Қой майының түрлері және олардың пайдасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Зерттеудің мақсаты:
Қойдың пайдасын, соның ішінде құйрық майының қаншалықты дертке ем болатындығын дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егерде құйрық майды халық медицинасында кеңінен қолдансақ, балалар мен үлкендер қазіргі кездегі ешқандай химиялық дәрі-дәрмектерсіз тез айығып кетер еді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1. Бірінші кезең: оқулықтар мен жұмыс, қосымша материалдар көзін іздеу.
2. Екінші кезең : жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу.
3. Үшінші кезең: зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелерге келу.
Зерттеу әдістері: жинау,талдау,сараптау
Алынған мәліметтер негізінде автордың қорытындысы:
Қазақстанда қойдың құйрық майын өндіру - ет және май өнімдері өндірісін арттыруда басты бағыттардың бірі. Сол себепті, халық шаруашылығы үшін жоғары сапалы құйрық май мен қой өнімінің көп мөлшерін өндіруге мүмкіндік беретін құйрық майлы бағыттағы биязы қой шаруашылығын дамытудың маңызы зор.

Мазмұны:
Пікір
Аннотация
1. Кіріспе:
Қойдың құйрық майының қаншалықты пайдасы бар?
2. Негізгі бөлім:
а) Қой майының түрлері және олардың пайдасы
ә) Қойдың жалпы емдік қасиеттері
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Қойдың құйрық майының қаншалықты пайдасы бар?
Құйрық май (курдюк) -- құйрық түбінде дөңгеленіп жиналған май. Мұндай май құйрық, жекелеген қылшық және ұяң жүнді қой тұқымдарында болады. (Қ. Еділбай қойы, Сараджын қойы, дегерес қойы, қазақтың ұяң жүңді қойы, алай қойы, гиссар қойы). Құйрық бір жерде жиналған қоректік қор. Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті қой тұқымдарының өскен ортасының қатаң жағдайына бейімделгенінің бір көрінісі. Қой қысқы тебінде жайылғанда жетіспейтін қорегін құйрықтан біртіндеп алып толтырады. Құйрық Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әр түрлі ұлттық тағамдарын дайындағанда пайдаланылады.
Қойдың құйрық майының пайдасы туралы білмейтін қазақ жоқ болса керек, дегенмен қазіргі экологиялық жағдайдан адам ағзасы мүлдем əлсіз болғандықтан ол майды ішу немесе жеуге асқазанымыз котере бермейді. Бірақ оны ерітеп суық тигенде балаларды да үлкендерді де сылап тастаса суықты алады. Тұмау, жөтелге бəріне де пайдасы зор. Бүгін мен сіздерге соны қалай дəмді етіп жеудің жолын айтайын.
Сонымен:Пісірілген құйрық майды салқындатып аламыз да жұқалап жалпағынан кесеміз. Майдалап сарымсақ(чеснок) турап аламыз да оған қызыл, қара бұрыш және майонез қосып жақсылап араластырамыз. Енді дайын қойыртпаны тілімделген майға жағып қайта қатпарлаймыз. Арасына қалауыңызша шұжық қоссаңыз да болады. Соңында тоңазытқышқа саламыз да біраз уақыт салқындатамыз. Бітті. Пышақпен кесіп ал да жей бер. Қосқан бұрыш, сарымсақтар майдың жүрек айнытатын қасиетін азайтып тастайды. Тұмаудың алдын алуға жақсы пайдасы бар.

Бүгінде дәрігерлер қойдың құйрық майын естісе, шошып кетеді. Баланың денесін қойдың майымен сыласа, тері тесіктерін бітеп тастайды. Қойдың еті де, майы да асқазанға ауыр, - дейді. Егер зиян болса, ата-бабаларымыз қойдың майын пайдаланбас еді ғой. Сәби өмірге келгенде, денесін құйрық маймен сылаған. Себебі, жел тиюден сақтайды. Тұмау тисе, қақырық түсіреді деген. Мен құйрық майдың осы емдік қасиетіне мән бердім. Химиялық қоспаларды өте аз мөл-шерде қостым. Ана мен балаға исі жағымды болу үшін ақ жусанның эфир майын қостым. Егер сәби жөтелсе, осы сабынмен жуындырса, қақырық түсіруге көмектеседі. Теріні жұмсартып, жағымды иіспен жұпарландырады. Бетінде безеу немесе жарасы бар адамдарға да пайдалануға болады.
Негізгі бөлім
А)Қойдың майы құйрық май, шарбы май, бүйрек май деп үшке бөлінеді. Дәрі ретінде көбінесе құйрық май пайдаланылады. Ем болатын аурулары:
1. Жөтелді басып, қақырықты босату үшін құйрық майды шыжғыртып, 50 г мөлшерінде ыстықтай ішеді. Тұмаудан болған созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке қосып ішеді.
2. Жаңа туған бөбектерді әр жетіде бір рет тұзды суға шомылдырғаннан кейін, суықтан сақтану және теріні жұмсарту мақсатында қой майымен сылайды.
3. Балаларға тұмау тиіп жөтелгенде, алқымды, алақанды, табанды қойдың жылы майымен сыласа, сауығады.
4. Ішуге және денедегі тері ауруына қолдану үшін қойдың майынан дәрі жасалады.
5. Қойдың құйрық майын шыжғырып, жылы күйінде 100 грамм ішсеңіз жөтелді басып, қақырықты түсіреді. Қойдың құйрық майын шыжғырып банкаға құйып алсаңыз, еш азбайтын жақпа май болады.
6. Жөтелген кезде кешке жатарда майды ысытып, кеудені сылап, жылы жатса 2-3 күнде жөтел сап тиылады.
7. Кез келген жараға жағамын
8.Бәтеңке қажаған жерді де кешке жатарда кір сабынмен жуып, майды жағамын. Пайдасы жақсы. Қазір құлақ ауырса да, жөтелсе де, жара болса да қойдың құйрық майын жағуды әдетке айналдырғанмын. Дәрі іздемеймін. Зияны жоқ.

Қойдың құйрық майы емдік үшін өте пайдалы. Суық тиіп, аяқ-қолың сырқырағанда пайдасы өте зор. Ыстық суға аяғыңды салып болғаннан кейін жағып жатсаң, жақсы көмектеседі.
Қойдың құйрық майы ертеден келе жатқан ем ғой, қандай ауруға болсада ( жөтел, брохит, тамақ ауырғанда,жараларға оған пенициллин ұнтағын қосады, іш ауырғанда, крем ретінде т.с.с. Ата- бабамыздың таптырмайтын емдері емес пе?!

Ә) Мен осы орайда қойдың жалпы емдік қасиеттеріне тоқталғым келеді Ертеректе дәрi тапшы болса, қазiр удай қымбат, химиялық құрамына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойдың майы
Сүттің пайдасы мен қасиеттері
Түйе өркешінің майы
Сүттің биохимиялық құрамы
Кілегей-өсімдіктен әзірленген тағамдық жұмсақ майлар туралы түсінік
Қойлардың азықты қорту жүйесі бойынша биологиялық ерекшеліктерімен толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру және азық қажеттілігін есептеу
Ірі қаралар мен қойларды бордақылау
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы
Қорытылған жануар майларының ассортименті
Шұжық өнімдерін дайындау технологиясы
Пәндер