Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы»

Презентация

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңының негізгі бағыттары

Орындаған:Қали Н. С.

Группа: ЖМҚБ-01-22

Қабылдаған: Мәліков М. М.

Шымкент 2022

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қр халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы заңы

4. Фармацевтикалық және медициналық қызметкерлердің құқықтық мәртебесі, олардың әлеуметтік қорғалуы

5. Қорытынды

6. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады

Қр халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы заң

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан -2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың бүкіл өмір сүру кезеңінде халқымыздың денсаулығын сақтау бойынша міндеттер қойды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» өзінің кезекті Жолдауында денсаулықты мемлекет дамуының негізгі факторы ретінде айқындады, сондай-ақ мемлекеттің, жұмыс берушілердің және халықтың азаматтардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігінде көрсетілген денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қағидатын белгілеп берді. Елдің алдына әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына енуі бойынша жаңа міндет қойылды, бұл денсаулық сақтау сапасының жоғары деңгейін де білдіреді.

Қолданыстағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінде әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуі үшін денсаулық сақтауды дамытудыңбастапқы кезеңдері орналасқан болатын.

Әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену бойынша міндеттерді іске асыру денсаулық сақтау жүйесін жылдамдатып дамытуды талап етеді, бұл денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы туралы қазіргі түсінікті түбегейлі өзгертеді.

Бұл мақсатқа қол жеткізу жүйеден қысқа мерзімде әлемдік және отандық экономиканың кез келген ауытқулары кезінде қаржылық тұрақтылықты сақтай отырып, медициналық көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен сапасы қамтамасыз етілетін жеке және әлемдік тәжірибенің үздік мысалдарына негізделген денсаулық сақтаудың жаңа, ұзақ мерзімді үлгісін құруға өзінің күшін топтастыруды қажет етеді. Сондай-ақ Кодекс жобасының жаңа редакциясын әзірлеу қажеттігі денсаулық сақтаудың жаңа жетістіктеріне негізделген денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізу бөлігінде медицинада жаңа технологиялардың екпіндеп пайда болуына және халықтың үмітінің артуымен байланысты

Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту

ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығы денсаулық сақтау жүйесінен барлығы 10%-ға тәуелді және жеке адамның денсаулығының жай-күйі көп жағдайда адамның ақпараттық төңірегінің барлық өспелі күшінің әсерімен қалыптасатын оның өмір салтына, таңдау құқығына, әлеуметтік статусының деңгейіне және сол немесе өзге өмір салтын қалыптастыру бойынша мүмкіндіктердің қолжетімділігіне қарай айқын болады.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшының Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі заманғы денсаулық сақтауқымбат тұратын стационарлық емге емес көбінесе аурулардың профилактикасына бағдарлануына бағытталуына негізгі акцент жасалды.

Халықаралық тәжірибе бізге қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы, әсіресе, тек халық денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосып қоймай, сонымен бірге ел экономикасын дамытуға да үлес қосатын инфекциялық емес аурулардың профилактикасы бойынша да шұғыл шараларды қабылдау үшін негізделген экономикалық аргументтерді көрсетеді.

Соңғы 5 жылда Қазақстанда негізгі инфекциялық емес аурулар ауыртпалығының қанайналым жүйесі ауруларының 5, 4%-ға, онкологиялық аурулардың 2, 1%-ға, қант диабетінің 20%-ға, тыныс алу ағзалары ауруларының 10%-ға өсу үрдісі байқалады. Бұл созылмалы аурулар бүкіл әлем бойынша өлімнің негізгі себептері болып табылады. Соңғы жылдары олардан өлім инфекциялық және паразиттік аурулармен салыстырғанда жоғары. Қазақстанда өлімнің 67% жағдайы созылмалы инфекциялық емес аурулардан болады.

Созылмалы инфекциялық емес аурулар әлемде алдын алуға болатын сырқаттанушылық пен мүгедектіктің негізгі себептері болып табылады. Бұл сын тегеуіріндер Қазақстан азаматтарының денсаулығына әсерін тигізеді және мінез-құлықтық қауіп факторлары және күрделі демографиялық жағдайдың кеңінен таралушылығы сияқты негізгі факторларға байланысты

Медициналық қызметкерлердің құқықтық мәртебесі, олардың әлеуметтік қорғалуы

1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің:

1) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;

2) жеке медициналық практика мен фармацевтикалық қызмет жүргізуге;

3) бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;

4) штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;

5) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

6) азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайларда ұйымдарға немесе азаматтарға тиесілі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көліктің кез келген түрін оны таяу жердегі медициналық ұйымға жеткізу үшін кедергісіз және тегін пайдалануға;

7) қызметтік тұрғын үй берілуге;

8) жүріп-тұру сипатындағы қызметіне байланысты көлік шығыстарын өтетуге;

9) кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;

10) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен ерекшеліктері
Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымы дамуының заманауи жағдайы
«Денсаулық сақтаудағы азаматтық, еңбек, коммерциялық және халықаралық құқық.ҚР денсаулық саласындағы бірыңғай ұлттық жүйе»
Денсаулық сақтау саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz