Қазақстандағы саяси - партиялық жүйені заңдастыру
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультеті
Саясаттану кафедрасы
6В03106-саясаттану білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Мырзабай Әлішер Қуандықұлы, Алжанова Дана Айдынғалиқызы
Ғылыми жоба тақырыбы:
әлі қойылмады
Ғылыми жетекші:
с.ғ.к., профессор Бюлегенова Б.Б.
Астана - 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Егеменді еліміздің партиялық жүйесінің қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қазақстандағы саяси-партиялық жүйені заңдастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ІІ БӨЛІМ.
2.1. Сайлау науқанынан кейінгі орныққан саяси-партиялық жүйенің трансформациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.2. Шетелдік тәжірибедегі саяси партиялар трансформациясы. Салыстырмалы талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .14
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап демократиялық даму жолына түсті. Оның басты белгісінің бірі - халық өз өкілдерін сайлау арқылы билікті қалыптастырды. Өкілетті билікті сайлауда саяси партиялар билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналды.
Қоғамдағы әртүрлі топтардың өз мүддесін еркін білдіре алуы және азаматтық қоғамның саяси құқықтарының толықтай қамтамасыз етілуін орындау - демократиялық қоғамдағы әрбір партияның бұлжымас міндеті. Осы себепті де, демократиялық қоғамда көппартиялық жүйені қалыптастыруда партиялардың санына емес, сапасына көбірек мән берген жөн. Яғни, партия қоғам тарапынан жаппай қолдауға ие болып, қалың бұқара алдында аса үлкен жауапкершілікті мүлтіксіз орындайтын және өз бағдарламасы арқылы мақсатын нақтылап алған болса ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Шындығына келгенде, нағыз демократиялық, құқықтық мемлекеттегі саяси партия тікелей халықтың қолдауымен билікке барып, ел басқару ісіне араласатыны анық. Ал, билік басындағылардың ықпалымен, көзбояушылық арқылы құрылған саяси партияның мақсаты қалың бұқараның мүддесіне толығымен сәйкес келеді деу екіталай.
2023 жылы наурыз айында өткен кезектен тыс Мәжіліс сайлауының нәтижесінде Қазақстанның ең жоғары заң шығару органы демократиялық қоғамның басты ерекшеліктерінің бірі - көппартиялық жүйеге қадам басты. Мұндай практика осыған дейін Мәжілістің І-ІІІ сайланымдары аралығында болған. Содан бергі шақырылған 4 сайланымда еліміздің жетекші партиясы билікті өз қолына алып, Мәжілістің басым квотасын иеленіп отырды. Сайлаудың нәтижесіне сәйкес Мәжіліске пропорционалды квота бойынша өткен 6 партия ұмыт болған практиканы қайта жаңғырту үдерісіне бет алды. Сондықтан, көппартиялы Мәжілістің алдағы уақыттағы жұмысы қалай болатыны және санаулы квота арқылы өткен партиялардың дауысы заң шығару процесіне қаншалықты әсер ететіні әрқашан өзекті болып қала береді.
Зерттеу объектісі. ҚР саяси партияларының заң шығару процесіндегі рөлі.
Зерттеу пәні. Қазақстандағы саяси-партиялық жүйе трансформациясы.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстандағы саяси-партиялық жүйені кезеңді түрде зерттеу арқылы ағымдағы саяси жағдайға баға беру, партиялық жүйені дамытуда тиімді ұсыныстар жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- саяси партиялар туралы ҚР ресми заңдарына шолу жасау, заңнамалық тұрғыдан талдау;
- саяси партиялардың заң шығару қызметіне қатысуы мен қазіргі деңгейін сипаттау;
- тәуелсіз Қазақстанда партиялық жүйені қалыптастырудың негізгі принциптері мен тәсілдерін әзірлеу.
Ғылыми жаңашылдығы.
- партиялық
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлім, төрт тақырыпша, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - ... бет.

1.1. Егеменді еліміздің партиялық жүйесінің қалыптасу кезеңдері
Өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап Қазақстан демократиялық және құқықтық мемлекетке айналып, саяси партиялар институтын құруда жаңа стратегияны ұстанды.
Партиялық институт халықтың мүддесін билікке білдіру, сайлауда жеңіске жеткеннен соң Үкіметке ұсыныстар жіберу және партиялық бағдарламаны жүзеге асыру секілді саяси плюрализмді даматын күшке ие. Яғни, белсенді сайлаушылар мемлекеттік қоғамдық және саяси өміріне, заң шығару процесіне тікелей партияның көмегімен ғана қатыса алады. Партиялар билік пен халық арасындағы көпір қызметін атқарады.
Саяси плюрализмді қалыптастыруға бағыт алған тәуелсіз Қазақстан ең алдымен саяси жүйеге және әлеуметтік, экономикалық салаларға баса назар аударып, өзгерістер енгізді. 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында демократияландыру процесін жеделдету қоғамның белсенділігінің артуы мен саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, оппозициялық қозғалыстардың құрылуы процестерінен көрінді.
Кеңес Одағының кезінен қалған бір партияның өктемдігі мен қатал цензураны көппартиялық, демократиялы жүйеге ауыстырған Қазақстан әрбір саланы реформалау және елдің егемендігін нығайту үшін көптеген өзгерістер жасады. Плюрализмді дамыту қоғамдық бірлестіктердің, партиялар мен қозғалыстардың қызметімен жүзеге асырылды. Саяси мәдениетті қалыптастыруда, азаматтардың өз ойларын, көзқарастарын жеке өзі емес, белглі бір ұйым шеңберінде жеткізе алуда осы партиялардың рөлі зор болды. Бірақ партиялық жүйе Қазақстан тәуелсіздігін алған соң ғана қалыптасты деуге болмайды.
"Алаш" партиясының құрылуы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың дамуымен байланысты болды және Шығыс Еуропа мен Азияның бірқатар елдеріндегі осы кең қоғамдық процестің бір мысалы ретінде қарастырылды.
"Алаш" партиясы Қазақстан үшін автономия құрды, жер мәселелерін шешу мен білім беру саласындағы кедергілерді еңсеруді толықтай орындай алды. Осылайша қазақ халқының үлкен қолдауына ие болды және сол кездегі ең маңызды саяси күшке айналды.
Алайда большевиктердің билігі "Алаш" партиясының қызметін құптамады, өйткені бұл олардың билігіне қауіп төндірді. Ресейдегі қазан төңкерісінен және Қазақстанда большевиктік билік орнағаннан кейін "Алаш" партиясы қудаланды, оның басшылары қамауға алынды, партияның қызметіне тыйым салынды.
Жалпы, "Алаш" партиясының құрылуы және оның ХХ ғасырдың басындағы қызметі Қазақстандағы және Шығыс Еуропа мен Азияның басқа елдеріндегі қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттерді құруға бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс процесін көрсетеді. ХХ ғасырдың басында Шығыс елдерінің халықтары заманауи демократиялық мемлекеттер құруға және монархиялық режимдердің күйреуіне ұмтылды. Демократияны ту еткен алаштықтар "Қазақ" газетінің мұқабасына батыс жақ түндігі ашылған киіз үйді бейнелеуінің астарында еркіндікті аңсау, батыстық либерализация идеялары жатыр.
КОКП таратылып, КСРО құрамынан шыққан соң тоталитарлық жүйеге тән бір партиялы қоғамнан жаңа демократиялық, көп партиялы жүйеге көшу үдерісі басталды. Тәуелсіздік алған тұста партиялардың әралуандылығы байқалды. Олардың құрылысында тарихи, этномәдени, демографиялық және саяси факторлар әсер етті. Жаңа үлгідегі партиялар мен бірлестіктер құрылды: Қазақстанның Социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның социалистік партиясы, Қазақстанның Ұлттық конгресі, "Алаш" ұлттық тәуелсіздік партиясы, "Желтоқсан" ұлттық-демократиялық партиясы және республикалық партиялар.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдардың басында Қазақстанның саяси-партиялық тәртібін бағалай отырып: Әртүрлі сипатта болса да, жаңа партиялардың көпшілігі негізінен демократиялық принциптеріне бейімдігін білдіріп, мен ұсынған тәуелсіздікті нығайту бағытын қолдады. Сонымен бірге олардың көпшілігіне тән бір кемшілік - саяси-идеялық құрылымның әлсіздігі мен электоралды қолдаудың жеткіліксіздігі болды дейді. (Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. - 50 б.)
"Нұр Отан" партиясының жеңісімен елімізде қалыптасқан үстем партиялық жүйе Мәжілістің ІV сайланымынан VII сайланымға дейін жалғасты.
(і
Сарапшылардың бір бөлігі тек күшті жалпыұлттық партия ғана саяси билік пен қоғамның үдемелі шоғырлануын қамтамасыз етеді деп санайды. Ал, екіншісі, керісінше, оппозициялық партияларға көбірек мүмкіндіктер беру керек деп санайды.
2022 жылдың наурыз айының басында еліміздің үстемдік етуші партиясының кезектен тыс съезінде "Нұр Отанды" AMANAT деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Бір айдан кейін партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттігін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановқа тапсырып, оның құрамынан шықты.
Қ. Тоқаев атап өткендей, президент ешбір партияға басымдық бермеуі керек, бірақ саяси бейтарап болуы керек.
"Бұл менің ұстанымым. Бұл қағида сайлауға қатысатын барлық күштер үшін тең мүмкіндіктер туғызады, саяси жүйеде әділеттілік орнайды. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаған кезде халықтың оған деген сенімі нығаяды, беделі артады", - деп президент атап өтті. https:astanatv.kzrunews68412 Аmanat партиясының кезектен тыс 23 съезі
Қазіргі уақытта Қазақстанда жеті саяси партия ресми тіркелген:
+ Аmanat партиясы
+ "Ақ жол" демократиялық партиясы
+ Қазақстан Халық партиясы
+ Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
+ "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
+ Respublica партиясы
+ "Байтақ" жасылдар партиясы
1.2. Қазақстандағы саяси-партиялық жүйені заңдастыру
1991 жылы 27 маусымда қабылданған Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң көппартиялылықтың дамуына серпін берді. Кейбір партиялар ескі әлеуметтік жүйемен тығыз байланысты болса, ал басқалары мүлдем жаңа шекараларды белгіледі. Тәуелсіздік алу жаңа саяси кеңістіктің қалыптасуына түрткі болды. Бұл ретте мемлекет пен қоғамның демократиялық дамуына бағыт таңдалып, 1993 және 1995 жылдары Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ел азаматтары заңдарды қабылдауға қатысты. Содан кейін 30 мыңға жуық ұсыныс жасалды, нәтижесінде мыңнан астам түзетулер енгізілді.Мәселен, 1993 жылдың аяғына қарай қоғамдық бірлестіктердің өте мықты саяси күшке айналуының нәтижесінде қоғамдық бірлестіктер туралы заң қайта қаралып, 1996 жылы Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңы ретінде қабылданды. https:adilet.zan.kzkazdocsZ960 000003
Конституцияның баптарында мемлекеттік құрылыстың, азаматтардың бостандығы мен саяси қызметінің негізгі құндылықтары көрсетілген. Осылайша, мемлекет сенімді саяси-құқықтық негізге ие болды, Қазақстан өзін зайырлы, демократиялық, біртұтас, әлеуметтік-құқықтық мемлекет және президенттік республика деп жариялады. Осы және басқа қағидаттар негізінде мемлекеттің партиялық саясатын жүргізу үшін алғышарт жасалды.
Қазіргі әлемде саяси плюрализм мен көппартиялылық демократиялық қоғамның басты қағидасы ғана емес, сонымен бірге демократияның бастапқы жалпыға міндетті шарты ретінде қарастырылады.
Саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлеу, саяси партиялардың мемлекеттiк органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттеу мақсатында 2002 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңы қабылданды. https:adilet.zan.kzkazdocsZ020 000344_
Осыған байланысты өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап саяси және партиялық саланы реформалауға кірісті. Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz