Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы


ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: Экономика және Бизнес
Мамандық: Экономика
Группа: Эк11к1
СӨЖ
Тақырыбы: Оңтүстік - Батыс Қазақстан
Тексерген: Садуллаева А. Ф.
Орындағандар:
Карабаева Т.
Алматы 2012 жыл
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Маңғыстау облысы өндірістік кешені
2. Атырау облысы өндірістік кешені
3. Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданың дамыту шаралары
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Оңтүстік Батыс экономикалық ауданға Атырау және Маңғыстау облыстары кіреді. Аймақ жерінің көлемі 284 мың шаршы км тең, халқының саны 876 мың адам, оның 75% қала тұрғандары. Орта есеппен алғанда 1 шаршы км шаққанда халықтың тығыздығы 3 адам шамасында. Оның жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 1517 км тең, ал асфальт төселген автомобиль жолының ұзындығы 4700км.
Оңтүстік-Батыс өңірі өнеркәсіп салаларының ішінде мұнай, газ шығаратын және мұнай, газ өңдейтін салалар басым республиканың жалғыз экономикалық ауданы. Бұл жақта барлық мұнай-химия өнеркәсіптері даму үстінде.
Осы экономикалық ауданда Қазақстан халық шаруашылығының негізгі қорының 16% астамы шоғырланған. Оңтүстік Батыс аудандарының республика өнеркәсібінің жалпы өніміндегі үлесі 13% шамасында, ал ауыл шаруашылық өнімінде 2%. Бұл өңір республиканы халық тұтынантын заттардың 3% астамын өңдіріп, тауар айналымының 5% қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ЖІӨ-9% өндіріліп, еңбек қорының 5% шоғырланған.
Аудан республиканың өнеркәсіптік ауданына жатады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларының тұтас өнімдері көлемінде өнеркәсіптің үлесі 82% астам. Атырау және Маңғыстау облыстары шөл және шөлейт аймақтарда орналасқан, сондықтан ауыл шаруашылық өндірісін дамыту қиынға түседі.
Қазақстанның бұл бөлігінде жаңа мұнай және газ кен орындарын ашу міндеті тұр. Осы себептен жердің кейбір қабаттарында көп шығын қажет ететін скважиналарды терең (500 м астам) бұрғылау жұмыстарын жүргізу қажет.
Машина жасау саласы бұл ауданда мұнай-газ өнеркәсібіне қажет машина шығаратын Атырау машина жасау заводы және Балықшы ауылында республикада кемелер жөндейтін жалғыз завод жұмыс істейді.
Өңір экономикасында балық өнеркәсібі айтардлықтай орын алады. Балық аулау республикада ұсталған балықтың жартысын беретін Каспий теңізінде және Орал өзенінде жүргізіледі. ТМД елдеріндегі ірі Атырау балық консерві комбинаты көптеген шет елдерге экспортқа жіберетін ірі дәмді балық уылдырығын шығарады. Бұл кәсіпорыннан басқа Балықшы балық комбинаты және Шортанбай балық заводы жұмыс істейді.
Оңтүстік Батыс Қазақстан өңірінің, әсіресе Маңғыстау обылысы орналасқан Маңғыстау түбегіндегі табиғи байлықтарды игеру үшін орасан зор отандық және шет ел инвестициялары қажет.
ҚР Үкіметі осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазақстан-Каспий-Шельф» (ҚКШ) мемлекеттік компаниясын құрды, ол Халықаралық консоциумде үлестіру жұмысын жүргізеді. ҚКШ мемлекеттік компаниясы құрамына «Бритишгаз», «Бритиш Петролиум», «Стратойл», «Аджип», «Мобил», «Шел» және «Тотал» жеті шет ел фирмалары кіреді. Бұл компанияның басты мақсаты геофизикалық зерттеу, экологиялық мониторинг (адамның шаруашылық әрекетіне байланысты табиғат жағдайын бақылау, бағалау және жобалау), іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу, қорлардың көлемін анықтау және көмірсутекті шикізаттарды шығару, тасымалдау үшін инфрақұрылымдар құру. Жұмыс аяқталған соң бұл консерциум ыдырап, оған қатысушылар өздігінше әрекет жасаулары ұйғарылған.
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы ауыл шаруашылығының салалары мал шаруашылығы - қой, түйе малдары. Егін шаруашылығының дамуы табиғи жағдайына және су тапшылығына тіреледі. Мұнда республикада өңдірілетін еттің 3% шамасы, сүт және жұмыртқаның 1% - тен кемі өндіріледі. Аймақ шаруашылықтарында ірі қара мал басының 2%, қой және ешкінің - 7%, ал түйе малының - 43% шамасында шоғарланған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстанның Оңтүстік Батыс экономикалық ауданы 2 обылыстан, яғни Атырау және Маңғыстау облыстарының құрылады. Оңтүстік Батыс экономикалық ауданың ашығырақ түсіндіру үшін әр облысқа жеке - жеке тоқталайық.
Маңғыстау облысы өндірістік кешені
Маңғыстау аймағының орталығы - Ақтау қаласы. Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564, 2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен, 55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады. Қала халқының саны 274, 6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87, 1 мың адам (24%) . Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159, 2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19, 4 мың адам) және Өмірзақ (1, 4 мың адам) .
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды.
Маңғыстау облысына кіретін аудандар:
Маңғыстау облысының соңғы он жылдағы демографиялық динамикасы:
2012 жылдың басында облыста 524. 2 мың адам тұрды, оның ішінде қала халқы - 275, 8 мың немесе 52, 8%, ауыл халқы - 248, 3 мың адам (47, 4%) . 2007 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 133, 7 мың адамға немесе 34, 2% өсті.
Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады.
Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр. Баутин теңіз сауда порты - Түпқараған түбегінің жағасындағы Баутин кентінде орналасқан. Аудан орталығы Форт-Шевченко қ-нан солт-ке қарай 4 км жерде. 1997 жылдан Ақтау халықаралық теңіз сауда порты респ. мемлекеттік кәсіпорынның аудандық жүк тасымалдау бөлімшесі саналады. Баутин порты жайлы алғашқы деректер Грузия республикасы мемлекеттік мұражайларында кездеседі. Закаспий облысының бастығы генерал-адъютант Шереметьевтің қолы қойылған 2457 3 қазан 1887 ж. жазылған хатында Түпқараған кіші кемелер айлағы құрылысын салуға рұқсат етілген. Осы мерзім Баутин теңіз сауда портының негізі қаланған күн болып саналады. Жоба бойынша қоршалған кемелер тоқтайтын Түпқараған жері мен «Форт-Александровск теңіз агенттігі» құрылды. 1939 жылдан бастап «Форт-Александровск теңіз агенттігі» «Форт-Шевченко теңіз агенттігі» болып өзгертілді. 1939 -55 ж. агенттік Махачкала порты басқармасы құрамында болды. 1955 - 58 ж. Форт-Шевченко Астрахан теңіз сауда портының Баутин порт бөліміне айналды. 1958 жылдан порт Гурьев(қазіргі Атырау) теңіз сауда порты құрамына берілді. КСРО Теңіз флоты министірлігінің бұйрығымен 1960 ж. Баутин порты 3 разрядты теңіз портына айналды. Баутин теңіз сауда портының негізгі міндеттері: порттың барлық сауда айналымының 70%-ын құрайтын минералдық құрылыс материалдарын, ұлутас пен қиыршықтастарды жүктеу болып табылады. Жүк айналымының қалған бөлігі машиналарға, өнеркәсіптік жабдықтарға, ағаш материалдары, т. б. х. ш. жүктеріне келеді.
