Машиналар мен жабдықтардың тозуы


Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
1. 1. Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
1. 2. Негізгі құралдарды кірістеу
1. 3. Негізгі құралдардың шығысы
1. 4. . Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу
1. 5. Негізгі құралдарды қайта бағалау
1. 6. Негізгі құралдарды түгендеу және негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алу
1. 7. Негізгі құралдар есебінің аудиті
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “ Негізгі құралдар есебі”. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер қатарына жатқызылатын, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, машиналар мен жабдықтау және басқа да мүліктерді негізгі құралдар деп атайды. Оларды субъектілер өнім өндіру немесе тауарларды (қызметтерді) жеткізу немесе өзге тұлғаларға жалға беру мақсатында пайдаланады және оларды қолдану мерзімі бір жылдан артық болады.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше рөлді кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты - негізгі құралдарды қалыптастыру және оның кәсіпорында қалай жүргізілуін жалпы талдау, сондай-ақ оларды бухгалтерлік есепте есепке алынуын көрсету. Бұл курстық жұмыс ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» стандартына сәйкес негізгі құралдың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің рөлін ашады.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі №2410 «Негізгі құралдар» шоттарында, ал олардың тозуы №2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы»шоттарында жүргізіледі.
Осы курстық жұмыстың басты мақстанын көрсету үшін І бөлімінде, яғни кіріспеде негізгі құралдар жайлы түсінік бере отырып, негізгі құралдардың маңызын түсіндіремін. ІІ Негізгі бөлімде негізгі құралдардың мәні, жіктелуі, бағалануы, тозу сомасы, кірістелуі және шығысталуы туралы ақпараттар және негізгі құралдар есебінің аудиті қарастырамын. ІІІ Қорытынды бөлімінде жалпы « Негізгі құралдар есебі» жайлы өз ойымды ашып айтамын. Осы бөлімдерді қамти келе курстық жұмысты жаза отырып, негізгі құралдардың маңызы жайлы ақпараттарды ұсынғым келеді.
1. 1. Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өніммен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі құралдардың екі түрі болады:
- өндірістік негізгі құралдар;
- өндірістік емес негізгі құралдар.
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі құралдар - өндірістік негізгі құралдар (оларға: ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары, т. б. жатады) деп, өндірістік емес бағыттағы негізгі құралдар - өндірістік емес негізгі құралдар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) .
Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретінде негізгі құралдардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты құралдар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады.
Кәсіпорындарда өндірістік құралдар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құралдардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарды сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіру жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады.
Негізгі құралдар - ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.
Кәсіпорынның қалыпты өндірістік - шаруашылық қызыметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалармен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызымет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «Негізгі құралдарды» құрайды.
Ұзақ пайдалану поцесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді. Олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескеру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тоқталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Негізгі құралдар активтердің қатарына жатқызылады, егер:
1) активпен байланысты туындайтын келешекте алынатын экономикалық табыстардың субъекті пайдасына түсу мүмкіндігі бар болса;
2) активтің өзіндік құнын мұқият өлшеу мүмкіндігі бар болса;
3) актив кейінен қайта сату үшін сатып алынбаса;
Егер актив экономикалық табыс әкелмейтін болса, онда сатып алу шығындары есепті кезеңнің шығынына жатқызылады. Егер негізгі құрадарға байланысты тиімділік пен тәуелділік субъектінің қарамағына көшпейтін болса, онда негізгі құралдар актив болып саналмайды.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізгенде өлшем ретінде инвентарлық нысан пайдаланылады. Егер негізгі құрал мысалы пайдалану мерзімі бірнеше бөліктен тұратын болса, әрбір бөлік жеке инвентарлық нысан ретінде есепке алынады.
Негізгі құралдар есебін жүргізу барысында төмендегі түсініктер мен терминдер қолданылады:
Баланстық баға - жинақталған барлық амортизациясы алынып тасталған активтің баланстағы сомасы;
Амортизацияланатын баға - жойылу құны алынып тасталатын активтің бастапқы сомасы;
Жойылу бағасы - пайдалы қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, кірістен шығаруға жұмсайтын шығыны алып тасталған субъектінің қолының тиюі мүмкін активтің сомасы;
Негізгі құралдардың амортизациясы - негізгі құралдар пайдалану мерзімінде активтің амортизацияланатын бағасына тұрақты түрде бөлініп тұратын шығынның сомасы;
Әділетті баға - бір біріне тәуелді емес тараптардың арасындағы операцияларды немесе жүргізу немесе міндеттемелерді орындау кезінде өзара айырбастауға болатын активтердің сомасы;
Негізгі құралдардың құрамдас бөлігі - негізгі құралдар нысандарының элементтері (босалқы және құрамдас бөлшектер, конструкциялар) . Тұрақты түрде айырбастап отыруды қажет етеді, пайдалану мерзімдері әр түрлі және негізгі құралдар ретінде танылмайды, қоралар ретінде есепке алынады. Оған қоса, ұйым ірі босалқы бөлшектер мен резервтік жабдықтауды бір жылдан артық пайдалануға есеп жасайтын болса, онда оларды негізгі құралдардың құрамына жатқызылады.
Пайдалы қолдану мерзімі- тиісті активті пайдалану арқылы субъектінің жаңа өнімдерді шығару мақсатында активті пайдалы түрде қолданылатын уықыты.
Негізгі құралдар есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
- негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
- негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгертіп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты:
- Өндірістік - бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізгі құрайтын негізгі құралдар. Олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-сайман т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) .
- Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй комуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне байланысты:
- Меншікті- субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. жалға алынған құралдар болып саналады.
- Жалға алынған- белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады.
Пайдалану сипатына байланысты:
- Жұмыс істеп тұрған;
- Жұмыс істемей тұрған.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құамына байланысты:
- Мүліктік ;
- Мүліктік емес.
Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.
Негізгі құралдар 2410 активті негізгі мүліктік шотында жүргізіледі. Аналитикалық есепте олар негізгі құралдарды былайша жіктеуге болады:
1) Жер(2411) - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы;
2) Үйлер(2412/1) - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады;
3) Ғимараттар (2412/2) - іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер;
4) Машиналар мен жабдықтар(2413/1) - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 шағын топтардан тұрады:
- Күш-қуатты машиналар мен жабдықтар - жылу және электр қуатын өндіретін машина- генераторлар; әр түрлі энергия механикалық, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын машин- двигательдер;
- Жумыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімін жасау процесінде керек- жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар;
- Өлшеуіш және реттегіш құрал аспаптар - өндірістік процестерді өлшеу, реттеу үшін құрал- аспаптар, құрылғылар мен керек- жарақта;
- Есептегіш техника - процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғы, керек-жарақтар, құрал-аспаптар;
- Басқа да машиналар мен жабдықтар- машиналар, аппараттар мен басқа жабдық.
5) Табыстау қондырғылары(2413/2) - электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, трұба құбыры) қондырғылары.
6) Көлік құралдары(2415) - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе, автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары;
7) Басқа да негізгі құралдар(2415) : аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлік, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар.
Негізгі өндірістік құралдардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
- шығарылатын өнім түрі;
- оның жалпы көлемі;
- автоматтандыру және механикаландыру деңгейі;
- мамндандыру және бірлестіру деңгейі;
- кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т. б.
1-кесте. Негізгі құрал объектілерінің бастапқы құны былайша белгіленеді:
Құрылтайшылардың жарғы капиталына олардың салымдары есебіне негізгі құрал-жабдықтарды серіктестікке қатысушылар арасында келісілген бағамен салған кезінде:
а) Жарияланған жарғы капиталы сомасына
1. 2. Негізгі құралдарды кірістеу
Мекеменің шаруашылық қызметінде пайдалану мақсатында сатып алынған активтер негізгі құралдар ретінде кіріске алынады. Шаруашылық мақсатында емес, ұзақ мерзімді қаржылық салым ретінде сатып алынған негізгі құралдар, қаржылық инвенстициялар есебінде кірістеледі.
Нысандардың негізгі құралдардың құрамына кіріске алу негізгі құралдардың қабылдау-тапсыру актісі (ф. №НҚ-1) бойынша рәсімделіп, сол жерде пайдаланылатын нормативтік мерзімі көрсетіледі. Мекеме негізгі құралдардың пайдалы қолдану мерзімін (негізгі құралдарды пайдаланудан экономикалық табыс алынуы мүмкін уақыты) және жойылу бағасын (қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін негізгі құралдарды жою кезінде алынатын босалқы бөлшектер, металлдар, қалдықтардың болжамды бағасы, оларды кірістен шығару кезінде жұмсалған шығын алынып тасталады) өзі анықтайды.
Актив ретінде танылатын негізгі құралдар бастапқы кезде сатып алынған нақты құнымен бағаланады (өзіндік құн) .
2-кесте. Негізгі құралдар бойынша шоттар корреспонденциясы:
р\р
№
3320,
3330
Қайта бағалану бойынша бастапқы құнның азаюы
Жиналған тозу сомаға түзету жасау
5420
2420
2410
5420
Бұрын қайта бағалану жасалғаннаның үстіне :
Бастапқы құнның өзгеруі
Жиналған тозу соманың түзетілуі
7420
2420
2410
7420
Бұрын жасалған қайта бағалануды қайта қалпына келтірсе
7420 шотты - кіріс бойынша
- ұлғаю сомаға (7420 шотта)
2410
2410
6240
5320
Негізгі құралдың есептен шығарылуы (жоюдан, қаржылық жал және жетіспеушілікте)
- баланстық құнға
- жиналған тозу сомаға
7410
2420
2410
2410
Кәсіпорынның қызметін тоқтату бойынша негізгі құралды есептен шығару
- баланстық құнға
- жиналған тозу сомаға
7510
2420
2410
2410
Тозу соманың есептелуі:
- құрылыс салу бойынша
- алдағы кезең шығындарға
- тауарларды өткізудегі негізгі құралдарға
- әкімшіліктің негізгі құралдарына
- өндірістік цех негізгі құралдарына
- операциялық жалдағы негізгі құралдарға
2930
1620
7110
7210
8400
7450
2420
2420
2420
2420
2420
2420
1. 3. Негізгі құралдардың шығысы
Мекемелерде негізгі құралдар өзге заңды және жеке тұлғаларға ақысыз берілгенде, сатылғанда, апатты жайға байланысты жойылғанда, физикалық және моральдық тұрғыдан тозуына байланысты есептен шығарылады.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, қайта қалпына келтіруге орай жөндеу жүргізу мүмкін еместігін немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз екендігін, директордың бұйрығы бойынша тағайындалған тұрақты түрде әрекет ететін түгендеу комиссиясы анықтайды. Комиссия жойылған нысанды тұрған жерінде қарап шығады. Оларды есептен шығарудың себебін және ондай жағдайға жеткізген кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапқа тартады. Одан әрі пайдалануға жарайтын детальдар мен жабдықтарды, материалдарды анықтап, оларды бағалайды. Нәтижесінде негізгі құралдарды есептен шығару (ф. № НҚ-3) немесе автокөлік құралдарын есептен шығару (ф. № НҚ-4) актілері жасалып, солардың негізінде бухгалтерия тиісті бухгалтерлік операцияларды іске асырады. Актіде нысанның бастапқы сомасы, бухгалтерлік мәлімет бойынша есептелген амортизацияның сомасы, нысанды бұзу (демонтаж) кезінде алынған материалдық құндылықтардың бағасы, нысанды жоюға кеткен шығын, оны сатудың мүмкін болған бағасы және жоюдың жалпы нәтижесі көрсетіледі.
Төтенше жағдайлар мен апаттарға байланысты жойылған негізгі құралдар бойынша есептен шығару актілеріне, уәкілетті органның төтенше жағдай болғаны туралы анықтамасы, немесе апат болудың себебі туралы актісінің көшірмесі және оған кінәлі тұлғалардың тізімі қоса тіркеледі. Нысанды бұзып, демонтаж жасау барысында алынған материалдық құндылықтар мен материалды сатудан түскен сома кіріске алынады. Сатудан түскен қаржы ұйымының иелігінде қалады. Негізгі құралдарды сатудан түскен табысқа 20% ставкамен (2009жылы) корпоративтік табыс салығы (КТС) салынады.
Негізгі құралдар нысандарын ақысыз түрде беру туралы шешімді мекеме директоры қабылдайды және бұйрықпен рәсімдейді.
3-кесте. Негізгі құралдарды есептен шығару туралы шоттар корреспонденциясы:
1. 4. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу
Негізгі құралдар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады. Тозудың екі түрі бар:
- табиғи тозу;
- моральдық тозу.
Табиғи тозу дегеніміз - негізгі құралдар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы.
Моральдық тозу - жабдықтың техникалық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп құнсызданады.
Тозған негізгі құралдарды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.
Амортизация- тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнымен көрсету.
Амортизацияланған құн- бастапқы құн мен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма.
Негізгі құралдардың амортизациясы есепті кезеңнің шығындарына жатқызылады.
Амортизация сомасының мөлшері негізгі құралдардың пайдалы қолдану мерзіміндегі бағасының пайыздық бөлігі ретінде есептеледі.
Негізгі құралдарға амортизация ай сайын есептеледі.
4-кесте. Негізгі құралдардың амортизациясына шоттар корреспонденциясы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz