, Түркістан облысында құрылған тарихи-мәдени нысандар 2021 жылы 8-10 мыңға жуық туристтерді тартқан [7]. Осы ақпараттар бойынша, туризм саласындағы инвестициялық жобалар елдің барлық өңірлерінің дамуына үлкен үлес қосып жатыр.
KazakhTourism мемлекеттік компаниясының 2022-2031 жылдарға көзделген стратегиясы бойынша 2031 жылға қарай салаға тағы 1.47 триллион теңге көлемінде инвестиция тартылады. Мұның ішінде шетелдік қаражаттың көлемі 221 миллиард теңгеге жетеді. Осындай үлкен салымдар ұлттық саябақтардың инфрақұрылымын кеңейтуге, 14-тен астам визит-орталықтарды салуға көмектеседі [8].
Қорытындылай келе, қазақстандық туризмнің жоғары инвестициялық тартымдылығын белгілеуге болады. Саланың өркендеуі әлеуметтік-индустриалды дамуды жылдамдатуға көмектесу тиіс.

Қазақстандық туризмнің инвестициялық тартымдылығының жоғарылуы
"100 нақты қадам" ұлттық жоспарының "Әртараптандыруға негізделетін индустрияландыру мен экономикалық өсім" бағытын дамыту шеңберінде, 55, 56, 57, 59, 63 және 86 қадамдар бойынша елде шикізаттық емес экспорт, техникалық жаңалықтар мен туризм салалары үлкен демеу алып жатыр [9]. "100 нақты қадам" жоспарының 57 қадамына сүйенсек, Қазақстан бірегей табиғи-климаттық, тарихи мен мәдени әлеуетке тиесілі болған соң, туризм саласының сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер бар [10]. Сол себептен, қазіргі таңда саланың инвестициялық тартымдылығы барынша жоғарылуда. Қазақстанның туристік кластерін дамыту арқылы, елдің ЖІӨ де өседі, мемлекетте туризм мен қабаттас салаларындағы жаңа жұмыс орындары қалыптаса алады. Шетелдік инвестициялар Қазақстанның халықаралық сахнадағы танымалдығын арттыруға көмектеседі.
Туризм индустриясының комитетінің төрағасы, Дастан Рыспековтың деректері бойынша, Қазақстанда 10 басты туристік дестинациялар анықталған, және осы аймақтарға инвестиция салатын тұлғалар белгілі салықтар түрлерінен босатылады. Осындай жеңілдікті алу үшін салымдардың минималды көлемі 200 мың АЕК құрастыру тиіс. Бұл көрікті жерлердің инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға көмектеседі. Басқа салалармен салыстырсақ, инвестициялардың минималды шегі 200 миллион АЕК құрастырады. Сонымен қатар, жаңа заңдар туроператорлардың шығындарын қаражаттандыруды да ескертеді. Шетелден келетін әр турист үшін туроператорларға 15 мың теңге көлемінде сыйлықақы беріледі [11]. Ұсынылған қаражаттандыру жүйесі туроператорларды пакеттік сатылымдарды дамытуға ынталандырады, өйткені осы туристтік ұсыныстар шетелдік туристтердің Қазақстанда, кем дегенде, 5 күн бойы болуын ескертеді.
Инвесторларды тарту шараларының шеңберінде, "Kazakh Tourism" мен "KAZAKH INVEST" компанияларының басшылары өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойған. Инвестициялық жобалардың дамуы бойынша жүргізілетін бірлескен жұмыстың аясында, туристік жобалардың әлемдік жұртшылыққа жариялануы заманауи CRM ақпараттық-басқару жүйесі арқылы жасалады [12]. Сонымен қатар, екі-жақты ақпараттық қолдау арқылы туристік нысандарды әлеуметтік желілерде жарнамалауға, бизнес-форумдарды мен көрмелерді ұйымдастыруға болады.

Қазақстандық туризмнің инвестициялық тартымдылығын төмендететін факторлар
Мәдениет пен спорт саласының вице-министрі, Ержан Еркінбаевтың мәліметтеріне сүйенсек, туризм саласында 49 жобалар 308 миллиард теңге көлемінде қосымша инвестицияларға қажетсінеді. Осы нысандар жобалық-сметалық құжаттарды жасаған, бірақ қаражаттандырусыз оларды іске қосуға мүмкіндік жоқ. Соның ішінде Имантау-Шалқар курорттық зонадағы көлік жолының құрылысы, Алакөл өзеніндегі жағалауды бекіту ғимараттары, Балқаш өзенінің жағалауының көріктенуі. Аталған жобалар аймақтардағы туризмнің дамуы үшін өте маңызды, өйткені бұл облыстардың инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға көмектеседі [13]. Ал ұлттық саябақтардағы инфрақұрылымның болмауын негізгі шектеуші фактор ретінде қарастыруға болады. Маманның айтуынша, Қазақстанда тау-шаңғы курорттарының жетіспеушілігі бар және бұл туризм саласының әлеуетті табыстылығын қатты төмендетеді.
Мамандардың байқауынша, мемлекетте инвестициялардың ұтымсыз қолданылу мәселесі өз өзектілігін сақтап жатыр. Мәселен, 2019 жылдан бері Түркістан облысының туристік әлеуетін ашу үшін өте үлкен көлемдерде инвестициялар жасалған. 2019-2020 жылдардың ішінде олардың көлемі 114 миллиард теңгеге өскен. Ал қалған 16 аймақтарда салымдардың көлемі 86 миллиард теңге құраған болатын. Соған қарамастан, Түркістан облысы туризм саласы бойынша көшбасшылар тізіміне әлі жеткен жоқ. Сонымен қатар, облыстық шетелдік туристтер үшін тартымдылығы да өспей жатыр. Сондай-ақ, 2021 жылдың бірінші 6 айдың ішінде аймаққа келген туристтердің саны тек 870 адам құраған. Басқа аймақтармен салыстырсақ, бұл ең төменгі көрсеткіш. Мысалы, Алматыға 54.2 мың шетелдік туристтер келген, ал Нұр-Сұлтанда 34.9 мың туристтерге қызмет көрсетілген [14]. Сол себептен, Түркістан облысына жіберілетін инвестицияларды қолдану саясатын өзгертіп, оның тиімділігін жоғарылату қажеттілігі бар.
Қазақстанның туристік имиджінің қалыптасуы -- ұлттық экономиканың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі. Дегенмен, ұлттық туристтік брендтерді дамыту шараларының тиімділігі өте төмен. Мысалы, Қазақстанда KITF "Туризм мен саяхаттар" атты халықаралық көрме жүргізіледі, бірақ бұл, негізінде, сыртқы туризмнің дамуын ынталандырады. Көрмеге шетелдік туроператорлар келіп, жергілікті туристік компаниялармен келісімшарттарды құрастырады [15]. Алайда, бұл отандық туристік брендтерді дамытуға мүмкіндік бермейді. Сол себептен, мұндай шараларға байланысты отандық туризмнің инвестициялық тартымдылығы төмендеу мүмкін.

II.II.Зерттеу әдісі

Инвесторлардың қазақстандық туристік кластердің дамуында жеткен жетістіктерін жақсырақ түсіну үшін әлеуметтік сауалнаманы өткізуге болады. Осы зерттеу әдісі арқылы азаматтар туризм саласындағы өзгерістерге қалай қарайтынын анықтауға көмектеседі.

Әлеуметтік сауалнама
Әлеуметтік сауалнамаға 100 респонденттер қатысқан болатын, сондықтан зерттеу әдісінің статистикалық нәтижелері сенімді зерттеуді өткізуге жарамды болады. Сауалнамаға қазіргі туристік кластердің тиімділігін, азаматтардың ішкі туризмге деген көзқарастарын анықтайтын сұрақтар кірген.

1 диаграмма - Қазақстан туризм саласының даму деңгейі.
Бірінші сұрақ респонденттердің Қазақстанның даму деңгейің бағалауына бағытталған.
Өте төмен деңгейде және көптеген мәселелер шешілмеген деп респонденттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуындағы кластерлік жүйені енгізудің өзекті мәселелері мен бағыттары
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Туризм кластерінің даму ерекшеліктері
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Қазақстан Республикасында халықаралық туризмді дамыту мәселелері
Пәндер