Облыстың 2012 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері:
- Жалпы аймақтық өнім - 1 422, 9 млрд теңге (5 орын)
- Өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі- 1647, 4 млрд теңге (2 орын)
- Ауылшаруашылығының өнімі - 4. 4 млрд теңге (14 орын)
- Негізгі капиталға жасалған инвестиция - 372 млрд теңге (3 орын)
- Бөлшекті сауда көлемі - 78 млрд теңге (14 орын)
Облыстың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы
Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 2012 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282, 1 млрд. теңге құрады, ал негізгі қорлар (қалдық құны бойынша) - 324, 9 млрд. теңге. 2012 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд. теңге, немесе 2011 жылғы деңгейдің 126, 9% құрады. 2012 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27, 7 млрд. теңгені құрады, ол 2011 жылға қарағанда 1, 3 есеге артық. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2012 жылы бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған.
Маңғыстау өнеркәсіптік ауданыңда жұмыс жасайтын негізгі ірі компаниялар:
- Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
- Маңғыстаумұнайгаз
- Өзенмұнайгаз
- ПМК
- Ақтау порты
- Казмортрансфлот
- Қаражанбасмұнайгаз
- Қарақұдықмұнай
- Бозачи
- Каспий меруерті оперейтинг
- Н оперейтинг
- Құрманғазы Петролеум
- Хазар
- Ерсай
- МАЭК
- КазАзот
- Keppel Kazakhstan
- Теңіз сервис
Мұнай өндіру кен орындары:
Өзенмұнайгаз - мұнай және газ өндіруші кәсіпорын. 1961 ж. ашылған «Өзен» кенішінің негізінде 1965 жылдан «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы ретінде жұмыс істей бастады. 1966 ж. 10 шілдесінде «Өзен» кен орнынан алғашқы миллион тонна мұнай өндірілсе, 1980 ж. 150 млн. т мұнай өндірілді. 1994 ж. қазан айынан осы атпен өндірістік бірлестікке айналды. 1996 жылғы сәуірден ААҚ болып қайта құрылды, 24 өндірістік бөлімшені қамтиды. Акцияларының 90%-ы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясына, 10%-ы еңбек ұжымына тиесілі. Қазір «Өзен» ААҚ-ның балансында 11 кеніш бар, өндіріп алынатын мұнай қоры 204 млн. т, конденсат қоры 1, 5 млн. т және газ қоры 22 млрд. м3. Қоры жағынан олардың ең ірілері - «Өзен» және «Қарамандыбас» кеніштері. Пайдаланудағы мұнай ұңғымасы - 3583, газ ұңғымасы - 82 (2001) . Кәсіпорын құрамында газ өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Өндірілген мұнай ТМД елдеріне және шетелдерге шығарылады. 1997 жылдың 31 шілдесінен стратегиялық инвесторды таңдау жөніндегі халықаралық тендерді Қытай ұлттық мұнай корпорациясы жеңіп алды. 2004 ж. «Филиалды заңды тұлғаға тіркеу» қаулысына сәйкес «Қазмұнайгаз» біріккен өндірістік АҚ-нда, «Өзен» өндірістік филиалы пайда болды.
Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2012 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0, 2% береді.
Облыста 6, 9 млн. гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0, 4 мың га. егіндік жерлер. 2012 жылы 0, 7 мың тонна көкөніс, 9, 4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5, 3 мың тонна сүт, 0, 7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27, 2 мың қаракөл терісі өндірілді.
2012 жылдың соңына қарай ірі қара малдың саны - 7, 2 мың бас (оның 4, 1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0, 2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады.
2012 жылы 15, 5 млн. тонна шикі мұнай, 2, 8 млрд. тк. метр табиғи газ шығарылған, 2, 9 млрд. кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі.
Атырау облысы өндірістік кешені
Атырау облысының орталығы - Атырау қаласы. Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі - Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады.
Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы. Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады. Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км) . Облыстағы ірі көл - Индер (110, 5 ш. м. ) .
Атырау облысы мұнай және газдың орасан ірі қорларына ие, облыстың геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану тек Каспий маңы өңірі тұрғындарының ғана емес, жалпы Қазақстанның тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, облыс түрлі пайдалы қазбалар қорына бай: кірпіш өндірісіне арналған саз (қор 52, 7 млн. тонна деп бағаланды) ; калий тұзы (697 млн. тонна), құрылыс құмы (41, 2 млн. текше м), гипс (21, 0 млрд. тонна) ; ас тұзы (687, 0 млн. тонна), құм түйірлі-малтатас қоспа (12, 0 млн. текше м), әктас (1, 9 млн. текше. м) ; бор (95, 2 млн. тонна) ; бешофит (50, 0 мың тонна), натрий, кальций хлориді, магний хлориді, магний сульфаты диоксидымен байытылған минералдық су көзі, олардың қоры 898 млн. текше метрді құрайды.
Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан.
(мың km²)
(мың адам)
Облыс халқының саны 480, 7 мың адам. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4, 1 адам құрайды. Тұрғылықты адам саны 207, 2 мың немесе жалпы облыс бойынша 43, 1% адам құрады. Қала тұрғындарының саны 274, 6 мың (57, 1%) адам, ауылдықтар 206, 1 мың (42, 9%) адам.
Жылы ой ауданына қысқаша тоқтала кетсек. Жылыой ауданы мұнай мен газ сияқты пайдалы қазбаларға өте бай, сондай-ақ әлемдегі бай қазба орны - Теңіз өндірістік кені осы ауданда орналасқан. Сонымен қатар ауданда «Жылыоймұнайгаз» басқармасы, «Бақай» корпорациясы, «НСС», «Ғимарат», «КОССК», «Ақниет - Ембі» ЖШС-рі, «Жылыойкөлік», «Теңізавтокөлік» мекемелері жұмыс жасайды. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2011 жылдың қаңтар-қазанына 2010 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -123, 3, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 105, 9, ауыл шаруашылығы - 102, 2.
2012 жылы өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 3 059, 7 млрд. теңге құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi - 113, 8 %.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 90, 9 % құрайтын тау-кен өнеркәсiбiнде 2780, 9 млрд. теңге сомасына өнiм өндiрiлген, нақты көлем индексі - 112, 7%.
2012 жылдың ішінде облыс бойынша 30 млн. тонна мұнай немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113, 1 % және 13, 6 млрд. текше м ілеспе мұнай газы немесе 118 % өндiрілді. Бірнеше мұнай кен орындары баршылық солардың біразына тоқтала кетсек:
Доссор мұнай кені, Атырау облысының Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан; Қазақстанда ашылған ең алғашқы өндірістік маңызы бар мұнай кені. Доссор мұнай кені 1860 - 87 жылы орыс геологтары Н. А. Северцев, Д. В. Кирпичников, М. М. Новаковский барлап, картаға түсірген. Мұнай 1911 жылдан өндіріліп келеді. 1911 - 17 жылы аралығында Доссор мұнай кенінде 11 мұнай фонтандық ұңғысы болды. Ең үлкен фонтан тәулігіне 525 т мұнай беріп отырды. Сол жылы жалпы шығымы 15700 тонналық 1 ұңғы, 1912 жылы шығымы 16657 т 6 ұңғы, 1913 жылы шығымы 117640 т 16 ұңғы болды. Бұл жылдары негізгі өндірістік алаңы Шығыс Доссорда болатын. Кейіннен (1930 - 40) тұзкүмбезді көтерілімнің мұнайлы құрылымы зерттеліп дайындалды. Мұнда 1938 жылы 185-телім ашылып, 1939 жылы өндіріске қосылды. 1941 жылы Солтүстік Доссор мұнай кені ашылып, 1945 жылы пайдалануға берілді. 1944 - 45 жылдары Оңтүстік-батыс Доссор мұнай кені құрылымы барлауға дайындалып, іздестіру-бұрғылау нәтижесінде тек 1978 - 82 жылдары ғана нақтыланды. Кен орны тұз күмбезінің үстіндегі юра кезеңінің шөгінділерінде қалыптасқан. 30 - 300 м тереңдікте 6 мұнайлы қабат ашылған. Бұл қабаттардың қалыңдығы 2, 4 - 26, 7 м аралығында, ашық кеуект. 24 - 30, 9%, өткізгіштігі 0, 128 - 4, 76 мкм2, ұңғыманың бастапқы өнімд. 1, 7 - 132, 6 м3/тәул., қабат қысымы 14, 4 - 33, 6 МПа, температурасы 19 - 27°С. Мұнайдың тығыздыздығы 0, 84 - 0, 88 г/см3, құрамындағы күкірті (0, 2 - 0, 22%), шайыры (7%), парафині (0, 2 - 2, 07%) аз. Ілеспе газ, негізінен, метаннан (77, 1 - 93, 8%), этаннан (7, 17%) және пропаннан (0, 4 - 5, 1%) тұрады.
Алтыкөл мұнай кені, Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеулік белдеміндегі мұнай кенорны. Атырау облысында, Құлсары станциясының солтүстік батысында 35 км жерде орналасқан. Құрылым 1940 жылы сейсмобарлаумен дайындалған, сол жылы іздестіру және барлау-бұрғылаулары жүргізілген. Кенорын 1942 жылы ашылды. Барлау 1961 жылы аяқталды. 1977 жылы пайдалануға берілді. Тектоникалық тұрғыдан алғанда, кенорын қос қанатты (шығыс және батыс) тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Шығыс қанаттағы мұнайлы аумақ ауданы 350 мың м 2 , батыс қанаттағы бұл көрсеткіш 1273 мың м 2 . Төменгі бор мен ортаңғы юраның шөгінділері мұнаймен қаныққан, осылардың аумағында бөлінген 13 мұнайлы горизонттардың біреуі апт, төртеуі неоком, сегізі юра таужыныстарында. Апт-неоком горизонттары 158-243 м, юра горизонттары 671-761 м тереңдікте жатыр. Апт-неоком жатындарының биіктігі 35-93 м, юра жатындарының биіктігі 5-49 м. Су-мұнай жапсары, тиісінше, 261 м, - 277 м және 175 м, - 792 м абсолют белгілерде. Жатындар қойнауқаттық күмбезді, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Мұнайға қаныққан қалыңдық апт-неоком горизонттарында 1, 8-3, 7 м, юра горизонттарында 1, 7-8, 1 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 26-28%, өтімділігі 0, 008-0, 805 мкм. Мұнайдың бастапқы шығымдары 0, 24-67, 2 м 3 /тәу болды. Бастапқы қойнауқаттық қысым 0, 9-6, 77 МПа, температура 13-38°С-қа жетті. Мұнайдың тығыздығы 810-830 кг/м 3 . Мұнайда 0, 16-0, 8% күкірт, 0, 5-2% парафин бар. Хлоркальцийлі қойнауқаттық сулардың тығыздығы 1056-1550 кг/м 3 , минералдылығы 73, 18-180, 4 г/л. Кенорын 1976 жылдан игерілуде.
Ақтөбе мұнай кені, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 125 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1961 - 62 жылы жүргізіліп, кен 1965 жылы ашылды. Шөгіндінің юралық бөлігінде мұнайлы қабаттардың бесеуі, ортаңғы юра қабатында екеуі жатыр. Қабат беттерінің орналасу тереңдігі 2215 - 2348 м аралығында. Мұнай құрамында күкірт 0, 4 - 0, 5%, парафин 1, 48 - 2, 48%, асфальтендер 1, 33, шайыры 2, 1%-ды құрайды. Кен 1979 жылы пайдалануға берілді.
Аққұдық мұнай кені, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 64 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1981 жылы жүргізіліп, кен орны 1982 жылы ашылды. Кен қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Орналасу тереңдігі 1737 - 1759 м аралығында. Мұнайы аз күкіртті (1, 18%), парафинді(1, 67 - 1, 85%), 12 - 14% асфальтені бар. Аққұдық мұнай кені 1995 жылы пайдалануға берілді.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 250, 6 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 34, 8 %-ға артық.
Жыл басынан бастап кезеңінде электр қуатын, газды және суды өндіру және бөлуде нақты көлем индексі 118, 1%, оның ішінде жылу қуатын өндіру - 3602, 8 мың Г/кал (105%), электр қуатын өндіру - 3391, 5 млн. кВт. сағ (105, 8%) құрады.
2012 жылғы қала және аудандар бойынша өнеркәсіп өнімдері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz