Музыка пәнінде заманауи технологияларды пайдаланып оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды жоғарғы гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс
Музыка сабағында заманауи технологияларды пайдалану

Орындаған: Жумабаева А.М
Жетекшісі: Кусаинова А.Қ

Қарағанды 2023
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Музыка пәніндегі оқытудың тиімді жолдары
1.1 Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Музыкалық мектептегі заманауи педагогикалық технологиялар: дәстүр мен жаңашылдық арасында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2. Музыка пәнінде заманауи технологияларды пайдаланып оқыту
2.1 Сиқырлы муызка аспаптары Шаңқобыз. Дабыл
2.2 Музыка әлемінде сыныптан тыс ашық сабақ
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық қазыналар, ғылым мен практикалық жетістіктері және тұлғаны қалыптастыру үшін жағдайлар жасау,- деп ерекше ата көрсетілген.
Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамының алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын және заманына сай мәдени талғамы зор, эстетикадан сусындаған, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу. Біздің қазіргі мектепте тәрбие алып жүрген жастарымыздың эстетикалық тәрбие жүйесі қалыптасқан деп айтуға болады.
Қазіргі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрімен қатар, дәстүрлі емес сабақ түрлері пайда болды. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылды. Ондағы мақсатым - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді екен. Оның мәні - білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек,- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле берсе артық етпейді. Басты міндет - оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский Өнер - өнегілі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты.
Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның патриоттық, адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге болады. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы болғандықтан, әрбір бүлдіршін еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің Әнұранын есіне сақтап, жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының казақ тілінде ән шырқап аудан көлемінде өткен Тіл болашағы балабақшада атты байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез-құлқына, мәдениетіне себін тигізеді. Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы да бар. Музыка балалардың эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып,оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.
Зерттеу объектісі. Мектептегі музыка сабағы.
Зерттеудің мақсаты: музыка сабағында замануи технологияларды пайдаланып оқытудың тиімді әдістерін қарастыру.
Зерттеудің міндеті: Балаларға музыкалық білім беру және музыка сабақтарында заманауи технологияларды пайдалану тәсілдерін көрсету, балалардың музыка тыңдауын қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу нысаны: мектепте бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Зерттеу пәні: музыка пәнін оқыту.
Зерттеу әдістері - ғылыми - педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата - аналар және ұстаздармен әңгіме, сұхбат жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. Балалардың эмоциялық сезімдерін дамытудың мақсат-міндеттері;
2. Музыка сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді тәсілдері;
3. Музыкалық тәрбие берудің маңызы туралы түсінік берілді.
Практикалық пайдасы: эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата - аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепте сынып жетекшілерінің ата - аналармен жұмысында, педагог - психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Музыка пәніндегі оқытудың тиімді жолдары
1.1 Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми - педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ұлттық тарихымыздың, ұлттық менталитетіміздің, ұлттық идеологиямыздың қалыптасуына білім беру жүйесіндегі ірі реформалық процестер жетекшілік ететіні даусыз.
Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.
Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мен осы бағытарда сбақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: Интерактивтік тақатмен жұмыс , мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа , айтыс өнеріне үйретуде - ән - саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет. Олар мыналар:
oo Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін мүмкіншілігін түсіну;
oo Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
oo Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшеліктерден арылуға көмектесу.
Музыка пәнінің басақа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттру, жақсы ұйымдастрылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыка әр саласындағы белгілі компазиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі компазиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты компазиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты компазиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздеріде, сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауға жұмыстанады.
Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының арттатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді - дегенді. Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс тәсілдері болып табылады. Бұл - мұғаліммен оқушыға арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, музыкаға деген бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар, туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру.
Барлық оқушы өз қызыметін ең төменгі жеңіл тапсармалады орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызыметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.
Осылай ойын элементерін әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын Даму мониторингі кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыруы қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.
Атап айтсам: Кім шапшаң?, Әуенді тап, Сөз жұмбақтар т.б сонымен қатар ұлттық музыка әлеміне байланысты сабақты түрлендіріп өткізуге жаңа инновациялық технологияларды қолдану да орыны орасаң зор.

1.2 Музыкалық мектептегі заманауи педагогикалық технологиялар: дәстүр мен жаңашылдық арасында
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады.. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағында заманауи технологияларды пайдалану
Музыка пәнін оқытудың тиімділігі
Пән сабақтарында АКТ-ны қолдануды жетілдіру
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту
Химияны оқыту әдістемсі
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Музыкалық-эстетикалық бәләм мен тәрбие БҚ заманауи мектеп қиыншылықтары
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Пәндер