Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультеті
Саясаттану кафедрасы
5В050200-саясаттану білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Інкаш Дария Берікқызы
Ғылыми жоба тақырыбы:
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Ғылыми жетекшісі:
с.ғ.к., доцент Жанпейісова Қ. Д.
Нұр-Сұлтан - 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1.1. Әйел құқығы жөніндегі халықаралық тәжірибе қазақстандық ерекшелігі: заңнамалық-құқықтық негізін талдау.. 5
1.2. Қазақстан Республикасындағы әйел құқығын қорғау механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ: САЯСАТТАҒЫ ӘЙЕЛДЕР РӨЛІ: КЕМШІЛІКТЕРІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1. Қазақстандық әйелдердің парламенттегі өкілдігі ... ... .. 9
2.2. Қазақстандағы гендерлік квоталандыру жүйесі ... ... ... 11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 14
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХІ ғасырдың еншісінде және үшінші мыңжылдықта әлемдік қауымдастық алдында әйелдердің мәртебесін тиісті деңгейге көтеріп, қоғамдық өмірдің барлық салаларында әйелдер мен ерлер арасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу міндеті тұр.
Гендерлік теңдік - әйелдердің елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етудегі маңызды компонент.
Гендер ұғымы түр, жыныс (ағл. gender, лат. genus) дегенді білдіреді, яғни бұл әйелдер мен ерлер үшін тең мүмкіндіктер мен тең құқықтар. Алайда, көбіне гендер, гендерлік саясат ұғымдарын басқалар әйелдердің билікке деген құштарлығы деп түсінеді. Шын мәнінде, гендерлік саясат - бұл ерлер мен әйелдердің тең құқық иесі болуын көздейтін сала. Қазіргі таңда әлемдік қатынастар, білім беру, ғылым, мәдениет, әлеуметтік саясат жүйесіндегі гендер ұғымы - жаңа көзқарас, қоғамдық қатынастар мен өзара әрекеттесудің жаңа моделі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, әйелдердің саяси өмірге қатысуы демократия мен тиімді мемлекеттік басқаруды дамытудың басты шарттарының бірі болып есептеледі, өйткені әйелдер көбіне қоғамдық мүдделер мен мәселелерді ауқымды түрде ескеруге тырысады. Мысалға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоғамдық орындардағы қысым немесе қалаларда мүгедектер мен балалар арбасына арналған пандустардың жоқтығы сияқты проблемаларды көре біледі.
Алайда, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету процесі қазіргі әлемдегі біршама күрделі процестердің бірі болып табылады және әйелдер мен ерлерге өз құқықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктерін қажет етеді. Сондықтан, қазақстандық контекстегі гендерлік саясат мәселелерін саяси ғылым тұрғысынан зерттеп, ғылыми қорытынды жасап, оның мәселелерін анықтап, шешу жолдарын ұсыну әрқашанда өзекті болып табылады.
Зерттеу объектісі. Қазіргі таңдағы қазақстандық гендерлік саясат және оның негізгі мәселлері.
Зерттеу пәні. Қазақстандағы гендерлік саясаттың мәні, ерекшеліктері және болашағы.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстандағы қоғамдағы гендерлік саясаттың ерекшеліктерін қарастыра отырып, әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктері приципін қоғамдық-саяси қызмет саласында іске асырудың тиімді әдістерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- әйелдер құқығын қорғауға қатысты ҚР қол қойған халықаралық құжаттар мен елдегі ресми заңдарға шолу жасау;
- елдегі парламент қызметіне әйелдердің қатысу динамикасы мен қазіргі деңгейін сипатттау;
- тәуелсіз Қазақстанда тендерлік саясатты қалыптастырудың негізгі принциптері мен тәсілдерін әзірлеу.
Ғылыми жаңашылдығы:
- әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін ұлттық тетіктердің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары тұжырымдалды;
- елде жүргізілген гендерлік зерттеулердің бірқатар нәтижелері дәлелді түрде келтіріліп, әйелдерді саяси өкілдігін арттырудың артықшылықтары көрсетілді;
- әйелдер құқығы мен теңдігіне қол жеткізу мақсатында қандай құқықтық актілерге реформалар қажет екендігі анықталды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлім, төрт тақырыпша, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 12 бет.

1.1. Әйел құқығы жөніндегі халықаралық құжаттар мен қазақстандық заңнама
Қазақстан Республикасының Конституциясы әйелдерге білім алуда, қоғамдық-саяси және мәдени шараларға қатысуда, әйелдердің еңбегі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды қарастырады.
Бүгінде Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде әйелдердің құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау мақсатында 60-тан астам халықаралық-құқықтық актілерге қосылды. Қазақстан Республикасы әйелдер құқығына қатысты қол қойған негізгі халықаралық пактілер мен шарттарға тоқталсақ. Бұл Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт [1], Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт [2], Адам құқықтары туралы жалпыға ортақ декларация [3], Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция [4], Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенция [5].
1999 жылы алғаш рет ұлттық деңгейде әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды. 2000 жылы БҰҰ Мыңжылдық декларациясына қол қойып, 2003 жылы Қазақстан Республикасы - Гендерлік саясат тұжырымдамасын қабылдады. Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы әзірленді [6]. Стратегияда 2006 жылдан 2016 жылға дейін ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу бойынша міндеттерді шешу көзделген болатын. Сонымен қатар, балаларды және жастарды гендерлік тәрбиелеу, гендерлік білім, әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығын жақсарту, ана мен баланы қорғау сияқты маңызды мәселелерге ерекше назар аударылған.
Сондай-ақ, әйелдер құқығы туралы негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Конституциясында да көрсетілген. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы [7] және Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы [8] Заң қабылдады. Алайда, бұл сала әлі де мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың тұрақты әрі жүйелі жұмысын қажет етеді. Сондықтан да, Қазақстан Республикасында әйелдердің құқығын қамтамасыз ету және қорғауға байланысты мәселелер әлі күнге дейін өзекті болып отыр.
Қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру бағытында әйелдердің мәртебесін көтеру және жақсарту, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыру маңызды. Бүгінгі таңда елімізде әйелдердің мәртебесін көтеруге бағытталған көптеген нормативтік құқықтық актілер және бірқатар адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттар қабылданған.
Бірақ, қазіргі таңдағы гендерлік теңдік саласындағы көрсеткіштер аталған шаралардың барлығы халықаралық стандарттар мен келісімге сәйкес келу мақсатында ғана іске асырылып жатқандай әсер қалдырады. Елімізде гендерлік теңдік саласына 2000 жылдардың басынан-ақ назар аударылды. Түрлі халықаралық құжаттарға қол қойылды. Бірақ әлі күнге дейін гендерлік теңдікке тиісті деңгейде қол жеткізе алмай келеміз. Сонымен қатар, әйелдердің саясаттағы өкілдігінің 30%-дық межесін де әлі еңсермедік. Егер аталған шаралардың барлығы нақты жүзеге асқанда, Қазақстан гендерлік квота жүйесін 50%-дық межеге көтеретін деңгейге жететін еді.
2019 жылғы 24 қазанда БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты дискриминацияны жою жөніндегі комитеті әйелдерге өмірдің барлық саласында өкілдік ету үшін 50 пайыздық квота белгілеу мақсатында Қазақстанға Отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ, Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңы да қайта әзірлену үстінде. Ендігі кезекте осы мәселелерді тиісті деңгейде шешуді мақсат ету қажет. Себебі, гендерлік теңдік, гендерлік саясат салаларына тиісті деңгейде көңіл бөлмеу мемлекет пен қоғамның демократиялық құрылымының негіздеріне нұқсан келтіріп, саяси жүйені демократияландыру процесіне де зиянын тигізеді.
1.2. Қазақстан Республикасындағы әйел құқығын қорғау механизмі
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы және басқа да халықаралық құқық нормалары жалпыға ортақ болып табылады. Бұл ретте мемлекеттің міндеті сол халықаралық құқықта көзделген құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету, ал ішкі заңнамалар халықаралық нормалардан құқықтар мен бостандықтарды кеңейту тұрғысынан ғана ерекшеленеді. Әйел құқықтары тұжырымдамасының халықаралық стандарттардың дамуы және деңгейіне көтерілуі өркениеттің маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады. Ұлттық және халықаралық құқықты қалыптастыруда әйелдер мен жеке тұлғаның құқықтарының маңызы зор.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 1948 жылы 10 желтоқсанда Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Оның преамбуласында адам құқықтарына барлық халықтар мен мемлекеттер - қол жеткізуге тырысатын стандарт ретінде қарауы керек деп атап көрсетілген. Адам құқықтары туралы жалпыға ортақ декларацияның маңызды ережелерінің бірі 2-бапта көрсетілген. Онда: Әр адам осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға, ешқандай айырмашылықсыз, мысалы, нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа наным-сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, меншігіне, мүлкіне, тағы да басқа ерекшеліктеріне қарамастан ие болуы қажет делінген [3].
Ал Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы конвенциясына 1998 жылы қосылып, 2001 жылы факультативті хаттаманы ратификациялады [5]. 2000-2007 жылдар аралығында Конвенцияны іске асыру туралы 3 кезеңдік есеп, сондай-ақ қазақстандық ҮЕҰ баламалы есептері БҰҰ-ның Әйелдер құқығы комитетіне ұсынылды. 1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. 2006 жылы Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы [6] қабылданды. Алайда, әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қазіргі таңда бұл мәселе әлі де нақты шешімін таппай отыр. Сондықтан да, қазақстандық әйелдердің құқықтық мәртебесін одан әрі жақсарту қажет. Әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі қазақстандық заңнамалар да одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
1999 және 2007 жылдары БҰҰ Әйелдер құқығы комитеті және 2007 жылы БҰҰ Бала құқықтары комитеті Қазақстанға шұғыл түрде әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын заңдар әзірлеп, қабылдауға кеңес берді. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі туралы және Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобалары әзірленіп, оның нәтижесінде Ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктердің мемлекеттік кепілдіктері туралы заң [8] және Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заң қабылданды [7].
Соның ішінде, 2009 жылы қолданысқа енген Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңға тоқталсақ [7]. ҚР ІІМ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ресми статистикасына сүйенетін болсақ, заң қолданысқа енген сәттен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер саны кемудің орнына арта түскен. Себебі, ол заңда агрессорларды ауыздықтау және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау үшін нақты қандай шаралар атқарылатыны көрсетілмеген. Тек жалпылама ережелермен ғана түсіндірілген. Сонымен қатар, ұрып-соғу мен жеңіл дене жарақаттары сынды физикалық тұрғыдағы залалдар үшін нақты жауапкершілікке тарту туралы бір де бір сөз қозғалмаған.
2020 жылы 23 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Алайда, бұл заң жобасы қатты сынға алынып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазіргі таңда, "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң" Республика Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қайта қарастырылуда. Жаңа заң барлық мәселелер мен қоғамдық пікірді ескере отырып, қолданысқа ыңғайлы негізде әзірленеді деп күтілуде.
Әртүрлі негіздер бойынша, әйелдердің құқығын қорғаудың ұлттық механизмін ұйымдастыру және оны қолданысқа енгізу, заңдар халықаралық стандарттарға сәйкес келсе ғана тиімді болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларын құрметтейді, ынтымақтастық және мемлекеттер арасындағы тату көршілік қатынастар саясатын жүргізеді [9]. Соған сәйкес әрбір мемлекет өзінің ұлттық заңнамасын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Қазақстан Республикасы бұл жолда аздап болса да түрлі шаралар ұйымдастыруда.
1995 жылы Қазақстан Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жариялады. Қазақстанда жүргізілген өкілдік, атқарушы билік, сот жүйесі және құқық қорғау органдарының реформалары институционалды түзілімдерді жаңа конституциялық басымдықтарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz