Демократиялық сайлау жүйесінің болуы


ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : Қазақстанның құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде дамуы
Орындаған: Серікбай З. Б
Қабылдаған: Инкарбаев Е. Т
Алматы 2023ж
Жоспары:
I. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2. 1 Демократия жайлы жалпы түсінік
2. 2 Демократиялық қоғамның белгілері.
2. 3 Қазақстан Республикасындағы демократия.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп жазылған. Қазақстанның демократиялық мемлекет ретіндегі сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген бөлімдерінің мазмұнынан туындайды. Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы Конституцияның, тұтас алғанда халықтың, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жекелеген адамдардың заңды мүдделерін қорғауға тілек білдірген, ынталы және қабілетті өкілдерін өкілетті органдарға ұсынып, сайлауға мүмкіндік беретін демократиялық нормаларды белгілеуімен көрінеді.
Қазақстан халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп тану, біріншіден, мемлекеттің, оның органдарының халықтың еркі бойынша қалыптасатындығын білдіреді. Президентті, Парламентке депутаттарды нақ халықтың өзі сайлайды, сөйтіп мемлекеттің жоғары заң шығарушы органы Прламентті және жергілікті өкілді органдарды құрады және қалыптастырады. Екіншіден, қалыптасушы, дамушы ұлттық құқықтың негізінде Қазақстан халқының мемлекеттендірілген еркі жататындығын білдіреді.
- Демократия жайлы жалпы түсінік
«Демократия» - сөзі гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен шыққан, яғни «халық билгі» деген мағынаны білдіреді.
Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
- Мемлекет түрі;
- Теңдік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принципіне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
- Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әр түрлі рең алған. Олар мынадай мемлекетті демократиялық деп түсінген:
- Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конститутция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болды. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады;
- Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауды, т. с. с. теңдік болады;
- Демократияда әділеттік болуы керек. Әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениеттің дәрежесімен айқындалады;
- Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділетті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерін азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуіне, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сыйланбалы болуға дұрыс.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау - дамай, шиеліністерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы, және т. с. с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.
Сонымен, демократия деп халықтың билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Демократияның антикалық, классикалық теориялары.
Тұңғыш демократиялық мемлекет б. з. д. V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда «халық кеңесі» жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т. с. с.
Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Қалық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорқытты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны «бесжүздік» деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар «халық соты» жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырады. Афиналық демократия Периклдің (б. з. д. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінеді.
Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда «халықтық мінбе» жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған. Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешілігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады. Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның «Шумпетерлік» теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
- Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болуы тиіс;
- Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек;
- Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек;
- Демократиялық өзін - өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Демократияның алуан түрлі элитарлық теориялары.
Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттеледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет. Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді. «Ақпараттық демократияның» негізін қалаушы Франция саясатшысы М. Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және свайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.
Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастарме байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге ткелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шектетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; Халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін - өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саями институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етуі, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталынуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді, оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т. с. с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сонау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мен меншікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
- Демократиялық қоғамның белгілері.
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында:
- Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
- Меншік түрлерінің әркелкілігі;
- Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
- Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;
- Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
- Мүгедектермен, табысы төмен топтарға қамқорлық жасау.
Саяси салада:
- Саяси пікірдің әралуандылығы;
- Көппартиялылықтың болуы;
- Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
- Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
- Оларды іс жүзінде қолдау;
- Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
- Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
- Оппозицияның болуы.
Рухани салада:
- Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т. с. с. бостандықтар жүйесінің болуы; Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
- Ғылыми - техникалық прогресстің дамуы;
- Оқу - ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
- Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
- Зұлымдық, қаталдық, нәсімшілдік насихатынан шектеу.
Әлеуметтік салада:
- Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
- Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
- Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздікпен қорғалуы;
- Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
- Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
- Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу.
Қазіргі кездегі демократиялық қозғалыстар.
Қазіргі уақытта мынадай демократиялық қозғалыстар бар:
- Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі;
- Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар;
- Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар;
- Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес;
- Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы;
- Жер мәселесі және әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы;
- Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.
Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру.
Саяси жүйені демократияландырудың мынадай негізгі бағыттары бар:
- Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін - өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мемлекеттердің өкілеттік бастамаларын дамыту;
- Барлық әлеуметтк топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру;
- Жеке адамның жан - жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастық процестерін жүргізу;
- Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шығарылуына қарсы тосқауыл жасау;
- Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау;
- Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін қалыптастыру.
2. 3 Қазақстан Республикасындағы демократия.
Біз жоғарыда демократиялық қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайлардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік. Қазақстан Республикасының Конститутциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу» деп көрсеткен.
1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республкасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация конститутциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылады.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.
Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе - теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс - қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. «Қазақстан халқы» деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конститутциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді - сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет ең алдымен Конститутция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзім біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндікті береді. Бұл ретте оларға Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес сөз, ар - ождан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу «ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дамуын шешу, сондай - ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің санаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Крнститутцияда қарастырылды. Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық.
Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет.
Бұл Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекетпен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді.
Сонымен бірге әркімнің ар - ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы. Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
Қазақстан - құқықтық мемлекет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz