Отандық тарих ғылымында Зәки Уәлиди Тоғанның мұраларына түркі халықтары тарихының дерек көзі ретінде қарауды қолға алған дұрыс
ТАРИХ ИСТОРИЯ HISTORY 2023. Vol. 10. Іs. 1.
Published in the Kazаkhstan
Еdu.e-history.kz
Has been issued as a journal since 2014
ISSN 2710-3994.
Vol. 10. Іs. 1, рр. 1-202, 2023
ҒТАХР МРНТИ IRSTI 03.20.
https:doi.org10.519432710-3994_ 2023_33_1_4-16
ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАН -- ТҮРКІТАНУШЫ ҒАЛЫМ
Рүстемов Сәулебек Керімбекұлы1, Әжібек Аян Мырзабекқызы2
1 Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (28-үй, Шевченко көш., 050010 Алматы, Қазақстан)
тарих ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер
https:orcid.org0000-0003-1176-22 81. E-mail rust965@mail.ru
2 Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (28-үй, Шевченко көш., 050010 Алматы, Қазақстан)
магистрант, E-mail: ayan.azhibek0000@mail.ru
(C) Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТЭИ, 2023
(C) Рүстемов С.К., 2023
Аңдатпа. Кіріспе. Зәки Уәлиди Тоғанның қалдырған ғылыми мұрасын зерттеу, түркітану саласындағы көптеген мәселерді, әсіресе түркі халықтарының азаттық күресі мәселелерін дұрыс бағамдауға өз септігін тигізеді. Сонымен бірге түркі халықтары тарихының қазіргі заман тарихының деректік негізін байыта түседі. Бұл өз кезегінде мәселенің өзекті екенін аңғартады. Зерттеудің мақсаты және міндеттері - Башқұрт және татар халықтарының тарихы мен этнографиясын қатар Зәки Уәлиди Тоған Орталық Азия халықтарын -- қазақтарды, өзбектер мен қырғыздарды зерттеуге көп көңіл бөлгендігін айқындау, Зәки Уәлиди Тоғанның түрік халықтарының, олардың арасында ауылы аралас жатқан көршілес -- қазақ пен қырғыздың да ортақ тарихы мәселелерін қай деңгейде көтергенін анықтау. Нәтижелер Зәки Уәлиди Тоған ақырғы демі біткенше түбі бір, тілі мен жүрегі де бір түрік халықтарына, түркітану ғылымына адал қызмет етіп, түрік халықтарының азаттығы мен бостандығы идеясын назардан бір сәт те тыс қалдырмағаны айқындалды. Ғұлама ғалымның еңбектерін қазақ, қырғыз тілдеріне аударып, көпшілік назарына ұсыну мәселесі -- заман талабы екені анықталды. Қорытынды. Отандық тарих ғылымында Зәки Уәлиди Тоғанның мұраларына түркі халықтары тарихының дерек көзі ретінде қарауды қолға алған дұрыс. Себебі, оның мұралары түркі халықтарының ерте ортағасырлық дәуірінен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңінен мол мағлұмат береді.
Түйін сөздер. Тарих. Шығыстану. Түркітану. Ориенталистика. Орталық Азия. Түркістан.
Дәйексөз үшін: Рүстемов С.К. Зәки Уәлиди Тоған -- түркітанушы ғалым Еdu.e-history.kz. 2023. Т. 10. № 1. С. 4-16. (Қаз.) DOI: 10.519432710-3994_2023_33_1_4-16
ЗАКИ ВАЛИДИ ТОГАН -- УЧЕННЫЙ-ТЮРКОЛОГ
Рустемов Саулебек Керимбекович1, Ажибек Аян Мырзабековна2
1Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова (д. 28, ул. Шевченко, 050010 Алматы, Республика Казахстан)
кандидат исторических наук, ведущий научный сотрудник

2Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова (д. 28, ул. Шевченко, 050010 Алматы, Республика Казахстан)

Аннотация. Введение. Деятельность Ахмет Заки Валидова как политика и, особенно, как ученного получила всемирное признание. Комплексное изучение богатого научного наследия Заки Валиди Тогана, предложенный им концепции по вопросам истории тюркских народов представляет огромную познавательную и теоретико-методологическую ценность. Восстановление объективной картины его научной деятельности позволяет расширить представления об истоках становления национальной научно-исторической школы, расширить знания по истории тюркских народов. Цель и задачи исследования - определить, как наряду с изучением истории и этнографии башкирского и татарского народов Заки Валиди Тоган уделял неменьшее внимание изучению народов Центральной Азии -- казахов, узбеков и киргизов, изучить на каком уровне Заки Валиди Тоган поднял вопросы общей истории тюркских народов. Результаты. В данной статье показано, что Заки Валиди Тоган до последнего вздоха не пренебрегал идеей освобождения и свободы тюркских народов, верно служа им. Было установлена проблема перевода и публичного представления трудов ученого на казахский язык. Заключение. В отечественной исторической науке следует рассматривать наследие Заки Валиди Тогана как источник истории тюркских народов. Это связано с тем, что его наследие дает много информации о тюркских народах с раннего средневековья до середины ХХ века.
Ключевые слова: История. Востоковедение. Тюркология. Ориенталистика. Центральная Азия. Туркестан.
Для цитирования: Рустемов С.К. Заки Валиди Тоган -- ученый тюрколог Еdu.e-history.kz. 2023. Т. 10. № 1. С. 4-16. (На каз.) DOI: 10.519432710-3994_2023_33_1_4-16
ZAKI WALIDI TOGAN -- TURKOLOGIST
Rustemov Saulebek Kerimbekovich1, Azhibek Ayan Myrzabekkyzy2
1Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology (28, Shevchenko Str., Almaty, 050010, Republic of Kazakhstan)
Candidate of Historical Sciences, Leading Researcher

2Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology (28, Shevchenko Str., Almaty, 050010, Republic of Kazakhstan)
master student, E-mail: ayan.azhibek0000@mail.ru
Abstract. Introduction. Akhmet Zaki Validi's activity as a politician and, especially, as a scientist has received worldwide recognition. A comprehensive study of the rich scientific heritage of Zaki Validi Togan, his proposed concepts on the history of the Turkic peoples is of great cognitive and theoretical and methodological value. The restoration of an objective picture of his scientific activity makes it possible to expand the understanding of the origins of the formation of the national scientific and historical school, to expand knowledge of the history of the Turkic peoples. Goals. Тo determine how, along with studying the history and ethnography of the Bashkir and Tatar peoples, Zaki Validi Togan paid no less attention to the study of the peoples of Central Asia -- Kazakhs, Uzbeks and Kyrgyz, to study at what level Zaki Validi Togan raised issues of the general history of the Turkic peoples. Results. This article shows that Zaki Validi Togan did not neglect the idea of liberation and freedom of the Turkic peoples until his last breath, faithfully serving them. The problem of translation and public presentation of the scientist's works into the Kazakh language was identified. Conclusions. In the national historical science, the legacy of Zaki Validi Togan should be considered as a source of the history of the Turkic peoples. This is due to the fact that his legacy gives a lot of information about the Turkic peoples from the early Middle Ages to the middle of the twentieth century.
Key words: History. Oriental studies. Turkology. Orientalism. Central Asia. Turkestan.
For citation: Rustemov S. K. Zaki Walidi Togan -- turkologist Еdu.e-history.kz. 2023. Vol. 10. No. 1. Pp. 4-16. DOI: 10.519432710-3994_2023_33_1_4-16
Кіріспе.
Отандық тарих ғылымында ғылымның қазіргі жетістігі тұрғысынан терең зерттеуді қажет ететін мәселелер әлі бар. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері әрі түркітанушы ғалым саналатын Зәки Уәлиди Тоғанның (1890 - 1970) өмір жолы мен оның өз соңында қалдырған мұрасы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Ол Уфа губерниясындағы Хабид Наджар медресесінде бастауыш білім алған. 1909 жылы Қасымия медресесіне мұғалім болып орналасып, түркі тарихынан, араб және түрік әдебиетінен дәріс берген. 1912 жылы Түрік - татар тарихы атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек сол кездегі жәдидтік мектеп-медреселерде негізгі оқулық ретінде оқытылып, 1915 - 1917 жылдары қайта басылып шықты. Зәки Уәлиди Тоған осы еңбегі арқылы түркі халықтарының рухын көтеріп, олардың бірлігі мен еркіндік алуы идеясын ұсынды. Ол 1912 жылы Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамына мүше болып қабылданды. 1913 жылы осы қоғамның тапсырмасымен Ферғанаға сапар шегіп, аймақ халқының тарихына, әдет - ғұрпына қатысты материалдар жинап қайтты. 1914 жылы Ресей Ғылым академиясы, Халықаралық Орта Азия мен Қиыр Шығысты зерттеу қоғамы Зәки Уәлиди Тоғанды Бұхараға ғылыми іс - сапармен жіберді. Ол 1916 жылы Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясында хатшылық қызмет атқарды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Башқортостанның Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі атқару комитетінің мүшесі болды. 1917 жылы 29 қарашада Башқортостан автономиясы жарияланғаннан кейін Зәки Уәлиди Тоған Башқортостан үкіметінде соғыс министрі қызметін атқарды, кейін Башқортостан үкіметінің төрағасы болды. 1918 жылы Кеңес өкіметі әскерлерімен болған шайқастарға қатысты. Башқортостан автономиясын Кеңес өкіметінің мойындауын талап етіп, оның басшылары -- Ленин, Троцкий, Сталиндермен келіссөздер жүргізді. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен байланыс орнатты. Қазақ - башқұрт автонмиясын құру жөнінде бастама көтерді. Башқортостан үкіметі қарулы күшпен таратылған соң, 1920 жылы Түркістан өлкесіне қоныс аударды. Мұнда Энвер пашамен бірге басмашылар қозғалысына атсалысты. Энвер Паша қаза тапқаннан кейін, 1923 жылы наурызда Иранға өтіп кетті. Онда Мешхед қаласының кітапханасынан түрік халықтарының ортағасырлық тарихы бойынша құнды дерек болып табылатын ибн Фадланның Саяхат кітабының көшірмесін тапты. Осы жылы сәуірде Ауғанстанда, қыркүйекте Үндістанда болып, желтоқсанда Парижге қоныс аударды. 1924 жылы Берлинде Ресейлік түркі эмигранттарының ұйымын құрды. 1925 жылы Түркия азаматтығын қабылдап, 31 шілдеде Ататүрікпен кездесті. 1925 - 1932 жылдары Стамбұл университетінде түрік тарихынан дәріс оқыды. 1935 - 1937 жылдары Бонн университетінде, 1938 - 1939 жылдары Геттинген ун-тінде қызмет етті. 1939 жылы Түркияға оралып, Стамбұл ун-тінің әдебиет факультетіне тарих пәнінің профессоры болып орналасты. 1953 жылы Стамбұл университеті жанынан Ислам зерттеу институтын құрып, оған өмірінің соңына дейін жетекшілік етті.
Зәки Уәлиди Тоғанның түркі халықтары тарихын зерттеуге қосқан үлесі жайындағы пікірлер өткен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап жарық көре бастады. Бұл ретте Г.С. Губайдулиннің 1923 жылы шыққан (Губайдуллин,1923:62) және Д.Валидовтың 1926 жылы жарық көрген еңбегін (Д.Валидовтың,1926:156) ерекше атауға болады.Осы авторлардың еңбектерінде Зәки Уәлиди Тоған Ресей империясы аумағындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасынан шыққан алғашқы түркітанушы ғалым ретінде бағаланып, оның түркітану саласындағы жетістікткрі жоғары бағаланған.
Кеңестік тарих ғылымында Зәки Уәлиди Тоған туралы және оның ғылымға қосқан үлесі жөнінде айтылмады. Бұл негізінен Зәки Уәлиди Тоғанның өз дәуірінде кеңестік билікке қарсы шығуымен байланысты болды. Осыған орай болсакерек, Зәки Уәлиди Тоған жөнінде шетелге эмиграцияға кеткен Мұстафа Шоқай шынайы жазды (Шоқай,1998:230). М. Шоқайдың бұл еңбегінде берілген бағаның астарын сол тарихи кезеңдегі ахуалмен байланыста қарастыра түсіну керек.
Зәки Уәлиди Тоғанның өмір жолы ғана емес, ғылыми ізденісі де түрік ғалымы Т.Байқараның монографиялық еңбегіне арқау болған. Т.Байқарның еңбегі (Вaykara, 1989: 161) ғылыми айналымға тартқан деректерінің құндылығымен ерекшеленеді. Оның еңбегінде Зәки Уәлиди Тоғанның ғылыми мұрасы ғана емес,Түркия архивтеріндегі құжаттар да кеңінен пайдаланылған.
Т. Байқараның еңбегінен кейін Зәки Уәлиди Тоғанның еңбектерінің маңыздылығына көңіл бөліп, оны зерттеуді қолға алу күрт артты. Бұған башқұртстандық ғалым А.Г. Салиховтың (Салихов, 2003: 24) және өзбекстандық ғалым М. Абдурахмановтың (Абдурахманов, 2005: 45) Зәки Уәлиди Тоғанның ғылыми мұрасы жайлы зерттеу жүргізулері дәлел бола алады.
Негізінде ғылыми әдебиеттерде Зәки Уәлиди Тоғанның ғалым ретіндегі қызметінен гөрі қоғамдық - саяси қызметіне көп көңіл бөлінген. Бұл өз кезегінде бізқарастырып отырған мәселенің өзектілігін нақтылай түседі.
Материалдар мен әдіс-тәсілдері.
Зәки Уәлиди Тоғанның ғылыми мұрасын зерделеу барысында ғалымның негізгі еңбектерімен қатар, Башқортстан Республикасының орталық мемлекеттік тарих архивінің құжаттары ғылыми айналымға тартылды. Зәки Уәлиди Тоғанның 1912 жылы жарық көрген Түрік - татар тарихы, Түркі халықтарының таяу тарихы және Естеліктері атты еңбектеріндегі мәліметтер қолданыс тапты. Башқортстан Республикасының орталық мемлекеттік тарих архивінің Зәки Уәлиди жазбаларының көшірмелері атты № 4917 қорында жинақталған материалдар кеңінен пайдаланылды. Осы аталған деректік мәліметтер өзара салыстырыла, деректанудың талаптарына сәйкес ғылыми айналымға енгізілді.
Деректік мәліметтер негізінде жасалған тұжырымдар мен қорытындыларда өркениеттілік ұстаным басшылыққа алынды. Бұл ұстаным аясында Зәки Уәлиди Тоғанның өзі түркі халықтарынан шыққан ғалым екені ескерілді. Сонымен қатар тарихилиқ принцип тұрғысынан Зәки Уәлиди Тоғанның түркітануға қосқан үлесі көрсетілді. Тарихилық принцип аясында түркітанудың дамындағы Зәки Уәлиди Тоғанның рөлі мен орны ескерілді. Сонымен қатар түркі халықтары тарихының әлі де зерттеле түсуі тиіс мәселелер аңғарылады. Мұның өзі зерттеу әдісінің тарих ғылымының сұранысына сай екенін білдірсе керек.
Талқылау. Замандастары нағыз түрік деп атаған мәшһүр түркітанушы -- ғалым Зәки Уәлиди Тоған (1890 - 1970) тек қана башқұрт халқы емес, бүкіл түркі жұртының үлкен ықыласына бөленген жан. оның азаматтық саяси келбеті мен ғылымдағы сүрлеу жолын және ұлттық тарихымызды жан - жақты зерттеуге қосқан үлесін танып білудің сәті еліміз егемендік алғаннан кейін ғана туды.
ХХ ғасырдағы әлемдік түркітану ғылымының беделді өкілдерінің бірі З.Валиди қаламынан шыққан еңбектердің басым бөлігі түрік халықтарының, соның ішінде қазақ және қырғыз елінің де, ортақ саяси - мәдени құндылықтарын, тарихи байланыстарын көрсетуімен құнды. Сондықтан да осы бағытта зерттеу жұмысын жүргізудің өзіндік орны ерекше.
Зерттеу нәтижелері. Зәки Уәлиди Тоған еңбектерінің библиографиясы ғылымның шәкірттерінің бірі, түркиялық зерттеуші Т.Байкараның (Вaykara, 1989: 12) Зәки Валиди Тоған атты кітабында берілген. Т.Байкара З.Уәлиди Тоғанның 1911 жылдан 1970 жылдар аралығында 337 еңбек жазғанын көрсетеді. Ғалымның 1913 - 1914 жылдары Түркістан өлкесіне келіп, археографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуі мұндағы түрік тілдес халықтардың тілі ғана емес, мәдени, тарихи - этнографиялық жайымен де жақынырақ танысуына мүмкіндік туғызды, әрі қызығушылығын да арттыра түскенін оның 102 шығыс қолжазбасына ғылыми сипаттама жазуынан да байқауға болады. Олардың көбі қазақ, қырғыз тарихына қатысты дүниелер болатын.
Зәки Уәлиди Тоғанның зерттеуші ретінде қалыптасуына өскен ортасы үлкен әсер еткен (Валеев, 1995: 143). Оның ғалымдағы түркі халықтарының ежелгі түркі-мұсылман мәдениеті ортасында қалыптасып, кейін басқа Шығыс елдерінің, Батыс Еуропаның әйгілі ғалымдарының еңбектерін, Еуропа тілдерін пайдалану арқылы байи түскен (Тәкенов, 1995: 36).
З.Уәлиди Тоған 1890 жылы Уфа губерниясы, Стерлитамак уезінің Куяк деген шағын башқұрт ауылында дүниеге келген. Бастауыш білімді әкесі ашқан медреседе, кейін туысы Хабиб Неджардың медресесінде алады. Ал 1908 жылы оқуын одан әрі жалғастыру үшін Қазандағы Ш.Марджанидің Қасымия медресесіне келеді. Булғар мемлекеті мен Қазан хандығы тарихының авторы Ш.Марджани, белгілі шығыстанушылар жиналған Қазандағы ғылыми орта З.Валидидің түркітануға ден қоюына игі ықпалын тигізеді. Таудай талабы, табиғи дарыны бар жас Зәки Уәлиди Тоған 1909 ж. Қасымия медресесіне оқытушылық қызметке қалдырылып, түріктер тарихы және араб, түркі әдебиетінен жастарға дәріс оқи бастайды. міне осы кезде өзінің лекциялық сабақтары үшін Түріктер тарихын жазуға кіріседі. Жастығына қарамастан бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарап, В.В.Радлов, Н.А.Аристов, Г.Н.Потанин секілді түркітанушылар еңбектеріне терең зейін қояды. Бастапқыда латын және неміс тілдерімен айналысу қажет болды. профессор Катановтың кеңесімен Қазан университеті филология факультетінің ерікті таңдаушысы болдым. ең алдымен шығыстану бойынша профессорлар Катанов пен Богородцкийдің, жалпы және орыс филологиясынан профессор Харламповичтің лекцияларын тыңдадым, - дей келіп, З.Уәлиди Тоған профессор Катановтың Сібір түріктерінің тілін үйреніп, тарихын терең түсінуіне жағдай жасағанын, бұл өз кезінде түріктер тарихын жазуда жеделдете түскенін ықыласпен еске алды (Уалиди, 1994: 112). Жас ғалымның шыңдала түсуіне академик В.В Бартольд те көп ықпал еткені байқалады, жалпы З.Уалиди мен В.В.Бартольд өмірінің соңына дейін жақсы достық қарым-қатынаста болған.
1912 ж. татар тілінде жарық көрген Түрік - татар тарихы (АқМА,4914, 11) 22 жасар З.Уәлиди Тоғанды бүкілхалықтық ілтипатқа бөлейді. Түркияда Түрік жұрты атты журнал арқылы Ю.Акчурин, Тәржіман газеті арқылы И.Гаспринский, неміс ғалымы М.Хартман, венгр ғалымы Г.Вамбери, академик В.В.Бартольд жоғары ғылыми баға береді.
Қазақтың белгілі қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов пен С.Жантөрин де З.Уалидиді Уфада арнайы қонақ етіп, жылы лебіздерін білдіріп, қазақ тарихын Шығыс деректері негізінде жазып беруін өтінеді. Ал Түркістан өлкесінен белгілі қоғам қайраткері, өзбек халқының қадірменді ұлы М.Бехбуди Самарқан медресесінде дәріс беруін сұрайды.
Өз заманының танымал, үздік шығармаларына айналған Түрік - татар тарихы барлық жадидтік бағыттағы мектеп - медреселерде негізгі оқулық ретінде оқытылып, дүркін - дүркін қайта басылып шығуы кітаптың үлкен сұранысқа ие болғандығын айғақтайды.
Тарихшы З.Уалиди өзінің осы еңбегі арқылы түріктердің ұлттық рухын көтеріп, бірлік пен еркіндіктің ұранын тастады. Бұл кітаптың үлгісімен түріктер тарихы туралы Стамбулда Ризан Нафис, Қоқанда Ж.Ағалықұлы өз еңбектерін жазып шықты.
Түріктер халқының беймәлім беттерін шығыс деректері негізінде әлемге паш еткен З.Валидидің Түрік - татар тарихы көне заманнан бастап Ресейге қосылғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Кітапта түрік тайраларының мекендеген жерлері және олардың көршілері, табиғаты, тіршілік көздері, саяси, мәдени өмірі көрсетілген.
Түрік - татар тарихының уақ хандықтар тарихы туралы бөліміндегі қазақ хандары, олардың ноғай мырзаларымен қатысы жайлы мәліметтері де тың деректер негізінде жазылған. Аталмыш кітапта түрік жұртының қолынан мемлекеттік биліктің кету себептері де жан - жақты көрсетіледі.
Ежелгі түріктер тарихының жекелеген аспектілерін татар тарихшылары Р.С. Фахреддинов, Г. С. Губайдуллин, Г.А. Баттал ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында шығарған. Р. Фахреддинов болгарлар ғұндар сияқты түріктер болған деп санайды. Ол болгарлардың жергілікті угро - финдердің бір бөлігін ассимиляциялау мүмкіндігін жоққа шығармайды.Г.Баталов хазарлар, бұлғарлар мен ХІ ғасырда Шығыс Еуропаға келген хазарлардың мәдениеті мен тілінің жақындығы мен жақындығын атап көрсетеді. Түркітанушы Заки Уәлиди Тоған Түркі - татар тарихы атты шығармасының алғашқы тарауларын ежелгі түркілердің тарихын зерттеуде өзіндік ұстаным ұсынды. Тарихшы Зәки Уалиди Тоғанның ықпалымен Х. Атласи Сібір татарларының тарихына арналған еңбегінде ежелгі түріктер тарихының мәселелерін баяндайды. Атап айтқанда, ол грек тарихшылары сипаттаған Скифияны парсылар Тұран деп атаған ежелгі түріктер елі, ал Оралдан тыс жерде өмір сүрген скифтер ежелгі түріктер деп санайды. А. Бернштам ежелгі түркі руникалық мәтіндеріне сүйене отырып,негізінен Ұлы Түркі қағанатының әлеуметтік жүйесін зерттеді. С. Киселев пен С. Толстов ежелгі түркі мемлекеттерінің әлеуметтік - экономикалық мәселелерін зерттеуді жалғастырды.Бұл зерттеушілердің еңбектері ежелгі түркі қоғамының сипатына және ерте түркі мемлекеттерінің тарихына мүлдем жаңа түсініктеме берді, олардың дамуын бұрын құлдық және әскери - демократиялық құрылымдардың ерте феодалдық қатынастар жүйесіне айналуымен байланыстырды. Мұның өзі аталған ғалымдардың еңбегі Зәки Уәлиди Тоғанның пікірімен үндес екенін білдіреді.
1917 - 22 жылдар аралығында З.Уәлиди Тоған қоғамдық - саяси істерге қызу қатынасып, өзін түркі халықтарының болашағы үшін саяси күрес жолына арнайды. Бірақ кеңестік саясаттың қысымына шыдай алмаған күрескер эмиграцияға кетуге мәжбүр болады. З.Уәлиди Тоған мұнда да жастарға дәріс беруін және ғылыми ізденісін тоқтатпайды. Өмірдің ащы-тұщысын тарта жүріп, 1935 жылы Вена университетіндегі оқыуын аяқтайды. Сонан соң, Бонн, Геттинген, Стамбул университеттерінде дәріс береді. 1946 жылы Тарихи зерттеулер методологиясы атты еңбектерін жариялайды.
1951 жылы XXI -- Халықаралық Шығыстанушылар конгресі З.Уәлиди Тоғанның төрағалық етуімен өткізіледі. Осы ыңғайлы сәттерді пайдаланып, З. Уалиди Түріктердің жалпы тарих институтын құру жолында көп ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Бірақ бұл ойын жүзеге асыра алмайды, дегенмен 1953 жылы Стамбул университеті жанындағы Ислам зерттеу институтының негізін салып, оған өмірінің соңына дейін жетекшілік жасайды.
З.Уәлиди Тоған көптеген жеке ғылыми қоғамдардың да ұйытқысы болды. Өмірінің соңына қарай шығыстанушылардың Түркиядағы ассоциациясын құрып, оның белсенді қайраткері болды. Оның ғылым жолындағы еңбегі жоғары бағаланғанын 1951 Иран ағарту қоғамының бірінші дәрежелі орденімен марапатталуынан, 1967 жылы Манчестер университетінің құрметті докторы, сондай-ақ Австриядағы Хаммер - Пуриштан қоғамының мүшесі болып сайлануынан көруге болады.
З.Уәлиди Тоған ғылымның әр саласына қалам тартқан ғалым. Жеке тарихи тұлғаларға баға берудегі шеберлігін оның Бируни, Науаи, Уамбери, Марджани еңбектеріне талдаудан байқасақ, ал деректі талдаудың үлгісін неміс тілінде шыққан Ибн Фадланның Саяхаттар кітабында көрсете білді. Өмірінің соңына қарай Стамбулда түрік тілінде Қарахандар, Оғыз дастаны еңбектерін жариялады. Өзге түрік тілдес халықтармен қатар қазақ, қарғыздың да өзіндік мәдени даму үрдісі бар екенін паш етті. Қырғыздың Манас дастанын шет елдерде насихаттауға үлес қосты. Қазақ әдебиетіне қатысты да кемшін тұстарды көрсетіп отырды (АқМА, 4917, 12). Түрік халықтарының мәдениеті тарихы бойынша осы күнге дейін өзінің тарихи маңызын жоғалтпай келе жатқан оқу бағдарламасын және жоспарын ұсынған да З.Уәлиди Тоған болды (Валиди, 1912: 280).
Зәки Уәлиди Тоғанның пікірінше, түркі қағанаттарының дәуірінен бастап адамзат тарихындағы белгілі бір дәрежеде бетбұрыс болды. Бұл жерде Түркі әлемі Шығыс пен Батыс арасындағы кең аумақты басқара отырып, әрқашан Жібек жолының негізінде оның кең аумағы арқылы өтетін Шығыс пен Батыстың мәдениеттері мен өркениеттерін байланыстыратын көпір болғанын білдіреді. Бұл VI ғасырдың аяғында ғана мүмкін болды, өйткені дәл осы кезде Түркі қағанатының шекаралары Батыста Византиямен, Оңтүстікте Иранмен, тіпті Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен жабылды. Осы жағдайға байланысты осы кезеңдегі көрші мемлекеттердің тарихы түркі державасының тағдырымен байланысты болды. Түркі қағанатының қалыптасуы адамзат тарихындағы белгілі бір дәрежеде бетбұрыс болды, өйткені осы уақытқа дейін Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс мәдениеттері бір - бірінің бар екенін білсе де, екіге бөлінді. Кең дала мен тау жоталары Шығыс пен Батыстың қарым - қатынасына кедергі келтірді. Арбаларды алмастыратын металл баспалдақтар мен орауыш әбзелдердің кеш ойлап табылуы ғана керуендерге шөлдер мен асуларды салыстырмалы түрде оңай мәжбүрлеуге мүмкіндік берді. Бұл жағдайда түріктер Шығыс пен Батыс арасындағы делдалдардың рөлін атқарды. Бұл байланыс тек Жібек жолы негізінде ғана емес, сонымен қатар шектесетін мемлекеттермен жан - жақты экономикалық, саяси, мәдени, әскери, халықаралық және басқа да байланыстар негізінде жүзеге асырылды.
Зәки Уәлиди Тоған көне түріктердің ұрпақтары Евразия аумағында мекендейтінін негіздей келе, сол кезде, яғни 1912 жылы мынандай пікір білдіреді: Қазіргі уақытта Ресей мемлекетінің аумағында жиырма миллионға жуық түрік-мұсылман дінінің татарлары тұрады. (бұл жерде біз Ресейдің түркі халықтары туралы айтып отырмыз, кейбір дереккөздерде олардың саны 30 миллион ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz